Кедейшілік - макроэкономикалық маңызды мәселесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ:

Кіріспе . . . 3

1 бөлім. Кедейшілік - макроэкономикалық маңызды мәселесі . . . 5

1. 1. Кедейшілік және оның өлшемі . . .

1. 2. Кедейшілік - әлеуметтік-экономикалық категория ретінде . . .

2 бөлім. Қазақстандағы кедейшіліктің осы заманғы жағдайы.

2. 1 Қазақстандағы кедейшіліктің қазіргі жай-күйін талдау

2. 2. Қазақстандағы кедейшілік мәселесі және оны шешу жолдары

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе.

Кедейлiк - бұл халықтың белгiлi бiр топтары өмiр сүру құқықтарын iске асыруға байланысты бiрiншi кезектегi физиологиялық қажеттiлiктердi қанағаттандыруда қиындық көретiн, конституциямен бекiтiлген құқықтар мен бостандықтар шеңберiнде қоғам өмiрiне толыққанды қатысу мүмкiндiгiнен айырылатын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс.

Әлем жұртшылығын бүгінгі таңда кедейшілікті азайту мәселесі толғандырып отыр. Дүниежүзілік Банктің (ДБ) 2000-2001ж. ж. Ғалам дамуы туралы баяндамасына жүгінсек : "Асып-тасыған молшылық заманда тақыр кедейлік артып отыр. Жер шарында 6 млрд тұрғынның 2, 8 млрды, демек тең жартсына жуығының бір күндік табысы АҚШ долларына жуық болса, 1, 2 млрд адам, яғни ғалам тұрғындарының бестен бір бөлігінің күн көрісі тіпті 1 АҚШ долларына жетпейді".

Бір ғажабы, кедейлер мен қайыршылардың сары күннен күнге өсіп бара жатқанымен, жер жүзіндегі жалпы өмір сүру деңгейі жақсара түсуде. Дүниежүзілік байлық пен молшылықтың, сондай-ақ, халықаралық байланыстар мен техникалық мүмкіндіктер дамуының арқасында соңғы жылдары адамзаттың өмір сүру деңгейі күрт өскені белгілі. Алайда жер жүзінің әр қилы аймақтарында қайыршылы пен кедейшіліктің кең қанат жаюы әлем байлығының үлесі біркелкі жұмсалмайтындығын дәлелдеп отыр.

Сонымен, кедейшілік пен қайыршылық проблемасы әлем дамының ең күрделі әрі өзекті мәселелерінің бірі. Оның салдарынан балалар өлім-жетімі артып, өмір сүру ұзақтығы азайып, қатерлі инфекциялық аурулар мен сауатсыздықтың етек алатыны белгілі.

Мақсатым : Кедейшілікке қарсы күрес жүргізу - мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі болып танылады. Қазақстанның әрбір аймағына кедейліктің өзіндік деңгейі мен сипаты тән. Сондықтан кедейшілікке қарсы күрестің аймақтық бағдарламаларын дайндағн дұрыс болар еді. Әр аймақтың бағдарламасын жасағанда, оған кіретін барлық аудандарды жеке-жеке зерттеу керек. Оның үстіне ең ауыр әлеуметтік жағдайға тап болған аймақтар мен аудандарды бөліп көрсету керек. Кедейшілікке бөлінетін қарыжатты ең алдымен осы аймақтар мен аудандарға жұмсау керек.

Тақырыптың өзектілігі : Бұл тақырыпта Қазақстанға қаншалықты тән әрі көкейкесті екендігі талқыланады. Онда кедейшіліктің ғаламдық проблема екендігі және түбегейлі өзгерістерді басынан кешіп отырған елдер үшін аса ауыр жағдайда өтетіні туралы сөз болады. Содай-ақ, кедейшілік мәселесін түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастыру тәсілдері (табыс, басты қажеттіліктер және адам потенциалын дамыту көзқарастарынан) келтіріледі.

Зерттеу жұмысының міндеті:

- кедейлікке және оның шығу себептеріне жалпы теориялық сипаттама беру;

- Қазақстандағы экономикалық өсудың кедейлікке тигізетін әсерін қарастыру;

- қоғамдағы кедейліктің аймақтық ерекшеліктерінің өзектілігін жан-жақты қарастыру.

Зерттеу жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасының аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бүгінгі күні ахуалы, сонымен бірге халықтың материалдық қамсыздану деңгейі.

Зерттеу жұмысының пәні: Қазақстандағы кедейліктің шығу мәселелері, ауыл және қала кедейшілік проблемалары, халықтардың табыстарындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздік сонымен қатар, қазіргі нарықтық экономикалық жағдайдағы халықтың әл-ауқатын жақсарту стратегиялары.

Ақпараттық базасы: зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтері, БҰҰ жүргізілген зертеулерінің нәтижелері және кедейшілікпен күресудегі қабылданған бағдарламалардың мәліметтері қолданылды.

Жұмыс құрылымы: екі бөлімнен, кіріспе, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады

Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы - деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.

Елбасының демократиялық ел билеудің дәстүрлеріне жүгініп, реформаны ойдағыдай өрге бастыру үшін жұртшылық пен әрбір азаматты іске жаппай жұмылуға шақыратын саяси бастаманы дер кезінде көтерді. Азаматтық қоғамымыздың кемелділігі де осындай сындарлы бастаманы қаншалықты ұйымшылдықпен қостағанын бүгінгі таңдағы іс - әрекеттер дәлелді айқындап беріп отыр.

1998 жылы Қазақстанда алғаш рет халықтың кедейшілік индексі есептелді. Осы интегралды көрсеткіш Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктерін ескеру арқылы 1 және 2 жоқшылықтар индексі негізінде әзірленді. Бұл жоқшылыктар индексін БҰҰ ДБ ұсынған.

«Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасын белгілегендегі басты мақсат - экономикамызды, соның нәтижесінде қасиетті халқымызды дүние жүзіне паш ету. Халықтың әл - аухатын жақсарту. Рухани және табиғи байлығымызды шашпай - төкпей, ұрпақтан - ұрпаққа аман - есен табыстау. 2030 жылы Қазақстанды «Қазақстан Барысына» айналдыру.

Қазақстан Республикасы үшін, Қазақстан халқының әрбір азаматтары үшін «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының маңызы, мәні өте терең. Себебі, біздің тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биылғы жылы 14 жыл толып отыр. Ол тәуелсіздікке біз қалай қол жеткіздік тарихымыздан аян. Ал, ендігі мәселе Қазақстан Республикасының дамуы қалай қарай жылжып бара жатқандығында . Осының салдарынан экономиканы жоспарлау мәселесі туындады.

«Қазақстан - 2030» - дан кейін қамтылған мәселелері мен қабылданған шешімдерінің және жоспарлау мерзімінің ұзақтығы жағынан үлкен екінші құжат - ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары». Бұл құжатта Қазақстанның 2010 жылға дейінгі даму моделі анықталды. Оның мақсаты - ұзақ мерзімді тұрғыда бәсекеге қабілетті экономиканың негізін қалау делінді. Экономика саласындағы даму моделінде:

  • халықтың тұрмыс - тіршілігін жақсарту;
  • кедейшілікті жою;
  • халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
  • мемлекетті экономикалық өрлеу «локомотивіне» айналдыру;
  • мемлекеттің қатысуымен жүйе түзетін ірі компанияларды құру және оларды аймақтық және мүмкіншілігінше, әлемдік деңгейге шығару;
  • ТМД аймағындағы экономикалық өктемдікке қол жеткізу көзделген.

Кедейлік мәселесі әлемде тарихи дамудың әр кезеңде болған, боладыда. Өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, кедейлік, экономикалық өсу маңызды да өзара тығыз байланысты мәселелер.

Бүгінгі таңда кедейліктің таралу фактілері әлемде үлкен масштабтарға ие. 1, 3 миллиардтан астам адам кедейліктің ең төменгі шегінде. Соңғы 30 жыл ішінде ең бай және ең кедей адамдар қатынасы 30:1 ден 61:1 дейін өсті. 20 пайыздық ең ауқатты адамдардың үлесі 70 пайыздан 85 пайызға өсті, ал ең кедей адамдардың үлесі 2 пайыздан 1, 4 пайызға төмендеді.

Кедейшілік және оның өлшемі

Кедейшілік - бұл терең әлеуметтік-экономикалық және мәдени-психологиялық тамырлары болатын күрделі құбылыс. Кедейшілік уақыт пен кеңістікте салыстырмалы болады. Оны бағалау мен өлшеуді әрбір елдің дамуының тарихи жағдайларын ескеріп өткізу керек.

Кедейшілікті бағалау мен өлшеудің бірнеше ыңғайлары бар: абсолютті, салыстырмалы және субъективті. 1997 жылғы адамның дамуы туралы Баяндамада БҰҰ-ның даму бағдарламасы кедейшілікті адам әлеуетінің даму тұрғысынан қарастыруды ұсынды. Бұл кезде табыстар деңгейі, күнкөріс минимумы, сатпы алу қабілеті сияқты кедейшіліктің дәстүрлі көрсеткіштерімен қатар адамның даму индикаторлары қолданылады (өмірдің күтілетін ұзақтығы, жұмыссыздық, жасөспірімдер мен аналардың өлімі және т. б. ) . Адам дамуының индикаторлары мыңжылдық дамуының Мақсаттары мен міндеттерін қамтиды. Сәйкесінше, есеп беруде Қазақстанда кедейшілікті өлшеу үшін индикаторларының кеңейтілген тізімі ұсынылады.

Күнкөріс минимумы - бұл мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Әлемдік тәжірибеде ол абсолютті кедейшілік ретінде қолданылады және «кедейшілік шегі» деп аталады. Кдейшілік шегі - бұл адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті табыстың минималды деңгейі. Қазақстанда да кедейшілік деңгейін өлшеу үшін күнкөріс минимумы қолданылады. Бірақ экономикалық теңсіздікпен тығыз байланысты болатын кедейшілік қоғамның барлық таптарының әл-ауқат деңгейімен қоса қарастырылуы керек. Есепке сәйкес, Қазақстанда кедейшілік деңгейін төмендетуге бағытталған мемлекеттік саяст тек абсолютті кедейшілік жағдайындағы адамдарға ғана емс, кедейшілікке душар болу тәуекелін болдырмауға да бағытталуы керек. Абсолютті кедей болу тәуекел қапі төнген адамдарды анықтау үшін күнкөріс минимумының екі мөлшеріне тең табыс деңгейінің шекті мөлшерін пайдалану ұсынылады. Табыстардың мұндай дңгейі минималды деңгеден жоғары болса да, қалыпты өмір сүру деңгейін қолдауға қажетті адамның физикалық және ойлау қабілеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Табыстар бойынша негізгі критерийлер - бұл күнкөріс минимумы және кедейшілік шегі. Күнкөріс минимумы кедейшілік деңгейін анықтаудың негізі болып саналады жәнеминималды тұтынушылық қоржыны негізінде есептелінеді, ол 701 пайызға азық-түліктік және 30 пайызға азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтерден тұрады.

Кедейшілік шегі күнкөріс минимумының бір бөлігін құрайды. Бұл көрсеткіш, ең алдымен, адрестік әлеуметтік көмекті көрсетуде мемлекеттің мүмкіндіктерін сипаттайды. Табыстар бойынша кедейшілік индикаторлары - бұл табыстары күнкөріс минимумнан төмен болатын халықтың үлесі, кедейшілік алшақтығы мен өткірлігі.

Табыстық емес кедейшілікті бағалаудың негізгі критерийлері - бұл негізгі әлеуметтік игіліктер мен қызметтердің қол жетерлік минималды деңгейі. Денсаулық сақтау сферасында - бұл жан басына шаққандағы медициналық ұйымдары жоқ қоныстардың саны; білім беруде - бұл балаларды оқумен қамту, мектептері жоқ қоныстардың осаны, білім беру мекемелерінде материалдық көмек көрсетілгендер; әлеуметтік көмек жүйесінде - халықтың осал топтарына көрсетілген көмекпен қамту және оның мөлшері.

Кедейлер үшін әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетерлігінің жанама индикаторлары болып денсаулық, білім, өмірдің орташа ұзақтығы, әлеуметтік деградация (алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелік, қылмыстық) көрсеткіштері, сондай-ақ халықтың көші-қонысының көрсеткіштері табылады. Бірақ бар индикаторлар кедейшіліктің барлық аспектілерін толық көрсетпейді. Физикалық инфрақұрылымның қол жетерлігінің индикаторлары кедейшіліктің коммуникациялардан алшақтық, табиғи немесе энергетикалық ресурстардың шектеулігі сияқты факторларын ашып көрсетеді, бірақ олар қажетті шараларды жасауда жеткіліксіз көлемде қолданылады.

Кедейшілік профилі - бұл кедейшіліктің ең айқын көріністерінің сандық және сапалық сипаттамасы.

Кедейлікті өлшеудің бірнеше тәсілдері бар, олар абсолютті, салыстырмалы және субъективті тәсілдер. 1997 жылдағы адам дамуы туралы Баяндамада БҰҰ даму Бағдарламасы кедейлікті адам дамуы көзқарасы тұрғысынан қарауды ұсынды. Осы контексте табыс деңгейі, күнкөріс минимумы және сатып алу қабілеті сияқты дәстүрлі көрсеткіштермен қатар адам дамуының көрсеткіштері (болжалды өмір ұзақтығы, жұмыссыздық) қолданылады. Адам дамуының көрсеткіштері мыңжылдық дамуының барлық мақсаттары мен міндеттерін қамтиды. Соған сәйкес, есепте Қазақстандағы кедейлік өлшемі индикаторларының жаппай қамтитын тізбесін пайдалану

ұсынылады.

Күнкөріс минимумы - кедейлікті азайту жөніндегі мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құралы. Шын мәнінде әлемде ол абсолюттік кедейліктің критерийі ретінде пайдаланылады да, «кедейлік шегі» деп аталады, ол адамның негізгі мұқтаждарын қанағаттандыруға жарамды ең төменгі табыс деңгейі ұғымын білдіреді. Қазақстанда да күнкөріс минимумы сондай-ақ абсолютті кедейлік деңгейін өлшеу үшін қолданылады. Алайда кедейлік экономикалық теңсіздікпен тығыз байланысты.

Кедейлiк проблемасы экономикалық және әлеуметтiк аспектiлердi, сондай-ақ басқару аспектiсiн қамтиды. Кедейлiк проблемаларының ауқымын осындай аспектiлер тұрғысынан бағалауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштер индикаторлар бола алады.

Табыстар бойынша және мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қызметтер көрсетуге халықтың қол жетiмдiлiгi бойынша кедейлiк өлшемiн бiлуге арналған өлшемдер мен индикаторлар бар.

Табыстар бойынша негiзгi өлшемдер - бұл ең төменгi күнкөрiс деңгейi мен кедейлiк шегi. Кедейлiк деңгейiн анықтауға негiз болып табылатын және ең аз тұтыну қоржыны негiзiнде есептелетiн ең төменгi күнкөрiс деңгейi азық-түлiк тауарларының 70%-ын және азық-түлiк емес тауарлардың 30 пайызын қамтиды.

Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнде азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарларға тұтыну шығындарының нақты арақатынасы 2010 жылы 56, 3/43, 7 болды. Тұтыну қоржыны табысы аз адамдар бюджетiнiң едәуiр бөлiгiн құрап отырған коммуналдық қызметтер көрсету мен көлiк шығындарын толық көрсетпейдi.

2009 жылы белгiленген кедейлiк шегi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 38%-ын, 2010 жылы - 40%-ын құрады. Бұл көрсеткiш, ең алдымен, атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудегi мемлекеттiң экономикалық мүмкiндiктерiн сипаттайды.

Кедейлiктiң табыстар бойынша индикаторлары - бұл табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен халықтың үлесi, кедейлiктiң алшақтығы мен өткiрлiгі.

Кедейлiктi табыстар бойынша ғана бағалап қоймаудың негiзгi өлшемдерi - негiзгi әлеуметтiк игiлiктер мен қызметтер көрсетуге қол жетiмдiлiгiнiң ең төменгi деңгейi. Денсаулық сақтау саласында - бұл халықтың жан басына шаққанда медицина қызметкерлерi мен медициналық ұйымдардың саны, медициналық ұйымдары жоқ елдi мекендер саны; бiлiм беруде - бұл балаларды оқумен қамту, мектептерi жоқ елдi мекендер саны, оқыту жүйесiнен тыс қалған балалар, сондай-ақ бiлiм беру мекемелерiнде материалдық көмек көрсетілген балалар саны; әлеуметтiк көмек жүйесiнде - халықтың әлеуметтiк осал топтарын қамту және оларға көрсетiлетiн көмек мөлшерi.

Денсаулық, бiлiм, алдағы өмiрдiң орташа ұзақтығы, әлеуметтiк азу (маскүнемдiк, нашақорлық, жезөкшелiк, қылмыс жасаушылық) жөнiндегi көрсеткiштер, сондай-ақ халықтың көшi-қоны жөнiндегi көрсеткiштер кедейлер үшiн әлеуметтiк инфрақұрылымға қол жетiмдiлiгiнiң жанама индикаторлары болып табылады.

Алайда орын алып отырған индикаторлар кедейлiктiң барлық аспектiсiн толық көрсетпейдi. Коммуникациялардан шалғайлық, табиғи немесе энергетикалық ресурстардың шектеулiлiгi сияқты кедейлiк факторларын ашуға көмектесетiн нақты инфрақұрылымға қол жетiмдiлiк индикаторлары баршылық, бiрақ қажеттi шаралар әзiрлеу барысында олар жеткiлiктi дәрежеде пайдаланылмайды.

Кедейлiк бейiнi - кедейлiктiң барынша айқын көрiнiстерiнiң сандық және сапалық сипаттамасы. 2010 жылы Қазақстанда ол мынадай деректермен сипатталады:

  • халықтың 28, 4%-ының табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен болды;
  • ел халқының 11, 7%-ының табысы азық-түлiк қоржынының құнынан төмен болды, соның iшiнде Маңғыстау облысында - 26, 7%, Атырау облысында - 21, 6%;
  • халықтың неғұрлым ауқатты 10% және неғұрлым ауқатсыз 10% топтары табыстарының арасалмағы республика бойынша орта есеппен 11, 3 есенi құрады (шектi көрсеткiш - 8 есенi құрайды) ;
  • кедейлiк аумақтар бойынша шалғайдағы ауылдық аудандар мен шағын қалаларда орын алып отыр: ауылда халықтың кедей тобының үлесi орта есеппен - 38, 0%-ды, ал Маңғыстау облысында - 95, 5%-ды құрады; қаладағы кедейлiк негiзiнен тоқырауға ұшыраған шағын қалаларда байқалады;
  • республика бойынша тұтастай алғанда жұмыссыздық деңгейi 10, 4 %-ды құрады;
  • 2001 жылы туберкулезбен ауру 1996 жылмен салыстырғанда 78, 3 %-ға өскен;
  • жүктi әйелдердiң 55%-ға жуығы қаны аздықтан зардап шегуде;
  • табысы аз азаматтардың жалпы санының iшiнде табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен тұрғындардың 48, 1%-ы 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтарында тұрған;
  • 30 мыңнан астам мектеп оқушысы мектепке бару үшiн 3 километрден 40 километрге дейiн жол жүруге мәжбүр болуда, 6 мыңға жуығы жалға алынған пәтерлерде немесе туған-туыстарының үйiнде тұрады;
  • Ішкi iстер министрлiгi тiркеген балалардың мектепке бармау оқиғаларының 75%-ы отбасының жайсыз жай-күйiмен немесе нашар материалдық жағдайымен байланысты болған;
  • қала халқының 14%-ы және ауыл халқының 27%-ы сапалы ауыз суымен қамтамасыз етiлмеген;
  • халықтың 4%-ы тасып әкелiнетiн суды пайдаланады, республиканың оңтүстiк аймақтарындағы кедейлiк, негiзiнен, суландыру үшiн қажет судың болмауымен байланысты;
  • халықтың белгiлi бiр бөлiгi қоршаған ортаның азуы мен ластануынан зардап шегуде.

Кедейлiк кейпi - кедейлiк тұрғысынан алғанда халықтың әлеуметтiк жағынан барынша осал топтарының тiзбесi мен сипаттамасы.

Қазақстанда халықтың әлеуметтiк осал топтарына балалар және көп балалы отбасылар, ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер, оқымайтын және жұмыс iстемейтiн жастар, жалғызiлiктi қарт адамдар, мүгедектер, межелiк топтар (баспанасыздар, пенитенциар жүйесi мекемелерiнен босағандар, босқындар) кiредi.

Балалардың өз жағдайларын өз бетiмен жақсарту мүмкiндiктерi бәрiнен аз. Кедей отбасыларында тұратын балаларға қатысты қамсыздық келешекте кедейлiк ауқымы өсуiнiң асқындауының әсерiне әкелуi мүмкiн. Талдау көп балалы отбасылардың оңтүстiк және батыс аймақтарда, негiзiнен, ауылдық жерлерде шоғырланғанын көрсетiп отыр.

Ұзақ мерзiмдi жұмыссыздық жұмыс күшiнiң белгiлi бiр бөлiгiнiң жас шамасы, бiлiктiлiк, психологиялық өлшемдер бойынша рынок қажеттiлiктерiне сәйкес келмеуiмен, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарда жұмыс орындары санының қысқаруымен, жұмыспен өзiн-өзi қамту мүмкiндiктерiнiң болмауымен байланысты.

Жастар (15-19 жас) экономикалық қауқарсыз халықтың ең үлкен үлесiн (24%), сондай-ақ жұмыссыз халықтың едәуiр үлесiн (12%) құрап отыр. Оқуда жоқ және жұмыссыз жастар нашақорлық, қылмыстылық, жезөкшелiк бойынша қатер тобына түседi.

Жалғызiлiктi қарт адамдардың проблемалары коммуналдық қызметтер көрсетуге, емделуге және басқа осындай шығыстарға шығындардың өсуiнде болып отыр.

Мүгедектердiң мүмкiндiктерi шектеулi болуына байланысты олардың арасында кедейлер қатарына қосылу қаупi аса жоғары.

Межелiк топтарға жататын адамдар санын бағалау мүмкiн болмай отыр. Қоғамның белсендi мүшелерi ретiнде бұл адамдардан қол үзу айрықша алаңдаушылық туғызуда. Халықтың межелiк топтары өздерiнiң халықтың басқа топтарына келеңсiз әсер ету қабiлеттiлiгiнен де ерекше назар аударуды қажет етедi.

Межелiк халықтың саны қала өмiрiне бейiмделе алмаған ауылдан көшушiлер, жұмыссыздар, ашық және астыртын көшiп келушiлер, босқындар есебiнен өсуде.

Қылмыстың өсуi кедейлiктiң негiзгi келеңсiз салдарының бiрi болып табылуда. Заңсыз жолмен табыс табуға мәжбүр болып отырған халықтың табысы аз топтары арасында жалпы қылмыс жасаушылық кеңiнен таралуда.

Мiнез-құлықтың түрлi ауытқулары, оның ең ауыр түрлерi: маскүнемдiк пен нашақорлық кедейлiктiң келеңсiз салдарының бiрi болып табылады.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдар қазiр халықтың мейлiнше әлеуметтiк осал топтары қатарында тұр. Олардың басым көпшiлiгi бостандыққа шыққаннан кейiн кедейлiк шегiнде қалатындықтан, еңбекке және тұрмыстық орналастыруға мұқтаж болуда.

Белгiлi бiр тұрағы жоқ адамдар үшiн әлеуметтiк бейiмдеу орталықтары барлық аймақтарда бірдей жұмыс істемейдi. Елде қазiргi уақытта, шын мәнiнде, мұндай тек 11 орталық жұмыс iстеуде. Ашылған кезiнен 3, 5 мыңға жуық, соның iшiнде бұрын сотталған мыңға жуық адам әлеуметтiк бейiмдеуден өткен.

КЕДЕЙШІЛІК - ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ

Кедейшілік - бұл халықтың белгілі бір топтары конституционалды түрде бекітілген құқықтар мен бостандықтар шеңберінде қоғамның өміріне толық қатысу мүмкіндігінен айырылып, өмірге деген құқықтарын жүзеге асыруда алғашқы кезектегі физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты қиыншылықтарға душар болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Кедейшілік мәселесі экономикалық және әлеуметтік аспектілерді және бақылау аспектісін қамтиды.

Соңғы жылдары қазақстандық экономика тез қарқынмен дамуды, сондықтан ол елдегі кедейшілік деңгейінің төмендеуіне оң әсерін тигізді. Алайда Қазақстан халқының үлкен бөлігі абсолютті кедей, олардың табыстары күнкөріс минимумынан төмен. Сонымен қатар республика халқының жартысына жуығы кедейлер тобына түсу тәуекеліне ие, себебі олардың табыстары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге жеткіліксіз (күнкөріс минимумнан жоғары, бірақ күнкөріс минимумның екі мөлшерінен төмен) . Кедейшілік деңгейі аймақтан аймаққа қарай түрленеді. Ауылдық кедейшіліктің деңгейі қалалықпен салыстырғанда екі есе жоғары. Әйелдер, әдетте, ер адамдарға қарағанда кедейлеу. Табыстары тұтыну қоржынның құнынан төмен болатын халықтың үлесі баяу төмендейді, бұл барабарлы емес тамақтану қаупінің болуын көрсетеді.

Кедейшіліктің негізгі себептері болып жұмыссыздық пен халық табыстарының төмен деңгейі табылады. Еңбек нарығындағы жағдай шиеленісті болып тұр, және ол жұмысбастылық пен табыстардың жалпы өсуіне құарамастан кедейшілік масштабтарының қысқаруына әкелмейді. Қазақстанда жұмысшылардың 44 пайыздан астамы олардың қалыпты өмір сүру деңгейлерін қамтамасыз етпейтін төмен жалақыны алады. Ал табыстары төмен жұмысшылардың үлесі жылдан жылға өзгермейді. Экономика секторыларының көбінде жалақының сатып алу қабілеті төменнен орташаға қарай ауытқиды. Жалақының жоғары сатып алу қабілеті тек қаржылық секторда және мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібінде тіркелген. Өздігінен жұмыспен қамтылғандардың төмен жалақысы және өздігінен жұмыспен қамтылғандарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесімен неғұрлым толық қамту мәселе болып тұр. Мұнда үлкен назарды жастар мен әйелдер арасындағы жұмысбастылық мәселелеріне, сондай-ақ ұзақ мерзімді және ауылдық жұмыссыздық мәселелеріне аудару керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика қазақша
Кедейшілік
Кедейшілік пен қайырымдылық проблемасы
Кедейшілік – әлеуметтік-экономикалық құбылыс
Қазақстандағы кедейшіліктің осы заманғы жағдайы
Жұмыссыздық және оның әлеуметтік - экономикалық салдары туралы ақпарат
Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу
Кедейшілік жайлы
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, оның қазіргі кезеңде Қазақстанда іске асыру мәселелері
Кедейшілік және оның белгілері. Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz