Көлік қызметтері нарығын дамыту


Мазмұны
Кіріспе
Берілген курстық жұмыстың мақсаты , экспедиторлық қызмет көрсету саласын кең көлемде қарастыру, саланың дамуы, әр көлік түрінде қолданылуы, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау; агенттік қызмет түрлері, әр көлік саласында қолданылуы; жалпы нарықтық шарттардағы көлікті басқару, көліктің экономикамен тығыз байланысы; көлік жүйесіндегі логистикалық қағидалар түрлері; әр көлік саласының бір - бірімен бәсекелесі, артықшылықтары, кемшіліктері және тиімділігі.
Мақсатымен қатар зерттеу тапсырмалары қойылған:
- көліктің қазіргі жағдайдағы инфрақұрылымын, ішкі және сыртқы тауар айналымдарын, соған байланысты экспедиторлық қызмет көрсетуді қолданған дұрыс па әлде делдалсыз әрекет ету керек пе деген сұрақтарға жауап қарастыру;
- нарықтық замандағы көліктің алатын орнын анықтау, көліксіз нарық жағдайының халі не болмақ деген сұрақтарға кеңінен жауап беру;
- көлік кешенінің жұмысын жақсартудағы бірінші қатарлы тапсырмаларды ғылыми - әдістемелік тұрғыдан шешу үшін ең бірінші аудандықтан бастап әлемдік көліктік қатынастарға дейінгі көлік кешені жұмысының тиімділігін анықтау.
Зерттеу объектісі болып автомобиль көлігіндегі экспедиторлық қызмет көрсету түрлерін басқару болып табылады, зерттеу пәні болып нарықтық қатынастардағы көлік жүйелерінің ұйымдастырушылық -экономикалық байланысы.
Ғылыми мағыналық тұрғыдан зерттеу түрі курстық жұмыста халықаралық қатынастағы көлік кешенінде көліктік ағындарды басқару үшін икемді менеджмент пен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу негізінде экономикалық тиімділікті жоғарлату бойынша ғылыми - әдістемелік сипаттамалар жетілдірілген.
Практикалық мағыналығы зерттеу қорытындыларын қолдану сипатында болып келеді, жасалған стратегия бойынша жетілдірілген әдістемелік тәсілдерді қолдану және көліктік кешеннің халықаралық қатынастағы экономикалық тиімділікті дамыту жолдарын негіздеу.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша 2030 - шы жылға дейінгі көліктік стратегиясы.
Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту.
Инфрақұрылымның даму деңгейі көлік жүйесінің тиімділік дәрежесін айқындайды. Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
- көлік процестерін ақпараттық қамтамасыз етудің жаһандық жүйесін құру, сондай-ақ қозғалысты бақылау мен басқарудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын енгізу;
- магистральдық темір жол желісінің, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының, қалалардағы көше-жол желілерінің және ішкі су жолдарының тасымалдау және өткізу қабілетін, сондай-ақ теңіз, өзен және әуе порттарының өндірістік қуаттарын арттыру;
- логистика қағидаттарын пайдалана отырып, оңтайлы көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, жолаушы және жүк тасымалдарын ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесінде барлық көлік түрлері арасындағы технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттары бойынша меридиандық және ендік орналасудың жетілдірілген моделі негізінде мультимодальдық көлік дәліздерін, терминалдар желісін және көлік-логистикалық орталықтар құру;
- Қазақстанның ірі қалаларындағы жолаушы көлігі жүйесін дамыту және жетілдіру. Астана және Алматы қалаларында жолаушылар ағыны ерекше қауырт учаскелерде, оның қозғалысына жолақтар бөлуді ұйымдастыра отырып, рельспен жүретін жылдам электр көлігі жүйесін құру.
НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР:
- инфрақұрылымды дамытудағы басымдық барлық елді мекендердің және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы объектілерінің оған жыл бойғы қол жетімділігін қамтамасыз ету болуы тиіс;
- инфрақұрылымды дамыту әлемдік ғылым мен техника жетістіктерін кеңінен қолдану базасында жүзеге асырылуы тиіс;
- инфрақұрылым объектілерін жоспарлау өндірістік күштерді орналастырудың, елді мекендерді, аграрлық секторды дамытудың және Қазақстанды аумақтық дамытудың перспективті жоспарларымен байланыстырылуы тиіс;
- инфрақұрылымды пайдалану оны ұстауға арналған шығындарды пайдаланушылардан алынатын алымдар есебінен қалыптасатын кірістермен барынша жаба отырып, коммерциялық негізде жүзеге асырылуы тиіс;
- инфрақұрылым объектілерін салудың және олардың жұмыс істеуінің міндетті шарттарының бірі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухаты мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету болуы тиіс.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКЦЕНТТЕР:
- көлік инфрақұрылымын бірыңғай көлік жүйесін құру шарттарының бірі ретінде кешенді дамыту;
- көлік инфрақұрылымын жоспарлаудың, жаңғырту мен дамытудың негізі ретінде елді әлеуметтік-экономикалық дамыту;
- көлік инфрақұрылымын дамытудың инвестициялық-инновациялық моделін қолдану.
Көлік қызметтері нарығын дамыту.
Көлік қызметтерінің отандық нарығын дамыту үшін еркін бәсекелестік пен салауатты нарық қатынастарының маңыздылығын сезіне отырып, мемлекет нарықты ырықтандыру және операторлар мен нарықтың басқа да субъектілерінің шаруашылық қызметіне мемлекеттің қатысуын шектеу саясатын жүргізуді жалғастырады.
НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР:
- нарықтық реттеу негізінде көлік қызметінің әлеуетті бәсекелес және монополиялық салаларын бөлу мен тарифтік реттеу саласын қысқарту болуы тиіс;
- көлік қызметтері мен инфрақұрылым қызметі нарығына барлық шаруашылық субъектілері үшін қол жетімділіктің тең шарттарын қамтамасыз ету.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКЦЕНТТЕР:
- тасымалдаушылардың, экспедиторлар мен көлік қызметін тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің рөлін арттыру;
- қызметтер ұсыну сапасын бақылау жүйесін ИСО халықаралық стандарттар талаптарына сай дамыту;
- көлік қызметтерінің экспортын дамыту және көлік қызметтерінің халықаралық нарығында отандық операторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Көлік - қайсы бір мемлекетті алып қарасаңда негізгі сала болып табылады. Осы көлік саласының ішінде көліктік - экспедициялық қызмет көрсету - дамып келе жатқан перспективті қызметтік сфера. Импорт - экспорттық жүк жеткізуді ұйымдастырған кезде, өзім айналысқан дұрыс па, әлде фирма ұсынатын көліктік - экспедиторлық қызмет көрсетуші экспедиторға тапсырған дұрыс па деген сұрақтар туындайды. Көліктік - экспедиторлық фирма жүк тасымалдауымен байланысты көліктік қызметтің барлық түрін ұсынуға дайын: қажет құжаттарды рәсімдеу; көлік фирмаларымен тасымалдау келісімдерін жасау; жүк тасымалдары үшін есептесулер; тиеу - түсіру жұмыстарын ұйымдастыру; жүктерге мониторингтік бақылау жүргізу; сақтандыру; кедендік ресмилілік және т. б.
Көбінесе көліктік - экспедиторлық фирмалар соған сәйкес терминалдық қызмет көрсетулер, логистикалық қызмет көрсетулер және т. б. жұмыстарды атқарады. Бірақ бұл фирмалардың клиенттермен қарым - қатынасы Қазақстан Республикасының стандарттары мен заңдарына, нормаларға сай құжаттандырылуы керек. Әсіресе қазіргі уақыт технология дамыған заман болғандықтан барлығы автоматтандырылуға көшкен. Автоматтандырылған жүйе адам ресурстарын қысқартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар уақытты, қаржы көздерін экономдайды. Қазіргі уақытта автомобиль көлігімен жүк тасымалдаудың 75 - 85% - ы көліктік - экспедиторлық фирмалармен орындалады. Автомобильдік жүк тасымалдауларының үштен - екісі экспедиторлармен оператор ретінде «есіктен есікке» технологиясымен орындалады. Қазіргі заманғы жүк тасымалдауларының экспедиторы жоғарғы квалификациялы маман. Ол минималды дегеннің өзінде жүк тасымал сферасында білімі болуы және барлық көлік түрінің коммерциялық технологиясын, көліктік тарифтерді «оқып білуі», азаматтық - көліктік заңды жақсы білуі, көліктік жарғылар мен кодекстерді білуге тиісті. Көліктік - экспедициялық келісімдік заңдарға келетін болсақ: іс жүзіндегі келісім пәні болып жүк тасымалдауларды халықаралық және республикалық негізде автомобильдік желі бойынша орындауы және көрсетілген қызметтерге есептесулер кезіндегі тапсырыс беруші мен тапсырысты орындаушы арасындағы қарым - қатынас тәртібі.
Көліктің нарық шарттарындағы жағдайын қарастыратын болсақ, жалпы көлік кешені - темір жол, автомобиль, әуе, құбыр, теңіз және өзен (су) түрлерін қамтитын экономика инфрақұрылымын қалыптастырушы салалардың бірі. Оның жағдайы республиканың халық шаруашылығының салалық кешендерінің (агроөнеркәсібі, отын-энергетикалық, кен- металлургиялық, құрылыс, т. б. ) дамуына, экономика салаларының, өндіріс пен аумақтық кешен түрлерінің өзара байланысын қамтамасыз етуге тәуелді.
Көліктік қызметтің көлемі көбіне мемлекеттің экономикасына байланысты болады. Бірақ та көліктің өзі экономиканың активті деңгейде дамуына көбіне жағдай жасайды. Өндіріс аумағын кеңейтуге, өндіріс пен тұтынушыларды байланыстыруға мүмкіндік береді. Көліктің өндіріс сферасындағы орны былайша бекітіледі, бір жағынан көліктік - өнеркәсіп өндірістің жеке саласын құрады, сол себепті де қомақты қаржы салуды қажет етеді. Бірақ басқа тұрғыдан қарастырсақ, өндіріс процесін айналдыру процесі тұрғысынан және айналдыру процесі үшін жалғас болып табылады. Көптеген көліктердің ішінде автомобиль көлігі маңызды орынды алады. Ол жылдамдау және сыртқы факторларға аз тәуелді болып келеді. Көптеген елдерде сонымен қатар біздің елімізде автомобиль көлігі жолаушылар мен жүк тасымалдауларының көлемі бойынша алдыңғы қатарлы орындарды алады. Қазақстанның көлік жүйесі қатты жабынды 84, 141 мың км автожол, жалпы пайдаланыстағы 14, 2 мың км темір жол, мұнай, газ, мұнай өнімдерін айдауға арналған 16, 295 мың км құбыр магистралі, 4, 054 мың км өзен жолы, жеті жүзден астам темір жол станциясы, он ірі порт, айлақтар, асу базалары, әуежайлар, т. б. жататын кешенді білдіреді.
Қазақстанның географиялық шарттары, аумақтың кеңдігі - батыстан шығысқа 3 000 км, солтүстіктен оңтүстікке 1 700 км. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректеріне сәйкес 2009 жылы барлық көлік түрлерінің жүк айналымындағы темір жол көлігінің үлесі 57, 9%; құбыр арқылы - 22%; автомобиль - 19, 6%; теңіз - 0, 47%, әуе - 0, 02% және өзен - 0, 01% құрады.
Негізінен, осындай қатынас Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің шикізат құрылымымен түсіндіріледі. Тасымалдауға берілетін негізгі тауар өнімі көмір, дән, мұнай, кен, минералдық тыңайтқыштар сияқты автомобиль көлігімен тасымалдау тиімсіз болатын сусымалы, құйылмалы жүктер болып табылады. Сондай-ақ автомобиль көлігінің жүк айналымын статистикалық есептеу және бағалау қиын болғандықтан, үлестерді бөлудегі кейбір дәлсіздіктерді есепке алу керек. Автожол көлігі жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың негізгі бөлігін орындай отырып, Қазақстанның негізгі көлік жүйесі болып табылады және көмір, темір, металлургия өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімі сияқты жүктерді тасымалдауда шынайы баламасы жоқ көлік болып табылады [1, б. 40] .
- Бөлім. Көліктік - Экспедиция қызметі туралы Республикалық Заңдар
Келісім - шарт негізіндегі көліктік экспедиция субъектілері болып клиент пен экспедитор болып табылады . Көлік экспедициясының келісім - шартының клиенті болып экспедициялық қызметтерді алуға қызығушы, сонымен қатар жүкті жіберумен және алумен қатар көліктік ұйымдармен өзара қарым - қатынаста болатын жеке және заңды тұлға бола алады. Экспедитор болып заңды тұлға табылады яғни КЭҚ көрсетуге мамандандырылған ұйымның жүкті клиентке жеткізу үшін және клиенттің қызығушылығында жұмыс істейтін.
Экспедитор таза делдал рөлін жүк иесі (жүк жіберуші немесе жүк қабылдаушы) мен тасымалдаушы арасында атқарады. Таза делдал рөлін атқарғанда экспедитор мен клиенттің қарым - қатынасы көліктік экспедиция келісім - шарты бойынша тапсырыстық негізде болады, яғни үшінші тұлғамен келісім шарт жасағанда экспедитор клиент атынан және соның қаржысынан қызмет етеді.
Келісім бойынша құқық және міндеттері, тексерілген болып табылатын сенуші адамда пайда болады. Экспедитор жүк иесінің барлық тапсырыстарын дұрыс ниетпен және жүкке деген қамқорлықта орындауы керек, егерде жоғалтулар болған жағдайда экспедитор клиент алдында жауап бермейді, егер ол оның тапсырыстарын дұрыс орындаған болса.
Экспедитор делдалдық функцияларды жүк иесі мен тасымалдаушы арасында (жүк жіберуші немесе жүк алушы) орындайды (бұл жағдайда экспедитор жүк иесінің комиссионері болып табылады ) . Экспедитор мен клиенттің көліктік экспедиция келісімі бойынша қарым - қатынасы комисиялық сипатта болады, яғни үшінші жақпен келісімдер жүргізгенде (бұл жағдайда тасымалдаушымен) экспедитор өзінің атынан және комитент қаржысына қызмет етеді (бұл жағдайда жүк иесінен) .
Комиссия келісім шарты бойынша бір жақ екінші жақтың тапсырысы бойынша сыйақысына өз атынан бір немесе бірнеше мәміле жасайды, бірақ комитент қаржысына.
Комиссионердің үшінші жақпен орындалған мәмілесі бойынша, құқықтарға ие болып міндетті комиссионерге айналады. Экспедитор тасымалды маңыздылықпен орындамайды, бірақ тасымал келісімін өз атынан жасай отырып, клиенттің (жүк иесі) алдында тасымалға жауап береді.
Экспедитор өзіне меншікті КЖ - мен билей отырып, делдал мен тасымалдаушы құрылымдарын біріктіреді. Бұл жағдайда экспедитор экпедициялық операциялармен қатар тасымалды тап сондай етіп орындайды, әрі экспедитор мен клиенттің көліктік экспедициясының нобайлы келісімі бойынша қарым - қатынасы келесідей тармақтарды біріктіреді.
1. Кіріспе сөзбасы, келісімге отырған күні мен жерін, екі жақтың толықтай аталуын, олардың орналасуы мен деректемелерін құрайды.
2. Шарттың тақырыбы,
экспедитор орындалуын өз мойнына алатын негізгі қызметтер мен операциялар тізімі бекітіледі.
Сонымен қатар, қосалқы мердігерлермен келісім - шартқа отырған кезде экспедитордың кімнің атынан шығатыны бекітіледі: өз атынан, бірақ клиенттің тапсырысы бойынша және клиенттің қаржысына немесе клиент атынан және оның тапсырысы мен қаржысы на.
Екі форманың да қолданылуы жиі қарастырылады. Мысалы, жер үсті тасымалдаушыларымен және стивидорлық компаниялармен келісімдер экспедитор атынан, ал теңіз тасымалдарының келісімдері - клиент атынан жасалады.
3. Экспедитордың міндеттері жүкті жеткізуді ұйымдастыру нормативтік актілерде белгіленген келісім - шарттағы сәйкес міндеттер бойынша қарастырылады.
Жекелей контейнерлік жүктерді тасымалдағанда экспедиторлық компания жүкті жеткізудің көліктік - техникалық схемасын құрады, барлық процессті ұйымдластырып бақылайды. Жүкті жеткізудің көліктік - техникалық схемасын құра отырып экспедиторлық компания таңдайды:
Тасымал нұсқасын (тікелей темір жолдық немесе автокөліктік хабарлама немесе портын таңдай отырып, және т. б. ) ; тасымал технологиясын (контейнерлерде, пакеттерде және т. б. ) ; Соңында экспедитор тасымалдың таңдалған нұсқасын өткінші мөлшерлемесімен, транзиттік уақытпен және көліктік қызметтердің басқада сапалы көрсеткіштерін ұсынады: мүмкін кідірістер, жүктің сақталуы, жүктің қай жерде екені туралы ақпараттың жүйелілігі және т. б.
4. Клиенттің міндеттері , келісім - шартта қарастырылған міндеттерге сәйкес және нормативті актілерде көрсетілген.
Клиент, жекелей:
Экспедиторға көліктік - экспедициялық операцияларды орындау құқығы үшін сенімхат береді. Жазбаша түрде экспедиторға экспедиторлық тапсырманы барлық жұмыстың тізімінің және қызметтер және толық көрсетілуімен, нақты және анық жүктің ерекшеліктерімен және оны тасымалдаудың шарттарының көрсетілуімен береді (салмағы, габариттері, сақтаудың шарттары, тасымалдау, негізгі ерекшеліктері және с. с. ) ;
Көліктік экспедицияның келісім - шарты тапсырыстық негізде және комиссиялық негізде болады.
Экспедитор көліктік экспедицияның келісім - шарты бойынша қарастырылған қызметтерді орындауға құқылы, жекелей емес, (егер келісім - шартта басқаша қарастырылмаған болмаса), басқа да тұлғалардың орындауына шақырады. Бірақ клиент алдындағы жауапкершілікті алуды экспедитор жалғастырады.
Көліктік экспедиция келісім - шартының бұйымы болып - үзілмес, біртұтас заңдардың жиынтығы ( тасымал келісім - шартына отыру, кедендік формальдылықты орындау, жүктерді тасуға aжәне шығаруға және т. с. с. ) және клиентке тиесілі клиенттің анық тапсырысы бойынша жүктерді жіберу және белгіленген жеріне жеткізу бойынша нақты іс - әрекеттер(жүктеу, түсіру, сақтау, жүктерді тасымалдау және т. б. ) .
Жекелей КЭҚ орындау үшін клиент экспедиторға экспедиторлық тапсырыс береді, оны орындауға деген негізгі берілгендердің барлық мәліметтері сақталған болуы керек. Экспедитор мынадай тапсырыстардан бас тартуы мүмкін, егер нормативті актілерге қайшы келсе немесе клиентке жағымсыз зардаптар әкелетін болса. Экспедиторлық тапсырыс жасалған келісім - шарт бойынша берілуі мүмкін немесе жекеше тапсырыс ретінде де беріледі.
Экспедитор әдетте өзінің клиентімен көліктік экспедицияның нобайлы шартына отырады, жалпы шарттар мен екі жақтың өзара - әрекеттік тәртібінен тұратын, жүктің түрі мен саны, бағыты, мерзімі және әр тапсырыс бойынша өту құнының толассыз мөлшерлемесі қосымша келісіммен немесе көліктік экспедиция шартына тіркелген қосымшамен айтылады.
- мемлекетаралық тасымалдауларды ұйымдастырған кезде экспедитордың клиенті болып:
- сатып алушы, егер тауардың қойылуы «Е» немесе «F» базистік шарттарға сәйкес болса;
- сатушы, егер тауардың қойылуы «С» или «D» топтық базистік шарттарға сәйкес болса;
Тасымалдаушы немесе тасымалдау шартына клиентпен отырған одан кейін жекелей жұмыс түрлерін орындау үшін немесе қызметтерге экспедиторды қосымша мердігер ретінде жалдайтын көліктік - экспедициялық компания. Сонымен қатар сатушы да, сатып алушы да алдын ала сатылған келісім - шарт шарттарына тәуелді экспедиторға «есіктен есікке дейін» тасымалын ұйымдастыруға тапсырыс береді немесе тасымалдың тек қана жартысын ұйымдастыруға, яғни тауардың сату - сатып алуға сәйкес жауапкершілік клиентке жүктеледі. Экспедиторға жүкті береді (күні мен жерін келісе отырып) ; барлық керекті құжатты береді;
5. Екі жақтың жауапкершіліктері көліктік экспедицияның келісім - шарты бойынша өзінің міндеттерін орындау немесе сол жауапкершілікке сәйкес орындау.
Жекелей, экспедитор жүкке оны өзінің қарамағына қабылдағаннан қабылдаушыға тапсырғанға дейін жауапкершілікке ие. Сонымен қатар экспедитор клиенттің алдында келесі жағдайларда жауапкершілікке тартылады.
Жоғалтулар (толықтай немесе жекелей) мен жүкке залал келген кезде экспедитор жоғалтулар негізінде болған келтірілген залалдарға жауап береді, жүкке зақым келуі немесе жеткізу кезінде кідірістер болса, егерде бұл жағдайлар экспедитордың қарамағында болған кезде ғана орын алса. Бірақ та экспедитор жауапкершілікті болдырмауына болады, егерде, ол осы жағдайларды болдыртпауға барлық шараларды қолданғанын дәлелдесе, және шығын, зардаптар немесе жүктің бұзылуы оның қолынан келмейтін залалдар кесірінен және оны болдырмау оған тәуелді болмаған жағдайда. Жекелей мұндай себептер болып: жүк жіберушінің немесе жүк қабылдаушының кінәсі болады; ерекше белгілі тасымалдағы жүктердің ерекшеліктері; жүкті тасымалдауға қабылдаған кезде байқалмай қалған тара ыдыстарының немесе ораманың жетіспеуінен.
Тасымалдауда жүкті сақтау үшін немесе сақтауда аса қауіпсіздік шараларын қажет ететін құжатта негізгі ерекшеліктерінің берілуінсіз жүкті тасымалға беру.
Жолда болған жоғалтуға, жетіспеушілікке немесе жүкке зақым келуіне экспедитор клиентке толықтай ақшасын қайтарады, тек қана күші келмейтін жағдайлар барысында бұзылған жүкке ақша қайтарылмайды. Сонымен барлық жүктің жоғалтуына экспедитор барлық ақшаны толықтай өтейді, егер жартылай жоғалту болғанда жартылай төлемін, жетіспейтін жүкке сол жетіспейтін бөліктің ақшасын, ал жүктің бұзылуына байлынысты оның бағасы төмендеген болса соған байланысты соманы төлейді. Жүк келесі жағдайларда жоғалтылған болып есептеледі:
- егер ол қабылдап алушыға шартта көрсетілген жеткізудің мерзімі біткенге дейін 30 күн ішінде тапсырылмаса;
- егер ол қабылдаушыға белгілі бір уақыт ішінде яғни жүктің бұзылмайды деген мерзімінде жеткізілмесе (шартта жеткізу мерзімі көрсетілмеген жағдайда) .
Сонымен қатар жүктің бұзылуы, жоғалуы туралы фактілер қабылдап жатқан кезде қабылдаушы арқылы тіркеліп және арнайы хабарламамен рәсімделуі керек (егерде хабарлама рәсімделмесе, клиент жүкті толықтай алған болып есептеледі) .
Егер жоғалту мен жүктің бұзылуы экспедитор кінәсі деп бекітілсе, ол клиентке тек қана келтірілген зиян үшін емес, және жоғалтылған пайда үшін де төлейді, яғни клиент бұл табыс көзіне кәдімгі шарт бойынша егер жүгін жоғалтпаған кезде ие болар еді. Халықаралық хабарламада тасымалдауда жүктің жоғалтуына, жетіспеушілігіне, бұзылуына экспедитор Ресей бойынша тасымалдауға қарағанда ең аз жауапкершілікке ие болады. Барлық немесе жекелей жүктің жоғалтуы кезінде, экспедитордың клиентке төлейтін сомасы барлық массаның 1 кг-ның 2 есептік бірлігінен аспауы керек, ал экспедитордың клиентке төлейтін максималды сомасы егер шарт орындалмаған жағдайда, орын үшін (контейнер) 666, 7 есептік бірлігін құрайды. Қазақстан Халықаралық валюта қорының мүшесі болмағандықтан, экспедитордың төлейтін сомасын анықтау үшін есептік бірліктері тенгеге немесе соттың шешім қабылдаған күніне немесе екі жақтың келісім қабылдаған күніне айырбасталады.
Мысал. «Рондо» компаниясы (клиент, жүкқабылдаушы) «Прамо» компаниясымен Германиядан Қазақстанға ТЭО арқылы жүкті жеткізуге (рулондағы қағаздар ) келісім - шартқа отырды. Жүктің барлық массасы 1 200 кг; жүктің құны 650 000 тенге.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz