Әдебиетті ізгілендіру жолдары


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
1 тарау. Әдебиетті ізгілендіру жолдары . . . 5
1. 2 М. О. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбай бейнесі тарихи-көркем образ . . . 10
1. 3 Құнанбай Өскенбайұлы - тарихи тұлға . . . 14
2 тарау. Ғ. Мүсіреповтің драмалық шығармаларын оқыту
әдістемесі . . . 18
Қорытынды . . . 23
Сілтеме әдебиеттер тізімі . . . 24
КІРІСПЕ
Бүгінгі уақыт барлық өркениетті елдерде білім беру ісін адамзаттық құндылықтарға негіздеу және ұлттық сананы құрметтеу мен ерекшеленетіндіктен қазақ мектептеріндегі әдебиет пәнін оқыту мәселесі заман талаптары мен сұраныстарға сай жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Сол себепті де пәнді оқытудағы өзгерістер мен жетістіктер оның даму үрдістерінің үздіксіз екендігіне көз жеткізеді.
Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі таңда білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалары мен жаңарту бағытындағы түрлі өзгерістері қазақ әдеиеті пәнінің дамуын әлемдік білім кеңістігімен үйлесімді болу тенденциясын басшылыққа алуға негіздейді. Қазақ әдебиеті білім мен мәдениеттің, өнердің пәні болғандықтан оны жан - жақты дамыту, жоғаы деңгейде оқыту, пәннің мазмұндық сапасын жақсарту - бүгінгі күн талабы. Қазақ әдеиеті пәнін оқытудың мақсаты жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында былай айқындалған: “Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік адамгершілік, азаматтық тәрбие беру, оқырмандық талғамды қалыптастыру, әдеби мұраны және онда белгіленген құбыысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім және білікпен қаруландыру” [1] .
Әдебиетті оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу-тәрбие ісін ізгілендіру, оқытуды саралау, рқыту деңгейін әлемдік озық тәжірибенің жетістіктеріне бағыттау нәтиесінде қол жеткізілмек. Әебиетті оқыту әдістемесі білім беру барысында Қазақстан Респубикасының “Білім туралы” заңын басшылыққа алады. Заңда: “Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрін зерделеу, мемлекеттік тілді меңгеру” [2] делінген. Осы негізде әдеиетті оқыту әдістемесі де пәннің ғылыми білім сапасын жаңа заман талаптарына сай ұйымдастыруды міндеттейді. Міне, осы тұрғыдан көркем өдебиет көкжиегіне көз салғанда Мұхтар Әуезов пен Ғ. Мүсіреповтың тұла бойының, кемеңгер ойының, өміршең шығармашылығының танымдық та, тәрбиелік те қадір-қасиеті ерекшелене түседі. Өйткені көрнекті жазушы шығармашылық жұмыста, жазу өнерінде өзіне де, өзгеге де, алдыңғы толқын ағалар мен кейінгі буын інілерге де биік талап қоя білген қаламгерлер.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қарастырылып отырған тақырыпты ашу үшін біз М. Әуезов пен Ғ. Мүсірепов еңбектерін орта мектепте оқыту барысында екі жазушының кейіпкерлер образын жасаудағы шеберлігін көрсетуді жолға қойдық; Мұхтар Әуезов еңбектеріндегі Құнанбай жайлы деректерді, «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы зерттеу еңбектерді салыстыра отырып, тарихи түптұлға мен кейіпкер мәселесін ғылыми тұрғыдан зерделеу; Ғ. Мүсірепов шығармашылығын оқытудың тиімді әдістерін жазушы шығармашылығының шеберлігін, ерекшеліктерін прозалық, драматургиялық еңбектерін талдай отырып көрсету; Ғ. Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” романын және шағын әңгімелері мен көлемді прозаларын, драмалық шығармаларын жазудағы шеберлігін танытуды, оқытудың тиімді жолдарын, әдістерін қарастыруды негізгі нысан етіп алдық.
Әдебиет пәнін оқытудың жалпы әдістерімен қатар, әдебиеттің - поэзия, проза, драматургия салаларын оқытудың жанрлық ерекшелігіне орай өзіндік әдістемелік ерекшеліктері де болады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Мұхтар Әуезов еңбектеріндегі Құнанбай жайлы деректерді, «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы зерттеу еңбектерді салыстыра отырып, тарихи түптұлға мен кейіпкер мәселесін ғылыми тұрғыдан зерделеу; Ғ. Мүсірепов шығармашылығын оқытудың тиімді әдістерін, жазушы шығармашылығының шеберлігін, ерекшеліктерін прозалық, драматургиялық еңбектерін талдай отырып көрсету; Оcы мақсатқа орай төмендегі міндеттер атқарылды:
- Жазушы шығармашылығын оқытуда әдебиетті ізгілендіру жолдары;
- М. О Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбай бейнесі тарихи-көркем образ екенін танытудағы жазушының шеберлігін көрсету;
- Құнанбай Өскенбайұлы - тарихи тұлға екендігін айқындау;
- Ғ. Мүсірепов шығармашылығын жалпы білім беретін орта мектептерде оқыту әдістерін жүйелеу;
- Ғ. Мүсіреповтің драмалық шығармаларын жазудағы шеберлігін таныту;
- Драмалық шығармаларды оқытуда жүргізілетін ойын - жаттығулар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, оқыту мен білім беруді көздейтіндігін айқындау.
Курстық жұмыстың нысаны: “Қазақ әдебиеті сабағында жазушылық шеберлікті зерттеу мәселесі”
Курстық жұмыстың болжамы: Осы курстық жұмысты жазу барысында мектепте қазақ әдебиетін оқытуда әр жазушының шығармашылығын меңгертуде оқушылар автор шеберлігін ескеретін болады.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Бұл тақырып бүгінгі күнде айтарлықтай көп зерттелмеген. Сондықтан да біз бұл мәселені әдебиетті оқытудағы ең өзекті, тың тақырып екендігін айқындадық.
Курстық жұмыстың дерек көздері: Жұмысты жазу барысында біз төмендегі еңбектерді: ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары[1], Қабдолов З. М. Әуезов және оның әсемдік әлемі[15], Бораш Р. Б. Драмалық шығармаларды оқыту. Автореф. [27], Нұрқатов А. Мұхтар Әуезов творчествосы[14] негізге алдық.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімі екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Сонымен қатар пайдаланылған және сілтеме әдебиеттер тізімі көрсетілген.
1. ӘДЕБИЕТТІ ІЗГІЛЕНДІРУ ЖОЛДАРЫ
Әдебиет пәні - мектептегі негізгі эстетикалық пән. Ол оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытады. Өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы жарасымдылық пен әсемдікті тани да ұға білуге, дұрыс бағалауға, олардан жан ләззатын тауып әсерленуте үйретеді.
Ұлы жазушы М. Әуезов әдебиет пәнінің қызметін одан да кең қарайды. "Әдебиет мектеп ішіндегі ақыл, сезім тәрбиелеп, қалыптасып жетілуден басқа оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгіндегі пішінін танытуға керек" дейді[3, 42 б. ] .
Әдебиет пәнінің өз тарихында алға қойған мақсат-міндеттерінің өзгеріске түсіп отырғаны шындық. Кеңес дәуірі кезінде әдебиет пәнінің білім мазмұны коммунистік идеологияны насихаттау құралы ретінде қызмет етті.
Еліміздің тарихындағы өзгерістер білім беру салаларында түбегейлі реформаның болуын қажетсінді. Өмірге жаңа буын оқулықтары келді. Оқу пәндері үсынатын құндылықтар жаңарды. Әдебиет өзінің табиғатына оралды. Шынайы көркем туындының көркемдік және ұлттық мәніне жетекші басымдық берілді.
XXI ғасыр - мәдениеттің, экономиканың, әлеуметтік өмірдің барлық салаларындағы жаңашылдық дәуірі. Жаңашылдық үрдістері қоғамдық өмірдің барлық жақтарының дамуын жеделдетеді.
Ғылымданған, технологияланған ақпараттар тасқыны мен байланыс мейлінше дамыған XXI ғасыр әлемі ізгіліктің, адамгершілік-рухани та-нымның қуаттылығын бұрынды-соңды болмаған зәрулікті бастан кешуде. Осыған орай, түлғаның адамгершілік бейнелерінің түзілу көздерін табуды қолға алып, оқу құралдарының түрлерін жетілдіруде ізденістер жасалуда.
Дүниені таньп білуде ақиқат дәлдікке ұмтылу жағынан әдебиет пәні ғылымға жақын тұрғанмен, оның үлкен өзгешелігі бар. Ол оқырманға әлемнің бейнелі көркем суретін үсынады. Әдебиеттің бұл қызметі оқыр-манның көркем шығарманы қабылдау әрекетін неғұрлым әсерлі әрі оңтайлы етуге қол жеткізетін әдістемелік құралдардың әр түрінің жасалуын талап етеді.
Соның бірі - М. Әуезовтің "Абай жолының" хрестоматиялық баяны еңбегі [4, 42 б. ] . Ол - әдебиетті танып білудің дәстүрлі түрлеріне сүйене отырып жасалған әдебиеттанудың жаңа тірек қүралы.
Рухани-адамгершілік ұстанымдары іргелі сипаттағы қазақ классикалық әдебиетінің, оның ішінде рухани қуаттылығын бүкіл дүниежүзі мойындаған М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы арта түсуде. Бүгінгі таңда Абайтану, Әуезовтану сынды ғылым салаларымен бірге арнайы "Абай жолы" эпопеясын тану саласын жүйеге келтіріп, оның құрамдастарын байыту аса өзекті мөселе болып табылады. Төрт томдық "Абай жолы" эпопеясын хрестоматиялық баян түрінде бір томдық етіп үсынған бүл оқу құралы - "Абай жолын" тану ғылымы саласына қосылған қазақ әдебиетіндегі жаңа ауқымды еңбек.
Хрестоматиялық баян ұлы суреткердің ұлы мұрасына деген қызығуды күшейтуге қызмет етеді, қазіргі ақпараттар тасқынында жас ұрпақтың эстетикалық-мәдени бағдарлануын жеделдетуге көмек береді. Бұл хрестоматиялық баян - қазақ әдебиетінде ежелден қалыптасқан қисса жанрларының жаңа көрінісі. Бірақ қисса-назымдарда шығыс әдебиетінің інжу-маржандары қазақ тілінде еркін баяндалған және оларда текстоло-гиялық дәлме-дәлдік сақталмаған. Бергі уакытта әдебиетімізде батырлар жырын қарасөзбен баяндау тәжірибесі болғанын айту керек. Мысалы, А. Сейдімбек жасаған "Алпамыс батыр", "Қамбар батыр", т. б. баяндар. Дей түрғанмен, авторлық мәтін мен пафосты сақтай отырып, толық баяндау қазак, әдебиетінде бүрынды-соңды болмаған жанр. Осы орайда М. Әуезовтің "Абай жолының" хрестоматиялық баяны - педагогикалық-дидактикалық түрғыдан тың жаңалық. Өйткені, бұған дейін қазақ әдебиетінің шығармаларын оқушыларға дидактикалық түрғыдан ұсыну хрестоматиялық үзінділер түрінде ғана болып келді. Ал дидактикалық толымды хрестоматиялық баян осы оқу құралы арқылы алғаш жасалып отыр.
Оқырмандық мәдениетті жетілдіру көздерінің қатарындағы бұл оқу құралы М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясының көркемдік әлеміне оқушының эстетикалық-мәдени бағдарлануын жеңілдетеді. Біріншіден, роман-эпопеяның түпкі толық нұсқасын оқып шыққаннан кейін онын, хрестоматиялық баяны бойынша ой желісін, көркемдік түсініктерін жүйелі түрде жинақтай алуға септігі тисе, екіншіден; хрестоматиялық баян арқылы роман-эпопеяны көз алдыңа түтас елестету оңайға түседі, үшініпіден, көркем шығарманың этикалық-эстетикалық және рухани мәнін толымды аңғаратын болады. Бұл оқу құралы осы тұрғыдан алғанда, оқырман бойында жеке тұлғалық рухани-адамгершілік күндылықтар қалыптастырудың жаңа тәсілі. Осыған байланысты хрестоматиялық баянда қазақ халқының тұрмыс-салты, мінезі, өнері, табиғатқа қарым-қатынасын суреттейтін үзінділерге басымдық берілген.
Қазақ, халқының, жас ұрпақты табиғат аясында өсіретіні, баланың туған үйім демей, туған ауылым, туған жерім деп ер жететіні, сол бала бойына елсүйгіштіктің ең ыстық, ең қымбат қасиет болып бітуін қамтамасыз етеді. М. Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясында он үш жасар Абайдың оқудан қайтқандағы еліне деген сағынышының дала тіршілігімен, дала әлемімен тұтасып кеткенін, сәби жүрегіндегі ел мен жер бірлігін даналықпен байқап жазған: " . . . тайга шапқан, асық ойнаган құрбы балалармен жаяу жарыс жасап, асыр салган, . . . ыстық қоныс осы болатын. Барлық айналадағы кең дүниеге, әсіресе мынау өзі туған сахара, өлке белдеріне соншалық бір туысқандық ыстық сезіммен (кешіріммен де) қарайды. Жабыса, сағына сүйеді. Үзілмей, қатаймай, бір қалыппен желпіп соққан әдемі салқын қоңыр жел қандай рақат. Осы желмен құлпыра толқып-шалқып жатқан далалары (дала емес), теңіздері қандай. Сол далаға көз алмай, тоя алмай, үнсіз телміріп. ұзақ-ұзак қарайды. Шамасы келсе, құшағын керіп аймалар еді. Сылап-сипап: "Мен сені сагындым. Тіпті қойныңа тықкан ұры-мұрыңмен де жатсың, бөтенсің демеймін" деп қараган сияқты . . . " Сәби Абай көзіне бар дүние мен адам араласьп кеткендей көрінеді: " . . . бұлақтың айналасына жиі қонған ауылдардың үйлері де, шұбыртқан малы да, адамдары да кешкі мезгілде ию-қию араласып жатқан сияқты, жер ошақтан шыққан түтіндері де біріне-бірі қосылып ұласып, тұтасқан көкшіл мұнардай тарайды. Үрген иттер, мал кайырған айқайлар, маңыраган қой-қозы шулары араласып жатыр. Кешкі суға келе жатқан қалың жылқының кісіней шапқан дүбірі, шаң-тозаңы болсын немесе оқта-текте азынай кісінеп, үйірін іздеп шапқан, мінуден босаған жас айғырлар дауыстары болсын барлыгы да осы отырған ауылдардың осы кештегі тіршілік тынысын білдірген сияқты. Баланың барынша сағынған көрінісі. Қазір жүрегін аттай тулатып, соншалық қуантып, еркін алған көрінісі [ 3, 43 б. ] .
Әлем мәдениеті биігінде тұрған "Абай жолы" эпопеясының бала Абайдың шынайы сәбилік көзімен өзінің туған жерімен тұтастығын сезінуден басталуының өзінде үлкен мән бар. М. Әуезов бұл арқылы ұлы Абайдың кемеңгерлігінің және романдағы халықтың даналығының тамыры - дүние мен адамның тұтастығында екендігіне меңзейді.
Ақпараттық тасқын дәуірінде ұлттық мәдениетті танытушы банк » үзу - заман талабы. Аталған хрестоматиялық баян осы ұлттық мәдениетті танытушы банк қүрылымына үйлесімді кіріге алатын жанр. "Абай жолы" романының хрестоматиялық баяны -- көшбасшы болып табылатын бұл жанрдың қазақ әдебиетін қазақ оқырмандарына да, қазақ тілінде оқитын өзге тілді оқырмандарға да әдебиетімізді танып-білуде болашағы зор жанр.
Хрестоматиялық баянның ғылыми маңыздылығы - оның әдебиеттегі және педагогикадағы жаңа жанрдың басы екендігінде. Оқырмандарға бағдарлық құрал ретіндегі ғылыми дәлдігінде, көркемдік сапалылығында.
Тәжірибелік жағынан "хрестоматиялық баян", біріншіден, жалпы білім беретін қазақ мектептеріне, арнаулы жөне жоғары оқу орындарына аса қажетті әдебиет және педагогика түрғысынан қажетті құрал, екіншіден,
жаратылыстану-математика бағдарындағы мектептерге арналған оқу қүралы қызметін атқара алады, үшіншіден, жалпы оқырман қауымға қазақ әдебиеті бойынша көмекші әдебиет бола алады.
Хрестоматиялық баян ақиқатты көркемдік меңгеру туралы философтардың, эстеттердің, психологтардың жөне филологтардың пікірлеріне сай келеді.
Әлемді көркемдік меңгеру қайта түзуден, танымнан, құндылық-бағдарлық және қарым-қатынастық әрекеттерден құралатынын М. Каган айтқанындай бұл құрал да оқушының шығарманы танып біле отырып, дұрыс құндылық-бағдарлық жөне қарым-қатынастық қүндылықтардың оның бойында қайта түзілуіне септік етеді. Осы тұрғыдан хрестоматиялық этикалық, эстетикалық құндылықтарға және қарым-қатынасқа баулитын дербес жүктемесі бар үзінділер алынған. Сондай-ақ дәуір рухына жауап беретін "өз бетінше ойлауға, өзін өзі тәрбиелеу және дамыту жолы" да, бұл еңбектің бағдаршамы ретінде алынған. "Хрестоматиялық баян" оқушыларды жеке үзінділер желісіне сүйене отырып тұтас ұғымға жетуге үйретеді. Ойлау үрдісінде шығарманың жеке детальдарының қабылдануы алғашқы кезекте жүретін заңдылығын, содан соң барып қана оның байланыстырушы және генерализациялау сатыларына көшу жүзеге асатынын ашқан П. Блонскийдің ұсынғанындай, хрестоматиялық баян роман-эпопеяның танымдық-дидактикалық блоктарын мүшелеп, деталдық күйде береді, соның негізінде ойлаудың байланыстырушы жөне тұтастырушы сатылары жүреді де шығарманы қабылдау түтастығына жету жүзеге асады. Түсініктің қалыптасуының мұндай заңдылығын кезінде Л. Выготский өз зертханаларында зерттеп, дамудың алдында жүргенде ғана оң нәтижелі болатыны туралы қорытындыға келген.
Қазіргі қоғамымыздың өзіндік санасын, ізгіліктігін қалыптастыруда көркем әдебиет ерекше орын алады. Ол өз бойына халықтың көркемдік және эстетикалық жадын, адамгершілік ұстанымдарын сіңірген. Хрестоматиялық баян - көркем әдебиеттің осы қызметін өткірлеу, ұштау, оны жүзеге асыру мақсатына қызмет ететін әдістемелік жұмыстың бір саласы бола отырып, XIX және XX ғасырдағы қазақ әдебиетіне біржақты көзқарастан арылудың, көптеген әдебиеттік қүбылыстарға көзқарастардың өзгергендігінің, соған байланысты түрлі оқу құралдарының қажет болатындығының айқын көрінісі.
Кемеңгер жазушы М. Әуезовтің "Абай жолы" роман-әпопеясы партия-лық ұстанымға басымдық берілетін, саяси-идеологиялық мәнділік алдыңғы орында болатын социалистік реализм әдісінің әдебиетімізде үстемдік етіп түрған кезінде жазылғаны белгілі. Өз заманының осы талаптарын сақтауға мәжбүр бола отырьп, ұлы көркем дүние тудыра алған М. Әуезов шеберлігінің ішкі сырларын кейінгі ұрпақ өз бетінше қабылдауы қиынға соғады. Өйткені, бүгінгі оңырманда социалистік қоғамның тарих мүраға-тына кетуімен бірге кешегі социалистік реализм туралы түсінік жоқ. Әдебиетке біржақты таптық-саяси көзқарастан бүгінгі оқушылар азат. Олар көркем шығармаға авторлық көркемдік шешім түрғысынан қарауға бейім. Әдебиет құбылыстарына мұндай жаңа көзқарас пен кеңестік дәуір әдебиетінің ұстанымдар арасында түсінісбестік тудыруы заңды. Міне, осындай оқырман мәдениетіндегі өзгерістерге байланысты кешегі кеңестік өдебиетіміздің туындыларын қабылдауға көмектесетін жаңа оқу қүралдарын керек етеді.
Әдеби білімнің жаңа стандарты, ондағы жаңа білім мазмүны оларды меңгеруге жаңа құралдардың тууын қажетсінеді. Хрестоматиялық баян - қазіргі вариативтік бағдарламалар, оқу құралдары, оқулықтар сияқты жасалып жатқан әдебиет пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеннің бір құраушысы.
Өз бетінше көркем әдебиетті оқу мәдениеті, оқырманның қалыптасу мәселелері ғылыми проблема деңгейінде барған сайын аса өзекті сипат алуда. Көркем мәтінді оқу, зерделеу, түсіндіру әдеби білімнің базалық құраушысы ретінде танылуда, хрестоматиялық баян осы әдіснамаға бағдарланған.
Оқырман мәдениеті қазіргі әдебиеттік білім берудің, сондай-ақ қоғамның рухани қуаттылық мүмкіндіктерінің негізгі көрсеткішіне айналуда. Мектептің негізгі міндеттерінің бірі: осы оқырмандық белсенділікті дамыту болып отырған кезде хрестоматиялық баян сол мақсаттарға жетуге көмектеседі. Ол кітап рыногының, теледидар тілінің, ақпараттар тасқынының оң жөне теріс өсерлері жағдайларында адамға мүмкіндігінше ізгілікті де жедел бағдар беруді көздейді.
Хрестоматиялық баянның негізгі ұстанымы - шығарманың тұлға қалыптастырушылық және тұлға дамытушылық мүмкіндігін мейлінше пайдалану.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға бүрынғыдай білім, білік, дағдыны емес, баланың жеке түлғасын қалыптастыруды қояды, оның өздігінен білім алу арқылы дамуына баса көңіл бөледі. Ұғымдық мазмұнын жинақтай айтқанда, "жеке тұлға" деп түрлі сапалардың жинақты жүйелері көрінетін адамның психикалық, рухани болмысын айтады. Олар: адамның әлеуметтік мені бар қасиеттерінің, әрекеттерінің жиыны; қоршаған әлеммен және өз-өзімен қатынасы; мінез-құлық жиыны; қажеттіліктердің жүйесі; қабілеттерінің, шығармашылық мүмкіндіктерінің жиыны М. Әуезовтің "Абай жолының" хрестоматиялық баяны осындай дидактикалық ұстанымды басшылыққа ала отырып түзілді. Оның өзі қазіргі бүкіл әлем бет бұрып отырған рухани-адамгершілік зәрулікті толықтыруға бағытталған. Ол мектептегі әдебиет пәнінің жеке тұлғаға бағдарлай оқыту сипатын жүзеге асыра отырып, оқушы тұлғасын қалыптастыруда әдебиет пәні мүғалімдеріне көмекші құрал бола алады.
Ендеше М. Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы бойынша жасалған хрестоматиялық баян - әдебиеттанудың қазіргі уақыттағы сипатын толықтыратын құрал. Оның негізіне көркем шығарманы көркемдік тұрғыдан тану тенденциясы алынған. Ал көркемдік тану эстетикалық-этикалық категория қүрылымында ізгіліктік әрекет болып табылады. Көркем әдебиетті ізгілік тұрғысынан тану жолдары сан алуан. Соның бірі - белгілі бір көркем шығарманың көркемдік, ұлттық-танымдық сапаларын жеткізіп тұрған үзінділерін түпнұсқасында сақтай отырып, олардың арасын құрастырушының сөзімен байланыстыру арқылы хрестоматиялық баяндау. Бұл әдіс ауқымды көркем шығармаларды оқырмандарға насихаттауға ыңғайлы.
- Хрестоматиялық баянның негізгі ұстанымы - шығарманың тұлға қалыптастырушылық және түлға дамытушылық мүмкіндігін мейлінше пайдалану
- М. Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы бойынша жасалған хрестоматиялық баян - әдебиеттанудың қазіргі уақыттағы сипатын толықтыратын құрал
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz