Шығыс Қазақстан облысының туризм орындары


Мазмұны
Кіріспе. 2
I. Негізгі бөлім. 4
1. 1. Орталық Қазақстан экономикалық ауданның туризм орталықтары. 6
1. 2. Шығыс Қазақстан экономикалық аудан туризмі. 11
1. 3. Батыс Қазақстан экономикалық ауданның туризм мүмкіндіктері. 14
1. 4. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданның туризм нысандары. 21
1. 5. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданның туризм орындары. 34
Қорытынды. 50
Пайдаланылған әдебеттер. 51
Кіріспе.
Жұмыстың өзектілігі: еліміздің тартымды туристік беделін және туристік бағыт ретінде әлемге танымалдығын күшейту.
Жұмыстың мақсаты: елдегі туристік кластер мен инфрақұрылымды дамыту, туристік кадрларды дайындап, серпінді жобаларды іске асыру және еліміздің туристік имиджін қалыптастыру үшін туризм орындарын анықтау.
Жұмыстың міндеті: елде халықаралық туризмді одан әрі дамытуды ынталандыру, мемлекеттің туристік әлеуетінің әлемдік туристік рыноктағы беделін қалыптастыру.
Туризм (франц. tourіsme, tour - серуендеу, жол жүру) - адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм - халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, тағы басқа) қанағаттандырудың ең тиімді жолы.
Соңғы жылдары туризм саласы қарқынды дамып келеді. Елімізге жыл сайын Германия, Англия, Жапония, Корея мен Қытай сияқты елдерден туристер көптеп келе бастады. Статистика 2002 жылы республикада 430 туристiк ұйым мен фирма, сонымен қатар, әртүрлi бюролар жұмыс істегенін көрсетеді. Ал, бүгін отандық туристік фирмалар әлемнің 80-нен астам елімен серіктестік қызметте екен. Әуе қатынастары да жолға қойылған.
1992 жылдан бастап ҚР «Туризм туралы» заң күшіне енгені белгілі. 1993 жылы Қазақстан Бүкіләлемдік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. Ал, 1997 жылы елімізде Ұлы Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы мен 2030 жылға дейін туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 жылдың 13 маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы» заң қабылданды.
2006 жылы Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Елбасы бекіткен бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - түрлі туристік қызметтерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндікті қамтамасыз ететін заманауи, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру. Бағдарлама, сондай-ақ, тартымды туристік нысан ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыруға, ұлттық туристік жоба әзірлеуге және оның сапасын әлемдік стандарттарға сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған. Айтулы мемлекеттік бағдарлама 2 кезең бойынша іске асырылады. Бірінші кезең - 2007-2009 жылдарды, екінші кезең -2010-2011 жылдарды қамтиды. Оның алға қойған мақсаты - Қазақстанды Орталық Азия аумағының туризм орталығына айналдыру.
Бағдарлама аясында 2011 жылы ішкі туристер ағыны 4, 5 миллионға, ал, сырттан келетін туристер қатары 9, 5 миллионға жетеді деп күтілуде. 2007 жылдан 2011 жылды қоса алғандағы кезеңде сырттан келушілер туризімінен бюджетке түсетін түсім 603250 млн теңгені құрамақ. Статистика агенттігінің көрсеткіші Қазақстанды тамашалуға келетін туристер санының 5, 3 ммиллионға жеткенін көрсетіп отыр. Ал, саяхатшыларға көрсетілетін туристік қызметтердің құны бүгінде 53 млрд теңгеге жуықтайды.
Туристік индустрия қызметтерінің сапасын арттыру және оның инфрақұрылымын дамыту мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Туризм және спорт министрлігі елімізге бірнеше туристік орталықтар салу тұжырымдамасының жобасын әзірлеуде. Туризмді дамыту механизмдерінің қатарынд а Алматы облысындағы «Қапшағай» су қоймасының жағалауына «Жаңа Іле», Ақмола облысындағы Щучье-Бурабай сауықтыру аумағына «Бурабай», Маңғыстау облысына «Кендерлі» туристік орталықтарын салу қолға алынған. Қазақстан - Біріккен Ұлттар Ұйымы жүзеге асыра бастаған Жібек жолын дамыту жөніндегі бағдарламаға қатысушы мемлекет екені анық. Аталған бағдарлама тек туризм саласын дамытуды ғана емес, сондай-ақ, Жібек жолы бойында көршілес жатқан елдердің қарым-қатынастарын да жетілдіруді көздейді. Ұлы Жібек жолының бойындағы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан мен Отырар аудандары туристер қатарын арттыратын болады. Бұған сол өңірдегі Яссауи кесенесін де қосыңыз. Ал, «Қапшағай» суқоймасының жағалауына демалыс орнын салу туралы бас жоспардың жобасы 2005 жылы жасалған. Соған сәйкес, Қапшағай қаласының оң жақ беткейіне жалпы аумағы 11 000 гектар жерге «Жаңа Іле» атты туристік орталық салынады. Құрылысы биыл басталған орталық 2012 жылға дейін салынып бітуге тиіс. Келтіре берсек, елдегі жас өндіріс саласының алға қойған мақсат-мұраты көп.
I. Негізгі бөлім.
Елімізде туризмнің даму орындарын республикаішілік бес экономикалық аудан бойынша қарастырдым. Олар: орталық, шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстік экономикалық аудандар. Әрбір экономикалық ауданға кіретін облыстарға жеке-жеке тоқталып, туризм орындарын анықтадым.
Қазіргі жаһандануға жол ашқан ХХI ғасырда пайда әкелетін саланың барлығы дерлік қолға алынып жатыр. Cоның бірі-туризм индустриясы. Қызмет көрсету саласы дамып, саяхатшылықтың саудасы қызып-ақ тұр. Туризмнің экономикалық-әлеуметтік тиімділігі жоғары. Қазақстан туризмді дамыту жөнінен әлемдік рейтингте 93 орында. Бірден-бір қамба толтыратын қайнар көз біздің елде кенжелеп тұр. Жер жаһанның жиһангерлерін тартатын еліміздің мүмкіндігі мол. Ұлттық табиғи саябақтар, орманды табиғи резерваттар, табиғи ескерткіштер мен ботаникалық бақтар баршылық. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Таңбалыс тас петроглифтері, Сарыарқа (Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері), Наурызым және Қорғалжын қорықтары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары тізіміне енген. Үкімет отандық туризмді дамытудың жоспарын жасап, инвестиция тартуды қолға алып жатыр. Соған сәйкес қонақ үйлер, сауықтыру нысандары көптеп бой көтеруде. Ішкі және сыртқы туризм қатар дамып келеді. Елімізге орта есеппен алғанда жыл сайын 4 млн. турист келеді екен. Десе де нәтиже мардымсыз.
Қазақстан туризмі дегенде, өңірлік туризм бар. Оның ішінде Қарағанды аймақтық туризмін дамыту мәселесі. Туризмнің түр-түрі, түрлі бағыты бар. Жағажай, спорт туризмі, экологиялық, мәдени-танымдық, іскерлік туризм, тағы басқа. Бұның қай-қайсына да қолайлы жерлер Сарыарқа даласынан табылады. Мәселен, жағажай туризміне бір жағы тұщы, бір жағы ащы Балқаш көлін, экологиялық туризмге Қарқаралы, Кент, Қызыларай, Ұлытау тауларын, спорт туризміне Қарқаралы кен-орман оазисі, Бектау Ата тау тізбегін алуға болады. Ең тартымды табиғи ландшафтар ірі елді мекендердің маңында. Көрнекті рекреациялық ресурстар Қарқаралы ауданының территориясында шоғырланған. Бірақ, жағажай туризміне таптырмас орын саналатын Балқаш көлі мен экологиялық туризмді айтқанда алдымен ауызға түсетін Қарқаралының жағдайы мәз емес. Балқаш көлі жергілікті тұрғындардың ғана қажетіне жарап тұр. Жазғы ыстықта жапырлай жүгіретінел жағалауын тиісінше былғайды. Су ластанады. Атақты Шайтанкөлді қоршап жатқан сұлу да тартымды тау тізбегі, “Шахтер” демалыс аймағы бар. Бір жыл бұрын барғанымызда таулы орманның біршама бөлігі жанып кеткен, қап-қара. Қонақүй аталатын көп қабатты ғимарат бар. Ғиараттың өзі де, ішіндегі төсек-орын, құрал-жабдықтың барлығы дерлік ескі. Түгелдей жаңартуды қажет етеді. Қызмет көрсету қолға алынбаған.
Туризмнің жеке түрлерінің дамуына Ақтоғай, Ұлытау, Шет аудандары қолайлы. Ақтоғай мен Шет өңіріндегі аласа таулы және ұсақ шоқылы ландшафтар өзен, көл, су қоймаларының болуы, қалалар мен басқа елді -мекендердің жақындығы жергілікті демалыс зоналарын ұйымдастыруға зор мүмкіндік туғызады.
Ұлытау өңірі бірегей әлеуетке ие. Табиғи-туристік ресурстары тарихи-танымдық, ғылыми-археологиялық, этникалық, экзотикалық туризм түрлерін дамытуға қолайлы. Минералды сулар мен емдік балшықтардың сан түрі, емдік әсері барклимат, айырықша микроклиматыбар үңгірлер бар. Асулы, өткелді, қыраттыжер бедері спорттық демалысқа таптырмас орын. Тек, мұндағы тарихи-мәдени мұраның бай қоры рационалды түрде дұрыс игеріліп жатқан жоқ. Табиғаттың тамаша тартуын тиісінше пайдаланбай отырмыз. Сұлу табиғатқа құмарта келген қазақстандықтар, қарағандылықтар болмаса шетелдік саяхатшылардың қазыналыҚарағандыға келуі екіталай. Өйткені, Қарағанды аймағында жаһан жиһангерлерін қабылдайтын әлемдік стандартқа сай орын жоқтың қасы.
Өзге елдің саяхатшыларын былай қойғанда, өз еліміздің жиһангерлері жыл сайын шекара асып жатады. Олардың қалтасындағы қаражат өзге мемлекеттің қазынасына құйылуда. Қазақстанға өткен жылы (2011) 3, 4 млн. шетелдік азамат келсе, 5 млн жуық Қазақстан азаматы шетелге саяхаттап барған. Жалпы саны 11, 4 млн. адам. Демек, ішкі туризм 15, 7 %, сыртқы туризм 9, 1% жетіп, туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 28% өсіп, 107, 5 млрд. теңгені құраған. Статистика агенттінің мәліметі бойынша 2011 жылы Қазақстанда 1252 туристік фирма 460 мыңға жуықадамға қызмет көрсеткен
1. 1. Орталық Қазақстан экономикалық ауданның туризм орталықтары.
Орталық экономикалық ауданға жалғыз Қарағанды облысы кіреді. Қарағанды облысы - Қазақстанның орталық бөлігіндегі облыс, Солтүстік Мұзды және Үнді, Атлант және Тынық мұхиттарынан тең бөлінген, Еуразия континенті орталығында орналасқан. Облыс аумағы жаңа шекарада 428 мың шаршы метрді (Қазақстан аумағындағы жалпы аумағы 15, 7) алып жатыр. Облыста Қазақстанда тұратын барлық халықтың оннан бір бөлігі тұрады және 113-тен аса ұлт өкілдері өмір сүреді. Халық саны - 1 351 854 адам.
Қарағанды облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Алғашқыда облыс орталығы Петропавлда болған. 1936 жылғы 3 тамыздан бастап облыс орталығы Қарағанды қаласы болды. Қазір кезде облыс шекарасы 1997 жылы қайта құрылып, Жезқазған облысы- мен қосылды.
Теміржол қатынастары ТМД елдерімен, Германиямен, Қытаймен байланыстыруы туризмнің дамуына ықпалын тигізеді. «Сарыарқа» халықаралық әуежайы Ресейге, Германияға, Араб Әмірлігіне және басқа да елдерге тікелей рейстерді жүзеге асырады. Қарағанды облысы арқылы Қазақстанның астанасы Астана мен Алматыны қосатын автомобиль жолы өтеді. Қарағанды теміржол байланысы Балқаш пен Жезқазғанға, сол сияқты Ресей Федерациясының, Украина, Қырғызстан және Өзбекстан қалаларымен қатынасуына жағдай жасап отыр. «Сарыарқа» халықаралық әуежайы Ресейге, Германияға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне және басқа елдерге тікелей сапарды іске асырады. Қарағанды облысы арқылы Алматыны Қазақстанның астанасы - Астанамен жалғайтын автомобиль жолы өтеді. ҚХР, Германия, Қырғызстанға, Польшаға, ресей қалалары - Москва, Омбы, Новосибирск, Екатеринбург, Сочи және басқаларға халықаралық автобус маршруттары жүреді.
Облыс климаты - тым континенттік: жазы ыстық және қуаң, қысы аз қарлы, бораны мен желі суық. Жазғы күндері температура 37 градусқа дейін көтеріледі. Ең суық ай-қаңтар. Аяз 40 градусқа дейін көтеріледі. Облыста екі жүздей үлкен және шағын көлдер бар. Облыстың басты су артериясы болып Нұра өзені саналады. Нұра өзені шығыстан батысқа ағып Орталық Қазақстанның ірі өзені Теңізге ағады. Шығыста Қазақстандағы ең ірі көл-Балқаш көлі бар. Оның кереметтігі судың шығыс жағы тұзды болса, батыс жағы- тұщы.
Мәдени демалысты, экскурсияны ұйымдастыру қызметі облыстың 70-тен астам туристік фирмаларын ұсынады. Қарқаралы ауданындағы «Шахтер», «Сосновый бор», «Тасбұлақ» демалыс үйлерінде, Балқаш көліндегі «Жартас», «Жосалы» санаторилерінде, «Тұлпар» спорт кешенінде кез-келген қонақтың мүмкіндігіне шамаланған демалу, емделу ұсынылады. Облыста 3 тау шаңғылық кешен бар: Қарқаралы тау орманды оазисінде, Теміртауда - Жауыртау тауының баурайында, Қарағандының Оңтүстік Шығысында - Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің спорт-сауықтыру кешенінің инфрақұрылымында.
Сарыарқа алыс және жақын шетелдердің туристеріне нағыз қазақстандық қонақжайлылық көрсетуге әрдайым дайын.
Балқаш көлі және қаласы. Балқаш көлін қазақстандықтар Көктеңіз деп атайды, ол қазақ тілінен аударылғанда Голубое море деп аталады. Мыңдаған километрге созылған Балқаш көлі жер бетіндегі ең көне көлдердің бірі болып табылады. Оның көгілдір жағажайы, балыққа толы байлығы, көгілдір түстес керемет суы жақын және алыс шетел туристерін өзіне тартады. Көлдің жағалауыңда профилакториялар мен демалыс базалары орналасқан. Демалушыларға қала шетінде 3 жағажай жұмыс жасайды. Балқаш көлінің кереметтігі сонда оның батыс жағындағы су тұщы да, ал шығыс жағындағы су ащы. Балқаш көлі Қарағанды және Алматы облыстарының аумағында орналасқан, Астанадан алыс емес. Еуразияда осыған ұқсас көлдің болмауы пайдалы географиялық жағдайда керемет көлдің гүлденуіне жағдай жасайды. Балқаштағы сүйікті демалыс орындарының бірі болып жылдан жылға көбейіп келе жатқан туристік орталықтар табылады. Атап айтқанда, Тасарал аралы- демалушылар үшін салауатты өмір салты үшін ең әдемі және жайлы жер. Балқаштықтар бұл жерді жер жәннаты деп атайды.
Ұлытау - қазақ халқының тарихи орталығы. Далалық өркениет көне мәдениетінің нақ кіндігі. Ұлытау ауданының аумаы 122, 9 мың шаршы км. Халық саны - 15, 5 мың адам.
Аудан жерінің 7, 6 мың гектарын орман алқаптары алып жатыр. Ұлытау тауларының биктігі 1181 м. Сонымен қоса ауданда балық шаруашылығының су қоймалары бар: Кеңгір суқоймасы (3500 га), Жезді суқоймасы (1750 га), Кинембай су қоймасы (500 га), Жаңғылдыөзек су қоймасы (60 га) және тағы басқа.
Ұлытау ауданы Шығыс пен Еуразия халықтарының тарихымен, мәдениетімен және географиясының орналасу болмысымен танысқылары келетін шетелдік туристер үшін Меккеге айналды деуге болады. Ұлытауды «Таулар, көлдер, бұлақтардың аймағы» деп атайды. Ұлытаудағы бұлақ суының емдік қасиеті татар-моңғолдардың «астанасы» Қарақорымға бет алған орыс және еуропалық емшілерге де мәлім болған.
Қарағанды облысының туризм орындары.
Беғазы қорымы.
Қола дәуіріндегі Беғазы қорымының қазба жұмыстары арқылы Беғазы-дандыбай мәдениеті пайда болды. 1947-1949жж. аралығында қорымда археологтар Ә. Х. Марғұлан, К. А. Акишев, Г. И. Пацевич, А. Г. Максимова, Т. Н. Сенигова қатысуымен қазба жұмыстарын жүргізді.
Шайтанкөл көлі
Қарқаралы қаласының оңтүстік батысында бес км жерде, Бұғылы тауының ткңіз деңгейінен 1200 м биіктігінде орналасқан. Ұзындығы 60 метр, ені 40 метр. Орташа тереңдігі 2 метр. Жартылай бұзылуға ұшыраған қат қабатты гранитті жартаспен қоршалған. Көлді хош иісті қарағай орманы қоршаған.
Бектау ата тау желісі.
Балқаш аймағында орналасқан табиғи ескерткіштердің бірі - Бектау ата тау желісі. Бектау ата тауының шыңы 1000 метрге дейін жетеді. Бектау ата тау желісінің ұзындығы 4000 га, алайда оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан.
Шунақ метеорит кратері.
Мойынты теміржол бекетінен батысқа қарай 40 км жерде орналасқан жерден тыс жаратылған табиғаттың қызықты ескерткіші - Шунақ метеорит кратері (астроблема) бар. Кратер 12 миллион жыл бұрын өз маңайында бірнеше мыңдаған шақырым жердегі барлық тіршілікті құртқан үлкен метеорит құлауынан пайда болған.
Теректі-Әулиенің жартас суреттері.
Қола дәуіріне (біздің заманымызға дейін екінші мыңжылдығына) жататын Теректі-Әулие петроглифтары ұзындығы көп жерге созылып баратын жайпақ тасты гранит қалдықтарында қалың жабылған жазулар ғалымдар үшін үлкен қызығушылық тудырады. Неғұрлым көп тараған сарындар жануарлар, көбінесе аттардың бейнелеуімен байланысты, сондай-ақ түйе мен өгіздердің суреттері бар.
Алаша ханның кесенесі.
Алаша хан - бұл тарихи болғанмен аты аңызға айналған тұлға. Шынында мұндай адамның атының тура аудармасы «ала» дегенді білдіріп, өзі қазақ халқының ата тегі болып саналған адамның болған-болмағанын ешкім білмейді. Алаша хан туралы ескертпелер тек аңыздарда ғана емес, басқа да түркі елдердің аңыз-әңгімелерінде де кездеседі.
Занғыртас петроглифтері
. Занғыртас - Ұлытау кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан төбе жотасын жанай өтетін кішкене көлемдегі гранит валундарының (валун - мұз дәуірінен қалған тау жынысты үлкен домалақ тастар) қос дюжинасы.
Ұлытау. Ұлытау тау тізбегі-көптеген шақырымнан көрінеді, ол солтүстіктен оңтүстікке 200 шақырымға созылып жатыр. Ең биік нүктесі-Әулие тау- Таудың көне мәдениетін «Әлемдік тау» бейнесін еске түсіреді. Оның бейнесі Тау бейнесін қорғаушы, әулие орын, сақтаушы бейнесін көрсетеді.
Қарқаралы-
табиғаты әсем қасиетті жер, оның сұлулығын «Қазақстанның Швейцариясы» деп атайды. Бұл-тоғайлы арал көне таулармен Орталық Қазақстанның ұшы - қиырсыз даласында, мәңгі жасыл қарағайларымен, таза гаусар көлдерімен, сыңғырлаған өзендерімен, ертегідей шатқалдарымен және қайталанбас жартастарымен орналасқан. Қарқаралы өңірі табиғат пен тарихты сүйетіндер мен демалушылар, қонақтар және туристер үшін ерекше қызығушылық танытатын өзінің көркемдігімен ерекшеленеді. Таулы өзендер, дала және тау көлдері, бай флорасы мен фаунаcы - осының бәрі Қарқаралыны керемет тартымды етіп көрсетеді.
1. 2. Шығыс Қазақстан экономикалық аудан туризмі.
Шығыс экономикалық ауданға Шығыс Қазақстан облысы жатады. Шығыс Қазақстан облысы Қытай, Монғолия, Ресей шекараларының түйіскен жерінде орналасқан. Табиғат өлкемізді бай ландшафтпен көмкерген: шөл, кең дала, орман, тау және жарқыраған мұздақтар. Көрікті жердің бірі-Алтай мен Сібір өлкесінің ең биік тауы - Мұзтау. Қайталанбас әдемі көркімен аты шыққан жердің бірі - Марқакөл көлі. Бұл аймақтағы ең ірі көл, теңіз деңгейінен 1485 метр биіктікте орналасқан. Одан биігірек жерде "Рахман қайнары" жатыр.
Шығыс Қазақстан облысы: алаңы- 283, 3 мың шаршы шақырым. Әкімшілік орталығы- Өскемен қаласы, тұрғындар- 1 416, 4 мың адам. Облыс құрамына 15 аудан, облыстық маңызы бар 4 қала (Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Жарма, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар, Шемонаиха аудандар, Өскемен, Семей, Курчатов, Риддер қалалары) кіреді.
Облыстың тарихымен, табиғатымен танысамын деуші туристер жаяу және атпен, тау шаңғысы жолымен, велосипед, мотоцикл; сол сияқты, бүркітпен аң аулау, балық аулау арқылы таныса алады. Туристік саяхат маршруттарын "Голубой залив", "Кругозор", "Орион", "Геоцинт-Восток", "Интурист", "Экосистем" тәрізді туристік фирмалар мен компаниялар ұсынады. Жарқыраған тау шыңдарын қызықтап, күркіреген сарқырамалардың мұзды лебімен тыныстауға, альпі көгалдарының жасыл алқабы мен сұлу маралдарды тамашалауға, көне кен орындарын аралауға шақырады. Шығыс Қазақстан облысы туризм үшін үлкен мүмкіндіктер жасайды
Туризмді дамытуда Қазақстанның келешегі мол және тартымды өлкесінің бірі Шығыс Қазақстан облысы болып табылады. Мұнда туристтерді қызықтыратын көптеген нәрселер бар -кең аумақ, керемет ландшафтар, әр-түрлі климаттық аймақ, баға жетпес мәдени және тарихи ескерткіштер, туристік қызметтердің сан алуантүрі.
Бүгінгі күнде облысымыздың аумағында туроператорлық және турагенттік қызметтерді жүзеге асыратын 108 туристік ұйым, 16 туризм нұсқаушысы, 117 орналастыру орны, 84 демалыс орындары, 5 демлыс үйі, 34 емдеу-сауықтыру шипажайы, жиынтық көлемі 1723072 га немесе Шығыс Қазақстан облысы аумағының 6, 0 % - ын құрайтын 14 республикалық маңызы бар ерекше қорғауға алынған табиғи аумақ тркелген.
Облыс аумағында Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ғалами Экологиялық Қорын (UNDP/GEF) жетілдіру бағдарламасы және Бүкіл әлемдік Жабайы Табиғат Қоры (WWF) бағдарламасындағы Алтайдың Қазақстандық бөлігінің биотүрлігінің сақтау жөніндегі жобасында көрсетілген әлемдік маңызы бар табиғи ескерткіштер орналасқан. Олардың көпшілігі қазіргі бар аумақтарда және жоспардағы ерекше қорғалатын аумақтарда (ЖЕҚА) ораласқан.
Облыс шегінде бірнеше рекреациялық аймақтар анықталған: Бухтарма жағалауы, Сібі көлдері, Алакөл көлі, Катон-Қарағай, Глубокий аудандары, Риддер, Өскемен қалаларының маңы. Бұл аумақтарда тек қана Қазақсьан және ТМД елдерінің көптеген туристерін қызықтырып қана қоймай, сонымен қатар алыс шет ел туристерін де тартатын Алтай Рудасының негізі табиғи көрікті жерлері топтастырылған.
Тартымды табиғаты, ескерткіштердің жоғары сапада сақталуы, геосаяси жағдайларының үлкен өнеркәсіпті әлеуетімен сәйкестігі, келесі туристік өнімдерді ерекшелеуге мүмкіндік береді:
-экологиялық туризм,
-жағажайлық туризм,
-тау шаңғысы туризм;
- емдік - шипалы туризм;
-мәдениет-танырлық туризм.
Осы өлкенің керемет табиғи ландшафты, көптеген көлдері, өзендері, балық аулау, айуан аулау және ғылыми турларын, пантемдеу, шипажай-курорттық демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мәдениет-танырлық турлар ескіліктерін, тарихін, халық мәдениетін жақсы көретіндерді қызықтырады. Олардың қызметіне: қонақ үйлер. Бұл үйлерде халықтың тұрмыспен, салт-дастүрлерімен, ұлттық тағамдарымен, танысу, марал өсіру фермаларын көріп шығу мүмкін. Семей өңірі де қызық. Бұл жердікі бай мадени-тарихи мұрасы таңырлық, ғылыми, этникалық туризм объект ретінде қарау мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының туризм орындары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz