Қазақ зергерлік бұйымдарының түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
1.ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАБИҒАТЫ
1.1. Зергерлік өнердің тарихы
1.2. Қазақ зергерлік бұйымдарының түрлері
2.ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ҮРДІСІ
2.1. Қазақ зергерлік өнерінің аймаққа байланысты түрленуі

2.2. Қазіргі кезеңдегі қазақ зергерінің бағыты.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі: Қазіргі кезеңде қолөнердің көптеген
салаларын зерттеудің ғылым үшін де, күнделікті өмір үшін де маңызы бар.
Қазақ халқының қолөнерін зерттеу ерте кезден барлық ғылым саласының назарын
өзіне аударып келген. Халықтық қолөнері адамдардың көркемдік талғамының
қалыптасуына ерекше әсер етеді. Жалпы қазақ қолөнері өзінің бай тарихымен,
философиялық мазмұнымен, өзіндік ерекшелігімен құнды. Халқымыздың ежелден
келе жатқан, шығу тарихы ғасырлар қойнауынан басталып, бүгінгі заманға өнер
туындысы ретінде көптеген асыл мұралар қалдырған қолөнерінің ең негізгі
саласына жататыны зергерлік өнер. Ұлттық зергерлік бұйымдар халқымыздың
ғасырлар бойы қалыптасқан эстетикалық талғамының жоғарғы екендігін
көрсетеді.
Мақсаты: Ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық қолөнерінің шығу
тегі мен қалыптасу, дамыту ерекшеліктерін айқындау. Қазақ қолөнерінің бір
түрі зергерлік өнерінің бізге мұра етіп жеткізген жәдігерлерін сақтау мен
болашақ ұрпаққа мазмұны мен мәнін, көркем құрылымын практикалық теориялық
жету жолдарын жалғастыру. Оны кейінгі ұрпаққа мұра етіп, өнердің дәстүрлі
сабақтастық жалғасын сақтау.
- зергерлік өнердің тарихымен танысу
- қазақтың дәстүрлі зергерлік өнерінің түрлеріне жалпы шолу
- қазақ зергерлік өнерінің басқа өңірлердегі ерекшеліктерін
сипаттау
- зергерліктің осы замандағы ерекшелігімен танысу

1.1. Зергерлік өнердің тарихы
Қолданбалы қолөнер ежелден келе жатқан түркі халқына тән кәсіп түрі.
Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп
келеді. Қазақтың қолданбалы өнерлерінің ішіндегі ең жоғары дамығаны –
зергерлік.
Археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде ертедегі көшпенділер
заманында кеңінен тараған алтын мен күмістен және басқа түсті металдардан
жасалған көптеген әшекей бұйымдар табылды. Сол табылған заттардың
көпшілігін қас шебердің қолынан шыққан өнер туындылардың қатарына жатқызуға
болады. Ертедегі шеберлердің жұмыс істеуге қолайлы жерлері болмаған. Олар
көбінесе жұмысты озінің отбасының алдында киіз үйдің бір шетінде отырып
жасаған. Шеберлер өзінің жасайтын бұйымдарын өзінің шаруашылықтарына
байланысты етіп жасаған.
Сақ, сармат шеберлері мен зерегерлерінің туындыларын қазақ әшекейлерімен
салыстыра отырып, көне дәстүрдің адам таңғаларлықтай тұстарын аңғарамыз.
Олардан көптеген бұйымдардың композициялық құрылысындағы, ою – өрнектің,
заттарды дайындаудағы көне технологиялық тәсілдердің ерекшеліктерін
көреміз. Сақ дәуірінде дүниеге келген салтанатты бас киім үлгісінің басты
сипаттары қазақтың сәукелесі мен оның әшекейлерінде бүгінге дейін сақталып
келеді. Ғұндар заманындағы әшекейлер мен Батыс Қазақстан, Түркіменстан
зерегерлік бұйымдары өте ұқсас болған. Әсіресе көрнектеу мәнері, зергерлік
бұйымдарды өндіру технологиясы жақын болған.
Ортағасырда зерегерлер қолданбалы өнермен шұғылданғандардың ең ауқаттысы
болып саналады, себебі зерегерлік қолданбалы өнердің ішіндегі ең нәзік өнер
болып саналды. Олар қашау, қалыптау, құю тәсілдерін кеңінен қолданған.
Қыпшақтарда әсіресе металды қашау дамыған. ХI ғасырда Жақсылық қаласында
қазба жұмыстары барысында қола жүзік табылған, онда ежелгі тайпалардың
жазулары болған. XI ғасырдың Отырарда қоладан құйылған белге арналған
белбеулерде араб жазулары кездескен. XIII ғасырдың басында Отырар қазба
жұмыстарының барысында көптеген әшекейлердің түрлері табылған. Қола
білезіктер, маңдайға арналған әшекейлер, түрлі тастардан жасалған
моншақтар.
XVIII – XIX ғасырларда зергерлік әшекейлер, өткен ғасыр дәстүрлерін
сақтай отырып жасалды. Бұл кезде бұйымдар үлкен сұранысқа ие бола отырып
салт – дәстүрмен байланысты болды.
XIX ғасырда зерегерлік өндірісі жоғары дәрежемен бағаланды. XIX – XX
ғасырда өте жоғары қарқынмен өркендей түсті. Талантты қазақ шебеолерінің
бұйымдары Ресей көрмелерінде көрсетіліп отырды. Бұл ғасырда бұйымдар
көбінесе әйел костюмдерімен байланысты болды, тұрмыстың, мәдениет және
көркем талғамның ерекшелігін көрсетті. Қазақ жерінде әшекейлер, дәстүр
бойынша, ұлттық киім – кешектің ажырамас бөлігі болып келді.
Қазақ даласында көркемдік тұрғыдан жетілген зергерлік өнер алғашқы
темір дәуірінде пайда болған. Көптеген археологиялық қазбалар мен
этнографиялық зерттеулер Қазақстан жерінде ерекше шеберлікпен жасалған
бұйымдарды бізге жеткізді. Қарғалы қазынасынан табылған әйелдің бас киімі,
түйенің мүсіні салынған алтын жүзік, алтын сырға, Ақтас-1 қорымынан б.з. 2-
5ғ. жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған. Бұл бұйымдарды әшекейлеуде
де қазіргі қолданып жүрген барлық техникалық тәсілдер қолданылған. Ежелгі
сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалған жүзіктерде, білезіктерде,
алқаларда, шолпыларда мүйіз оюының түрлері, арқардың басы кездескен.
Көшпелі өмір салтына қарамастан зергерлер қымбат бағалы метелдарды өңдеудің
жоғары технологиялық құпияларын меңгерген. Олар әшекейлеудің торлау мен
зерлеу, қараға бояу, оймалау, соғу, керту сияқты сан түрлі тәсілдерін
білген (Самашев З., Жетібаев Ж. Қазақ петроглифтері.).
Зергерлік өнер бойынша зерттеу барысында белгілі этнографтар Е.
Масанов, Х. Арғынбаев, И. В. Захарова, академик, ғалым Ә. Марғұлан, Ш.
Тоқтарбаева, зергер, ұста Д. Шоқпарұлының еңбектері зор.

1.2. Қазақ зергерлік бұйымдардың түрлері
Зергерлік әшекей бұйымдар тек көбінесе байлық пен сәндік үшін көп
қолданылады. Қолөнердің өзге түріне қарағанда зергерлік істің өзіндік
ерекшелігіне қарай кәсіби сипаты болған. Қазақ зергерлері көбінесе қыз-
келіншектердің ажарын ашып, сұлу етіп көрсететін зергерлік, әсемдік
бұйымдар жасаған.Тағылуына қарай зергерлік бұйымдар негізгі алты түрге
бөлінеді: 1)басқа; 2)мойын және кеудеге; 3)иыққа; 4)белге; 5)қолға;
6)аяққа тағылатын бұйымдар. Әр түр өз ішінде бірнеше типтерге, топтарға
бөлінеді.
Мысалы, басқа тағатын әшекейлерге: маңдайлық, төбелік, желкелік,
шекелік, құлаққа тағатын, шашбаулық, мұрынға тағатындар жатады. Зергерлер
жасаған басқа да тұрмысқа қажет түрлі дүниелер ғасырлар бойы адамдардың
тіршілік керегіне жарап қана қоймай, өздерінің әдемі өрнектерімен, сан
қырлы бояу, бедерлерімен талай ұрпақты таңғалдырып, тәрбиелік, танымдық
қызмет атқарып келді.
Қымбат әшекей бұйымдарды-сырға мен жүзік, сақина мен білезік, алқа
мен шолпыларды қалай тағудың өзіндік қатаң қағидасы болған. Қазақ
аруларының басына үкілі сәукеле киіп, құлағына алтын сырға тағуы, саусағына
сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буып, шашына шолпы қадауы
олардың парасатының биіктігі мен эстетикалық талғамының жоғары болғанын
көрсетеді.
Зергерлер негізінен қоғамның барлық әлеуметтік топтарының
сұранысына ие болған әйелдердің әшекей бұйымдарын жасауда эстетикалық жағын
ғана емес сондай-ақ діни-идеологиялық, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік
маңыздықтарын да ескеріп отырған. Негізгі материял ретінде тіл-көзден, бәле-
жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылатын алтынды, көбінесе
күмісті пайдаланған. Бірақ алтынның қасиеті басқа металдарға қарағанда
ерекше деп есептеген. Сәндік бұйымдардың көбінесе металдан жасалуы да
осыған байланысты болған. Анасын, әйелін, қызын ардақтап, қастерлеген халқы
олардың ішкі жан дүниесінің мөлдірлігімен қатар сыртқы келбеті мен
тұлғасының да сұлу болғанын қалаған. Осылайша оларды ажарландыра түсу үшін
сан алуан түрлі зергерлік әшекей бұйымдар да осы металдардан жасалған.
Таза алтыннан құю, соғу әдісімен білезік, сырға, сақина, жүзіктер
жасаған. Зергерлер теңгелермен жамбыларды балқытып құю арқылы өзіне керекті
күміс кесектерін дайындап алған. Оны отқа қыздырып, төс үстіне балғамен
жайлап соғу арқылы әртүрлі зергерлік бұйымдар жасауына немесе күміс кесегін
әбден қақатап жұқартқан соң қиып, темір әшекейлер бетіне күмістеуге болады.
Зергерлік бұйымдардың жарасымдылығы, айбындылығы, монументтілігі
зергердің сан алуан тәсілді кешенді үйлестіре пайдалана алатындығына
тікелей байланысты. Кейбір зергерлік бұйымдарды темірден жасап, сыртын
күміспен жалатып отырған.
Күміс бұйым бетіне қарала жүргізуді де қазақ зергерлері ертеден
білген. Әсіресе Қазақстанның батыс, солтүстік, солтүстік шығыс және орталық
өңірлерінде қаралау тәсілдеріне көп мән берген. Күміс бұйым бетін қаралауды
қара бағдар, қара алтын кейде қара кавказ жүргізу деп те атағанБұлай
аталуының мәні кавказ зергерлерінің әдісіне байланысты болса керек.
Зергерлік бұйымдардың көздеріне шеберлер ақық(агат), теңбіл
тас(сланец), феруза(бирюза), маржан(коралл), лағыл(рубин),
гаухар(бриллиант), меруерт(жемчуг), жақұт(яхонт), жарқырауық және янтарь
тастарды пайдаланған. Әр зергердің өз қолтаңбасы болған шебердің қолын
соған қарап таныған. Зергерлік өнердің бұл құпиялары ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып отырған [1.336-338бб].
Көптеген әшекей бұйымдар ұзатылған қыздың сән-салтанатты жасауы ретінде
қолданылған. Сан ғасырлардың сарабынан өтіп, біздерге қаймағы бұзылмай
жеткен халқымыздың қастерлі де дәстүрлі қолөнері көптеген салаға бөлінеді.
Қазақ зергерлері әсіресе, әйел адамдардың әшекейлі сәндік бұйымдарын асқан
шеберлікпен, зор талғаммен киімге үйлестіре, жас жынысы, қоғамдық
мәртебесі, ғұрыптық қырын ескере отырып тұтынған. Киген киім,оған қадалған
түрлі әсемдік заттар құлаққа таққан, саусаққа салған сәндік бұйымдар
халықтың ертегі әңгімелерінде, ән-жырларында көптеп ұшырасады. Олар:сырға,
білезік, сақина, жүзік, шолпы, шашбау, ілгек, қапсырма (қаптырма), алқа,
өңіржиек, түйме, шеттік және тағыда басқа бұйымдар.
Дәстүрлі қазақ тұрмысында тастарға деген оң көзқарас бүгінге дейін
сақталып отыр. Інжу көзге түскен катарактаны, янтарь зоб ауыруын емдейді
десе, маржан көзбен тіл тиюден сақтайды, қарғыстан қорғайды, перуза бақыт
әкеледі дейді.
Зергерлер қолынан шыққан әшекей бұйымдар да көбіне бас киімде кеңінен
көрініс табады, соның ішінде әсіресе сәукеле. Тек сәукелеге ғана тағылатын
емес, әйел баскиімдерінің әшекейлері сан алуан:жақ моншақтар. Алтын,
күмітен жасалған жақ моншақтарды зергерлер жібек жіптерге тізіп, асыл
тастармен бұршақтап, үзбелеп жасайды.
Тілші-ғалым Р.Н.Шойбеков еңбектерінде бұған қоса баскиім әшекейінің
төмендегі түрлері аталады:
Былқылдақ- әйел баскиіміне тағатын үлкен моншақ, маржан.
Есектас- көз тимесін деген ырыммен жас баланың бөркіне тағуға арнап
өңделген, жонынан қырылған көк тас, әшекей.
Жырға- сәукеленің моншағы, шұбыртпасы, салпыншағы, жырға, әдетте көп
салпыншақтардан құралып, баскиімнің екі жағынан кеудеге төгіліп тұрады.
Қозалы үкі- бөрікке қадайтын үкі қауырсынын ораған әшекей.
Үкі аяқ- жоғарғы жағына асыл тас орнатып, төменгі жағын күміспен
күптеп, баскиімге, бесікке тағатын әшекей. Ертеде үкі киелі құс саналып,
оның аяғын, қауырсынын тұмар орнына тұтынған.
Шеттік- кимешектің жағына қадайтын күміс.
Көзотаға- көбінесе ер адамдардың бас киіміне қадайтын меруер, асыл
тас. Оны қарапайым кісілер емес, қызмет дәрежесі жоғары, лауазымды, текті
адамдар таққан: - Алтынды күрме киемін,
Айтулы төре боламын.
Көзотаға тағынып,
Көріне төре боламын
(Көктайдың ертегісі Манас
жырынан Шоқан Уәлиханов жазып алған бөлігі. Алматы, 1973,13-
14бет).

Шоқ- баскиімге тағатын алтын әшекей, асыл тас. Ал бұрама шоқ, үкілі
шоқ-асыл тасты баскиім әшекейлерінің күрделі түрі. Асыл тас қондырып
жасаған бұйымдар сән-салтанатты, оның иесінің қоғамдағы орнын, дәрежесін
білдірген. Қазақ тұрмысында шоқ белбеу, шоқ қондырған баскиім ертеде
тектілікті, лауазымды, дәрежені көрсеткен. Лауазымына қарай асыл тас
түрлері, түстері де әртүрлі болған.
Шырмауық- ілгекті оқа, әшекей, металл ілгекті баскиім әшекейі.
Шытыра- баскиімге, омырауға, аяқ киімге қадайтын, ағашқа, ер-тұрманға
орнататын асыл тасты немесе тассыз әшекей. Шытыралар түріне қарай ақ
шытыра, алтын шытыра, күміс шытыра күмбез шытыра, құмырсқа бел шытыра,
меруерт шытыра деп жіктеледі. [2.338-340бб].

Шашқа тағылатын сәндік бұйымдар.
Шашқа тағылатын сәндік бұйымдарға шашбау, шолпы, шаштеңгелер жатады.
Қазақ халқы әйел шашының ұшында тіршіліктің күші бар деп есептеген.
Қиылған, алынған шашты аяқ астына тастамаған, жинап таза жерге жасырған.
Сондықтан шашты қимай,бұрым етіп өріп, ұшына шолпы не шашбау байлаған.
Шаштың ажарын аша түсетін зергерлік өнер туындысы шашқа тағатын сәндік
бұйымдардың бірнеше түрлері бар.
Қыл шашын байлап қылаңдап,
Шашбауын байлап сылаңдап...

(Қобыланды батыр жырынан.)

Шашбау (1,2-сурет)- өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын,
күміс, тиындар, кейде маржан қадалған ызылған бауы бар сәндік бұйым. Шашбау
көбінесе күмістен қақталып соғылады да, түрлі-түмсті асыл тас орнатылған,
моншақ тізілген ұзын күміс шынжырлы баумен немесе қымбат, берік матадан
ызылып жасалған алтын, күміс жіптермен өрнектеліп, ұзына күміс теңгелерден
шұбыртпа зер шашақтар мен сөлкебайлар(күміс ақша) тағылады. Бұның
шолпыдан өзгешелігі- ол бұрыммен қоса өріліп, теңгелері мен күмістері,
тағымы шаш ұшына байланады. Сұлулар мен бойжеткендерге арналған халық
өлеңдеріндегі Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң, Көрінер қыздар сұлу
шашбауымен, бұрымын кейін сілкіп тастауымен дегені осыдан шыққан.
Шашбау жасалған материалына қарай алтын шашбау, күміс шашбау,
тіллә шашбау деп аталса, жасалу әшекейлеу әдістерін қарай үзбелі шашбау,
шашақты шашбау және тағы басқа түрге бөлінеді. Алпамыс батыр дастанында
айтылатын:
Заманыңда тағыпсың
Тіллә шашбау жар-жар... - дегендегі
шашбау түрі алтын тиындар қадалған тіллә шашбау.
Шашбаудың ең қарапайым түрі қызыл лента немесе ызылған шүберек. Атына
заты сай шашбау - шаштың бауы деген сөзден туындаған.
Шашбау, шолпы сәндік бұйым, әрі бұрымның ұшын бекітеді, әрі өз
салмағымен адам қозғалған сайын шаштың түбін жайлап тартып, бұрымының өзара
өсуіне өз ықпалын тигізеді, әрі массаж жасайды. Ауыр шолпы таққан адамның
басы ауырмайды...
Шашбау пішіндері мен көлемі әйелдің жасына қарай өзгеріп отырады.
Жасы келген әйелдің шашбауы қарапайым болады. Ұшына сандақтың кілтін
байлайтын баулық жасайды. Ерте заманда шашбау шаш арасындағы жын-
шайтандарды қашырады деп есептеген.

Шолпы (3-сурет)
Сол сияқты күміс немесе алтын теңгелер, тиындар қадалған шашбауды шолпы
деп атайды. Себебі бұрымға тағылған шашбаудағы алтын, күміс теңгелерде
шашбау теңселген сайын жалт-жұлт еткендіктен шолпы деп аталса керек. Ол
көбіне ақталған күмістен ұшбұрышты етіп жасалады да, ортасына асыл тас
орнатып, шынжырлап тұмарша, қоза, қоңырау, күміс тиындар тағады. Шолпының
асыл тас қондырылған түрін көзді шолпы дейді. Қозалы шолпы-сәндікке қоза
орнатып жасалған шолпы. Сондай-ақ шолпының қоңыраулы шолпы, салдырмақ шолпы
дегендей түрлері бар.
Бұрымға тағылған шолпы сыңғыры қара ниетті күштерден қорғауды
көздеген. Өйткені халық сенімі бойынша, адамның жарты жаны шашында болады
екен.
Кейде бұрымға тағылатын шолпы мен шашбаулар салмақты болған,
сонысымен ол қыздың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған.
Шолпыны көбінесе жас қыздар мен келіншектер пайдаланады. Егде тартқан
әйелдер қарапайым түрін тағады. Ондай шолпының теңге-тиындары аздау болады.
Кейде теңге орнына әдемілеп, әшекейлеп күмістен әзірленген тіс шұқуыш,
немесе тырнақ тазалағыш, кейде сандықтың кілтін де тағып қояды.
Жас қыздар тағатын шолпы өте көркем әшекейленеді. Олар: үзбелі
шолпы, көзді шолпы, қозалы шолпы, шынжырлы шолпы, қос үзбелі шолпы,
маржанды, меруертті шолпы тағы сол сияқты атала береді. Соларды ішінде
кішкене күміс қоңыраушалы үзбелеп жасалған қоңыраулы шолпы қыздар аяғын
аттаған сайын сыңғырлап, әдемі үйлесім тауып тұрады.

Шолпыны кестелі жіпке қосып та өрген. Тиындардың Бойыңды тік
ұста, Сылдырлатсаң тиыныңды, жоғалтасың сиыңды деген сияқты тәрбиелік
мәні бар сөздерді ескертіп тұрғандай. Шолпы таққан бойжеткендерге денеңді
тік ұстасаң, тиындар сылдырамайды деген шарт қойылған екен. Тиындар кісі
алдынан өткенде сылдыраса, ол үлкен әдепсіздік деп есептелінген.
Мұны байлықтың, баршылықтың белгісіне санаған, шашқа тағылған осы
шолпылар қыз - келіншектер жүріп тұрған кезде күн сәулесіне шағылысып
көздің жауын алған. Сонымен бірге ол иесі қозғалғанда, әсем дыбыстар
шығарып сұлу қыз, кермаралдай керілген кербез келіншектердің әсем жүрісіне
үн қосып, ару сыны мен сымбатын одан әрі ажарлай түскен. Мұндай сұлуды
қазақтар сыңғырлаған күлкісіне сылдырлаған шолпысы үн қосады деп
ардақтаған.
Алаштың ардақтысы Міржақып әкеміз де осы көріністі қалт жібермей:
Шекеде кәмшат бөрік, киген асыл .
Сылдырап алтын шолпы, иықта шаш; - деп
суреттеген.
Шолпы қыздардың бойына ойлылық, зерделілік, биязы мінез
қалыптастырған.

Шаштеңге
Шолпының күміс, алтын теңгелерден тізбелеп жасалған түрін шаштеңге
дейді. Шолпы мен шаштеңге шашпауға немесе бұрымның ұшына байланады.
Шаштеңге таққан қыздар мезгілсіз жүрмейді. Өйткені күміс сыңғыры айтып
қояды.
Арқа тұсындағы шаш өріміне таққан әшекейді арқалық, шүйдеге таққанын
желкелі деп атайды[3.167 б].

...Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күбірлеп шығасың күнде қырға...
дегендей,
Сырға - әйелдің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді, зергерлік бұйым.
Ерте замандарда сүйектен, мүйізден, металдан жасаған. Кейіннен күмістен,
алтыннан асыл тас орнатып жасаған сырғаның сәнді түрлері шыға бастаған.
Көрші қарақалпақтарада мұрынға сырға тағу кең тараған және кейбір өңірдегі
қазақтар да кездескенжәне оны арабек немесе әребекдеп атайды.
Қазақта ертеректе қыз баланы қырқынан шыға салып, құлағының
сырғалығын тары дәнімен уқалап, етін өлтіріп, отқа қарылған инемен тесіп
оған жібек жіп өткізіп, тұйықтап байлап қоятын. Құлақтың тесігі бітеліп
қалмау үшін кейінірек кішкене күміс сырға тағатын. Ол жас нәрестеге тіл-
көз тимесін дегеннен туындаса керек. Бұрын ер баласы тұрмай жүрген немесе
баланы өте кеш көтерген ата-аналар ырым етіп қартайғанда көрген осы ұлымыз
тұрсын,тілден,көзден, әртүрлі жаман күштерден аман болсын деген мақсатпен
оны ұл емес қыз деп құлағына сырға тағып қоятын болған.Баланың буыны бекіп
ер жете бастағанда ғана оны құлағынан шешіп алған.
Қазақ халқында атастырылған қыздың құлағына сырға тағу рәсімі бар.
Ертеде қыздың басы бос, атастырылмаған болса, керегеге, кілемге, тіпті
бақанға сырға іліп қою салты болған. Үйге келген қонақтар немесе жолаушы
ілулі тұрған сырғаны көріп : Бұл үйдің бойжетіп келе жатқан немесе
бойжетіп отырған қызы бар екен,ата-анасы әлі ешкіммен құдаласпапты,қыздың
басы бос екен,-деген ой түйген. Жасалу жолы мен материалына қарай сырғалар
көптеген түрлерге жіктеледі. Соның ішінде сояу сырға-алтын сымнан нәзік те,
әшекейлі етіп жасалған сырға түрі, сояу сырға-сүйектен жасалған сырға.
Бұған қоса асыл тастардан көзі бар сырғалардың түрі көп: маржан, меруерт,
лағын сырғалар.
Сырғалар көлеміне қарай салпыншақты деп те бөлінеді (4 а, 7 а -
сурет). Олар көлемді, әрі ұзын әшекейлері мол болады. Және іші қуыс: төбе,
сабақты сырғаның түрлері бар. Кейбір сабақтардың салпыншақпен жалғасатын
алқаның өзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның зергерлік өнері
Сыныптан тыс үйірме жұмыстарын ұйымдастыру
«Камшат» атты қыздар әшекей бұйымдарының жиынтығы
Зергерлік өнер
Қазақ халқының зергерлік бұйымдары
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Киізден өрнек салып тігілген қоржын
Мектеп оқушылар сәндік қолданбалы өнер үйірмелерінде оқыту әдістемесі
Қазақтың сәндік қолданбалы қол өнері
Қазақ халқының дәстүрлі қолөнер бұйымдарындағы ерлер қолөнері
Пәндер