Қола ғасыры археологиялық дәуір ретінде


><h3>
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қола ғасыры археологиялық дәуір ретінде 5
1. 1 Кезеңдеу және дәуірлеудің мәселелері 5
1. 2 Дәуірдің ерекшеліктері 7
1. 3 Қола алу тәсілдері 11
2 Қола дәуіріндегі Орта Азия 13
2. 1 Алтын - депе 13
3 Орта Азиядағы қыш-құмыра өнеркәсібі 27
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35
</h3>
<h4>Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Орта Азия - егіншілік - малшылық қоланың маңызды бөлігі болып саналады. Оның оңтүстік аудандарында джейтун ерте егіншілік мәдениетінің, метал жайылуының және шаруашылықтың жаңа элементтерінің негізінде анау мәдениеті дамыған. Түрікмендегі Анау ауылының жанындағы екі дөңбешік пен Намазға-тепе, Яланчаг және Дашлиджи дөңбешіктердің зерттеуі өте маңызды болды. Қазбалар бұл жақсы дамыған көне егіншілік мәдениетінің ескерткіштері, джейтун мәдениетінен кеш шыққан екенін көрсетті. Әр төбешік саздан соғылған үйлер және олардың орнына жаңа үйлерді салған нәтижесінде қалыптасқан бірқатар бірінің сонынан бірі орналасқан қабаттар тұрады. Намазға-тепе қонысының көлемі - 100 га. Анау мен Намазға қазбалары бұл аудандағы энеолит және қола қабаттарының стратиграфиясын құрастыруға көмектесті. Анауда 5 хронологиялық қабат анықталды, оның ішінде Анау ІА, Б және Анау ІІ энеолитке қатысып б. з. б. V-ІІІ мыңжылдықтың бірінші бөлігіне жатады. Оңтүстік Түрікмен комплекстері б. з. б. VІ-V мыңжылдықта бірінші метал заттары пайда болған көршілес Ирандағы Сиалк және Гиссар ескерткіштерінің стратиграфиясымен сәйкестенеді. Қоныстардың таулардан алыс орналасқаны егіншілікте канал, су білімдерін анықтайды.
Бұл дәуірдің ерекшелігі - қола заттарының болуы: жалпақ балталар, біздер, айналар, әртүрлі саздан жасалған ыдыстар, оның ішінде қыш-құмыралар. Ыдыстағы өрнектерде геометриялық суреттерден басқа жануарлардың стильденген байнелері пайдаланған: текелердің, жүгіріп келе жатқан иттердің, ұшып келе жатқан құстардың, балықтардың, адамдардың.
Бұл зерттеудің мақсаты - Орта Азиядағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Бұл мақсатқа жету үшін осындай міндеттер қойылды:
- қола ғасырдағы кезеңдерді зерттеу;
- қоланы алудың тәсілдерін анықтау;
- Алтын-депе қонысын зерттеу;
- Хорезм, Сапали, Тазабагьяг, Суярган мәдениеттерін зерттеу;
- Орта Азиядағы қыш-құмыра өнеркәсібін талдау.
Курстық жұмыстың құрамы: кіріспе, негізгі бөлім (3), қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспеде жұмыстың мақсаты, міндеттері, құрамы анықталады.
Негізгі бөлім үш бөлімшеден құралады.
Қорытындыда жасалған зерттеудің түйіні жазылды.
Қолданылған әдебиеттер тізімінде зерттеу барысында пайдаланған деректердің тізімі беріледі. </h4>
<h4>1 Қола ғасыры археологиялық дәуір ретінде
1. 1 Кезеңдеу және дәуірлеудің мәселелері
Б. з. б. III мыңжылдықтың соңы мен I мыңжылдықтың бас кезінде әр жерді мекендеген тайпалар үшін үлкен өзгерістер болды. Адамдар өміріне қажетті құрал-саймандарын ағаштан, тастан емес, мыстан жасауды үйренді. Кейінірек қоладан да жасады. Себебі, мыс жұмсақ болды. Ол қатты затты шаққанда, соққанда майысып кетін еді. Мысты қатты ету үшін оған мысты қорытып қоса бастады. Мыс пен қалайынық, қосындысынан қатты металл - қола пайда болды. Осының нәтижесінде тас дәуірі аяқталып, қола дәуірі басталды.
«Қола дәуірі - адамдар арасында рулық қатынас ыдырап, оның орнына өнім өндіретін шаруашылықтың біржолата орнығуымен қатар келеді. Қола құрал-саймандарының қолданылуы өнім өндіруде (өндіргіш күштерді дамытуда) қол жеткен нәтижелердің біреуі ғана. Қазақстанның далалы аймақтарында бұл нәтиже алдымен егіншілік- малшылық шаруашылығының орнығуымен көрінеді. Өнім өндірудің көбеюі жемнің молаюы халық санының артуына әсер етті» [1, 38-40 б. ] .
Қола дәуірінің кезеңдеуі туралы ғалымдардың зертеуінше: қола дәуірі - тарихи-мәдени период, көптеген мәдениеттерде қола металлургиясы мен оның құрал-жабдықтар қару-жарақтардың ең негізгі керек материал көзіне айналуымен сиатталады. Қалған территорияларда неолиттік металл кезеңінің әрі жалғасып, дамуы мен жетілуі болып табылады. Шамамен қола дәуірінің хронологиясы б. з. б. IV - I мыңжылдыққа сай. Қола - қалайы мен мыстың қорытпасы, оны 700 - 900 градуста қыздырып алады. </h4>
Ертедегі қола құралдары Оңтүстік Иран, Түркіменстан және Месопотамияда б. з. б. 4 мыңжылдыққа жатады. Кейін олар Мысырда (б. з. б. 4 мыңжылдықта), Үндістанда (б. з. б. 2 мыңжылдықта), Қытайда (б. з. б. 2 мыңжылдықта) және Еуропада (б. з. б. 2 мыңжылдықта) таралды. Америкадағы қола дәуірінің өз тарихы бар. Осында металургия орталығы болып Перу мен Боливия есептеледі, хронологиясы б. з. VІ -Х ғғ. сай келеді. Африканың қола дәуірі және оның хронологиясы туралы сұрақ әлі көп зерттелмен, бірақ мұндағы жеке қола дәуірінің пайда болуы б. з. б. І мыңжылдықтан кеш емес. Африкадағы қола дәуір өнерінің дамуы 11-17 ғ.
Азиядағы қола дәуірі ерте қалалардың өркениеті (Месопотамия, Мысыр, Сирия) және жаңа дамығын (Үндістандағы Хараппа, Қытайдағы Иньски) дамығын. Осыдан басқа ерте таптық қоғамда және мемлекеттерде мәдениет дамып, соның нәтижесінде мелалл және қола бұйымдары кең таралып, алғашқы қатарда, яғни Иран мен Ауғанстанда кең таралған.
Қола дәуірі көптеген территорияларда егіншіліктің, көптеген қорғандардың қазба жұмыстары кезінде табылған металдық типтегі құралдардың табылуымен сипатталады.
КСРО территориясында қола дәуірі Батыс Еуропадағы тұрақтар және тайпалардың болуы сияқты алғашқы қоғамдық қатарда дамыды. Ең жоғарғы сапаға Орта Азияның оңтүстік-шығысындағы тұрақтар жетті. Б. з. б. II мыңжылдықта ерте шығыс типтегі қалалық өркениет пайда болады және Иран мен Хараппиядағы Намазга-Тепе мәдениетімен байланысы бар екені анықталады. Дегенмен осы дәуірде өзінің жоғарғы мағынасы болған Кавказ және бай кен орындары. Кавказ Еуразияның ең үлкен металл орталығы, б. з. б. ІІІ-ІІ мыңжылдықта Шығыс Еуропаның металл бұйымдармен жабдықтау орталығы. Б. з. б. III мыңжылдықта Закавказьеде отырықшы егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының Кіші Азиядағы мәдениеттің бір бөлшегі. ІІІ мыңжылдықтың ортасы мен II мыңжылдықтың аяғында солтүстік Кавказда мал шаруашылығы бар тұрақтар және оларды обаларға бірге жерлеу дәстүрі бар мәдениеттер дамыды. Б. з. б. II мыңжылдық Закавазье жоғарғы қола металлурия орталығы болды. Солтүстік Кавказияда бұл уақыт солтүстік Кавказ мәдениетінің дамып, жайылуы катакомбия мәдениетіменен байланыста дамығаны, ал Кавказдың батыс бөлігінде дальмен мәдениетімен қатар дамығаны сол кездегі ең ірі өзгерістер мен жаңалықтар қатарына жатады. Б. з. б. II мыңжылдықтың II жартысы мен б. з. б. I мыңжылдықта орта қола дәуірі мәдениетінің базасында жаңа мәдениеттер жоғарғы металлургия деңгейі Грузия, Армения, Азербайджанда пайда болады.
СССР-дің далалық бөлігнде б. з. б. ІІ мыңжылдықтың басында қола бұйымдар жасаумен, мал және егін шаруашылығымен айналысатын катаком мәдениеті қоныстанды. Осымен қатар осы жерде ерте ямная мәденитінің тұрақтары өз өмірлерін жалғастырды. Урал маңындағы соңғы металургия орталығының дамуы б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Завольжиедегі кесілген мәдениеттермен қатар келеді. Б. з. б. 16-15 ғасырларда қазіргі Батыс Украина, Подолия шекарасында, сонымен қатар оңтүстік Белорусияда Коморовский мәдениеті таралды.
Б. з. б. 13-14 ғасырларда қола дәуірі Волга мен Кама орталығында қола найзалар мен қылыштар белгілі болған және кең етекте таралғаны белгілі. Осы типтегі қарулар Молдовиядағы Бородино қоймасында, Уралда табылған.
Осы мәдениеттермен туыстас археологиялық комплексті мәдениеттер б. з. б. II мыңжылдықтың II жартысында Орта Азияда тарлалған. Б. з. б. ІІ мыңжылдықтың соңғы тоқсанында Оңтүстік Сібір, Алтай және Қазақтанның бірнеше бөлігі қола құрал-саймандар мен қару-жарақтар «Қарасуық» мәдениетінің ерекшеліктеріне байланысты сипатталады» [3, 87 б. ] .
<h4>1. 2 Дәуірдің ерекшеліктері
Қола дәуірінің өзіне дейінгі дәуірлермен салыстырғанда мынадай ерекшеліктері бар:
- біріншіден, алғаш рет адамдар түсті металдар мен алтынды пайдалануды үйренді;
- екіншіден, мал шаруашылығы жақсы дамыды. Осының нәтижесінде үй жанарларының саны көбейіп, малдың адамдар үшін пайдасы арта түсті. Бұған мал бағып - қағудың жаңа әдіске көшудің нәтижесінде қол жетті. Ол жаңа көшпелі мал шаруашылығына әкеп соқтырды;
- үшіншісі, қарапайым егіншіліктің дамуы. Бұл кезде жер негізінен кетпенмен өңделді. </h4>
Кең даланы мекендеген тайпалардың негізгі кәсібі бақташылық, мал шаруашылығы, кетпенді егіншілік болды. Бұл кәсіптерің бәріне ер адамдар білек сыбанып, белсене қатыса бастады. Оларсыз қоғам адамдарын азық-түлікпен тұтыну заттармен қамтамасыз ету қиын еді. Мұның өзі бұған дейін қалыптасып қалған аналық рудың ыдырауына әкеп соқты. Енді оның орнына аталық ру келді. Бірнеше ағайынды отбасынан құралған бұл руда еркек-көсем, еркек-жауынгер болды, демек, енді еркек рулық қауымның басшысына айналды. Туыстық бұрынғыдай шеше жағынан емес, әке жағынан есептеле бастады. Осы қола дәуірінде аталық қатынасы болғанын қазба кезінде табылған ескерткіштер де дәлелдейді. Көптеген қабірлерде екі мәйіттің бірге, қатар қойылғаны анықталды. Еркек қайтыс болса әйел қасына жерленген. Олардың қасына еркектің де, әйелдің де тіршілікте пайдаланатын заттары қоса жерленген.
«Қауымдағы аталық ру отбасы да біртіндеп дамыды. Алғашқы кезде мұндай отбасындағы қатынастың аналық ру кезіндегіден еш айырмашылығы болған жоқ. Қауым мүшелерінің бәрі де тең болды. Құрал-саймандары, туыс адамдардың, бір әулеттің 4-5 отбасынан құралатын. Аумағы 200 шаршы метрдей не онан да кең, үлкен үйлерде бірге тұрды. Әрбір аталық рулық қоныс осындай бірнеше үйлерден құралды. Кейін, әсіресе қола дәуірінің соңғы кезінде кейбір күшейген аталық әулет қауымнан оқшаулануға тырысты. Мұның өзі келе-келе алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің шығуына әкеп соққаны белгілі» [4, 114-118 б. ] .
Адамдардың малшылық пен егіншілікке көшуіне байланысты, олардың азық-түліктің артық қоры жинала бастады. Енді үй-жайдың түрі өзгеріп алғашқы қоныстар, ауылдар пайда болды. Қоныстар жыртқыш аңдардың шабуылынан қорғау үшін сыртынан қоршалды. Осы қоршаулар кейінірек дұшпандардың шабуылынан сақтайтын мықты бекіністерге айналды.
Ежелгі адамдар үй салуды білмегендіктен үңгірлерді, үлкен ағашардың қуыстарын паналады. Мәселен, неолит заманындағы Қараүңгір адамдар ұзақ жылдар мекендеген орын болды. Ал энеолит кезінде адамдар өз қолымен үй сала бастады. Бұған Ботай қонысындағы үйлер дәлел. Осындай тұрғын үйлер салу кезінде де ер адамдардың шешуші рөл атқарғаны белгілі. Сөйтіп, матриахардың орнына патриахаттың келуі және оның дамуы ұзақ уақытқа созылды. Оның маңызы сонда, еңбек бөлінісі күшеюіне байланысты адамға аса қажетті өнімдерді шығаратын жұмыстармен ер адамдар айналысты. Малды солар бақты, егіс даласын солар тазалап аршып, кетпенмен қопсытты. Үйді солар салды, қоныстарды сыртқы жаудан қорғады. Ал әйелдер үй шаруашылығымен, балаларды бағумен, тәрбиелеу сияқты жұмыстармен айналысты. Осы еңбек бөлінісі өнім өндіруді атқарды. Сөйтіп, адамзаттың, қоғамның ілгері қарай дамуына үлес қосты. Ішіп-жем, тұтыну заттарының артылуы ол заттарды айырбастауға әкеледі. Келе-келе сауда-саттықтың басталуы да осыған байланысты еді.
Еркектер мен әйелдер арасындағы сонау қола дәуірінде басталған еңбек бөлінісі осы уақытқа дейін негізінен сақталып қалады деуге болады.
«Мал өсіру мен егіншілік қола дәуіріне дейінгі уақытқа дейін дамыса да, ерте, орта, кейінгі қола дәуірінде жаңа сипат алды. Қола дәуіріндегі тайпалардың тіршілігнде мал өсіру өте маңызды болды. Үй жануарларының еті мен сүті - азық, тезегі - отын үшін пайдаланылды. Тамақтың көбі сүттен жасалады әсіресе сүзбе, ірімшік, құрт, қаймақ, май, айран сияқты тамақтар көбірек алынды. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы болды. Тамақ үшін көбіне екі-үш жастағы жас жылқы пайдаланылған» [5, 65-79 б. ] . Асыл тұқымды малды өсім үшін қалдырған. Шаруашылықты осылай жүргізу мал басын кеміптеуге, оның өнімділігін арттыруға жағдай жасалған.
Қазақстанның қола дәуіріндегі малшылары малды бағып-өсіру жөнінде өте тәжірбиелі еді. Олар дүние жүзі бойынша тұңғыш рет қыстүгіні малды қолда ұстап бағып-қағып өсіру жолдарын тәжірбиеге енгізді.
Малшылар қос өркеш - бактриан үйелерін де өсірген. Олардың сүйектері мен тұяқтары қоныстар мен қорымдардан табылған. Түйе бейнелері жартастарға салынған, тіпті қазу жұмысы кезінде түйенін қыш мүсіні де кездесті. Қоныстардың көпшілігі басын таулардан алатын шағын өзендер мен өзектердеің жағаларында орналасқан. Олардың өзен жағаларындағы жайылымдарда егіндері, бау-бақшалар болған. Қазба жұмысы кезінде бірқатар қоныстардан тары, бидай, олардың масақтары және де астықты өңдейтін құрал-саймандар табылған. Мұның бәрі қола дәуірінде егіншліктің де болғанын дәлелдейді. Бірақ мұнда мал шаруашылығындай өзгерістер болған жоқ. Қола дәуірінің адамдары күнделікті тұрмысқа қажетті істердің бәрін өздері орындаған. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киім-кешек пен аяқ-киімді түрлі жіппен безендіріп тігу сияқтылардың бәрін игерген. Мата тоқу үшін қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Оған өзге жүндер де, түбіт те жараған. Тіпті кенеп те, зыгыр да, қалақай да пайдаланылған. Ол кезде тоқыма өрмегі де, ұршық та белгілі болган. Ер адамдар мен әйел адамдар да бастарынан жүннен тоқылған немесе теріден тіккен құлақшын киген. Киімдері жүн матадан тігіліп, оған сүйектерден әртүрлі формада түйме тағылған. Әйелдер көбінесе ұзын жеңді, етегі жер сызған тоқыма көйлек киіп жүрген. Жең қайырмалары әдептері қатар қадалған қола таналар тізбегімен әдеміленген. Белдемше алдыңғы жағынан жылтыр ақ моншақтармен әсемделіп, кеуделеріне әсем қаптырма қапталатын болған. Маталары алқызыл және көк түске боялған.
«Әйелдер құлақтарына қола сырғалар, алтынмен апталған дөңгелек сырғалар тағып, мойындарына мойыншақтар салынатын болған. Қолдарына білезіктер мен жүзіктер салып жүрген» [6, 498 б. ] .
Еркектер масақтарына қолдан үшкірлеп жасалған жебе кигізген садақтармен қаруланған. Жақын, қоян-қолтық сайыстарда үшкір қола сүңгілерді, қола балталар мен қанжарлардыдас шоқпарларды пайдаланған. Осының бәрі қола дәуірі тұрғындарының шарашылығы мен мәдениетінің даму, өзгеріс үстінде болғанын көрсетеді.
<h4>1. 3 Қола алу тәсілдері
Кен орындарын зерттеу барысында геологтар сол арадан кен б. з. -дан үш мың жыл бұрын өндіріле бастағанын анықтайды. Қола дәуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген.
Ежелгі кеншілер кенді тотықтандыру (малахит, азурит, касетерит) төсілін тапқан, сонда ол жыныста жез бен қалайы қосындысы күрт көбейген. Кенді жүлгелерді тауып іске жаратқан, борпас жынысты «қайлалап», тас соққыштар мен балғалар қолданып өндірген. Ал қатты жыныстарға «отпен өндіру» тәсілін қолданған, бұл тәсіл бойынша жүлгенің шығатын жеріне немесе забойда от жағып, жыныс қызған кезде, ол шатынап жарылуы үшін оған су құйған, сосын шойбалғамен, қайламен соғып құлатқан. Ал металы бар жыныстарды көнектерге салып жоғары шығарған. </h4>
Сол сияқты кенді жыныс астын қуалай қазып, сосын үстен төніп тұрған рудалы қатпарды балғамен ұрып, опырып түсірген. Ал, ұзын штольнялар (жасанды үңгімелер) қазған кезде оған агаш тіреулерді пайдаланған. Шахта қасындағы су басына өндірілген руданы өкеліл, жуып, бос қоқыстардан тазартқан. Уақталған руданы қонысқа әкеліп, арнаулы пештерге салып балқытқан [7, 82-83 б. ] .
Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға атаулатып от жағып сонда күйдірген. Б. з. дейінгі ХVІІ-ХVІ ғғ. аяқ-табақтар белгілі бір калыпқа салынып істелген, қалыптың өзі түбі тегіс бәнкі тәрізді, сырты ат қылынан немесе жуан жүн жіптен тоқылған матамен қапталады екен. Ыдыс-аяқтар әртүрлі сызықтармен, не тарақша етіліп түсірілген геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Кейбір құмыралар сыртына қолдан жапсырып бедерлі нақыстар салынған. Ыдыс-аяқтың өрнектері тек әсемдік үшін ғана емес, оның ыдыс ішіндегі нәрсені «тіл мен көзден», «жадылықтан» сақтайтын басқа да сиқырлы мәні болған, бұған қоса ол ыдыстың бос тұрмай, берекелі құтты болуына меңзейтін де мағынасы болғанға ұқсайды.
Орта қола кезеңінде (б. з. дейінгі ХV-ХІІІ ғғ. ) ыдыс-аяқтар біркелкі стандартқа көшіп, жетіле түседі: бұрынғыдан жұқа, әсем келеді. Олар қалып көмегімен немесе дөңгеленте қолдан жапсыру төсілімен әзірленген; бұл тәсіл бойынша әуелі ыдыстың түбі дайындалады да, сосын оған дөңгелектеп бүйірін, дөңгелек-иінін, сосын жоғары жағын орнатады. Ал енді бүйірі дөңгеленіп келіп мойынға айналар жерде ойық пайда болады, бұл - орта қола кезіндегі андронов мәдениетінің танымал бір белгісі. Бұлардың ою-өрнегі бұрынғыша сызылған немесе штамппен түсірілген (іші штрихтелген үшбұрыштар, меандрлар) . Бұрынғы құмыралардан бір өзгешелігі - ою-өрнектер үш жолақ, танап етіліп жүргізіледі. Зерттеушілер құмыраларды жасаудағы тағы бір тәсілді атап өтеді: мұнда әуелі құмыраның өзі жасалады екен дағы сосын оған оның теп-тегіс түбі жапсырылатын болған [7, 82-83 б. ] .
Кейінгі қола кезеңінің ыдыс-аяқтарының бір ерекшелігі - олар өте бүйірлі және жалпы нобайы дөңгелектеу болып келеді.
<h4>2 Қола дәуіріндегі Орта Азия
2. 1 Алтын - депе
Археологиядағы қызықты қазба жұмыстары кезінде алғашқы қоғамнан жетілген өркениетке өтуге нақты қадам жасалғаның көруге болады. Осы өтпелі кезеңдегі тапсырмалады шешуде археологтарға ашық және сан алуан материалдар қола дәуіріне жүргізген кезде алғаш табылған үлкен және ең ірі Алтын-депе қонысы көмектеседі. Алтын-депе қонысы Түркіменстанның оңтүстігіндегі Миана тұрағында орналасқан. Осы жерге 1965 жылы Қарақүм экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Соңғы уақытта жүргізіліп, қорытындыланған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Орта Азия территориясында ең ежелгі қала типтес тұрақ болғанын көрсетеді. </h4>
«Қазіргі уақытта Алтын-депе қонысы 25 га ауданы бар, бетінгі қабаты 20 мың шаршы метр болатын көлемі бар. Қазба жұмыстар кезінде мәдени қабаттар бөліктерге бөлінген, кең көлемде заттай заттар деректер табылған. Олар 500 терракотық мүсіндер, 150 ежелгі мөрлер мен көптеген бұйымдардың түрі табылды» [8, 57 б. ] . Тағы да 550-дей қазба деректер мен антропологиялық коллекция Орта Азия мен Таяу Шығыстағы мәнді, мазмұнды, құнды қала типтес дереккөзі Алтын-депе болып табылады.
Қазба жұмыстары кезінде көбінесе тарихи кезеңнің бір бөлігі ішкі структура бойынша жоғарғы мәдени қабатқа көп көңіл бөлінді.
Орта Азиядағы археологиялық кезеңдеу жүйесі бойынша Алтын-депе V Нагазма типтес мазмұнды материалдармен ұқсас. Радиокарбондық даталау мен коррециялық колонкомен Месопотамия мен Үндістан б. з. б. ІІІ-II мыңжылдыққа. Месопотамияда III Ура династиясы, Египетте орта хандық кезінде билігі әлсіреді. Алтын-депедегі қазба жұмыстары осы уақытта қала мәдениеті мен цивилизациясы қарқынды жүргенің көрсетеді.
«Алтын-депе өз алдына тұрғын үй мен шаруашылықтың орнығымен қалыптасқан. Оңтүстігінде кең көлемде, ашық жерледің, жартылай құрылған, орта қалалық көледегі қалалармен сипатталады. Оның қазба жұмыстары 6, 2x3 метр көлемде үлкен үшбұрышты монумен қоршаулармен қоршалған. Ірге қоршауларның қалындығы 6 метр. Шығыс қақпасының өзінің қалындығы 15 метр болып келген» [9, 408 б. ] . Биік және ұзын қоршаулармен көшелерге бөлінген, басты көшелердің ені 4-5 метр. Осы кең қөлемге бөлгені дөңгелекті көліктерге арналған. Осылармен қатар жіңішке көшелерде болған, ені 1, 2 - 2 метр. Көшелердің көбі әртүрлі формадағы, көлемдегі қыш ыдыстармен безендірілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz