Бөрте ханым - Шыңғыс ханның әйелі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
тақырыптың көкейкестілігі:
Тақырыптың өзектілігі
Ұлттық патриотизм тәрбиелеу ісінде халықтың батыр-қыздарының үлгі-
өнегесінің ролі.

Негізгі бөлім

1.Тарих беттерін парақтағанда

2.Ұлтты қыз сақтайды

3.Аңызға айналған арулар, дана аналар
4. Қазақстан және ұлы Отан соғысы. Тарихи деректер
5. Қызы батыр ел-ұлы ел
6. Батырлар мұрасы-ұрпақ қазынасы
А) (мұражайлар, ауыл, мектеп аты, ескерткіштер...
В) педагогикалық практикада қыз балалармен жұмыс жасау бағытындағы
жұмыстарым...
Қорытынды
Ұрпаққа қалдырған батыр арулар тағылымы
Әдебиеттер тізімі
Қосымша материалдар

КІРІСПЕ

Әйел атын атағанда ең бірінші, біздің аузымызға мейірімділік деген сөз
түседі. Сонымен қатар апа, қарындас деген де сөздер бар.
Бәрінен жоғарысы ана сөзі. Әйел өмірге ұрпақ әкеледі, оларға өмір береді.
Сондықтан қазақ халқы да әйелді ер-азаматтың жан серігі, ұрпағын
жалғастыратын ұлағат иесі, отауының көркі мен ұйытқысы, сұлулық
символы санаған.
Бірақ, ХХ ғасырдың ең ауыр да қорқынышты соғысында әйел жауынгер болды.
Олар аурулардың жарасын таңды, көпірлерді бұзды, тіл әкелді.
Жаратылысынан жаны нәзік, жолы жіңішке, жүректері сезім мен сырға толы
осынау жандар халқымыздың басына түскен ауыр кезеңдерде нағыз қажыр-
қайрат иелері екендерін айдай әлемге тағы бір рет таныта білді.
Қара жерді дөңбекшітіп, жазықсыз жанын жазылмас жарамен қан
жылатқан, көп ұлтты кеңес халқының ер жүректілігі мен қаһармандығын
әлем алдында әйгі еткен екінші дүниежүзілік соғыста мыңдаған әйел
халқы жауынгер атанды..
Курстық жұмысымның көкейкестілігі: Сол батыр аруларымыздың рухына ізет,
өнегесін тәрбие етіп, болашақ аруларымыздың рухани байлығына себеп
болу қажеттілігі қазіргі таңда өзекті болып отыр. Себебі,соңғы кезде
қызбала тәрбиесінің нашарлап кетуі, ар, намыс, ұят ұғымдарының өз
дәрежесінде қоғамда пайдаланылмауы, қоғамның негізгі өзегі – отбасының
өзгеріске ұшырауы, отбасы мүшелерінің ролдерінің, қарым – қатынас
нормаларының өзгеруі. Этникалық тәрбиенің деңгейде болмауы әсер
ететіндігі осы еңбекте әңгіме болады. Сондай – ақ, жаһандану үрдісінің
салқыны мәдениеті әлсіз халыққа қауіпті, басқаға еліктеушілік,
жалтақтық, өзін - өзі менсінбеушілік, бұқаралық ақпараттар арқылы
жасалып жатқан рухани шабуыл, рухани азғындықты, ішімдікті
насихаттау, тәнін сату тағы сол сияқты іріткілер; мектепте балалар
ұйымының ыдырауы, бос уақыттың тиімді ұйымдастырылмауы, бұзақылықтың
көбеюіне, зиянды затарға әуестенуге, аздыратын ортаға апарып
соқтырады.
Мақсаты: Осынау олқылықтардың орнын толтыру, ұрпақ тәрбиесін толымды
жүзеге асыру үшін адамгершілік тәрбиенің аса маңызды салаларының бірі
– жыныстық тәрбиеге де назар аудару қажет сияқты. Педагогика-
психология, медицина ғылымы дәлелдеп отырғандай, ұлт негізі- қыз
баланың дене тәрбиесі ғана емес, рухани жан дүниесінің тәрбиесімен
тығыз байланысты.
Жұмыстың болжамы: Егер, мектепте оқушыларға патриоттық тәрбие, оның ішінде
батыр аналар, арулар туралы тәрбие жүйелі тәрбие берілсе, қыз балалар
өздеріне сенімді, патриот, рухани бай, интеллектуалды тұлға болып
қалыптасады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

...Қазақ жеріне соғыс отының шарпуы тиген жоқ. Бірақ сол кездегі ұлан
байтақ еліміздің шетіне жау тиіп жатқанда қазақстандықтар да тайлы тұяғы
қалмай атқа қонғанын бәріміз де жақсы білеміз. Солардың 40 пайызы ерлермен
тізе қосып жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш беріп,
соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары
болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше
ғана қызылды-жасылды киініп, гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді
әскер киімін киініп, қару асынып тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты. Оқ
пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті. Екінші
дүниежүзілік соғыста Шығыс халықтарының қыздарынан Батыр атағын алған екі-
ақ қыз бар екен. Бұлар қазақтың Мәншүгі мен Әлиясы. Атағына бүкіл шығыс
халқы ортақтасқан, қазақтың атын шығарған аяулы қыздарымыз. Қос батыр
қыздың Отаны –Қазақстаннан соғысқа қатынасқан қыз келіншектердің барлығы
дерлік майданға өз еріктерімен сұранып аттанған. Осының өзі жайдан-жай
емес. Ежелден батырлық пен ерлік рухы сіңген топырақта тәрбиеленген олардың
басқаша болуы мүмкін емес еді. Он жылдықты жаңа бітірген өңкей жас қыздар
ел басына түскен ауыр күндерде әскери мамандықтарды тез-ақ меңгеріп, аса
қабілеттілік көрсетті. Бұлар ананың ақ сүтін ақтаған халқымыздың адал
перзенттері, еліміздің мақтанышы, көгімізде шолпан жұлдыздай жарқыраған
әйел қауымының ар-намысы, биік мұнарасы.

Тарих беттерін парақтағанда

Мына бір аңызда, падишаһ бір қаланы жаулап алды. Қаладан тек
әйелдерге ең құнды, қымбат деген заттарын арқалап шығуға рұқсат береді.
Сонда барлық әйел өз күйеулерін арқалап шыққан екен. Олар күйеулерін құдай
қосады деп есептеген. Бұл ер адамдардың мәртебесінің ең биік кезі. Әйелдер
еркектерге кіріптар болмаған, оларға табынған.
• 20 -ғасыр айтады:
1. Кеңес үкіметі әйелдерге теңдік берді. Оларға барлық жағдай жасалды. Бұл
қазақ отбасына онша жақсылық әкелген жоқ.
2. Шеше тұрып қыз сөйлеп, әке тұрып ұл сөйлейтін заманға жеттік. Бұндай
келеңсіз жағдай бұрын-соңды біздің елдің тарихында болып көрмеген. Оның
бастау көзі әкеге деген сый-құрметтің төмендеп, әкелік тәрбиенің
нашарлауында шығар.
3. Ол кезде ата-ана жастардың от басына араласпаған, әрі кеткенде құда-
құдағи ғана болып қалған. 50-ші жылдарға дейін ажырасу өте сирек
кездескен. Соғыстың алдында ажырасу мүлдем болмаған.
4. Бұрын қыздарымызды еріксіз күйеуге бердік, қазір өздері ерікті түрде
тұрмыс құрады. Бірақ олардың бақытты болып жатқандары шамалы, үйленгендер
мен ажырасқандардың саны бірдей деңгейге жетіп отыр. Бұл ұлттық дәстүрдің
өзгеруіне де байланысты.
Біздің бұрынғы, қазіргі тарихымызда осының мәйекті мысалдары да аз емес.
Сара Есова, Зәуре Омарова, Ғазиза Жұбанова Кеңес үкіметі жылдарында
қайраткерлік танытса, ал бүгінгі уақыттың жемісі жас буын өкілдері, жаңа
тұлғалар – Ақмарал Арыстанбекова, Бірғаным Әйтімова, Дариға Назарбаева,
Жаннат Ертілесова тәуелсіз Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатын жасауға
және Мемлекетімізді дамытуға ерекше еңбек сіңіріп жүр.
• Ұлы сарқылмас дариядай ұлағатты өмірдің үш өзек-тірегі бар.

Олар ошақтың үш тағаны сияқты – От-Ана, Су-Ана, Жер-Ана.

Қай-қайсысы да философиялық терең мән-мазмұнға ие. Айталық, дүлей күш,
құдіретті от жолындағының барлығын жайпап, жарамсызды, ауру-індетті күл
етіп, өртеп жойса, екінші жағынан адамға тіршілік сыйлап, жылу беріп,
тамаѓын әзірлеуге септік етеді. Қуатты, қарқынды су болса, арнасына тап
келген нәрсенің бәрін жапырып, жермен жексен етсе, екінші жағынан әмбе
тіршілікке нәр беріп, пәктік пен тазалық әкеледі. Ал, жер жақсылықтыңда,
жамандықтың да мекен-тұрағы. Міне, ана атымен аталатын осынау үш табиғи
қуат пен күш иелерін де дүлей апаттың да, жарасымды жасампаздықтың да зор
қайнар көзі жатыр. Әйтседе соңғысы басым. Сонысымен де өмір мәңгілік, Әйел
заты дем берген ұлы тіршілік үздіксіз жалғасын табуда. Ендеше, әйелдерді
әлпештеп, аналарды аялап, жаны қызғалдақтай нәзік қырмызы қыздарымызға
іркілмей қай істе де зор сенім артсақ әсте ұтылмаймыз, ағайын! Өмір
сынынан мүлтіксіз өтіп, үмітті ақтап, сенімнен шыққан олар
тәуелсіздігіміздің туы да, тірегі де бола алады.

Ұлтты қыз сақтайды

Адамзат өзінің сан мыңдаған жылдар бойғы даму тарихында
ақиқат құндылықтарға алуан түрлі көзқараста болып келді. Алайда, бір
ғажайыбы сол – Жер шарын әр кезеңде мекендеген халықтар мен ұлттар түптің
түбінде өмірдің өзі табындырған ортақ шындықты сөзсіз мойындап, әйел затын
ұлықтауға көшті.
Мәселен, ертеде арабтар әйелді төмен етекті деп есептеген. Тек
Мұхаммед Пайғамбарымыз ғана әйелдерге адамдық құқық беруді міндет етіп
қойып, оларды ерекше құрметтеуді бұйырған. 2-3 қыз бала бағып, тәрбиелеп,
балиғатқа толтырған адаммен жаннатта бірге боламын,-деген.
Құдайдан басқа құдай жоқ, анаңнан басқа анаң жоқ, Жаннаттың кілті
– анаңның табанының астында. Міне, қасиетті Ислам мен Мұхаммед
пайғамбарымыз ананы осылай бағалайды, дәріптейді, пір тұтады.
Тіршіліктің темірқазығы. Айнымайтын айдай ақиқат сол: әлемдегі бар
жақсылық күннің жылуынан, ананың ақ сүті мен ақ тілеуінен, өлшеусіз
еңбегінен, қамқорлығынан бастау алады. Елді ел етіп отырған, жұртты жұрт
қылып отырған да осы аналар.
Отбасының құты, берекесі, ұйтқысы, ұйымдастырушысы, жарығы да, жылуы
да – ана.
Халқымыздың бар жақсы қасиетін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-сана,
дәстүрін қалыптастырушы, насихаттаушы, таратушы, дарытушы, дамытушы және
оның иесі де, киесі де, шырақшысы да әйел-ана.
Екі елді жалғастырушы, бүтіндеуші де әйел-ана.
Елдің, халықтың, туыстықтың, достықтың елшісі де әйел-ана.
Махаббаттың символы, әсемдіктің, әдептіліктің, нәзіктіктің,
инабаттылықтың үлгісі де, ұясы да әйел-ана.
Еркектердің байлығы да, бақыты да, берекесі де, мерекесі де, бапкері
де – әйел: еркектің сүйіктісі, сыншысы, сиқыршысы, сақшысы да - әйел.
Ана тақырыбын шығармасының өзегіне айналдырған қазақтың классик
жазушысы Ғабит Мүсірепов былай толғанады:
Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол – ана. Ол саған бәрінен қымбат. Сен
үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол
– ана.
Міне, анаға деген үлкен махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ
басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе
толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес!
Мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қаракөз, қара баланың анасы,
сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.
Қазақ әйелдерінің көпшілігі қыр мұрынды, ат жақты, кең иықты, ұзын бойлы
келеді. Оларды біздің орыс сұлуларының қатарына ұялмай-ақ қосуға болады
(Отечественные записки журналының 1825 жылғы №59 санынан).
Дәл шығар жерде ғана өзінен бұрын есік ашқан келіншекті ілгері
шығарып жіберіп, өзі бір түрлі сұлу қозғалыспен сырт айнала беріп, үй
ішінен сыртымен шықты (М.Әуезов Абай жолы романынан үзінді).

Аңызға айналған арулар

Қазақ халқы басынан өткерген үш жүз жылдық жоңғар соғысында аты аңызға
айналған қыздарымыз да аз болмаған. Соның бірі 1667-1757 жылдары өмір
сүрген тама Есет батыр Көкіұлының қызы Ботагөз. Ұлы Отан соғысында батыр
тұтқынға түскенде, Ботагөз дұшпаннан кек алуға ант етеді. 1742 жылы Есет
батыр Әбілқайыр ханның шақыруымен Орынборға кеткенде еліне қалмақтар басып
кіреді. Сонда 150-дей сарбаз бен Ботагөз қалмақтардың батырын қолға тірідей
түсіріп, қалғандарын қырғынға ұшыратты.
Гауһар – Қабанбай батырдың жары, арғын Малайсарының қарындасы. Өзінің
батырлығымен бірнеше шешуші жорықтарда көзге түскен.
Айтолқын – Абылай ханның қызы. Талай шешуші шайқастарда ерен ерлік
көрсеткен.
Жандай – найман жұртшылығының батыр қызы.
Мамыр – арғын Байғазының қызы. Қалқаман деген жігітке ғашық болғаны
үшін 1722 жылы Көкенай батыр атып өлтірген. Бұл жөнінде Шәкәрімнің
Қалқаман-Мамыр дастаны бар (1912ж. Семей).
Еңлік – матай Қарабатыр Ысқанның қызы. Қыз алу, қыз беру дәстџрін
бұзды деп ру басылары Кебек екеуін ат құйрығына сүйретіп өлтірген.
Бегім ана – атаќты әулие Қарабураның қызы, Жанкент қаласының
билеушісі Шанжар ханның әйелі. Ақылдылығымен, әулиелілігімен аты шыққан.
Айбике – Бұланбай батырдың жары, шолғыншы сарбаздардың басшысы.
Айбике Қабанбай батырға Алтай, Ертіс, Тарбағатайдағы жоңғар жасақтарының іс-
әрекетін жеткізіп отырған.
Бопай – Кенесарының қарындасы. 500 сарбазды басқарып, Ресей
отаршылығына қарсы соғыста ерен ерлік көрсеткен.
Тайқара – Нұралы ханның қызы, Нұрмұхамед қажының әйелі. Кезінде
Екатерина патша Тайқараны қатты сыйлап, құрметтеген.
Әйел патша Томирис ханым (Тұмар ханым). Тұмар ханым, Айша бибі, Бөрте
ханым туралы Жар птицы Великой степи кітабында жазылған. Авторы
А.Түлембаева.
Зарина – Сақ патшасының қызы.
Есенбике – Олжабай батырдың анасы.

Дана аналар

Домалақ ана (Нұрила) – Бәйдібек бидің әйелі.
Ақбике – ел анасы, Тәуке ханның замандасы. Шаппа бидің әйелі.
Ақбикеш – 17 ғасырда өмір сүрген көріпкел.
Айғаным - 17 ғасырда өмір сүрген Шоќанныњ әжесі.
Аққыз – 18 ғасырда өмір сүрген күйші, Тәттімбет күйін насихаттаушы.
Ақтолыс ана – шамамен 1600 жылдары өмір сүрген, есімі ел есінде
сақталған көріпкел, елші.
Арықова Нағима – 1902-1956 жылдары өмір сүрген қоғам қайраткері.
Асфандиярова Гүлсім – 1880-1941 жылдары өмір сүрген алғашқы дәрігер.
Әмина – Мұхаммед пайғамбардың анасы.
Айғаным – Шоқанның әжесі.
Зере – Абайдың әжесі.
Дінасыл – Мұхтардыњ әжесі.
Қызтумас – Бауыржанның әжесі.
Бөрте ханым – Шыңғыс ханның әйелі.
Назым – Қабанбай батырдың қызы.
Қалампыр ана – Балуан Шолақтың анасы.
Айша Қабыланқызы – Қожаберген жыраудың жары.
Қарашаш – Жиренше шешеннің жары.

Әйел әлемге өмір себеді

Әбілова Нағима – Батыс Қазақстан Қаратөбе ауданында туған.
Филармонияда ән салған, домбырашы.
Артықова Биби – (1916-1964) – опера әншісі.
Бекешева Эльза – 1914 жылы Теңіз ауданы Забурын ауылында, Гурьев
облысында туған.
Гүлфайруз Мансурқызы Исмайлова – қылқалам шебері.
Айша Ғалымбаева – суретші.
Дина Нұрпейісова (1861-1955) – күй анасы, 30 күйі бар.
Сара Тастанбекқызы (1878-1916) – ақын, әнші.
Базанова Нәйла (1911-1993) – ғалым.
Жамал Қаңлыбаева – тау-кен ғылымы бойынша тұңғыш доктор.
Зағира Күленова – қазақтың тұңғыш парашютші қызы.
Н.Құлжанова – тұңғыш журналист.
Нағима Арықова – Қазақстан Наркомындағы тұңғыш әйел. 30 жылдары
Жоғарғы сот председателі.
Дәуренова – тракторшы әйел.
Аида Муслимова – шахматтан чемпион.
Шара (Гүлшара) Жиенқұлова (1912-1981) – биші, халық әртісі.
Кџлђш (Гүлбаһрам) Байсейітова Жасынқызы (1912-1957) – әнші.
Бижанова Галина Ержанқызы – физика-математика саласындағы тұңғыш
доктор.
Асфандиярова Гүлсім Жафарқызы (1880-1941) – тұңғыш жоғары білімді
дәрігер.
Нәзипа Құлжанова – бала тәрбиесі туралы кітап жазған, осы тәрбиені
насихаттаушы.
Алма Оразбаева – (1898-1943) қоғам қайраткері, халық ағарту жұмысына
үлес қосқан.
Нағима Арықова – қоғам қайраткері, еңбектері: Өкіл әйелдер не істеу
керек (1927ж.), Раскрепощение трудящих женщин (1930ж.).
С.Есова – қоғам қайраткері, баспасөз саласының дамуына үлес қосқан
(Әйел теңдігі журналы 1925-1934 жылдар арасында).
Мәдина Бегалиева – самолет жөндеуші механик.
Аққағаз Досжанова – ұшқыш.
Хиуаз Доспанова – ұшқыш, батыр.
1937-1938 жылдары Халық жауы деген жаланың құрбаны болып, ату
жазасына кесілген жалғыз қазақ әйелі Шахзада Шоқанова Б.Қаратаевтың
інісінің қызы.
Қазақ әйелінің мұңын, жан-дүниесін поэзиясына арқау еткен ақын
Ф.Оңғарсынова.
Қазақтың күйші қыздары (Дина, Бақыт, Айгүл).
1959 жылы Москвада өткен бүкілодақтық шабандоз қыздар жарысында 1-ші
орын алып, алтын медаль иемденген Райхан Әбілахатова, 8 кл.оқушысы, Алматы
облысынан; Бирюза деген тұлпармен 1958 жылы Москвада өткен ат спорты
жарысында қыз қуудан Қазақстан командасы ғана қатысып, жүлдені жеңіп алған
қазақ қызы шабандоз Жамал Жажарбаева, Жамбыл облысы.
Қазақ қыздарының ішінен алғаш киноға түскен (Ш.Жандарбекова,
Амангелді фильмінде, Бану рөлінде).
Қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш публицист-журналист әйел
(Н.Құлжанова).
Медицина саласында жоғары білімді қазақ қыздары (1908ж. Гүлсім
Асфандиярова – Петербургтегі әйелдер медицина институты; Ѓаным Құлекенқызы
Сабатаева – Москва акушерлік институты; Аққағаз Досжанова 1921 жылы
Ташкенттегі Түркістан Хуниверситетінің медицина факултеті.
Қазақ қыздарын өнер-білімге насихаттаған ұстаздар (Н.Құлжанова,
Ә.Мәметова, Ә.Кемелова, Л.Өтепова, М.Бейсенова, Н.Арықова, Қ.Нұрымова,
С.Есова, А.Оразбаева).Қазақтың қайраткер қыздары (М.Бегалиева, А.Оразбаева,
Н.Арықова, Б.Төлегенова – ҚР-да Құрманғазы атындағы сыйлықты алғаш алған
әртіс).

Қазақстан және ұлы Отан соғысы

Тарихи деректер

➢ Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты
әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полктер,
батальондар құрылып, майданға аттанады.
➢ Жауынгерлері жаумен жан аямай шайқасқан қазақстандық бес әскери
құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына
бірнеше ордендер қадалды. Олардың қатарында жауынгерлерінің ерлігі
аңызға айналған атақты 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы да бар.
➢ Соғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандықтар партизан отрядтарының
құрамында болып, Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты.
➢ Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық жауынгер
бірнеше дүркіннен орден және медальдармен наградталды. 497 жерлесіміз
Кеңес Одағының Батыры атанды.Олардың 97-сі қазақ болатын. 142 жауынгер
Даңқ орденінің толық иегері болды.
➢ Соғыстың 4 жылы ішінде Қазақстан мемлекетке 482,8 мың тонна астық,
217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көкөніс, 1193,2 мың тонна қант
қызылшасын, 155 ,3 мың тонна мақта тапсырды.
➢ Қазақстан еңбекшілері майданға 25 миллион дана жылы киім, Отан қорғау
қорына 4 миллиард сомнан астам қаражат берді.
➢ Ұлы Отан соғысына барлығы 35 миллион адам қатынасты, Орта Азия
республикаларынан соғысқа 3 миллионға жуық адам қатысса, соның 1
миллион 366 мыңы қазақстандықтар екен.
➢ Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарулы Күштерде 4 орталық, 19 майдандық
және флоттық, 103 армиялық газет, ұлттар тілінде 50 газет шығып тұрды.
Сол сұрапыл ауыр жылдарда қазақ тілінде 10 майдандық, 3 дивизиялық, 1
округтік газет жарық көрген. Олар: Қызыл әскер ақиқаты, Қызыл
Армия, Жауға қарсы аттан, Отан үшін алға, Дабыл және т.б.
Батырлық қазақ халқының қанында бар қасиет екенін 1986 жылы
желтоқсанда тоталитаризмге, езілген намызды шыңдау, еліміздің бостандығы
жолында апат болған қаршын жас Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова
ерлектерінен көрінеді. Өйткені намысты қолдан бермеу – біздің ұлттық
мінезіміз. Бұл ерлік-рухтың мықтылығы, бәрінен ел намысын жоғары қоятын
халықтың ерекше қасиеті.
Сондықтан да болар, Ұлы Отан соғысында қазақ халқы өзінің аздығына
қарамастан, елдігін, ерлігін көрсетіп, оны бүкіл дүние жүзіне паш етті.
өзінің рухының биіктігін көрсетіп, нағыз батыр халық екендігін тағы да бір
дәлелдеген жоқ па еді?!
Мәншүк Мәметова екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза
тапқаннан кейін 1944 жылдың 1-наурызында оған Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді. Бұл атақ Кіндік Азия елдерінен қатысқан 500 қыз-келіншек арасынан
Мәншүкке алғаш берілді. Араға аз уақыт салып, сол жылдың 4-маусымында
қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлова да Кеңес Одағының Батыры атанды.
Тұңғыштар айдарының мақсаты – Жеңіс күні қарсаңында қазақтың қос
қызының қайсарлығын, ерлігін жадымызда жаңғырту, рухтарына тағзым ету.
Алматысын аңсаған қайсар ару
Мәнсия Жеңсікәлі қызы (бір жерлерде Жиенғалиқызы, Жеңісқалиқызы
деп те берілген) Мамытова Орал облысының Орда ауданында дүниеге келген.
Мәншүк – еркелеткен есімі. Мәнсия ата-анасынан ерте айрылады. Алматыдағы
Әмина әпкесінің (Ахмет және Әмина Мәметовтер) тәрбиесінде болып, Ұлы Отан
соғысы басталғанға дейін Алматы медициналық институтында оқып келген. 1942
жылдың тамыз айында өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-атқыштар
дивизиясы құрамында ұрысқа қатысады.
Алматыны, әпкетайымды, мамамды сағындым. Шіркін-ай, жасыл желекке
бөленген, дүниеде теңдесі жоқ асыл ұям – Алматымды бір көрсем-ау! Жауды
жеңіп, елгі барып, Алматының ең шетінен осындай бір жер үй қазып алып,
сонда тұрсам да арманым болмас еді! - деп армандаған Мәншүк асыл ұясын
қайтып көре алмай кетті. Аға сержант, пулеметші Мәншүк Невель қаласы үшін
болған ұрыстарды мергендігімен, батырлығымен көзге түседі. 1943 жылы 15-
қазанда осы қала үшін шайқаста демі біткенше пулеметтен оқ жаудырып, қаза
табады.
Қазақ халқының тарихында пулемет тұтқасын тұңғыш ұстаған мерген
қыз – Мәншүк Мәметова.
Әлия әлемі:Батырлық пен нәзіктік
Әлия – батырлар туған топырақтың перзенті. Ақтөбенің Қобда
аймағынан. Әлияның шын есімінің Ылия екені кейінірек белгілі болды. Алты
жасында Әлия анасы Маржаннан айырылады. Әкесі Нұрмұханбет Сарқұлов нағашы
ағасы Әубәкір Молдағұловтың тәрбиесіне береді. Әлия Әубәкір ағасы мен
жеңгесі Сәннің қолында өсіп, кейінірек мектеп – интернатқа өтуге өзі таңдау
жасайды. 7-класты бітірген балғын Әлия Рыбинскідегі авиация техникумына
оқуға түседі. 1942 жылы 18-желтоқсанда осындағы аудандық әскери комиссариат
шешімі бойынша мерген қыздар даярлайтын Мәскеудегі орталық мектепке
қабылданады. Оны 1943 жылдың шілдесінде үздік аяқтап, Солтүстік-Батыс
майданының 34-атқыштар дивизиясының 4-батальонына жіберіледі.
Әлияның майдандастарының бірі Лидия Ефимова ол туралы әңгімесінде:
Мәскеу маңындағы мерген қыздар даярлайтын Орталық мектептің басшылары
жаңадан келген бізге әркез Әлия Молдағұлованы өнеге тұтатын. Бірнеше күннен
кейін Лияның (біз оны осылай атайтынбыз) өзімен де таныстым. Аласа бойлы,
қағылез, шашы қап-қара, азиялық сұлу қыз кімді де болса өзіне тартып тұрар
еді. Тапқыр сөйлейтін, байсалды, қашан да біреуге жақсылық ойлап, көмекке
әзір тұратын. Лия жас та болса бізге ұстаз, оқытушы сияқты көрінетін. Әлі
есімде, курсты үздік бітірген соң мектеп басшылығы оны курсанттарға
нұсқаушы етіп қалдырғысы келген. Бірақ ол оған көнбеді, алғы шепке асықты,-
деп еске алыпты.
Әлия 19 жыл ғана өмір сүрді. Жасындай жалт етті. Артында ерліктің
ізін қалдырды. Әлия Молдағұлова халқымыздың мақтанышы, батыр қызы,
қаһарманда, асыл арудың бірі емес, бірегейі деп мақтаныш етіп айтамыз. Оның
аяулы тағдыры өз ұлтының тағдырының кішірейтілген символы сияқты.
1944 жыл. Қарлы боранды түнде Нева стансасы маңында үлкен шайқас
болды. Оған құрамында қазақтың мерген қызы бар 4-атқыштар батальон
командованиесі аттанған болатын. Сол жылдың 14 қаңтарына қараған түні
батальон қорғаныс шебіне жеткен кезде стратегиялық үлкен маңызы бар
Новосокольники – Дно теміржол торабын Нева стансасы маңын кесіп тастау
туралы бұйрық келді. Осы атакаға шыққан ротаның алдында Әлия да бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Періштелер Хауа анаға
Моңғолдардың үйлену салты
Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ тарихының дерек көзі ретінде
XII – XIII ғасырдағы Моңғолдың тарихындағы Шыңғысханның билік құру кезеңі
Жошы хан күмбезі
Қазақ хандары жайлы
Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
«Алтын орда» мемлекетінің құрылуы туралы
Алтын Орда мемлекетінің ыдырау себебі
Алтын орда мемлекеті
Пәндер