Модульді оқыту технологиясы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ3
І ҚАЗІРГІ ЖАҢА ПЕДАДОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТУРАЛЫ СОҢҒЫ МӘЛІМЕТТЕР5
1. 1 Технология туралы жалпы түсінік5
1. 2 Инновациялық технологияларды қолдану уақыт талабы9
1. 3 Жаңа технологиялардың тиімді жақтары10
ІІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ20
2. 1 Модульді оқыту технологиясы20
2. 2 Оқытудың компьютерлік технологиясы22
2. 3 Ойын арқылы оқыту технологиясы26
2. 4 Дамыта оқыту технологиясы28
2. 5 Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы30
2. 6 Проблемалық оқыту технологиясы32
ҚОРЫТЫНДЫ34
ҚОСЫМША35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ43
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі жаңа педагогикалық технология арқылы қазақ тілін оқытудың басты ерекшелігін анықтау. Технологиялар арқылы сабақты игертудің әдістемесін ұсыну.
Курстық жұмыстың нысаны. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында қазақ тілін жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту үрдісі.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ тілін жаңа педагогикалық технология арқылы меңгертудің ұтымды ғылыми-теориялық әдістемесін ұсыну; сабақты мазмұнды игертудің тиімді амал-тәсілдерін айқындау. Осы мақсаттарға жету жолында төмендегідей міндеттер қойылды:
- жаңа педагогикалық технология арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін дәйектеу;
- технология арқылы оқытудың тиімді жолдарын ұсыну;
- педагогикалық эксперимент арқылы жаңа педагогикалық технологияның тиімділігін дәлелдеу.
Курстық жұмыстың дереккөздері. Зерттеудің негізгі дереккөздері ретінде ғылыми-теориялық еңбектер мен ғылыми зерттеулер пайдаланылды. Соның ішінде Өстеміров К., Оразбаева Ф. Ш., Рахметова Р. С., Мұхамеджанова А. Т. т. б. мамандардың еңбектерін атауға болды.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы.
- Жаңа педагогикалық технология арқылы оқытудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалды;
- жаңа технологияның мазмұны, құрылымы және өзіндік ерекшелігі анықталып, оларды оқытудың жолдары көрсетілді;
- қазақ тілін оқытудың технология арқылы оқытудың ұтымдылығы тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы. Жаңа педагогикалық технология арқылы меңгерту әдістемесін мектеп мұғалімдері, колледж, гимназия, лицей оқытушылары, әдіскер ғалымдар тәжірибеде қолдана алады. Зерттеудің нәтижелерін жоғары оқу орындарының қазақ филология факультеттерінің оқу үрдісінде, сонымен бірге мұғалімдердің білімін жетілдіру курстарында да пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың теориялық маңызы. Қазақ тілін жаңа технология арқылы меңгертуге байланысты тұжырымдалған ғылыми қағидалар қазақ тілі әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады және әдістеме ғылымының ғылыми-теориялық жағынан дамуына септігін тигізеді.
Курстық жұмыстың пәні. Жалпы білім беретін оқу орындарында қазақ тілі пәнінен өтілетін тақырыптарды жаңа технология көмегімен меңгерту.
Курстық жұмыстың әдістері. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының өзіндік ерекшелігін, қызметін анықтау барысында ғылыми-теориялық әдістер, баяндау, талдау, сұрыптау, салыстыру, ойын элементтерін пайдалану, эксперимент, қорытындылау әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе және негізгі мәселелерді қамтитын екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
І ҚАЗІРГІ ЖАҢА ПЕДАДОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТУРАЛЫ СОҢҒЫ МӘЛІМЕТТЕР
1. 1 Технология туралы жалпы түсінік
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы, т. б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама жоқ [1, 7] .
Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т. б. ) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, тұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады.
«Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне» - өнер, шеберлік және «логос» - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да, кез келген нақты технологияның мәнін анықтаймыз.
Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:
1. Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операциялардың, әдістер мен үрдістердің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.
2. Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс-тәсілдері туралы білімдер жиынтығы.
Осы анықтамалардан көрініп тұрғанындай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырылады.
Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік:
Технология дегеніміз - белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.
Технология дегеніміз - оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.
Технология дегеніміз - оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.
Технология дегеніміз - білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.
Технология дегеніміз - тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.
ЮНЕСКО-ның құжатында педагогикалық технологияға мынандай анықтама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз - бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы.
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз - ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс шаралар жиынтығы.
Қазақ тілі саналы және сапалы меңгерту жаңа технологияларды ұтымды пайдалануымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде білім беру жүйесінің мақсаты мен міндетіне қарай оқытудың Проблемалап Оқыту (Махмутов), прогламалап оқыту (Самарин, Ильина), саралап-жекелеп оқыту (Унт), дамыта оқыту (Эльконин), ұжымдық оқыту (Дядченко), дистанциялық оқыту (Нұрғалиева, Жүсіпәлиева) түрлері оқу процесінде қолданылып жүр. Технология грек сөзі - шеберлік технологиясы ғылым деген ұғымды білдіреді. . Беспалько: Оқу процесін іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Жалпы, жаңа технология дегеніміз - педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары деген қорытынды жасауға болады. Қазіргі кезде оқу процесінде мынадай технологиялар қолдануда.
Дебат технологиясы негізін салған Карл Поппер. Дебат технологиясы тілдік тұлғаның дамуына көмектеседі. Бұл технология оқушының белсенділігін арттырады. Тарихи құжаттармен, статистикалық мәліметтермен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыланады. Қомпьютерлік технология қазақ тілі сабағында қолдану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Осының негізінде нашар оқитын оқушының өзі де компьютермен жұмыс істеуге қызығады. Тілдің салаларын өтуде тест тапсырмаларын компьютер арқылы беріп, білімдерін тексеруге болады. Компьютер оқушының өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады. Топтастыру техиологиясы . Әдіскер В. К. Дьяченконың пікірінше, топтастыра оқыту оқыту тәсіліне катысты. Бұл технология өз ішінен сыныптық сабақ үйымы, лекция-семинарлық жүйе, белл-ланкестерлік жүйе, зертханалық-топталған эдіс, сызба әдісі, трамп әдісі болып сараланады. Белл-ланкестерлік жүйе бойынша үлкен жастағы балалар бірінші мүғалімнің басшылығымен өз беттерінше тапсырмаларды орындайды. Содан соң жақсы нәтиже алған оқушылар нашар меңгерген оқушыларға үйретеді. Трамп жүйесіи пайдаланған кезде мүғалім оқулықтағы тапсырмаларды орындау үшін сыньшты топтарға бөледі. Әр топтың басшысы сайланады. Әр топ өздеріне бөлінген тапсырмаларды орындайды. Топ мүшелерінің тапсырманы орындауға катысқандары сараланады.
Ұжымдық оқыту технологиясы . Бүл технологияның негізгі әдісі - тапсырмамен алмасу. Ең бірінші алты-жеті адамнан тұратын топ күрылады. Мүғалім әр топқа дайындаған тапсырмаларын таратады. Әр топ мүшесіне жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Оқушылар бір-бірімен тапсырма алмасады. Сонда әр топтағы оқушы алты-жеті тапсырма орындайды. Тапсырмаларды орындап болған соң топ ішінде талкылайды. Тапсырмаларды келесі топқа беріп, олардың тапсырмасын алады. Мысалы, бір сыныпта 15 оқушы бар делік. Осы он бес оқушыны мұғалім үш топқа бөлуіне болады. Сабақ соңында бұл технология бойынша әр оқушы он бес тапсырманы орыидаған болып шығады. Мұғалім бақылау жұмыстарын сынақ немесе тест түрінде қабылдайды.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Атап айтқанда:
- Білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылауымен байи түсуде;
- Ақпараттық дәстүрлі әдістері ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс қазіргі заманғы копьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
- Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
- Мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі рөліне мән берілуде.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.
1960 жылдары шетел зерттеушілері оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген «педагогикалық технология» терминін енгізді. « Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның бөлігі ғана » (В. Беспалько) .
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:
- Қатар отыратын сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;
- әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
- оқушының өз бетінше іс-әркете жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
- қатар сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін білу;
- мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы, т. б.
Демек, Х-ХІ сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмендегідей етіп жаопарлауды ұсынуға болады.
Бастауыш мектеп:
- дамыта отырып оқыту әдістемесі(Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдов, В. Репкин, В. Левин, т. б. ) ;
- дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі(П. Эрдниев) ;
- нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау;
- іс-әрекетті бағалау(Ш. Амонашвили, И. Волков) ;
- Оқулықсыз оқыту(В. Агеев) ;
- Ойын әдістемесі және оны қабылдау;
- М. Монтессори, Р. Штейнердің жүйесін қабылдау.
Орта буын:
- Мәселелік оқыту;
- Іздену, зерттеу әдістері;
- Топпен оқыту тәсілі(В. Дьяченко) ;
- Нәтижелі технологиялар;
- Тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы оқыту(В. Шаталов) ;
- Өзіндік жұмыс әдістері;
- Бағдарлы оқыту(машинасыз және компьютерсіз) ;
- Оқытудың коммуникативтік әдісі(қарым-қатынастық) ;
- Пікірталас әдісі;
- Дидактикалық ойындар;
Жоғары сыныптар :
- Оқытудың вариативті элементтерін өз еркімен таңдау;
- өзіндік жұмыстың әдістемесі;
- іздену, зерттеу әдістері;
- нәтижелі технология, жобалау әдісі;
- даралап (жекеше) оқыту, «мектеп-парк» моделін қабылдау(М. Балабан) ;
- Оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар;
- «өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы» әдістемесі(ТРИЗ) (Г. Альпшулер) ;
- Бағдарламалап оқыту;
- әлеуметтік-педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні бар ойындар;
- профилді және кәсіптік бағдар бере отырып оқыту;
- тірек конспектісін қолдану;
- диалогтік әдістеме, пікірталас негізінде оқыту;
- модултдік технология;
- семинар-сынақ түрлері;
- өз бетімен білім алу(компьютерлік варианттар) .
Франция мен АҚШ-та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды топқа бөлу кеңінен тараған. Кейбір пәндерді оқытуда топтарды «жылдамдар», «орташалар» және «баяулар» деп атайды.
Германияда топқа бөлу ЖОТ жүйесінде жүреді. Жоғары (ж), орташа (о), төмен (т) . Топтарға сәйкес әр түрлі бағдарламалар жасайды. Жапонияның мектептерінде де оқушыларды топқа бөліп оқыту тұрақты орын алған. Топтағы жұмыс сайыс түрінде жүргізіледі. Сыныптағы топтар сайыс кезінде ағылшын сөзін, эроглифтерді, тақпақтарды және т. б. кім біледі деген сұрақтарға жауап береді.
Білімді даралап, саралап берудің басты бағыттарының бірі - дарынды, талантты балалар мен жасөспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселеге әлемдік педагогикада қызығушылық бары байқалады. Соның бір айғағы ретінде жоғары қабілетті Еуропалық ассоциация құрылды. Ассоциацияның басты мақсаты - дарынды балаларды зерттеу, қолдау мен мадақтау.
1. 2 Инновациялық технологияларды қолдану уақыт талабы
Заман талабына сай тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Тәрбие үрдісінде әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Қазіргі тәрбие технологиясы кешенді бағыт мәселесін шеше отырып мынадай талаптарды орындайды.
- Тәрбиелеушілерге үш бағытта, яғни санасына, сезіміне және қылықтарына әсер ету.
- Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу.
- Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен реттелуі - тәрбиеге кешенді түрде қараудың кезек күттірмес шарты.
- Тұлғаға берілген қасиеттер тәрбие істерінің жүйесі арқылы қалыптасады. Бұл істер бір арнаға бағытталып, үрдістегі ой, дене, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбие міндеттерінің бір мезетте орын алуын талап ететін нақты кешенді сипатта болуы қажет.
- Тәрбиеге кешенді қарау тәрбие үрдісінің және оны басқарудың жүйелілігін талап етеді. Тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар мен олардың өзара байланысын ескермей тұрып, басқару табысты болмайды. Ол үшін бұл факторлар мен олардың әсер ету сипаты туралы педагогтің айқын түсінігі болуы шарт.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күні - білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
1. 3 Жаңа технологиялардың тиімді жақтары
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал сияқты.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
- І кезең - оқып үйрену
- ІІ кезең - меңгеру
- ІІІ кезең - өмірге ендіру
- ІҮ кезең - дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
- Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
- Оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.
Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет. Жалпы технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептер қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр. Оларға төмендегілер кіреді:
- Білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни, жоғары оқу орындарының несиелік оқу жүйесіне көшуі және орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа өтетіндігі;
- Білім беру мазмұнының ізгілендірілуі;
- Мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастырылуы, яғни, оқушы тек білім тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де.
Оқушылардың сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек тестік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті сабақтан тыс жұмыстарда да (үйірме, факультативтік сабақ, т. б. ) қалыптастырып үйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен шектелмейді, сабақты бере білу мен оқушыларды еңбекке баулып, тәрбиелеу және пәнге қызығуын арттырумен айқындалады. Ал оқушы білімнің сапасы - мұғалімнің біліктілігі мен білімділігінің, іскерлігінің айнасы, нарық заңдылығына сүйенсек, кез келген өнімнің сапасын өндіруші емес, оны тұтынушы анықтауы, бағалауы қажет. Сондықтан мұғалімнің берген білімін оынң өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, дүниетанымының қалыптасуына білім мен білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерінің бірі.
Бүгінгі таңда біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуде. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім берудің мазмұныжаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас ғылым саласында пайда болуда.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Осы орайда халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген.
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу - оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны.
Қазіргі кезеңде «Сыни тұрғыдан ойлау» стратегиясы кең ауқымда дамуда.
Сыни тұрғыдан ойлау деген не? Сыни тұрғысынан ойлау - ашық қоғам негізі. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу? Сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» /СТО/ бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.
СТО-ның маңыздылығының нәтижесі:
- әдіс түрлері
- белсенді практикалық іс-әрекетте болу
- басқалармен қарым-қатынас жасай білу, басқаларды тыңдай білу
- қажет болса, өз көзқарасыңды өзгерту
- топтық тұжырымға келе білу
- топ алдында шығып өз тұжырымын айта білу.
Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім. Ендеше оқыту технологиясын оқу үрдісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде және оны басқаруды қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz