Көне түркі ескерткіштері тілінің фонетикалық жүйесі


МАЗМҰНЫ
кІРІСПЕ . . . 4
1 Көне түркі ескерткіштері тілінің фонетикалық жүйесі . . . 5
1. 1 Орхон-Енисей және Талас ескерткіштері . . . 5
1. 2 Көне түркі тіліндегі фонетика ғылымы . . . 8
2 ТАРИХИ ФОНЕТИКА ЖӘНЕ ТАРИХИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ
ТІЛ БІЛІМІ . . . 22
2. 1 Тарихи фонетика және оның зерттеу әдістері . . . 22
2. 2 Қазақ тілі құрамында сақталған көне түркі тілінің фонетикалық жүйесі. . 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Алфавиттік жазудың пайда болу тарихы, шығу тегі өте күрделі де, шешілмеген жұмбақтарға толы. Өйткені алфавиттік жазу - дүние жүзі мәдениетінің қол жеткен орасан зор табысы болса, бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосып, келер ұрпаққа мирас еткен. Алғашқы әріп жазуының бір тармағы - руникалық көне түркі алфавиті болып табылады. Бұл алфавитпен жазылған ескерткіштер - көне түркі тайпаларының жоғары тіл мәдениеті мен білім өресінің ауыз толытырып айтарлықтай көрсеткіші
Зерттеу нысаны: Туыстас тілдердің фонетика жүйесін зерттеуге негіз болатын көне түркі жазба ескерткіштері.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Көне түркі тілінің фонетикалық жүйесін анықтау арқылы олардың негізгі заңдылықтарын ашу.
Зерттеу жұмысының міндеттер:
- Орхон-Енисей және Талас ескерткіштері жайында мағлұмат беру;
- көне түркі тіліндегі фонетика ғылымына түсініктеме беру;
- тарихи фонетика және оның зерттеу әдістерін анықтау;
- қазақ тілі құрамында сақталған көне түркі тілінің фонетикалық жүйесін анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы, алфавиттік жазудың пайда болу тарихы, шығу тегіне тоқталынады. Алғашқы әріп жазуының бір тармағы - руникалық көне түркі алфавиті болып табылатындығын дәлелденді. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі фонетика саласы бойынша бүгінгі күнге дейін сақталып келген құнды деректерді қазіргі түркі тілдері тарихи-салыстырмалы талдау негізінде жүргізілді.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Ғ. Айдаровтың «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (1986), А. С. Аманжоловтың «Түркі филологиясы және жазу тарихы» (1996), М. Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (1988) және т. б. түркология ғылымы бойынша жазылған ғылыми әдебиеттер пайдаланылды.
Зерттеудің жұмысының әдіс-тәсілдері: Жұмыста зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес тарихи-салыстырмалы әдіс қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Көне түркі ескерткіштері тілінің
фонетикалық жүйесі
1. 1 Орхон-Енисей және Талас ескерткіштері
Орхон-ЕНисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662 ж. ) Орхон-Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам - Амстердам қаласының бургомистрі Н. Витзен.
1697 жылы Тобыл қаласының бояры С. Ремезовтың «Сібір қалаларының, шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі» атты еңбегі жарық көрді. Сол еңбекте Талас бойындағы «Орхон тасы» деген жер атап көрсетіледі. Көне түркі жазба нұсқаларын зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, осы жер 1896-1898 жылдардағы Талас ескерткіштері табылған тұсқа сай келеді.
Ал Орхон-Енисей ескерткіштері үлгілерінің алғаш жарық көруі Сібірде 13 жыл айдауда болған швед офицері Ф. И. Табберт-Страленбергтің атымен тығыз байланысты. Оның 1730 жылы Стокгольм қаласында неміс тілінде басылып шыққан «Еуропа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлімдері» атты еңбегінде көне ескерткіштер туралы көптеген қызғылықты мағлұмат берілді. Сондай-ақ 1721-1722 жылдары Сібір өлкесін аралған Д. Е. Мессершмитдің күнделік қолжазбаларында да көне түркі жазбаларының кейбір үлгілері туралы дректер келтірілген.
1793 жылы П. С. Паллас көне түркі жазба нұсқаларының кейбір үлгілерін жариялайды. Міне, осы кезден бастап көне түркі жазуларының жаңа дәуірі туды. Оларды жинау, бастыру мәселелері жедел қолға алына бастайды. «Сібір хабарлары» деген журналда Г. И. Спасскийдің «Сібір естеліктерінің жазбалары» атты еңбегі жарияланады. Бұл еңбек латын тіліне аударылып, шетел ғалымдарына да белгілі бола бастайды. Г. И. Спассийдің еңбегін сол дәуірдің көрнекті ғалымдары А. Гумбольдт пен А. Ремюза өте жоғары бағалап, ол жөнінде көлемді мақалалар жариялады. Олардың орысша аудармалары 1825 жылы «Азия хабарлары» атты журналда басылып шықты.
1887-1888 жылдары фин елінің көрнекті ғалымы Ж. Аспелин арнаулы экспедициямен Енисей өзені бойындағы жазуларды зерттеп қайтты, экспедицияның қорытынды материалдары 1889 жылы Гельсенгфоргте «Енисей жазбалары» деген атпен жарық көрді. Бұнда 14 мәтіндік иллюстрация, 32 жазу таңбасы, 8 фотосуреттер қамтылған еді.
1889 жылы Н. М. Ядренцев бастаған Орсы географиялық қоғамының Шығыс-Сібір бөлімі экспедициясы Монғолиядағы Орхон өзені бойынан екі үлкен ескерткіш тауып, түркология ғылымына елеулі үлес қосты. Оның бірі Күлтегінге, екіншісі - Білге қағанға (Могилянға) арналған ескерткіштер еді. Осы ескерткіш жайында ғалым А. С. Аманжолов: Ғылым саласында ашылған бұл жаңалық - тіл білімінің тарихи-салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіруде мықты қазық болды. Осыдан бастап түркітану ғылымының негізгі қаланып, оның өріс алуында жаңа кезең басталды, - дейді [1, 39 б. ] .
Осыдан көп кешікпей-ақ 1890 жылы Г. Гейкель бастаған фин және 1891 жылы В. В. Радлов басқарған экспедициялар Монғолияға барып, Орхон және Енисей бойындағы ескерткіштерді зерттеп қайтты. Екі экспедицияның қорытынды материалдары өз алдына жеке еңбек болып басылып шықты [2, 7 б. ] .
Міне, енді еңбектер дүние жүзі ғалымдарының көз құрына айналды. Ескерткіштердің тылсым сырын ашып, оларды оқу мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бірақ ғалымдардың алғашқы ізденістері тым сәтсіз аяқталды. Жазулар жөнінде олардың арасында әрқилы теріс пікірлері мен қате болжамдар өріс ала бастады. Мысалы, бұл ескерткіштерді Т. Байер ескі кельт жазуына, Тихзен гот жазуына, А. Ремюза усын, индокот, скандинавия елдері жазуына, Г. Спасский қалмақ, не монғол жазуына, Роммель скиф халықтары жазуына, Ю. Клапрот грек жазуына, Ж. АСпелин фин жазуына, Г. Ксенофонтов якут жазулары түріне жатқызады.
Қалай болған күнде де белгісіз жазулардың сырын ашып, оларды оқып, қай халықтікі екенін айыру ғалымдарға үлкен тарихи міндет жүктеді. Жазулардың кілтін тауып оқи қою, әрине, оңай дүние емес еді. Жазуды қалай оқу керек, оңнан ба, жоқ керісінше ме, ол буын жазуы ма, жоқ дыбыстық жазу ма, олардың дауысты, дауыссыздары қайсылары деген ойлар ғалымдарды талай әуре-сарсаңға салды.
Белгісіз жазуларды оқып, талдау (расшифровка жасау) Дания елінің ғұлама ғалымы В. Томсеннің үлесіне тиді. Ол ең алдымен ескерткіштердегі кейбір таңбалардың басқа екінші бір таңбалармен қатар келетін және келмейтін ерекшеліктеріне назар аударды. Бұдан ол көне түркі жазуындағы дауысты дыбыстардың қолданылуына байланысты жуан және жіңішке айтылатын екі жүйе бар екендігін анықтады. В. Томсен жазуды солдан оңға қарай емес, керісінше оңнан солға оқу керек деген көрегендік қорытындыға келді және ескерткіштердегі таңбаларды салыстырып, онда 38 негізгі таңба бар екендігін анықтады. Сөйтіп, данышпан ғалым 1893 жылы 15 желтоқсан күні Дания королінің ғылыми қоғамы мәжілісінде жасаған өзінің 15 беттік баяндамасында сол күнге дейін белгісіз, құпия болып келген жазулардың кілтін тауып, оның түркі халықтарының төл жазуы екендігін дүние жүзі алдында дәлелдеп берді.
В. Томсеннің бұл еңбегін В. Розен 1894 жылы орыс тіліне аударып, бастырып шығарды. В. Томсеннің түркология мәселелеріне арнап жазған еңбектері онша көп емес, бірақ түркология ғылымы алдында оның ашқан жаңалығы, табасы аса ірі жетістік деп бағаланды. Ғалым ежелгі түркі жазуларының сырын ашып, оны оқумен ғана қанағаттанып қойған жоқ, ол сондай-ақ бірсыпыра Орхон ескерткіштерінің аудармаларын жасап, кезінде оны жұртшылыққа кеңінен таныстырды. Оның көне түркі ескерткіштері жөнінде екінші еңбегі 1896 жылы Гельсингфорг қаласында жарық көрді. Ол өз еңбегінде Орхон-Енисей алфавиті, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы, Орхон алфавитінің пайда болуы, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді бір-бірінен ажырататын қос нүкте т. б. жөнінде деректер берді. Сонымен бірге ғалымның бұл еңбегінде VІ-VІІІ ғасырлардағы түркі тайпалары мен олардың әдет-ғұрыптары жөнінде қыруар мәліметтер беріледі.
Көне түркі жазуларын жете тексеріп, оны зерттеуге айырықша көңіл бөлген ғалымдардың бірі - В. В. Радлов. Ол бірінші болып Күлтегін мен Білге қаған (Могилян) ескерткіштерінің аудармаларын жасады. 1894-1895 жылдары Қошо-Цайдам, Онгин және басқа да бірсыпыра үлкенді-кішілі ескерткіштердің аудармаларын жасап, бастырып шығарады. Оның көптеген еңбектері Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктеріне арналды. Көне түркі есерткіштерін зерттеу үстінде В. В. Радловтың оның тілінің біркелкі емес, оның құрамында говорлардың іздері бар екендігін одан әрі анықтай түсті. Ол өзінің 1912 жылғы «Түркі ескерткіштерінің тілі» атты еңбегінде ескерткіштер тілінде үш диалектілік ерекшеліктер бар деген тоқтамға келеді. Олар:
- ежелгі солтүстік диалектісі (бұған, түркі тілдерін жатқызады) ;
- ежелгі оңтүстік диалектісі (оған ұйғыр тілін жатқызады) ;
- аралас диалекті (бұған батыс және шығыс көне түркі тілдерін жатқызады) .
В. В. Радлов Орхон-Енисей ескерткіштері тілін зерттеуде елеулі еңбек сіңірді. Бұған С. Е. Малов «Академик В. В. Радлов дал все, что он мог дать и дал он очень много. Мало того, не всем известно все то, что осталось не печатанным самим Радловым» [3, 102 б. ] деген сөзі толық дәлел бола алады. Түркология тарихында ХІХ ғасырдың бас кезі Радлов дәуірі деп аталуының да өзіндік сыры бар.
Орхон-Енисей ескерткіштерін зерттеуге үлес қосқан орыс ғалымдарының бірі - П. М. Мелиоранский. Ол өзінің қысқа ғұмыры ішінде 40-тан аса еңбек жазып қалдырды. Сол еңбектерінің жартысынан көбі түркология мәселелеріне арналған. Бұлардың ішінде ең шоқтығы биігі - Күлтегін ескерткішін зерттеген еңбегі. Ол 140 беттен тұрады. Оның кіріспе бөлімінде (1-15-беттер, ескерткіштің зерттеулері мен түркі тайпаларының тарихы, этнографиясы жөнінде қыруар деректер берілген. Кіріспеден кейін ескерткіштің дыбыстық ерекшеліктері, дауысты (15-24-беттер) және дауыссыз дыбыстардың (24-25-беттер) қолданылуы, үндестік заңы (18 бет) т. б. жөнінде бірсыпыра мәліметтер келтірілген. Бұдан кейін ғалым ескерткіштің лексикалық (45-60-беттер) ерекшеліктері мен Күлтегіннің орысша аудармасы, транскрипциясына (129-140-беттер) ескерткішке байланысты ескертпелерге арналған. П. М. Мелиоранскийдің еңбектерін Н. Ф. Катанов өте жоғары бағалады.
Енисей, Орхон және Талас ескерткіштеріне арнап В. В. Радлов, В. Томсен, П. М. Мелиоранский, В. Бартольд, А. Н. Бернштам, С. Е. Малов, С. В. Киселев, И. А. Батманов, Х. Н. Оркун, В. Банг, В. Л. Котвич, Г. И. Рамстед сияқты ұлы ғалымдар көптеген еңбектер жазды. Бірақ бұған қарап VІ-VІІІ ғасырлардағы Енисей, Талас және Талас жазу ескерткіштері жан-жақты түгелдей зерттеліп бітті деген ұғым тумаға тиіс. Өйткені өз еңбегінің денін осы ескерткіштерге арнаған С. Е. Малов «Мен өз қолымнан келгенін ғана істедім. Ал алда бұл салада істелетін жұмыстар әлі де қыруар» [4, 3 б. ] деген сөзі әлі де күн тәртібінен түсе қойған жоқ.
1. 2 Көне түркі тіліндегі фонетика ғылымы
Алфавиттік жазудың пайда болу тарихы, шығу тегі өте күрделі де, шешілмеген жұмбақтарға толы. Өйткені алфавиттік жазу - дүние жүзі мәдениетінің қол жеткен орасан зор табысы болса, бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосып, келер ұрпаққа мирас еткен. Алғашқы әріп жазуының бір тармағы - руникалық көне түркі алфавиті болып табылады. Бұл алфавитпен жазылған ескерткіштер - көне түркі тайпаларының жоғары тіл мәдениеті мен білім өресінің ауыз толытырып айтарлықтай көрсеткіші [1, 37 б. ] .
Ерте заман жазба ескерткіштерінің тілін зерттегенде оның жазуының ерекшеліктері мен тарихын назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл ретте, алдымен жазу қолтума ма, немесе өзге жұрттық па, белгілі бір тілдің дыбыстық жүйесін бере ала ма, қандай тілдік өзгерістерге ұшыраған дегендей мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.
Белгілі түрколог ғалым А. С. Аманжолов: Осы ескерткіштердің бүгінде мәлім болған аймақтары: Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің өзендерінің алқбы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы екені айқындалып отыр. Мұндағы жазу таңбаларын ғалымдар алғашқы табылған жердегі өзен аттарымен «Орхон-Енисей жазуы» немесе сыртқы нұсқалық көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсаса болғандықтан, оның «құпия» таңбаларына балап «руникалық» деп атап кетті, - дегенді айтады [1, 35-36 б. ] .
Ал ғалым Ғ. Айдаровтың еңбегінде: Енисей, Орхон және Талас жазба ескерткіштерінің түрі туралы сөз қозғаудан бұрын, онда қолданылған алфавит жайында айта кеткен орынды. Түркі тілдерінің тарихындағы ең алғашқы алфавит осы жазулар алфавиті болып есептелінеді. Енисей, Орхон және Талас жазуларының тарихи тамыры мен оның таралуы жолдары жөнінде күні бүгінге дейін бір ізділік жоқ. Орхон-Енисей алфавитінің шығуы, түп-төркіні жөнінде түрколог ғалымдар арасында бірталай талас пікірлер бар. В. Томсен, В. В. Радлов, С. П. Толстов, П. Мелиорнаский, О. Доннер, Е. Блоше - Орхон-Енисей жазуының әріптерін арамей жазуынан таралған деп қарайды. Онда ол араб жазуымен негіздес болып шығады. Ғалымдардың айтуынша, арамей әріптері көне еврей, сирия алфавитімен бірге финикия жазуының негізінде пайда болған. Осыған орай В. В. Радлов, С. В. Киселев және И. А. Батманов жазуды шығыстан емес, бастыстан келген болуы керек деп топшыласа, тарихшы С. Г. Кляшторский бұл алфавитті Орта Азияға арамей алфавитін қолданған иран тілді батыс көршілерден ауысуы ықтимал, әсіресе, «Дуньхуандық көне соғды» алфавиті негізінде пайда болған» деген пікірді қуаттайды, - деген ғалымдардың пікірлерін кездестірдік [2, 41 б. ] .
Г. И. Спасский, М. А. Кастрен және Г. Вамбери Енисей шатқалдарынан табылған жазуларды Сібір татарларының ру таңбаларымен сәйкес алып қарады.
Бұл пікірді Н. А. Аристов пен Н. Г. Малницкий де қостады.
П. М. Мелиоранский Енисей және Талас жазулары таңбалар негізінде пайда болды деген пікірді сынай отырса да, көне түркі таңбалары осы жазу үлгілерінің негізі болуы мүмкін деген пікірді мүлде теріске шығармайды.
Г. Вамбери Орхон-Енисей алфавитінің ерекшеліктері жөнінде айта келіп; «бұл алфавит ықшамды емес, сондықтан VІ-VІІІ ғасырлардағы түркі тайпалары тілінің дыбыстық ерекшеліктерінзерттеу мүмкін емес» деп қарады.
П. Мелиоранский болса, керісінше, Енисей, Орхон және Талас алфавитін сол кездегі «түркі тайпаларының талабы мен қажетін өтей білген, түркі тайпалары тілінің дыбыстық ерекшеліктерін дәл бере алған» деп бағалады.
Түркі халықтары қолданған ұйғыр, араб жазуларымен салыстыра отырып В. В. Бартольд түркі тайпаларының Орхон-Енисей алфавитін кең түрде пайдаланғанын, оның үндестік жағынан ұйғыр, араб алфавитінен әлдеқайда тиімді екендігін атап өтеді.
Жоғарыда аталған жазулардың ең ескісі - Талас жазба ескерткіштері. В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, С. Е. Малов сияқты ғалымдар Орхон жазуымен салыстырғанда Енисей жазуы әлдеқайда көне деп есептейді. Бұл жөнінде И. А. Батманов былай деп жазады: «Они имеют лишь стилистические отличия, связанные с тем, что енисейские памятники отражают более архаичную разновидность букв, а орхонские - более позднее, характеризуются отработанным изображением, эволюционировавшим около двухсот лет». Енисей, Орхон және Талас жазуы сонау Табғаш іргесінен басталып Орта Азия мен Венгрия жеріне дейін тарап кең жайылған. Осыған орай бұл жазулардың өзара толып жатқан ұқсастық жақтарымен қатар олардың арасында жазылу (графикалық) ерекшеліктері де кездеседі. Солай бола тұрса да, Енисей, Орхон және Талас жазулары қалай болса, солай оқыла беретін жеңіл-желпі жүйесіз жазу еме. Оны кез келген кісі оқи алмайды. Оның өзіндік фонетикалық ерекшеліктері бар: таңбалардың бір-бірімен тіркес келетін де, келмейтін де ерекшеліктері болады, жазуда әрбір дыбыс кем дегенде бір, не болмаса әлденеше таңбалар арқылы беріледі. Қ дыбысы . . . таңбалары арқылы берілсе, п дыбысы тек бір-ақ таңба арқылы беріледі. Ал керісінше кейбір дыбыс тіркестері бір таңба арқылы ғана беріледі. Мысалы, ЛТ - . . . , НЧ - . . . , РТ . . . [1, 56 б. ] немесе баш [2, 27 б. ] .
Кейбір дауыссыз дыбыстардың таңбасы жуан айтылатын дауыстылармен тіркесіп келгенде бір түрлі, жіңішке айтылатын дауыстылармен тіркесіп келгенде екінші түрлі болып өзгеріп отырады.
Руникалық көне түркі алфавитінің құрамында 35 әріп бар. Бұдан тыс төрт арнайы таңбасы кейбір дауыссыздардың тіркесін беру үшін пайдаланылатын ( лт, нт, нч, рт ) . Жазудың бағыты оңнан солға қарай оқылады [1, 42 б. ] .
Осындағы рт дыбыс тіркесі Ғ. Айдаровтің «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» еңбегінде баш деген тіркеспен береді.
Бұл алфавит (кестеге назар аударсаңыз) қалыптасқан графикалық жүйе болып табылады және көне түркі тілінің фонетикалық жүйесімен негізінен үйлес келеді. Сегіз дауысты фонема (а мен э, ы мен і, о мен у, ө мен ү) төрт қана полфонды әріппен, он алты дауыссыз фонема (және фонема варианттары) отыз бір әріппен белгіленеді. Он бір дауыссыз фонема ( б, ғ-г, д, й, қ-к, л, н, р, с, т, ш) өзінің жуан, жіңішке варианттары таңбасымен ажыратылады. Кейде жіңішке әріп жуан әріп орнына қолданылады. Бұдан тыс бес фонема (з, м, ң, п, ч) дара таңбамен ғана белгіленеді [2, 14-15 б. ] .
1-кесте. Көне түркі жазба ескерткіштері алфавиті төсендегідей таңбалармен құралады.
Жоғарыдағы Енисей, Орхон және Талас алфавиті төмендегідей топтағы таңбаларға бөлінеді:
- дауысты дыбыстарды көрсететін таңбадар;
- қос дауыссыздарды (жуан және жіңішке дауыссыздарды) көрсететін таңбалар;
- дара дауыссыздарды көрсететін таңбалар;
- сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді бөлетін таңба
Енді осы бөлінген топтағы таңбаларға жеке-жеке тоқталып көрейік:
Енисей, Орхон және Талас жазуларындағы төрт таңба түркі тілдеріндегі сегіз дауысты дыбыстардың орнына қолданылады.
2-кесте. Дауысты дыбыстарды көрсететін таңбалар.
Әрбір дауысты дыбыстың төмендегідей ерекшеліктері бар.
. . . - қазақ тіліндегі екі дауысты: езулік тіл арты «а» және тіл алды «е» дыбыстарының орнына қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz