Деректер базасына сұраныстар жасау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе
1. Деректер базасын проектілеуге қойылатын есептің шарты.
2. ДБ проектілеудің этаптары.
1. Пәндік облысты сипаттау.
2. Ақпарат ағымдарын талдау.
3. Инфологиялық модельді жасау.
4. Даталогиялық модельді жасау.
5. ДБ жүзеге асырудың техникалық және бағдарламалық құралдарын
таңдау.
3. Деректер базасын құру.
1. ДБ проектісінің құрылымын сипаттау.
2. ДБ кестелерінің қасиеттерін сипаттау.
3. ДБ кестелерінің арасындағы қатынастарды және тұтастық
шарттарын анықтау.
4. Деректер базасын іске асыруды жүргізу.
1. “Магистратура бөлімі” жөнінде шағын мағлұмат.
2. “Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ- нің Магистратура бөлімі” деректер
қорының құрылымы. Деректер базасына сұраныстар жасау.
3. Есеп берулерді ұйымдастыру.
Қорытынды.
Әдебиеттер.

Кіріспе.

Қазіргі кезде қоғамды ақпараттандыру және компьютерлендіру өсу
үстінде, және бұл барлық елде, мамандықтардың кез келген сферасында, тіпті
тұрмыста да байқалуда. Кез келген ақпараттық жүйенің ядросы – ұйымдастыру
формасы деректер базасы болып табылатын ақпараттық база. Деректер базасы
болмағанда адамзат атаулы әлдеқашан ақпарат тұңғиығына батып кетуші еді.
Деректер базасы қолданушыға ақпаратты құру, сақтау және алу мүмкіндіктерін
береді.
Деректер базасын біз деректердің ұйымдастырылуы ретінде білеміз және
ол үшін арнайы программалық тілдік құралдар пайдаланылады (деректер базасын
басқару жүйесі), сонымен қатар ол ақпараттық жүйелерді ұйымдастырудың
спецификалық әдістерінен тұрады. Деректер базасының көптеген мақсаттағы
қолданылуларға арналған өзара күрделі байланысты ақпараттық білімдер
екендігіне байланысты деректер базасын ақпараттар базасын проектілеудің
мысалы, есептік (файлдық) проектілеуімен салыстырғандағы жалпылама түрі
деп қарастыруға болады. Сол себептен деректер базасын проектілеу облысында
атқарылған шаруаларды басқа типтегі жүйелерді жасауда да қолдануға
болады. Әдетте, деректер базасы қайсыбір пәндік облысқа, яғни адам
қызметіне немесе нақты әлем облысына байланысты ақпараттарды сақтау, оларға
рұқсат алу үшін құрылады.
Осы оқу тәжірибесі уақытында реляциялық ДҚБЖ құралдары көмегімен
жасалды және қолданушы интерфейсі өңделді, программалар, әдістер және
құрастырудың, жөндеудің және ЭЕМ программаларының орындалуының теорияық
және тәжірибелік технологиялары игерілді.
Оқу тәжірибесінің мақсаты – реляциялық деректер базасын индивидуалды
тапсырмаларға сәйкес құру және оны іске асыруды реляциялық ДҚБЖ құралдары
көмегімен жасау.
Оқу тәжірибесінің тапсырмасы – әр түрлі практикалық тапсырмаларды
шешудің алгоритмдерін өңдеуді құрып үйрену, қолданушы интерфейсін (мәзір,
формалар, стильдер, т.б.) жасау, енгізу процедураларын, енгізілетін
мәліметтерді коррекциялау,қарап шығуды, деректерді өңдеу мен талдау
процедураларын, сұраныстар жасау, нәтижелерін мониторға немесе принтерге
шығарып бере алу қабілетіне ие есеп берулерді ұйымдастыру.
Біз төмендегі жасалған таныстырып өтетін деректер базасын Delphi 7.0.
программасы көмегімен жүзеге асырдық.

1. Деректер базасын проектілеуге қойылатын есептің шарты.

Кіріс ақпараты Сұраныстар Есеп берулер
Л.Н.Гумилев Деректер қорының 2010жылғы
атындағы ЕҰУ мәліметтеріне Еуразия ұлттық
магистратура бөлімі сұрыптау (өрістер Университетінің
ішкі жүйесі бойынша), сүзгілеу, магистратура бөлімінің
Кестелері: бөлімдері, диапазон таңдау, магистранттары жайлы
магистранттар, іздеу (индекстелген, есеп берулер
магистранттардың жеке индекстелмеген) (магистранттың жеке
деректері, жасау. коды, аты-жөні,
профессорлар, Деректерді өзгертуге,мамандығы, шәкіртақы
профессорлардың жеке жаңадан мәлімет мөлшері т.б.).
деректері, демалыс. енгізуге, деректер
қорын жаңартуға
(кестелер өрістерін мүмкіндік болу.
өздігінше құру,
шектеулер – жалпы 30
өрістен аз емес).

2. ДБ проектілеудің этаптары.
1. Пәндік облысты сипаттау.

Пәндік облыс – бұл басқаруды ұйымдастыру мақсатында, яғни,
автоматтандыру үшін, зерттеуге арналған нақты әлемнің бөлігі. Пән облысы
фрагменттер жиыны арқылы көрсетіледі, мысалы, цехтары, дирекциясы,
бухгалтериясы және т.б. бар өнеркәсіп. Пән облысының әрбір фрагменті,
объектілерді қолданатын, сонымен қоса пән облысына әртүрлі көзқараспен
қарайтын қолданушылар жиынымен сипатталатын объектілер және процесстер
жиынымен сипатталады.

Динамикалық түрде жаңартылып отыратын сөз тіркесі, пән облысының
ағымдық күйі мәліметтер базасына периодты түрде емес, нақты уақыт режиміне
сәйкес келетіндігін білдіреді. Бұл жағдайда бірдей мәліметтер, әртүрлі
қолданушылардың талаптарына сай әртүрлі түрде көрсетілуі мүмкін.

Сонымен, мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) – ақпараттық жүйенің
негізгі компоненті. МББЖ-да ақпараттық жүйені құру және басқару үшін, тура
алгоритмдік тілдегі программаларды құрудағы сияқты транслятор қажет. МББЖ-
ның негізгі функциялары:

• сыртқы жадыдағы (дискідегі) мәліметтерді басқару;
• оперативтік жадыдағы мәліметтерді басқару;
• кенет өшіп қалғаннан кейінгі мәліметтер базасын қайта қалпына
келтіруді және өзгерулерді тіркеу;
• МБ-ның тілдерін сүйемелдеу (мәліметтерді анықтау тілі,
мәліметтерді манипуляциялау тілі).
Әдетте қазіргі заманғы МББЖ-да келесі компоненттер бар болады (суретті
қара.):

• ядро, ол сыртқы және оперативтік жадыдағы мәліметтерді басқару
және тіркеуге жауап береді,
• мәліметтер базасының тілдерінің процессоры, ол мәліметтерді
шығарып алу және өзгерту сұраныстарына жауап беруді
тиімдестіруді және машиналық-тәуелсіз орындалатын ішкі кодтарды
құруды қамсыздандырады,
• орындалу уақытын қолдаудың ішкі жиыны, ол МББЖ-мен қолданушы
арасындағы интерфейсті құруға арналған, мәліметтерді
манипуляциялау программаларын интерпретациялайды,
• сервистік программалар (ішкі утилиттер), ол ақпараттық жүйелерге
қызмет ететін, бірқатар қосымша мүмкіндіктерді қамсыздандырады.
Ақпараттық жүйелерді проектілеу теориясында пән облысын (немесе бүкіл
нақты әлемді) үш түрлі жолмен сипаттау қабылданған:

• пән облысын, нақты түрде қалай бар сол қалпында қабылдау
• адам қалай қабылдайды сол қалпында қабылдау (мәліметтер базасын
проекциялаушы)
• оны символдар көмегімен қалай сипатталады, солай қабылдау.
Яғни, біз бұл қабылдау қайтаратын, нақтылықты және берілгендерді
сипаттаумен нақты жұмыс істейтінімізді білдіреді.

Пән облысын сипаттау үшін қолданылатын мәліметтер, үш деңгейлі схема
(ANSISPARC деп аталатын модель) түрінде көрсетіледі:

Сыртқы сипатталу (сыртқы схема) мәліметтері, қолданушы орындайтын
бірқатар нақты функцияның мәліметтерге қоятын талаптар жиыны арқылы
анықталады.

Концептуальды схема қолданушының нақты әлем туралы ойларынан алынған,
мәліметтерге қоятын барлық талаптарының жиынтығы.

Ішкі схема – бұл мәліметтер базасының өзі.

Осыдан, ақпараттық жүйедегі мәліметтер базасын проектілеу процессі
бөлінетін, негізгі этаптары шығады:

Концептуальды проектілеу – бұл мәліметтерге қойылатын талаптарды жинау,
талдау және өңдеу. Ол үшін келесі қасиеттер орындалады:

• пән облысын зерттеу және оның ақпараттық құрылымын оқу
• әрқайсысы қолданушының ойымен, ақпараттық объектілермен және
олардың арасындағы байланыстармен, ақпараттық объектілерге
қолданылатын процесстермен сипатталатын барлық фрагменттерді
табу
• барлық сипаттауларды модельдеу және интеграциялау.
Бұл этапты аяқтағанан кейін мәліметтер базасына инвариант болатын
концептуальды схеманы аламыз. Ол көбінесе маңыз-байланыс моделі түрінде
өрнектеледі.

Логикалық проектілеу – ол мәліметтерге қойылатын талаптарды мәліметтер
структурасына түрлендіру. МББЖ-дан шығарда мәліметтер базасының
ориентацияланған структурасын және қолданбалы программалар спецификациясын
аламыз. Бұл этапта көбінесе әртүрлі МББЖ-ға қолдануға болатын мәліметтер
базасын моделдейді және моделдердің салыстырмалы талдауын жасайды.

Физикалық проектілеу – ол мәліметтердің сақталу ерекшеліктерін, оларға
кіру әдістерін және т.с.с. анықтайды.

Біздің жағдайда зерттеу үшін қызығушылық танытатын пәндік облыс ретінде
шоу-бизнес әлемі алынды. Мұнда біз Отандық және шетелдік әндер, әншілер,
актерлар, актрисалар, Ресейдің танымал модельдері жа йында барынша толық
мәліметтер беруге тырысамыз. Пәндік облыс осы үш тақырып бойынша қаралатын
болады, яғни олар: музыка, кино және мода. Индивидуалды тақырыпты талқылай
отыра, біздің құрған деректер базамыздың қолдану облысы ретінде қазіргі
заманғы шоу-бизнес екенін айтып кетсек.

2. Ақпарат ағымдарын талдау.

Біздің проект үшін кіріс ақпараты ретінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық Университетінің кадрлық саясат жіне құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімдері туралы мәліметтерді атап кетуге болады.

Шартты тұрақты мәліметтерге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
Университетінің жұмысшылары туралы жеке ақпарат, олардың туған күндері,
отбасы жағдайы, балалар саны, мекенжайы, т.б. мәліметтер енеді.

Шығыс ақпараттарына жұмысшылардың демалысы, жұмыстан босату жайлы
ақпараттар енеді.

3. Инфологиялық модельді жасау.

Инфологиялық модельдеу мақсаты – жасалатын деректер базасында
сақталатын ақпараттарды жинақтау мен ұсынуды адамдар үшін табиғи болып
табылатын әдістерімен қамтамасыз ету. Сол себептен инфологиялық модеьді
барынша табиғи тілге аналогия ретінде тұрғызуға тырысады (соңғысы текстерді
өңдеудің компьютерлік қиындығы және кез келген табиғи тілдің біркелкі
еместігінен қолданыла алмайды). Инфологиялық модельдің ең негізгі
құрылымдық элементтері болып негіз, олардың арасындағы байланыс және
қасиеттері (атрибуты) табылады.
Негіз – деректер базасында ол туралы ақпарат сақталуы керек кез келген
ерекшеленген объект (біз басқа объектіден айыра алатын объект). Негіз
ретінде адамдар, гүлдер, орналасу орындары, поезд, ұшақ, т.б. болуы мүмкін.
Негіз типі және негіз экземпляры деген екі ұғымды ажырата білу керек. Негіз
типі деп бір бүтін ретінде қарастырылатын түп-тамыры бір тұлғалар, заттар,
оқиғалар немесе идеяларды атаймыз. Негіз экземпляры деп жиындағы нақты
заттарды атаймыз. Мысалы, негіз типі – қала, ал экземпляры – Астана болуы
мүмкін, т.б.
Атрибут – негіздің атауландырылған мінездемесі. Оның атауы негіздің
нақты типі үшін қайталанбайтын, уникалды болуы тиіс, ал негіздердің түрлі
типтері (мысалы, түс ит немесе машина үшін анықталған, т.б. сияқты) үшін
бірдей бола береді. Атрибуттар сол негіз туралы қандай ақпараттың жиналуы
керектігін анықтайды. Автомобиль негізі үшін атрибут болып типі, маркасы,
номер белгісі, т.б. табылады. Мұнда да тип пен экземплярдың арасында
айырмашылық бар. Түс атрибутының типі көптеген экземплярлардан немесе
мәндерден тұрады: Қызыл, Көк, Ақ түн, т.б., бірақ негіздің әрбір
экземплярына атрибуттың тек қана бір мәні меншіктеледі. Атрибуттар мен
негіз типтері арасындағы абсолютті айырмашылық жоқ. Атрибуттың осындай болу
себебі негіз типіне байланысты болып келеді. Басқа контексте атрибут жеке-
дара негіз ретінде шыға алады. Мысалы, автомобиль заводы үшін түс – тек
өндіріс қнімінің атрибуты ғана, ал лак-сыр шығарушы фабрика үшін бұл –
негіз типі.
Біздің жағдайда атрибуттар: Жұмысшылардың фамилиялары, инициалдары;,
Бөлімше бастықтары телефондары, т.б.
Кілт – талап етілетін негіздің керекті экземплярын табуға мүмкіндік
береді атрибуттардың минималды жиыны. Минималдылық деген – кез келген
атрибуттың жиыннан алынып тасталуы қалған атрибуттар бойынша негізді
идентификациялай алмау. Кесте негізі үшін кілт ретінде Жұмысшы номері
немесе бөлімше номері.
Байланыс – екі немесе одан да көп негіздердің ассоциациялануы.
Деректер базасының мәні бір бірімен байланыспаған жай деректер болса, оның
құрылымы да өте қарапайым болушы еді. Бірақ деректер базасын құрудағы
негізгі талап – негіздің бір мәні арқылы басқа бір негіз туралы анықталған
байланыстарды орнату арқылы ақпарат алу мүмкіндігі. Нақты деректер
базасында жүздеген, тіпті мыңдаған негіздер болатындықтан, теориялық түрде
олардың арасында миллионнан аса байланыстар болатындығы туралы болжап
айтуға болады. Осындай байланыстардың жиыны инфологиялық модельдің
күрделілігін анықтайды.
Инфологиялық модельді құрастырғанда ER-диаграммалары тілін (ағылшынның
Entity-Relationship сөзінен, яғни негіз-байланыс) қолдануға болады. Оларда
негіз белгіленген тіктөртбұрыш арқылы, ассоциациялар – белгіленген ромбтар
немесе алтыбұрыштар арқылы, атрибуттар – балгіленген сопақшалар арқылы, ал
олардың арасындағы байланыстар – үстерінде байланыс дәрежесі және керекті
түсіндірулері бар бағытталмаған қабырғалар түрінде көрсетіледі.
Көбінесе көрнекілігі аз болғанымен, маңыздылығы жоғары негіздер мен
ассоциациялар түр қосымшалары арқылы ұсынылатын инфологиялық модельдеу тілі
(ЯИМ) қолданылады:
Негіз (атрибут 1, атрибут 2 , ..., атрибут n)

Ассоциация [НЕГІЗ S1, НЕГІЗ S2, ...]

(атрибут 1, атрибут 2, ..., атрибут n),
Мұндағы S – байланыс дәрежесі, ал кілтке кіретін атрибуттардың асты
сызылып, ерекшеленуі тиіс. Мысалы, А және В негіздерінің арасында төрт
түрлі байланыс түрі болуы мүмкін.

Бірінші тип – бірге бір байланысы (1:1): әрбір уақыт мезетінде А
негізінің әр экземплярына В негізінің 1 немес 0 экземпляры сәйкес келеді:
Студент стипендияны “табыс ретінде” таба алмайды, тек қарапайым немесе
жоғарылатылған стипендиялардың бірін ала алады.

Екінші тип – бірге көп байланысы (1:M): А негізінің бір экземплярына В
негізінің 0, 1 немесе бірнеше экземплярлары әйкес келеді. Пәтер бос тұруы
мүмкін, онда бір немесе бірнеше адам тұруы мүмкін.

Екі негіздің арасында екі жаққа да бағытталған байланыстар болуы
мүмкін. Бұл өз кезегінде тағы да екі типтің тууына әкеледі: көпке бір (M:1)
және көпке көп (M:N).

Негіздерді классификациялау. К.Дейт негіздердің үш класын қарасты-рады:
оқтама (стержень) тәрізді, ассоциативті және мінездемелік, сонымен қатар
ассоциативтіктің класына тиісті – белгілеулер.

Стерженьдік негіз – атауы тіктөртбұрышқа енгізілген тәуелсіз негіз.

Ассоциативті негіз – екі немесе одан да көп негіздер немесе негіз
экземплярлары арасындағы көптің көпке (бірдің көпке,т.б.) түр
байланысы. Ассоциациялар теңқұқылы негіздер ретінде қарастырылады: олар
басқа ассоциацияларда тап стерженьдік негіздер сияқты қатыса алады;
қасиеттерге ие бола алады, яғни байланыстарды көрсететін кілттік атрибуттар
жиынынан ғана емес, байланысты мінездейтін басқа да атрибуттардан тұра
алады.

Мінездемелік негіз – бұл екі негіздің арасындағы байланыс көптің
бірге немесе бірдің бірге болатын түр байланысы (ассоциацияның жекелен
жағдайы). Қарастырылатын пәндік облыс аумағында мінездеменің жалғыз мақсаты
басқа бір негізді сипаттау мен нақтылаудан тұрады. Оларға деген қажеттілік
нақты әлемнің негіздері кейде көпмағыналы қасиетке ие болуы себебінен
туындайды.

Мінездемені сипаттау үшін жалпылама түрде ЯИМ жаңа сөйлемі қолданылады:

Мінездеме (атрибут 1, атрибут 2, ...)
[Мінездеме берілетін негіздер тізімі].

Негіз белгілеушілері немесе белгілеу - бұл екі негіздің арасындағы
байланыс көптің бірге немесе бірдің бірге болатын түр байланысы,
мінездемеліктен айырмашылығы белгіленетін негізге тәуелсіздігі.

4. . Даталогиялық модельді жасау.

Инфологиялық үлгіден кейін міндетті түрде келесі қадам даталогиялық
үлгіні жобалау процедуралары келесі адымдар қажетті орындауы жүреді:

1. Әрбір бөлікті таныстыру ( тәуелсіз маңыз ) дәл осы база кестесімен
( негіздік кестемен ) және бұл базалық кестенің алғашқы кілт
өзгешеліктерін анықтау.

2. Әрбір ассоциацияны базалық кесте сияқты таныстыру ( түр байланысы
"көпке көп" немесе "көпке көп көпке" және маңыздар аралықпен т.б.). Бұл
кестеде ассоциацияға қатысушыларының теңестіруіне арналған сыртқы кілттер
және шек қоюлар өзгешеліктерін анықтау базалық кесте сияқты бұл сыртқы
кілттің әрбірімен байланысын қолданылады

3. Сыртқы кілтпен базалық таблица сияқты әрбір мінездемені маңызын
белгілейтін, мінездемені сипатталуын ұсыну

4. Бұл кестеде сыртқы кілтіне және алғашқы кілтке шек қоюлар және
оның өзгешеліктерін анықтау - барлық ықтималдықтары, сыртқы кілттің
комбинациясы және қасиеттің " суреттелетін маңыз рамкаларында бірегейлік ".
сияқты кепіл болатындай анықтау.

5. Алдындағы пунктіде анықтап қаралмаған, сыртқы кілтпен базалық кесте
сияқты, белгіленетін маңыз белгілейтінмен әрбір мағынасын таныстыру. Шек
қою әрбір сондай сыртқы кілтімен байлаулы өзгешеліктерін анықтау.

6. Базалық кестенің алаңы сияқты әрбір қасиетті ұсыну, маңыз
таныстырушы осы қасиетпен сипатталады.

7. Нормалау принциптерінің қандай болмасын жобада - бұзуларға шығару
үшін, нормалау процедурасын орындау қажет. Нормалау – бұл процес екі
немесе көп кестелердің бұзылуын, әсер етушілердің негізгі қасиеттермен
қосуда, өзгертуде және қашықтауда орындалатын процесс. Нормалаудың сонғы
мақсаты осы базалар деректерінде пайда болады, сондай ақ жобасын алуына
апарылады, яғни әрбір факті тек бір орында пайда болуын көрсетеді, яғни
хабарға артық шығарып тасталады. Бұның жасалуы жад үнемділігі мақсатымен
емес, қаншалықты мүмкін қайшылық шығаруына арналған деректерді сақтау.

Тап осы жоба база нормалау ережелерімен жасалған, ол үлкен болып
түзеледі, немен тұрақтысызда, тұтас қарапайым кестелердің сандары, не
деректерді артық кемітуі және кеңістік көлемі, қажеттіні сақтауына
арналған.

8. Егер нормалау барысында кестелердің қандай болмасын бөлінуі
туындатылған болса, онда инфологиялық модел тап осы база үлгі
модификациялауға ереді және саналған адымдар қайталанады.

9. Тап осы жобаланушы база бүтіндік шек қоюлары көрсету және беру (
егер ол қажетті болса) алынған кестелердің қысқаша суреттеуі және олардың
алаңы. Сілтеме бүтіндік – бұл ережелердің жүйесі, байлаулы кестелердің
жазулары аралық көңіл болуларды сыпайылық кепілдік беруші және кездейсоқ
қашықтаулар немесе байлаулы бөлім өзгертулері мүмкіншілік шығарып тастайтын
аралық. Кестенің әрбір жолдары үшін сыртқы кілтпен сілтеме бүтіндік алғашқы
кілтпен кестеден лайықты жол барысын күәландырады, егер ол сыртқы кілтпен
кестемен байланысса; барлық – осы әрекет үшін орындалады, кестелер аралық
көңіл болу қажетті алдымен қашықтатады. Сілтеме бүтіндік оқтын-оқтын
тексеруге көзі жетуге көмектеседі. Сілтеме бүтіндік кестелерде лайықты
мағыналардың өзгертуімен операциялармен қосады, қашан сыртқы кілт мағыналы
және басқа алғашқы кілттен оларды сақтайды.

Негізгі пунктіде жасалған даталогиялық модель біздің деректер
қорының нормализацияланған түрінде келтіруі болып табылады , яғни
деректердің артық жоюылуы құрады. Дәл осындай кестелер сияқты біздің
базамызда деректердің жойылуы сияқты құрылды, нормализацияланған түрді
талап етпейді.

5. ДБ жүзеге асырудың техникалық және бағдарламалық құралдарын
таңдау.

Қосымшаларды Delphi көмегімен жүзеге асыру Delphi интерактвті
ортасының өңдеушісімен өзара әсері ешқандай ішкі күшпен алуды болғызбай,
керісінше ыңғайлылық жағдайын тудырып отырады. Delphi-қосымшалар әсіресе
эффективт, егер өңдеуші программа жасау барысында қажетті ережелерді
сақтаса. Бұл қосымшалар эксплуатация кезінде қауіпсіз және алдын ала
болжалатын мінез-құлыққа ие. Delphi деректер қорын басқару жүйесін жасаудың
жетілген құралдарын ұсынады.
Тек деректер базасын (ДҚБЖ емес) Delphi құралдары көмегімен жасаудың
өзі қиынға түседі, тіпті мүмкін емес. Шынында да, егер сіз екі немесе үш
деңгейлі архитектураны таңдасаңыз, өз қолымызбен жасау мүмкін емес ДБ
серверінсіз еш нәрсе тындыра алмаймыз. Ал әңгіме егер файл-сервер деректер
базасы туралы болса, мұнда да арнайы құралдар керек болады. Delphi
отрасында әдетте мұндай мақсаттарға Database Desktop утилитасы қолданылады.
Сонымен қатар Paradox, dBASE (корпорации Borland), FoxPro, Access
(корпорации Microsoft), т.б. сияқты өндірістік ДҚБЖ пайдаланылады.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистратура бөлімі проектісінің
деректер базасы мен қосымшаларын жасау барысында біз Delphi 7.0
программасын пайдаландық.
ДБ жұмыс жасауға арналған Delphi құралдарына мыналар жатады:
• инструментальды құралдар (арнайы программалар мен пакеттер);
• деректер базасымен операцияларды орындайтын қосымшаларды жасауға
арналған компоненттер.

Инструментальды құралдар
Delpi-де ДБ жұмыс жасауға арналған келесі құралдар бар:
- BDE (Borland DataBase Engine) – ДБ-на рұқсатты қамтамасыз ететін
кітапханалар жиынынан тұратын деректер базасының процессоры;
- BDE Administrator – BDE күйлерін келтіруші утилита;
- DataBaseDesktop – SQL кестелерін және QBE сұраныстарын жасау және
редакторлауды ұйымдастыратын программа;
- SQL Explorer – ДБ параметрлерінің күйлерін келтіру мүмкіндігін
беретін жол көрсетуші (проводник);
- SQL Monitor – SQL-сұраныстардың орындалу ретін қадағалаушы
программа;
- SQL Links – ДҚБЖ-ның жойылған программаларына рұқсат үшін арналған
драйверлер, мысалы MSSQL Server Oracle;
- Local InterBase Server – Borland InterBase-дің SQL-серверінің
локальді версиясы;
- InterBase Server Server for Windows 95 – Borland InterBase-дің SQL-
серверінің көп қолданушыларға арналған бір уақытта төрт байланысқа
есептеліп жасалған версиясы.

Компоненттер
Деректер базасының жұмысы үшін арналған компоненттер DataAccess,
DataControls, Midas, Qreport және DesisionCube беттерінде орналасқан.
Деректерге рұқсатты ұйымдастыру үшін арналған визуалды емес компоненттер
DataAccess парағында орналасқан:
• DataSourse – деректер көзі;
• Table – ДБ кестесіне негізделген мәліметтер жиыны;
• Query – SQL-сұранысқа негізделген мәліметтер жиыны;
• StoredProc – серверде сақталатын процедураға негізделген
мәліметтер жиыны;
• DataBase – деректер базасымен қосу;
• Session – ДБ-мен атқарылатын жұмыстың ағымдағы сеансы.
DataControls парағында келесі визуалды компоненттер орналасқан:
• DBGrid – тор (кесте);
• DBNavigator – навигациялық интерфейс;
• DBText – жазу;
• DBEdit – біржолдық редактор;
• DBImage – графикалық бейне;
• DBListBox – қарапйым тізім;
• DBComboBox – комбинацияланған тізім;
• DBCheckBox – тәуелсіз ауыстырып қосқыш.

3. Деректер базасын құру.
1. ДБ проектісінің құрылымын сипаттау.

Деректер базасы – кестелер арасындағы байланыстарды бейнелейтін
файлдардың: кестелер, индекстер және триггерлердің жиынтығы. ДБ мынадан
тұрады:
- ДБ кестелері;
- индекстер;
- ескертулер (мемо-өрістер, т.б.).
Бір кестені сақтау үшін жеке файл жасалады. Тап осындай жеке файлдар
индекстерді және мемо-өрістерді сақтау үшін жасалады. Осы файлдардың
барлығы бір жерде орналасып, сақталуы тиіс, әйтпесе ДҚБЖ жұмысы дұрыс
жүрмеуі мүмкін. Сол себептен ДҚБЖ барлық компоненттерін бірге сақтау керек.

Осыдан Delphi ортасында (немесе Delphi жұмыс істеу үшін) ДБ жасау
болашақ ДБ орналасу және сақталу орнын анықтаудан басталады. Осылайша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітапхана деректер базасының қосымшаларын бағдарламалау
Delphi ортасы туралы түсінігі
Университетте студенттер контингенті ДБ жобалау
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУ
MS Access программасының программалық құралдарын қолдана отырып тауарлардың қоймалық есебін автоматтандыру есебін шешу
«Кітапхана бөлімінің Мәліметтер Базасын құру(ұйымдастыру)»
Деректер қорын құру және оны мысалда қарастыру
Мәліметтер базасы туралы түсінік
Деректер базасын басқару жүйесінің теориясы
Деректер қорының жобасын дайындау
Пәндер