Мемлекеттік бағалы қағаздар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 3

1 Бағалы қағаздардың экономикадағы рөлі және маңызы

1. 1. Бағалы қағаздар, және олардың түрлері . . . 5

1. 2. Бағалы қағаздар нарығы оның мәні және негізгі белгілері . . . 7

1. 3. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу . . . 8

2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі

2. 1 Мемлекеттік бағалы қағаздар. Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы . . . 13

2. 2 Қазіргі бағалы қағаздар нарығының құқықтық қамтамасыз етілуі . . . 18

2. 3 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының инвестициялық құрылымы . . . 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу процесінің жүруімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу мен экономиканы әкімшіл-әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін еместігін алдын ала анықтап берді. Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі - кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар құқықтарына бөліп беру.

Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді. Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетте түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәләндыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.

Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жүмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсінделікті арттыра түседі жіне ұлттық байлықты басқаруда жеңілдетеді. Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді. Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивиденттер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай-ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.

Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оның өзңнің оған тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар рыногы болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар рыногында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені бағалы қағаздар - бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар рыногының оқшаулануы тап олардың осы қасиетімен айқындалады және рынок бағалы қағаздардың бір иеленушісінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай беруімен сипатталады.

Курстық жүмыстың мақсаты: Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің қызметін реттеу.

Курстық жұмыстың міндеті:

- бағалы қағаздар, және олардың түрлерін анықтау;

- бағалы қағаздар нарығы оның мәні және негізгі белгілерін қарастыру;

- бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу;

- мемлекеттік бағалы қағаздар. Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуын қалыптастыру;

- қазіргі бағалы қағаздар нарығының құқықтық қамтамасыз етілуін қарау;

- Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының инвестициялық құрылымын дамыту.

Зерттеу нысаны . Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік қызмет жағдайы.

Курстық жұмыстың құрылымы : Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Бірінші тарауда жалпы бағалы қағаздар нарығының даму мәселесінің теориялық негіздері, жалпы бағалы қағаздардың экономикадағы ролі маңызы туралы деректер қарастырылып, оларға сипаттама жасау.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейіне дамыту бағыттарын қарастырады.

1 Бағалы қағаздардың экономикадағы рөлі және маңызы

  1. Бағалы қағаздар, және олардың түрлері

Бағалы қағаз қаржылық құжат болып саналады, бұл құжатты шығарушы тұлғамен оның иесі арасындағы иелік ету немесе қарыз алу қатынастарына куәлік ететін құжат. Вексельдер, чектер, акциялар, облигациялар, кепілдеме қағаздары - бағалы қағаздар - қаржылық құжаттардың түрлері. Бағалы қағаздар процент немесе процент төлемдерін алуды және бұл құжаттарда көрсетілген қаржылық құқықтардыбасқа тұлғаларға беруді көздейді. Бағалы қағаздардың ішінде ең көп тараған түрлері - акциялар мен облигациялар.

Акция - бағалы қағаз, акционерлік қоғам капиталына қосқан үлесіне берілген куәлік, қаржылық құжат. Бұл құжат иесіне - дивиденд деп аталатын белгілі табыс мөлшерін алу; компания таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу; фирманың өндірістік - қаржы жағдайын тексеру; қосымша шығарылған акцияларды бірінші кезекте сатып алу құқықтарын береді.

Артықшылық берілген акциялар бойынша дивиденд тұрақты төленеді. Дивиденд алдымен артықшылығы бар акцияларға төленеді, ал адам қалған сома қарапайым акция ұстаушыларға бөлінеді. Бірақ артықшылығы бар акцияларды ұстаушылардың қоғамның ісіне араласу, шешім қабылғанда дауыс беру құқығы жоқ. Тек қарапайым акция ұстаушылардың шешім қабылдағанда дауыс беру құқығы бар.

Акция ұсталушыға арналған акция және атаулы акция болып бөлінеді. Ұсталушыға арналған акция тіркеуді қажет етпейді, олар еркін түрде сатылады.

Акциялардың пайда болуы меншіктік корпоративті формасының қалыптасуына байланысты бұл меншік формасы ауқымының және оған Қажетті қаржының күрт өсуіне байланысты пайда болған. Өте ауқымды да ірі жобаларды іске асыру үшін жеке кәсіпкердің қаражат қоры жеткіліксіз болады. Ол үшін көптеген жекелеген қаржыларды жұмылдырып жұмсау қажет. Соның нәтижесінде акционерлік капитал және меншіктің корпоративтік түрі қалыптасады. Кәсіп орнының акционерлік меншік негізінде ұйымдастырылған түрі қосымша инвестициялар тарту мүмкіншілігін артырады, ал инвесторлар үшін өндіріске капитал қауіпсіз болады.

Акция сияқты облигациялардың да номиналы және нарықтық бағасы болады. Оның наминалына байланысты процентпен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады.

Вексель-қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемделушіге береді. Вексельдің мәні-несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі.

Қорыта айтқанда, банктер вексель бойынша бірнеше түрлі операция жүргізіп, бір жағынан оларды айналым жылдамдығын шапшандатса, екінші жағынан өздеірне пайда түсіреді.

Қаржы өндіріске тікелей салынғандай, оның қарапайым мерзімі ұзақ, ал инвистиуиялау тәуелділігі жоғары болады. Инвестицияның акционерлік формасы бұл мәселені түбегейлі шешеді. Біріншіден, акциянв кез икелген уақыт сатып, жұмсалған ұаржыны қайтарып алуға болыды. Екіншіден, жалпы жауапкершілік көптеген инвесторлар арасында бөлінеді. Сондықтан әр - бір жеке инвестордың жауапкершілігі шектеледі және тәуекелдігі азаяды. Сонымен бірге, кәсіпорындағы жиналған өндіріс ресурстары сақталып қала береді. Егер акционерлер акционерлік капиталдағы өз үлесін қайтарып алғысы келсе, оны ол ақша түрінде алады, өндіріс процессі бұзылмайды.

Акция акционерлік қоғамды басқару құқығын береді. Бірақ, іс жүзінже акционерлік қоғамды ірі акционерлер басқарады, салар ғана кәсіпорынныңң нақты активтеріне иелік етеді. Ұзақ акционерлік үшін акция шешу қаржыны несиеге беру және одан белгілі мөлшерде тадыс алумен шектеледі. Олардың акционерлік капиталдағы үлесі іс жүзінде қабылданған шешімге ықпал жасай алмайды. Көп жағдайда ұсақ акционерлер өздерінің дауыс беру құқығын сенімдік негізінде басқару кеңесіне тапсырады, осңғы кездері Қазақстанада да меншіктің акционерлік түрі қалыптасуда. Осыған байланысты акцияға иелік ету адамдардың, ұжым мүшелерінің шаруашылық белсенділігін арттырады деген пікір көп айтылып жүр. Батыс елдерінің тәжәрбиесіне зер салсақ, бағалы қағаздарға иелік ету адамдардың экономикаға белсенділіген арттырса да, олардың шаруашылық белсенділігіне тікелей әсер ете бермейді. Құныды қағаздың тағы бір маңызды түрі - облигациялар. Олар тұрақты жерде табыс алу құжатын береді, бірақ меншік құқығын анықтамайды. Облигация шектеулі мерзімі соң облигацияның құны толық төленеді. Облигацияны үкімет, кәсіпорындар, әртүллі қорлар және басқа да қаржы - бюджет ұйымдары шығарыды. Облигация бойынша табыс «купондық төлем» деп аталады.

Құрамы нөлге тең облигацияларда да болады. Бұл облигацияларға айналымға шығарғанда номиналынан төмен бағамен сатылады, мерзімі келгенде номиналына сәйкес қайтарып алады.

Жекешелендіруі және акционерлендіруі шешуші рөл атқарады. Қысқа мерзім ішінде жалпы ұлттық шаруалылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінеді. Осының нәтижесінде 2010-2011 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік комерциялық банктің акциялары тіркелді. Бұл жылдары эмисияның жалпы сомасы 110 миллиард сом құрады. Қазақстанның қаржы нарығы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарыды бағалау мақсатында 2001 жылдың маусымында Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкіметтіктері Қазақстанның ұлттық банкіне берілді.

Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар нарығына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағапздар нарығында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсекнді бола түсті.

1. 2 Бағалы қағаздар нарығы оның мәні және негізгі белгілері

Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы алты жылдай уақытты қамтыды. Оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр:

-бастапқы рынок;

-мемлекеттік емес бағалы қағаздар (МЕБҚ) нарығы: бастапқы орналастыру нарығы;

-сатып алу - сату секторы.

-корпарациялық облигациялар нарығы;

-акциялар нарығы.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жасалатын репо - операциялар нарығы.

Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) секторы: МБҚ - ны сатып алу сату секторы;

МБҚ - мен жасалатын репо - операциялар секторы.

Қайталама рыног:

- қор бирждасы

- биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы.

- басқадай сауда - саттықты ұйымдастырушы.

Бағалы қағаздар - иеленушілерге мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауардай құжаттар.

Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүмліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міңдетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәләндіратын белгілі бір жазбалар мен басқада белгілердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесенақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай - ақ бағалы қағаздар белгілі ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуына мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді. Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісім шарттарға негілделеді. Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивиденттер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай -ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.

Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оның өзінің оған төл онда жұмысты ұйымдастырумен ережелері бар нарығы болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табыады, өйткені бағалы қағаздар - бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы топ олардың осы қасиетімен айқындалады және рынок бағалы қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай беруімен сипатталады.

Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қарызсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны - қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаз нарығының дамуы бағалы қағаздың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.

1. 3 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу

Дүние жүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, әлеуметтік бағыттағы рыноктық экономиканың ұйымдық құрылымында бағалы қағаздар нарығының болуының мәні зор. Бағалы қағаздар нарығы - жалпы мемлекеттік инвестициялық саясатпен байланысқан индустрия. Ол тиімді, максималды әрі жедел пайдалануы мақсатында инвестициялық ресурстардың бөлінуін, сонымен қатар оның экономиканың келешекті салаларында шоғырлануын қамтамасыз етеді. Бағалы қағаздар нарығының мәні өндірістің құлдыруына жол бермеуде және қаржы жүйесінің сауықтандыруында маңызды мағынаға ие. Бұл рыноктың дамыған сатысында қоғамдық өндірістің тиімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика жүзеге асады. Қоғамдық өндіріс көбіне қоғамдық сұранысқа сәйкес келеді.

Бағалы қағаздар нарығы нақты меншік иелері ретінде заңды және жеке тұлғалардың белсенділігін арттыруға жасайды. әлеуметтік бағыттағы рыноктың экономика жағдайында ел тұрғындарының әлеуметтік - экономикалық жағдайы басты мәселе. Бағалы қағаздарды шығарушы өндірісін кеңейтуге мүмкіндік беретін қосымша ресурстары боллғанда ғана пайда табады. өндірістің кеңейюі нәтижесінде жаңа жұмыс орындары пайда болады, бұл өз кезегінде экономиканың жоғарлауына және көрсетілген қызмет аймағының кеңейтуіне әкеледі, ал бұл қайтадан жаңа жұмыс орындарының және экономикалық ресурстардың пайда болуын туғызады.

Бағалы қағаздар мемлекеттік және өндірістік тапсырыстарды шешу мақсатында, сонымен қатар шығңындарын жабу мақсатында ресурстарды тарту үшін мемлекеттік және жеке ұйымдар арқылы шығарылады. Бағалы қағаздар нарығының эмиссиясы нәтижесінде алынған қаражаттардың эмитентпен тиімді пайдаланылуы, оның шығарған бағалы қағаздарын сатып алған адамдар үшін тиімді болады.

Жаңадан шығарылған бағалы қағаздар бірінші немесе бастапқы рынокта айтылады. Акциялар мен облигациялар бірінші рынокта сатылғанда эмитент өіне қажетті қаржы рерустарын алады да, бағалы қағаздар бастапқы сатып алушылардың қолына түседі. Бастапқы инвесторлар қолындағы бағалы қағаздарын қайта сатып ақшасын өсіммен қайтарып алады. Бағалы қағаздарды қайта сату олардың қайталама нарығы толық қызмет атқаратын болса, онда бастапқы рынокта тиімді қызмет атқарады. Қайталама рынок механизмі, немесе бағалы қағаздарды кез келген сатып өткізу мүмкіншілігі инвестолрлардың оларға деген сенімін арттырады. Ал бұл қоғам ресурстарын өндірістің дамуына толық жұмылдыруда өз себебін тигізеді.

Қайта сату нарығында бағалы қағаздардың биржалық айналымы жіне биржадан тыс айналымы бөлініп қалыптасады.

Биржаға кез келген компания еркін түрде жіберіле бермейді. Ол үшін биржада тіркелуі борлады. Биржада тіркелуі үшін компания оның заңмен анықталған тәртіптерін орындауы тиіс.

Биржа өзінің беделін сақтау және нығайту мақсатында акцияларды өтімді етуге, оны өздері белгілі де ірі компаниялармен жұмыс істеуге ұмтылады. Егер компания биржада тіркелген болса, онда бұл компанияның акциясы биржалық бағамдама алғанын енмесе акциясы тұрақты сұранымға ие болғанын білдіреді. Кампанияның биржада тіркелуі осы комапнияның қалыптасқан рынокта өз орнын көрсетеді.

Биржаның негізгің белгілері төмендегідей:

- тұрақты және ұйымдастырылған түрде қызмет атқарады;

- сауда келісімдері тауарсыз жүргізеді;

- іскерлік келісімдер бірін бірі алмастырады, тұрақты да жаппай сұранымға ие тауарлар бойынша жасалады.

Бағалы қағаздар нарығынның өркениетті нарығын қалыптастыруда және дамытуда бірқатар ұйымдастырушы - экономикалық мәселелер маңызды. Бәрінен бұл инвестор қаражаттарды салуына негізделген таңдау жасауға мүмкіндік беретін ақпараттардың толықтай ашылуын білдіретін бағалы қағаздар нарығының бірінші нарығына өркениетті келбет беру. Бұған бірінші рынокта болып жатқан жағдайлардың барлығы бағындырылуы керек. Бағалы қағаздар эмиссиясының тіркелу үшін құжаттардың дайындалуы, оның тіркелуі, эмиссия жобасының жариялануы, Бағалы қағаздар нарығынның орналастырылуы және жазылыс нәтижелерінің мемлекеттік органдар тарапынан реттелуі, бақылауы мемлкетпен жүргізілген, сондықтан бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу механизмі келесі бағытта жүзеге асады:

Мемлекет бағалы қағаздар нарығын реттеп ұйымдастыратын заң жүйесін қабылдайды. Бұл заңдар:

- акционерлік қоғамдардың қалыптасу тәртібін анықтайды және реттейді;

- бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан түсетін пайдаға салық кесімдерін реттейді;

- биржаның қызметтін және бағалы қағаздармен жүргізетін операциялар түрлерін анықтайды.

Мемлекеттік мекемелері рынок субъектісі ретінде бағалы қағаздар нарығына шығады. Қаржы ресурстарын жинау үшін мемлекет облигациялар, қазыналық міндеттемелер сияқты бағалы қағаздарды айналымға шығарады.

Ұлттық банктің ақша - несие саясаты арқылы бағалы қағаздар нарығында ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, қор рыныгында жағдай айналымдағы ақша көлемін реттеумен және несиені қолдау саясатымен тығыз байланысты. Ақша массасын қысқа мерзімде реттеу үшін Ұлттық банк қазыналық міндеттемелерді сатады және қайта сатып алады. Бағалы қағаздардың бұл түрін комерциялық банкілерден басқа ірі фирмалар, зейнет ақы қорлары, сақтандыру компаниялары сатып алады. Облигацияды сатып алғанда олар көбіне чек түрінде төлейді ұлттық банк бұл чектерді төлеуге комерциялық банкіге ұсынады, сондықтан олардың төлем қорлары белгілі сомаға қысқарады. Бұл облигациларды Ұлттық банк сатып алғанда коммерциялық банктердің резервтері өседі. Нақты экономикалық жағжайға байланысты мемлекеттік қеғаздар сатылады немесе сатып алынады. Мысалы, елде жұмыссыздық деңгейі жоғары болса, онда банк ашық рынокқа шығып мемлекеттік қағаздарды көптеп сатып алады және сонымен бірге резервтерін арттырады. Бұл өз кезегінде ақшаны арзандатады, несие алу жеңілдейді, іскерлік белсенді лігі артады, инвестиция өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Бағалы қағаздар нарығында Ұлттқы банкінің есептеу пайызы ықпал етеді. Ұлттық банк басқа банктерге несие бере алады. Бұл «міндеттемелерді есептеу» деп аталады. Есептеу келісім, яғни қарыз төлемін төмендетіп Ұлттық банк міндеттемелер есебін қолдайды, оны көтеру арқылы банк бұл ұмтлысты әлсіретеді. Есептеу ставкасы жоғарлаған күні пайыз келісімі өседі, ал акциялар мен облигациялар курсы төмеенді және керісінші, есептеу ставкасы төмендегенде акциялар мен облигациялар курсы өседі.

Міндетті резерв қорларының нормасы да бағалы қағаздар нарығына әсер етеді. Банк несиені тез қысқарту үшін міндетті резерв нормасын өсірді. Ал егер несиені кеңейту қажеттілігі туындаса, банк резерв мөлшерін қысқартады.

Несие ұсынысы өскенде қарыз пайызы төмендейді, ақша алу жеңілдейді. Осы мынадай іс-әрекеттің нәтижесінде, акциялар мен облигациялардың пайызы банк пайызынан жоғары болса, олар күрт көтеріледі.

Резерв нормасы өскен болса, ақша алу қиындайды, қарыз пайызы өседі, ал акциялар мен облигациялардың төлем пайызы төмен болса күрт төмендейді

Банк резевтерін өзгерту қаржы саясатының өте қуатты құралы екені белгілі. Сондықтан, банк міндеттемелерді есептеуу және қысқа мерзімдік облигацияларды сату сияқты емес, резерв нормасын өте сирек екі - үш жылда бір рет ғана өзгертеді.

Ұлттық банктың бағалы қағаздар нарығына ықпал жасау жолымен акцияларды сатып алуға, несие беруге де болады. АҚШ- та федералды резерв жүйесі акция сатып алушылар үшін міндетті түрде өз қорынан төленетін қаржы мөлшерін белгілейді; ал қалған соманы олар несие арқылы төлей алады екен.

Бағалы қағаздар нарығына мемлекет бюджеттің тапшылығыда әсер етеді. Бюджет тапшылығын толтыру мақсатында мемлекет облигациялар шығарады. Осыған байланысты мемлекет қарыз пайызының төмен болуына мүдделі. Банк пайы төмен болғанда, мемлекеттік қағаздарды арзан пайызбен орналастыруға болады. Пайыз мөлшерін төмендету үшін айналымдағы ақша массасын арттыруға тура келеді. Ал бұл болса, жоғары пайызбен шығарылған акциялармен облигациялардың курсын өсіретін болады.

Банктердің, корпарациялардың және тұрғындардың қолында өзгермелі пайызды облигациялар өте көп жиналған жағдайда мемлекет қарыз бойынша пайыз деңгейін төмендетіп ұстап тұру үшін жеңіл несие алу саясытын жүргізеді. Мұндай әрекет бұның алдында келтірілген жағдайда ұқсас, жоғары пайызда акциялармен облигациялардың курсын көтеруі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы мәлімет
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу және оның нәтижелілігін арттыру міндеттері
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Бағалы қағаздар нарығы жайлы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі
Бағалы қағаздар нарығының дамуын мемлекеттік реттеу
Мемлекеттік бағалы қағаздар эмитенті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz