Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1 Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздері . . . 5-12

1. 1Халықаралық экономикалық интеграция мәні, мақсаты және негізгі міндеттері . . . 5-7

1. 2Халықаралық экономикалық интеграцияның даму кезеңдері . . . 7-8

1. 3Елдердің сауда-экономикалық одаққа кіруінің экономикалық салдары . . . 8-10

1. 4Әлемдегі негізгі халықаралық экономикалық интеграциялық топтар . . . 10-12

2 Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық интеграция процестерінің ерекшеліктері . . . 13-28

2. 1Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның

алатын орны . . . 13-16

2. 2 Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграцияның

қажеттілігі және негізгі мәселелері . . . 16-21

2. 3 Еуразиялық экономикалық Қауымдастыққа Қазақстанның

қосқан үлесі . . . 22-28

3 Еуразиялық экономикалық қауымдастығы елдерінің экономикалық сауда қатынастарының даму жолдары . . . 29-39

3. 1 ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ ішкі дамыту жолдары . . . 29-39

Қорытынды . . . 40

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 41

Қосымша . . . 42

Кіріспе

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл - Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В. И. Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.

Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.

Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат қөзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.

Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық - құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік - экономикалық және валюталық - қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда - экономикалық және өндірістік - технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.

Бұл жұмыс КСРО-ның ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейінгі жағдайлардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық рөлі мен орнын, жаңа құрылымдағы заман талабына сай интеграциялық үрдістің жүру жолдарын және сол үрдістегі Қазақстан Республикасының позициясын қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі.

Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар арасында жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариялаған болатын. Содан бері жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда.

Курстық жұмыстың мақсаты - әлемдегі негізгі халықаралық экономикалық интеграцияланушы елдер бірлестігінің жағдайын сараптау, олардың әлемдік нарыққа, әлемдік шаруашылыққа әсерін талдау және оны жан-жақты зерттеу.

1 Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздері

1. 1 Халықаралық экономикалық интеграцияның мәні, мақсаты және негізгі міндеттері

Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар қозғалысының артуының заңдылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көпжақты саяси келісімдер негізінде ғана мүмкін болады.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жетекші индустриалды елдердің қарқынды экономикалық дамуы нәтижесінде және халықаралық транспорт пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне байланысты тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы күрт ұлғайды. Халықаралық сауда бірте-бірте өндіріс факторларының(капитал, жұмысшы күші, технология) халықаралық қозғалысының әр түрлі формаларымен толықтыра бастады.

Сонымен, интеграция (латын тілінен «integer» - толық) - экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.

Халықаралық экономикалық интеграция дегеніміз - экономиканың өзара бейімделуі олардың біртұтас ұдайы өндіріс процесіне енуі. Бұл халықаралық интеграция қатысушы елдердің белгілі бір территориялық, экономикалық, құрылымдық, технологиялық жақындығын көрсетеді және оның аймақтық сипатын түсіндіреді.

Халықаралық экономикалық интеграция шаруашылық өмірдің процесінде ерекше кезең болып табылады. Халықаралық интеграция - бұл біртекті, іштей тұтасқан бірнеше елдерден тұратын шаруашылық организмнің құрылу процесі.

Интеграцияның аймақтық сипаты бар. Ол былай байланысқан, яғни өндірістің интернационализациясы біртегіс жүрмейді және де интеграцияның алғышарттары ең алдымен шаруашылық байланыстары өте тығыз аймақтарда қалыптасады.

Көптеген экономистер мемлекеттер интеграциясының мынадай алғышарттарын бөліп көрсетеді:

  • Интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейі мен нарықтық дәрежесінің бірегейлігі;
  • Елдердің жағрапиялық жақындығы ортақ шекараларының және тарихи қалыптасқан экономикалық байланыстарының болуы;
  • Экономикалық интеграция экономикалық және басқа да жалпыға ортақ сипаттағы, саяси қолдау, экономикалық даму және қаржыландыру, ұйымдастыру, реттеу сияқты нақтылай мәселелердің бірлігі;
  • Демонстрациялық эффект. Интеграцияланған мемлекеттердің белгілі бір экономикалық жетістіктерге жетуі(экономикалық өсудің қарқындауы, инфляцияның бәсеңдеуі, жұмыспен қамтамасыз етудіңөсуі және т. б. ) көбіне басқа елдерге психологиялық әсер береді, себебі олар болып жатқан өзгерістерді бақылауда.
  • «домино эффектісі» Осы және басқа региондағы көптеген елдер интеграциялық бірлестіктің мүшелігінде болғаннан кейін, оның сыртындағы осы топқа кірмей қалған елдер экономикалық бағыт-бағдарға байланысты щарасыздан, кейбір қиыншылықтарды сөзсіз байқап көреді.

Интеграцияның алғышарттары алуан түрлі болып келеді. ҒТП-тің қазіргі таңдағы жағдайында экономикалардың өте терең түрде өзара енуі және тұтасуы көптеген елдер үшін объективті қажеттілік болып табылады. Бұл қажеттілік ең алдымен, жоғары дамыған елдерде, әсіресе шектелген экономикалық ресурстары және ішкі нарықтары бар елдерде көрініс табады. Мұндай елдер үшін экономикалық интеграция экономикалық мүмкіндікті өте тиімді пайдалануға және ҒТП-тің жоғары қарқынына жетуге болады.

Көптеген мемлекеттер үшін экономикалық интеграция ғылыми-техникалық зерттеулерде өте тиімді мүмкіндік туғызады.

Қазіргі халықаралық экономиканың пайда болуы мен дамуындағы сансыз көп интеграциялық бірлестіктер өздерінің алдарына ұқсас мақсаттар қояды:

  1. Масштабтың экономикалық басымдылығын пайдалану. Масштаб экономикасы теориясының негізі, нарықтық көлемдерді кеңейтуді, трансакциондық шығындарды қысқарту және басқадай басымдылықты қамтамасыз ету.
  2. Қолайлы сыртқы экономикалық ортаны құру. Көптеген интеграциялық бірлестіктердің басты мақсаты саяси, әскери, әлеуметтік, мәдениеттік және басқа экономикалық емес облыстардағы қатысушы елдердің ынтымақтастығы және өзара түсінушілігін нығайту болып табылады.
  3. Сауда саясаты мақсатын шешу. Аймақтық интеграция БСҰ-ға мүше болуға ұмтылған елдердің көпжақты сауда келіссөздерінде позициясын нығайтуының әдісі ретінде қарастырылады.
  4. Экономиканың құрылымдық қайта құрылуына көмектесу.
  5. Ұлттық өнеркәсіптің жас салаларын қолдау.

Жалпы алғанда, интеграциялық процестерге экономикалық себептер ғана емес, сондай-ақ саяси өзгерістер де әсер етеді. Бұл әсіресе, әлемдік шаруашылықтың шет аймағына қатысты болады. Осы жерде өндіргіш күштердің дамуының төмен деңгейіне және еркіндік алған елдердің бұрынғы метрополияларымен тығыз байланысты болуына қарамастан, аймақтақ экономикалық топтарды құру барысы белгілі бір жылдарда, индустриясы дамыған мемлекеттер арасындағы байланыспен салыстырғанда, өте қарқынды түрде жүріп жатыр.

1. 2 Халықаралық экономикалық интеграцияның даму кезеңдері

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі интеграцияның ең бірінші жүйелік сипаттағы қандай да бір біртұтастық құрылуын астарлау қажет. Осы біртұтастық құрушы элемент қазіргі таңда мемлекет болуы мүмкін. Мынадай ой-пікірмен келісуіміз қажет “кейбір мемлекеттердің қандай да бір мемлекетаралық қатынастардағы жүйеге енуі, әрдайым олар интеграция үрдісіне кірді дей алмаймыз. Мұндай жағдайда біз интеграция әр уақыт жүйе, бірақ жүйе әр уақытта интеграция бола алмайды”. Жүйелілік иерархиялық элементтердің автономдығы - интеграция және интеграция еместің арасына шектеу қойғанда бұл аса маңызды болмай қалды.

Интеграция ұғымының теориялық мағынасын сараптауға деген қажеттілік, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерімен байланысты. Жалпы, мемлекетаралық интеграция түрлі концепциялардың әдістемелік негізін ең бірінші Батыс Еуропадағы халықаралық экономикалық интеграция теориясының шарттары құрады. Құралған концепция жоғары дамыған индустриалды қоғамдастыққа бағытталғаны заңды-ақ, өйткені соғыстан кейінгі кезеңде үшінші әлемдегі мемлекеттер интеграциялық ағымға келетіндей әлі бытыраңқы еді.

Ең бірінші аймақтық интеграция үрдісін теориялық тұрғыдан түсіндіруге тырысқандар 1950 жылғы неолибералистердің ағымында жұмыс істеген ғалымдар болды. (А. Предоль, В. Репке) . Рынок концепциясына сүйене отырып, олар, интеграция деп бірнеше мемлекеттерді құрамына енгізетін біртұтас геоэкономикалық кеңістіктің құрылуы деді. Мұны жүзеге асыру үшін сыртқы сауда және валюта-қаржы сферасын мемлекеттік бақылаудан брсату керек. Бұл көбіне мемлекеттердің қызмет етуіндегі либералдық көзқараспен сәйкес келеді, ол сол кезде Батыс заңдары мен саяси ғылымында болған еді.

Әлемдік даму ағымы, дамыған мемлекеттерді ұлттық мүдделерін тиімді қорғау формуласын іздеуге итермеледі. Неолибералистердің көзқарасы бойынша бұл жердегі маңызды нәрсе аймақтың ішінде біртұтас кедендік тәртіптің қызмет етуіне жағдай жасау және үшінші мемлекеттерге біртұтас әдіс, қатынас жасап шығару.

Кедендік одақ 1957 жылы құрылған Еуропалық Экономикалық Қауымдастықтың теориялық концепциясы болды.

1960 жылы интеграция формасына деген әдістердің қайта қаралуы болды. Осыған байланысты ғалымдар арасында интеграциялық жүйенің шеңберін кеңейтуге деген қажеттілік туды. Кейбір зерттеушілердің жаңа бағытын шартты түрде “дирижистер” деп атады. Бұл ағымның жақтаушылары, интеграция үрдісін жүйелі түрде реттеу үшін ұлтүсті саяси-құқықтық институттар немесе институттар тобын құруды қолдады. Бұл әдіс мемлекетаралық интеграция барысындағы тек қана рыноктық бірлестіктері ғана емес, сонымен қатар реттеуші органдар мен механизмді құруды қарастырады. Дәл осы кезде Американ ғалымы Б. Белаши интеграцияның жүйелі бес түрін атап көрсетеді. Олар:

1. Еркін сауда аймағы - мүше-мемлекеттер арасында мөлшерлік және сандық шектеулер алынған;

2. Кедендік одақ - жоғарылардан басқа, үшінші елдермен саудада ортақ өлшем енгізілген;

3. Ортақ нарық - саудаға шек қоюлармен қатар, өндірістік факторлардың (капитал мен жұмыс күшінің) шек қоюлар алынып тасталынады;

4. Экономикалық одақ - тауар мен өндірістік факторлардың қозғалу еркіндігі дискриминациясын жою үшін жасалынатын ұлттық саясат белгілі түрде сәйкестендірілумен толықтырылады;

5. Саяси одақ - толық экономикалық интеграция, ұлттық экономикалық саясаттар толықтай жүйелінеді және ұлттық шеңберден шыққан билік мекемелі құрылады.

Әлемдік интеграциялық үрдістің даму динамикасы интеграция теориясының дирижистік бағытының 1966-1970 жылдарда күшеюіне жол ашты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері - Р. Купер, Г. Мюрдаль, П. Стриптен, Я. Тринберген, А. Филип.

Федеративтік интеграция идеясын Еуропалық Одақтың дамуында біраз байқай аламыз. Қазіргі кездегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұлттардың егеменді заңдары және жалпы интеграциялық құрылымдардың қайта бөлінуі баяу жүреді. Тіпті кейбір жағдайларда ұлттық мемлекеттің өкілетінің пайдасына бөлініп, кері серпіліс болуы мүмкін.

Аймақтық интеграция саласындағы тағы бір ірі ағым коммуникациялық ағым. Бұл ағымның негізін салушы американдық Карл Дойч. Ол әлемдік қауымдастықты әр уақытта өзара әрекет (коммуникация) және өзара ықпал ету үрдісінде болатын және жеңілдіктерге бару мүмкіншілігі және соған мәжбүрлеу механизмі бар түрлі саяси топтардың жиынтығы ретінде қарастырады. Интеграция үрдісінде негізгі назар “қауіпсіздік қауымдастығын” құру жолында және жағдайына бөлінуі тиіс.

1. 3 Елдердің сауда-экономикалық одаққа кіруінің экономикалық салдары

Кез келген елдің сауда-экономикалық одаққа бірігуі ол елдің экономикалық қызметтің параметрлеріне белгілі бір әсерін тигізеді. Мемлекеттік интеграциялық топқа кіру салдары екі негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:

Статистикалық талдау;

Динамикалық талдау.

Осы талдаулардың әрқайсысын толығырақ қарастырайық.

Статистикалық талдау шеңберінде сауда-экономикалық одаққа кіру салдарының екі варианттын атап көрсетуге болады:

Ағымды туындатушы эффект;

Ағымды ығыстырушы эффект.

Ағымды туындатушы эффект дегеніміз елдің интеграциялық топқа бірігуі салдарынан оның сұранысы мен ұсынысының - жоғары шығындары көбірек өндірушіден жоғары шығындары азырақ өндірушіге ауысуы. Бұл жерде тек қана өндіріс шығындары қарастырылады. Мысалы, тасымалдау шығындары мен трансакциялық шығындар нолге теңестірілген.

Ағымды ығыстырушы эффект дегеніміз сауда-экономикалық одаққа кіру нәтижесінде сұраныс пен тұтынудың өте төмен шығындары бар, одақтан тыс орналасқан өндірушілерден өте жоғары шығындары бар, бірақ одақ мүшесі болып табылатын өндірушіге қарай ауысуы немесе ығысуы.

Осы жерде мынадай сұрақтар туындайды: Интеграциялық топқа бірігудің ең ықтимал сандары қандай? Эффекттердің қай түрі бұрын туындайды?

Екінші вариант мынандай жағдайларда туындауы ықтимал, егер: одаққа мүше емес үшінші елдерге қатысты импорттық салықтар өте жоғары болса.

Бұл жағдайларда олардың қатысушы елден шығарылатын импорт бағасы аутсайдер-елден шығарылатын импорт бағасынан төмен болады, өйткені аутсайдер-ел осы тауар өндірісінде алдыңғы қатарлы орынды алып отыр.

Статистикалық талдаудың бір маңызды кемшілігі бар. Оның мәні мынада, яғни сұраныс пен ұсыныс қисықтары - экспорттық операциялардың сипаты мен бағытының өзгеруіне байланысты өзгермейді. Шынайы өмірде, егер ел сауда-экономикалық одақтың белгілі бір түріне ену жөнінде шешім қабылданса, онда сұраныс пен ұсыныс қисықтары міндетті түрде өзгеруі тиіс. Басқаша айтқанда, одаққа кіру өте үлкен мәнге ие. Бұл әсер ұлттық экономика үшін жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.

Осы альтернативалық варианттардың әрқайсысын қарастырайық.

Одаққа енудің төмендегідей артықшылықтары бар:

1. Нарық көлемінің ұлғаюы отандық фирмаларға өндіріс масштабын ұлғайтудан сәйкес эффект алуға мүмкіндік береді. Бұл фактор кішігірім елдер үшін өте маңызды болып табылады., өйткені осы елдер нарық көлемін ұлғайтуда мүдделі болып келеді.

2. Халықаралық сауданың және сыртқы экономикалық қызметтің басқа да күрделі формаларының кеңейтілуі одаққа қатысушы елдердің өндірістік және өндірістік емес құрылымының (автомобиль және темір жолдары, қаржылық қызметтер және т. б. ) жақсартуына жағдай жасайды.

3. Белгілі бір жағдайларда одақтың қызмет ету шығындары өте жоғары болуы мүмкін.

Сауда-экономикалық одаққа енудің төмендегідей негізгі кемшіліктері, яғни кері салдары бар:

жағдайлардың белгілі бір ағымында елден ресурстар ағылып кетуі мүмкін;

егер интеграцияға қатысушы елдердің жекелеген фирмалары арасындағы өте тығыз интеграциялық байланыстардың қалыптасуына ықпал етсе, онда нәтижесінде олигополиялық келісім өте кең түрде тартылуы мүмкін. Бұл келісім сәйкес өнім бағасының көтерілуіне әкеліп соғуы мүмкін;

кей жағдайда өте үлкен компанияларды құрумен байланысты өндіріс масштабын кеңейтуден болатын шығындар эффектісі болуы мүмкін, яғни шектен тыс бюрокраизация және басқа да факторлар әсерінен олар тиімсіз болып қалады.

1. 4 Әлемдегі негізгі халықаралық экономикалық интеграциялық топтар

Еуропалық одақ (ЕО) қазіргі уақытта басынан қиын кезеңді кешіріп жатқанымен экономикалық интеграция дамуының үлгісі болып табылады. Қазіргі уақытта оның қүрамына кіретін Батыс, Солтүстік, Орталық және Шығыс Еуропа мемлекетінің 12-і басқа-дан өзге үйлестірілген мемлекеттік экономикалық саясат жүргізуді қарастырған экономикалық және валюта одағын («еуро аймағы» деп аталады) қүрайды; ЕО-ға кіретін қалған қатысушы-елдер (Үлы-британия, Дания және Швеция) әр түрлі себептермен «еуро айма-ғына» кіруге асықпайды немесе оны енгізу жолында («жаңа мүше-елдер» деп аталады) . Осы конструкцияда валюта қүрамдасы аса маңызды рөл атқарады. 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап қолма-қол ақшасы аударымға енгізілген бірыңғай еуропалық валюта-еуро 2002 жылдың алғашқы айларының ішінде айналыстағы фран-цуз және Бельгия франкісі, итальян лирасы мен неміс маркісін, австрия шиллингі мен испан песетасы, сондай-ақ басқа да үлттық валюталарды алмастырып, еуроодақ аумағында толыққанды төлем қүралына айналды.

Бүкіл еуроодақтың эмиссиялық орталығына айналған Майнда-ғы Франкфуртта (Германия) резиденциясы бар біртүтас Орталык Еуропалық банк жүмыс істейді; «еуро аймағына» мүше-мемле-кеттердің орталық банктері оның филиалдарына айналды. Осыған байланысты бірқатар сарапшы мен мамандардың пікірі бойынша келешекте батыс еуропалық саяси конфедерация пайда болуы ықтимал. Алайда конфедерацияға мүше-елдердің үлттық егемендіктін бірқатар белгісінен бірте-бірте ерікті түрде бас тартуы қажет болуына және олардың көбінің осыған қарсылық көрсетуі мүмкін болуына байланысты, бүл іс асығыстықпен жасалмайды. Осының мьісалы ретінде 2005 жылғы мамыр-маусым айларында Франция мен Нидерландыдағы жалпыүлттық референдумда елдер қабыл алмаған Біріккен Еуропаның Конституциялық актісін (Еуропа-лык Конституция) қабылдаудағы қиындыктардың салдарынан осы күжатты қолданысқа енгізу процесінің баяулағанын келтіруге болады.

Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасында Американдық континентте үш елді (АҚШ, Канада мен Мексика) және Оңтүстік Америкада толыққанды еркін сауда аймағын, ал кейін - кеден одағын қүруды мақсат түтқан Аргентинаның, Бразилия мен Уруг-вайдың арасында жасалған (кейін оған Парагвай қосылды) «Мер-косур» сауда пакті атты екі ірі бірлестік жүмыс істей бастады. 1999 жылдың желтоқсанынан бастап «Меркосурға» қатысушылар бірте-бірте бірыңғай валюта енгізуге даярлануда. «Анд пактісіне» қатысушы-елдер (Венесуэла, Колумбия, Перу, Чили және Эква-дор) өзара ынтымақтастықты жандандырды. Ал Батыс жарты шар-да 2004 жылы Күрама Штаттар Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Никарагуа, Сальвадор және Доминикан Республикасы осы өңірде халықаралық сауданың негізін құрайтын азық-түлік, тоқыма және басқа да тауарлармен жасалатын саудадағы бөгеуілдерді бірте-бірте алып тастау қарастырылған Орталық американдық еркін сауда аймағы (ЦАФТА) туралы ауқымды Келісімнің жасалуын өңірлік ынтымақтастықтың тағы бір көрнекі мысалы ретінде кел-тіруге болады.

Сонымен бірге АҚШ-тың Американдық континенттің екі бө-лігінің барлық елдерін бір интеграциялық блокқа біріктіре алатын Панамерикандық еркін сауда аймағын («Американың еркін сауда аймағы») қалыптастыруға қатысты барлық күш-жігері Қүрама Штаттардың осы жобада экономикалық мақсаттардан гөрі саяси мақсаттарды көздеп отырғанына байланысты, ең ірі латын аме-рикандық елдерден қолдау таппай отыр.

Ал Азия-Тынық мүхит экономикалық ынтымақтастық үйымы Құрылған Азия-Тынық мүхит өңірінде (АТӨ) транстынықмүхит-тьіқ экономикалық ынтымақтастықтың (АТЭЫ) ауқымды процесі дамып келеді. 1989 жылы қүрылған осы топқа қазіргі уақытта Тынық мүхитқа шығатын жол бар 21 мемлекет, яғни АҚЩ, Жапония, Қазақстан және т. б. елдер кіреді. Бүгінгі күні АТЭЬІ-ға мүше-елдер ғаламшардағы экономикалық ахуалдың жай-күйіне ықпал етіп, бүкіл әлемдік шаруашылық өнімінің 55%-дан астамың шығарады. Сонымен бірге 1994 жылы олар 2020 жылға дейін өзара сауданы ырықтандыру жөніндегі Богор декларациясын қа-былдаған. Сол уақытқа дейін бүкіл әлімдік тауар айналымының 50% ынан кем емесін шарттар мен келісімдер жүйесімен қамтитын әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағын қүруды аяқтау қарастыры-лып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықты тауармен қанықтыру
Халықаралық экономикалық интеграцияның кезеңдері
Халықаралық экономикалық интеграцияның объективті негіздері және мәні
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Конфедеративтік мемлекеттер бірлестігі
ТМД-дағы экономикалық интеграция және Қазақстан
Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары
Қазір нағыз кооперацияға бірігуге қолайлы кезең
ТМД-ның ролі мен маңызы Қазақстан
Мәңгілік Ел идеясы мен Рухани жаңғыру жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz