Қазақ тілі - қазақ тілінің ұлттық тілі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

<h3>Мазмұны

Кіріспе 3

I-тарау. Қазақ тілінің іс-қағаздар стилі 5

1. 1 Қазақ тілінің-Қазақстан Республикасының 5

1. 2. Іс - қағаздар стилінің ерекшеліктері 11

1. 3 Тілдік норма мен дағды 15

1. 4 Іскерлік қарым - қатынас 16

Қорытынды 18

Пайдаланған әдибиеттер 20

</h3>
<h4>Кіріспе

Дамыған тілдердің негізгі белгілерінің бірі - сөз байлығы. Сөз байлығы дегеніміз тек сандық көрсеткіш қана емес. Ол ең алдымен сөз алуандығы деген ұғымды қамтиді.

Әдетте, тілде ақиқат дүниедегі әрбір зат, құбылыстың бас-басына телінген атаулары бар. Ол әрбір затты даралап көрсетеді (әкім, жусан, тағам, саусақ, шынтақ, т. б. ) сонымен қатар, ең бастысы, олардың басын бір ұғымға жинақтайтын яғни, (қара, от, қол тәрізді) атаулардың; деректі атаулармен бірге (мектеп, кітап, т. б. ) бейдерек атаулардың (білім, өнеге, тәрбие, ұғым, өнер т. б. ) сондай-ақ, сезім-күйді көрсететін (монтию, жайраңдау, томсыраю, күлімсіреу, т. б. тәрізді) сөздермен қоса ой-танымдық мазмұндағы (қанағат, абырой, ар-ұят, адамгершілік тәрізді) сөздің болуы қазақ тілі лексикалық жүиесіндегі сөздің алуан түрлілігі сөз байлығының сапасын көрсетеді.

Халықтың тарихи тағылымы, көргені мен көңілге түйгені, логикалық, эстетикалық таным- білім қазақ тілінің сөз байлығында жинақталған.

Қазақ тілі- осылардың субстанциялануы, материализациялануы.

Қазақ тілі-жалпы адамзат өмірінің барлық салаларында жасалған аса маңызды білімді, қорытылған тәжірибелі кемел тіл ретінде өзінің сөздік қоры мен сөздік құрамында жинақталған тіл. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл деген жоғары мәртебеге ие болуы ендігі жерде оның жинақтауыш қызметіне тән мүмкіндіктерді кеңінен аша түспек.

Қазіргі кезде қазақ тілі жаңа бір леппен қайта түлеу, жандану кезеңін бастан кешіруде десек те болады.

Қазақ тілінің күш-құдыретін, нақтылығы мен дәлдігін, ресмилігі мен бейресмилігін тану үшін оның тарихын, көркемдік қуатын, аумақтық таралуын жан-жақты талдауымыз кажет. </h4>

Кемел тілге тән тағы бір негізгі белгі-небір нәзік айырмашылықтарды дәл көрсете алатын тілдік амал-тәсілдердің болуы.

Ең бастысы, тілдік-стильдік құралдардың, амал-тәсілдердің бейтарап, кітаби, сөйлеу тілі деп аталатын үшендік (триадалық) жүйе құруы.

Қазақ әдеби тілінің қарамағындағы құралдардың үшендік жүйесі өз іштерінде әрі қарай тарам-тармақтарға бөлінеді.

Әдеби тілдің кітаби тіл және сөйлеу тіл деп аталатын типтері бар. Ал кітаби тілдің көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль, ресми стиль, публицистикалық стиль деп аталатын салаларға тарамдалуы оның қоғамдық өмірдің барлық саласындағы қарым-қатынастың жүзеге асуын қамтамасыз ете алатынын көрсетеді.

Тілдің кемелдігін танытатын осындай объективті белгілерге қарағанда, қазақ тілі өз мүмкіндігін жарыққа шығарған, яғни құрылым жүйесі дамыған тілдердің санатына жатады. Қазақ тілінің мұндай дәрежеге жетуі, әрине, ондаған, тіпті жүздеген ғасырларда әр түрлі кезеңдерден, қазақ этносының рулық, тайпалық, тайпалық одақ, халық болып қалыптасып, ұлт болып ұюы, ата кәсібі, ата жұрты тарихымен, шаруашылығы, мәдениеті, мемлекеттілігінің болуымен тығыз байланысты. Қазақ тілі әр қилы тарихи кезеңдерден өте келе қазақ халқының ұлттық тілі болып қалыптасты.

<h4>I-тарау. Қазақ тілінің іс-қағаздар стилі

1. 1 Қазақ тілінің-Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік тілі

Қазақ тілі-қазақ тілінің ұлттық тілі. Қазақ тілінің мүмкіншіліктері мен қоғамдық қарым-қатынасын, оның ресми-іскерлік стильдерін сарамалас бұрын, ана тіліміздің ұлттық қайнар көзіне тоқтала кетпесек болмас.

Қазақ тілі-небір күрделі ойды, аса нәзік мағыналық реңктерді дәлме-дәл бере алатындай құрылымы мен жүйесі дамыған, стильдік тармақтары сараланған, сөз байлығы аса мол, ұлттық тіл діңгейіне көтерілген қазақ халқының ұлттық тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Қазақ тілі- әлемдік тіл кеңістігінде қайталамасы жоқ, ғасырлар бойы гуманизм мен прогреске, қазақтардың ұлттық тұтастығымен бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл. </h4>

Қазақ тілінде адамгершілік пен бауырмалшылықты, өнеге мен ізгілікті уағыздайтын небір көркем сөз үлгілері жасалған. Абайдың ойшылдыққа толы ұлы мұрасы, Әуезов сомдаған көркем дүниелер ұлттық шеңберден шығып әлемдік деңгейдегі өркениетке үлес болып қосылуы қазақ тілінің мүмкінділігінің аса зор екенін танытады. Жалпы халықтың қазақ тілінің әдеби тіл, қарапайым сөйлеу тілі, жергілікті сөйлеу тілі (диалект) тәрізді түрлері бар. Жалпы халықтың тілдің жергілікті сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді түрлеріне қарағанда, әдеби тіл өзінің қырын алып, екшелеп, сымбатталғанымен, тіл тұтынушылардың бәріне ортақ нормаларының қалыптасқанымен, функционалдық стильдік тармақтарының саралана түскенімен ерекшеленеді. Жалпы халықтың тілдің ең жоғарғы формасы болып табылатын қазақ әдеби тілі қазақ халқының қоғамдық өмірінің барлық саласында қызмет етеді. Оның қоғамдық өмірінің бұқаралық ақпарат, көркем әдебиет, ғылым-білім, ресми, құқық, саясат салаларында және тұрмыста қолданылатын стилдік тармақтары бар.

Өзінің әлеуметтік мүмкіндігін аша түсу үшін әдеби тілдің нәр алып отыратын қайнар көзі болуға тиіс. Қарапайым сөйлеу тілі қазақ әдеби тілі жергілікті сөйлеу тілі қазақ әдеби тілін байытудың бұлақ көзі болып табылады. Сондай-ақ байырғы кездегі әдеби тілдің үлгілері (жыраулар әдебиеті, эпикалық, тарихи жырлар т. б. ) және бастауыш шағатай, орта азиялық түрік тілінен алынатын қазақ әдеби тілінің баюының көзіне жатады. Қазақ тілі өз буына өзі семіріп, өзі қазанында қайнаған тіл емес. Оның өзгеде ұлт тілдерімен алыс-берісі бар. Сөз қатарына ауыс-түйіс жолмен молаюы, әсіресе, лексика-терминология жүйесінен айқын байқалады.

Әсіресе, ауызша дәстүрде дамыған эпос, тарихи жырлар, ақын-жыраулар поэзиясы тәрізді көркем эпикалық шығармалар мен ұлы Абай бастаған алыптар шоғырының жазба дүниелері стандартты тілдік нормаларды қалыптастыруда рөлі айрықша болды.

Сондықтан да байырғы эпикалық шығармалар мен ақын-жыраулар поэзиясындағы ауызша тіл мен жазба тіл дәстүрлеріндегі сөз үлгілері бүгінгі әдеби тілдің нәр алатын ең басты бұлақтары болып отыр, деген пікірге әбден келісеміз.

Өйткені әдеби тілдің ең жақсы үлгілері жазбаша, ауызша тараған тарихи-мәдени мұраларда ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастығы үзілмей үздіксіз жетіп отырған.

Қазақ әдеби тілін жасаушы - халықтың өзі. Әдеби тілдің қалыптасуы мен дамуына аса көрнекті сөз зергерлері, мәдениет, ағарту, білім мен ғылым, қоғам қайраткерлері ерекше еңбек сіңіріп, көп үлес қосты. Әдеби тілдегі көркем сөз, даналық сөз, танымдық тәрбиелік сөз үлгілерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырды. Тілдік құралдарын саралап, талғап қолданудың үлгісін көрсете отырып, тілдің ішкі мүмкіндіктеріне сүйене келіп, өзінің тыңнан жасаған бедерлі сөз өрнектерімен, әрдайым әдеби тілдің байып, салалық дамуына әсер етті. Сөйтіп, әдеби тілдің дәлдік, өткірлік, байлық, икемділік, серпінділік тәрізді ішкі қуатын шыңдай түсті.

Тілдік ұжымның дүниетануының кеңеюі, ақыл-ойының кемелденуі тілдің құрылыс жүйесінің дамуына әсер етеді. Ал тілдің лексика-грамматикалық құрылым-құрылысындағы сапалық даму қоғамдық ой-сананың түрлерін қалыптастыру мен дамудағы, қоғам , объективті ақиқат туралы әлеуметтік таным-білімді жинақтаудағы, оны шашусыз ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі, тәрбие берудегі, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеудегі тілдің қызметін күшейте түседі.

Сөйтіп қоғам тілді дамытса, өз кезегінде тіл қоғамдық сананың дамуына да ықпалын тигізеді.

Стилистика - тіл білімінің тілдік тәсілдері жүйесін синхрондық және диахрондық жағдайда зерттейтін тіл ғылымының саласы. Стилистиканың қарастыратын мәселесі әр түрлі діңгейдегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мәні мен бояулары, сондай-ақ қарым - қатынастың сан алуан аялары (сфера) мен жағдайларындағы сөздердің қолданылуы, заңдылықтары, әр аяға байланысты қолданыстың пайдалану, ең бастысы - тілдің қолданылуының коммуникативтік заңдылығы мәселелері болып табылады.

Стилистика саласына синтаксистен - кітаби тілден салыстырғанда ауызекі сөйлеу тілі конструкцияларының айырмашылықтары.

- белгілі бір жағдайға байланысты шағын аяда қолданылатын конструкциялардың қолданылуы мен қызметін анықтау

- сөздердің орын тәртібі жайы

- синтаксистік конструкциялардың мәнерлегіштік қасиеттері

- тілдің синтаксистік фигуралары

- семасиологиядан - сөздер мен сөз оралымдарының бейнелілілік, метафоралық белгілерінің негізгі заңдылықтары мен тенденцияларына сипаттама беру

- лексика мен фразеологиядан - жеке сөздер мен фразеологизмдердің қолданылуы мүмкіндіктерін ашу

- фразеологизм тіркестердегі штамптар мен шаьлондардың жұсмалу мүмкіндіктерін анықтау

- тұрақты тіркестердің қолданылу қисындылығы

- морфологиядан септеу мен жіктеуде тұрған сөздердің синонимдік, варианттық мағыналары

- сын есім шырайларын қолдану реттері т. б. мәселелер

стилистикалық тұрғыдан зерттеледі. Осыдан стилистиканың қарастыратын және ол шешуге тиісті мәселелер туындай бастайды. Олар

  1. Кең мағынадағы стиль ұғымына анықтама беру жалпы стиль ұғымының ішінен функциянальдық стильді айқындау; тілдегі стиль мен қолданыс тіліндегі стильдің ара қатынасын нақтылау;
  2. Қарым - қатынастың әр түрлі аясындағы тіл қызметінің заңдылықтарын анықтау;
  3. Фукциялдық стильдерді таныстыру;
  4. Стильистикалық лингвистикалық белгілер мен экстралингвисикалық факторлардың ара қатынастарын белгілеу;
  5. Стильдегі объективті және субъиктивті ұғымдар проблемасы;
  6. Функкциональдық стильдер мен қолданыс тілі түрлерінің ара иқатынастары;
  • табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы;
  • Республиканың барлық аймақтарында таралуы;
  • қоғам өмірінің алуан саласында қызмет етуі;
  • ауызша түрде қызмет етуі;
  • жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай - ақ қазақ тілінің құрылым- жүйесі жетілген, лексика-фразеогиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазбаша және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуін мүмкіндік береді.

<h4>Міне осы айтылғандардың барлығы қазақ тілінің Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне аса қажетті алғышарттардың жеткілікті және қазақ тілінің ішкі әлеуметтік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсетті. </h4>

Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады;

басқару;

ақпарат;

білім беру тәрбие (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғарғы мектеп) ;

ғылым мен техника (ғылыми-зерттеу мекемелерінде) ;

қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолднбалы ғылым, экономика саласында ғалымның жалпыға ортақ

саласында, ғылымының салалық түрлерінде) ;

бұқаралық ақпарат құралдары саласында;

іс жүргізі саласында; мемлекеттік, қоғамдық саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда;

дене тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде;

қоғамдық тамақтандыру орындарында;

мәдени мекемелерде (театр, кино) ;

дипломатиялық қарым - қатынаста;

әскери - партиоттық тәрбие және білім беру ісінде;

шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда;

  1. Лингвистикалық стилистика мен әдебиеттану стилистикасының ара қатынасы;
  2. Стилдердің өзара ықпалы мен тұтастығы;
  3. Көркем әдебиет тілінің функционалдық стильдерге қатынасы;
  4. Стилистикалық нормалар мен олардың тарихи сипатын анықтау;
  5. Стилистикадағы диахрония мен синхрония мәселесі;
  6. Сөйлеу стилі мен функционалдық стилдердің ара қатынасы және т. б.

Бір сөзбен айтқанда ресми іс-қағаздар стилі тулалы іс қозғарда стилистиканы жалпы шолып, өзекті тарамдарына назар аудардық.

Қазақ әдеби тілі - қоғамдық өмірдің әр - алуан саласында қолданылатын, стилдік тармақтары сараланған, мәдени жұртшылықтың бәріне ортақ нормасы бар, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететін тіл.

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекттік тілі.

Қазақ тілінің мемлекттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы - шарттарын атап айтпасқа болмас. Ресми іс - қағаздар стилінің бүгінде жаңа қарқында дамуына еліміздің егемендік алып, жеке мемлекет болуы тікелей әсер етті.

Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995) , Тіл саясаты туралы тұжырымдама (1996) және осыларға негізделген Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңы (1997) республикадағы тілдерден ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастық құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын да көздейді. Республикадағы мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл - қазақ тіліне конституциялық мәртебе берілген.

Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарттары бар. Атап айтқанда:

- сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы;

- өндіріс орындарында;

- Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, республикааралық, конференция, мәжіліс, жиындар және т. б.

Сонымен, қазақ тілі - дәстүрлі, тұрақты, қатаң тіл нормасы бар және стилдік тармақтары бар, жалпы халықтық тілден ұлттық діңгейге көтерілген тіл.

Мемлекеттік тілдің жоғарыда аталған қоғамдық қызметін мінсіз атқаруы үшін оның ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі нормаларын қатаң сақтау, тілдік нормамен байланысты мұндай шаралар мемлекеттік тілдің мәдениетін көтереді.

<h4>1. 2. Іс - қағаздар стилінің ерекшеліктері

Қазақ әдеби тілі қоғамдық өмірдің білім мен ғылым саласында, құқықтық қатынас саласында, бұқаралық ақпарат саласында, әдебиет пен өнер саласында, тұрмыстық қарым - қатынас саласында қызмет етіп, тілдік ұжымның қарым - қатынасын өтейді.

Осымен байланысты қазақ әдеби тілінің бес түрлі стилдік тармақтары қалыптасып сараланған: білім мен ғылым саласында - ғылыми стил, құқықтық салада - ресми іс - қағаздар стилі, әдебиет пен өнерде - көркем әдебиет стилі, бұқаралық ақпарат саласында - публицистикалық стил, тұрмыстық қарым - қатынаста сөйлеу тілі стилі.

Қазақ әдеби тілінің стилдік тармақтары түптеп келгенде, үлкен екі арнаға сияды. Жоғарыда аталған публицистикалық стил, ғылыми стил, ресми стил, көркем әдебиет стилі - кітаби тіл стилі деп аталады. </h4>

Кітаби тілдің осы аталған стилдердің жазбаша және ауызша түрде қызмет атқарады. Ал сөилеу тілінің стилдік тармақтары болмайды. Қарым - қатынас негізінен ауызша түрде жүзеге асады.

Ресми стил - ресми қатынастар аясында қызмет ететін функционалдық стилдердің бірі. Ресми стилдерге тілдік тұрғыдан қойылатын талаптар:

- Түиіндеменің формуласының дәлігі немесе бір мағыналығы;

- Айқындық немесе жүиелілік;

- Логикалық, яғни қайшылықтың болмауы дәлдігі;

- Баяндаудың ықшамдылығы, артық сөздің болмауы.

Таза лингвистикалық тұрғыдан да мәтінге қойылатын талаптар болады.

Лексикада - ресми құжаты іс - қағаздарына тікелей қатысы бар сөздері орнымен қолдануы, көнерген сөздерді бейтарап және кітаби немесе әдеби сөздермен алмастыру.

<h4>Морфология - жалпылық мағына беретін сілтеу есімдіктерін қолданбау.

Синтаксисте - сабақтас құрмалас сөйлемдердің, оның ішінде себеп, мақсат, салдар және шарт бағыныңқыларының көбірек жұмсалуына мүмкіндік беру; мүмкіндігінше қыстырма конструкцияларды қолдануды дағдыға айналдырмау сияқты принциптердің сақталуы.

Іс - қағаздарға арналған жеке сөздер мен сөз тіркестерінен және фразеологизмдер құралатын ресми стилдің шағын түрі (подстиль) . Кеңсе тіліне тән терминдік атаулар: анықтама, сенімхат, өтініш, арыз, т. б.

Сондай - ақ ондай құжаттардың тілінде қалыптасқан сөз оралымдары мен сөйлемдер болады. Кеңсе тіл - таза әдеби тіл. Кеңсе тілінде диалектизмдер, жаргонизмдер, варваризмдер қолданылмайды. Егер ондай сөздер кірістірілген болса, ол - автордың кеңсе тілінің заңдылығы сақталмағанын білдіреді. Тиісті мекеменің, не ұйымның мамандығына байланысты кәсіби сөздердің енгізілуі қажет болып табылады.

Міне, осы тармақта кеңінен жүйелендіріп, тілдің іскерлік жағын қатаң әрі бірізді нормаға түсіру тіл заңдылықтары секілді үнемі даму үстінде болары анық. </h4>

Тілдің кемелдің көрсететін негізгі белгілердің барлығы да қазақ тілінің құрылым жүйесінен толық табылады.

Тілдің дамығанын көрсететін негізгі белгілері:

- Грамматика жүйесінде уақытпен кеңістікке қатысты моральдік мағыналардың бейнеленуі;

- Сан, сапа, себеп - салдарлық, қатыстық, қимылдың өту сипаты сияқты, т. б. граматикалық мағыналарының болуы;

- Граматикалық субъектісі мен объектісінің ара жігінің айқын көрінуі;

- Олардың логикалық субъекті мен объектіден ажыратылуы;

Граматикалық құрылысының ежелден келе жатқан негізгі категориялары қазақ тілінде барынша тұрақты екені көрсетіледі.

Кітаби тілдің де, сөйлеу тілінің де түп нұсқасы - бір тіл. Өйткені қазақ тілініңдыбыстық бірліктері (дыбыстары) , лексика - грамматикалық бірліктері (сөз бен сөз тұлғалары) кітаби тілге де, сөйлеу тіліне ортақ болып келеді. Сондай - ақ кітаби тілдің жазбаша немесе ауызша түріне тән қолданыстардың да өз жүйесі бар. Мұны байқау үшін кітаби тіл реңкіндегі мына тәрізді сөз қолданыстарды салыстырып көрейік:

Елдос Назарұлы оныншы сыныпты үздік бітірді (кітаби тіл) - Елдос оныншы сыныпты беске бітірді (сөйлеу тілі) ;

Елдос кешегі емтиханда қазақ тілі пәнінен үздік баға алды (кітаби тіл) - Елдос Кеше қазақ тілінен бес алды (сөйлеу тілі) ;

Аудан орталығындағы сауда үйін маман құрылысшылар салып жатыр (кітаби тіл) - Аудандағы сауда үйін маман құрылысшылар салыбатыр (сөйлеу тілі) .

Кітаби тілдің ауызша, жазбаша түрінің нормалары, жүйелері ереже түрінде грамматика оқулықтарында, оқу құралдарында, түрлі сөздіктерде көрсетіліп жүр. Сондықтан бұл нормалар заңдастырылған (кодификацияланған) нормалар деп аталады.

Сөйлеу тілінде де норма, белгілі бір жүйе болады.

Бірақ сойлеу тілі нормалары заңдастырылмаған, барынша еркін болады.

Сөз мәдениеті негіздерін игеруде, сөйлеу тілін негізгі тармақтарын тән ерекшеліктерін білу аса қажет. Сондықтан әдеби тілдің сөйлеу тіл мен кітаби тіл түрінде, оның стилдік тармақтарына арнайы тоқталамыз.

Кітаби тіл - жазу дәстүрі арқылы белгілі бір жүйеге түскен, орныққан нормалары, стильдік - жанрлық тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл.

Кітаби тілдің жазбаша және ауызша түрде қызмет ететін бірнеше стильдік тармақтары бар: ресми стиль (іс - қағаздар) ; ғылыми стиль, көркем әдебиет стильі; публистикалық стиль.

Сөйлеу тілі негізінен диалог түрінде болса, кітаби тіл монолог түрінде болады, монолог өзінің мән - мазмұны жағынан сипаттау, баяндау, пайымдау деген мағыналық түрлерге бөлінеді.

Сөйтіп, белгілі бір мәтін, оның сипаттау немесе баяндау, я болмаса пайымдау түрінде айтылады.

<h4>Сипаттауда зат пен құбылыстың негізгі, міндетті белгілері айтылады. Мысалы: Арқасының сарғыш дағы бар, бауыры қоңырқай дақты, қанаты ұзын, бүкіт тұқымдасына жататын жыртқыш құсты ақсары деп атайды (кітаптан) .

Әйгерім отқа жақындап отырғандықтан өңі ажарланып, балқығандай қызара түскен. Үстіндегі қалың қара жіппен тысталған пұшпақ ішігінің айналасына жалпақ құндыз ұстатқан. Ішігінің сәнін бұрама күміс түймеге орнатылған үлкен кесек қызыл маржандар ерекше ажарлап тұр.

Басындағы кимешек шаршысы да ұқыпты сәнмен тартылған, кіршіксізаппақ. </h4>

Бұл күнде тола түскен Әйгерімнің нұрын, сәнді таза киімі, әсіресе көркейткендей (М. Әуезов) .

Баяндауды белгілі бір зат пен құбылысты өзара байланысты, бір - біріне қатыстылығы сөз болады.

Мысалы: Оқымыстылар бұрын атомды заттың бөлінбейтін бөлшегі дейтін. Кеиін оның протонға, нейтронға және электронға бөлінетіндігі анықталды; Әрбір денеде оны құрайтын атомдар үнемі қозғалыста болады (конференциядан) .

Піл ыстық жақта болады, біздің суығымызға шыдай алмайды. Жемі жас ағаштардың жапырағы, жемістері һәм әр түрлі дәмді нәрселер. Жейтін жемін де, басқа нәрселерді де әлгі ұзын мұрнымен алады. Піл сондай түсінікті хайуан, ұстаған адамға тез үйренеді, көп қызмет қылады.

Іс - қағаздар көбінесе, өткен шақ формасында жазылады, айқындап тұратын сөздері жиі кездеседі.

Енді іс-қағаздар стилінің жүйелік әрі қалыптасқан заңдылығына тоқталсақ, онда норма мәселесі өз - өзіне сараланады.

<h4>1. 3 Тілдік норма мен дағды

Тілдік норма дегеніміз - тілдік таңбалар (сөз, қосымша, сөйлем) , тілдік амал - тәсілдердің қолданыстағы бірізділік пен реттілік, білгілі бір тілдік ұжымның «дұрыс» деп таныған жүйесі.

Әдеби тілдің «зағдастырылған» нормасы - сөзді дұрыс қолданудың, громматикалық амал - тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілік таныған, тіл тәжрибесінде сыннан өткен қағидалары. « Тіл мәдениеті » әдеби тілдің нормасы туралы білім саласы ретінде пайда болғаны мәлім. Тілдік норма - әдеби тіл туралы ұғымның ең бір өзекті элементі. Сөйлеуде, жазуда тіл амалдарын дұрыс қолдана білу әдеби тіл нормаларын сақтау дегенде сияды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің рөлі атты қазақ тілінен ғылыми жоба
Телерадио саласындағы тілдік сәйкестіліктің көрінісі: социолингвистикалық талдау
Ұлттық мәдениетіміздің өркендеу тетігі – Тіл
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
«Ана тілі» газетінде термин мәселесінің жазылуы
Тіл, рух туралы түсініктеме
Қазақ әдеби тілін зерттеудің теориялық негіздері
Қазақ халқының ұлттық тілі - қазақ тілі, ұлттың өмір сүруінің барлық саласында пайдаланылатын ана тілі
Мемлекеттік тілді жүргізу тетіктері
Жаһандану үдерісінің ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz