Қазіргі Қазақ радиосы
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Радиохабардың қоғамық мәні
1.1 Қазақ радиожурналистикасының қалыптасу кезеңдері
2. РАДИОХАБАР ТАРАТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Алтын қор бөлімі
2.2 Қазіргі Қазақ радиосы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Радио — өнер. Радио — ақпарат, шартараптан ең жедел
хабар жеткізетін арна. Радио — бизнес көзі. Радио — мектеп. Радио — тарих,
өмірдің өшпес шежірешісі. Оның үні сана сүзгісінен өтеді, мәнді хабарлар,
ән мен саз қорда сақталып, кейін қайталана береді. Радио — өмірдің қиын
сұрақтарына жауап беретін кеңесші, көмекші. Радио — ғұмыр, мыңдаған
адамдардың тағдырына ықпал ететін күш-қуат. Радиода естігендіктен ізгілік
пен жақындықты көбірек сезінеміз, адамның ең асыл қасиеттерінің бірі —
сөйлесу мен жылы қарым-қатынас жасауға тартып тұрады, көңіліңді көтеріп,
демейді, оптимистік қуат беріп, жігерлендіреді. Бүгінгі радиода кемшіліктер
кетіп жатса, ол қоғамның да кемшілігі. Көп болып талап етуге, қажетінде
қолдауға тиіспіз. Әуе толқынында еркін тарайтын ашық ақпарат ат төбеліндей
азғантай топтың меншігі емес, ол қоғамдық өскелең талаптарға жауап беруге,
онда қалыптасқан мәдени қатынастарды алға сүйреуге, жақсартуға міндетті.
Зерттелу деңдейі: Осы курстық жұмыс жазу барысында адамдар арасындағы қарым-
қатынаста сөйлеу мен естудің маңызы айрықша туралы толық мәлімет жинадым.
Осы екі қабілеттің басын біріктіріп, ақпарат тасымалына жол салған,
миллиондардың санасына бір мезгілде ықпал еткен радионың негізі де
табиғаттан, жаратылыcтан, қоршаған ортадан бастау алады деген ойға
тірелдім. Жапырақ сыбдыры, құстың сайрағаны, су сылдыры мен шолпылы, адам
дауысы, доңғалақ сықыры, қоңырау үні, мотор шуы, музыка — мұның барлығы
ауадағы табиғи тербелістердің адам құлағына жетуі. Дыбыс адамның өмір
сүруін, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қоса көңіл-күй
сыйлайды, рухани байытады, сана-сезімін өсіреді, жаңа межелерге
жігерлендіреді, күш-қуат береді, немесе жұбатады, демалдырады, бір күйден
екіншісіне көшуге көмек береді. Адам өз еркінен тыс табиғи ырғақтар
(биоритм) жетегінде өмір сүреді, соған сәйкес жүрек соғысы, тыныстауы,
қабілеті мен зейіні де құбылмалы болып келеді. Бүгінгі радио адамның
биологиялық, физиологиялық қасиеттерімен қоса оның жан дүниесін, яғни
психологиясын да ескеретін бұқаралық ақпарат құралдарының бірі де бірегейі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыс жазу барысындағы ең басты
мақсатым мен міндетім радионың біздің өміріміздегі атқаратын рөлі мол
екендігін көрсету. Жаһандану мен нарық жағдайында адамдар тұрмыста болсын,
жұмыс орнында болсын күрделі мәселелермен бетпе-бет кездеседі, әр түрлі
қайшылықтарды тез шешуіне тура келеді, соның қатарында стрестік жағдайларды
бастан өткізеді. Яғни, әр адамның эмоционалды көңіл күйі мен күш-қайраты
да өзгеріп отырады. Мысалы, жұмыстан шаршаған адам үйіне жеткенше, көлік
тауқіметін, жол нашарлығын, қала жағдайындағы кептелмелерді, қызмет көрсету
мәдениетінің төмендігін көрді дейік. Үйде де бәрі қолайлы болмауы мүмкін.
Бір сәт көңілін аулау үшін, теледидар қараса, онда да тосын оқиғалар,
бітпейтін тауқіметтер, бет жыртысқан адамдар, көлгірсіген саясаткер мен
жүйкеге тиер жарнамалар, қантөгіс фильмдер мен бітпес көбікті сериалдар.
Мұндай жағдайда адамның жүйкесіне үлкен салмақ түседі, сезімі тежеледі,
көңіл хошы төмендейді, өмірге құштарлығы бәсеңсиді. Міне, осы көңіл ахуалын
өзгерте алатын, эмоциялық тепе-теңдікке жеткізетін күштің бірі — радио.
Радио табиғатынан агресшіл емес, керісінше жұмсақ та жағымды, жайлы.
Радиоақпарат көбіне оптимистік болып келеді, өмірлік жақсы тонус
қалыптастырады. Әлеуметтік психологтар тосын қайғылы оқиғаның телевизиямен
салыстырғанда радиодан естілгенде санаға жұмсақтау жететіндігіне назар
аударған. Өйткені, телеақпарат жүйкеге тікелей әсер етсе, радиодан естілген
жаманат хабар психологиялық қорғаныс факторына тап келетін көрінеді. Мұның
өзі радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді
құралмен қатар өмір сүре алатындығына көз жеткізеді.
Жұмыстың құрылымы: : Курстық жұмыс құрылымы кіріспе, негізгі бөлім,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
1. Радиохабардың қоғамық мәні
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сөйлеу мен естудің маңызы айрықша.

миллиондардың сасасына бір мезгілде ықпал еткен радионың негізі де
табиғаттан, жаратылыстан, қоршаған ортадан бастау алады. Жапырақ сыбдыры,
кұстың сайрағаны, су сылдыры үні, мотор шуы, музыка- мұның барлығы аудағы
табиғи тербелістердің адам кұлағына жетуі, оны сана арқылы түйсілтеуміз
болып табылады. Дыбыс адамның өмір сүруін, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп
қана қоймайды, сонымен қоса көніл-күй сыйлайды, рухани байытады,сана-
сезімін өсіреді, жаңа межелерге жігерлендіреді күш-куат береді, немесе
береді жұбатады,дем алдырады, бір күйден екіншісіне көшуге көмек береді.
Адам өз еркінен тыс табиғи ырғақтар (биоритим) жетегінмен зейіні де
кұбылмалы болып келеді. Бүгінгі радио адамның радио адамның биологиялық,
физиологиялқ қасиеттерімен қоса оның жан дүниесін, яғни психологиясын да
ескеретін бұқаралық ақпарат құлралдарының бірі де бірегейі.
Бұқаралық ақпарат құралы ретінде де радионың табиғаты осы табиғи
зандылықтар мен қарым-қатынастарға негізделеді.Жүз жылда радиожурластика
ғылымы дамып, өзінің негізгі ұстанымдары мен қағидалардын қалыптастырып
үлдерді. Радиоақпарат тараудың табиғатына келгенде, ғылымда оның басты і
қасиеті бірінші айтылады және бірауыздан мойындалады.[1]
Радионың бірінші табиғи қасиеті-жеделдігі.
Қалыптасқан БАҚ жүйесінде бірде-бір басқа құрал мұндай жеделдікті
қамтамасыз ете алмайды. Газет ақпарат оқырманына жету жолында күрделі
бірнеше процесті: деректі жинау, терім, беттеу,көбейту және тасымладауды
бастан өткеріп, бірнеше сағаттан көбейту және тасымалдауды бастан өткеріп,
бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейінгі уақытты мүмкін. Тевеизияда сонғы
жылдары ғарыштық байланыс құралдары арқылы оқиға отрасынан тікелей хабар
беру үрдісі жолға қойылды. Бірақ ол көп шығынды, қамбыат техниқалық
кұралдарды қажет ететіндіктен екі телеарнаның бірінің шамасы жетпейді,
сондықтан сирек, үлкен компаниялардың ғана тәжірибесінен орын алған. Осы
олқылықктың орнын толтыру маөсатында соңғы уақытта радио тәсілін қолдану
етек алып келеді, яғни тікелей эфирде телефон арқылы ақпарат беру жиі
кездесіп жүр. БАҚ қатарына соңғы қ жылда қосылған интернеттің де өзиндік
шектеулерң бар. Дүниежүзілік компьютерлік желіде ақпаратсайтқа
орналастырылған сәттен бастап, лгы кех келген шартараптан оқуга мүмкіндік
туады. Ол үшін де тұтынушының ақпарат таратушы сайтын тауып,ондағы дерекке
жол табуы үшін кәсіби машығы болуымен қатар іздеуге уақыт жумсауына тура
келеді. Радиожуралист болса оқиңа ортасында жүріп, көрген-білгенін тікелей
эфирге шығып баяндай алады. Соңғы дылдары қауырт дамып, кең қолданысқа ие
болған ұялы телефондар бұл үрдіске жаңа тыныс әперді, радионың мүмкіндігін
бұрынғыдан да артырды. Радиотілші төтенше жағдайлар болсын,тез өзгермелі
спорт жарыстары болсын,ақпарат жеткізу мақсатында орталық студия арқылы
байлынысқа қосылып, тікелей эфирде жұмыс істей алады. Қазіргі заманғы
байланыс технологиясы радио ақпарат таратуды аз шығынмен тікелей эфир
жағдайында жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Яғни ақпаратты тұтынушысына
жеткізу жеделдігі жаңынан телевизия да, Интернет те радионың алдына шыға
алмайды. Радио ең жедел, икемді,әрі аз шығынмен жұмыс істейтін бұқаралық
кұрал болып қала береді. [2]
Радио тындарман үшін аса қолайлы болып табылады және бұл
қасиетінің маңызы айрықша айрықшан. Радионы тыңдау үшін арайы уақыт бөлу,
болмаса күш жұмсау міндетте емес. Үй шаруашылғындағы тірлікпен айналысып
жүріп те, жұмыс уақатында да, тамақтанып отырып та, автокөліктте келе жатып
та, сейіл кұрып жүріп те радионы еш кедергісіз тыңдай бересіз.
Радио әмбапап ақпарат
таратуымен де қолайлы. Ауа райынан бастап маңыщлы саяси оқиғалар, төтенше
жағдайоаплың барысы қызықты деректердің барлығы кезегімен әуе толқынында
тарап жатады. Тыңдарман өзін қызықтырған хабарға зейінін күгейтеді, болмаса
кейбір мағлұматтарға аса назад аудамайды. Сөйтіп, өзінің сол уақыттағы
сұранысына орай қажетті ақпараттарды қолайлы жағдайды екшеп отырады.
Бәсекелестік жағдайынжа радиостанциялар саны өте көп, сондықтан да соңғы
жылдары радионың хабар тарату бағыт-бағдары да өзгеріп, ол тыңдармандардың
сұранысына орай маманданым, белгілі бір аудиторияға,әлеуметтік топтарға
бейімделе бастады. Бір радио жедел ақпарат пен музыкаға көңіл аударса,
екіншісі ескң әуендерді қайта жаңғырту арқылы тыңдарманын тартады, үшіншісі
белгілі бір музыкалық бағытты (попса, рок, джаз, т.т) ғана қолдайды, тағы
бірі жасөспірімдер үшін хабар таратады, ғана қолдайды, тағы бірі
жасөспірімдер үшін забар таратады, соған орай сөйлеу стилі мен әдісін де
сақтайды. Осыған байланысты әр түрлі радио форматтары көбейді, радионың
аудиториясы да түрлене түсті. Міне, осының бәрінде радионың табиғатынан
қолайлылығы басты рөл атқарады. [3]
Радионың үшінші бір қасиеті-тындарманына психологиялық әсері, немесе
эмоциональдығы. Адамның есту қабілетіне құрылған радио тыңндарманның ққиялы
мен сезіміне де өзгеше әсер етеді, басқа БАК кұралын еш қайталамайды. Адам
табиғатынан естңген жағдайларды көрініс ретінде елестетіні белгілі.”Қиял
дүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе”, дейтін қазақ үшін ой-санаға әсер етудін
мәні айрықша. Оның үстіндекөбіне көшпенді-отырықшылықты кәсіп еткен қазақ
үшін оның өзіндік тарихи жетілу эволюциясы мен дәстүр-салты бар, ол ұлттық
гендік қорымызда сақталып, ұрпақ арқылы атадан балаға беріліп келеді.
Далалық қазақтың табиғат құбылыстаын жетік меңгергендігін, аса зерек және
сезімтал болғандығын, физиологиялық мықты болғандығын күрделі қораған
ортада табиғи сұрыптаудан өтіп, детілгенігімен түсіндіруге болады. Дала
абыздары том-том қітапқа парапар тастандарды жатқа оқып, ауызшы ұрпағына
жеткізген, жаңа ғана дүниеге суырып салу жолымен келген күйді екіншісі сол
заматта қаңып алып, қайта тартып беру үрдісі қалыптасқан.Күйшңден
домбырышының абыройы биік болған деседі. Яғни күйді шығарған адамнан, оны
бққлжытпай орындап, ары қарай насихаттап таратқан адамның жауапкершілігі
жоғары дегенді аңғартса керек.[4]

Қазақ радиожурналистикасының даму бағыттары 3 кезеңге бөлінеді: 1917-1918
қазақ тілінің эфирден естілуі. Ең бірінші радио станция Форт-Шевченко (
қазіргі Ақтау) қаласында жұмыс істеген.
Алғашқы радиостанциялардың пайда болуы 1921,1922,1923,1924,1925 жылдарды
қамтиды.Орынбор, Семей, Ырғыз, Қостанай, Петропавл, Ақмола, Павлодар
қалаларында пайда болған. Сол кездегі ең белгілі деген дикторлар: Әміра
Қайшаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов болған. Алғашқы эфир -
1921 жылы қазан айында еліміздің бұрынғы астанасы Орынбор қаласында жарыққа
шығып, бүкіл Республика аймағына тарала бастаған.
1931 жылдың 16 тамыз айында Радио Хабарларды қабылдайтын, тарататын
жүйені дамыту туралы қарулар қабылданған.
1934 жылдың 8 қаңтарында Жергілікті радиохабарларының жәй күйі туралы
қарулары қабылданды.
Сол жылдары Қазақстан Республикасының Республикалық радио комитеті құрылды.
Ол Орынбор қаласында болды. Алғашқы комитеттің төрағасы Айтбай Хангелдин
болған.
Сол кездегі радиолардың төрт бағыты болды:
-Саяси ағарту
-Білім
-Көркем әдебиет
-Музыка
1966 жылы Республиқалық комитеті Шалқар ақпаратты сазды редакция құрылды.
1970 жылдары қосымша Шалқар радиосы ашылып, оны Ресей, Қытай, Монғолия,
Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және тағы да басқа шетелде тұратын
қазақтар назарына ұсынылған болатын. 90-жылдардың соңында Шалқар радиосы
үш жылдай уақытқа жабылып қалып, 2002 жылдың 16 қаңтарынан бастап Қазақ
радиосының құрамдас бөлігі ретінде қайта ашылған.
Қазақ радиосының тарихы осыдан 90 жыл бұрын басталған.
2. РАДИОХАБАР ТАРАТУДЫҢ ҚАЗІРГІ
Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың айнасы тәрізді. Ол мемлекеттің тыныс-
тіршілігінен, мәдениет, әдебиетінен, тарихы мен салт-дәстүрінен, тілінен,
дінінен т.б. хабардар етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сол елдің,
халықтың бет-бейнесімен танысуға, өзіндік пікір қалыптастыруға болады.
Ондай ақпараттық ұйымдар мемлекеттік дәрежеден басталып, шағын елді-
мекендік дәрежеге дейін жұмыс істей береді. Әрине, баспасөз де сол елдің
әлеуметтік, тарихи, демографиялық жағдайларына байланысты қалыптасады.
Халықаралық эфирде 160-тан астам елдің радиостудиялары жұмыс істейді.
Олардың тыңдарман саны 200 миллионнан асатынын социологиялық институттар
анықтаған.[5]
Қазақстанда 115 телерадио арналары жұмыс істейді. Олардың бәрі
атқаратын қызметіне орай мемлекеттік, жеке меншік, коммерциялық, аралас
болып бөлінеді. Ұстанған бағыттарына орай тәуелді, тәуелсіз болып та
аталады.
Радиохабар тарату құрылымына орай – республикалық, облыстық, қалалық,
аймақтық, аумақтық болып бөлінеді. Халықаралық, республикалық арналар
республика көлеміндегі болып жатқан жаңалықтарды, оқиғаларды қамтып, өз
хабарларын Қазақстан аумағына таратады. Облыстық арналардың хабарлары тек
өздері қамтитын облыстық аумаққа таралатын болса, қалалық арналар қала
көлемінде ғана хабар таратады. Ал, аймақтық арналар бірнеше облыс аумағын
қамтиды.[6]
Қазіргі кезде аймақтық радиолар жұмыс істемейді. Бірақ бірнеше
өнеркәсібі немесе шаруашылығы бір бағыттағы облыстар арналары арасындағы
радиоүндесу ретінде тәжірибе алмасу өте сирек болса да кездеседі. Аудандық
арналар аудан көлемінде ғана хабар таратады, ал, олардың ақпарат алатын
көзі – әр түрлі бағыттағы шаруашылықтар болып табылады. Нарық жағдайына
байланысты аудандық радиотораптар жабылып, бұрынғы радиоұйымдастырушылар
қысқартылды. Әрине, өз ауданының, ауылының шаруашылығының тыныс –
тіршілігінен хабардар болып отырған жақсы. Аудандық газеттер де сол
шаруашылық жайын жазады. Алайда, электронды БАҚ-тың оның ішінде радионың
өзіндік ерекшеліктерін, оперативтілігін, аудитория ауқымдылығын, уақыт
бөлуді қаламайтындығын, санаға тез әсер ететіндігін т.б. көптеген
артықшылықтарын ескерсек, онда эфирлік өнімдердің маңыздылығы арта түсетіні
даусыз.[7]
Қазақ радиосы және облыстық мемлекеттік арналар. Алты миллионнан
астам тыңдарманы бар Қазақ радиосы 101 – FM жиілігінен беріледі және заман
талабына орай қызмет істеуде. Радионың ішкі құрылымы да, хабар тарату
бағыттары да тәуелсіз Қазақстанның даму тенденцияларына қарай өзгеріске
түскен. Қазақ радиосының редакциялары хабарлар барысына орай құрылған.
Ақпараттар бас редакциясы, әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясы,
музыкалық хабарлар бас редакциясы, насихаттық хабарлар бас редакциясы,
балалар мен жасөспірімдер және жастарға арналған хабарлар бас редакциясы
болып бөлініп келді. Бөлімдердің ішінде хабарлардың түрлеріне қарай да
журналистер топтары жұмыс істейді. Мысалы, ақпараттық хабарлар бас
редакциясының ішінде қоғамдық-саяси хабарлар, халықаралық хабарлар
бөлімдері бар. Мемлекеттік арналар үшін бұлай құрылым жасаудың маңызы зор
болды.[7]
Республикалық радиохабарлары жоспарлы түрде жүргізіледі. Алдымен
тақырыптық жоспарлауға тоқталсақ: бұл күнтізбедегі айтулы күндерге, тарихи
оқиғаларға, кезеңдерге байланысты жасалатын жоспарлар. Оның жасалу жолдары
мынандай: алдымен күндік, апталық, айлық межелер белгіленеді, яғни хабарлар
сеткасы жасалады. Онда жанрлық-тақырыптық айдарлардың күні, сағаты
көрсетіледі. Бұл көбінесе тұрақты, жүйелі. Келесі кезекте осы хабарлар
сеткасы толтырылады. Алдымен жалпы халықтық мерекелер, атаулы жас мөлшеріне
келген қоғамның біртуар азаматтарының туған күндері т.б. жайлар ескеріледі.
Мысалы, Наурыз мерекесі, Конституция күні, Ұландар күні немесе Сайлау күні
сияқты қоғамдық-саяси шаралар да жазылады. Мысалы, Мүсінші Наурызбаевтың
80-жылдығына орай ұйымдастырылған сұхбат 20 сағат 30 минутта”, немесе “
Конституция күніне арналған саясаткер Қ. Сұлтановтың әңгімесі”, “Наурыз
мерекесіне арналған жайна, жаса Наурыз” атты радиокомпозиция т.б. сияқты
жанрлық-тақырыптық хабарлар легі өз ретімен орналастырылып, эфирлік
хабарлар алдын-ала дайындалып қойылады.[8]
Ұлтымызға тек ақпарат пен музыка ғана емес, оның жер шарындағы өз салты,
дәстүрі, тарихы, мәдениеті, әдебиеті, ерекшелігі бар халық ретінде толық
қалыптасуы үшін ұлағатты хабарлар да көптеп берілуі қажет. Яғни өткенді
білу үшін де, өркениетке өту үшін де адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра
отырып, ұрпақты болашаққа жетелеу алдыңғы толқын міндеті. Қазақ радиосы
халықтың, ұлттың радиосы болуы тиіс. Сондықтан, тек қана қысқа ақпарат,
жеңіл әуен ғана емес, тағылымдық, тәрбиелік, қоғамдық-тарихи мазмұнды
хабарлардың үнемі беріліп тұруы өмір қажеттілігі.[9]
Дикторлық радиодан журналистік радиоға ауысуы. Қазақ радиосының бұрынғы
жұмыс принципі бойынша - эфирден өтетін хабарлар алдын - ала үнтаспаға
жазылып, өңдеуден өткізіліп, хабарлар бағдарламасына енгізіліп қойылатын.
Яғни, алдын-ала дайындалған бағдарламалар бойынша жұмыс істейтін. Алдын-ала
жоспарлаудың түрлері бар:
Жылдық жоспар.
Тоқсандық жоспар.
Айлық жоспар.
Апталық жоспар.
Ал, журналистік радио дегеніміз – алдын-ала жазылып алынбаған, тікелей
эфир арқылы таратылытын хабарлар түрі. Бұл жерде бұрынғыдай дикторлар
шақырылмайды, телефон байланысы арқылы белгілі бір тақырыпта жоба авторының
қатысуымен немесе жүргізушімен өткізіледі. Тікелей эфирдің талабына сай
жұмыс істеу журналистке көптеген міндеттер жүктейді.Соның ең бастысы – сөз
өнерін, ой толғауын меңгеру. Сөз өнері дегенді Ахмет Байтұрсынов былай
түсіндіреді: Бір нәрсе туралы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки
көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады.
Демек айтылатын ойды, қозғалатын мәселені жақсылап айту, түсінікті тілмен
жеткізу радиожурналистке тән қасиет болуы тиіс.[10]
Бағдарламаның ауқымдылығы, хабардың көп түрлілігі. Жоғарыдағы Қазақ
радиосының хабарлар сеткасындағы көптеген бағдарламалар республика
халықтарының да, ұлт өкілдерінің де ауқымды мәселелерін қамтиды. Яғни,
Қазақ радиосы бірнеше радиоформатта жұмыс істей алады. Радиоформат –
белгілі бір аудитория талғамына сай жұмыс істеу, сол аудиторияның
тыңдармандарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар формасы. Онда
тыңдармандардың жас мөлшері қарастырылады. Яғни, музыкалық стилі, ди-
джейлердің, жүргізушілердің мәнерлері, тілдік, стильдік ерекшеліктері
арқылы айқындалады. Бұл ретте жүргізушілер, ди-джейлер эфирдегі дауыс
ырғағын меңгерулері қажет. Дауыс ырғағына жататындар – тон (дауыс деңгейі),
темп (дауыс қарқыны), тембр (дауыс бояуы), пауза (үн үзіліс). Хабар
барысында дауыс ырғағымен қоса үн үзілісін орынды пайдалану қажеттігі талап
етіледі.[11]
Талдамалық яғни сараптамалық бағдарламалардың кең қолданылуы. Бұл
ретте Баспасөзге шолу, Үкімет арнасы, Парламент апталығы т.б. сияқты
бағдарламалардың эфирге шығуы дәләл. Талдамалық хабарлардың жүргізушілері
немесе хабар авторларына қойылатын журналистік талаптарды меңгерулері
қажет:
- алдымен, тыңдарман аудиториясына ықпал жасай алу;
- көтерілмек мәселе, айтылар әңгіме жайлы бірден назар аударту
тәсілдерін қолдана білу;
- журналистің көңіл-күйі, эмоциясы тыңдарман аудиторияға кері әсер
етпеуі керек;
- жігерлі, ойнақы сөйлеу, сөз, ой қайталамау сияқты қасиеттерді
меңгеру қажет.
- сөйлеу мәдениетін сақтау;
- дауыс ырғағын таңдау.
Шалқар радиосы – радио қызметінің ақпараттар арнасы ғана емес, өнер
өрісі болуы үшін қызмет етіп отырған арна. "Шалқар" – тек қана қазақ
тілінде хабар тарататын форматты радио. Одан сәл-ақ бұрын ашылған, орыс
халқының мақтанышына айналған "Маяк" радиосының ұлтына қызмет атқарғанына
45 жыл толғандығы ұлттық мереке ретінде тойланды. Ал, "Шалқар" болса
нарықтың қыспағына шыдай алмай, бір кездері жабылып та қалды. Қазіргі кезде
шағын ғана ұлтжанды ұжымның қызмет етуімен хабар беруде. Таңғы сағат 6-да
жұмысын Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастайтын арна күнделікті өз
тыңдармандарына "Қайырлы таң" тілеп, шағын концерт береді. Сонан соң
"Таңшолпан" атты таңертеңгілік көңілашар бағдарламасы өз жұмысын бастайды.
Ол екі сағат бойы беріліп, көптеген мәселелер айтылып, әсем әуендермен
өрнектеледі. "Атадан қалған асыл сөз", "Ұлылар өміріндегі арулар", "Біздің
күнтізбе", "Жерұйық", "Қазақы түс жору", "Атакем айтады", "Шипа", "Қазақ
кәделері", "Қазақ хандары мен билері", "Әйелдерге кеңес" сияқты толып
жатқан хабарлар тақырыптары меңзеп тұрғандай, бес минуттың ішінде
тыңдарманға қаншама мағлұмат береді. Ал, "Ашық әңгіме" айдарымен берілетін
хабарда қоғамның білім беру, денсаулық, спорт, өнер, мәдениет, әлеуметтік
мәселе сияқты салалары туралы сөз болады. Ұлттық музыка да "Халық
композиторларының ән-күйлері", "Саз сиқыр", "Домбыра сазы", "Ән - әуен",
"Халық музыкасы", "Ән - домбыра", "Туған жер әуендері", "Жас орындаушылар",
"Ән - бесік", "Ақындар өлеңдеріне жазылған әндер", "Өткен жылдар әндері",
"Алтын қор", "Қазақ эстрадасы" т.б. айдарлармен насихатталып отырады. Тек
ресейлік, европалық әуендерді ғана пір тұтып, ұлттық музыканы мойындамайтын
бағыт белең алып бара жатқан алмағайып кезеңде жастарға мұндай тәсілмен
ұлттық мұраны ұсыну – қуанарлық жай. "Шалқар" сияқты бірнеше арна жұмыс
істейтін болса, ұлттық мүдде әрқашан жоғары тұратын болса, тыңдармандар
сұранысының ең жоғары
рейтингіне қазақ тілді хабарлар ие болары сөзсіз.
Ресей радиосында өздерінің ұлттық эстрадасын насихаттау басым. Қай
арнасын ашып қалсаңыз да эстрада жұлдыздарының, жалпы өнер адамдарының, жас
таланттар өнерлерін тамашалауға болады. Таланттарды таңдау үшін бірнеше
конкурстар өткізіліп, солардың жеңімпаздарын теле және радио арналар
насихаттап жатқанын көресіз. Мұның өзі Өнерліге - өріс кең екендігін
білдіреді. Әлі танылмаған өнерпаздарға жол ашу алдымен радионың үлесіне
тиеді. Неғұрлым әуезді әуендер көбірек берілсе, соғұрлым аудитория саны
артатыны өмірде дәлелденіп отыр.[12]
Қазақстанда тәуелсіз арналардың көбейіп отырғандығы алдымен нарық
жағдайына байланысты. Бұқаралық ақпарат құралдарының электронды
құралдарының бизнес көзіне айналуының тікелей әсерінен қазіргі кезде
Қазақстан әуе толқындарында хабар таратып отырған 31 радио (103,5 FM) ,
Европа плюс Қазақстан, Русское радио, Радиосити (104 FM), NS (106
FM), Радио Ретро (91,7 FM), Авторадио (105,4 FM), Хит-FM (102 FM)-
сияқты радиоарналардың бәрінің жұмыс принциптері коммерциялық болып
табылады. Олардың басты мақсаттары – жарнама арқылы табыс табу. Сондықтан
да жиі-жиі ақпарат беріп, эфир кеңістігін әр түрлі музыкамен толтыра отыра,
әлсін-әлсін жарнамаларды қайталау – бұлардың жұмыс стилі. Музыкалық қорлары
да батыстық, ресейлік эстрада жұлдыздарын дәріптеуге толы. Батыстық
коммерциялық радиолар тәжірибесінде тыңдарман аудиториясын зерттеу – ең
басты міндет. Өйткені табысты, қалталы тыңдармандарды тарту, солардың
талабына, талғамына қарай қызмет ету – жарнаманың молаюына әкелетін фактор
болып есептеледі. Мысалы, өсіп келе жатқан жастарды болашақ бизнес көзі деп
қарай отырып, солардың тілек-талаптарына орай түнгі хабарлар ұйымдастырып,
тікелей эфирге тарту, өз радиоларының имиджін арттыру, жас ерекшеліктеріне
қарай музыкалық топтамалар беру сияқты әрекеттер тәуелсіз арналардың
негізгі қолданатын тәсілдері.[13]
Қазақстанның әуе толқынында қызмет атқаратын радиоарналар жұмыс
мазмұнына қарай ақпараттық-музыкалық, музыкалық-ақпараттық, қоғамдық-саяси
радиолар болып сараланады. Радиолардың ішкі жұмыс жүйесінің
ұйымдастырылуына байланысты ақпарат орталығы, эфирлік студия, деректік қор,
концерттік студия болып бөлінеді. Қандай редакцияда болмасын, ақпарат
бөлімі жұмыс істейді. Небір шұғыл ақпарат алдымен радиодан күтіледі,
сондықтан да радиодағы ақпарат қызметінің рөлі ерекше. Ақпараттық қызмет
аясының өзіндік ерекшеліктері, хабар тарату тәсілдері бар. Өмірдегі болып
жататын жаңалықтар қаншалықты сан түрлі болғанымен ондағы еңбек етуші ұжым
бір құрамда. Сондықтан да ондағы еңбек етуші журналистерден жан-жақты
білімділік талап етіледі. Көптеген жайлармен бетпе-бет келеді. Кез келген
ақпаратты алу үшін төзімділік, қайсарлық қажет. Мысалы, Ішкі істер
министрлігінен алынған журналистердің хабарларында ашықтық, еркіндік,
толыққанды ақпарат беруге ұмтылушылық бар. Ал, керісінше Қорғаныс
министрлігінен көп ақпарат беруден, сұхбатқа келуден бастартушылық көбірек
байқалады. Сондықтан ол хабарларда тұжырым көбінесе "былай көрінеді,
осындай сияқты т.б." деген сөздермен жасалады. Ақпараттық қызмет
журналистерінің басты міндеті:
Біріншіден, ең алдыңғы, алғашқы болу. Кез келген оқиғаны алдымен
хабарлау барысында журналистік әдептен ауытқымау, кәсіби этика сақталуы
керек.
Екіншіден, сөйлеушінің уақытын шектеп, оқиға не туралы, не мақсатта,
түйіні неде деген сияқты детальдарды ғана ықшамдап алу.
Үшіншіден, "меніңше", "сөйткенге ұқсайды", "шамасы солай" т.б. деген
тіркестерді қолданбау, бұл оқиғаның нақтылығынан гөрі дүдәмалдыққа апарады.
Төртіншіден, жан-жақты білім, жеткілікті машық керек.[14]
Радиохабардың басты компоненті — жанды дауыс екені ақиқат. Ал, сол
дауыстың иелері, адамдар мен журналист арасындағы байланыстың да өзіндік
критерийлері бар. Екі жақ та бір-бірімен тіл табысып, оқиға жайлы әңгіме
жақсы өрбіп кетсе құба-құп. Кейде сын материал дайындау кезінде объектінің
қарсылығына тап болады. Ақпарат беруші адамның журналистпен байланысуы,
яғни контакт жасауына немесе жасамауына бірнеше факторлар әсер етеді: сол
саланы, әңгіме болатын тақырыпты білетін беделді адамды таба алу. Хабар
барысында қатысатын адам жайлы хабарланып айтылды. Алайда, дәл микрофонды
ұсынған сәтте бас тартуы мүмкін. Ондай кезде жағдайдың мән-жайын журналист
тыңдармандарға түсіндіруі керек.
Кейде адамдар оқиға жайлы редакцияға өздері телефон соғып жатады. Ондай
кезде ақпарат нақты ма, нақты емес пе, ол жайды журналистің өзі сараптағаны
дұрыс.[15]
Журналист сол оқиғаға қатысты немесе жауапты адамдарды іздегені жөн.
Мысалы, басшы тұрғанда бағынышты адам ешқашан комментарий бермейді.[16]
Адамдардың кәсіби деңгейлеріне қарау керек. Мысалы, нақты ғылым иелері
математиктер, физиктер т.б. оқиға барысына қысқа, нұсқа тұжырым жасайды.
Ал, гуманитарлық саланың иелері оқиғаны құбылтып, әсірелеп, көбірек сөйлеуі
мүмкін. Сондықтан хабардың барысына орай сөйлеушіні нақтылау журналист
еркінде.
Адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет. Мысалы,
біреу сөзшең болса, енді бірі сөзге сараң болуы мумкін. Сондықтан күтіп,
асықпай әрекет жасау керек.
Енді журналистің өзіне қатысты талаптарға келсек олар:
а) өз-өзіне сенімділік;
ә) ұстамдылық;
б) жылдам бағамдау;
в) жинақылық, ширақтық.
Міне, осындай жоғарыда аталып өткен міндет-талаптардан кейін журналист
дайындап әкелген шикізатын студияда өңдеу процесін бастайды. Оған дейін
хабардың сценарлық жобасы жасалады. Бұл - монтаждау процесі. Радиода
монтаждың техникалық, электрондық және компьютерлік түрлері бар. Соңғы
кездері технологияның дамуына байланысты монтаж тек қана компьютермен
жасалады. Яғни сөздерді қысқарту, сұрақтарға орай жауаптарды орналастыру,
интершу, музыка, ролик, джингл т.б. бейнелеуші элементтерді реттеу,
хабардың ашылуы, жабылуы кездеріндегі процестер, үзілісті қадағалау сияқты
көптеген мәселелер осы кезде жасалады. Монтаждың мүмкіндігі зор.
Тәжірибелі, білікті операторлардың көмегімен жасалған хабарлар -
шығармашылықтың алтын арқауы. Қажетті музыкамен көркемделіп, дайын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz