Заңды тұлғалардың заттық құқығы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

КІРІСПЕ.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

1. Заттық құқық

1. 1. Заттық құқықтың ұғымы және белгілері

1. 2 Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары

2. Меншік құқық

2. 1 Меншік құқығының ұғымы мен мазмұны

2. 2. Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері

2. 3. Меншік құқығына ие болу негіздері және тоқтатылуы

ҚОРЫТЫНДЫ.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .

КІРІСПЕ

"Азаматтық құқық" атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер «Рим азаматтарының құқығы» деп атаған. Тарихтан белгілі римдікгердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы) . Римдік құқық- көне римдегі азаматтардың Мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі Азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды, Қазіргі кезде Азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен онын мазмұны барынша өзгерді. Дей тұрғанмен оған қарамастан "сіvіl" атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды - цивилист деп жүр,

Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардын классикалық ара-жігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: "жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүлдесіне сай келеді". [1, 11-бет]

Ал енді заттық құқық пен меншік құқығының толық тоқталайын. Заттық құқық пен меншік құқығы Азаматтық құқық салаларының бірі болып табылады. Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтады.

Ал, Меншік құқығы дегеніміз- субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Бұл жұмысымның мақсатына келер болсақ ; Заттық құқық пен Меншік құқығының ұғымының пайда болуын және оның белгілерін түсіндіру. Және де олардың құқықтарының ие болу негіздері мен тоқтатылуын толық сипаттап, қарастырамын.

Мен осы жұмысымды ҚР 2011 ж. Азаматтық Кодексін және Төлеуғалиев Ғ, Ынтымақов С. Қ, Жайлин Ғ. А және басқада материялдарды пайдаландым.

1. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

1. 1. Заттық құқықтың ұғымы және белгілері

Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттың меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші, үшіншіден, өзгенің затын меншіктену құқығын еншілей алады.

Азаматтық кодекс жүйесінде құқықтың өзі меншік құқығы және басқалай заттық құқық болып бөлінеді. Оның соңғысына жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және басқа да заттық құқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады.

1963 жылы қабылданған Азаматтық кодексте заттық құқық деген түсінік болған жоқ. Әрине, оның мәнісін де түсіну қиын емес, өйткені, кеңестік Азаматтық кодекс тұлға мен затты, меншік иесі мен меншік объектісін байланыстыратын құқықты елемеді.

Азаматтық кодексте меншік құқығы заттық құқықтың жалпы жүйесіндегі негізгі құқық институты бола тұрса да, түптеп келгенде ол заттық құқықтың бірі болып саналады. Заң шығарушы затқа ауыртпалық түсірумен қатар оған өкілеттілікті жүктейді. Мысалы, өзге заттық құқықтың субъектілері сол заттың меншіктен туатын ауыртпалығын көтереді немесе белгілі бір адамға меншік иесінің құқығын жүзеге асыру өкілеттігі беріледі. Барлық заттық құқықтарға меншік құқығына, сондай-ақ басқа да заттық құқықтардың табиғатына тән нәрсе, олардың шексіз (абсолютті) құқықтар қатарына жататындығы дей аламыз. Ал қоғам мүшелерінің бәрі бірдей шексіз (абсолютті) құқықпен қорғалады. Мысалы, азаматтың меншігіндегі машинаға ешкімнің тиісуге құқығы жоқ.

Цивилистика ғылымында зат адам еңбегімен жасалған, сондай-ақ табиғи күйінде кездесетін физикалық дене және адамның пайдалануына болатын сыртқы материалдық дүниенің нәрсесі деп түсіндіріледі.

Сонымен, Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттың меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші, үшіншіден, өзгенің затын меншіктену құқығын еншілей алады.

Жаңа Азаматтық кодексте заттық құқық меншік құқығы нормалары ретінде көрініс тапты. Мұның өзі оның бұл құқықтармен заңдық табиғаты жағынан біртұтас екендігін дәлелдейді. Әрі бұл нормаларға тек аталған құқық еніп қана қоймай, сондай-ақ өзге де меншік түрлері, мысалы, меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары бекітілді (АК-тің 194 және 195-баптары) .

Азаматтық кодекстің "Иелену мерзімі" деп аталатын 240-бабы негізінде иелену мен пайдаланудың жаңа заттық құқығы пайда болды. Біздің ойымызша, еңді иелену құқығының екі түрін бөліп қарауымыз керек: а) АК-тің 188 және 194-баптарына сәйкес меншік иесінің өзіне берілетін мүлікті иелену құқығы және меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары (АК-тің 195-бабы) ; ә) мерзімдік иелену құқығы, яғни мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ мүлікті өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей 15 жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде 5 жыл адал және үдайы иеленген азамат немесе Заңды тұлға. АК-тің 240-бабының шарттары сақталса, мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алады.

Заттық құқықтар жөніндегі тиісті нормаларды екшей отырып, оның бірқатар белгілерін атап өтелік: заңда бекітілген заттық кұқықтың шектелген шеңбері; заттық құқықтардың шексіздігі (абсолюттік құқық) ; затқа тікелей үстемдік ету; затпен үздіксіз байланыс жасау; осыдан келіп "құқықтылықтың жалғасуы" өкілеттігі шығады; затты алудың заңды тәсілдерінің нақтылығы және нысанының ерекшелігі.

Заттық құқықтың тізбе шеңбері заңның өзімен айқындалған (АК-тің 188, 194, 195-баптары), яғни тұлғалардың өз беттерімен заттық құқықтың жаңа түрлерін жасауға хақысы жоқ. Айта кететін жайт, заттық құқықтың аясы тек Азаматтық кодекспен шектеліп қалмай, бұл кодекске енгізілмеген кейбір заттық құқықтар басқа заңдарда көрініс табуы мүмкін.

Заттық құқық шексіз (абсолюттік) құқық түрінде сипатталады. Демек, бұл барлық басқа субъектілердің аталған құқық өкілеттілігін жүзеге асыруына бөгет жасамау міндетін алға тартады. Шексіз (абсолюттік) құқыққа мазмұны жағынан қарама-қарсы түртан міндеттемелік құқық. Бұл құқық бойынша міндетті болатын бір ғана жақ немесе бірнеше жақтар. Бұл құқықтың сол міндетті болған субъектіге не міндетті субъектілерге ғана күші бар, сондықтан міндеттемелік құқықты бұзатын тек солар ғана болады. Мысалы, мәмілеге негізделген құқықтардың бәрі де міндеттемелік құқық болып табылады. Бұл құқықтарды орыңдауды мәміле бойынша сол міндеттерді мойнына алушылардан ғана талап етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмысты орындау, т. т. міндеттер. Заттық құқық басқа құқықтардан өзінің объектісімен ерекшеленеді. Заттық құқықтың объектісіне жеке дара - белгілі бір мүліктер жатады. Бір-біріне тектес заттар, сондай-ақ материалдық емес өзіндік игіліктер заттық құқықтың объектісі бола апмайды. Өйткені, заттық құқықтың өзіне тән қасиеті басқа біреудің иелігінен затты қайтару болып табылады әрі бұл затты сыйға беруге болмайды, заттай жүзеге асады.

Екінші жағынан алғанда, заттық құқықтың шексіз (абсолютті) сипаты басқа адамдармен қатынасқа түскеңде айқын көрінеді. Мәселен, олар меншік иесінің құқығына қол сұқпауға міндетті. Демек, заң меншік құқығын қорғай отырып, азаматтарға өз құқығын жүзеге асыруға бөгет жасамауына жағдай жасайды. Мысалы, меншік иесінің затты иелену немесе пайдалану құқығына заңсыз түрде бөгет жасау әрекеттерінің бәрі де жоғарыда айтылған міндетті бұзушылық болып табылады.

Заттық құқықтың маңызды белгісі оның затқа тікелей үстемдік етуі болып табылады. Мұның өзі құқық объектісі араға үтттінттті бір адамды салып үстемдік етпейді дегеңді білдіреді. Бұл арада затқа үстемдік толық күйінде болуы мүмкін, ал кейде заттық құқықтың шектелуіне орай шектелген түрінде де кездеседі.

Заттық құқықтың тағы бір ерекшелігі заттың иесі мүлкін басқа біреуге берген кезде өзінің құқығы иеленуші ретінде сақталын қалатындығы деуге болады. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауына, соның ішінде мүлын басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, бірақ өзі меншік иесі болып қала беруіне құқылы. Басқаша айтқанда, мүлікке меншік құқығы сақталады. Егер зат заңсыз иеленген болса, онда ол синдикацияланады, яғни меншік иесі өзінің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Мысалы, кепілге салынған мүлікке құқық басқа тұлғаға құқықты мирасқорлық тәртібімен көшірілгенде кепіл сақталады (АК-тің 323-бабы) . Заттық құқық мекемеш меншіктену құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл мекеме өзіне тиесілі мүлікке оралымды билік жүргізу құқығының сақталып қалуына байланысты заттық құқық та сақталады. [5, 323-бабы]

Заттық құқықтың түрлері. Заттық құқық екі үлкен топқа бөлінеді: меншік құқығы және меншік иесі болып табынмайтын тұлғаның заттық құқығы. Азаматтық кодекстің 195-бабында заттық құқықтың үлгі тізімі келтірілген, бірақ онда бәрі бірдей қамтылмаған. Заттық құқыққа меншік құқығымен қоса жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, басқа да заттык, құқықтар жатады. Өзге заттық (құқыққа мекеме және қазыналық кәсіпорынның мүлікке билік етуде қатысты болуы мүмкін (АК-тің 206-бабы) . Сондай-ақ отбасы мүшелерінің тұрғын үйді пайдалану құқығы ("Тұңғъш үй қатынастары туралы". ҚР Заңының 22-бабы) және жер қойнауын пайдалану құқығы ("Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, 2-бөлім), тағы басқалар заттық құқыққа қатысты бола алады.

Олардың субъектілеріне тән нәрсе, оны иеленіп, пайдаланып, билік еткенімен, мүліктің меншік иесі бола алмайды. Шаруашылық жүргізуге құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар, егер заң актілеріңде өзгеше көрсетілмеген болса, кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасатса: 1) өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге; 2) филиалдар және енпгілес кәсіпорыңдар құруға, жеке кәсіпкермен бірге кәсіпорындар мен бірлескен өндірістер құруға, оларға өндірістік және ақша капиталын салуға; 3) жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан төмен сыйақымен (мүлдемен) төлетіп алуға; 4) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдеме немесе кепілдік беруге құқығы жоқ. (АК-тің 200-бабының 1-тармағы) . [5, 195-бабы]

Рим құқығында бұл құқық "Басқа біреудің затына құқық" деп аталады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіңде заңдық құқықтың жіктелуі (классификациясы) толық түрде берілмеген. Әдебиетте заттық құқықтарды дәрежелеуге ұмтылыс бар. Айталық, Ю. К. Толстой құқықты мынадай түрге бөледі: белгілі бір мүлікке қатысты құқық (мысалы, жер учаскесіне) ; белгілі бір адамға қатысты құқық (мысалы, бөтен адамның үйінде өмір бойы тұру құқығы) ; жария мүлдеге байланысты бекітілген құқық (мысалы, жария сервитуттар) ; жеке мүлдені қорғау ушін бекітілген құқық (мысалы, жер учаскесін өмір бойы мұрагерлікпен иелену) ; белгілі шекгелген қатынаста бөтеннің затын пайдалануға берілген құқық (мысалы, сервитуттар) ; бөтеннің затына билік жасауға берілген құқық (мысалы, ипотека) .

Л. В. Шенникова заттық құқықты өзінше жіктеп, оны мынадай топтарға бөледі: 1) меншік иесінің мүлкіне шаруашылық жүргізуге Заңды тұлғалардың заттық құқығы; 2) азаматтардың мүлкін белгілі бір шектеу шегінде пайдаланатын сервитуттық түрдегі құқық; 3) ұйымдар мен азаматтардың жер учаскесін паидаланудағы заттық құқықтары; 4) мүліктің кепілі туралы шарттағы кепіл ұстаушының өкілдігі. Заттық құқықтардың бұдан басқа да түрлері әр жағдайда кездесуі мүмкін (сот шешімімен, шарт бойынша және т. б. )

1. 2 Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары

1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2030" деп аталатын халыққа Жолдауында жеке меншік институттары жерге меншік арқылы беки түсетіндігі, сондай-ақ меншік құқығын қорғайтын заңдық жүйелердің құрылатындығы айтылған.

Заттық құқықты жіктеу әр заманда әрқалай жүзеге асты. Мысалы, орыс құқығында ол меншік, басқа біреудің затына құқық, кепіл, иелену деп бөлінді. Рим құқығында меншік, еркіндік (өз денесіне меншік құқығы), мұрагерлік, кепіл және басқа біреудің затына құқық оның соңғысына сервитуттар (жер және жеке), эмфитевзис (бөтен адамның ауыл шаруашылық жерін өндеу үшін пайдалану), суперфиций (бөтен қала учаскесінде құрылыс салу құқығы және сол құрылысты пайдалану) тәрізді заттық құқықтар болды. .

Меншік құқығының заңдық жүйесін құру меншік иесі болып табылмайтын адамдардың құқылық тәртібін бекітіп, тағайындамайынша мүмкін болмайды.

Бұл орайда әңгімемізді жерді пайдалану мен сервитутқа қатысты заттық құқықтан бастамақшымыз. Шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару құқығы "Мемлекеттік меншік құқығы" тарауында қаралады.

Жерді пайдалану құқығы - заттық құқық бұрынғы Кеңес Азаматтық Заңдарыңда жерді пайдалану құқығыы заттық құқық болып есептелмеді. Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңы мен жер пайдалану құқығына заттық құқық берілді. (Заңның 20-бабы) . Бұл орайда меншік құқығынан басқа жер учаскесін және меншіктегі уақытша пайдалану құқығы, сервитуттар және басқа да заттық құқықтар пайда болды. "Жер туралы" Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес жерді пайдалануға байланысты меншік құқықтар азаматтық заңдардың нормаларымен реттеледі, әрине, ол "Жер туралы" заңға қайшы келмеуі тиіс. Заң сондай-ақ "Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және өзге де заттық құқықтар" деп аталатын арнайы бөлімді енгізген (Заңның ІІ-бөлімі) . [3, 128-бет]

Жерді пайдалану құқығы дегеніміз - тұлғаның мемлекеттік меншігіндегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде мерзімсіз (жерді тұрақты пайдалану) немесе белгілі мерзім ішінде (жерді уақытша пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.

Бұл анықтамада айтылғандай, жерді пайдалану құқығынан жеке меншік құқығы негізгі ерекшелікке ие. Өйткені, жеке меншік иесі жер учаскесін иеленеді, пайдаланады және оған билік етеді, ал жерді пайдаланушы болса берілген учаскеге ғана иелік жасап, пайдаланады. Ал жерге билік ету меншік иесі ретінде мемлекет құзырыңда болады. Оның үстіне заң жер пайдаланушыға жерді белгілі бір шекте пайдалану құқығын береді.

Жер пайдалану субъектілері "Жер туралы" Заңның 22-бабына сәйкес:

1) мемлекеттік және мемлекеттік емес;

2) ұлттық, шетелдік;

3) жеке және заңды тұлғалар;

4) тұрақты және уақытша;

5) бастапқы және кейінгі болып бөлінеді.

Мерзімі бойынша жер пайдалану түрақты (мерзімсіз) және уақытша болады.

Жерді тұрақты пайдалану құқығындағы жер учаскелері төмеңдегідей Мемлекеттік жер пайдаланушыларға: 1) кондоминиум объектілеріндегі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) үй-жайларды шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғаларға; 2) ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға; 4) заң актілері көзделген өзге жағдайларда беріледі. Түрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі бола алмайды ("Жер туралы" Заңның 27-бабы) . Жерді уақытша пайдалану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін және ұзақ мерзімді 5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін. Бастапқы ұзақ мерзімді ақылы жер пайдалану құқығы бар мемлекеттік емес жер пайдалануіыылар, егер заңда өзгеше белгіленбесе, өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе олардың бір бөлігін) жалға (кіші жалға) немесе өтеусіз уақытша жер пайдалануға беруге, сондай-ақ өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану құқығын иелігінен шығаруға құқығы. Жер пайдалану құқығы былайша: 1) жер пайдалану құқығын беру; 2) жер пайдалану құқығын тапсыру; 3) жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы пайда болады. Жер пайдалану құқығын беру, басқа біреуге тапсыру және оның ауысуы жер учаскесінің нысаналы мақсатын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.

Жер пайдалану құқығы: 1) мемлекеттік органдар актілері негізінде; 2) Азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде; 3) заңдарда көзделген өзге де негіздерде пайда болады. Жер учаскесінің құқық объектісі ретінде белгілі бір аумағы, нақты мекені және сыртқы шекарасы болады.

Жер учаскелері өзінің құқықтық тәртібі бойынша жер пайдалану объектісі ретінде шаруашылық бағыты, нысаналы мақсатты пайдаланылуы, жер пайдалану субъектісі, жерді пайдалану құқығының түрлеріне орай (тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз алынатындығына байланысты) бір-бірінен ерекшеленеді. Жер пайдаланудың өзіне тән объектісі жалпы жер пайдаланудағы жер үлесі болып табылады. Жер үлесі дегеніміз - жер учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа тұлғалармен бірге қатысудың "Жер туралы" заңда және өзге де заң актілерінде белгіленген жағдайлар мен шарттарда бөлінуі, мүмкін сан жағынан анықталған үлесі болып табылады.

Жер пайдаланудың маңызы Азаматтық кодекстің 195-бабының 2-тармақшасында айқындалған. Жер пайдалану құқығына байланысты болатын ерекшеліктер жер пайдалану құқығының кімде болуына қатысты келеді. Мемлекеттік жер пайдаланушылар шаруашылық жүргізуге жерді алғаннан соң жер учаскесін иеленіп, пайдалануға құқық алады, оның өзі мақсатты пайдалану ціеңберінде жүзеге асады әрі ол жер бөлу акгісінде көрсетіледі. дл негізгі билік мемлекеттің қолыңца қала береді. Жерді алып, оралымды басқаруға құқығы бар жер пайдаланушылар, сондай-ақ жер учаскесін иеленеді және оны пайдаланады, бірақ билік тізгіні мемлекетте де, сонымен бірге меншік иесі болып табылатын мемлекеттік емес Заңды тұлғаларда да болады. Сонымен, мемлекепік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын окшаулауға, сондай-ақ кепілдікке беруге хакысы жоқ, бұған жер учаскесіңде орналасқан жылжымайтын мүлікті белгіленген тәртіппен оқшаулауға не оның кепілдікке берілуіне байланысты жағдайлар қосылмайды. Мемлекеттік жер пайдаланушы өзінің қарауындағы жер учаскесін ұзақ мерзімді жалға беруіне болады, бірақ бұл орайда алдымен өкілетті орган ретінде мемлекеттен келісім алуы тиіс, ал өзіне тирсілі жер учаскесін біреуге тегін пайдалануға беруіне мүлдем рұқсат етілмейді, бұл тек қызмет -бабына орай жер учаскесін бөлгенде ғана мүмкін болады.

Жер учаскесін пайдалану заттық құқықтар осы учаске шекарасындағы, яғни аумағындағы топырақтың үстінгі қабат^тарына, түиық су тоғандарына, орман ағаштарына қолданылады.

Егер "Жер туралы" Заң мен өзге заң актІлеріңде өзгеше белгіленбесе, жер пайдаланушылардың: 1) жер учаскесін оның мақсатынан туъшдайтын мақсаткд пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргізуге; 2) ауылшаруашылық және өзге де дақылдар егістеріне және отырғызылған көшеттерге, өндірілген ауылшаруашылық өнімі мен жер учаскесін пайдалану нәтижесінде алынған өзге де өнімді және оны өткізуден түскен табысқа меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару; 3) өз шаруашылығының қажеттері үшін жер учаскесінде бар қүмды, сазды, қиыріпық тасты және басқа да жалпы таралған пайдалы қазбаларды, шымтезекгі, екпелерді, жерүсті және жерасты суларын кейіннен мәмілелер жасасу ниетін көздемей, бегіленген тәртігшен пайдалану, сондай-ақ жердің өзге де пайдалы қасиеттерін пайдалану; 4) жер учаскесін мемлекеттік қажеттер үшін альт қойылған (сатып алынған) жағдайда келтірілген залалды толык көлемінде өтетіп алу; 5) меншік, шаруашылык жүргізу, оралымды басқару құқығымен жер учаскесінің нысаналы мақсатына кайшы келмейтін түрғын үйлер, өндірістік тұрмыстық және өзге де үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салу;

белгіленген құрылыс, экологиялық, санитарлықгигиеналық өзге де меморациялық жұмыстар жүргізу, тоғандар мен өзге де суаттар жасау қүқысы бар ("Жер туралы" Заңның 47-бабының 1-тармағы) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Жерге меншік құқығы: түсінігі, түрлері, жүзеге асыру тәртібі
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің бірдей мойындалуының және қорғалуының конституциялық құқықтық негіздері
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы
Сервитут заттық құқық ретінде
Заттық құқықтың белгілері
Азаматтық құқық - дәрістер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz