Азамат жастар бағдарламасының жүргізушісі
Мазмұны
І Кіріспе
Теледидар – жастардың рухани тәрбиешісі
ІІ Негізгі бөлім
1. 1. Жалынды жастық жолдары
2. 1. Бүгінгі таңдағы жастарға арналған бағдарламалар:
мазмұны мен мақсаты
3. 1. Азамат жастар бағдарламасының жүргізушісі
Руслан Желдібаймен сұхбат
4. 1. Таразы бағдарламасының жүргізушісі
Ринат Кертайұлымен сұхбат
5. 1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Орынтай
Ошановамен сұхбат
6. 1. Азамат бағдарламасы бойынша сауалнама
7. 1. Қызықстан бағдарламасы
ІІІ Қорытынды
Жастық, журналистік арман
(немесе жастар бағдарламасының жарқын болаағына артар үмітім,қосар үлесім
жайында)
Теледидар – жастардың рухани тәрбиешісі
Көгілдір экран – жастарды рухани тәрбиелейтін басты қару. Осы орайда,
Қазақстан кешегі және бүгінгі жастарға арналған бағдарламаларын зерделей
отырып, өткеннен нені алып, несінен жирену керек, және бүгінгі таңда
ертеңгі болаақты қалыптастыруда не істеуіміз керек деген мәселе төңірегінде
ой қозғасақ па деймін. Олай дейтінім, дәл бүгінгідей қазақстандық
телеарналар ресми, саяси хабарлар мен жарнамалардың, батыстық фильмдер мен
спорттық хабарларды көрсету құралы болып қалмауы керек, елдің болаағы
жастарды тәрбииелеу мақсатын өз міндеті санап, танымды да өзекті, мазмұнды
да мағыналы, қызықты да қарымды бағдарламалар арқылы кейінгі толқынның ой
өрісі мен потенциалын көрсетуде немесе бір сөзбен айтсақ интеллектісін
дамытуда талмай жұмыс істеуі қажет деп есептеймін. Сондықтан, теледидардан
берілетін кез-келген хабар жастарға тәлім – тәрбиелік,өнегелік тұрғысынан
берілуі қажет. Өйткені, бүгінгі таңда жұртты жалықтырып, немесе жан-
дүниесін тоздырып, ұлттық қасиеттерін өшіріп жататын бағдарламалар өте көп.
Ендеше біз олардың халықты, оның ішінде жас ұрпағымызды тәрбиелеуге,
санасын дамытуға қаншалықты оң әсер беріп отыр деген заңды сауал
төңірегінде көп ойлануымыз қажет. Яғни, бүгінгі көк жәшіктен
жастарымыздың үйренері көп пе, жиренері бар ма?
Теледидар арқылы қазақ жастарының интеллектуалдық қасиеттерін, яғни озық
ойлау мен білімін кеңейту, еліміздегі экономикалық – саяси, әлеуметтік
жағдайлар ағысы жөнінде үнемі хабардар болып, жоғары буын өкілдерімен
үндестік құрып отыруы саналы ұрпақ тәрбиелеуде дамыған еуропа елдеріндегі
озық үлгі. Себебі, нарық қатынастарының заңдылықтарын білмей жүрген жастар
жетерлік. Олар өздерінің мүмкіндік, қабілеттерін толық пайдалана білуі
қажет. Ал барлығымыз күнделікті таңертеңнен қара кешке дейінгі өмірімізде
талай ақпаратты қабылдап жатырмыз. Оның тең жартысынан астамы жадымызда
берік жатталып та қалады. Солардың ішінде жаманы-жақсысы да, зияны-
пайдалысы да аралас жүреді. Бір өкініштісі, сол ақпараттарды елеп-екшеп,
артығын, яғни санамызға улысын ысырып тастау бізде жоқ әдет. Әсіресе жастар
аудиториясында. Мәселе,енді ақпараттардың адамзат баласына берер пайдасы
мен мән-маңызында болып тұр. Олай дейтініміз, көк жәшіктің қабілеті
жастар санасын дұрыс жолға бағыттап, өнегелі тәрбие көзіне айнала алып отыр
ма? Бұл күрделі тақырып.
Қалай десек те, ақпарат құралдары төртінші билік деген атқа ие болды.
Сенім екі есе күшейді. Бір өкініштісі, адамдардың көбі бүгінгі жастарға тек
ойын-сауық хабарлары ғана қажет деп санайды. Француз классигі Бальзак:
Факт – ақымақтыққа жақын, бірақ сол фактінің монтаждалуы сіздің қолыңызда
- деген екен. Шынында, сол факті әдемі жеткізілсе болғаны, ал талдап –
талғау, саралау жағы көрермен еншісіндегі дүние екендігі әлі күнге дейін
ескерілмей келеді.
Кезінде қазақ теледидарының жастарға арналған бағдарламаларында олардың
рухани байлылығын таразылап, қызу пікірталас ортасын қалыптастырған еді. Ал
бүгінгі жастардың рухани байлығы, мәдени, интеллектуалдық деңгейі қай
деңгейде? Өкінішке орай келер ұрпақ
тың рухани сауатсыздықтың алдында сәл-ақ тұр десек те артық айтқанымыз емес
шығар. Бұның бәрі біз үшін күнделікті күйбең тіршілікте елене бермеуі
мүмкін,әрине. Бірақ ұлы ойшыл әл-Фараби айтқандай, Адамға әуелі тәрбие
берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім бекер. Ал қазір елімізде 50-ден
астам телеарна жұмыс істейді. Қай арнаның құлағын бұрмасаңыз да, жұртты
жалықтырып, жан-дүниесін тоздырып, тіпті көк жәшікті көргің келмей
кететіндей күй кештіретін бағдарламалар жетерлік. Олар әсіресе тәуелсіз
арналар еншісінде. Себебі, олар үшін (яғни қожайындары) қисыны мен сапасы
келсін-келмесін тек көңіл көтеру маңызды секілді. Ал жастардың көңілін
немен көтеру керек екендігі айдан анық: сол баяғы батыстың даңғаза музыкасы
мен тәртіпсіз фильмдері. Осындай түрлі хабарлар жасөспірімдеріміздің
санасына қалай әсер етіп жатыр деп психолог-ғалымдарымыз тегін дабыл қағып
жатқан жоқ. Цицеронның айтқанына құлақ түрсек: Ұлттың болашағын жастар
құрайды, демек егеменді еліміздің ертеңі – жастардың қолында екендігін
ескеріп, баршамызға ортақ міндет – жастарымызды ұлттық мүдде тұрғысынан
тәрбиелеу. Сондықтан, жастар саясатын жүргізуде телебағдарламалардың рөлі
қандай деген сауалнамамның нәтижесі төмендегідей болды:
Сұралғандардың 38% теледидардағы бағдарламалар жастардың санасының
қалыптасуына ықпал етеді десе, 15,6% көрсететін топ төртінші билік әлі де
болса өз міндетін тиісті мөлшерде атқара алмай жатыр деп
есептейді. 28,1% азаматтар ақпараттың өзі кейде бейтараптық функция атқарып
келетіндіктен, ешқандай пайдасы не зияны болмайды деп санаса, 15,6% БАҚ-тың
ешқандай ықпалы жоқ деп жауап қайтарды. Осы көрсеткіштерден қорытынды
шығарар болсақ, басым көпшілігі жастар. БАҚ-тың жүргізетін саясатына сенеді
дегенге келіп ойысады. Ендеше, бүгінгі жастарға ашық екендігін көксейді.
Менің ойымша, болашақ ұрпақтың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін тәрбиенің
гуманистік бағыт алуы тиіс, және жастарымыздың бойындағы интеллектуалды
деңгейін арттыруда барлық тәрбие орындары, әсіресе мектепте, жоғары оқу
орындарында тиімді шаралар атқарылып тұруы қажет.
Жалынды жастық жолдары
Жастар және Болашақ – бұл мәңгілік тақырып. Адамзат өзінің өсіп-
өркендеуінде осы мәселені ешқашан күн тәртібінен түсірмеген және түсірмек
те емес. Жастар – өмірдің қуат арнасы, оның тынысы, аяқ алысы, бір сөзбен
айтқанда, өмірдің нағыз өзі. Жастар туралы сөз болғанда, үнемі қайталап
айтарым, жастық деген – даналықтың формуласы. Оны қалай түсінуге болады
дегенге келсек, даналық дегеніміздің өзі – өмір сүруге ерекше құштарлықты
білдіретін ұғым. Өмір сүруге ерекше құштарлық даналық болмағанда, одан өзге
не болмақ? Жастардың даналығы ерекше, себебі олар өмір мәнісіне ой жіберіп,
оны үлкендер сияқты қайғы-мұңға толтырмай, өмірдің не екенін біліп-танып
болмай-ақ, өмір сүруге асқан құлшыныспен кірісіп кетеді, оны жастық
максимализмі деңіз, романтика деңіз, арманшылдық, тіптен, болмайтын іске
салынып, қиял қанатында қалықтау деңіз, қалай айтсаңыз да, оның бәрі өмір
сүруге ерекше талпыныстың табиғи көріністері.
Қазақ теледидирының жастар бағдарламасының тарихы – бүгінгі балалар мен
жастарға арналған бағдарламалардың алтын діңгегі, қайнар бастауы.
Теледидар жастардың өміріне берік орнағандықтан, олардың өмірін көгілдір
экрансыз елестете алмаймыз. Сондықтан телехабарлар мәнсіз жасалмауы иіс.
Жастар бағдарламасы жоғары білімдік деңгейі мен қоғамдық –саяси
белсенділігін көрсете отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына
көмектесті, олардың табиғатына сай бағыт бағдарын анықтады. Ертеңгі ел
басқарар жас азаматтардың бүгінгі дүниетанымы, өмірдегі күрделі
құбылыстарға деген көзқарастары, болашақ жас мамандардың арман – мақсаты,
ой елегінен өткізер өлшемдері, көкейкесті ашық әңгімесі бүгін де
жалғастығын табуы тиіс еді.
Жастардың көзқарасын, белсенді өмірлік бағытын қалыптастырып, тәрбиелеудегі
теледидардың рөлін зерттеудің әлеуметтік және саяси мәні бар, мұндай
бағдарламалардың мақсаты қашан да күрделі, арқалар жүгі ауыр. Себебі жас
көрермендер – оңы мен солын жаңа аңғарып, өмірдің кілтін жаңа алғандар.
Олардың табиғаты еліктегіш, сенгіш. Біз неліктен жас өскіндерге тәрбие
берудегі теледидардың үлесін көбірек айтамыз? Себебі басқа ақпарат
құралдарынан гөрі теледидардың аудиторияны қамту мүмкіндігі жоғары және
сөзбен де, көрініспен де қызықтырып,иландырып, әсер етер ықпалдығы басым,
жеделдігі жоғары. Телехабарлар тек мазмұнымен емес, хабарларды бере білудің
пішінімен де маңызды, оның аудиториясы қоғамның даму бағытын анықтайтын
рухани және әлеуметтік потенциал. Қазақ теледидарына жаңа пішін, түр
енгізген жастар бағдарламасы хабарларының озық ойлы парасатты азаматтар
тәрбиелеп, қоғамдық ойды қалыптастырған халықтық сипатын ерекше айтуға
болады, ол шын мәнінде жастардың көзі мен құлағы және тілі(А.Байтұрсынов)
бола білді.
Жастар бағдарламалары көптеген қызықты хабарлар топтамасы, айдар
тақырыптық жеке хабарларды қамтиды. Жастар бағдарламасының маңызы өз
дәуірінің жыршысы бола отырып, жастарды еңбекке үндей білді, ұлттық
тәрбиені сіңіріп, әдебиет, мәдениет, өнерді насихаттады. Телекөрермендермен
етене жақын араласып, жанашыры болды, тұрақты аудиторясын қалыптастырды.
Жастардың көкірегіндегі мәселелерді толғап, ашық сырласты. Бізді: Бүгін
жастар тәрбиесі шет қалған жоқ па, олардың арасындағы қылмыстың өсуі жастар
тәрбиесіне деген салқындықтың салдарынан емес пе? ,-деген мәселелер
толғандыруы тиіс. Өнегелі ұрпақ өсіп шығуы үшін ізгілікке тізе бүктірер
рухани азықтың бірі – теледидар. Тәуелсіздігіміздің жүрегі болып табылар
білімді ұрпақ тәрбиелеп, санасына сәуле құюға үлесі мол осы бір қобдишаның
төрт қобдишаның төрт құбыласын сәнді де мәнді, маңызды да мазмұнды, ұлттық
идеологияның темірқазығы болар хабарлармен толтыра алмай жүргеніміз көңілге
өкініш ұялатады. Тек білімді, парасатты жас қана елдің ертеңгі тұтқасына
жарайды. Олай болса, Қазақ теледидарының жастар бағдарламасы іскерлік, жан-
жақтылық, имандылық,инабаттылық тәрізді қасиеттерді көгілдір экран арқылы
жастарға арнай беруі тиіс.
Жастар телехабарларының көпшілігі адам жанына терең үңіліп, дүниетанымын іс-
әрекетімен біте қайнастырып ашуға тырысады. Адам жайлы адам жанын
тебірентерліктей әңгімелесу оңай емес. Өнеге боларлық дүниені үлгі қылып
ұсыну үшін де қалауын тапқан қабілет керек, оралымды ой, бейнелі, өрнекті
тіл керек. Жастарға ақыл айта жөнелетін жалаң дидактика, өңеш жыртқан айқай
кей хабардың бояуын сұйылтып, мәнін кеміткені рас. Алайда көкейтесті
мәселелерді
қозғаған кесек ой толғаныстары жастар бағдарламасынан көп көрініс тапты.
Журналистер тек өздері ғана көрегендікпен байқай білген көпшілікке беймәлім
өмір шындығын типтендіріп айта білді, таба біл
ді. Ақ пен қараны, жаман мен жақсыны, ескі мен жаңаны қатар қойып
психологиялық образды контрастар жасау арқылы мәселеге тереңдей еніп, оған
көрермендердің көзін жеткізді.
Қазақ теледидары жастар телехабарларының бағытын былай бөліп қарастырған:
1. Ақпараттық – публицистік бағдарламалар
2. Танымдық ағартушылық (әр түрлі жастағы балаларға арналған танымдық
бағдарламалары жүргізілді)
3. Оқу бағдарламалары (тікелей мектеп бағдарламасының қиын бөліктерін
оқушыларға меңгерту (физика,химия)).
4. Мәдени –ағарту (театр,музыка, өнер)
5. Көркем хабарлар.
1960 жылдары жастар хабары киноматографиялық сипатта болып, мультфильм,
көркем фильмдер бағдарламаның бір бөлі
гін құрады. 1970-80 жылдары драмалық сипаты басым. Телеспектакль, поэзиялық
кештер жиі өткізілді.
6. Халық торчествосы (көркемөнерпаздар ұжымы, халықтық қолөнер т.б.)
7. Көңіл көтеру бағдарламалары
Халқымыздың жаңа ғасырдағы бет-бейнесі, тұрмыс – тіршілігі оның айнасына
айналған теледидардың қабілетіне қатысты. Осыдан қырық жыл бұрын көгілдір
экран өмірімізге еніп, әр шаңырақтың төрінен орын алды. Қоғамдық өмірдің
нағыз жаршысы БАҚ болғандықтан, теледидар қоғамдық фармациямен тікелей
байланысып, оның әр сатысына жаңа мазмұн, жаңа түр енгізді. Жапон
ғалымдарының дәлелдеуі бойынша адам өмірінің 16-18 жылын теледидар көруге
жұмсайды екен. Енді осыдан барып теледидар халықтың ақылына,аузына, ойына
айналып отыр деуге болады.
Бүгінгі таңдағы отандық телеарнадағы жастар бағдарламалары: мазмұны мен
мақсаты
Байқап қарасаңыз, көгілдір экраннан жастарға арналған жөні сау, есі дұрыс
бағдарламаларды кездестіруіңіз қиындап барады. Елбасы мақұлдаған жастар
туралы заң жобасы ел ертеңінің өкілдерін қуантқанымен, телеарна
қызметкерлерінің жастар бағдарламаларына деген ыждаһаты қуантатын жағдайда
емес. Қазір жас буынның өзінен де, өзгеден де жауап күтсеңіз алдымен осыны
айтады. Мысалы ұтымды, тағылымы мол хабарларымен көптің ықыласын қандырып
жүрген Қазақстан ұлттық телеарнасын алайық. Осыдан 3-4 жыл бұрын арнадан
жастар жағына қарай іліп алар ретінде Ақжүніс пен Алтын қақпаны
атамасақ, қазіргі таңда бүлдіршіндерге арналған Еркетайынан басқа
жастарға арналған бағдарламасының қарасы көрінбейді. Ал жоғарыдағы бүгін
эфирде жоқтарын амал жоқтан қарастыруға тура келеді, өйткені екеуінің де
студиясы қашан көрсеңіз жастарға толы болатын. Ал ауылдағы ағайынның бұл
хабарларды жастары ғана емес, тайлы-тұяғына дейін тапжылмай тамашалайтынын
естіп жүрміз. Алайда Ақжүністің орнын Сен сұлу басқанымен, ресейдің
Модный приговорының тура көшірмесі болғаны қынжылтады. Сонда Қазақстан
телеарнасының өзіндік тың, ұтымды идеялы бағдарламаны ойлап таба алмағаны
ма? Ал көптің көретін Көкпар бағдарламасының тағы да тек массовкасы ғана
жастарға толы демесеңіз, жастардың мұнын мұңдап жатқан жайы жоқ. Не
дегенмен, бұл бағдарлама орта топ элитасына арналған ғой.
Халық Еларна өмірге келген тұста сол арқылы таза қазақы хабарлардың
келбетін көз алдына әкеліп еді. Сондай-ақ жастар бағдарламасының дені де
арнаға арқау болады деп үміттенді. Себебі Халық екіге – Хабар екі деп
ұран тастаған телеарна әу баста ұлттың мүддесін күйттейтіндей болып
көрінген-ді. Бүгінгі Еларнадағы дүниелердің тең жартысы Хабар
өнімдерінің қайталамасы. Атап айтып кетпесек айып болар, өзіндік идеясымен
жуырда ашылған Қызықстан бағдарламасында Қазақ телеарнасының ақсайтын
тұсы сатиралық бағытты қолға алған жігіттер ұшқыр қиял, ой тапқырлығын тағы
бір мәрте дәлелдеді. 1 сәуір Күлкі күнінің қарсаңында тұсауын кескен
аталмыш бағдарлама тың идеялардың жиынтығы десек артық айтқандық емес. Ең
алдымен бұл бағдарламада жылжымалы студия жұмыс істеді. Яғни түсірілім
алаңы ретінде қамыстардың арасы немесе тау баурайы, үңгірдің іші таңдалынып
алынады. Басты артықшылығы – Қазақстанның әсем, көрікті жерлерін камераға
түсіруді басты назарға алуы болып отыр. Және тағы бар қуантарлық жайт -
бөбектерге арнап Сиқырлы әріптердің ұсынылуы. Бұл екі ғана бағдарлама
жастар арнасына айналғалы отырған Еларнаның атына сын әкелмей ме?
Біз сөз етіп отырған жастардың әзірше сүйіктісіне айнала қоймаса да сүйсіне
отырып көретін тағы бір құйтырқы(осылай айтса да болады) хабары былтырдан
бері КТК тәуелсіз арнасында жасап келеді. Аты Наша KZаша деп аталады.
Шамасы қазақ жастарының өз тілін білмейтіндігін келемежге айналдырып,
естіген жұрт есінен тансын деп Ресейдің Наша Russiaсына еліктеп
қойғандағы тапқыр аттары болса керек. Көше кезіп жүріп, ойына не түссе,
соны қағыта салатын шұбырған төрт-бес жігіттің еріккен әңгімесі әжептеуір
эфирдің 20-25 минут уақытын толтыруға жарамды. Тыңдап отырып түкке тұрғысыз
бос қызыл сөздерден санаңыз шаршайды. Бұған дейін Шатақхана, Қызық
радиосы, Шала қазақтар деген атпен шығып жүрген осы тектес топтамалар
өздерінің жасап жатқан дүниесінің жастар үшін қажеті бар деп ойлаған болар,
сірә. Сапасына мән беру былай тұрсын, НТК арнасында шет елдік
телесериалдардан басқа өзге жастар мен жасөспірімдерге арналған тұщымды
дүние көру бізге бұйырмай-ақ қойды. Байқағанымыз , НТК дәл қазіргі таңда
сансыз сериалдардың ордасына айналып тұр. Жастардың бозбала мен бойжеткен
тектілері сондықтан болар аптасының бес күнін Мятежный дух-2
суперсериалын тамашалауға арнайды. Тағы бір арна КТК-ның да құты қашайын
деп тұр. Әйтеуір былтырғы жылы еріккеннің ермегі болуға ғана тұрарлық Анда-
санда бағдарламасы мен Джейклабының орнын биыл Мәссаған деген
бағадарламаның басқаны көңілге қуаныш ұялатады. Ал
Алматы арнасының жастар жағына алып-қосар әзір ештеңесі байқалмайды.
Себебі, (оның үстіне орыс тілді) Министерство знакомств атты бағдарламасы
жастар аудиториясына бағытталғанымен, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қосып
жатқан тырнақтай да болса үлесін көріп отырғаным жоқ. Рахат телеарнасын
да жатқызуға болады. Себебі Ви-джейлік бағдарламаларды таза жастардың
өміріне қызмет етеді, олардың барлық талап-тілектерін қанағаттандыра алады
деп тану үлкен қателік. Тек Хабардағы Азаматтың тұп-тура көірмесі
болған Замандастарды айтпасаңыз, атап айтарлықтай ештеңе жоқ. Таң
телеарнасындағы шоу-бизнес әлеміне қатысты Білгенге маржан (жүргізушісі
Марал Байғара) бағдарламасы бір апта бойы ел назарына жол тартады., алайда
оны көрушілердің басым көпшілігі жастар екендігінде күмәнім жоқ. Соған
қарай жастардың хабары дей салу үлкен әбестік. Дәл осындай бағыттағы Music
box (жүргізушісі Әния) хабары да жастардың көңілі мен назарын тек
бейнеклиптермен аударамыз дегенге сеніп кетсе керек.
Елдегі тағы бір арна – Hit TV-дің бүкіл қазақ этносының күллі шаңырағына
бірдей тарала қоймағанына қуанамыз. Өйтпегенде, ел түкпіріндегі ауыл-
ауылдың жастары SMS қуып, ән таңдап кетуі ғажап емес. Өз бағытын таза 180
градусқа өзгерткен бұрынғы Шаһар телеарнасы жастардың арнасына айналады
дегенге күмәнмен қараған болатынбыз. Рас екен, күніне қалайсыңдатып
(Қалайсың? бағдарламасы) үш рет шығатын арнаның бүгінгі жастармен
байланысы әзірге телефон тұтқасынан әріге аса алмай тұр. Ал жалған емес,
шынында қалайсың деп, қазақ жастарының ахуалын біліп, қал-жағдайын
сұрауға жеткізетін күндер қашан келер екен, Hit TV үшін?Онымен қоса
жуырда ғана арнаның қазақылану тенденциясы байқалып келеді. Бұл мүмкін,
мемлекеттік 5050 саясатына аз да болса қосар үлесіміз деп бағалап отырған
болуы керек. Соңғы 6 ай көлемінде эфирде жылт еткен Интеллектуалдық ойлау
ойыны (Интеллектуальные игры разума) атты бағдарламасын тілге тиек етуге
болатындай. Себебі,жастарға дұрыс жауабын тапсаң, әнтаспа ұтасың дегендей
үміттендіре отырып ойландырса да олардың ойлау жүйесін дамытуға әсер етіп
отыр деуге тұратындай. Байқағаным, бағдарламаға негізінен 15-22 жас
аралығындағы жастар қатысып жатады. Тек қойылатын сауалдардың дені – шоу-
бизнес,бейнеклиптен көрініс, атақты шет елдік әртістердің жеке өміріне
қатысты болғандығы көңіл көншітпейді. Бұл арнаның нағыз қазақ жастарының
интеллектуалдық деңгейін арттырамыз деген құлшынысы артқан болса сол
сұрақтардың орнына қазақстандық әртістер жөнінде сұраса қайтеді? Бірақ біз
қандай мазмұндағы бағдарлама болмасын, жастарға титтей де болса пайдасын
әкелу керек деген талап-мүдде қоймасақ, білгенімізді істеп кете баратын
сияқтымыз . дәл осы жерде біз қазақстандық телеарналардағы жастар
бағдарламаларының құлдырау кезеңін айтумен қатар, оны дамытудың қандай
тетіктері бар екендігін тілге тиек ете білуіміз керек. Қарап тұрсақ, еліміз
егемендік алғалы бері Қазақстандық БАҚ үшін басқа да демократиялық
мемлекеттердегідей әлемдік ақпарат кеңістігіне үлкен даңғыл жол ашылды. Осы
кезеңде біздің елде жастарды мектеп табалдырығынан бастап жоғары біліммен
қатар жоғары интеллектісін дамытуға бар ынта-жігерімізді салуымыз керек.
Ол үшін біз қазақ тіліндегі жастар бағдарламаларының өзіндік кеңістігін
қалыптастыруға қадамдар қарастырсақ жөн болар еді. Олай дейтініміз, мына
тұрған көршіміз Ресейді алып қарасақ, бір ғана Еуразия арнасынан
берілетін жастар мен жасөспірімдерге арналған бірнеше бағдарламалары бар.
Солардың ішінде мен Умники и умницы, және Что? Где? Когда?
интеллектуалды ойынын ерекше атап, жастардың интеллектісін, яғни жылдам
ойлау қабілетін арттырудағы үлесі өлшеусіз дегім келеді. Мысалы Что? Где?
Когда? бағдарламасының мақсаты – жастардың ұшқыр ойлау мен лезде жауап
беруі арқылы білімін тексеріп, интеллектуалдық деңгейін арттыру болып
табылады. Ол 1975 жылы тележүргізуші Владимир Ворошиловтың идеясы бойынша
эфирге шыққан. Аз ғана уақыттың ішінде танымал болған телеойынның тіпті
спорттық сайыстар түріндегі үлгісі де бар.
А.Байтұрсынов: Ұлым дейтін ел болмаса,елім дейтін ұл қайдан болсын! Балам
деп бағып, оқытып, адам қылғаннан кейін елім деп танымаса, сонда өкпелеу
жөн ғой,- деп орынды айтқан. Сол себепті, жоғарыда атап өткен
интеллектуалды бағдарламаларды эфирге көбірек шығару арқылы біз білімді де
потенциалды жастар үшін өздеріне ұнайтын аудиторияны қалыптастыруға қол
жеткізетін едік. Демек, қазақ тіліндегі хабарлар тіл, дін, тарих, әдебиет,
мәдениет, әдет-ғұрыпты жаңа буын бойына жаңаша рухта сіңіріп, қоғам
қайраткерлерімен тілдестіру арқылы орта буын мен жаңа толқын арасында
ажырамас көпір құратын едік. Себебі, жастар еліміздің заң шығарушы
органдарында қабылданып жатқан реформаларды біліп, олардың мақсатымен етене
танысып отыруы шарт. Қорыта айтқанда, кез келген жастарға арналған
бағдарлама егеменді, зайырлы мемлекет талаптарына сай білімді, іскер,ойлы
ұрпақ тәрбиелеудегі алатын орны ерекше. Олай дейтініміз, қай заманда
болмасын жастар мәселесі өзінің ерекше өзектілігімен ерекшеленген, себебі
олардың өсіп өнуі жолында санасына оңды әсер етіп, ертеңіне бағыт сілтеу әр
азаматтың алтын борышы іпеттес қабылданған. Мысалы, ОРТ - да Времяның
алдында міндетті түрде, Спокойный ночи,малыши! көрсетілетін. Не үшін?
Өйткені бұл бағдарлама қабылдайға жеңіл әрі көңілді. Балалар түгілі ересек
адамдардың өзі қызыға қарап отыратын. Сол сияқты, отандық арналарда да
белгілі бір жүйе бар. Көрерменнің жас ерекшеліктеріне, талғамына қарай
бағдарламалар реттеліп барып ұсынылады. Әдетте,демалыс күндері әзіл-сықақ
театрларының кезекті қойылымы немесе жыр сүйер қауымға айтыс берілу
мүмкін. Егер тиімді пайдалана білсе, жастарға арналған танымдық
бағдарламалар – қоғамдық пікірді өзгертуге орасан ықпал ететін алпауыт күш
емес пе? Тәуелсіз мемлекетіміздегі еркін БАҚ әрбір азаматтың өмірлік маңызы
бар мүдделерін қорғауға, шыншыл да жан- жақты ақпарат ала отырып, қоғам
өмірінде болып жатқан өзгерістер мен оқиғаларға объективті көзқараспен
қарап, аудиторияға дұрыс ақпарат жеткізе білуі керек сияқты.
Дамыған мәдениетті қоғам театр, оның ішінде кинотеатрсыз өмір сүре
алмайтындай дәрежеге жеттік. Демек, ел кинотеатрлары жастардың сезімін
баурап, жан- жаулап алушы өнер ошағы. Әлем мәдениетінің тоғысқан жері,
киноның түптамыры. Осы мәдениетке сусындап өсіп келе жатқан ұрпаққа
кинотеатрдың берері мол деп те, жоқ деп те айта алмаймыз. Мол дейтінім,
түрлі тарихи, жаңа заманғы тәрбиелік сипаттағы фильмдер болса болғаны, тек
жастардың санасын улайтын, ой-өрісін басқа арналарға бұрып әкететін теріс
пиғылдылардың құрығына түсіп қалмасақ болғаны,тек жастардың санасын
улайтын, оның ішінде діні мен ділі, тағлымы өзге фильмдерден құтылуымызға
көбірек жағдай жасалуы шарт.
Жаһанданудың келбетін компьютерсіз де елестете алмайтынымызға қазіргі заман
куә. Олай болса, оның жетістігі бүкілөлемдік байланыс торабы – интернетт де
ұлттық нақышымызға сай пайдамызға жарататын кез әлдеқайла жетті. Ол деген
сөз шетелдік экспансияға төтеп, жақсылап қабылдап, жаманын ысыра білу.
Демек, интернетке онсыз да күрделі есептеулерді мимен емес, есептегіш
құралға салып шешкенге көшіп отырғанымызда, ендігі жерде миымыздың
жұмысын яғни логикалық ойлауды компьютердің еншісіне тапсырып қоймауға
барынша тырысып бақсақ игі. Ендігі мақсат – ата-бабамыздан қалған ұлттық
бірлік идеясын уақыт рухымен таразыдау. Демек, иг дәстүрлерімізді бойымызда
сақтай отырып, жаңа заман талаптарына сай жаңаша ойлауға үйреніп, әлемдегә
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарындағы кез-келген ұлттың ұрпағымен
деңгейлес болуға ұмтылу. Сол жолда әсіресе отандық телеарналарымыз жастарға
арналған тартымды бағдарламалар ұйымдастырып, саяси, мәдени, танымдық
сипаттардағы жастардың ойлау қабілетін көтеретін бағдарламалар санын
арттыру.
Көгілдір экранда: Қызықстан
Осы уақытқа дейін көгілдір экраннан кең жайлауда отырып, жаңалықтар айтатын
дикторды көрген бе едіңіз? Немесе тоғызыншы қабатта тұрып, уытты
әзілдерімен шымшып алатын жігіттерді жолықтырғаныңыз бар ма?
Мұндай көріністі көру мүмкіндігін тек қана Еларнадан жуырда ашылған
Қызықстан бағдарламасы сыйлай алады. Елге Шатақхана, Қызық радиосы
арқылы танылған Нұрлан, Құмар, Дастан, Ақылбек, Дәурен және өзге де
жігіттер енді көрермендерді апта сайын күлкіге қарқ қылып, әзілдерімен
сусындыратын болды. Қазақ телеарнасының ақсайтын тұсы сатиралық бағытты
қолға алған жігіттер ұшқыр қиял, ой тапқырлығын тағы бір мәрте дәлелдеді. 1
сәуір Күлкі күнінің қарсаңында тұсауын кескен аталмыш бағдарлама тың
идеялардың жиынтығы десек артық айтқандық емес. Ең алдымен бұл бағдарламада
жылжымалы студия жұмыс істейді. Яғни түсірілім алаңы ретінде қамыстардың
арасы немесе тау баурайы, үңгірдің іші таңдалынып алынады.
Қазақстанның әсем, көрікті жерлерін камераға түсіруді басты назарға алған
түсіру тобы алғашқы жолсапарын Қордай, Рабат, Сарыағаш, Меркіден бастады.
Келесі сапарға дайындық үстіндегі жігіттерді біраз әңгімеге тарттық.
Нұрлан Қоянбаев (бағдарламаның Бас продюсері):
- Қыркүйек айында біздің шығармашылық топты Жапонияның Азия Смайл
бағдарламасы түсіруге келген болатын. Сол уақытта шетелдік қонақтарды
Үшқоңырға апарып күткен едік. Қонақтар Қазақстанның табиғатына тамсанып,
Швейцариядан еш кем түспейді деген бағасын беріп кетті. Содан кейін
барлық жігіттер жиналып, жаңа бағдарламаның жобасын жасадық. Басты мақсат
еліміздің көрікті жерлерін камераның назарына алу, Орал мен Алтайды,
Сарыарқа мен Жетісуды таныстыру, - дейді бағдарлама жайлы.
Ақпараттық-сатиралық бағдарлама барысы жеңіл әзілдерден, құнды
ақпараттардан, қызықты сұқбаттар мен күлкілі сауалнамалардан тұрады.
Негізгі аудиториясы әзілді жек көрмейтін, қалжыңдауда дес бермейтін, жанын
күлкімен емдейтін қалың көпшілікке арналған.
- Сіздерді ресейлік Наша Russia бағдарламасының көшірмесі деп жатыр ғой...
Ақылбек Досжанов (бағдарламаның атқарушы продюсері):
- Мен бұл пікірмен жүз пайыз келіспеймін. Ресейлік бағдарламада ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz