Деректер базасының инфологиялық моделі
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе
1. Жобаның тақырыбы бойынша мәселердің аналитикалық зерттеулері және
негізгі шешімдердің өңделулерін техникалық түрде жүзеге асыру
1.1 Пәндiк аймақтың
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
1.2 Ақпараттық ағындардың
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Инфологиялық модель құру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.4 Даталогиялық модель
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.5 Есептiң
қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..12
2. Техникалық бөлiм
2.1 Кафедра пәндік аймақ бойынша жоба құрылымының

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Кафедра деректер базасының кестелер қасиеттерiнiң

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2.1 Мәліметтер қоры кестелерін құру және
басқару ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2.2 Кестені құру шеберін
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2.3 Кестелерді толтыру және есте
сақтау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .21
2.3 Кафедра деректер базасының кестелер арасындағы қатынастарды және
байланыстарды
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .22
2.3.1 Құрылған кесте құрылымын
өзгерту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3.2 Кестені
индекстеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...22
2.3.3 Сілтемелі толықтылықты
сақтау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 26
2.3.4 Мәліметтер қоры кестесімен
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .28
2.3.5 Мәліметтерді өңдеуге қолданылатын
компоненттер ... ... ... ... ... .28
2.3.6 Кестені
шығару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 29
3. Практикалық бөлім
3.1 Негізгі терезе немесе қолданбалы
мәзiр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .31
3.2Кафедра пәндік аймақ байынша деректер базасының программалық

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
3.3 Сүзгіден өткізу, іздеу, сорттау, сұраныс
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
3.3.1 Сүзгіден
өткізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .37
3.3.2 Сұраныс
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .38
3.4 QReport немесе RaveReport көмегімен есеп
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
КІРІСПЕ
Қазіргі техника мен технологияның дамып, маңызы артқан XXI-ғасыр
заманында мәліметтер қоры адамзат баласы өмірінің бір бөлшегіне айналып
отыр. Ал мәліметтер қоры қазіргі таңда кез келген сферада қолданылып
жүргені бәрімізге мәлім. Бұл туралы тұрақты анықтама жоқ, себебі бұл
ұғымның қасиеттеріне байланысты аясы кең болып саналады. Мәліметтер қорын
деректер қоры деп те айтады. Екеуінің мағынасы бір. Сондықтан оқу құралында
мәліметтер қоры сөзінің орнына деректер қоры сөзі де қолданылады. Delphi-
дегі мәліметтер қоры – бұл ең дамыған механизм, мұнда мәліметтер қорының
бағдарламасын жасауды қамтамасыз ететін кітапханасының күшті қоры құрылып,
ол әмбебап интерфейс арқылы жүзеге асырылады. Мәліметтер қоры деп бір
немесе бірнеше компьютерден қолдануға болатын ақпараттың электрондық
жинақтамасын айтады.
Қазіргі қолданбалы программаларды дайындау технологияларының өте
мықтылығына қарамастан, егер программаның жобасын жасауға, шешілуге тиісті
мәселелерді анықтау кезеңіне барынша назар аударып, әбден пысықтамаса,
соңында оны жөндеуге көп уақыт кетуі мүмкін. Егер программа құрылымы,
жобасы дұрыс келістірілмеген болса, программаға жаңа функция енгізу немесе
ондағы кемшіліктерді жөндеу үлкен қаржы шығынына да ұшыратуы мүмкін.
Қолданбалы программаларды жобалаудың негізгі кезеңдері бар:
1. Мәселенің қойылымы
2. Мәселелердің шешілу тәртібін анықтау
3. Алғашқы мәліметтерді таңдау
4. Мәліметтер құрылымын анықтау
5. Қолданбалы программа дайындау
6. Программаның дұрыстығын бақылау, жетілдіру.
Бұл кезеңдерді локальды мәліметтер қорын қолданып BorlandDelphi7
ортасында орындау әрі жеңіл, әрі тиімді. Осы орайда мәліметтер қорын
қолдана отырып ақпараттық жүйелерді құру және автоматтандырудың жобасы
жасалынады.
Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп
болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық
әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі
мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы -
автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де
ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу
салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді
реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау
қызметін атқарады.
Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны,
материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне
адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық
тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану 1.
Онда:
- технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік
процестер;
- күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік
құрылыстар мен кешендерді жобалау;
- цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді
ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
- ылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын
жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу,бағдарламалау,
инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады.
Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу,
өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.
Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды,
мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін
басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т.б.
жүйелерді басқара алады.
Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру,
жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан
адамды босату.
Автоматтандыру – ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты.
Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де
басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны
автоматтандырған әлде қайда жеңіл.
Кафедра жұмысын автоматтандырылған анықтаманы жасау – кафедра
мұғалімдерінің базасын кішкентай ғана компьютерлік бағдарламаға сыйғызу
десе де болады. Сол кафедра осыншама күрделі ақпарттарды осындай
автоматтандырылған программалық қамтама арқылы реттеп отыр. Жасалынған жоба
мұғалімдердің қандай да бір ретпен берілген тізімінен тұрады. Жобадағы
берілген деректерді пайдаланып мұғалім жөнінде толық мағлұматтарды алуға
болады.
Кафедра жұмысын автоматтандырудағы біздің мақсатымыз - өте аз уақыт
ішінде мұғалімдер жайлы толық, нақты мәліметтерді алу.Сонымен қатар
мәліметтер қорын пайдаланып, Delphi ортасында жұмыс жасай білу керек.

1.1 Кафедра пәндік аймағының сипаттамасы
Кафедраның жаңа оқу жылына жоспарлау құжаттамасын құру барысында
негізгі базалық мәліметтерді түрлі құжаттар дайындау үшін бірнеше қайтара
қолдануына тура келеді. Өз кезегінде тематикалық жоспарлар оқытушының
жүктемесін жоспарлау және есептеу, оқытушыларды оқу курстары мен топтарға
бөлуде де қолданылады. Осындай басқа да көптеген себептерге байланысты
ақпаратты қайта-қайта тиімсіз енгізудің алдын алу үшін жоспарлау
құжаттамасын автоматтандыру үрдісінің қажеттігі туындайды.
Оқу үрдісін ұйымдастырудағы тағы бір өткір мәселелердің бірі – ол оқу
курстарын оқулықтармен, оқу құралдарымен және басқа да әдістемелік және
дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілуін ескеру. Осыған орай,
Кафедра бағдарламасы оқу бағдарламаларының, тематикалық жоспарлар мен оқу-
әдістемелік материалдардың мәліметтер қорларын басқару және осы қорлар
негізінде кафедраның жоспарлау құжаттамасын құруға арналмақ.
Ақпараттық жүйе архитектураларының артықшылықтары мен кем-шіліктерін
сараптай келе Кафедра автоматтандырылған жұмыс орнын құруда клиент-
сервер архитектурасын қолдану тиімді деп есептейміз.
Ақпараттық жүйенің қазіргі уақыттағы ролі мен маңызын және ақпараттық
жүйені автоматтандыру сатыларын айқындай келе, КАФЕДРА ақпараттық жүйесін
құру үрдісінің бастамасы қаланды. Осыған орай, Кафедра бағдарламасы оқу
бағдарламаларының, оқу жоспарлар мен оқу-әдістемелік материалдардың
мәліметтер қорларын басқару және осы қорлар негізінде кафедраның жоспарлау
құжаттамасын құруға арналмақ.
Курстық жұмыстың практикалық маңыздылығы кафедраның әрбір оқу жылында
қолданылатын оқу бағдарламаларын, тематикалық жоспарлар мен оқу-әдістемелік
материалдарын мәліметтер қорларына енгізе отырып осы қорлар негізінде
кафедраның жоспарлану құжаттамаларын құруды автоматтандыру.
Кафедра бағдарламасын ендірудің бірден бір жетістіктігі жоспарлау
құжаттамасы туралы ақпараттарды бір мәліметтер қорында сақтау. Мәліметтерге
өзара бақылау жүргізу және оларға статистикалық өңдеу жүргізу. Қазіргі
уақытта Кафедра ақпараттық жүйесінің қосымшада ұсынылған анықтамалықтар
құрылды.
1.2 Ақпараттық ағындардың талдауы
Ақпараттық жүйелерді үйренген кезде мәліметтер қорының алатын орны
ерекше. Мәліметтер қорын жобалау және құрастыру өнерлілікті, іскерлікті
талап етеді. Қолданушының талаптарын түсініп, оны тиімді мәліметтер қорының
жобасына айналдыру шығармашылықты процесс болып табылады. Ал осы
шығармашылық процесті толық-қанды және жоғары өнімді қосымшалар көмегімен
физикалық тұрғыдағы мәліметтер қорына айналдыру – инженерлік процесс болып
табылады. Екі процесс те бас ауыртарлық, қызықты интеллектуалдық
күрделілікке толы. Деректер қорын қолдану арқылы үлкен ақпараттық жүйе де
құруға болады. Ақпараттық жүйені құрмас бұрын онда қолданылатын деректер
қорын жобалау арқылы ақпараттық жүйенің үлгісін жасап алған дұрыс.
Ақпараттық жүйені жобалау жалпы бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың
негізгілері төменде келтірілген.
Концептуалдық жобалау - программада қарастырылатын негізгі мәселелер
мен функциялар анықталып, өңделетін алғашқы информацияны талдау мен оның
құрылымын анықтау.
Логикалық жобалау - ER–диаграмма негізінде реляциялық жүйелердің
мүмкіндігі ескерілген мәліметтердің логикалық моделі, мәліметтер қоры
кестелері арасындағы байланыс түрлерін анықтау.
Физикалық жобалау - мәліметтер қорын басқару жүйелері құралдарымен
орындалады: мәліметтерді сипаттау тілі (МСТ), мәліметтерді манипуляциялау
тілі (ММТ). Физикалық модельдеудің соңғы этабында ЭЕМ жадысында мәліметтер
қоры файлдары және іздеу структурасы файлдары пайда болады.
Пәндік аймақты модельдеу төмендегідей кезеңдерден тұрады:
инфологиялық модельді құрастыру, даталогиялық және физикалық жоспарлау,
концептуальды жобалау. Инфологиялық модельді құрастыру кез келген
ақпараттық жүйе саласымен байланысты. Пәндік аймақ дегеніміз сол еңбек
саласындағы негізгі объектілер жиынтығы болып табылады. Жұмыс жасау аймағын
модельдеу үрдісінде қарастырылып жатқан ақпараттық жүйедегі негізгі
объектілер олардың қасиеттері және объектілер арасындағы байланыстар
анықталады (1.1-сурет).
Ақпараттық жүйелерді жобалау жұмысы барысында құрылған инфологиялық
модель негізінде даталогиялық модель құрылады.
Оның инфологиялық модельден айырмашылығы жүйедегі құбылыстар уақыт
мерзімі бойынша нақтыланады. Әрі қарай физикалық модель жасалады. Бұл жұмыс
кезеңінде ақпараттық жүйеде қолданылатын мәліметтер қандай құрылғыларда
сақталып, қандай жадтың түрлерін талап ететіні анықталады.
1.1-cурет. Инфологиялық модельдің негізгі бөлшектері
Мәліметтер қорын жобалаудағы үрдістің бірінші фазасы кәсіпорынның
талданатын бөлігі үшін мәліметтердің концептуальді моделін құру болып
табылады. Оның құрылуы нақты бір ретпен орындалады: бастапқыда мәліметтерді
қолданушылардың ұсыныс моделі толық құрылады, содан соң олар мәліметтердің
коңцептуальді моделіне интегралданады.
Ақпараттық жүйе архитектураларының артықшылықтары мен кемшіліктерін

Осыған орай, Кафедра бағдарламасы деректер қорларын басқару және осы
қорлар негізінде абитуриент жоспарлау құжаттамасын құруға арналмақ.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы кадрлау бөлімінің әрбір мәліметтерін
деректер қорларына енгізе отырып осы қорлар негізінде кадрлау бөлімінің
жоспарлану құжаттамаларын құруды автоматтандыру.

уақытта Кафедра ақпараттық жүйесінің қосымшада ұсынылған анықтамалықтары
құрылды.
Кафедра ақпараттық жүйесі әртүрлі ақпараттардың автоматты түрде
жиналуы, сақталуы, өңделуі және басқарылуы үшін арналған және
қызметкерлердің жеке, кәсіби т.б. мәліметтерінен тұратын ақпараттық жүйе.
1.3 Инфологиялық модель құру
Деректер базасында белгілі-бір пәндік облыс туралы ақпарат берілген.
Пәндік облыс деп нақты зертеу үшін қызығушылық білдіретін нақты әлемнің
бөлігін айтамыз. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде пәндік облыстың
көрінісі деректердің бірнеше деңгейлерінің моделдерімен ұсынылады.
Моделдердің деңгейлерінің саны ДББЖ-нің ерекшеліктеріне тәуелді болады.
Деректер базасының концептуалды моделі байланыс маңызы әдісі арқылы
құрылған, яғни келесі әдіспен қорытындыланады:
- деректер базасының барлық тәуелсіз бөлек кестелерін ерекшелеп, оның
кілттік өрісін анықтау;
- байланыс түрлерін К-К немесе 1-К ұсыну;
- кестенің сыртқы кілтінің шегін анықтап және оған бірінші кілттік
өріс қою;
- кестенің әр өрісінің қасиетін ұсыну;
- деректер базасын жобалауда оған шек қою.
Кез-келген деректер базасының басқару жүйесінің өзіне мүмкін болатын
мәліметтердің логикалық бірліктерімен жұмыс жасайды, сонымен қатар жоғарғы
деңгейдегі логикалық құрылымдардың ақпараттық бірліктерді құраушы төменгі
деңгейлерден аңықталған ережелер композицияларын қолдануға мүмкіндегі
береді. Бұдан басқа, көптеген ДББЖ деректер базасы құрылымына сандық және
басқа да шектеулер қояды. Сондықтан моделді құруға кіріспестен бұрын ДББЖ-
нің ерекшеліктерін тыңғылықты түрде оқып-зерттеу керек, жобалық шешімді
таңдауға әсер етуші факторларды анықтау қажет, сонымен қатар, жобалаудың
автоматтандырылуының қолда бар жабдықтарын, оларды пайдалану мүмкіндіктері
мен мақсатты бағытталғандығын талдау керек. Төменде ER-үлгілердің жобалау
нәтижесі көрсетілген.
1.2-сурет. Деректер базасының инфологиялық моделі
Деректерді физикалық ұйымдастыру ерекшеліктерін білу логикалық
құрылымды жобалау барысында пайдалы болып табылады.
Деректер базасының логикалық құрылымы және де мәліметтермен
толтырылған деректер базасы кафедра пәндік облысының көрінісі болып
табылады. Сондықтан жобалық шешімдерді таңдауға ақпараттық моделде
көрсетілген, пәндік облыспен көрсетілетін специфика әсер етеді.
1.4 Даталогиялық модель құру
Даталогиялық жобалаудың түпкілікті нәтижесі болып деректер базасының
логикалық құрылымын суреттеу табылады. Бірақ егер жобалау "қолмен”
жүргізілсе, онда ең алдымен деректер базасы құрылымың схемалық графикалық
көрінісі құрылады. Бұл жағдайда мәліметтерді суреттеу тілінің конструкциясы
мен ақпараттық бірліктер мен олардың арасындағы байланыстарды графикалық
белгілеудің арасындағы бірмағыналық сәйкестілік қамтамасыз етілуі тиіс.
Графикалық көрінісі деректер базасының құрылымын автоматты жобалау
барысында жобалаушымен қарым-қатынастың интерфейстік жабдығы ретінде және
де жобаны құжаттау кезінде де қолданылады.
Деректер базасының даталогиялық құрылымын жобалау барлық ақпараттық
бірліктер мен олардың арасындағы байланысты анықтауды, оларға ат беруді
білдіреді. Егер де ақпараттық бірліктер үшін әртүрлі типтерді қолдану
мүмкін болса, онда олардың типін аңықтау қажет. Сонымен қатар кейбір сандық
мінездемелерді, мысалы, өріс ұзындығын берген жөн.
Деректер моделінің әрбір типі және модельдің әрбір түрі нақты ДББЖ-де
қолданылғанда өзінің ерекше қасиеттері болады. Сонымен қатар барлық
құрылымды деректер модельдерінде және өзінің ортасында ұстаным
жобалауларында көптеген ұқсастықтары болады. Осының барлығы деректер
базасының құрлымын жобалауда бірыңғай методологиялық қатынасты қолдануға
мүмкіндік береді.
Деректер базасын жобалау процесі алдын-ала пәндік облыстағы объектілер
классификациясын жасауға, жүйеге келтіргенде объектілер және олардың
арасындағы байланыс туралы ақпаратты береді.
Жобалаудың бастапқы кезеңдерде деректер базасының тізімі анықталуы
керек. Деректер базасының даталогиялық құрылымын жобалауда инфологиялық
моделдің деректер моделіне ауысып кетуіне жағдай жасайды және нақты ДББЖ
қолданылады да тексеру болғаннан кейін даталогиялық модел пәндік облыста
суреттеледі.
Кез-келген пәндік облыстың даталогиялық моделде суреттеудің көптеген
жобалау шешімдері бар.
Жобалау әдісі ең кішкентай даталогиялық бірлігі (олардың әртүрлі
аталуына қарамастан) барлық ДББЖ семантикалық тең болады және объекттің
идентификаторына, объекттің қасиетіне немесе процеске сәйкес келуі керек.
Пәндік облыстағы зат арасындағы байланыстар, инфологиялық моделде
сипаталады, даталогиялық моделде инфологиялық элементтердің бірге
орналасуына, суреттелуіне немесе олардың арасындағы байланыстың
жариялануына байланысты. Байланыс іштей жазу және сырттай жазу деңгейінде
де берілуі мүмкін.
Байланыстың барлық түрі емес пәндік облыстағы болғандары даталогиялық
моделде нақты түрде сипатталуы мүмкін. Көптеген МББЖ элементер арасындағы
М:М байланысты қолданбайды. Осы жағдай да даталогиялық моделге көмекші
элемент енгізіледі, осы қатынасты сипаттайтын болады. Осы жағдайға назар
аудару керек, себебі пәндік облыста және инфологиялық сипаттайтын
қатынастар тек қана деректер базасының құрылымы арқылы берілуі мүмкін,
сонымен қатар программалық жолмен де берілуі мүмкін. Мысалы, қорытылған
объектілер деректер базасының логикалық құрылымы деңгейде класс тобының
сипатталуының қажеті болмайды. Осы жағдайда класстар тобы програмалық
жолмен сақталатын деректердің өңделуімен аңықталады. Сипаттаудың қандай
тәсілмен шешімі нақты жағдайда қолдану керегінің көптеген факторлардан
тәуелді болады: тұрақсыздық заттың сипаттауы номенклатураның көлемі, ДББЖ
ерекшеліктері деректер өңдеуі мінезіне т.с.с. Егер де пәндік облыста
қызметкерлердің жынысы бойынша классификация қолданса, деректер базасында
жыныстық классификаторды құрудың қажеті жоқ, себебі ол тек қана екі
позицияны ұстайды және ешқашан өзгертілмейді. Соған сәйкес пәндік облыстың
обьектілеріне класс топтарды бөлудің керегі жоқ, олар көп жағдайда
бірлескен түрде өңделеді және негізінде оларды сипаттайтын біртүрлі
қасиеттер тізімін құрайды. Егерде сипаттайтын зат тұрақсыз болса, онда оны
деректер арқылы беру керек, әйтпесе ол программаның әрдайым түзулуін қажет
етеді, осы жағдайда деректерді өзгерту жағына қарағанда қиынға соғады.
Сипаттаудың басқа тәсілдері нақты және нақты емес деректер базасының
құрылымда класс топтарының суреттеуімен байланысты класс тобының нақты
суреттейді - жазуында қасиеттердің мағыналары үшін жолдар белгіленуі
әртүрлі класс топтарының жалпы обьектілерге және класс топтарының қасиеттің
шешіміне жолдардың орнына класс топтарына тәуелді болған тәуелді тізімімен
бір жол қолданады, оның құрамынан қандай класс тобы, қандай суреттейтін
объектіге жататыны белгілі болады.
Деректер базасының даталогиялық құрылымын жобалауында негізгі
мағынасын пәндік облысының қасиеті иемденеді. Бірақ та информацияның өңдеу
мінезі де жобалауда шешімін қабылдауға әсерін тигізеді. Мысалы, жиі
қолданылатын информацияны бірге сақтау ұсынылады, көп жағдайда бірге
өңделетін және керісінше бірге көп қолданылмайтын информацияны әртүрлі
файлдарға бөліктеу. Көп қолданылатын ақпараттарды және ақпараттарға
жолдамалар жиілігі аз болатын әртүрлі файлдарда сақтау деректер базасының
тізімінде қолдағаннан гөрі, соңғысын архивтік файлдарға кіргізгені тиімді.
Кез – келген МББЖ өзіне мүмкін болатын мәліметтердің логикалық
бірліктерімен жұмыс жасайды, сонымен қатар жоғарғы деңгейдегі логикалық
құрылымдардың ақпараттық бірліктерді құраушы төменгі деңгейлерден
аңықталған ережелер композицияларын қолдануға мүмкіндегі береді. Бұдан
басқа, көптеген МББЖмәліметтер базасы құрылымына сандық және басқалай
шектеулер қояды. Сондықтан даталогиялық модельді құруға кіріспестен бұрын
МББЖ – нің ерекшеліктерін тыңғылықты түрде оқып - зерттеу керек, жобалық
шешімді таңдауға әсер етуші факторларды анықтау қажет, сонымен қатар,
жобалаудың автоматтандырылуының қолда бар жабдықтарын, оларды пайдалану
мүмкіндіктері мен мақсатты бағытталдығын анализдеу керек.
Даталогиялық жобалау мәліметтер базасының логикалық құрылымын жобалау
болып МББЖ – мен ұсынылатын мәліметтерді физикалық мүмкіндіктері әсер
етеді. Сондықтан да, мәліметтерді физикалық ұйымдастыру ерекшеліктерін білү
логикалық құрылымды жобалау барысында пайдалы болып табылады.
1.5 Есептің қойылымы
Мәліметтер базасы деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға
қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте
деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы,
тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір
ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы
ақпарат:
- қайшылықсыз;
- артықсыз
- тұтас.
Мәліметтер базасы басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға,
жаңартқанға, жоюға, арналған программалық жабдық болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың программасының мақсаты – пайдаланушыға
программаны қолдануға лайықты етіп құру. Программа тақырыбы - Кафедра.
Іздеуге көп уақыт жұмсамау үшін мекен-жайы және аты-жөні бойынша іздеу
функциясы көзделуі тиіс. Егер де пайдаланушы жұмысты қағазға бастырып
алғысы келсе, оған арнайы есеп беру функциясы құрылуы керек. Программа
соңында әрбір пайдаланушы қолданатынындай болуы тиіс. Delphi программалық
жүйесінде деректер базасын құру оңай болғандықтан мен осы программалық
тілде курстық жұмысты жасадым.
2. Техникалық бөлiм
2.1 Кафедра пәндік аймақ бойынша жоба құрылымының сипаттамасы
Қазіргі кезде қандай да болмасын кәсіпорында ақпараттық жүйелер өте
маңызды орын алады. Өйткені қаншалықты осы жүйе дамыған болса, соншалықты
кәсіпорын пайда тауып, тиімді жұмыс жасайды. Негізінен жүйе компьютерлік
технологиялар мен бағдарламалардан тұрады. Олардың негізгі мақсаты-
кәсіпорын ішіндегі барлық процестерді ақпараттық негізінде компьютерге
түсіріп, оны өңдеу жасау болып табылады. Көптеген жағдайда бір ЭЕМ-ді жұмыс
жасайтын қолданушылар өз программаларына бір-біріне ұқсайтын ақпараттарды
құру кезінде әртүрлі деректер ретін қолданылады.
Қатынасты ұйымдастыруда теориялық-жиынтық амалдарды қолдану деректер
базаларын пайдаланушылар және пайдалану барысында атқарылатын жұмыстар
туралы қарастырамыз.
Жобаның мақсаты - деректер базасындағы іскерліктердің және теориялық-
жиынтық қатынастардың жобалау дағдыларының өңдеу және жүйе құру болып
келеді, яғни автоматтандырылған ақпараттық жүйе жұмыс жасауына арналған.
Жоба орындалуына арналған қажетті бірнеше кезеңдері бар:
1 кезең – аутоматтандрылатын функциялардың тандауы;
2 кезең – негізгі жергілікті үлгілердің жобалауы;
3 кезең – тұрақты жергілікті ER-үлгілердің жобалауы;
4 кезең – глобальды ER-үлгілердің жобалауы;
5 кезең – реляциялы және сыртқы үлгілерін жобалау;
6 кезең – деректер базадағы SQL-кодын өңдеу.
1 кезең автоматтандырылатын функциялардың және ақпараттық қамтамас
етуді таңдауға арналған. Қысқаша пәндік облысын суреттейді;
автоматтандырылатын функциялардың таңдауын және суреттеуін, алғашқы
ақпараттық қамтамасыз етуі орындалады.
Кафедра оқытушылары мен топтары туралы мәлімет басқару объектісі болып
келеді. Басқару субъектісі - оқытушылар туралы немесе кафедра топтары
туралы мәлімдеулер қажетті оқытушылар болып келеді. Басқару мақсаты -
сақтау ұйымында және кафедраның оқытушылық құрамы туралы мәліметтер
автоматтандырылған іздеулерден түзеледі:
- оқытушылар туралы мәлімет;
- оқытушылар туралы жеке мәлімет;
- топтардың кураторы және старостасы туралы мәлімет.
Кафедраның оқытушылары туралы мәлімет функциясы оқытушылық құрам
есебі үшін арналған. Бұл автоматтандырылған орындау функциясының ерекшелігі
барлық оқытушылардың аты-жөні, қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы,
кураторлық жұмыс, қоғамдық жұмыстар туралы мәлімет деректер базасында
сақталады. Төменде 2.1-суретте Кафедра оқытушыларының мәліметі
функциясының негізгі үлгісі көрсетілген.
2.1-сурет. Кафедра оқытушыларының мәліметі функциясының негізгі
үлгісі
Кафедра оқытушыларының жеке мәліметтері функциясы оқытушылардың жеке
мәліметтерін автоматтандырылған іздеу ұйымдары үшін арналған.
Автоматтандырылған орындау функциясының ерекшелігі - барлық оқытушылардың
жанұясы жайлы, балалар саны, мекен-жайы, телефон туралы ақпарат базасында
сақталады. Ол функцияның негізгі үлгісі 2.2-суретте көрсетілген.
2.2-сурет. Кафедра оқытушыларының жеке мәліметі функциясының негізгі
үлгісі
Кураторлардың және топтардың старосталары туралы мәлімет функциясы
топтардың есебі үшін және олардың кураторларына арналған. Бұл мақсат барлық
топтардың старосталары және кураторлары туралы мәлімет деректер базасына
жинастыру арқылы жетеді. Жүйеде талдау нәтижесінде үш функция
автоматтандырылуға таңдалған. Олар кафедра туралы қажетті барлық
мәліметтерді қамтиді. Негізгі үлгілері төменде 2.3-суретте келтірілген.
2.3-сурет. Кураторлардың және топтардың старосталары туралы мәлімет
функцияның негізгі үлгісі
2.4-сурет. Кураторлардың және топтардың старосталары туралы мәлімет
функцияның тұрақты ER-үлгісі
2 кезең деректер базасындағы негізгі жергілікті үлгілерінің жобалауына
арналған. Әрбір автоматтандырылатын функцияларына иерархия деректер үлгісін
саламыз. Бүтіндік негізгі жергілікті шек қоюлар және операциялық ережелер
анықталады.
3 кезең тұрақты жергілікті ER-үлгілерінің жобалауына арналған. Әрбір
негізгі жергілікті үлгі тұрақты ER-үлгіге қайта құрылады. Жергілікті ER-
үлгілерге арналған бүтіндік шек қоюларының егжей-тегжейін ашулары және
операциялық ережелері өңделеді.
2.5-сурет. Кафедра оқытушыларының жеке мәліметтері функцияның тұрақты ER-
үлгісі
Жергілікті ER-үлгілердің жобалауы нәтижесінде, автоматтандырылатын
функциялардың иерархия үлгілеріне лайықты, тұрақты жергілікті ER-үлгілер
алынған. Олар үшінші нормалы түрінде екі маңызды қосады.
2.6-сурет. Кафедра оқытушылары туралы мәлімет
4 кезең глобальды ER-үлгі жобалауына арналған. Глобальды ER-үлгісі
жобалауы нәтижесінде, бөлек автоматтандырылатын функцияларға арналған
лайықты жергілікті ER-үлгілерінде, графикалық үлгіге алынған. Шек қоюлардың
өңделген егжей-тегжейін ашулары және шек қоюлар және ереженің барлық
операциялық ережелердің қосады, алынғандар алдындағы кезеңде және
трансформаланғандар глобальды ER- үлгілердің артынан; қосымша тап осы
кезеңде шек қоюлардың және ережелерге енгізілген [3].
2.7-сурет. Деректер қорының глобальды ER-үлгісі
2.8-сурет. Деректер қорының глобальды реляциялық үлгісі
5 кезең реляциялы және сыртқы үлгілерінің жобалауына арналған.
6 кезеңде деректер базаның реляциялы үлгісін салуға, одан кейін
бағдарлама өңдеуіне өтеді.
2.2 Кафедра деректер базасының кестелер қасиеттерiнiң сипаттамасы
Қолданылатын мәліметтер қоры бір немесе бірнеше кестелерден тұрады.
Келесі қадамда белгілі бір мәліметтер қорын басқару жүйесімен (ДББЖ)
мәліметтер қорының архитектурасын таңдау керек. Ол үшін көбіне локальды
ДББЖ алынады (Мысалы: Paradox7). Мәліметтер қорын жеке қапшықта (каталогта)
сақтау керек. Қапшық атауын Alias деп аталатын бүркеншік атаумен беруге
де болады. Алиас қапшық орналасқан жолдың жазылуын, ізделу уақытын
қысқартады.
Мысалы: кафедра каталогын оның ішінде kafedr алиасын құру керек
болсын.
Жоғарғы мәзірдің TOOLS – DATABASE DESKTOP командасын орындаймыз. Пайда
болған терезеде TOOLS – ALIAS MANAGER – NEW командасын орындап деректер
қорының атауын енгіземіз, деректер қорының атауы мен қапшық атауы бірдей
бола береді, сондықтан kafedr деп енгіземіз. Осы терезенің драйвер типі
жолында DRIVERTYPE – STANDART деп көрсетеміз. Осы терезедегі BROWSE
батырмасын басып құрылған қапшық жолын көрсетеміз
(C:\ProgramFiles\Borland\Delphi\Pro ject\кафедра) сосын ОК батырмасын
басамыз.
2.2.1 Мәліметтер қоры кестелерін құру және басқару
Жаңа кесте құру үшін File – New – Table командасын орындаймыз.
1) Кесте форматын таңдау үшін TableType жолында Paradox7 дегенді
көрсетіп OK батырмасын басамыз.
2) Келесі терезеде кестенің құрылымын анықтаймыз. Кестенің құрылымы
кестеге енетін өріс атауларын (FieldName), типтерін (Type), өріс
жазуларының ұзындықтарын (Size), кілттік өрісті (Key) көрсетуден тұрады.
Бұл ортада кесте өрістерінің атаулары латын әріптерімен теріледі. Ал өріс
типтері келесідей мәндер қабылдайды:
Alpha – мәтіндік өріс, ұзындығы 255 символға дейін .
Number – нақты тип, -10307 нен +10308 дейін.
$(Money) – ақшалық тип, алдыңғы тип сияқты.
Short – қысқа бүтін тип, -32768 ден +32767 дейін
LongInteger – ұзақбүтін тип, -2147483648 ден +2147483647 дейін.
#(BCD) – жоғарғы дәлдіктегі нақты тип.
Date – дата типі.
Time – уақыт типі.
@(Timestamp) – дата және уақыт типі.
Memo – ұзақ мәтіндік тип, ұзындығы 255 символдан артық.
Formatted Memo – форматталған мәтіндік тип (һаріп – шрифт түсі, стилі,
бейнесі көрсетіледі).
Graphic – Графикалық тип.
OLE (Object Linking and Embedding) – осы технологияны ұстанатын
ақпаратар типі.
Logical – логикалық тип.
+(Autoinctement) – санаушы, автоматты түрде мәні 1-ге өсіп отырады.
Binary – еркін ұзындықтағы екілік деректер типі.
Кілттік өрістің атауы тізімде бірінші орналасып соңына ID әріптері
тіркеледі де Key бөлігінде жұлдызшамен белгіленеді.
2.1 кесте.
Өрістердің қасиеттері
Required Field Бұл идентикаторда әрбір жазбада керекті жолдар
белгілену керек.
Minimum мәннің минимумы. Бұл қасиетті сандық өріске берген
тиімді.
Maximum Мәннің максимумы. Бұл қасиетті сандық өріске берген
тиімді.
Default Бұл қасиетті сандық және логикалық өрістерге, ал
кейбір жағдайда символдыққа қолдану тиімді.
Picture Енгізілетін мәннің түрін көрсетуге болады. Мысалы,
телефон номерінің шаблоны ( ##-##-## ).
Assist Бұл батырма Picture түрін құруға көмектесетін
диалогтық терезені шақырады.
Кестені сақтау үшін Save As батырмасын басып шыққан терезеде файл
атауын (мысалы student.db), алиас атауын (мысалы кафедра) көрсетеміз де
сақтаймыз.
Кестенің әрбір жолы өріспен сәйкес келеді. Бағаналардың
тағайындаулары:
- Fields Name - өріс аты;
- Type - өріс типі;
- Size - өріс өлшемі (жолдардың өрісі үшін);
Key - '*'жұлдыздан құралады, егер өріс алғашқы кілттің құрамына енсе.
2.2.2 Кестені құру шеберін қолдану
Деректер қоры кестесін құру үшін Database Desktop (DBD) (Пуск
ПрограммыBorland Delph7DatabaseDesktop) утилитін жүктеу қажетті. Утилит
жүктелгеннен кейін жұмысшы псевдонимі утилитін орнатамыз. Бұл псевдоним
өздігінен үндемей (по умолчанию) жұмыс істейін утилит. Егер жұмысшы
псевдонимі орнатылмаса, онда DBD жұмыс істеген сайын псевдонимді көрсетіп
отыру керек, бұл уақытты көп алады.
Жұмысшы псевдонимін орнату үшін бас менюдан FileWorking Directory
элементін таңдау керек және Aliases түсетін тізімінде псевдоним атын
kafedr-ді таңдау, одан кейін Ok батырмасын басу керек.
Осыдан кейін деректер қоры (ДҚ) кестесінің структурасын анықтау
терезесі пайда болады.
Кесте құрылымын анықтау. ДҚ кестесін құру үшін бас менюден File
New Table элементін таңдау керек. Create Table терезесінде көрінген
(Paradox7) құрылған кесте үлгісі өзгертусіз қалдырамыз және Ok батырмасын
басамыз . Осыдан кейін белгілі ДҚ кесте құрылымы терезесі көрінеді.
"Student" кестесіне енгізілетін өрістерді анықтаймыз. FieldName бағанасына
fam өрісін енгіземіз. Өріс типін анықтау үшін Type бағанасына шертуге
болады немесе бос орын (пробел) пернесін басыңыздар. Бұған 2.9-суретте
жауап ретінде керек өріс типін таңдау үшін типтер тізімі шығады.
Nam өрісінің типін Alpha деп таңдаймыз және Size - өріс ұзындығы
бағанына 15 мәнін енгіземіз.
Дәл осылайша fam өрісін енгіземіз. Key бағанына жұлдызшаны қою арқылы
осы өрісті алғашқы кілт құрамына енетінін білдіреміз. Кесте алғашқы
кілтпен индекстеледі. Кілттік өріс тізімде бірінші тұруы керек, сондықтан
тышқанның
2.9–сурет. Database Desktop утилиті: ДҚ кестесінің құрылымын анықтау
терезесі
көмегімен тістеп алып, тізімнің басына көтереміз.
2.10–сурет. Өріс типін таңдау
Student кестесінің басқа бағаналарына анықтамаларды 2.9-суретке
қарай отырып, өз беттеріңізбен орындай аласыздар. Әрбір өрісті мәндермен
міндетті түрде толтыру талабы сақталауы керек. Бір өрісті міндетті өріс деп
таңдау үшін, оны белгілеп Required Field командасына белгі қою керек,
сонда бұл өріс экранда әрі-бері жылжымай әрқашан көрініп тұрады. Басқа
өрістердің мағынасына шектеу қою үшін мына қасиеттерді пайдаланамыз:
- Minimum value - өрістің ең минималды мәнін анықтайды
- Maximum value - өрістің барынша үлкен мәнін анықтайды
- Default value – өріс мәнін үндемей өзі анықтайды
2.11-сурет. Materialy кестесінің құрылымын анықтау
Picture – өрістің бейнелену шаблонын анықтайды. Шаблон құру үшін
Assist батырмасын басу керек.
Төменде келтіріліп отырған қатынастарды қолдана отырып және 2.11-
суретті басшылыққа ала отырып, grupi, pred, pred, spes кестелерін құрдым:
2.2-кесте.
Мұғалімдер кестесінің сипаты
Өріс аты Өріс типі Көлемі Сипатталуы
ID S Мұғалімнің идентификаторы
Fam A 15 Фамилиясы
Nam A 15 Аты
Par A 15 Тегі
Kaf A 15 Кафедра
Dolj A 15 Қызметі
Step A 15
Foto G Фото
Tel N Телефоны
CodePred S Пәннің коды
CodeGrup S Группаның коды
Godroj S Туған жылы
Address M 50 Адрес
2.3-кесте.
Пәндер кестесінің сипаты
Өріс аты Өріс типі Көлемі Сипатталуы
ID S Пәннің идентификаторы
Name A 15 Пәннің аты
Spes A 15 Группаның коды
Kurs N Курс
Semestr N Семестр
CodeGroup S Пәннің коды
Codepred S Мұғалімнің коды
2.4-кесте.
Топ кестесінің сипаты
Өріс аты Өріс типі Көлемі Сипатталуы
ID S Группаның идентификатор
Name A 15 Группаның номері
Spes S Специальность
Kurs N Курс
2.5-кесте.
Мамандық кестесінің сипаты
Өріс аты Өріс типі Көлемі Сипатталуы
ID S Мамандық идентификаторы
Name A 15 Мамандық аты
Code S Мамандық коды
2.2.3 Кестелерді толтыру және есте сақтау
Кесте құрылымын конструкциялағаннан кейін Database Desktop-та (DBD)
таблицаны толтыруға болады. Содан соң С:\кафедра каталогында student.db
файлы құрылады. Файлды сақтау 2.13-суретте көрсетілген.
2.13-сурет. Кестені сақтау терезесі

байланыстарды анықтау
2.3.1 Құрылған кесте құрылымын өзгерту
Егер ДҚ бар кестелерге өзгерістер енгізу керек болса, FileOpenTable
меню элементін таңдау керек, пайда болған диалогты терезеден кесте атын
таңдап Ок батырмасын басу керек. 2.14-суретте student кестесінде жазулар
жоқ болады, өйткені біз оған мәліметтерді енгізген жоқпыз. Кесте мазмұны
2.14-суретте көрсетілген.
2.14-сурет. Student кестесінің мазмұны
Біз DBD-дан кестені жаңа жазбамен толтырғымыз келсе F9 батырмасын
басуымыз керек.
Кесте құрлымын өзгерткіміз келсе TableRestructure меню элементін
таңдаймыз. Ізінше кесте құрлымын анықтайтын диалогты терезе көрсетіледі.
2.3.2 Кестені индекстеу
Өз еркімізбен кесте жазбаларын санаушы ретінде Fam өрісін кілттік өріс
деп тағайындаймыз. 2.15-суретке көңіл аударсаңыздар, бұл кестеде де
student кестесінде Codepred өрісі бар, бірақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz