Мағжан ақынның дүниетаным әлемі
Мағжан дүниетанымы
Жиырмасыншы ғасырдың басы — қазақ философиясының даму тарихы тұрғысынан әлі күнге дейін толық және терең зерттелмеген кезең.

Жиырмасыншы ғасырдың басы — қазақ философиясының даму тарихы тұрғысынан әлі күнге дейін толық және терең зерттелмеген кезең. Бұл кезеңде әйгілі ақындар мен жазушылардан, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құралған демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ерекше шоқжұлдызы: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов сынды алыптар өмір сүрді. Олардың бізге жеткен шығармашылық мұрасын қайта жүйелі зерделеу кезінде бұл ойшылдардың сол заманда-ақ көтерген мәселелерінің мәні өте терең екенін және айтқан ойларының мағынасын енді ғана толық түсіне бастағанымызды байқаймыз. Шын мәнінде олар өз заманынан озық туған тұлғалар еді.
Жалпы, Шығыстың бай философиялық және әлеуметтік ойы, оның ішінде қазақ халқының философиялық ойы Батыстағыдай қалыптасқан философиялық жүйелерде емес, поэзияда, фольклорда, музыкада, ауыз әдебиетінде, мифологияда, мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде жатыр. Әлемді, адамды, оның өзін-өзі тануын, тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін философиялық және этикалық тұрғыдан жан-жақты зерделеуге айрықша мән беру қазақ философиясының ерекше сипаты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ философиясы — шығыстық философиядағы, ең алдымен, толық, рухани жағынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу дәстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен байытқан философия.
“Қазіргінің талай елін қайран қалдырған осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем, — деп атап көрсетті Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің “Тарих толқынында” атты кітабында, — тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатады”.
Қазақ халқының философиялық және әлеуметтік ойын зерттеуші ғалымдар осындай ерекшеліктерді ескеріп, ұлттық әдебиетті ұлттық философияның өмір сүру формасы ретінде түсінгені, көркем әдебиет туындыларын салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып зерделегені, жеке тұлғалардың поэтикалық мұрасындағы философиялық мазмұнды

Жиырмасыншы ғасырдың басы — қазақ философиясының даму тарихы
тұрғысынан әлі күнге дейін толық және терең зерттелмеген кезең. Бұл кезеңде
әйгілі ақындар мен жазушылардан, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен
құралған демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ерекше шоқжұлдызы:
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай,
Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов сынды
алыптар өмір сүрді. Олардың бізге жеткен шығармашылық мұрасын қайта жүйелі
зерделеу кезінде бұл ойшылдардың сол заманда-ақ көтерген мәселелерінің
мәні өте терең екенін және айтқан ойларының мағынасын енді ғана толық
түсіне бастағанымызды байқаймыз. Шын мәнінде олар өз заманынан озық туған
тұлғалар еді.
Жалпы, Шығыстың бай философиялық және әлеуметтік ойы, оның ішінде
қазақ халқының философиялық ойы Батыстағыдай қалыптасқан философиялық
жүйелерде емес, поэзияда, фольклорда, музыкада, ауыз әдебиетінде,
мифологияда, мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде жатыр. Әлемді, адамды, оның
өзін-өзі тануын, тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін философиялық және
этикалық тұрғыдан жан-жақты зерделеуге айрықша мән беру қазақ
философиясының ерекше сипаты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ
философиясы — шығыстық философиядағы, ең алдымен, толық, рухани жағынан
жетілген адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу дәстүрін жалғастыра отырып,
оны өзіндік мазмұнмен байытқан философия.
“Қазіргінің талай елін қайран қалдырған осынау байтақ кеңістікті
кернеген поэзиялық әлем, — деп атап көрсетті Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің
“Тарих толқынында” атты кітабында, — тек қана сұлулық пен сезімнің
шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан
да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық
қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен
шендесіп жатады”.
Қазақ халқының философиялық және әлеуметтік ойын зерттеуші ғалымдар
осындай ерекшеліктерді ескеріп, ұлттық әдебиетті ұлттық философияның өмір
сүру формасы ретінде түсінгені, көркем әдебиет туындыларын салыстырмалы
талдау әдісін қолдана отырып зерделегені, жеке тұлғалардың поэтикалық
мұрасындағы философиялық мазмұнды ашып көрсету үшін оны герменевтикалық
тәсілдің көмегімен қайта саралағаны дұрыс болар еді.
Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ ойшылдарының көзқарастары терең
демократиялық және гуманистік сипатта болды. Олардың шығармаларында
жалпыадамзаттық маңызға ие философиялық мәселелер — адамның болмысы мен
еркіндігі, өмірдің мәні, дін мен еркіндіктің арақатынасы, т.б. мәселелердің
де көтерілгенін атап айтуымыз керек. Қазақ ойшылдары адам бойындағы даралық
қасиетке ерекше мән берді, кез келген кісіге қайталанбас жаратылыс жұмбағы
ретінде қарады, адам мен ұлттың тарихтағы рөлін дұрыс бағалай білді.
Философиялық мәселелерді ізгілік пен қараулық аясында қарастырып,
дүниетанымдық ойларын этикалық бояумен астастыра бейнеледі.
Дәл осы кезеңде ғұмыр кешкен ең көрнекті қазақ ақындарының бірі Мағжан
Жұмабаев поэзия аспанын өзінің құдай берген жарқын талантымен ерекше
шұғылаға бөледі. “Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген,
— деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы “Мағжанның ақындығы
туралы” деген мақаласында, — Абай да сөздің ішін мәнерлеп, тонын сұлу
қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жасауда, сөздің сыртқы түрін
әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ... Олай болса, ақындық жүзінде
Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп
ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ”.
Ал қазақ халқының тағы бір кемеңгер перзенті Мұхтар Әуезов 1927 жылы
“Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің сауалдарына
қайтарған жауабында “Мағжан — культурасы зор ақын... заманнан басып озып,
ілгерілеп кеткен ақын болады... Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушыларының
ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжан
сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін” деп жазады.
Бұдан біз көзі тірісінде-ақ Мағжан Жұмабаев жырларының қазақ халқы,
тек қазақ халқы ғана емес-ау, бүкіл түркі әлемі зиялы қауымының санасы мен
сезімін жаулап алып, аймақтық, тіпті, әлемдік мәдениеттегі ерекше құбылысқа
айналғанын байқаймыз. Шынымен-ақ, Мағжан шығармаларында айтылатын қағидалар
мен ойлар, ақын жүрегін мазалаған толғаныстар бүгінгі таңда, бір ғасырға
жуық уақыт өтсе де, өз мәнін жойған жоқ. Керісінше, уақыт озған сайын
ұлттық, ұлыстық, жалпыадамзаттық философиялық-әлеуметтік проблемалар
қатарында алдымыздан қайта шығып отыр.
Бұл пәнидегі қырық бес жылдық ғұмыры халқымыз тарихындағы атыс-шабысқа
толы, зұлмат кезеңге тұспа-тұс келсе де, аттың жалында, түйенің қомында
жүріп, артында сан ғасыр бойы ұмытылмайтын мұра қалдырған Мағжан Жұмабаев
шығармашылығы соңғы 10-15 жыл шегінде егжей-тегжейлі зерттеле бастады.
Көрнекті ғалым Ш. Елеукеновтің “Мағжан” монографиясы бұл бағыттағы елеулі
еңбек болып танылып, лайықты бағасын алды. Алайда бүгінге дейін жарық
көрген зерттеулердің көпшілігінде, негізінен, Мағжан Жұмабаев шығармашылығы
әдеби-көркемдік тұрғыдан талданып келді. Ал оның жырларындағы терең
толғаныстардың философиялық-дүниетанымдық астары, ақынды сан түрлі сезімге
түсірген жағдайлардың әлеуметтік мәні зерттеушілер назарынан тыс қалып
келеді.
Иә, Жүсіпбек Аймауытов сөзімен айтсақ, “Мағжан сыршылдығымен,
суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай
тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен
күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде
аятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”.
Біздің бұған қосарымыз, ақын жырларындағы әлгі “нәзік үнді күйдің” де,
“шерлі, мұңды зардың” да астарында қорғасындай ой жатыр, тұлғаның таңды
таңға ұрған толғаныстары жатыр. Ол қандай ой, қандай толғаныстар?!
Ақынды алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы демі үзілгенше туған
халқының, бүкіл түркі жұртының, Шығыс мәдениетінің, жалпыадамзаттың тағдыры
толғандырады. Ес білгеннен көкжиекке дейін керілген кең байтақ даланы
тамашалап, еркін өскен, елінің өткен даңқты тарихы мен ертегі-аңыздарын
құлағына құйып ер жеткен Мағжан бойында, әуелгіде, өршіл ұлттық рух
кемерінен асып төгіледі:
“Шынында менің өзім де — от,
Қысылған қара көзім де — от.
Мен оттанмын, от — менен
Жалынмын мен жанамын
Оттан туған баламын”.
Ақынның “от” деп отырғаны — халықтың ұлттық рухы. Ұлттың тарихи және
философиялық зердесін оятып, рухын көтеру арқылы ғана бодандықтан құтылуға,
ел тәуелсіздігіне қол жеткізуге, тіпті, әлем халқына өз өркениетіңді
танытуға болады деп есептейді.
“Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен — Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, ғұннан туған пайғамбар”.
Жоқ, бұл — кезінде Еуразия құрлығын ат тұяғымен дүбірлеткен, алыс-
жақын ұлыстарға мәдениет пен шаруашылықтың жаңа тәсілдерін үйреткен, бірақ
кейін тағдырдың жазуымен әлемдік өркениет көшінен кенжелеп қалған өлке
перзентінің аспандағы айды алам деп секірген тарпаңдығы емес. Бұл — өз
халқының бойындағы биік рухқа сенген, сол рух қайта бір дүр сілкінсе,
армандаған азаттыққа жеткізеді, әлемдік өркениет көшінің алдыңғы легіне
қайта қосылуға болады деп үміттенген азаматтың парасатты да мақсатты
әрекеті. Жалпы, біз — марксшілдердің “сананы тұрмыс билейді” деген
қағидасын Құран аятындай жаттап өскен ғалымдар күні кешеге дейін
философиядағы “рух” категориясын, оның әлеуметті топтастырып, рухани және
экономиялық табыстарға бастар ықпалын зерттемей келдік. Тұлға немесе тұтас
халық бойындағы рухтың осындай қуатты әлеуметтік күшке айналу ықтималдығын
мойындау “идеализм” деген бәлеге апарып соқтырады деп қорықтық. Еліміз
тәуелсіздік алған жылдардан бастап, Шығыс философиясын, оның ішінде қазақ-
түрік философиясының өзіне тән ұлттық ұғымдары мен категорияларын жүйелеуге
бет бұрсақ та, әлі бұл бағытта істелер ғылыми жұмыс ұшан-теңіз.
Ал Мағжан ақын болса, халықтың тарихи зердесін оятып, ұлттық намысы
мен ұлттық рухын сілкіндірудің қажеттігін, ортақ мүдде жолында топтасқан
ұлттың ғана азаттық алып, әлемдік өркениеттік қауымдастық қатарына бәсекеге
қабілетті болып қосыла алатынын осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын-ақ
түйсініп, өршіл жырға айналдырып, айта алған. Және туған халқының сол
замандағы қиын халін, кенжелеп қалған тұрмыс-тіршілігін көре отырып, осылай
жасаған:
“Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен,
Бірге жусап, бірге өрген.
Алаш деген елім бар,
Неге екенін білмеймін —
Сол елімді сүйемін!”, —
деп суреттейді ақын сол замандағы ұлтының болмысы мен тұрмыс-тіршілігі
туралы. Ақын әлемде не болып жатқанымен шаруасы жоқ, “алдындағы малымен”,
“ескі заңымен” қоңырқай тіршілік кешіп жатқан халқын сүйіп қана қоймайды,
оның ертеңгі болашағының жарқын болатынына сенеді. Оның сол жарқын
болашаққа тезірек жетуі үшін жанын да, қанын да аямайтынын паш етеді.
Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі
үшін құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан Жұмабаевтың өмірлік мұраты. Жас
ұрпаққа арналған “Педагогика” оқулығында ол: “Өзінің елін сүюі, яғни еліне
жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді” әрбір
адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді.
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының ұлы шоғырын
топтастырған ортақ мұрат — бодандық бұғауында жаншылған елін құлдықтан
құтқару, жаңа ұлттық сананы қалыптастыру, өзге өркениетті елдер қатарына
қосу болғаны белгілі. Мағжан да осы мұратты жүзеге асырудың жолдарын іздеп,
басын тауға да, тасқа да соққан.
“Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық,
Отырайық жиылып, оңдалайық.
Мың жылғы өткен қумай ата заңды,
Өнерден кем қалмайық, ойланайық,
Жер қалар, біз жиылып қала салсақ,
Қайдағы оңды жерді таңдап алсақ”, —
деп, отырықшы тұрмысқа көшіп, қала салуды елді, жерді ешкімге бермей,
сақтап қалудың бірден бір жолы ретінде ұсынады. Сондай-ақ:
“Ескіше тұрып егеспе,
Заман — түлкі, тазы бол
Базарша дүкен құр енді”, —
деп халықты сауданың тілін білуге, қазіргі тілмен айтқанда, нарықтық
экономика заңдарын меңгеруге шақырады. Ал мына өлеңінде ақын:
“Кітап әпер, оқысын, балаң қолына,
Малды аяма оқу-білім жолына.
Өнер алып, басқалармен қатар бол,
Қосыл бірдей азаматтың тобына!” —
деп, қазақ ұлтының әлемдік өркениет көшіне қосылуының жолын өнер-
білімнен, жас ұрпақты өзге елдердегі замандастарымен бәсекеге түсе
алатындай етіп тәрбиелеу ісінен іздейді.
Мағжан Жұмабаев — тек бір ұлттың ішкі әлеуметтік проблемаларымен
шектеліп қалмаған ойшыл. Дана ақын ойы қазақтың кең даласынан жоғары
көтеріліп, бүкіл әлемді шарлап кетеді:
“Адамзат баласына енді көштім:
Япыр-ай, осындай-ау адам-дағы
Бірі күшті, біреуі жаман-дағы
Күштісі әлімжеттік қылғаннан соң,
Дүние де жақсылықтан аман-дағы”.
Иә, адамзат қауымындағы Мағжан заманында болған негізгі қайшылықтар
бір ғасыр өтсе де шешімін тапқан жоқ. Керісінше, жиырма бірінші ғасырдың
басында олар әлдеқайда күрделене түскен сыңайлы. Бұл әлемде күшті мен
әлсіз, бай мен кедей қалай бейбіт қатар өмір сүре алады? Күштінің әлсізді
жем қылуы, өз мүддесіне пайдалануы, өз ықпалында ұстауы өзгермейтін заң ба
әлде? Бүгінгі жаһандану заманында талай елдің алдында тұрған осынау
сауалдардың жауабы кезінде Мағжан ақынды да толғандырыпты. Қандай жауап
тапқан дейсіздер ғой. Ол, міне, мынау:
“Күшсіздер де тырысып, қатар болсын!
Дедім де жөнелдім мен қолым сермей!”
Қалай “тырысады”, қалай “қатар болады”? Әрине, өзін-өзі дамыту, содан
соң бір-бірімен бірігу арқылы. Мағжанның жұрттың бәрі айтып жүрген
“түркішілдік” идеясы, яғни түркі халықтарының рухани және мәдени бірлігін
жырлауы, міне, осыдан шыққан.
“Қарашы төңірекке мойның бұрып,
Алтай, Орал бойында тұрған түрік.
Аты да, заты да жоқ, дыбысы жоқ,
Жоғалған әлдеқайда іріп-шіріп...” — деп, сонау замандарда ықпалымен
жарты әлемді қалтыратқан түркі халықтарының бір-бірінен іргесі ажырағаннан
соң, әркімге бодан болып кеткенін күйіне жырлаған ақын, ендігі әлемдегі
күштілермен теңесудің бірден-бір жолы сол бірлікті қалпына келтіру деп
біледі:
“Япыр-ай, айырылдық па қалың топтан,
Шабылып қайтпайтұғын жауған оқтан?!
Түріктің жолбарыстай жүрегінен,
Шынымен қорқақ құл боп жаудан бұққан?!
Шарқ ұрып ерікке ұмтылған түрік жаны,
Шынымен ауырды ма, бітіп халы?!
От сөніп жүректегі құрыды ма
Қайнаған тамырдағы ата қаны?!
Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта
Қайғыдан қан жұтамыз.
Біздің атқа лайық па құл боп тұру?
Жүр, кетелік Алтайға, ата мирас алтын таққа”.
Алтай – түркі халықтарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz