ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МАЗМҰНЫ
бет
КІРІСПЕ
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Экономикалық өсу, оның мәні және көрсеткіштері
2. Экономикалық өсудің типтері және оның ерекшеліктері
3. Экономикалық өсудің факторлары
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТАЛДАУЫ
1. Қазақстан Республикасындағы жалпы ішкі өнімнің дамуының серпігін талдау
2. Қазақстан экономикасының өсу динамикасын талдау
3. Қазақстан Республикасының аймақтық дамуын талдау
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы
экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың
тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.
Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз.
Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.
Осылайша, экономикалық өсу толық жұмысбастылық жағдайындағы
потенциалды өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны болып табылады.
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Міне
осы он тоғыз жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар
жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен
қолданбалылығына тоқталар кез жеттi.
Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта
елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi
Елбасы атап көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы
елдер қатарына қосылуы керек”.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi
жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол
үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк
бағдарламалар немесе стратегиялар қажет.
Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң нақты өсуiмен бағаланады және
оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу
кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы
деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр
экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл
бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық
экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң
алатын орны үлкен болуы керек.
Экономикалық өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң
бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс орнын табу,
жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу
болып табылады.
Халық санының өсуiмен қатар, экономикалық өсу бұл өмiр сүру
деңгейiнiң жоғарылауын қамтамасыз етедi. Осы көрсеткiш бүкiл әлеуметтiк
мәселелердi, жалпы елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн шешетiн көрсеткiш. Оның тиiмдi
болуы үшiн ең алдымен елдегi жүргiзiлiп отырған экономикалық саясат дұрыс
жүргiзiлуi және оның орындалуы үшiн ұлттық экономиканы қолдайтын, ешқандай
жалалы болмайтын нақты экономикалық стратегиялар болуы керек.
Мiне осыдан келiп мен курстық жұмысымның тақырыбын “Экономикалық
өсу және оның типтері мен факторлары” деп алдым.
Бұл тақырыпты алудағы мақсатым жұмыс барысында жалпы экономикалық өсу,
оның үлгілері мен факторлары туралы мәліметтерді қарастыру және сол
деректерді қолдана отырып экономикалық өсудің Қазақстандағы ерекшелiгiн
қарастыру, сондай-ақ дамушы елдердiң жоғары экономикалық өсуге қол
жеткiзген жетiстiктерiн талдап, оны ұлттық экономика дамуына тиiмдi
жақтарын көрсету. Жұмыс барысындағы мiндеттерiме келетiн болсақ,
курстық жұмыстың тақырыбына сай экономикалық өсудің үлгілері мен
факторларын талдау, Қазақстанның жалпы экономикалық өсуін сандық
көрсеткіштер арқылы көрсету, елдiң тұрақты экономикалық өсуiне керi әсерiн
тигiзiп отырған мәселелердi анықтау және оның шешу жолдарын табу.

1.1 Экономикалық өсу, оның мәні және көрсеткіштері
Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын
бейнелейтін маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың "мәңгі"
проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін
іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі.
Экономикалық қсу ұғымы өндірістің нақты қөлемінің қысқа мерзімдік
парықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында
өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің наіты көлемінің ұзақ
мерзімді өзгерістерін білдіреді.
Осы (жаңа) заманғы теория мен практикада "экономикалық
өсу" термині елдің жалпы ішкі өнімнің немесе жалпы ұлттық өнімінің нақты
көлемінің ұлғаюын көрсетеді. Яғни экономикалық өсу пайыздың тұрғыда
есептеледі және өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен салыстырғанда
ЖІӨ не ЖҰӨ көрсеткішінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтау
кезінде ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы
көрсеткішті
есептеуде баға факторын және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз
есептеледі.
Дүниежүзілік банктің ресми анықтамасына сәйкес жалпы
ішкі өнім (ЖІӨ) – нақты елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық
тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құндылығы. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен
айырмасы , жалпы ұлттық өнім сондай-ақ ел азаматтарының шет елдерден алған
табыстарын да қосып, шетелдіктердің елден әкеткен табыстарын шегеріп
тастайды.
Халықаралық практикада ЖІӨ есептеудің үш әдісің
пайдаланады:
1) табыстарды бөлу әдісі. Осы әдіс кезінде ел экономикасынан түскен
табыстар еңбек төлемдеріне, салықтар мен таза пайдаға жұмсалған қаражаттар
түрінде жіктеледі. ЖІӨ есептеу экономикадағы жалақы, капиталға шағылатын
пайыздар, пайда және рента түріндегі барлық табыстарды жиынтықтау жолымен
жүргізіледі;
2) табыстарды пайдалану әдісі. Мұндағы алынған табыстар, оларды түпкілікті
тұтыну мен қор жинауға пайдалану көзқарасы тұрғысынан қаралады. ЖІӨ
тұтынуға, инвестицияларға, мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетулерді
сатып алуына, сондай-ақ таза экспортқа жұмсалған барлық щығыстарды жинақтау
арқылы есептеледі.
3) өндірістік тәсіл – табыстар, тауарлар мен қызмет көрсетулер бағасына
кіретін үстеме құнды, салықтар мен субсидияларды жиынтықтау жолымен ел
экономикасы салаларындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру
сатысында есептеледі .
Осы үшін әдістің үшеуі бойынша есептеп шығарылған
теориялық нәтиже бірдей болуы тиіс, өйткені экономикалық қатынастардың бір
қатысушысы
жұмсалған шығыстар әрқашан екіншісі үшін табыстар болып табылады,
сондықтан бүкіл шығыстардың сомасы барлық табыстардың сомасына тең болуы
тиіс.
"Экономикалық өсу" ұғымы қарапайым ой деңгейінде түсуге
жеңіл ұғым сияқты болып көрінеді. Бірақ экономикалық категория ретінде ол
күрделі ұғым, сондықтан зерттеушілердің әртүрлі пікірлерін қалыптастырып
отыр. Зерттеушілердің пікірлерінің үйлесушілігі тегін емес, өйткені
экономикалық өсу мәселесі көп қырлы, көптеген көрініс белгілері бар
құбылыс. Оның бір ғана белгісін алып, дұрыс тұжырым жасау мүмкін емес.
Себебі бір белгі бойынша экономикалық өсу байқалса, басқа белгілер оны
жоққа шығаруы мүмкін. Әдетте экономикалық статистика мен кейбір оқу
құралдарында экономикалық өсу сандық көрсеткіштер арқылы анықталады
Сандық көрсеткіштердің маңыздылығын жоққа шығармастан,
біз экономикалық өсуді анықтауда олармен шектелмей қежет деп есептейміз.
Экономикалық өсудің сапалық көрсеткіштері бар екендігін ұмытпаған жөнді.
Қазіргі әлемдік дамуда оның осы сапалық белгілерінің маңыздылығы артып
отыр. Ресурстардың шектілігі мен сиректілігі, жоғары технологияларды
коммуникациялық жүйелердің дамуы және тағы басқа факторлар экономикалық
өсудің сапасы мәселесін алғы шепке тартып отыр. Сондықтан "экономикалық
өсу" ұғымын бұрынғыдай тек сандық белгілері арқылы түсіндірген жеткіліксіз.
Экономикалық өсуді зерттеу барысында келесі тағы бір мәселе көлденең
шыға келеді. Сандық жағынан алғанда экономикалық өсу жекеленген
өндірістердің ұлғаймалы ұдайы өндірістерінің жиынтығы, яғни
макроэкономикалық ұлғаймалы ұдайы өндіріс түрінде көрініс табады.
Макроэкономикалық ұлғаймалы ұдайы өндіріс экономикалық өсу деп аталып жүр.
Ал, экономикалық өсу орын алса, барлық жекеленген өндірістер, тауарлар мен
қызметтерді өндіру өсті деп айтуға толық негіз бар ма? Экономикалық даму
барысында кейбір жекеленген өндірістердің немесе салалардың тоқырауы,
материалдық тауарлардың саны қысқарып , қызметтерді өндірудің көлемі өсуі
жиі құбылысқа айналған кездері, немесе тек қана құндық көрсеткіштер өскенде
нақты экономикалық өсу бар деп айта аламыз ба? Міне, жоғарыда көтерілген
осындай сұрақтар экономикалық өсу мәселесінің күрделі мәселе екендігін
білдіреді, сондықтан экономикалық ғылымда әртүрлі көзқарастар қалыптасты.
Экономикалық өсу мәселесі әлі көптеген терең ізденістер
жүргізуді талап етеді. Экономикалық өсу қоғамның экономикалық өмірінің даму
заңы. Экономикалық өсуді тек төменнен жоғары ілгерілеу түрінде қарапайым
түсінбеу керек. Экономикалық өсу барысында оңды үрдістермен қатар
жекеленген керітартпа процесстер да қатар жүріп отырады, жалпы
көрсеткіштердің өсуімен қатар жекеленген көрсеткіштердің нашарлауы да орын
алып отырады. Бірақ, жалпы алғанда экономика өзінің өсу жағдайында жоғары
өрлеп, сандық және сапалық оңды өзгерістерге ұшырып отырады. Экономикалық
өсу құрылымдық өзгерістерге алып келеді және әдетте ол өзі құрылымдық
өзгерістерден басталады. Өйткені экономикалық өсуге сұраным мен ұсыным
факторлары күрделі әсерін тигізіп отырады.
Кез келген елде экономикалық өсу мәселесін шешу барысында
ең алдымен шешілетін басты мәселе жиынтық ішкі өнімді, жиынтық ұлттық
өнімді немесе ұлттық табысты өндіруді қалай және қаншылықты өсіру. Осы
негізгі мәселе төңірегінде экономикалық өсуді қамтамасыз ететін, оған
әсерін тигізетін мәселелер қарастырылады.
Экономикалық өсудің маңыздылығы біздің елде дұрыс
түсініліп, Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатында өзінің лайықты
орнын тапты. Ұзақ мерзімге арналған "Қазақстан2030" стратегиясында ол өте
маңызды экономикалық басылымдылықтардың бірі ретінде қарастырылған.
Экономикалық өсудің маңыздылығы төмендегілермен
анықталады. Біріншіден, экономикалық өсу ұлттық экономиканың оңды,
прогрессивті дамуын және жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік экономикалық
саясаттың дұрыс сипатын шағылыстырады. Екіншіден, экономикалық өсуге қол
жеткен жағдайда жиынтық ішкі өнімнің немесе ұлттық табыстың көлемі өседі,
өткен кезеңге қарағанда осы кезеңде нақты тауарлар мен қызметтерді
өндірудің көлемі артады. Соның негізінде қажеттіліктер бұрынғыға қарағанда
молынан қанағаттандырылады. Экономикалық өсу ең алдымен тауарлар талшылығы
мәселесін, яғни өндірістік мәселелерді шешуге көмектеседі. Үшіншіден,
экономикалық өсу қоғамға экономикалық мәселелерді шешіп алып, әлеуметтік
мәселелерді тиімді шешуге өте мүмкіндіктерін алып береді ( білім беру,
біліктілікті көтеру, денсаулық сақтау, мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту,
халықтың ақуаттылығын көтеру).
Төртіншіден, экономикалық өсу жаңа технологияларды жасау
немесе игеру үшін ғылыми-ізденіс және тәжірибеконструкторлық жұмыстарды
жүргізуге қажетті шығындардың көздерін қалыптастырып береді. Демек, жалпы
алғанда экономикалық өсу қоғамдық шығындарды азайту және қоғамдық еңбек
өнімділігін арттыруға мүмкіндік алып береді.
Бесіншіден, экономикалық өсу қажеттіліктердің өрлеу
заңына сәйкес туындаған жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыруға, сонымен
қатар халақаралық деңгейде де қажеттіліктерді қанағаттандыруға
мүмкіншіліктер алып береді. Ішкі қажеттіліктерден артық өндірілген және
әлемдік рыноктарда сұранымы бар тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығарып,
мемлекет сыртқы рыноктарды игере бастайды. Қазіргі жаһандану процесстері
терең және кең жайылған заманда әлемдік рыноктарды игеру, экспорттық-
импорттық операцияларды жүргізу барысында оңды балансты қамтамасыз етіп
отыру кез келген мемлекетті толғандырып отырған өткір мәселелер.
Экономикалық өсу дегеніміз қоғамдағы экономикалық потенциалды тиімді
пайдалану арқылы жылдан жылға ұлттық өндірістің көлемінің артып отыруы,
қоғамның өндірістік мүмкіншіліктерінің өсуі.
Экономикалық өсу екі тәсілмен өлшенеді:
1. Жалпы ішкі өнімнің немесе ұлттық табыстың нақты өндірісінің өсу
қарқының есептеу арқылы;
2. ЖІӨ-ң немесе ҰТ-ң халықтың жан басына шаққандағы көлемінің өсуін
есептеу арқылы.
Осы екі тәсіл қандай мәселе және қандай мақсатпен
зерттелетініне байланысты қолданылады. Егер экономикалық күшқуаттардың
өсіп-өспеуі, тауарлар мен қызметтерді өндіру барысындағы қалыптасқан
жағдайлар зерттелу қажет болса, онда бірінші тәсіл қолданылады. Ал,
халықтың ақуаттылығының жағдайын анықтау қажет болса, онда екінші тәсіл
қолданылады
Қазақстан бес жылдан астам уақыт бойы биік қарқынмен
дамып келеді: орташа жылдық өсім – 8-10 пайыз. Нәтижесінде экономика
қауіпті жағдайдан құтылып, әлеуметтік мәселелерді тікелей шешуге мүмкіндік
туды. Халықтың тұрмыс жағдайы айтарлықтай жақсаруда. Қазақстан халықтың
ақуаттылығының денгейі жағынан ТМД елдері арасында Ресей Федерациясынан
кейінгі екінші орынға орнықты. Халықаралық ұйымдар экономикалық өсуді
қамтамасыз ету мен рыноктық реформаларды жүргізудің Қазақстандық
тәжірибесін басқа елдерге үлгі ретінде қабылдауға ұсыныс жасады.
Экономикалық өсу қоғамдық өнімді сапалы және сандық
көбейтуімен, сапалы жетілдірілуімен және оның өндірістік факторымен
көрінеді. Экономикалық өсу өзінің көрсетілімін нақты жалпы ұлттық өнімнің
көбеюінен, елдің экономикалық күшінің нығаюынан табады. Экономикалық
өсудың қарқыны нақты жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқынының көрсеткішінің
көмегімен сипатталады-бұл белгілі бір кезеңдегі уақыт ішінде нақты жалпы
ұлттық өнімнің өсуіндегі пайызда көрсетілген.
Экономикалық өсу бірнеше жағдайда пайда болады:
1. пайдаланбайтын ресурстар өндіріске бағытталғанда;
2. өндірістің сандық факторы көбейеді ;
3. өндірістің бар факторлары жақсы технологияларды ашу мен пайдалануға
немесе қызметкерледі жақсы оқытуға орай, одан гөрі өнімді болады .
Бірінші жағдай төменде келтірілген суретпен көрсетіледі.
Экономика ішкі нүкте К-ден шекарадағы өндірістік мүмкіндігі Н нүктесіне
аусады
экономикалық өсу
Қазіргі таңда ел экономикасы қарқынды даму үстінде. Жылдық орташа
экономикалық өсу қарқыны өте жоғары - 9,5-10. 2006 жылдың да қорытындысы
жақсы: ақпарат құралдарына экономикалық өсу 10,6% болды деп хабарланды.
Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады: экономикалық қызметке
жаңа жұмыс күшін тарту және экономикалық белсенді халықтың бұрынғы сондай
санын анағұрлым тиімді пайдаланудың есебінен, яғни экстенсивті және
қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді.
Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі – ұлғайтылған ұдайы
өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам
қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуып қамтамасыз етуге болады.
Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден,
оған техникалық тоқырау кідітісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды
ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы,
материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз
деңгейде қалыпты. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның
себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың
жеткілікті солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайда ұдайы өндіріс жағдайлары
шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті
жолына ұзақ мерзімді бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.
Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің басты айрықша
белгісі – техникалық прогресс базасында өндіріс факторларының тиімділігін
арттыру. Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз құндылығы табиғи
ресурстардың шектеулілігінен туындайтын эконамикалық өсу тосқауылдардын
жеңетіні болып табылады. Қарқынды экономикалық өсу кезінде өндіріс
ауқымдарын ұлғайту анағұрлым ілгерішіл техниканы, озық технологияларды,
ғылым жетістіктерін қолданудың, сондай-ақ кадрлардың біліктіліктерін
арттырудың есебінен жүреді. Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің
ерекшеліктері мынада, мұнда экономиканың өсу қарқынының өте жоғары болуы
мүмкін емес, ал ғылыми-техникалық прогресс жұмыссыздықты тудыруы мүмкін.
Бұл ретте мемлекеттің экономикалық дамуы өндіріс
ресурстарын пайдалану тиімділігінің ұдайы жағдайдарында, яғни өндірістің
қарқынды сипаты кезінде қамтамасыз етіледі.
Экономикалық өсуді сипаттайтын индикаторлар болып
табылатындар: ЖІӨ нақты өсуі, халық табыстарының нақты өсуі, инфляция
деңгейі, валютаның айырбас бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жөне ЖІӨ
қатысты үкіметтің сыртқы борышының деңгейі,елдің сауда !(экспорт, импорт
және сауда сальдосы), экономикаға тартылатын инвестициялардың нақты өсуі,
сондай-ақ экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша
тауарлар және көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсу қарқындары.
1.2 Экономикалық өсудің типтері және оның ерекшеліктері
Экономикалық өсудің негізгі екі типі бар: экстенсивтік және интенсивтік.
Экстенсивті экономикалық өсу дегеніміз өндіріс факторларының санын
арттырып, жаңа өндірістер ашып, жаңа жерлерді игеру, яғни өндіріс
факторларының санын арттыру арқылы ұлттық өндірісті ұлғайту. Әдетте ол
экономикалық өсудің шығындық жолы деп аталады, өйткені қосымша факторларды
өндіріске қосумен сипатталады ( еңбек, капитал, жер, материалдар мен отын-
энергия т.б. ). Экономикалық өсудің типінде, материалдық игіліктер мен
қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілгін
қолдану арқылы жүреді. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу
қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының
арасындағы пропорциялары тұрақты болып саналады.
Интенсивті экономикалық өсу қолдағы бар факторларды тиімді
және үнемді пайдалану арқылы ұлттық өндірісті ұлғайтуды білдіреді. Таза
күйінде қарастырсақ, интенсивті экономикалық өсу жағдайында жаңа завод-
фабрикалар салынбай, қосымша жұмысшылар қабылданбай, жаңа жерлер игерілмей,
ЖІӨ мен ҰТ тек қолдағы бар ресурстарды ғана үнемді пайдалану арқылы
ұлғаяды.
Бірақ нақты өмірде экстенсивті және интенсивті
экономикалық өсу таза күйінде кездеспейді. Олардың элементтері қатар
араласып отырады. Мысалы, экономикасы интенсивті дамып жатқан АҚШ-та,
Жапонияда, ГФР-да, Оңтүстік Кореяда жыл сайын көптеген жаңа завод-
фабрикалар ашылып, қосымша өндіріс факторлары іске қосылып отырады.
Сондықтан елдердің экономикалық өсу типі сипатталғанда,
әдетте негізінен экстенсивті даму, немесе негізінен интенсивті даму деп
бағаланады.
Қазіргі Қазақстан экономикасына негізінен экстенсивті даму
тән болып отырғанына қарамастан ресурстарды үнемдейтін жоғары технологиялар
да өндіріліп жатыр. Ал жақында қабылданған 2015 жылға дейін арналған
Қазақстанның жаңа индустриялық-инновациялық бағдарламасында интенсивті
технологияларды басым ендіру арқылы нақты өндірістерді дамыту, олардың
үлесін арттыру, сөйтіп экономиканың әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыру
көзделген. Ягни экономиканың шекізаттық бағытынан құтылу, ұлттық өндірісті
терең диверсификациялау, экономиканың барлық салаларын жаңа негізде
серпінді дамыту.
Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты оң қозғалысын
және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің
жалпы критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Экономикалық
прогрестің қозғаущы күші қайшылық болады. Өндіріс пен тұтыныс арасындағы
қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы болып табылады. Тұтыныстар өндірісті
ынтыландырады, екінші жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды
қалыптастырады – сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық - оның
қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи
негізі.Кез келген қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар. Жыл
сайын тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады.
Олардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани
игіліктерді қамтамасыз етуі қажет. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе
осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның
өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес,
сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Себебі,
материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық
жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол
жеткізіледі. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың
нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі
бар. Оның артта қалуы XX-шы ғасырдың 50-ші жылдары басталған ғылыми-
техникалық революция дамуының сәйкестігімен байланыстырылады. Экономикалық
өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірістің
интенсификациялау негізінде жүзеге асады.
ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен
жүзеге асып, ол мынаны байқатады:
- еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни
робототехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ
машинасыз технологияны қолдану-өнімді машинаны қолданбай-ақ дайындау
(мұндай технологияларға мынаны жатқызамыз: плазмалық, электронды-сәулелік,
радиациялық, биологиялық және басқа технология түрлері);
-ресурстары сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу
арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат
элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және қоқыс, үйінді тасталуын
жою, яғни қоршаған ортаныластымау.
Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші
орынға санды мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.
Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі- өндірістің
прогрессивті құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес
салмағының артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін ендіруді және
қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Қазіргі жағдайда ғылым ролінің өзгеруімен экономикалық
өсу жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне
айналуы аяқталып келеді. Жоғарыдағы аталған барлық жағдайлар экономика
қозғалысына, экономикалық дамуына жаңа сапалық сыйпат береді.
Экономика өсуінің қайнар көзі - экономикалық ресурстар,
экономикалық мүдделер мен ынталандыру жатады. Олар атқаратын қызметтің
көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша
мүмкіндік жасайды. Нарықтық экономиканың негізін жеке меншік құрайды және
ол әрбір адамның жігер-қайраты арқылы дамып, олардың жеке экономикалық
мүдделерін жүзеге асырады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің негізгі
қайнар көзі- экономикалық саясат және ол қоғамдағы мәуелеп тұрған
тұтыныстарды көп көрсетеді. Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі (
күрделі қаржы) болады. Бүгін салынған қаржы көлемі келешектегі табысты
ұлғайтуды көздейді. Бұған Жапония елі айқын дәлел: халық шаруашылығын
дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция әлемдік қауымдастықта оны
дамыған мемлекеттің қатарына көтерілуге ықпал жасады. Экономикалық өсудің
сапалық жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып табылады. Оның ҒТР
жетістігімен қаруланған білімін, еңбегін де айта аламыз. Сондай-ақ оның
барлық кездегі көп түрлі тұтыныстары әлеуметтік-экономикалық прогрестің
басты критериі болмақ.
1.3 Экономикалық өсудің факторлары
Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар:
- ұсыныс;
- сұраныс;
- бөлу;
Ұсыныс факторлары болып табылатындар:
1. Табиғат ресурстары. Бай табиғат ресурстарына ие болу экономикалық
өсу қарқынына кепілдеме бола алмайды. Оларды ұтымды және тиімді пайдалану
маңызды.
2. Еңбек ресурстары. Экономикалық өсуге жұмыспен қамтамасыз етілу
деңгейі, білім сапасы және жұмысшылар күшін кәсіптік шеберлікке дайындау,
оларды ұтымды пайдалана білу, еңбек өнімділігінің деңгейі, денсаулық
жағдайы және т.б. ықпал етеді.
3. Негізгі капитал. Экономикалық өсуге инвестицияның үнемі көбеюі,
капиталдың жаңаруы және көбеюі, қордың қайтарылымының өсуі және қордың
қарулануы маңызды.
4. Ғылыми-техникалық удеріс. Өнертапқыштық және жаңартпалық, оны
өндіріске енгізу экономикалық өсудің маңызды факторы болады.
5. Қоғамның жиынтық сұранысы. Жиынтықты сұраныстың жоғары деңгейі
кәсіпкерлерді өндірістің көлемін көбейтуге ынталандырады.
Экономикалық өсудің факторларын үш топқа бөлуге болады:
ұсыныс факторы (табиғат ресурстары, еңбек ресурстары, негізгі капиталдың
көлемі, технология); сұраныс факторы (жиынтыұты шығындардың деңгейі) және
бөлу факторы (ресурстарды тиімді пайдалану). Нақ осы факторлар өндірістің
өсуін нақты түрде мүмкін етеді.
Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте
сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс жүзінде ұшы-
қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде
елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық
проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік
салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыруы, өсудің жаңа
үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше,
керексіздерін тежеп отырады.
Экономикалық нақты өсуі сондай-ақ сұраныс факторларына да
байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың
мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарында тұтынушылық,
инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің
есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік
рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.
Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың
өсуіне бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын
осындай факторларға жататындар:
• өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елдегі аймақтар бойынша
нақты бөлу;
• шаруашылық қызмет субъектілерінің арасында табыстарды бөлудің
қоғамда қолданылатын тәртібі.
Экономиканың үдемелі дамуына байланысты мыналар өседі:
1) өндіріс көлемі;
2) елдің әлемдегі беделі;
3) адамдардың материалдық қамтамасыз етілуі, олардың бос уақыты,
білімі және мәдениеті;
4) өндіріс механикаландырылады және автоматтандырылады, еңбек жағдайы
жақсарады және т.б. Бірақ экономикалық өсу тұтастай жағымды үдеріс ретінде
бағаланғанымен, сонымен бірге, кемістіктен де арылмаған. Өндіріс пен
индустрияландырудың жаппай дамуы, а) адамдардың өмір сүретін ортасын
былғауы мен нашарлатуы, ә) қалалардың үлкейіп, оның халқының көбеюімен,
орны толмайтын ресурстарын құрту (көмір, мұнай, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz