Қазақ ағартушыларының философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Шоқан Уәлихановтың еңбектеріндегі алғашқы дін мен гуманизм мәселесі
2. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық саласындағы философиясы, этика, тәрбие
мәселесі
3. Абай Құнанбаевтың философиясындағы адам мен дін мәселесі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Менің қарастырайын деп отырған тақырыбым: Қазақ ағартушыларының
философиясы. Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі
дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап,
өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің
жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы
қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ
халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген
ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы табиғатқа бейімделіп, онымен
гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Енді мәселені нақтылай түсіп,
Отандық философияның негізгі сатыларына қысқаша көз жіберейік. Басқа
халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне
аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Қазақ халқының тарихында ХІХ
ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде ағартушылық
философия деп аталады.Осы кезеңдерде Шоқан, Ыбырай, Абай секілді
ғұламаларымыз қазақ халқын тікелей білімге, еңбекке шақырса, Шортанбай
Қанайұлы, Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы өмірдегі түрлі болып жатқан
келеңсіз жағдайларды ащы сөздермен түйреп, ашық сынау арқылы елдің санасын
оятып, оны ілгері басуға, алға жылжуға шақырды. Сондықтан біз оларды
ағартушылар дейміз. Солардың ішінде мен қазақ ағартушылық философиясының
көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаевтың еңбектері
мен ағартушылық философиясына тоқталамын. Мен Шоқан Уалиханов
еңбектеріндегі гуманизмнің философиялық мән мағынасын және озық
ағартушылық ойларын, Абай Құнанбаевтың адам мен дін мәселесін,ал Ыбырай
Алтынсариннің ағартушылық саласындағы философиясын қарастырамын.

1. Шоқан Уәлихановтың еңбектеріндегі алғашқы дін мен гуманизм мәселесі
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
(1835-1865) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі.
Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері
Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс
халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа
ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Ш.Уәлиханов тікелей
философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген
шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол
Қазақтардағы шамандықтың қалдығы, Даладағы мұсылмандық жөнінде, Тәңір
(құдай) деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты
пікірлер айтады.

Ш.Уалиханов – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Болашақ
ғалым дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігімен ерлігіне әлдиленіп
өскен. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын
арқау, аялы өзек болған фольклорды қадір тұтты. Ол Ер Едіге жырының үш
нұсқасын өзара салыстырып, жаңа нұсқасын жасаған кезде Шоқан небәрі жеті
жаста еді. Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырын да сол кезде қағаз бетіне
түсірген. Елінің тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын, экономикасын жетік
білген ел ағасы Шыңғыстан, өз заманының тек білімді ғана емес, сонымен
қатар озық ойлы, парасатты, зиялы әкесінен болашақ оқымысты зор ғибрат
алған. Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың
озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап
өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің,
Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен
идеяларын қуаттады.
Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер
жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен
тұжырымдарды байқауға болады. Қазақтардағы шамандықтың қалдығы,
Сахарадағы мұсылмандық жөнінде, Тәңір (құдай) деген еңбектерінде
философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі
шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде сыртқы дүние - күн, ай,
жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет болып табылады деп көрсетеді. Сонымен
бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да
еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс
болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, Тәңір (құдай)
мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн
көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді. Сонымен, Шоқан сыртқы
дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға
бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз.
Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам,
оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің
маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен.
Қазақтардағы шамандықтың қалдығы деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір
мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану пәні болды деп
көрсетеді. Ш. Уәлихановтың қоғамдық-саяси жаңарудың қозғаушы тетігі ретінде
экономикалық және әлеуметтік факторларға бірінші кезекте мән беруі,
қоғамның алға басуының шарты - қоғамның материалдық қажеттіліктерін
қамтамасыз ету екенін түсінгенін байқатады. Алайда, оның бұл ойлары дұрыс
жобаланған әлеуметтік жоба түрінде қалыптаса алмады.
Прогресс ұғымының мазмұнын адамдардың материалдық әл-ауқатын
жақсарту ретінде айқындай келіп, Ш. Уәлиханов ағартушылықты тек ақиқат
білімді таратуды, мәдениетті көтеру арқылы осы құралдардың көмегі ғана
прогресске жетуге болады деп санады. Халықтың қалыпты дамып, өсуі үшін, -
деп жазды ол, - ең алдымен бостандық пен білім керек. Бұдан келіп шығатыны,
бәрінен бұрын оқу қажетШ. Уәлиханов қоғамдық құбылыстарды ағартушылық
тұрғыда түсіндіреді. Сол тарихи кезеңде мұндай көзқараста болуы оның
көрегендігін байқатады, өйткені ағартушылық қараңғылықпен күресуге жетелеп,
зайырлы білімнің таралуына ықпал етіп, қазақ халқының түпкір-түпкіріне
алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің таралуына қол жеткізді.
Сот реформасының халыққа қарсы табиғатын анықтай келіп, Ш.
Уәлиханов байлар мен кедейлердің мүддесі екі бөлек екенін айтады. Таптық
күрестің қоғамды қозғаушы күш екенін түсінбесе де, Ш. Уәлиханов қазақ
патриархалдық-феодалдық қоғамының таптарға бөлінуін: қоғамның ерекше
құқықтарға ие табы - сұлтандар, билер, байлар, қожалар бір жақта және қыр
пролетарлары кедейлер екінші жақта екенін анық байқай алды. Бұл таптардың
мүдделері мүлдем керағар ...ақсүйектер мен байлардың мүддесі, тіпті
мәдениеті жоғары қоғамда болсын, көбінесе қалың бұқара мүддесіне дұшпандық
сипатта болады. Ш. Уәлихановтың көздегені - халық мүддесіне жауап беретін
қазақ феодалдарның тобына емес, ...сұлтандар мен билердің көзқарастары
назар аударуға тұрарлық емес, - деп көрсетті ол, - өйткені бүкіл ұлттың
мүддесі қай жағынан алып қараса да, жекелеген топтың пайдасынан басым тұруы
қажет.Ол қоғамдық құбылыстарды түсіндіруде идеалистік ұстанымдарда болса
да, ол, жоғарыда аталғандай, бірқатар мәселелер бойынша сол замандағы
ақиқат құбылыстарды түсінуде материалистік ұстанымдарға көтеріле алды. Ш.
Уәлихановтың философиялық көзқарасы көңіл аударуға тұрарлық, әсіресе оның
адамдардың діни сенімі туралы пікірлері қызықты...
Ш. Уәлихановтың діни танымдар мәнін түсіндіруі, әсіресе,
қазақтардың шамандығы туралы айта келіп, философияның негізгі мәселесі -
материя мен сана байланысын материалистік тұрғыда түсіндіргенін көрсетеді.
Ағартушы табиғат пен қоршаған ақиқат-шындық адамның санасынан тыс
(тәуелсіз) тіршілік етеді деген шешімге келді. Ол әлемнің басын да, аяғын
да мойындамайды, әлемді мәңгілік және шексіз деп санайды. Сонымен қатар, Ш.
Уәлиханов адамдардың діни түсінігінің пайда болуы табиғат күштерінің
ықпалының ақиқат шындықтың әлемді түсінуге, оның құбылыстарын түсіндіруге
тырысқан адамға тигізген және адамның табиғат күштері алдында
дәрменсіздігінің нәтижесі деп есептейді. Қырғыздардағы шамандық қалдығы
мақаласында ол: Табиғат пен адам, өмір мен өлім үнемі таңданыс туғызатын
және құпиясы ашылмаған ерекше құбылыс болып келді. Табиғат пен адам! Адам
мен табиғаттан асатын тамаша әрі жұмбақ құбылыс табылар ма екен? Бүкіл
әлемді оның барлық кереметімен тануға, адамның өмірі мен өлімі туралы
құпияны ашуға деген талпыныс шамандықты - бүкіл әлемді және табиғатты сүю,
өлген жандардың аруағын қастерлеуді туғызды. Осылайша санасы әлі толықпаған
адам баласы күнді, айды, жұлдызды, тағы да сондай мәңгілік әрі әртүрлі біз
табиғат немесе әлем деп атайтын құбылыстарға бас иді.Ш. Уәлихановтың озық
ағартушылық ойлары оның Орта азиялық хандығы туралы жазғандарында жақсы
көрініс тапқан. Орта Азия халықтарының феодалдық хандар мен бектерінің
езуінен жапа шегіп жатқан өмірін жақсы білгендіктен, ол өзінің еңбектерінде
феодалдық құрылыс пен деспотизмді сынап, сол аймақтың артта қалғандығын
өкінішпен: Ежелгі Шығыстың ең бай және білімді елі - Мәуренахрда, қазір
қараңғылық пен кедейшілік жайлап кеткен дейді. Діни білімнен басқа білімді
мойындамай, Самарқанд, Ташкент, Ферғана..., Хиуа, Бұха-ра және басқа
жерлерде... Самарқандтағы обсерватория татарлардың аяусыз қолымен жасалған
вандализмі мен бұқара инквизициясынан орнына келместей болып қирады*145. Ш.
Уәлиханов Орта Азия мен Қазақстан халықтарының консервативті өмір сүру
формаларына белсенді түрде қарсы шығып, осы артта қалушылық пен дағдарысты
тудыратын қоғамдық құрылыстың кеселдерін сынады...
Ұлы қазақ ғалымы, ағартушы, Ш. Уәлихановтың туған халқының
білім алып, мәдениетінің өрлеуі, деспотизм мен зорлық-зомбылықтан құтылып,
бақытты да азат өмір сүруі жайлы ой-армандары ол дүниеден өткеннен соң көп
жылдардан кейін ғана жүзеге асты... Шоқан Уәлихановтың құрметіне Көкшетау
облысында аудан, Талдықорған және Көкшетау облыстарында бірнеше ауылдар
аталып, Көкшетаудағы педагогикалық институт пен Алматыдағы Тарих,
археология және этнография институты, №68 орта мектеп пен көше аты ғалымның
есімімен аталады. Алматы мен Көкшетау қалаларында Ш. Уәлихановқа орнатылған
ескерткіш бар. Шоқан бейітінің басында (Талдықорған облысы, Алтынемел асуы)
обелиск және мемориалды кешен тұрғызылған. Уәлихановтың құрметіне қоғамдық,
география ғылымдары салаларында жеткен табыстар үшін ҚазССР ҒА сыйлығы және
көркем өнер мен сәулет өнері саласындағы жетістіктер үшін Мемлекеттік
сыйлық тағайындалды. Іле Алатауының солтүстік баурайында орта Талғар
бастауында Уәлихановтың құрметіне шың бар. Омбы қаласындағы Шоқан оқыған
бұрынғы Кадет корпусының ғимаратына ескерткіш тақта қойылған. Соңғы ширек
ғасырда ұлы ағартушының мерейтойы жалпыхалықтық деңгейде екі рет (1959,
1985) аталып өтіп, оның таңдамалы шығармалары басылды (1961-1972, 1984-1985
жылдар). Жазушылар Г. Марков, С. Мұқанов Шоқан туралы роман жазса, И.
Стрелкова Жизнь замечательных людей атты серия бойынша Ч. Валиханов
атты кітап шығарды...
2. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық саласындағы философиясы, этика,
тәрбие мәселесі
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына
туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының
еңбектері елеулі әсерін тигізді. Ш.Уәлиханов секілді Ы.Алтынсарин да өз
халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді
және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене
араласты. Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған,
дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында
дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері
мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір
сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. Жаз, Өзен сияқты өлеңдері
табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс
және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл - ұлы ағартушының дүние туралы
көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі.
Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, Жаратқан
мұнша таңсық жаббар құдай! (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988, 18-бет),
Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым деген өлең шумақтарында,
Мұсылманшылдықтың тұтқасы т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды.
Аса талантты педагог,ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын,
көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен
экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық
мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын
жол ашып, баянды негіз жасады.Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда
уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі
өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша
үлгілерінің бірі болып табылады.Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік
таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ
мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал
ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені
әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды
көтереді.Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір
жаңа ұрпақ,жас қауымға алыстан қол созып, жол болсын айтып тұрғандай
болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы қадір-қасиеті арта түседі.
Мәдениетіміздің тарихында Ы.Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың
бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа
арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен
қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді,мәдениетті елдердің қатарына
қосу еді.
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Омарханұлы Әуезов Ыбырай
Алтынсарин туралы былай жазды: Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса,
Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл,
прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас
еді... Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі,еңбек еткен ортасы,
әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да,Абайға да
ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп,
қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор
келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі
ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, бұратана елдер үшін
тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен
қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы.
Кезінде қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып
қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы-демократтар
тарихымызда өшпестей із қалдырды. Ы.Алтынсариннің сан салалы қызметі мен
өмірі жайлы сақталған деректер мен материалдар өте көп, олардың дені
ағартушының өз қолынан шыққан. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-шы
жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген (Қостанай облысының
Затобол ауданы). Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады
да,жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Шаңбыршыұлы тәрбиелейді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, патша өкіметі қазақ
даласын бағындырудың, билеп-төстеудің тағы бір жаңа әдісін қолдана бастады:
қазақ балаларына арнап мектептер ашуға кірісті. Патша өкіметінің бұл
мектептерді ашқандағы мақсаты мектеп туралы ережеде ашық айтылған: Мектеп
құрудағы басты міндет – шекарадағы басқару ісін атқара алатын адамдарды
сұлтан –ел билеушілердің, ордаға аралық бастықтардың ісін жүргізе білетін
және айрықша қызметтерді атқара алатын адамдарды дайындау деп жазылған.
Сонымен, бұл мектеп 1850 жылы 22 тамыз күні Орынбор қаласында
ашылды, оған қазақтың 30 баласы алынды, солардың бірі тоғыз жасар Ыбырай
болды. Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді.Ыбырай ерекше
зерек, ерекше талантты болған. Орынбор қаласында оқып жүрген кезінде және
сонда қызмет етіп жүрген жылдары Ы.Алтынсарин Орынборда Шекара
комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарған белгілі шығыстанушы
ғалым,профессор В.В.Григорьевпен танысып, жақын болып және онымен достасып
алады да,оның бай кітапханасын еркін пайдаланады. Соның арқасында ол орыс
және шетел ақын-жазушыларының, ағартушы-ғалымдарының шығармаларын көптеп
оқып, олармен мол танысады. Сөйтіп небәрі жетіжылдық мектепті бітіріп
шыққан Ыбырай өздігінен оқып, ерінбей ізденіп, талмай еңбек етуінің
арқасында жан-жақты мол білімі бар,ой өрісі өте кең, оқымысты адам болып
шығады.
Қарағым, мұнда жүрсең нетер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің!
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргеннен не мұратқа жетер едің?, -деп, атасы Балғожа би айтқандай,
Ыбырай өз атасы тәрізді тек ауыл адамы ғана емес, бүкіл бір халықтың
мәңдайына біткен жарық жұлдызы болып, қазақ мәдениетінің көгіне жарқырап
шыға келді.
Ы.Алтынсарин 1860 жылдардан бастап жергілікті жерлерден мектеп
ашу ісімен айналысады. Сол өңірдегі қазақ балаларына арналған алғашқы
мектеп 1864 жылдың 8 қаңтарында Торғай қаласында ашылып, Ыбырайдың өзі
соған мұғалім болады. Сөйтіп Ы.Алтынсарин 1864 жылдан1889 жылға дейін
жиырма бес жылдық өмірін қазақ балаларына арнап мектеп ашу,оларды оқыту,
тәрбиелеу, оларға арнап оқулықтар, оқу құралдары және әдістемелік кітаптар
жазу жұмысына сарп етеді. Осы жылдардың ішінде ол қазақ қыздары үшін мектеп-
интернат, ауыл шаруашылық және қолөнер училищелерін аштырды. Өйткені
ағартушы ғалым, әрі өз халқының ұлы патриоты қазақ халқының жарқын
болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылыммен, сол білім-ғылымды ел ішіне
көптеп тарата алатын мектеппен байланыстырған.
Сондықтан да ол: Мектеп – қазақтарға білім берудің басты
тұтқасы... Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектеппен байланысты, -
деп жазған болатын-ды. Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнаған мектеп ашумен
бірге онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап
айтқанда, мұғалімдерді даярлауға аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты
тұлға – мұғалім деп есептеген. Жақсылап салынған мектеп үйі, болуы мүмкін,
тамаша жазылған оқу құралдарын да табуға болады. Бірақ бұлардың жақсы
мұғалімсіз берері шамалы деп есептеген. Халық мектептері үшін ең керектісі
оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы өкімет бұйрықтары
да,әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең
келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де
қымбат көремін,-деп жоғары балады.
Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларын,
әсіресе, Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын шығармашылық
жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашушы,
жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын
көтеріп, көптеген педагогикалық мұралар қалдырды.Солардың ішінде оның
тамаша өлеңдері мен әңгімелері бар. Бірақ ол – ең алдымен ағартушы педагог.
Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның негізгі мақсатына – сол ағартушы
педагогтік істеріне бағынған. Әңгімелері мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне
арнап, оқу құралдары мен оқулықтары үшін жазған.
Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесін Ушинскийдің, Толстойдың
педагогикалық озат пікірлерін, тағы басқа да материалдарды қорыта отырып,
Ы.Алтынсарин – Қазақ хрестоматиясы (1879 жылы)мен Қазақтарға орыс тілін
оқыту жөніндегі бастауыш басшылық деген екі кітабын жазды. Бұл еңбектер
кезінде қазақ халқының мәдениетінің тарихында аса зор оқиға, үлкен ғылыми
табыс ретінде жарыққа шығуы өз кезінде қазақ халқы үшін сирек кездесетін
тамаша жаңалық болды. Ы.Алтынсариннің шығармашылығына Н.Ф.Бунаков және
Н.А.Корфтің жүйесімен Ресейде құрылған бастауыш халық мектептерінің
тәжірибесінің жемісті ықпалы болды. Ы.Алтынсарин оқу жоспарларын және
бағдарламаларын жасауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық және әдістемелік
тәсілдерді қолдануда оның пайдалы тәжірибелерін пайдаланды.Ол өзінің оқу
құралдарын жасауда өзінің идеялық бағыттылығы жағынан халықтың қағидаларға
қызмет етуге және балаларды өз Отанына сүйіспеншілік рухта тәрбиелеуге
ұмтылды. Сондықтан да орыс педагогтары мен жазушыларының шығармаларымен
қатар ол хрестоматияға қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін енгізді.Қазақ
хрестоматиясымен жұмыс істеу барысында Ы.Алтынсаринге К.Д.Ушинскийдің
педагогикалық көзқарасы мен оныңБалалар әлемі, сонымен қатар
Л.Н.Толстойдың, И.И.Паульсонның, Н.А:Карфтің және басқалардың оқулықтар
жасаудағы тәжірбиесінің әсері орасан зор болды. Ы.Алтынсарин Қазақстанда
әйелдерге білім беруде біршама қадамдар жасады. 1887 жылы Ырғызда бірінші
қазақ қыздар мектебін интернатымен ашты.
3. Абай Құнанбаевтың философиясындағы адам мен дін мәселесі
Қазақ ағарту ісінде, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті
тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялыларының еркіндік идеясын жалғастыруы
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Қазақ философиясындағы еркіндік мәселесі
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ СИПАТЫ
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ
Бақыт - өмірге қанағаттану сезімі
ХІХ-ХХ ғ.ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы мен тарихи кезеңдері
Абай, Ыбырай, Әл-Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері
Франсуа Вольтер философиясы
Француз материалистері
Пәндер