Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
1.1 Қазақстандағы Банктік жүйенің даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің
құрылуы ... ... ... .7
1.3 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасу
кезеңдері ... ... ... ... 10

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ
2.1 Қазақстан Республикасының банктің қызметтер нарығының даму
тенденциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Темірбанк Акционерлік Қоғамы мен қаржылық қызметінің
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3 Қазақстан Республикасының банктік қызмет нарығындағы проблемалар және
оның шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..30
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі -Қазақстан Республикасындағы банктік
жүйенің даму кезеңдері.
Курстық жұмыстың мақсаты - еліміздегі банктік жүйенің даму кезеңдері
мен олардың даму болашағына сипаттама бере отырып, қазіргі кезеңдердегі
тенденциялары мен ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
-Қазақстандағы Банктік жүйенің даму тарихын зерттеу;
-Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің құрылуына
тоқталу;
-Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасу кезеңдерін анықтау;
-Банк жүйесінің даму өзгерістерін талдау;
-Қазақстан Республикасының банктің қызметтер нарығының даму
тенденцияларын қарастыру;
-Қазақстан Республикасының банктік қызмет нарығындағы проблемалар және
оның шешу жолдарын ұсыну.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта елімізде банктердің дамуы соңғы
20 жыл шамасында көптеген реформалық процесстерді басынан кешірді. Осы
уақыт кезеңінде Қазақстан банктері ТМД елдері арасында көп
ілгерлеушіліктерге артқа басып әлде қайда ұзап алға шықты, дегенмен
еліміздегі банк жүйелері алдыңғы дамыған елдердің банк жүйелерінің
деңгейіне жету үшін көптеген күрделі мәселелерді шешу ең басты да
өзектіліктерге жатады. Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қызметтерін
алып қарайтын болсақ олар бір жақты, яғни банк өзінің клиенттерінің алдында
әрдайым үстемдікке шығып тек рейддерлік операцияларды мақсат тұтады. Мұның
артында елдегі экономикалық жағдайлардың ушығуына алып келуде, әсіресе
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың қиын жағдайда болуына әкелді. Банк
(екінші деңгейдегі банк) – коммерцялық ұйымдар Қазақстан Республикасындағы
банктер мен банк қызметі туралы Заңына сәйкес банктік қызметті жүзеге
асыруға құқық өкілеттігі бар акционерлік қоғам нысанында құрылған
коммерциялық ұйым саналатын заңды тұлға болып табылады. Банктің ресми
мәртебесі заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретінде мемлекеттік
тіркеумен және банктік операцияларды жүргізуге қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (әрі қарай –
уәкілетті орган) берген лицензиясының болуымен айқындалады. Қазақстан
Республикасында екінші деңгейдегі банктердің, олардың филиалдары мен
өкілдіктерінің қызметі заңнамамен және нормативтік құқықтық актілермен
реттеледі. Бұл атап айтқанда: Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметі туралы,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңдары, Қазақстан
Республикасының өзге де заң актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
жөніндегі ҚР Агенттігі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер.

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ

1.1 Қазақстандағы Банктік жүйенің даму тарихы

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,
себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің
тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді.
Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер,
қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер
кіреді.[1.29б].
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие
жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың
монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік
банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен
ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік – қарыздық операциялардың
13 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық
банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекттік банкі тек банктерді ғана емес,
сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді.
1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың
791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал
нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары
дәрежесіне жетті.Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай
ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы, қалалық
қоғамдық банктер.
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен
мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік
банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті
адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен танылды. Ол қарыз
жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917ж Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік
монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен
жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі
бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік
жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік жинақ кассалары болды. Кеңес
үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге: кооперативтік
және жеке, мемлекеттік- капиталисттік, соның ішінде шетел капиталының
қатысуымен де мемлекеттік емес несиелікмекемелер құрылды. 1922 ж.
деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген
несиелік және қарыздық-жинақ серіктестіктері мен олардың одағы
ұйымдастырыла бастады. 1924 ж. ауыл шаруашылық копперацияларына салым
қабылдау,қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік
операцияларды жүргізу рұқсат етілді. 1926 ж. 1сәуір қарсаңынды КСРО-да
16 185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426-несиелік және
қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424 - ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.
1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара
несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік-Шығыс мемлекеттік
–капиталисттік акцияонерлік банк және шерел капиталының қатысуымен
Ресейлік комерциялық банк құрылды.
Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік және
жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл
шаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперациясын қажет етпей, оны 1931 жылы
таратты. Жеке секторда сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара
несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар
қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Всекомбанк,
Орталық ауыл шаруашылық банкі және 1922-1925жж. құрылған басқада банктерге
көшеді [2.219б].
КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жылдары жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО
Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәсіп
құрылыс банкі (Промстройбанк), Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-
әлеуметтік (Жилсоцбанк); КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары
жүйесінің негізінде: Жинақ банк, ал Сыртқы сауда (Внешторгбанк) негізінде:
Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен
ұйымдарға кассалық және несиелік-есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол
елдің Орталық банкі деп жарияланды. Банктік құрылымды қайта құру банк
ісіндегі КСРО Мембанкі монополиясын жоюы керек еді. 1988 жылға дейін КСРО
Мембанкі-Орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметін
атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды.
70-жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң
орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банкті ықпал ету әдістемелерінде
әкімшілік, өктемдік, ұсақ-түйек регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық
органдардың қызметінде де ұсақшыл регаменттеу басым болды. Қалыптасқан ақша-
несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық
қатынастар шарттарына сай келмеді.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан
бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік
жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында, елдегі банктік реформаның
бастамасы болып табылатын Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет
туралы Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық
басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық
Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне,
Агроөнеркәсіпбанк –Қазақстан Республикасы акционерлік-коммер-циялық
Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі – ҚР акционерлік-коммер-циялық Жинақ
банкіне ауысты. 1993ж. бұл банктер акционерлік банктер болып қайта өзгерді,
ал Жинақ банкі ҚР Халықтық банк деген атқа ие болды.

1.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің құрылуы

Қазақстан Республикалық Мемлекеттік Банк кеңсесінің Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі болып ауысуы.
1993 жылғы 13 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы Ұлттық банк туралы Заңы оның міндеттерін, қызметін,
құқықтық мәртебесін, банк жүйесіндегі рөлі мен орнын және Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынасын анықтады.
Ұлттық валютаны енгізген сәттен бастап, Ұлттық банк ақшалай-несиелі
саласының қызмет етуіне, оның бюджет пен банктер арасындағы қарым-
қатынасының экономикалық принциптерін енгізуге және ұлттық валюта-теңгенің
ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз етуге жауап беретін болды.
Ақша айналдыру мен несие берудің тиімді қызмет ететін жүйесі нарықтың
қалыптасуындағы міндетті шарттарының бірі болып табылады. Осы бағыттағы әрі
қарай толық жетілдіру айрықша ұтымды әдістер мен ақшаны реттеу құралдарын
дамытуды қарастыруда құрылған. 1995 жылғы ақпанда директивалық несие беру
тоқтатылып, орталықтандырылған көздер есебінен несие берудің көлемі мен
мерзімі қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен
екінші дәрежелі банктерге ауысты. Олар экономиканы несиелеуді осы мақсатта
тартылып отырған халықтың жинақ ақшасы, шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің еркін қаражаты, банкаралық несие беру және басқа да қорлар
есебінен қамтамасыз етуге тиіс болатын.
Нарыққа көшу жағдайындағы экономиканы басқарудың орталықсыздан-дырылуы
экономиканы басқару тетігіндегі банк жүйесі рөлінің өзгеруін талап етті.
Оның қайта ұйымдастырылуы (жоғарыда айтылғандай) одақтық қаулыны
қабылдануымен басталды.
Қайта ұйымдастырудың бірінші кезеңінде мемлекеттік банктердің жаңа
құрылымы жасалды. Қайта ұйымдастырудың үлгісі: [3.101б].
- екі деңгейлік банк жүйесінің қалыптасуын;
- арнайы бейімделген банктердің толық шаруашылық есепке және өзін өзі
қаржыландыруға көшірілуін;
- шаруашылықтың түрлі салаларындағы кәсіпорындармен несие беру
қатынастарының түрлері мен әдістерін жетілдірілуін қамтыды.
Арнайы бейімделген екінші дәрежелі банктер халық шаруашылық кешендері
мен кәсіпорындарға қызмет көрсетті. Қазақстанда сол атаумен арнайы
бейімделген банктер құрылып, олардың құрамына шеткі аймақтағы бөлімшелер
кірді.
Қайта ұйымдастыру банк қызметін белгілі дәрежеде жандандыра түсті.
Бірақ, ол экономикалық қатынастарға тимегендіктен жағдайды күрт өзгерте
алмады.
Реформаның екінші кезеңіне тән ерекшелігі инициатива төмен жақтан
басталғандығында болып отыр. Бұл кезеңнің негізгі міндеті қаржы ресурсы
қозғалысы саласындағы кәсіпкерлік бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасауды
қамтамасыз ететін айқын ұйымдастырылған нарық құрылымын қалыптастыру болып
табылады. Банктер халық шаруашылығындағы нарық қатынастарының дамуы мен
реттелуінің тіркеу пункітіне айнала бастайды.
Коммерциялық банктер қызметінің мақсаты пайда түсіру болып табылады. Өз
кезегінде бұл клиенттермен қарым-қатынас жасауда икемділік білдіруге,
сонымен қатар, пассивті, активті және комиссиялық-делдалдық операцияларды
жүргізуде іскерлік танытуға мәжбүр етеді.
Коммерциялық банктер клиенттерді, несие ресурстарын өзіне тартуда және
оларды тиімді қолдануда іскерлік бәсекелестіктің даму негізінде қызмет
етеді. Бұл банк көрсететін қызметтерді кеңейтуге және олардың сапасын
арттыруға ықпал етеді.
Коммерциялық мәртебе банкке несие берудің мақсаттарын, шарттарын және
мерзімін, пайыздық төлемдердің көлемін айқындауда, банк қызметінің әртүрлі
үлгілерін дамытуда, түскен табысты пайдалануда, қызметкерлерінің штат
кестесі мен еңбек ақысының көлемін белгілеуде, материалдық-техникалық
базасын нығайтуда және басқа да мәселелерді шешуде дербестік әперді.
Банк реформасының екінші кезеңінде екі мәселе шешілді:
Бірінші-қоғамдық ұдайы өсудің макроэкономикалық пропорцияларына ықпал
етуге мүмкіндік беретін экономикалық әдістердің жаңа ақша-несиелік реттеу
механизмі жасалды.
Екінші-қаржылық қызметтердің пайдаланылуы тиімді нәтиже әкелетін
салаларға еркін құйылуына жағдай жасалды.
Банк реформасының екінші кезеңі барысында банк құрылымы қайта
ұйымдастырылды және несиелік қатынастар сипатына терең өзгерістер жасалды,
несие жұмысының жаңа әдістері енгізілді.
Соның нәтижесінде Қазақстанда екі деңгейлік банк жүйесі қалыптасты.
Бірінші деңгей-Ұлттық банк; екінші деңгей-коммерциялық банктер мен жеке
банк операцияларын жүзеге асыратын басқа қаржы-несиелік мекемелер.
Ұлттық банк мемлекеттің бас банкі болып табылады. Ол өкім етуші және
орындаушы билік органдарға тәуелді емес, экономикалық тұрғыдан дербес және
өзінің шығындарын өз кірістері есебінен жүзеге асырады.
Банк жүйесінің екінші деңгейі тұрғындар мен Республиканың барлық
өңіріндегі шаруашылық субъектілеріне несиелік-есеп айырысу қызметін
көрсетуді қамтамасыз ететін коммерциялық банктердің кең жүйесі арқылы
танылады. Ірі банктер ресурстарының өсуіне корреспонденттік қатынастардың
кеңеюі ықпал етті, банктер арасындағы келісім бойынша оперцияларды өзара
орындау мақсат етілген.
Жеке облыстарда бірнеше банктердің белгілі бір өңірде өздеріне
операциялардың басым көпшілігін топтап, банк капиталының шоғырлануы айрықша
күшті болады.
Банк ісіндегі бәсекелестік халықаралық деңгейге шыға бастады.
Қазақстанның қаржы рыногына өз өкілеттіктерін ашу арқылы шет ел банктерінің
енуі, шет ел капиталын қатыстырып, банктер құрылуы күшейіп келеді.
Осы заңмен банктердің негізгі, соның ішінде ақша-несиелік реттеу
саласындағы міндеттері мен қызметтері, коммерциялық банктер жүзеге асыратын
операциялар тізбесі, сонымен қатар, мемлекет тарапынан коммерциялық банктер
қызметін реттеу принциптері мен әдістері анықталды.
1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк
қызметі туралы Заңымен банктерді құру мен олардың қызметінің қатаң
талаптары бекітіліп, Ұлттық банкке коммерциялық банктердің қызметін реттеу
жөнінде маңызды өкілеттік берілді.
Банк заңдылықтарын жетілдіруде негізгі мақсат банк көрсететін
қызметтердің сапасы мен беріктігі, банк ісі тәжірибесі мен жалпы
мақұлданған стандарттар бойынша банк қызметін реттеуді, ең алдымен банк
қадағалау жөніндегі Базель комитетінің банк қадағалаудағы тиімді
принциптерімен жақындастыру болып қала береді.
Несие жүйесінің төменгі буыны тікелей халық шаруашылығына қызмет
көрсететін және коммерциялық бастама тұрғысында қаржылық қызметтің кең
өрісін ұсына алатын дербес мекемелер жүйесінен құрылады.
Олар банк заңнамасында біріктіріліп коммерциялық банктер деп жалпы
аталатын коммерциялық, кооперативтік және жеке меншік банктері. [4.205б].
Коммерциялық банк термині банк қызметінің ең алғашқы даму кезеңінде
пайда болған. Ол кезде банктер көбінесе сауда, тауар алмасу операциялары
мен төлемдер қызметін көрсететін. Негізгі клиентурасы саудагерлер болатын
(осыдан коммерциялық банк атауы шыққан). Алайда, өнеркәсіп пен басқа
салалардың дамуына байланысты банктер экономиканың өзге салаларына қызмет
көрсете бастады да бірте-бірте банк атауындағы коммерциялық деген термин
өзінің бастапқы мәнін жоғалтты. Ол банктің іскерлік сипатын, оның
шаруашылық агенттіктердің қызмет түріне қарамастан барлығына қызмет
көрсетуге бағытталған әрекетін білдіреді.
Қазақстанда бұрынғы кеңес одағы кеңістігіндегі барлық
мемлекеттердегідей екі деңгейлік банк жүйесі бар. Ол банктер арасындағы
қарым-қатынасты екі тұрғыда құруға негізделеді: көлденен бойынша және
тігінен бойынша. Көлденең бойынша-жетекші, басқарушы ретінде орталық банкке
(Ұлттық банкке) төменгі буындардың-коммерциялық және арнайы бейімделген
банктердің бағыну қатынасы. Тігінен бойынша-түрлі банктер арасындағы тең
құқықты серіктестік қатынасы.

1.3 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері

Сонымен, Республикадағы банк жүйесінің қалыптасу үрдісі үш кезеңнен
тұрады:
1.Бірінші кезеңінде (1988-1991 жылдар аралығында) мемлекеттік салалық
банктерді қайта ұйымдастырып, банк ісінің институттандыру негізі құрылды,
алғашқы коммерциялық банктер пайда болды;
2.Бұл кезең (1992 жылдың соңы мен 1993 жылдар аралығында) инфляция
жағдайындағы банк жүйесінің экстенсивті өсуімен сипатталды. Аталған кезең
нақты пайыздық төлемдердің жағымсыз мәні мен рубль құнының екпінді
төмендеуімен қосталды. Бұл қысқа мерзімді пайдакүнем операциялардан табыс
тапқан көптеген біркүндік банктердің қалыптасуына мүмкіндік тұғызды. Бұған
банк операцияларын орындауға лицензия алуға біршама жеңіл қол жеткізу
мүмкіндіктері болуы мен жарғылық қорының шағын мөлшері де септігін тигізді.
Нәтижесінде банк секторының ұдайы өсу үрдісіндегі рөлі төмендеп кетті.
Екінші кезеңнің негізгі белгілері Ұлттық банктің орталық банк қызметін
орындауға біртіндеп көшуінде және коммерциялық банктердің экстенсивті
қалыптасуы мен өсуінде болды.
3. Банк жүйесі дамуының 1994 жылы басталып, қазіргі кезде жалғасып
жатқан үшінші кезеңі, қаржы саласындағы, содан соң жалпы экономикада
тұрақтандыру үрдісінің дамуымен шартталатын банк жүйесінің қызмет
жағдайындағы өзгерістерге бейімділігімен сипатталады. [5.128б].
Банк жүйесінің қазіргі кезеңдегі дамуы келесі үрдістермен сипатталады:
- банк капиталын шоғырландыру, екінші деңгейдегі банктер ақшасының
капиталға айналу деңгейін көтеру;
- коммерциялық банктер қызметінің сандық көрсеткіштерінің өсуі;
- қаржылай тұрақсыз банктер санының қысқаруы;
- банк секторындағы шет ел капиталы үлесінің қысқартылуы, сондай-ақ
банк капиталындағы мемлекеттік үлестің азаюы;
-банктер қызметінің халықаралық стандартарына жақындатылуы;
Коммерциялық банк-банк жүйесінің элементі болып табылады. Бұл оның
мынадай міндеттерін білдіреді:
-ол бір тұтастың негізгі бөлшегі бола алатын тектік қасиеттерге ие
болуы тиіс (банк статусы, банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы
болуы керек);
-жалпы және арнайы заңдардың, заң нормаларының шамасында қызмет етуі
тиіс;
- өзін өзі реттеуге (қоршаған ортаға бейімделуге және әрекет етуге),
даму мен жетілуге қабілетті болуы тиіс;
-банк жүйесінің басқа да элементтерімен өзара әрекет жасауға тиіс.
Қазақстандағы соңғы уақытта құрылған банктердің барлығының бөлімшелері
жоқ, яғни, банк операцияларының барлық түрі бір банкте шоғырланған.
Басшылық экономикадан нарыққа көшу кезеңіндегі қазіргі банк жүйесінің
құрылу философиясының ең қауіпті ақауы коммерциялық банктердің қызметіне
қатысты негізгі нормативтік актілердің бір мағыналық толықтығында болды.
Яғни, коммерциялық банктерді бірыңғай макроэкономикалық міндеттерді шешуге
көзделген басқару объектілері ретінде, үлкен мазмұнды деп аталатын,
жоғары жақтан қарау.
Нақты тұжырымдалған және айқын белгіленген даму стратегиясының
жоқтығында көрініс тауып отырған, коммерциялық банктердің мәнін, мақсаты
мен міндеттерін түсінбегендік олардың әрекеттеріне деген алаңдатушылық
туғызады. Есеп әп-сәтте түсірілетін пайдаға жасалады да, табысты қалай да
болса шапшаң, жиі өз клиенттері есебінен алуға мәжбүрлейді.
Бұрынғы мемлекеттік банк құрылымдарында монополияландырылған ойлау
кешенінің болуы бір жағынан, және жаңа құрылған коммерциялық банктердің
банктерге тән емес таза коммерциялық қызметтері мен операцияларының басым
болуы екінші жағынан, өзара байланысты экономика институттарының
тізбегіндегі маңызды буын ретіндегі банктің мәні жойылады деген ойды
нығайтуға себеп болады.
Коммерциялық банктерге деген жаңа көзқарас қажет. Олар мемлекеттік-
әкімшіліктен нарықтық қатынастарға көшу дәуірінің ерекше құбылысы ретінде
іштей де, сырттай да парасатты баға алуы тиіс. Коммерциялық банк өзінің
заңдылығы мен ерекшелігі бар тірі оганизм ретінде өзінің жаратылысы, өзінің
мәні мен әлеуметтік экономикалық қызметі түсінігіне сәйкес болуы тиіс.

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ

2.1 Қазақстан Республикасының банктің қызметтер нарығының даму
тенденциялары

Коммерциялық бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен
кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы
мекеме. Коммерциялық банктің пассивті операциялық негізінде оның қызметінің
жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Банк ресурстары термині несиелік ресурсы терминіне қарағанда кең
ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты
басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін
пайдаланылады.
Банк ресурстары нарығы пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы
қалыптасты. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен,
факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады.
Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол
сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді
білдіреді. Ұлттық банкіміз банктердің банкі болып табылатындықтан,
коммерциялық банктер ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған
ресурстардан да құралады.
Демек, комерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық
қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып
ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып
отырады.
Банк ресурстары – бұл банктің пассивті операциялары негізінде
қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін
қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын
банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банк ресурстарының құрылымында
біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден,
коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты
қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен
және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің,
корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды
сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін
алынған тауарлы-материалды құндылдықтар жатады.
Коммерциялық банктер ресурстарының құрылымы олардың мамандануы,
әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады: [6.205б].
1. Банктің меншікті капиталы.
2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да, пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі жоғары. Қаншалықты банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде
құралатындықтан да, оған анықтама беру керек. Қаржы және несие сөздігінде:
пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге
асыруға арналған банктің ресурстарын қалыптастыру операциялары - делінген.
Соңғы оқулықтарға сүйенсек банктің пассивтік операциялары – нәтижесінде
пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін,
яғни пассивтің активтен арту формасын сипаттайтын операциялар білдіреді.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлес тартылған
қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаржаттарға деген
қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған
қаражаттардың үлесіне тиеді.
Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:
1. Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
2. Берілген несиелер;
3. Бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
4. Банктің ғимараты мен жабдықтары.
ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық норматив-терге
сәйкес жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:
▪ Қолма – қол ақшалар;
▪ Мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық
компаниясының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі
жоғары басқа да бағалы қағаздар;
▪ Құйма қымбат металдар;
▪ Ұлттық банктегі Standard & Poors және рейтингтік
агенттердің А төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі баро
бейрезидент – банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;
▪ Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттердің А
төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар ҚР банктерге берген
овернайт займдары.
Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен
пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі::
1-топ. Алғашқы резервтер – бұл алынатын салымдарды төлеуге жәңе несиеге
деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді
активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:
▪ Касса;
▪ Орталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай
қаражаттар;
▪ Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем
құжаттары;
▪ Басқа да коммерціиялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банк өтімділігінің
негізгі көзі болып табылады.
2- топ. Екінші реттегі резервтер - бұл банкке шамалы ғана табыс
әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең
төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма – қол ақшағ айналдыруға
болады. Оларға мыналар жатады: вексельдер және өзге де қысқа мерзімді
бағалы қағаздар; талап етілетін (онкольдық)несиелер; бірінші сыныпты қарыз
алушыларға берілетін несиелер.
Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты – алғашқы
резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады.
3-топ.Банктік активтердің маңызды бөлігі - банктік несиелік портфелі.
Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ
банк пайдасының басты козін құрайды.
4-топқа инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфельді
қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді
бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ
оларды қысқа мерзімге айналдыруды екінші реттегі активтерге қосымша ретінде
болу.
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда Қазақстандық банктерінің активтері мен
пассивтерінің оның ішінде: жіктелінетін активтерді, пассивтерді жаңаша
басқару бөлімшесінің құрылуын қажет деп санаймын. Бұл мәселеге 3 бөлімде
толығырақ тоқталып өтемін.

2.2 Темірбанк АҚ мен қаржылық қызметінің көрсеткіштері

2011 жылдың 1 қаңтарындағы банк секторының жиынтық есептік капиталы
586,9 млрд. теңгені құрады, бір жылда 240,1 млрд. теңгеге өсті немесе 69,2%
-ға көтерілді. Банктің жиынтық активтері 68,0% -дан 4 515,1 млрд. теңгеге
дейін көтерілді, жиынтық міндеттемелері 68,0%-ға көтеріліп, 4073,4 млрд.
теңгені құрады. [7.122б].
Ал, 2011 жылдың басында банктің несиелік портфелінің көрсеткіштерінің
құрылымындағы стандартты несиелердің үлесі 58,2%-ды құрады, күдікті-39,5%,
сенімсіз – 2,3% -ды құрады.
2011 жылы Темірбанк Акционерлік қоғамының заңды және жеке
тұлғаларының жалпы салым сомасы 2 523,0 млрд. теңгені құрады, былтырғы
жылмен салыстырғанда, 56,9%-ға көтерілген. Оның ішінде, заңды тұлғалардың
сомасы 1 926,2 млрд. теңгені құрап, 66,1%-ға көтерілген. Ал, жеке
тұлғалардың сомасы 596,8 млрд. теңгеге яғни, 33,2%-ға көтерілген.
2011 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіштер бойынша, банктің табыс-тарының
жиынтық сомасы 494,6 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда
53,7%-ға көтерілген. Ал, шығыс сомалары 421,3 млрд. теңгені құрап,
былтырғы жылмен салыстырғанда 45,1%-ға көтерілген.
Банктің бөлінбеген таза пайдасы 73,3 млрд. теңгені құрайды және 41.8
млрд. теңгеге көтерілгенін көрсетеді.
Есеп беру кезеңінде қазақстандық банктердің активтері 60,2%-ға өсті
және 2011 жылдың басында 2 687,5 млрд. теңгені құрады.(2010 жылдың басында
1 677,9 млрд. теңге).
2011 жылдың басындағы көрсеткіштер бойынша заңды және жеке тұлғалардың
салымдары 1 186,2 млрд. теңгені құрады( 01.01.2010 жылы 971,3 млрд. теңге
болған).
2011 жылы Темірбанк Акционерлік қоғамының сыртқы активтерінің көлемі
140,6%-ға жетті және 1 194,5 млрд. теңгені құрады немесе жиынтық
активтерден 26,5% -ды құрады. Резидент еместер алдындағы міндеттемелер
көлемі 107,8%- дан 2 046,4 млрд. теңгеге дейін жеткен,олардың жалпы
міндеттемелер көлемі 50,2% -ды құрады.
2011 жылдың 1 наурызына қарай банктік сектордың жиынтық есептік
меншікті капиталы 1 айда 606 млрд. теңгеге немесе 1,9 %-ке ұлғайып, 361,3
млрд теңгені құрды. Темірбанк Акционерлік қоғамының жиынтық активтері
164,1 млрд. теңгеге дейін жетті. Капитал адекваттылығының көрсеткіштері
есеп беру кезеңіне К1 – 0,093; К2 – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Банк және банк жүйесіне сипаттамма
Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер жүйесі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Ақша саясаты
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Қазақстанның қаржы нарығы қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
Пәндер