Төлем талап тапсырмалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақша қаражаттары есебі мен аудитінің мәні мен міндеттері
1.2 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
1.3 Касса мен ағымдық шоттағы қолма-қол ақшаның есебі

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ
ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
2.2 Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау
2.3 Ақша қаражаттары есебінің ұйымдастырылуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Ақша қаражаттары кез-келген мемлекеттің қаржы жүйесінің ажырамас
бөлігі. Ақша экономикалық категория ретінде бірнеше қызмет атқарады: құн
өлшемі, айырбас құралы, төлем құралы, әлемдік ақшалар.
Экономика мен экономикалық қатынастардың дамуы қаржы-несие жүйесінде,
оның ішінде ақша айналысы мен төлем, есеп айырысу сұрақтарында да көптеген
жаңалықтар мен өзгерістер алып келуде. Есеп айырысу-төлем жүйесінің
өзгеруімен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйелері
арасындағы айырмашылық та алшақтап келеді.
Кез-келген шаруашылық субъектісі өзінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысанына
қарамастан ақша қаражаттарымен күнделікті жұмыс істейді. Барлық шаруашылық
субъектілері өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында
сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы
ақшасыз нысанда , ал қажет жағдайда ҚР Ұлттық банкі белгіленген талаптар
орындалса нақты ақшамен де есеп айырысулар жүргізе алады.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп
айырысуларды ұйымдастыру үшін барлық шаруашылық субъектілері ҚР екінші
деңгейлі банктерінде банктік шоттар ашады. Банк шоттары - бұл банк пен
клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын сипаттайтын әдіс.
Ақша қаражаттарын басқарудың кәсіпорын үшін маңызы зор. Айналыс
капиталын басқару өнерінің мәні келесіде: кәсіпорын басшылығы шоттарда
ағымдық қызметті қаржыландыруға қажетті минималды ақша сомасын ұстап отыруы
тиіс. Ол кәсіпорынның ең жедел қажеттіліктерін өтеуге жеткілікті сақтандыру
қорының қызметін атқаруы тиіс. Касса мен ағымдық шоттағы ақша қаражаттары
табыс әкелмейді, ал оның эквиваленті – қысқа мерзімді қаржылық салымдардың
табысы өте төмен екендігін ескерсек кәсіпорын үшін ақша қаражаттарын
салудың тиімді жолдарын іздестіру қажет-ақ. Кәсіпорынның айналысында ақша
қаражаттарының жетіспеушілігі немесе артық болуы айналыс капиталын тиімсіз
пайдалану нәтижесінде болуы мүмкін.
Ақша қаражаттарының жетіспеушілігі банктер алдындағы ұзартылған
несие сомасын өсіреді, жабдықтаушылар мен қызметкерлерге қарызды өсіреді,
нәтижесінде қаржылық цикл ұзарады, кәсіпорын капиталының рентабельділігі
төмендейді.
Ақша ағынының жетіспеушілігін ақша қаражаттарының келіп түсуін
жылдамдататын , ал төлемдерді кешіктіруге мүмкіндік беретін шаралар
негізінде реттеуге болады.
Капитал айналымдылығы – кәсiпорынның қаражаттарын пайдалану
интенсивтiлiгiн және оның iскерлiк белсендiлiгiн сипаттаушы негiзгi
көрсеткiш болып саналады. Кәсіпорынның іскерлік белсендігі оның қаражат
айналымының жылдамдауымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау
кәсіпорынның өз қаржысын пайдалану тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін
түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттерін есептеу мен талдауға
негізделеді. Сол себептi талдау процесiнде капитал айналымдылығының
көрсеткiштерiне терең талдау жүргiзу қажет және айналымның қай сатысында
қаражатттардың қозғалысы баяулағанын не жылдамдағанын анықтау қажет.
Банк шоттарындағы ақша қаражаттары қалдығының көбеюі не азаюы ақша
ағынының тұрақсыздығымен, яғни ақшаның кірісі мен шығысының арасалмағының
сақталмауымен байланысты. Оң ақша ағынының сомасының теріс ақша ағынының
сомасынан асып кетуі бос ақша қаражаттарының қалдығының сомасын өсіреді
және керісінше.
Тақырыптың маңыздылығы келесіде: ақша қаражаттарының есебінің дұрыс
ұйымдастырылуы мен оларды уақтылы тексеруден кәсіпорынның қаржылық жағдайы,
айнналыс қаражаттарының айналымдылығы тәуелді. Ал кәсіпорындар арасындағы
есеп айырысулардың дұрыс жолға қойылуы төлем уақытын қысқартады, есеп
айырысуларды қолма-қол ақшасыз жүргізуге мүмкіндік береді. Халық
шаруашылығы деңгейінде қалыпты және уақтылы есеп айырысулар экономиканың
тұрақты дамуының негізі болса, ақша қаражаттарының есебінің кәсіпорын
деңгейінде дұрыс ұйымдастырылуы үлкен маңызға ие.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорын мысалында ақша қаражаттарының
есебі мен аудитіне баға беріп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру. Осы
мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:
- кәсіпорындағы ақша қаражаттары есебінің жүргізілуіне қойылатын талаптар
мен шарттарды қарастыру;
- кәсіпорын мысалында кассалық және банктік іс-әрекеттердің бухгалтерлік
есебінің жүргізілуін оқу;
-кәсіпорында ақша қаражаттарының есебінің жүргізілуіне аудит жүргізу;
- жүргізілген зерттеулер негізінде ақша қаражаттарының есебін жетілдіру
бойынша негізделген ұсыныстар беру.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – Астана ЖШС.
1 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ақша қаражаттары есебі мен аудитінің мәні мен міндеттері

Барлық шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарымен жұмыс істейді.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі бір жағынан ақша қаражаттары есебінің дұрыс
жолға қойылуынан да тәуелді. Шаруашылық қызметінде кәсіпорын басқа
кәсіпорындармен сатып алынған негізгі құралдар, материалдар мен шикізаттар,
орындалған қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізеді. Сонымен бірге
кәсіпорын есеп айырысулар жолымен салық органдарымен ,кеден қызметімен ,
бюджетпен қарым-қатынасқа түседі.
Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар екі формада жүргізіледі:
қолма-қол ақшасыз және нақты ақшамен есеп айырысулар арқылы.
Банк арқылы кассалық-есеп айырысулар жүргізу мемлекеттің
кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты бақылауға мүмкіндік
береді. Банк мекемелері кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне жұмсалатын
шығындарын қадағалауға, олардың басқа субъектілермен уақтылы есеп айырысуын
реттеуге, банктен түрлі мақсаттар үшін несие алуға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының есебі алдында келесідей міндеттер тұр:
• шаруашылық субъектілерімен уақтылы есеп айырысулар жүргізуді
қадағалау;
• есеп регистрлерінде ақша қаражаттарының қозғалысын уақтылы және дұрыс
бейнелеу;
• ақша қаражаттарының белгіленген шектер негізінде дұрыс пайдаланылуын
қадағалау;
• ақша қаражаттарының мақсатты жұмсалуын қадағалау мақсатымен кезең
сайын түгендеу жұмыстарын жүргізу;
• кассадағы және ағымдық шоттағы ақша қаражаттарының бар болуы мен
жұмсалуын бақылау;
• есеп айырысу тәртібінің орындалуын бақылау.
Ақша қаражаттарының бар болуы мен олар бойынша есеп
айырысуларды дұрыс ұйымдастыру есеп айырысу тәртібінің бекуіне,
дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражаттарының
айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының
нығаюына алып келеді.

1.2 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы

Кез-келген шаруашылық субъектісі өзінің құқықтық-ұйымдастырушылық
нысанына қарамастан ақша қаражаттарымен күнделікті жұмыс істейді. Барлық
шаруашылық субъектілері өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті
шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы
мекемелер арқылы ақшасыз нысанда , ал қажет жағдайда ҚР Ұлттық банкі
белгіленген талаптар орындалса нақты ақшамен де есеп айырысулар жүргізе
алады.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп
айырысуларды ұйымдастыру үшін барлық шаруашылық субъектілері ҚР екінші
деңгейлі банктерінде банктік шоттар ашады. Банк шоттары - бұл банк пен
клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын сипаттайтын әдіс. Банк
шоттары теңгемен, шетелдік валютада де ашыла алады және ол ағымдық,
жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке
және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімдері
үшін де ашыла алады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың бары мен қозғалысын есептеу үшін
субъектіге арналған есеп айырысу шоттары ашылуы мүмкін. Ол сыртқы
экономикалық қызметті жүзеге асыратын және өнімін сыртқа шығаратын
шаруашылық субъектілері үшін ашылады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың бұйрығы бойынша есептен
шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға
соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген
заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол беріледі.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау , егер заңдарда өзгеше көзделмесе ,
субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістерді пайдаланады: қолма-қол ақшаны аудару; төлем
тапсырманы ұсыну; чектерді беру; вексельдерді беру; төлем карточкаларын
пайдалану; тікелей дебеттік банк шоттарына аудару; төлем талап-тапсырмасын
ұсыну.
Ақшасыз есеп айырысулардың негізгі нысандары : төлем тапсырмасы; чек;
вексель; төлем талап-тапсырмасы; кеден және салық қызметі органдарының
инкассалық жарлықтары болып табылады. Енді осы төлем нысандарына жеке
тоқталсақ:
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда
көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет
көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.
Қызмет пен жұмысты, тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп
айырысулар кезінде , сондай-ақ қызмет пен тауарларға алдын ала төлем
жасалған кезде төлем тапсырмалары қолданылады.
Төлем жасаушы банке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем
тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі
бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары мен төлемдердің мақсатын
растайтын басқа да құжаттарды тапсырады. Төлем тапсырмалары жазылып
берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады. Төлем тапсырмалары төлем
жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға алынады. Төлем
құжаттарын электрондық түрде де, қағаз ретінде де ұсынуға болады. Бұл
құжаттардың данасын әрбір банк өзхі анықтайды.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі көрсеткіштер толтырылуы
керек:
- төлем тапсырмасының номері;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке код;
- жіберуші мен банк бенефициардың шоттарының номері;
- бенефициардың коды.
Бенефициар- аудару жасалған кездегі ақша қаражатын алушы.
Банк-алушы- банк атауы, аударылған ақшада оның мекен-жайы
көрсетіледі.
Бенефициар банкісі – жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде
бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк.
Төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен
белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық
белгілер, ол үш символдан тұрады.
Бюджеттік классификация коды – салықтарды кері қайтаруда
қолданылатын код.
Төлем құжатына кез-келген түзету жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық
жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша
төлем тапсыр малары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге
қалдырылған болып бөлінеді.
Жедел мерзімді төлем мынандай нұсқалар бойынша жүзеге
асырылады:аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен
кейін; ірі келісім шарттар кезіндегі ағымдық төлемдер.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық
қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей
болып жасалуы керек. Субъектілер жеке өздеріне тиесілі қаражатты жекелеген
азаматтардың атына, жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым
алушының атын, оның номерін, сондай-ақ, егер қаражат шотқа аударылуы тиіс
болса, онда ол орналасқан банктің аты мен номерін көрсетеді. Тапсырмаға
қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға
ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған
әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана
етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлем жасаудың бір тәсілі болып
табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен
жасайды. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі-
депозиттермен қамтылған, екіншісі – қамтылмаған болады. Бұл кезде банктер
чектердің төленетіндігі жөнінде кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде
жабылмайтын чектер бойынша да. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті
алған кезден бастап пайда болады.
Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды өшіруге немес
түзетуге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда
чекте және чектің түбіртегінде бүлінген деп жазу жазылады, мерзімі
қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге
қабылданған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке
ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі
жазылған күнін есептемегенде ,әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден чекті келесі жағдайларда қабылдамауына болады:
- жазумен көрсетілген сома санмен көрсетілмесе;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері байқалса;
- чек әртүрлі сиямен жазылса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай болмаса;
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
-чектің басқа да кемшіліктері болса.
Кемшіліктері (дефект) бар чектер ұстаушыға қолхат жазылып
қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол
туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар чектердің өңделуін тез арада
тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада
болады:
біріншісі- банкте қалады;
екіншісі –көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі-Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі-чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші
банкке қайтарылады.
Вексель – біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын
қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аудармалы болып
бөлінеді.
Жай вексель (соло-вексель) – талап етуі бойынша немесе белгіленген
мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға
төлейтіні туралы ещқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.
Аударма вексель (тратта) – вексель берушінің (трансанттың) үшінші
тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның
бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде , вексельде
көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз
табиғаты бойынша бұйрыққа ұқсас келеді.
Вексель құжат мәтінінен енгізілген , құжат қай тілде жазылса, онда сол
тілде вексель деп жазылған атауды , белгілі бір ақша сомасын төлеуге
бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның атауы, төлеу мерзімі, төлем жасалатын орын
көрсетілген құжат, сонымен бірге онда кімге не кімнің бұйрығы бойынша төлем
жасалатындығы туралы ақпарат, вексель жасалған күн мен орны көрсетіліп,
вексель берген тұлғаның қолы қойылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптар құжатта толықтай орындалмаса, вексельдің
күші болмайды.
Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын
вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші
тұлғаның есебінен берілуі мүмкін. Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде
немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында
төленуі мүмкін.
Вексельде проценттік ставка көрсетілуі тиіс, мұндай нұсқау болмаған
жағдайда шартқа қол қойылмаған деп танылады. Проценттің есептелетін күні
көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап саналады.
Төлем карточкаларының есебі. Төлем карточкалары инкассациялау
шығындарын қысқарту, бухгалтерия жұмысын жеңілдету, қазақстаннан әлемнің
кез-келген нүктесіне жылдам ақша аударымын жасау үшін қолданылады.
Төлем карточкалары – ақша қаражаттарына электрондық терминал немесе
басқа қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны
айырбастауға, қолма-қол ақшаны алуға мүмкіндік береді.
Төлем карточкалары дебеттік, кредиттік және корпоративтік болып
бөлінеді.
Дебеттік карточкалар қаржы шотындағы ақша сомасының шегінде оның
ұстаушысына төлем жасауға мүмкіндік береді және оның ұстаушылары өз қарызын
банк берген қаржы көлемінде төлей алады.
Кредиттік карточкалар өз ұстаушыларына банк берген қаржы көлемінде
қарызын өтеуге мүмкіндік береді.
Одан басқа кәсіпорын іс-сапар шығыстарын төлеуге, офистік, үстеме
шығыстары үшін корпоративтік төлем карточкаларын ашуына болады.
Корпоративтік карточкалар – бұл да төлем карточкалары, ол оны
ұстаушыға банк пен заңды тұлғалардың арасында жасалынған келісім-шарттардың
негізінде беріледі.
Төлем карточкалары келесі көрсеткіштерден тұрады:
- төлем карточкаларын берудің жағдайы;
- төлем карточкаларымен жасалынатын төлем түрлері;
- төлем карточкаларын алған тұлғалардың тізімі;
- төлем карточкаларын қайтарып алудың және тоқтатудың жағдайы;
- төлем карточкаларының әрекет ету мерзімі;
- тараптардың құқықтары мен міндеттері;
-тараптардың жауапкершілігі.
Қазақстан Республикасында тауар мен қызметі төлеу үшін төлем
карточкасының пайдаланылғаны слиппен (слип-қағаз түрінде жасалатын төлем
құжаттары) немесе сатып алынған сомасына екі данада берілген сауда чегімен
расталуы керек. Слип үш данада рәсімделеді: біріншісі банкке, екіншісі
кәсіпорынға, үшіншісі карточка иесіне беріледі.
Төлем құжаттары келесідей келесі көрсеткіштерден тұрады:
- төлем құжатының номері және жазылған құны, айы, жылы;
- операция жасаған ұйымның толық атауы;
- карточка төлемінің реквизиті;
- төлем сомасы;
- төлем валютасы.
Сауда чегі – төлем карточкасын жүзеге асыру кезінде жасалады, яғни
төлем жасалып біткен соң ұстаушыға беріледі және келесі міндетті
реквизиттерден тұрады:
- құжат номері, жазылған күні, айы, жылы;
- операцияны жүзеге асырушы ұйымның атауы;
- төлем сомасы;
- төлем валютасы;
- төлем карточкаларының реквизиттері.
Төлем талап тапсырмалары. Төлем талап тапсырмасы тауарларды
алғанда, жұмысты орындағанда, қызметті көрсеткенде бенефициарлардың ақшаны
төлеушіге жіберген талабы болып табылады.
Бенефициар төлем тапсырмасын банкке ұсынады және төлем талап
тапсырмалары белгіленген бланктердің нысанында тиісті реестрлеріне
тіркеледі. Төлем талап-тапсырмасы реестрмен бірге бенефициар-банкісіне
ұсынылады, ал бенефициар барлық реквизиттердің толтырылғанын тексеріп,
төлем-талап тапсырманы ақша жіберуші банкке жолдайды.
Егер де бенефициарға қызмет көрсететін де, ақшаны жіберуші де бір
банк болса, онда бенефициар банкісін жанай өтіп, төлем талап-тапсырмасы
реестрсіз бірден жіберуші банкіне ұсынылады.
Егер де төлем талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша қаражаты
болмаса, онда төлем талап-тапсырманы сақтау мерзімі және реестрінің мерзімі
бөлініп төленуі мүмкін.
Төлем талап-тапсырмаларына толық немесе ішінара ақы төлеуден бас
тарту кезінде ол туралы оған қызмет көрсететін банкке үш күннің ішінде
хабарлайды. Талап-тапсырма құжаттарымен қоса оған берілген тиеу құжаттарын
және төленбейтін бөлігі туралы хабарламасымен бірге тікелей жабдықтаушығы
қайтарылады.
Төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан қаражатты есептен
шығару тек соттың шешімімен, банктің өкімімен, не келесі орындау құжаттары
негізінде қолданылып жүрген заңдарда көзделген жағдайлар бойынша
жүргізіледі: банктің өндіріп алу жөніндегі өкімі, несиелерді пайдаланғаны
үшін проценттері және есепке қате алынған сомалары; кепілші шотынан қарыз
берешегінің өтелмеген сомалары; соттар берген орындау қағаздары; соттың
шаруашылық істері жөніндегі алқаларының бұйрықтары; нотариус жүргізген
орындау жазбалары; салық органдарының салықтар және басқа да төлемдер
бойынша қосымша салықтары; сондай-ақ заңда көзделген айыппұлдар мен өзге де
санкциялар сомасы; ҚР кедендік органдарының өкімдері.
Салық төлеушілердің берген кепілхаттары мен салық органдарының
инкассалық өкімдері негізінде бюджетке төленетін төлемдері төлем
кепілхаттарының берген күнінен бастап , банктер кезек күттірмей-ақ жүзеге
асырады. Банктің аталған кепілхаттардың орындалуын кідіртуге құқығы жоқ.
Төлеушінің келісімінсіз қаражаттарды өндіріп алу үшін тиісті құжаттарды
қоса тіркей отырып, банкке төлем талап бланкісінде инкассалық өкімді
тапсырады.
Инкассалық өкімде төлемнің мақсаты көрсетіледі және де осы төлемдерді
төлеушінің келісімінсіз оның шотынан есептен шығару құқығын көздейтін заң
актісіне сілтеме жасайды. Өндіріп алудың дұрыстығы төлеушінің келісімінсіз
қаражаттарды есептен шығаруға негіз болатын сілтеме үшін өндіріп алушы
жауапты болады. Банктер төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан
қаражаттарды есептен шығаруға білдірген қарсылықтарды шын мәнінде
қарамайды. Төлеушілердің келісімінсіз шоттарынан қаражаттарды есептен
шығарудың негізділігімен байланысты мәселелер наразылық білдіру арқылы сот
органдарының көмегімен шешіледі.
Борышкер мойындаған соманы есептен шығаруға берілген инкассалық
өкімде борышкердің талаптарды мойындау туралы жауабының номері мен күні,
сондай-ақ талаптарды мойындау туралы жауабының номері мен күні, сондай-ақ
талаптың сипаты көрсетіледі (тауарлы-материалдық құндылықтар үшін есеп
айырысулар, айыппұлдар өндіріп алу және басқалары).
Кәсіпорын таратылған немесе қайта құрылған (қосылған, бөлініп шыққан,
біріккен, ұйымдық-құқықтық формасын өзгерткен) жағдайда орындау және басқа
да есеп айырысу құжаттарының өтемақысы бастапқы төлеушінің міндеттемелері
бойынша заңға сәйкес жауапкершілік жүктелген субъектінің есеп айырысу
немесе ағымдық шотынан жүргізіледі.

1.3 Касса мен ағымдық шоттағы қолма-қол ақшаның есебі

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық
жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен
басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша
басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара
жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 45- Кассадағы қолма-қол ақша бөлімшесінің
активті жинақтаушы шоттарында:
451- Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша және 452 –
Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша шоттарында
жүргізіледі.
Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу
тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге
асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған
жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны
қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі.
Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир Төлем таңбаларын анықтау
тәтібін басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы
жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас
бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша
беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді.
Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының
рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген
адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының
төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы
мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса
ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды –
сандармен көрсетеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны
алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі.
Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге:
Сенімхат бойынша деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне
немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды
бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар
төлем тізімдемесі (ведомосы) бойынща таратылады, оның қас бетінде (титул)
ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көсетіледі және оған басшы мен
бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем
тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиеселі сомасын алмаған адамдардың аты-
тегінің тұсына мөртабан соғады немесе Депозитке салынды деп қолымен жазып
белгі соғады , берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі;
тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде
жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса,
төлем тізімдемесінде: Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы) деген жазу
жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол
берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс
және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және
шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс
және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және
жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген
және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша
қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде
алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек
құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың
рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас
бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген
қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан
кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп
басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып Алынды
немесе Төленді деп белгі соғады. Касса операцияларының есебін кассир
Касса кітабында (ү. №КО-4) жүргізіледі, ол нөмірленуге, тігілуге және оған
сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол
қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін
(көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта
қалады; екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы
бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы емес
бөлігінің бет жағынан (Басталған күніне дейінгі қалдығы деген жолдан
кейін) басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын
бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін
жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына
салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен
жазуды одан әрі жалғастырады. Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін
бір күн бойы жыртылмайды. Соның ішінде жалақыға деген жолдың бойында
касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем
тізімдемелері бойынша сомасы да көсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет
жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге
берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы
(кіріс, шығыс) көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында касси берілген
ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен
ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир
мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады,
содан соң оның деректері 451-Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол
ақша шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп
регистрлеріне көшіріледі. Касса бойынша операциялардың, яғни 451 шоттың
кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар
бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай
корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында
есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол
кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге
тиіс.
Шетелдік валютамен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 452
Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша шотын ашады. Валюта
кассасындағы есеп субъектінің кассасындағы операциялар секілді жүргізіледі,
тек оның келесідей айырмашылығы бар: кіріс және шығыс ордерлерінде, касса
кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және олардың теңгеге
айналдырылған түрімен бейнеленеді.
Валюталық касса үшін жеке касса кітабы ашылады.
ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес қолма-қол ақшамен есеп айырысатын
барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер бақылаушы кассалық машинасын
қолдануы керек. Олар тауар сатып алушыларға бақылаушы-кассалық машинаның
чегін беруге міндетті, өйткені ол сатып алушы мен сатушының арасындағы алып-
сату келісім-шартын растайды.
Кассалық аппараттар міндетті түрде салық органдарынан тіркеуден өтуі
тиіс. Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей құжаттарды тапсыру керек: арыз,
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі,
кассалық машина паспорты, қолма-қол ақшаны тіркейтін журнал.
Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін.
Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде
шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе
үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарымын
орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк
шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады:
реквезиттері, келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі, салық
қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме номері, банктің
көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар
тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазақстан Республикасының президенті – заңды тұлға мен
оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған
қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты; клиенттің салық есебіне
қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі
құжаты; аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген
шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік
қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын
белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын,
өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжат көшірмесі немесе оған
теңестірілген құжат көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртібімен
бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжат көшірмесі тапсырылады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан
қабылдауға келісім- шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге
және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған
тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне
алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен
ақша қаражатының фактісі анықталса онда ол сол қаражаттарды шот иесіне
хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта
қарастырылған жоқ.
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім – шартқа сәйкес
банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының
көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде
қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі
есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату ҚР заңына сәйкес шот иесінің ақша
қаражаттарының жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті
органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады.
Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар ҚР заңына сәйкес жарлық капиталын
төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім-шарттың
негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады.
Есеп айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі
құжаттар пайдаланылады.
Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі
шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен
салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама
сиямен бір дана етіліп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді
және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі (хабарлама төменде
келтіріліп отыр).
Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 441 Ағымдық шоттағы
қолма-қол ақша шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі
дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып
табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге
беріледі, екіншісі – бет есебі болып қалады.
Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің көшірме үшін мөрінің
таңбасымен (оттискісімен) расталынады.
Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның
орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен
бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол
қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы
құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні (датасы)
көрсетілген календарлық штемпелі қойылуы тиіс. Көшірмелер бірінші немесе
екінші болып қол қою құқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша
бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге почта арқылы
жіберілуін немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған
абоненттік жәшік арқылы жібірілуі мүмкін.
Клиент өкілінің көшірмені алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке
карточкада қойған қолы боуы керек. Банк көшірмесі төменде келтіріліп отыр.
Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі.
Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 441-“Ағымдық
шоттағы қолма-қол ақша” шоты кредитінен 334-“Басқа да дебиторлық қарыздар”
шотының дебетінде есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 441-шоттың
дебеті және 687-“Басқа да кредиторлық қарыздар” шотының кредиті бойынша
көрініс табады.
Банк шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға- шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде,
немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына
үш жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары
жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІНІҢ
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы

Астана Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Астана қаласында
орналасқан және қызметінің негізгі бағыты – халық шаруашылығы тауарларымен
бөлшек және көтерме сауда жасау.
Серіктестіктіњ ќазаќ тіліндегі атауы: "Астана" Жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі. Ќысќаша ќазаќ тіліндегі атауы: "Астана " ЖШС. Серіктестіктіњ
орыс тіліндегі атауы: товарищество с ограниченной ответственностью
"Астана", ќысќартылѓан атауы: ТОО "Астана". Серіктестіктіњ орналасќан жері:
Ќазаќстан Республикасы, Астана ќаласы, Алматы ауданы, Угольная кµшесі, 10
"А" ‰йі.
Серіктестіктіњ зањдыќ мєртебесі:
Серіктестік белгісіз мерзімге ќ±рылѓан. Серіктестік мемлекеттік
тіркелген сєтінен бастап ќ±рылѓан болып саналады жєне зањды т±лѓа ќ±ќыѓына
ие болады. Серіктестіктіњ мµрі, дербес балансы, банктік шоттары, µз атауы
бар бланкілері болады. Серіктестік ќызмет маќсаттарына жету ‰шін µз атынан
мємілелер жасауға, м‰ліктік емес ќ±ќыќтарды иеленуге, мойнына
міндеттемелер алуѓа, сотта таларкер немесе жауапкер болуѓа ќ±ќылы.
Серіктестік Ќазаќстан Республикасыныњ аумаѓында жєне шетелдерде
филиалдар жєне µкілдіктер ашуѓа, басќа зањды т±лѓалармен бірлестіктерге
(одаќтарѓа) бірігіп жєне де басќа зањды т±лѓалардыњ ќ±рылтайшысы болуѓа
ќ±ќылы.
Серіктестік µзіне тиесілі барлыќ м‰лкімен µзініњ міндеттері бойынша
жауапты. Ќатысушылар серіктестіктіњ міндеттері бойынша жауапты емес. Олар
серіктестікке байланысты µздері енгізген жарна кµлемінде шыѓынѓа ұшырауға
тєуекел етеді.
Серіктестік ќатысушыларыныњ ќ±ќыќтары мен міндеттері:
Серіктестік ќатысушыларыныњ ќ±ќыќтары:
-жарғыда белгіленген тєртіппен серіктестіктіњ істерін басќаруѓа ќатысуѓа;
-серіктестіктіњ ќызметі туралы аќпарат алуѓа жєне осы жарѓыда белгіленген
тєртіппен оныњ бухгалтерлік есеп шотымен жєне басќа да ќ±жаттарымен
танысуѓа;
-зањѓа, серіктестік жарѓысына жєне жалпы жиналыстыњ шешіміне сєйкес
серіктестіктен пайда алуѓа;
-серіктестік таратылѓан жаѓдайда несие берушілермен есеп айырысќаннан кейін
барлыќ ќатысушылардыњ келісімі бойынша, ќалѓан серіктестік м‰лкіндегі
‰лесіне сєйкес м‰ліктіњ бір бµлігін немесе оныњ ќ±нын алуѓа;
-зањды белгіленген тєртіп бойынша µзініњ ‰лесін ала отырып серіктестіктіден
шыѓуѓа ќ±ќыѓы бар.
Серіктестік ќызметініњ маќсаты мен т‰рлері:
Серіктестік ќызметініњ негізгі маќсаты пайда табу болып табылады.
Аталѓан маќсатына ќол жеткізу ‰шін зањмен тиым салынбаѓан мына
міндеттерді ж‰зеге асырады:
-ішімдік µнімдерін жєне этил спиртін µндіру, саќтау жєне сыртќа шыѓару,
сондай-аќ шетелдік жєне отандыќ араќ-шарап жєне пиво, алкогольдік ќуатсыз
сусындарды µндіру, сатып алу жєне сату;
-халыќ т±тынатын тауарларды, таѓам µнімдерін µндіру, сатып алу, сату ‰шін
ммагазин, кафе, мейрамхана, бар, ќоѓамдыќ тамаќтану орындарын ашу;
-ќ±рылыс, ќ±рылыс-жµндеу, ќ±рылыс жобалау ж±мыстары, ќ±рылыс учаскілерін
дайындау, ќ±рылыс материал, жабдыќтау сатып алу жєне сату, ѓимараттарды
жабдыќтау жєне кµркемдеу, µрлеу ж±мыстары, жол ќ±рылыс техникасын,
ќ±ралдарды, машиналарды, агрегаттарды, механизмдерді ќ±рылыс жєне
жолќ±рылыс материалдарды µндіру ‰шін, ќ±рылыс жєне жеке ѓимараттарды жалѓа
алушылар ‰шін жеткізу және тарату;
-жићаз техникасын, ќ±рылѓыларды, аѓаштан, металл µндеу, пластмасса,
пенополистеролдан жасалѓан б±йымдар жєне басќа да жабдыќтарды µндіру, сатып
алу жєне сату, безендіру материалдарын µндіру, сатып алу жєне сату,
инновацияларды µндеу жєне енгізу, жоѓары техникалыќ µнімдерді µндіру жєне
сату;
-азаматтарѓа жєне кєсіпорындарѓа автокµлік ќызметін кµрсету, темір жол
тасымалдары жєне кµлік ќызметін кµрсету, автокµлік арқылы ж‰ктерді
тасымалдау жєне тасу, ж‰кті тиеу-т‰сіру ж±мыстары, автокµлік ќ±ралдарын
жєне бµлшектерді µндіру, сатып алу жєне сату, СТО, АЗС кµлік т±ратын, авто
жуу ашу, жањаша майлайтын материалдарды сатып алу жєне сату;
-т±рѓындарѓа т±рмыстыќ, єлеуметтік, коммуналдыќ жєне медициналыќ ќызмет
кµрсету, осы маќсаттарѓа туризм кєсіпорындары мен объектілерін, сауыќтыру,
дене шыныќтыру комплекстерін, ќонаќ ‰йлер, моншалар, сауна жєне
демалыстарды ±йымдастыру, дєріхана ашу, медициналыќ жабдыќтарлар єкелу,
фармацевтикалыќ ќызмет кµрсету;
-ќаѓаз өнімдерін, ќаѓаз жєне картонды µндіру, сату жєне сатып алу, ќаѓаз,
картон µнімдерін, т±рмыстыќ химия жєне парфюмериялыќ-косметикалыќ
ќ±ралдарды µндіру;
-сыртќыэкономикалыќ, ѓылыми-зерттеу жєне мєдени-аѓарту ќызметі, кадрлар
дайындау, осы маќсатта курстар жєне оќу ±йымдарын сатып алу, сату, жалѓа
беру, м‰ліктерді тіркеу, жылжымалы жєне жылжымайтын м‰лікті пайдалану;
-тау-кен µнеркєсібі, пайдалы ќазбаларды іздеу жєне баќылау, су
ќайнаркомплексін эксплуатациялау, т‰рлі-т‰сті металдарды жєне м±най
µнімдерін жинау, дайындау жєне сату;
- Ќазаќстан Республикасыныњ зањдарымен тиым салынбаѓан басќа да ќызметтер.
Ќандай да бір ќызметті атќару ‰шін µкілетті ±йымдардыњ арнайы р±ќсаты болса
(лицензия, сертификат), ондай р±ќсаты серіктестік алып болѓаннан кейін сол
ќызмет т‰рімен айналысады.
Жарѓы капиталындаѓы барлыќ ќатысушылардыњ ‰лестері оѓан сєйкес
серіктестік м‰лкіндегі ‰лестері серіктестіктіњ жарѓы капиталындаѓы олардыњ
салымдарына сєйкес болады жєне проценттік кµрсеткіште тµленеді. Серіктестік
м‰лкіндегі ќатысушыныњ ‰лесі оныњ єлдеќашан тµлеген жарѓысына немесе аќшаны
толыќтай тµлегенге дейін бµлігіне ѓана кепілдік алуѓа немесе алып ќойылуы
м‰мкін. Серіктестік ќатысушыныњ м‰лкіндегі µзініњ ‰лесін сатуѓа немесе
басќа жолмен беруге ќ±ќылы немесе оныњ бµлігін осы серіктестіктіњ 2-
ќатысушына беруге ќ±ќылы. Серіктестік ќатысушылары басќа ќатысушыныњ ‰лесін
сатып алуѓа басќа 3-ші адамѓа ќараѓанда артыќшылыќќа ие болады. Ќатысушыныњ
‰лесін сатып алуѓа байланысты басќа да с±раќтар ќолданылып ж‰рген зањдармен
реттеледі.
Серіктестік м‰лкіндегі ќатысушылар ‰лестері ќ±рылтай келісімі бойынша
аныќталады. Серіктестікке жања ќатысушы ќабылдау немесе шыѓуѓа байланысты
кез келген µзгеріс бойынша жарѓы капиталындаѓы ‰лестердіњ пайдасынан
есептелінеді. Серіктестік м‰лкі ќ±рылтайшылардыњ ‰лестері есебі
серіктестікке т‰скен кіріктерден жєне да зањмен тиым салынбаѓан басќа да
кµздері т‰скен кіріктерден ќ±рылады.
Зањдар арќылы немесе серіктестік жарѓысымен резерв капиталы жєне басќа
да ќорлар ќарастырылады. Серіктестік м‰лкі оныњ балансында есептелінеді.
Ќатысушылардыњ жалпы жиналысы серіктестік м‰лкіне ќосымша жарна ќосу туралы
шешім ќабылдай алады. Серіктестік м‰лкіне ќатысушылардыњ ќосымша жарнасы
жарѓы капиталыныњ жєне серіктестік ќатысушыларыныњ ‰лесініњ кµлемін µзгерте
алмайды.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығы белгiлi деңгейде
кәсiпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, олар қандай табыс
әкелетiндiгiнен тәуелдi. Кәсiпорын активтерiнiң орналасуы туралы ақпарат
баланс активiнде қамтылады.
Баланс мәлiметтерi бойынша актив баптарының құрамы мен
орналасуын 1 - аналитикалық кестеден көруге болады .
Мәлiметтер бойынша кәсiпорын активтерiнiң құны жыл iшiнде 86634
мың тг не 66.6 % ке жоғарылаған. Бұл кәсiпорын қызметiнiң оң бағытқа
өзгергенiн көрсетедi. Ол өсiм негiзiнен ағымдық активтер құнының 90390 мың
тг не 1.4 есе өсуiнен болып отыр. Соған сәйкес кәсiпорын мүлкiнiң құрылымы
елеулi өзгерiске ұшырады: егер жыл басында ұзақ мерзiмдi активтер
үлесi 50.5 % болса, жыл соңында оның үлес салмағы 21.9 пунктке кемiп, 28.6
% -тi құрады, тиiсiнше ағымдық активтер үлесi осыншаға өсiп отыр.

Кесте 1– Кәсіпорынның баланс активтерiнiң құрамы мен құрылымы

Мүлiк түрлерi 2004 жыл 2005 жыл өзгерiс (+,-)
мың тг % мың тг% мың тг% пункт
Актив құны-барлығы130045 100 216679100 +86634+66.6 Х
оның iшiнде:

ұзақ м.активтер 65722 50.5 61966 28.6 -3756 -5.7 -21.9

ағымдық активтер 64323 49.5 15471371.4 +90390+140.5+21.9

Бизнестi қажеттi қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету кез-келген
кәсiпорын қызметiнiң анықтаушы факторы болып табылады. Кәсiпорын басшылығы
кәсiпорын қызметi ресустардың қандай көздерiнен қаржыландырылатынын және
капитал қандай iске салынатынын нақты бiлуi қажет.
Дегенмен, меншiктi және заемдық капиталдың қатынасынан
кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен тұрақтылығы тәуелдi.

Кесте 2 - Кәсiпорының авансталған капиталының құрамы мен
құрылымы

Капитал көздерi Сомасы, мың тг Құрылымы, %
2004 2005 өзгерiс2004 2005 өзгерiс
жыл жыл жыл жыл
1.Меншiктi капитал 101260 103385 +2125 77.9 47.7 -30.2
2.Заемдық капитал 28785 113294 +84509 21.1 52.3 +30.2
Барлығы 130045 216679 +86634 100 100 х

Кәсiпорынның авансталған капиталы 86634 мың тг немесе 66,6 %-ке
жоғарылаған. Бұл өсiмнiң 97,5 %-тi заемдық капиталдың өсiмiнен болып отыр.
Сол себептi 2005 жылы меншiктi капиталдың үлесi кемiп, заемдық капитал
үлес салмағы өсiп отыр.
Талдаудың келесi кезеңiнде меншiктi және заемдық капиталдың
динамикасы мен құрылымына талдау жасау қажет. (3 -кесте ).

Кесте 3 - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу
Есеп айырысу операциялары
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Ақша қаражаттарының сипаттамасы
Қолма-қолсыз төлемдер
Төлем тапсырмасының жазылған күні
Институционалдық аспект
Ақшалардың бухгалтерлік есебі
Валют Транзит Банк шоты
Банктердің есеп айырысу операциялары және олардың түрлері
Пәндер