Қоймаға тауардың түскен күні


Мазмұны
1Пәндік облысты талдау7
1. 1Пәндік облыстың ER диаграммасы7
2Бағдарламалық құжат10
2. 1Техникалық тапсырма10
2. 1. 1Функционалдық тағайындауы10
2. 1. 2Пайдалану тағайындауы10
2. 1. 3Орындалатын функциялардың құрамына талаптар10
2. 1. 4Кіріс және шығыс деректерді ұйымдастыру10
2. 1. 5Уақыт сипаттамалары және орын алатын жадының көлемі11
2. 1. 6Техникалық құралдардың құрамы мен параметрлеріне талаптар11
2. 2Түсініктеме хат11
2. 2. 1Тағайындалуы және қолдану облысы11
2. 2. 2Деректер қорының логикалық және физикалық модельдерін құру11
2. 2. 3Логикалық жобалау кезеңі13
2. 2. 4Физикалық жобалау кезеңі13
2. 3Бағдарламаның сипаттамасы15
2. 3. 1Жалпы мәліметтер15
2. 3. 2Функционалдық тағайындау17
2. 3. 3Логикалық құрылымының сипаттамасы18
2. 3. 4Қолданылған әдістер18
2. 3. 5Шақыру және жүктеу19
2. 3. 6Кіріс деректер19
2. 3. 7Шығыс деректер19
3Пайдалану құжаты20
3. 1Кірістерді енгізу20
3. 2Шығыстарды енгізу22
3. 3Қоймадағы тауарларды қарау25
3. 4Анықтамалар28
Қорытынды32
Қолданылған әдебиеттер тізімі33
А ҚОСЫМША34
Б ҚОСЫМША38
Кіріспе
Ақпаратты басқару компюьтерлерді қолданудың негізгі сферасы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдендіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді. Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында жұмыс орнын автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандырылған жұмыс орны деп мамандардың жұмыс орнында орналасқан және олардың жұмыстарын автоматтандыру үшін қолданылатын профессиональды-бағытталған кішігірім есептеу жүйесін айтуға болады. Жұмыс орнын автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар. Ал қоймада жұмыс істейтін жұмысшылар тауарлар туралы мәліметтерді, яғни тауарлардың кірісі мен шығысы, қалдығы және пайда және т. с. с білу үшін осы бағдарламаны қолданса, керек мәліметтер алдында дайын тұрады. Осыған байланысты қойма қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету мақсатымен «Қоймалық есеп» бағдарламасы құрылды.
Бағдарламалық өнімді жасаудың мақсаты қоймалық есепті жүргізу бойынша жұмыстың тиімділігін жоғарылату және жөнелтпе құжаттардың шығыстарын төмендету болып келеді. Бұл бағдарлама қоймадағы тауарларды есепке алуды автоматтандыру және жүйелендіру үшін арналған. Бұл ақпараттық жүйе қоймалардағы, дүкендердегі тауарларды есепке алу бойынша бухгалтерлік операцияларға қатысты корпоративтік ақпараттарға жетімді болу үшін бітістіруші ретінде қолданылатын болады. Жұмыстың нәтижесі болып келесі артықшылықтарына ие өнім болады:
- Есепке алуды қолмен жүргізумен салыстыру бойынша үстемдер:
- тауарларды қабылдау және өткізу рәсімдерінің жылдамдығының артуы;
- сұраныстарды өңдеу жылдамдығының артуы;
- құжаттарды толтыру кезінде қателердің азаюы.
- Сапасы бойынша:
- Арнайы дайындықты қажет етпейтін түсінікті, ыңғайлы графикалық пайдаланушы интерфейсі;
Тауарларды есептеудің негізгі міндеттері:
- Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған тауарларды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
- Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
- Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
- Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
- Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
- Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
- тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
- материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы керек. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- материалдардың біріңғай наменклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операциялардың тәртібін сақтау;
- біріңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
- Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.
Бұрынғы кездерден бастап сауда-саттық барлық адамдардың ажыратылмаған бөлігі болған. Ал кейбір адамдарға ол барлық өмір мәні болған. Қазіргі уақытта бұл өмірде саудасыз өмір сүру мүмкін емес. Жылдар, ғасырлар бойы бұл экономикалық үрдіс дамып жатыр. Сауда әсіресе экономикалық даму саласында өсіп жатыр. Бұл өсу көбінесе өзара арасында бәсекес ұйымдастырылған супер және гипермаркет желілерінің көтерме саудасында және майда сауда мекемелердің ретсіз шиеленіскен жағдайлардың ауысуы кезінде көрсетіледі. Қатаң бәсекес жағдайларында ұтымды болу үшін әрбір супермаркеттердің ұқсас желісі жеке супермаркеттер түйінінің кіші деңгейлі ішкі жүйеден тұратын нақты жүйе болуы керек. Мұндай ұйымдардың сәтті қызмет ету белгілерінің бірі бизнес процестерді автоматтандыру болып келеді. Оның бірі қоймалық есеп.
Сауда қызметімен айналысатын фирма үшін ең қиын тапсырмалардың бірі тауарларды нақты және ретпен есепке алу болып келеді. Өте үлкен біріншілік құжаттардың айналымы кезінде оларды реттеу өте қиын болады. Қазіргі саудадағы талаптар - бұл сұранысты болжау мүмкіндігін басқару, әкелінетін тапсырыстарды басқару және қоймалық қорларды тиімді ету жүйесі. Бұл маңызды тапсырмаларды шешуге қоймалық есеп процесстерін автоматтандыру көмектеседі. Кәсіпорын, сауда мекемесінде, т. б. бір ақпараттық орта құрылады және де тауарларға жасалған әрекеттер туралы барлық ақпараттар бір деректер қорына түседі. Нәтижесінде менеджерлер сатылған тауарлардың санын, сұраныстарды, жетпейтін тауарларға тапсырыс жасауды тез және оңай жасай алады.
Мұндай бағдарлама не үшін қажет? Кәсіпорын енді құрылған кезінде айналымдар да онша үлкен емес, сондықтан жай жазба кітапша мен санағышты қолданса болады. Бірақ кәсіпорын дамыған сайын бұл құралдарды қолдану тиімді болмайды. Қанша тауар түсті?, қанша өткізілді? немесе қаншасы жатып қалды?, мүмкін бір нәрсені арамза жұмысшылар ұрлады ма? деген сұрақтар туу мүмкін. Осы кезде қоймалық есепті компьютерде жүргізу қажеттілігі туындайды.
- Пәндік облысты талдау
Бұл курстық жобаның пәндік облысы болып қоймалық операциялар болып келеді. Нормативтік және технологиялық есептеулер бойынша циклді жүзеге асыру үшін кез келген өнеркәсіпте шикізаттардың, материалдардың, тауарлардың т. б. қорлары болуы керек. Бұл қорларды сақтау үшін қоймашымен қоймалық есеп жүргізілетін қоймалар қолданылады.
Ең алдымен қойма тауарлар мен ақпараттық ағымдар әрекетімен жұмыс істейді. Бірінші болып тауарларды жабдықтаушыдан қоймаға немесе қоймадан сатып алушылар, ал ақпараттық ағымдар осы операцияларды орындау үшін құжатпен көрсетілген. Қойма жөнелтпе құжатпен бірге дайын өнімді қабылдайды және қоймаға орналастырады. Қоймадағы өнімдер тапсырысшыға келісілген шарт бойынша бағытталады. Өнім жөнелтпе құжатқа сәйкес жіберіледі. Жөнелтпе құжат құжат нөмірінен, жіберу күнінен, өнім түрінен және санынан тұрады.
Әрбір материал, тауар бірлігінің қоймалық есепті жүргізгенде атауы және шифры болады. Шифр қоймадағы әрбір материалды сәйкестендіру үшін қажет.
Материалдар, тауарлар қоймаға жабдықтаушылардан келіп түседі. Сондықтан жабдықтаушы туралы деректерді белгілеу қажет: оның атауын, мекен-жайын, телефонын. Бұл деректер өткізулерді құрған кезде бухгалтерияда және іскерлік қарым-қатынасты қолдап тұру үшін маркетинг бөлімінде және өз серіктестерін есепке алу үшін қолданылады.
Қоймаға түскен әрбір тауарлар, материалдар тіркеледі. Міндетті түрде кімнен түскені (жабдықтаушының атауы), не түскені (тауардың атауы), қашан түскені (түскен күні), қандай мөлшерде түскені, бағасы туралы ақпарат міндетті болу керек.
Тауарлар қоймада қажетті көлемде тауарларды өткізу туралы өтінім келгенге дейін сақталады. Бұл жағдайда қоймашы мұны міндетті түрде белгілейді. Ол тауардың қоймаға қандай мөлшерде, қашан және қандай баға түскенін белгілеу керек.
- Пәндік облыстың ER диаграммасы
Пәндік облыстың ER диаграммасы төменде көрсетілген (1-сурет) . Мәні тіктөртбұрышпен, байланыс ромбпен белгіленген.
- ER- диаграмма
Әрбір қатынас бойынша атрибуттардың арасында функционалдық тәуелділіктерге талдау жасаймыз:
- Кіріс (Жабдықтаушының атауы, Жөнелтпе құжаттың нөмірі, Түсім күні, Шифр, Саны, Бағасы) ;
Басқа функционалдық тәуелділіктер жоқ, қатынас 3 нормалды формада орналасқан.
- Шығыс (Шифр, Саны, Шығыс күні, Чек№, Бағасы) ;
Басқа функционалдық тәуелділіктер жоқ, қатынас 3 нормалды формада орналасқан.
- Қойма (Шифр, Өлшем бірлігі, Саны, Стеллаж) ;
Басқа функционалдық тәуелділіктер жоқ, қатынас 3 нормалды формада орналасқан.
- Жабдықтаушы анықтамасы (Жабдықтаушының атауы, Мекен-жайы, Телефоны) ;
Басқа функционалдық тәуелділіктер жоқ, қатынас 3 нормалды формада орналасқан.
- Өлшем бірліктер анықтамасы (Өлшем бірлігі, Толық атауы) .
Басқа функционалдық тәуелділіктер жоқ, қатынас 3 нормалды формада орналасқан
- Тауарлар анықтамасы (Шифр, Тауардың атауы, Өлшем бірлігі, Бағасы) .
Басқа функционалдық тәуелділіктер жоқ, қатынас 3 нормалды формада орналасқан.
- Бағдарламалық құжатТехникалық тапсырмаФункционалдық тағайындауы
Бағдарламаның функционалдық қызметі кәсіпорындардың, сауда мекемелерінің, дүкендердің т. б. қоймадағы тауарларды есепке алуды автоматтандыру болып келеді.
- Пайдалану тағайындауы
Бағдарлама кәсіпорындардың, сауда мекемелерінің, дүкендердің процесстері автоматтандыру объектісі болып келетін жұмысшылармен пайдалануға арналған.
- Орындалатын функциялардың құрамына талаптар
- Бағдарлама келіп түскен тауарларды енгізуге мүмкіндік беру керек.
- Түскен тауарлар бойынша іздеуді орындау.
- Түскен тауарлар бойынша есептемені шығару керек.
- Кіріс кестесінде жабдықтаушының атауы, тауардың шифры құламалы тізімнен таңдалуы керек.
- Бағдарлама қоймадан шығарылған тауарды дерек қорына тіркеу керек.
- Өткізілген тауарлар бойынша іздеуді орындау керек.
- Өткізілген тауарлар бойынша есептемені шығару.
- Қоймада қанша тауар бар екенін қарауға мүмкіндік болу керек.
- Жабдықтаушы туралы анықтама болу керек.
- Жабдықтаушы туралы анықтамада деректерді енгізу, жою мүмкіндіктері болу керек.
- Өлшем бірліктері туралы анықтама болу керек.
- Өлшем бірліктері анықтамасында деректерді енгізу, жою мүмкіндіктері болу керек.
- Тауарлар туралы анықтама болу керек.
- Тауарлар туралы анықтамада деректерді енгізу жою мүмкіндіктері болу керек. Кіріс және шығыс деректерді ұйымдастыру
Кіріс және шығыс деректерді ұйымдастыру А ҚОСЫМШАға сәйкес келу керек.
Бағдарламаның жұмыс кезінде кіріс ақпарат деректер қорының файлы болу керек.
- Уақыт сипаттамалары және орын алатын жадының көлемі
Бағдараламаның кез келген батырмаға басу әрекетін жасау уақыты және тышқанмен басқару 0, 25 с аспауы керек, егер техникалық құралдар параметрлеріне және құрамына талаптардың жүйелік ресурсқа сәйкес болған жағдайда. Жедел жадыны орын алатын көлемі 2 Мбайттан аспау керек.
- Техникалық құралдардың құрамы мен параметрлеріне талаптар
Бағдарлама келесі жүйелік талаптарға қамтамасыз ететін компьютерде жұмыс істеу керек.
- Pentium 4 процессоры және жоғары;
- процессордың жиілігі 2 Ггц кем емес;
- жедел жады 512 Мб кем емес;
- қатты дисктің көлемі 40 Гб кем емес;
- дисплей экранының көрсетілуі 1024х768 кем емес,
- принтер.
Сонымен қатар пайдаланушының компьютерінде қазақ тілінің драйвері орнатылған болу керек (KazKey, KazWin немесе т. б. ) .
- Түсініктеме хатТағайындалуы және қолдану облысы
«Қоймалық есеп» бағдарламасы сатып алу, өткізу және қоймадағы тауарлар санын есепке алу үшін және жасалған операциялар бойынша есептемелерді басып шығару үшін арналған. Бұл бағдарлама кіші сауда кәсіпорындары, дүкендер үшін арналған.
- Деректер қорының логикалық және физикалық модельдерін құру
Бағдараламада кіріс құжат - келіп түскен тауар болып келеді, ал шығыс құжат - өткізілген тауар.
Кіріс және шығыс құжаттар негізінде және жасалған талдау бойынша келесі атрибуттар мен олардың идентификаторлары анықталды:
- -Атрибуттар мен олардың идентификаторлары
Ұсынылған атрибуттардың негізінде келесі мәндерді анықтаймыз:
- Кіріс,
- Шығыс,
- Қойма,
- Анықтамалар.
Әрбір мәнге атрибуттар жинағын береміз:
- Кіріс (Жабдықтаушының атауы, Жөнелтпе құжаттың нөмірі, Түсім күні, Шифр, Саны, Бағасы) ;
- Шығыс (Шифр, Саны, Шығыс күні, Чек№, Бағасы) ;
- Қойма (Шифр, Өлшем бірлігі, Саны, Стеллаж) ;
- Тауарлар анықтамасы (Шифр, Тауардың атауы, Өлшем бірлігі, Бағасы) ;
- Жабдықтаушылар анықтамасы (Жабдықтаушының атауы, Мекен-жайы, Телефоны) ;
- Өлшем бірліктер анықтамасы (Өлшем бірлігі, Толық атауы) . Логикалық жобалау кезеңі
Логикалық жобалау бағдарламаның концептуалдық ақпараттық схемасынан деректер базасының логикалық моделіне ауысуға мүмкіндік береді.
Жұмысты орындау үшін деректердің реляциялық моделін және осы модельге негізделген ДҚБЖ таңдаймыз, мысалы MS Access, өйткені ол деректердің ішкі моделін жақынырақ көрсетеді, техникалық сипаттамаларының көзқарасынан деректер қорымен пайдалунышаларды қанағаттандырады, сонымен қатар қосымшаларды жоблау кезінде кең мүмкіндіктерге ие.
Ақпараттың құрамды бөлінбейтін бірлігі болып келетін көптік қатынастарды алғанға дейін пәндік облыстың декомпозициясын жүргізу керек (1 бөлімді қараңыз) .
Мәндердің арасындағы байланыстарды жасаймыз:
Жабдықтаушы, Кіріс -1:К типті байланыс;
Жабдықтаушы, Тауарлар - К:1 типті байланыс;
Тауарлар, Қойма -1:К типті байланыс;
Тауарлар, Шығыс -1:К типті байланыс;
- Физикалық жобалау кезеңі
Аccess-те жобалау
Деректер қорының сервері ретінде Microsoft Access таңдалды. Бұл ДҚБЖ артықшылықтарына деректер қорын жобалауының қарапайымдылығы, қосылу қарапайымдылығы және каскадты жаңартулар мен жоюларды анықтау жатады.
Алдымен конструктор арқылы кестелер құру керек. Кестелерге құрылымды беру ерекшеліктеріне индексті өрістерді құру жатады. Индекстелген өрістер деректер схемасында қатынастар арасында дұрыс байланыстар үшін қажет. Индекстелген өрістердің тізімі төменде келтірілген:
- Кіріс - тауардың түсімі туралы ақпарат;
- Шығыс - тауардың сатылуы туралы ақпарат;
- Қойма - қоймадағы тауарлар туралы ақпарат;
- Жабдықтаушылар анықтамасы - жабдықтаушылар туралы ақпарат;
- Өлшем бірліктер анықтамасы - өлшем бірліктер туралы ақпарат;
- Тауарлар анықтамасы - тауарлар туралы ақпарат.
Кестелерді құрып болғаннан кейін конструктор режимінде қатынастар арасында байланыстар жасау керек. Деректер схемасы төменде суретте көрсетілген (2-сурет) .
- Деректер схемасы
Delphi-де жобалау
ДҚБЖ құру үшін орта ретінде Delphi 7 таңдалды. Бұл әр түрлі типті ДҚБЖ құру үшін үлкен мүмкіндіктерге ие. Сонымен қатар мұнда пайдалану интерфейс жасау өте қарапайым.
Access деректер қорын қосу үшін ADO қолданылды. Деректер қоры жобаға ADOConnection компоненті арқылы қосылады.
Кестелермен жұмыс жасау үшін ADOTable компоненті қолданылады. Ол ADOConnection көмегімен қосылған кестелермен әрекеттесу интерфесін ұсынады.
Сұраныстарды құру үшін SQL сұраныстарын құратын тілді қолдайтын ADOQuery компоненті қолданылады. Сұраныстардың нәтижелерін жаңа сұраныстарды құру үшін және оларды пайдаланушыға шығару үшін қолданады.
Кестелермен, сұраныстармен және басқару графикалық элементтермен жұмыс істеу мүмкін болу үшін DataSource компоненті қолданылады. Қажет кестені (ADOTable) немесе сұранысты (ADOQuery) DataSource компонентімен байланыстырып, содан кейін қажетті басқару графикалық элементті байланыстырып экранға немесе принтерге деректерді шығару үшін қарапайым интерфейс құрылады.
Графикалық элементтерге DBGrid, DBNavigator, QuickReport жатады. DBGrid элементі DataSource ұсынатын деректерді кесте түрінде экранға оңай шығаруға және түзетуге мүмкіндік береді. QuickReport - басып шығаратын есептемелерді құру үшін ыңғайлы құрал.
- Бағдарламаның сипаттамасыЖалпы мәліметтер
«Қоймалық есеп» бағдарламасы тауарларды есепке алу операцияларын жүргізу үшін арналған. Бұл бағдарлама қазақ тілінде жасалған, сондықтан бағдарламаның қатесіз жұмыс істеуі үшін компьютерде қазақ тілінің драйвері орналасқан болу керек.
Бұл бағдарлама Microsoft Access 2003 ортасының кестелері арқылы жасалынған және ADO технологиясы арқылы Delphi-мен байланыстырылған.
Деректер базасы - деректер жиынтығы.
Access - қарапайым әрі күрделі деректер базасымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Access - реляциялық деректер базасы болып келеді, яғни бұл деректер базасы әр түрлі категориялы ақпараттар арасындағы қатынасты анықтай алады.
Access деректер базасының компонентері.
Деректер базасының негізін оның ішіндегі сақталатын деректер құрайды. Бірақ Access деректер базасында басқа да маңызды компонентер бар, олар объектілер деп аталады.
Олар келесідей болады:
- Кестелер - деректерді құрайды.
- Сұраныстар - деректерді алуды таңдау үшін шарттарды жасауға және деректерге өрістерді енгізуге мүмкіндік береді.
- Формалар - ақпараттарды қарастыру мен өзгертуге мүмкіндік береді.
- Беттер - HTML (Hypertext Markup Language) форматты файл.
- Тапсырыстар - ақпараттарды қағазға шығаруға және жалпылауға мүмкіндік береді.
- Макростар - бір немесе бірнеше операцияларды автоматты түрде орындайды.
Кестелер. Access деректер базасына енгізілетін қандайда бір ақпарат кестеде сақталынады. Деректер базасы тілінде жолдар - жазбалар, ал бағандар - өрістер деп аталады. Access-те кестелерді құрудың көптеген тәсілдері бар.
Бұл жоба Borland Delphi7 бағдарламасында әзірленді.
Borland Delphi7.
Берілген жобаны жобалау үшін визуальді обьекттік бағытталған Delphi 7 бағдарламалау тілі таңдалды.
Delphi 7 - бұд бағдарлама жасау ортасы, Windows жұмысына бағытталған. Delphi 7 идеология негізінде визуальді проектілеу технологиясы және обьекттік бағытталған бағдарламалау методологиясы жатыр. Бұл бағдарлама визуальді обьекттік бағытталған бағдарламалаудың ең күшті жүйесі болып табылады. Оның көмегімен бастапқы бағдарламашылар да Windows стандартын қанағаттандыратын терезелік интерфейстерді өздері жасай алады. Delphi 7 бағдарламасын қолдану спектрлері кең: инженерлік, офистік, сату және т. б. Delphi 7 қолдану арқылы . DLL компоненттер, формалар, функциялар, кітапханасын құруға болады, өшірілген және локальді әр-түрлә типтегі (InterBase, Microsoft SQL, SyBase, dBase, Oracle және т. б. ) деректер базасымен жұмыс істеуге болдады.
Delphi 7 деректер базасының қосымшаларын жасаудың ең таратылған құралы болып табылады және өзінің қосымшасынан Microsoft, Word, Excel және т. б. бағдарламалық өнімдермен байланысу мүмкіндегіне ие.
Бағадарламаны жасау кезінде ADO технологиясы қолданылды. ADO компонеттері MS Access-тегі деректер базасымен байланыстыру үшін керек.
Деректер базасын жасау кезінде ADO-ның келесі компонентері қолданылды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz