Құрылыс саласында баға белгілеу жүйесін талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3

1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 4

1.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және құрылыс қызметін талдау
4

1.2 Өңірлердегі аумақтық жоспарлау және қала құрылысының дамуын талдау 11

1.3 Қолдану саласын талдау 15

2 Құрылыс саласындағы ақпараттық технологиялар 17

2.1 Құрылыс саласында баға белгілеу жүйесін талдау 17

2.2 Құрылыс материалдары саласын дамыту проблемалары 20

ҚОРЫТЫНДЫ 28

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Құрылыс индустриясын және құрылыс
материалдары өндірісін дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған
бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің
Нұр Отан ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде
берген тапсырмаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2
маусымдағы № 326 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы
Президентінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына
сәйкес әзірленді.
Бағдарламада Қазақстанда құрылыстың орнықты жоғары мәдениетін
қалыптастыру, халықтың қалың жігінің тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз
ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешуге арналған
құрылыс өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін қолайлы
жағдайлар жасауға, тиімді, экологиялық таза құрылыс материалдарын өндіруді
одан әрі дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған шараларды
қабылдау көзделеді.Осы бағдарламада құрылыс индустриясы ұғымы мынаны
білдіреді: құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау,
өңірлерді аумақтық жоспарлауды жетілдіру және елді мекендерінің қала
құрылысын дамыту, мемлекеттік инвестицияның қатысуымен құрылыстағы сметалық
баға белгілеу жүйесін жетілдіру, өнеркәсіптік және азаматтық құрылысты
дамыту.
Құрылыстың монолиттік тәсілге жаппай көшуімен суық уақыта ғимараттар
салудың негізгі құрылыс материалдары мен бұйымдарына сұраныс шұғыл
қысқарды. Бұл цемент және бетон бұйымдарын, сондай-ақинерциялы
материалдарды және басқаларын өндіруге теріс әсер етті. Цементті ұзақ
сақтаған кезде нығыздалады және өз белсенділігін жоғалтатыны белгілі.Жазғы
уақытта цемент зауыттары авральды режимде жұмыс істейді және қысқы уақытта
цемент өндіруде жіберіліп алынған көлемнің орнын толтыра алмайды. Осы
себептен жылы уақытқа дүрлікпе сұраныс пайда болады және тиісінше цементке
баға қымбаттайды. Ғимараттардың каркастарын монолиттік тәсілмен тұрғызу
осы саланың өнімінің талап етілмегендігінің нәтижесінде құрастырмалы
темірбетонның өнеркәсіпте төмендеуіне себепші болды. Нәтижесінде 2008 жылы
цемент зауыттарының жобалық қуатын пайдалану коэффициенті 0,58 (2009 жылғы
қаңтар-қазан кезеңінде 0,56) және темірбетон зауыттарыныңөндірістік
қуаттары - 0,54 (2009 жылғы қаңтар-қазан кезеңінде 0,58) құрады.

1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

1.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және құрылыс қызметін талдау

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009
жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі
4 546,9 млрд. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 2,1%-ға
жоғары.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерін игеру көлемі 1 825,7 млрд.
теңгені немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 86,8% құрады.Тұрғын үй
құрылысына 290,4 млрд. теңге жіберілген және жалпы алаңы 6,4 млн. шаршы
метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілген немесе алдыңғы жылмен
салыстырғанда 93,4%.Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің шұғыл
деректері бойынша өткен жылы ЖІӨ-ніңжалпы көлеміндегі құрылыс үлесі 8%-ды
құраған.
1992 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының
нормативтік-техникалық базасы мына негізгі бағыттар бойынша қалыптасады:
1. ТМД елдерінің Құрылыстағы стандарттау, техникалық нормалау және
сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссияның
(ҚМҒТК) жұмысына қатысу шеңберінде нормативтік құжаттама әзірлеу. Бұл
ретте, 253 норматив қабылданып, қолданысқа енгізілді;
2. республикалық бюджет қаражат есебінен отандық ғылыми-зерттеу және
жобалау ұйымдарының күшімен нормативтік құжаттама әзірлеу және
қайта өңдеу. 440 норматив әзірленіп, қолданысқа енгізілген.
Қазіргі уақытта сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 2225 құжат
қолданылады, оның ішінде ҚНжЕ - 273, ҚН - 294, ҚЕ - 28, ҚҚР - 112, МЕМСТ -
635.Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
құрылыс өнімі қауіпсіздігінің міндетті, ең аз қажетті талаптарын
белгілейтін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 20-дан астам
техникалық регламент қабылданды.Қазақстан Республикасының құрылыс саласын
техникалық реттеу жүйесін реформалау қажеттілігі мынадай жағдайлардан
туындайды:
• Қазақстанның жүйелер мен үдерістерді әлемнің экономикалық дамыған
елдерінің тәжірибесімен үйлестіру арқылы әлемдік экономика жүйесіне
кірігуге ұмтылуы;
• халықаралық сауда қатысушыларының ДСҰ-ның техникалық реттеу
саласындағы қағидаттары мен ережелерін сақтауын талап ету;
• қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайларына, субъектілердің
техникалық реттеу қажеттіліктеріне жауап бермейтін мемлекеттік
қадағалау мен бақылау әдістері мен дәстүрлерінің ескіруі;
Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің жоғары
сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылыс мәдениетін арттыру
қажеттілігі.Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың бұдан бұрынғы
ұмтылыстары Қазақстан Республикасыныңқұрылыс саласының әлемдік экономика
жүйесіне кірігу мүмкіндігін қамтамасыз еткен жоқ.1990 жылдардағы реформа
құрылымдық қайта құруларды көздеген жоқ, оның нәтижесінде құрылыс саласын
техникалық реттеу жүйесіне әсер етудің шектеулі әдісі болды.
Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылы күшіне
енген № 603-ІІ Заңының мақсаты саудадағы, оның ішінде құрылыс саласындағы
техникалық кедергілерді жою үшін елдіңнормативтік базасын қайта құрылымдау
болды. Алайда бірқатар объективті себептерге орай күтілген әсерге қол
жеткізілмеді, оның ішінде:
• экономикалық дамыған елдердің құрылысындағы техникалық реттеудің
тәжірибесі алдын ала зерделеніп, талданған жоқ және жинақталып,
қорытылған жоқ, ол техникалық реттеуді реформалаудыңсенімді
бағдарының, құрылған тұжырымдаманың, стратегияның, реформа тиімділігін
бағалау өлшемдерініңжоқтығымен көрінді;
• құрылыс қызметінің түпкілікті өнімі өнімге қойылатын талаптарды
белгілеу бойынша ережелердіңбірлігін қамтамасыз ету ұранымен жаппай
өнеркәсіп өндірісі өніміне қателікпен теңестірілді;
• Техникалық реттеу туралы және Қазақстан Республикасындағы сәулет,
қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан
Республикасының заңдарына құқықтық және ұйымдық сәйкес келмеушілік;
• реформа құрылысқа рұқсат беру, оларды құру, қабылдау және пайдалануға
беру үдерісінде объектілерді инспекциялық тексеру тәртібі мен рәсімін,
шарты ретінде жобалық құжаттаманы тексеруді; құрылыс өнімінің сапасы
мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары ретінде техникалық реттеу
субъектілерінің кәсіби қызметін және өзге де аспектілерді
лицензиялауды қоса алғанда, сәйкестікті бағалаудың өзекті
аспектілерін қозғай алған жоқ;
• аккредиттеу мен сертификаттау, және сынақтар мен сертификаттау
нәтижелерін тану жөніндегі органдардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету,
әлемде кеңінен қолданылатын бағалау және сәйкестікті растау жүйесі
үшін жағдайлар жасалған жоқ.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық
шаруашылық істері агенттігі шетелдік және қазақстандық сарапшыларды
тарта отырып, дайындық жұмысын жүргізді, осының нәтижесінде:
• бірқатар экономикалық дамыған елдердің (Австралия, Ұлыбритания,
Еуропа Одағы елдері, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ) құрылыстағы
техникалық реттеудің шетелдік тәжірибесі мен Нью-Йорк, әбу-Даби және
Сауд Арабиясы үлгісі бойынша модельдік құрылыс нормалары мен
ережелерін бейімдеу тәжірибелері зерделенді;
• техникалық реттеудің отандық тәжірибесі жинап, қорытылып, талданды;
• құрылыс саласының қолданыстағы нормативтік базасына шолу жасалды.
Зерттеулер нәтижелерінің негізінде:
1. экономикалық дамыған елдердің барлық техникалық реттеу жүйелеріне тән
жалпы қағидаттарымен сипаттары анықталды;
2. экономикалық дамыған елдердің ұқсас жүйелерімен салыстырғанда
Қазақстанның құрылыс саласын қолданыстағы техникалық реттеу жүйесінің
келіспеушілігі анықталды;
3. нормалаудың ұйғарымдау әдісінен ілгерінді параметрлік әдіске кезең-
кезеңмен көшуді жүзеге асыру ұсынылды.
Құрылыстағы техникалық реттеуді реформалау:
1. ұлттық экономиканың мүдделеріне, материалдық-техникалық базаның жай-
күйіне және құрылыс саласының ғылыми-техникалық даму жүйесіне сәйкес
келуі;
2. құрылыс заңнамасы мен техникалық реттеу саласындағы нормативтік,
техникалық құжаттаманы экономикалық дамыған елдерде қолданылатын шетел
аналогтарына сәйкес келтіруге;
3. кәсіби білім беру, кадрларды үзіліссіз кәсіби оқыту мен біліктілігін
арттыру, мамандарды лицензиялау, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру,
құрылыс материалдары мен бұйымдарын нормалау және стандарттау,
4. импортэкспорт, ресурс үнемдеу, энергия үнемдеу, құқық қорғау
қызметі және басқалар сияқты құрылыс саласының аспектілерін қамтуы;
5. құрылыс саласының нормативтік базасын ғана емес, сонымен қатар
техникалық реттеудің кешеніндегі басқа да жүйелік компоненттерін
реформалауды көздеуі;
6. құрылыс саласына әсер ететін немесе құрылыс саласының әсер етуін
ұшырайтын басқа да салалар мен қызмет түрлерін қозғауы;
7. нақты тұжырымдалған стратегия негізінде жүргізілуі және оларға қол
жеткізуді бағалаудың нақты мақсаттары мен өлшемдерінің болуы тиіс.
Талдау, жобалау сапасы білікті мамандардың жеткіліксіздігі мен өндірістің
және ғылыми-техникалық базаның әлсіздігі салдарынан төмен күйінде қалып
отырғанын көрсетті.
Бұл Мемсараптама республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан түсетін
жобалар сапасының төмен болуымен расталып отыр. 2009 жылы Мемсараптама
республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылысқа арналған 11818 бірлік жоба
алды және жобалық құжаттама қаралды, олардың 48 %-ы мемлекеттік құрылыс
нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес көлмеді және пысықталуға
қайтарылды. Бұл ретте жобаларда 326 мың әртүрлі кемшіліктер мен жобалау
нормаларынан ауытқушылықтар анықталды. Барынша ортақ қателер немесе
бұзушылықтар мыналар болып табылады: құрылыс құнын айқындаудың дұрыс
еместігі (48,36%), инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдегі кемшіліктер
(20,04%), құрылыс конструкциялары мен материалдарындағы талап етілетін
сенімділік пен беріктіктің қамтамасыз өтілмеуі, көлемдік-жоспарлау және
сәулет шешімдеріндегі кемшіліктер (20,93%), қажетті түпкі материалдардың
жеткіліксіздігі немесе жоқтығы, міндетті келісімдер мен техникалық
шарттардың жоқтығы. Көптеген жобаларда құрылыстың жалпы мәлімделген құны
тым көтеріңкі болды және Мемсараптама оларды 605 млрд. теңгеге, оның
ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын жобалар
бойынша 517 млрд. теңгеге төмендетті. Осыған байланысты бірінші кезектегі
міндеттердің бірі жобаларды әзірлеу кезінде дөрекі бұзушылықтарға жол
беретін жобалау ұйымдарының жауапкершілігін күшейту болып табылады, тіптен
оларды лицензияларынан айыруға дейін бару керек.
Жобалау мерзімдері мен шығыстарды айтарлықтай азайту мақсатында
үлгілік жобаларды қолдану тәжірибесі енгізілді. Жекелеген білім беру,
денсаулық сақтау және спорт объектілері үшін үлгілік жобалар әзірленіп,
бекітілді. Дегенмен, экономиканың басқа салалары үшін үлгілік жобалар
жоқ, бұл қаржыландырудың жеткіліксіздігімен байланысты болып отыр.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы
нормативтік-техникалық құжаттамаларды жетілдіру республикалық бюджеттік
бағдарлама паспортына сәйкес 2008 жылы 35 бірлік, 2009 жылы - 28 бірлік
үлгілік жоба әзірленіп, бекітілді.Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы 100 мектеп және 100 аурухана салу
туралы тапсырмасын орындау үшін және Қазақстан Республикасының Премьер-
Министрі К.Қ.Мәсімовтің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 67-ө өкіміне сәйкес 12
мектептің үлгілік жобасы және денсаулық сақтау объектілерінің 15 үлгілік
жобасы әзірленді.
Жобалау өнімінің тиісті сапасын ынталандыруға қағидатты жаңа әдістері
мен үлгілік жобалау базасын дамытуды талап етіледі.Қазіргі кезде сәулет,
қала құрылыс және құрылыс саласында реттеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ
бақылау-қадағалау функцияларын орындайтын мемлекеттік басқару органдары
мыналар болып табылады:
• Қазақстан Республикасының Үкіметі;
• уәкілетті мемлекеттік орган;
• сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметімен аралас мәселелер
бойынша өздерінің арнайы өкілеттіктері шегіндегі өзге де орталық
органдар;
• өздерінің арнайы өкілеттіктері шегінде жергілікті атқарушы органдар.
2005 жылдың басынан бұрынғы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен оның бұрынғы
аумақтық бөлімшелері жүзеге асырған мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
және лицензиялау бойынша бақылау функциялары жергілікті атқарушы
органдарға берілді.
Сәулет - қала құрылысы қызметін бақылауды жергілікті атқарушы
органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын жергілікті сәулет және
қала құрылысы органдары жүзеге асырады.Осылайша жергілікті атқарушы
органдар атқарушылық және бақылау функцияларын орындайды, яғни
лицензиялауды жүзеге асырады, құрылыс туралы шешім қабылдайды, құрылыс
сапасын тексереді және пайдалануға беруге қабылдауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы көрсетілген өкілеттіктердің
ара жігін ажырату құрылыс өнімінің сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылау жүйесін әлсіретті, бұл сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы заңнаманың, бұзылу санының өсуіне алып келді.Сондай-ақ,
құрылыс сапасын бақылау шеңберінде тапсырыс берушінің техникалық қадағалауы
мен жобалық құжаттаманы әзірлеушінің авторлық қадағалауы жүзеге
асырылады.Бірақ, бүгінде бұл қызметтер өздеріне жүктелген функцияларды
әрқашан орындай бермейді. Құзыретті емес мамандарды тарту және орындалған
жұмысқа дербес жауапкершіліктің жоқтығы негізгі себептер болып табылады.Бұл
қызмет лицензияланатын қызмет болып табылады, бірақ лицензиялау талаптары
сарапшылардыңкәсіби даярлық деңгейін айқындауға мүмкіндік бермейді және
сондықтан көбіне құзыреттілігі жоқ адамдар тартылады. Мысалы, бүгінде
сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтерді жүргізуге шашамен
екі мың бес жүзге тарта (2494) лицензия берілген, лицензиаттардың негізінен
заңды тұлғалар екенін ескерсек, бұл шамамен он мың сарапшыны құрайды.

1.2 Өңірлердегі аумақтық жоспарлау және қала құрылысының дамуын талдау

Тұрғын-үй құрылысының, сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктің
дамуы, қалалар мен елді мекендердегі, бұған қоса ірі қалалардағы аз
қабатты құрылыс үлесінің артуы арқылы құрылыс құрылымының өзгеруі,
түбегейлі түрде елді мекендерді өңірлік дамыту, оларды инженерлік
жайластыру, әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа жүйелерін құру мәселелерін
қозғады.Елді мекендер және қонысаралық аумақтар қала құрылысы жобаларының —
аудандық жоспарлаудың сұлбасы мен жобалары, бас жоспарлар, егжей-тегжейін
жоспарлау жобасы және құрылыс ошағы жобалары негізінде дамыды.Қазақстанда
өткен ғасырдың 80-жылдарының басында әзірленген қала құрылысы жобалары
саяси және экономикалық өзгерістерді ескере алмады.Қала құрылысының жаңа
жағдайдағы даму үдерісі қала құрылысы қызметін реттеудің басқа шешімдерін
талап етті.Қазіргі уақытта қала құрылысы жобаларын әзірлеудің жаңа
әдістемелік жолдары қалыптасуда.Нұсқаушы құжаттарға жатқызылған қала
құрылысы жобалары аумақты пайдалануды реттейтін құжат болып қалыптаса
бастады. Бұл ретте, негізгі мақсаты сақталынады, бұл - адамның мекендеуі
үшін қолайлы ортаны жасау, облыстар және қалалар аумақтарының тұрақты
дамуын қамтамасыз ету.Қазақстан Республикасындағы қала құрылысын жобалау
нысанының аумақтық жағдайына қарай көп деңгейлі жүйені сақтады:
• аумақты ұйымдастыру және жаңа жерге орналастырудың сұлбасы республика
аумағына әзірленеді;
• аумақтың қала құрылыстың дамытудың кешенді жоспарлаудың сұлбасы мен
жобалары тиісінше әкімшілік облыстар және аудандардың аумағында
әзірленеді;
• бас жоспарлар мен жоспарлау жобалары қала, кент және ауыл шаруашылығы
елді мекенніңаумақтарына әзірленеді.
Бас жоспарлар және жоспарлау жобаларын әзірлеу жұмысын жергілікті
атқарушы органдарымен қаржыландыру туралы қабылдаған шешімі қала
құрылысы жобаларын әзірлеуде біраз тоқырау кезеңіне алып келді.Қазіргі
уақытта облыстарда бас жоспарларды әзірлеу үдерісі жанданды.Соңғы жылдары
республиканың елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеу және бекіту
бойынша едәуір жұмыс көлемі атқарылды. Қазіргі уақытта Астана және Алматы
қалалары, барлық облыс орталықтары бас жоспармен қамтамасыз етілді, сәулет
және қала құрылысы саласы үшін жаңа жетекші құжаттарды және құрылыс
нормалары мен ережелерін жасау үдерісі жүргізіліп жатыр.Қала құрылысын
жоспарлаудың нормативтік базасына түзетулер енгізілуде. Бір жағынан - қала
құрылыстық аумаққа бөлудің жүйесі арқылы аумақты қала құрылыстық
пайдаланудың анағұрлым икемді жүйелері жасалса, екінші жағынан - әрбір
қала мен елді мекенге арналған Жоспарлау және құрылыс ережелері,
сараланған төлемдер және салықтарды белгілеумен қатар экономикалық
бағалауды және экологиялық аудандастыруды енгізу, еркін экономикалық
аймақтарды құру арқылы қала құрылысын дамуды реттеудің жаңа тетіктері
пайда болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық
даму стратегиясын іске асыру шеңберінде құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі 2010 - 2014 жылдары Қазақстан
Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасын әзірлеу бойынша
жұмыстарды бастау тапсырылды.
Бас схема - еліміздің, оның өкілдері мен елді мекендерінің әлеуметтік-
экономикалық дамуына ұзақ мерзімді болжаудың жалпы мемлекеттік жүйесін
дамытудың ғылыми-негізделген тұжырымдамасы негізінде әзірленген қала
құрылысы құжаттамасы болып табылады.
Бас схема - мемлекеттік қала құрылысы саясатының негізгі бағыттарын
негіздейтін және анықтайтын, тұрақты қолданылатын және жүйелі жаңартылып
тұратын (өзекті болатын) бағдарламалық ақпараттық-талдамалық құжат болып
табылады.Белгіленген тәртіппен келісілген және сараптамадан өткен Бас
схеманың негізгі қағидаларының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді.
Бұл кезең қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар мен ақпараттық
коммуникациялар жүйесінің кеңінен қолдануымен ерекшеленеді, онсыз
жоспарлауды реттеу және аумақтық дамытуды іске асырудың қазіргі
тетіктерінің толық қызмет етуі мүмкін емес.
Қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметін ақпараттық қамтамасыз
ету үшін Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу
қажет.Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізудің негізгі
мақсаты тиісті қала құрылысы кеңістігін қала құрылысы, сәулет және
құрылыс қызметті белгілі бір қала құрылысы кеңістігінің қала құрылысы,
сәулет және құрылыс құжаттамасын басқарудың автоматтандырылған ақпараттық
жүйелерін құру арқылы ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады (МҚК
автоматтандырылған ақпараттық жүйелері, бұдан әрі - МҚК ААЖ). Кадастр және
мемлекеттік дерекқор жүйесіндегі қалыптасқан жағдайда, оның ішінде жер мен
құқықкадастры сияқты шектес салалардағы Жылжымайтын мүлік тізімдемесі
мемлекеттік дерекқор жүйесі, МҚК ААЖ жобасын әзірлеудің барлық кезеңдерін
қоса алғанда ақпарат алмасудың тиімді жүйесін құру арқылы тіркелетін
ақпараттың қайталануын болдырмау үшін Қазақстан Республикасы кадастрлар
жүйесінде МҚК рөлі анықталатын болады.
Республикалық деңгей нормативтік-техникалық құжаттарды жүйеге
келтіруді, қала құрылысы сәулеті, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық салаларындағы нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай қорын
қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді және мемлекеттік қала
құрылысы кадастры қызметтері тікелей тарату үшін электрондық үлгіде
базалық және облыстық деңгейлерге тапсырады.
Түптеп келгенде, ҚР МҚК тік құрылымына бұдан бұрын белгіленген үш деңгейді
енгізу керек:
1) республикалық;
2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астана;
3) базалық (аудандық, облысқа бағынышты қалалық).
МҚК құрылымының тігі МҚК ақпаратын (деректер қорын) төменгі деңгейдегі
есепке алу нысандары бойынша базалық деңгейден облыстық деңгейге, облыстық,
республикалық маңызы бар қала, астанадан республикалық деңгейге таратуды
қамтамасыз етуі тиіс, бұл, бұған қоса, заңнаманың сақталуын бақылау
функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.
Республикалық деңгей МҚК тігін қолдана отырып, сәулет, қала құрылысы
мен құрылыс саласындағы жергілікті атқарушы органдар (облыстық және
базалық деңгейлер) жұмысын нормативтік-әдіснамалық реттеу қызметімен
қамтамасыз етуді іске асырады, сонымен қатар облыстарды, астана мен
республикалық маңызы бар қалаларды Қазақстан Республикасы аумағын
ұйымдастырудың Бас схемасын және аумақтық дамудың өңіраралық схемасын
материалдарымен жүйелі қамтамасыз етеді. Республикалық деңгейдің МҚК құру
және жүргізу бойынша жұмыстарын қаржыландыру республикалық бюджет
қаржысынан жүргізіліп, Үкіметтің тиісті шешімі бойынша өз шығынын өзі
өтеуге біртіндеп көшуі қажет. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының
Республикалық орталығы - бұл бағдарлама қағидаларын жүзеге асыруда
маңызды ұйымдық құрылымға айналуы керек. МҚК республикалық орталығы
мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық
жүйелерін құру, дамыту, енгізу, сүйемелдеу жұмыстарын, сонымен қатар
барлық деңгейдегі деректер қорына сәулет-құрылыс кадастрлық ақпараттың
дер кезінде және толық жиналуын қамтамасыз етеді. МҚК АЖ және Мемлекеттік
деректер қорының өзара әрекеттесуі республикалық деңгейде жүзеге
асырылуы тиіс.
Уәкілетті орган Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын (МҚК) құру бойынша
басқарушы құжаттарын әзірлеп жаңартты, бірақ 8 қалада ғана (Астана,
Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Талдықорған, Орал, Қарағанды) МҚК тиісті
деңгейде жүргізіліп келеді. Республикалық деңгейдегі МҚК әзірлеу жұмысына
қаржыландыру 2011 - 2012 жылдары көзделген, ал облыстық және базалық
деңгейлердегі МҚК құру және жүргізу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен
жүзеге асырылады.

1.3 Қолдану саласын талдау

Құрылыс және оның өндірістік базасы әр мемлекеттің жүйелі экономикалық
аясы болып табылады. Машина жасау өнеркәсібімен бірге экономиканың негізгі
салаларында негізгі өндірістік қор құруға қатысады. Құрылыс саласының
масштабы мен темпі басқа экономикалық салалардағы ғылыми-техникалық
прогресстің жылдамдығын анықтайды. Құрылыс саласы өндіріс масштабының
техникалық деңгйі және халық шаруашылығының барлық түріне шешуші бағасын
береді. Бұл көзқарас жаңа кен орындарын табуға, ашуға, ҒТП түрленуіне,
өндірістік күштер мен материалдардың сарқылуына, модернизация есебінен
өндірісті жүйелі дамытуға, кәсіпорындарды жөндеуге байланысты туындайды.
Құрылыс кешені экономика өзгеруіне сезгіштік танытады, бұл құбылыс,
әсіресе, экономика кризисына қатысты, инфляцияға тәуелдігі жоғары
есептемелерге, экономикадағы жұмыссыздыққа байланысты және де құрылыс
кешені экономиканы кризис жағдайынан құтқарады, ол дамыған елдердін
тәжірибесінен белгілі.
Кеңестік құрылысты қаржыландыру жүйесі дәстүрлі (жоспарлы) құрылыс
саястына сай жүргізілді, жалпы және орталықтандырылған аймақтарға бюджеттік
ресурстарды орналастыру оны мемлекеттік тұрғын үйді салуға және тұрғын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның баға және тарифтеу саясаты: қиыншылықтары мен оны қазіргі талаптарға сай жақсарту жолдарын теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу
Кәсіпорындардың өнім сапасы
Дүкен менеджерінін міндеттері
ЖШС Инкассация сервис туралы
Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық дамуындағы кластерлік жүйені енгізудің өзекті мәселелері мен бағыттары
Қазақстан Республикасындағы өндіріс саласы
Өнім сапасын арттырудың экономикалық тиімділігі
Экономикалық аймақтың түсінігін әр түрлі көзқарастардан талдау және қорытындылау экономикалық аймақты ұлттық экономикалық кеңістіктің бөлігі ретінде анықтау
«ТеңізҚұрылыс» ЖШС-нің маркетингтік қызметін талдау
Өнім сапасын басқарудың теориялық аспектілері
Пәндер