Маңғыстау облысының географиялық орны
Мазмұны:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
1 ТАРАУ. Қазіргі Маңғыстау сипаты: мұнай өндіруші компаниялардың
басқыншылығында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5-1 1
1.1.Маңғыстау облысының географиялық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-7
1.2.Маңғыстаудың мұнай-газ өндіруші мекемелері: экологиялық проблемалардың
себепшісі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...8-9
1.3. Маңғыстаудың көркі-Каспий теңізі: мұнаймен ластанудың құрбаны
сипатында ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-11
2 ТАРАУ. Маңғыстау ауыр халде: мұнайдың өзімен бірге ала келген
зардаптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-15
2.1.Мұнайдың атмосфераға тигізер
зардабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-13
2.2.Мұнайдың топырақ қабатына тигізер
зардабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3.Мұнайдың тұрғындардың денсаулығына тигізер
зардабы ... ... ... ... ... ... ... ..15
3 ТАРАУ. Маңғыстаудың экологиясын қалпына келтіру шаралары ... 16-20
3.1.Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан іс-
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ..16-17
3.2.Экологияны қалпына келтіру шаралары: өз бағдарламам негізінде ... .18-
20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 21- 22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .23
КІРІСПЕ
Табиғаттағы билеп-төстеп алдық деп мақтанбай-ақ қоялық. Бастапқы
кезде біздің осы жеңістеріміздің әрқайсысынан көздеген мақсатымызға
жеткенімізді алдымен көрерміз. Бірақ екінші және үшінші кезеңдеріне
келгенде өзіміз нүкте қоймаған нәтижелерді байқармыз. Сөйтіп көрген
зиянымыз, пайдамыз асып түсер деген екен Ф. Энгельс.
Иә, адам өзінің ғасырлар бойы табиғаттың қожасы, билеушісі ретінде
сезініп, өзіне бар қажетті алып, бірақ оған келтірілген зиянының орнын
толтыруға, дер кезінде қамқорлық жасауға әдеттенбеді. Табиғат ресурстарын
барынша пайдалану, оның қорларын азайтумен қатар, сапалық күйін нашарлата
түсті. Бұл жер шарының кейбір аймақтарында қайтымсыз табиғат өзгерістері
мен апаттарының болуы көрсетеді. Табиғат өзгерісі дегеніміз не?Бұл, ең
алдымен, қоршаған ортаның ластануы.
Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер
ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан
келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның
қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық
өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Бүгінгі
таңда өз жерінің, өз табиғатының әсемдігін сақтай алмай отырған қазақ халқы
үшін де бұл мәселе бөтен емес.
Батыс аймақта Маңғыстау облысы экологиясы ауыр аймақтардың алдыңғы
катарына жатады. Қауіпті нүктелердің топырақ қабаттарын тексергенде бұл
өңірді Семей, Аралдан кейінгі үшінші орынға қоюға болады. Бұл аймақтағы
негізгі мәселелер — табиғи ортаның мұнаймен ластануы, радиактивті
қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп,
шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде. Сондай-
ақ мұнда тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда,
орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары. Осының барлығын айта
тұра, Маңғыстау облысы, сонымен бірге Каспий теңізінің қазақстандық секторы
бағалы биологиялық ресурстармен, минерал – шикізат потенциалына бай:
еліміздің экономикасын көтеруде стратегиялық елеулі орында екендігін де
ұмытпағанымыз жөн. Ендеше, Маңғыстаудың ерекше стратегиялық аймақ екендігін
айта тұра, өз қолымызбен бұл аймақтың тағдырына, экологиясына балта
шапқанымыз қалай? Мәселен, қазіргі кезде облыстың экологиялық ахуалы
шиеленісіп, тұрғылықты халықтың өмір сүруі мен мәдени- демографиялық
жағдайына, денсаулығына әсер етуде.Маңғыстау экологиясы әлі күнге
мақтанарлық жағдайда емес. Дәл осы республикалық деңгейдегі шиеленісіп
тұрған проблеманың қаншалықты маңызды әрі тез арада шешімін табу қажеттігін
көрсету үшін курстық жұмысымның сипаттамасын назарыңызға ұсынамын:
Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі таңдағы Маңғыстаудың экологиялық
проблемаларының қаншалықты ауыр зардаптарының бар екендігін және оларды тез
арада шешпесек қандай халге душар болатынымызды көрсету.
Зерттеу объектісі:Маңғыстаудың экологиясы
Зерттеу пәні: Маңғыстаудағы қоршаған ортаның мұнай-газ, ауыр
металлдармен ластануынан туындаған зардаптардың өзге қалаларға, аймақтарға
әсері, республика көлеміндегі кең масштабты экологиялық проблемалардың тез
арада шешімін табу қажеттігі.
Зерттеудің мақсаты: Маңғыстау облысының ландшафттық ерекшелігін
қарастыру, қазіргі кездегі антропогендік әсерге ұшырау салдарын ашып және
осы аумақтың экологиясын жақсарту шараларын көрсету.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді алға қою қажет:
• Маңғыстаудағы мұнай-газ сферасында жұмыс атқарып жүрген
компаниялардың шаруасын қолда бар ақпараттарға сүйене отырып
талдау;
• Олардың экологияға тигізер әсерін бағалау;
• Адами факторға мұнаймен ластанудың қаншалықты ауыр екендігін
анықтау;
• Мемлекеттің Маңғыстаудағы мұнаймен ластану проблемасына деген
көзқарасын қарастыру.
Зерттеуде қолданылған әдістер мен тәсілдер:
• сипаттама;
• құрылымдық;
• жүйелеу;
• салыстырмалы талдау әдістері қолданылды
Зерттеудің ақпараттық базасы: отандық және шетел ғалым ғалымдарының
зерттеулерінің материалдары, ғылыми – практикалық конференциялар
материалдары, интернет – қор,қосымша анықтамалық оқу құралдары, зерттеу
материалдары.

басқыншылығында
1.1.Маңғыстау облысының географиялық орны
Маңғыстау облысы Еуразия материгінің орталығында Каспий теңізінің
солтүстік-шығысындағы Маңғыстау, Бозашы түбектері мен Үстірт қыратының
батысында, Қазақстанның қиыр оңтүстік-батысында орналасқан.1973 жылы
Маңғышлақ облысы ретінде құрылып, кейін 1990 жылдан бастап Маңғыстау облысы
болып атанды.
Облыс территориясы – 166600 шаршы шақырым. Оның аумағына Албания,
Бельгия, Дания, Нидерланды, Израиль сияқты елдер түгел сиып кетеді немесе
Болгариядан 1,5 есе үлкен.
Шекарасының жалпы ұзындығы – 2450 шақырымнан астам. Оның 1100
шақырымға жуығы Каспий теңізі жағалауымен өтеді. Облыс оңтүстігінде
Түркіменстанмен, шығысында Өзбекстанмен, солтүстік-шығысында Ақтөбе
облысымен, солтүстігінде Атырау облысымен шектеседі. Ал батысында табиғи
кешен Каспий теңізіне сай келеді .
Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақстан геология ғылымдары институтының
деректері бойынша Маңғыстау ойысы 5 геоморфологиялық аудандарға бөлінеді.
Олар: Солтүстік Маңғыстау, Таулы Маңғыстау, Шығыс Маңғыстау, Оңтүстік
Маңғыстау. Ал Үстірт өз алдына жеке аудан.
Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымы 5 ауданнан (кейін 7), 5 облыстық
маңызы бар қаладан, 6 кенттен,55 ауылдық елді мекеннен және 43 ауылдық
округтен тұрады . Қала халқының саны 274,6 мың адамды құрайды (76%), ал
ауыл тұрғындарының саны - 87,1 мың адам (24%). Облыс орталығы - Ақтау
қаласы, бұрынғы атауы Шевченко қаласы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963 жылы
Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады. Халқы 2005
жылдың басында Ақтау қаласының халқы 159,2 мың адамды құрады. Бұл барлық
облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км. Ақтау
қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының
саны 19,4 мың адам) және Өмірзақ (1,4 мың адам).
1 кесте
Маңғыстау облысына кіретін аудандар:
№ Атауы Орталығы
1. Ақтау Ақтау
2. Жаңаөзен Жаңаөзен
3. Бейнеу ауданы Бейнеу
4. Қарақия ауданы Құрық
5. Маңғыстау ауданы Шетпе
6. Мұнайлы ауданы Мұнайлы
7. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко
Маңғыстау түбегінің өсімдіктері түрі жағынан жұтаң, оның өзі
сирек,бойы аласа болып келеді. Мұнда табиғаттың қатаң ызғарына ғасырлар
бойы ыңғайланып көніккен, бейімделген кейбір өсімдіктер ғана өсе алады.
Табиғат қыспағы дегенде тек ауа райының қолайсыздығы ғана емес, бұл
аймақтың топырақтарының құнарсыздығын, олардың жалпылама сорланған,
сортаңданған болуымен қатар, топырақ қабатының жұқалығын есте ұстауымыз
керек. Міне, сондықтан да бұл өлкеде тек шөлге ғана емес,топырақтың осындай
ерекшеліктеріне де бейімделген өсімдіктер өсе алады.Олардың көбі жердің
тұзына төзімді сор-шөпті өсімдіктер болып келеді.Мұнда өсетін негізгі
аймақтық өсімдіктер жусан мен итсигек, күйреуік,ебелек, жантақ сияқты
шөптер жатқызылады.
Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар,
ұлутас қорларымен бай. 2004 жылы облыс бойынша жалпы қо-сымша құн 282,1
млрд. теңге құрады, ал негізгі қорлар (2004 жыл соңына қалдық құны бойынша)
- 324,9 млрд. теңге. 2004 жылы негізгі капиталға инвестициялар 101 млрд.
теңге, немесе 2003 жылғы деңгейдің 126,9% құрады. 2004 жылы құрылыстық
мердігерлер келісімімен жасалған жұмыс көлемі бағалау бойын-ша 27,7 млрд.
теңгені құрады, ол 2003 жылға қарағанда 1,3 есеге артық. Облыс үшін
айқындайтын салаға кен өндіру өнеркәсібі жатады. 2004 жылы бұған негізгі
капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің 63% жұмсалмаған.
Өнеркәсіптің негізгі саласы – мұнай мен газды өндіру, қазіргі кездері
облыс территориясында 20 мұнайгаз кен орны ашылған, жалпы ауданы 71,8 мың
га. Каспий теңізіне тиісті мұнай мен газ кен орындарының аймақтарындағы
экологиялық сұрақтардың қанағатсыз шешілуіне, жер қорын ұтымды қолданбауына
байланысты, оны желдік және су эрозиясынан жеткіліксіз қорғағандықтан аймақ
айқын өзгеріске ұшыраған және қазіргі уақытта экологиялық жүйенің қалыпты
жұмысын қамтамасыз ете алмайды.
Табиғи ресурстарды қарқынды игеру, көмірсутек шикізатын, уранды
барлау мен өндіруден және химия өнеркәсібінен жердің ластану мәселесі басты
экологиялық мәселелердің бірі.
Қазіргі кезде Маңғыстау облысы Республиканың мұнай өндіру көлемінің ¼
бөлігін қамтамасыз етеді. Ірі кен орындарында Өзен, Жетібай,Қаламқас,
Қаражамбас және Солтүстік Бозашыда облыс бойынша бақыланған мұнай қорының
70 пайызы шоғырланған. Келешекте Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі
көмірсутекті кен орындарын игеруден бастап облыс бойынша мұнай өндіру
бірнеше рет өседі деп күтілуде.Қайраңда орналасқан 120 мұнайгазды
блоктардың бірнеше ондығы осы Маңғыстау облысына тиісті. Олардың ішінде –
Ақбота, Сандуғаш, Әл-Фараби, Нұрсұлтан, Ұлытау, Сары-Арқа, Құмды мұістер-2,
Ақмола, Азат,Жеңіс, Ұлытасты теңіз, Оқжетпес, Түркістан, Бұлбұл, Марал,
Алатау, Қазақ шығанағы, Сауысқан, және т.б.
1.2.Маңғыстаудың мұнай-газ өндіруші мекемелері: экологиялық
проблемалардың себепшісі ретінде
Маңғыстау ертеден-ақ еліміздің негізгі мұнай қоры орналасқан аймақ
ретінде белгілі болып келеді. Қазіргі кездері облыс территориясында 20
мұнайгаз кен орны ашылған, жалпы ауданы 71,8 мың га. Бүгінгі таңдағы
Маңғыстау облысындағы негізгі мұнай газ кешенінің мекемелері болып
келетіндер: ААҚ Маңғыстаумұнайгаз, ААҚ Қаражамбасмұнай, ТОО Тасболат
Ойл Корпорэйшн, ААҚ Толқынмұнайгаз(Тоқыннефтегаз), АҚ Барлау және
өндіру (Разведка и добыча), НКТН ЗФ КазТрансОйл, сонымен қатар, біріккен
және шетел компанияларына жататын мекемелер – СП ТОО Арман, СП ЖАҚ
Қарақұдықмұнай, СП ТОО Қазақтүрікмұнай, СП Партекс, СП Шеврон –
Тексако. Аталып отырған мұнай-газ кешенінің мекемелерінің әрқайсысы бір
жағынан, елдің экономикасын жаңа деңгейге көтеріп,ЖІӨ(жалпы ішкі өнім)
көрсеткішін жыл сайын жоғарылатып тұрса, екінші жағынан, еліміздің
экологиялық жағдайын тұншықтырып, табиғатымыздың әсем қалпынан айырылуға
душар етіп отыр. Ал бастысы-жергілікті халықтың денсаулығына едәуір зиянын
тигізуде.
Мұнайгаз өндіруде қоршаған ортаға әсер ететін факторлардың ішінде
маңыздысы топырақ пен су айдындарының мұнай өнімдерімен, өндіру
технологиясында қолданатын жоғарғы минералданған қойнауқат сулары және
химиялық реагенттермен ластануы. Бұл ластанулар ресурстық, сол сияқты
экологиялық және социялдық жақтарға үлкен зардап әкеледі.
Қоршаған ортаның компоненттерінің негізгі ластаушысы: мұнай мен
бұрғылау шламдары, қойнауқат сулары, көмірсутектер, бензол, толуол,
меркаптандар, күкірт пен азоттың қос тотығы, көміртегі тотығы, ауыр
металдар, радионуклиндер, құрамында уытты және канцерогенді заттары бар
әртүрлі аэрозольдар мен қатты заттар.
Жоғарыда аталған кәсіпорындардың пайда қуалай отырып, табиғатқа
жасаған қиянаттарын ҚазАқпарат мәліметтерінен көрсеткім келіп отыр:
Маңғыстау облысының прокуратурасы және облыстың мемлекеттік бақылаушы
органдары аймақтағы мұнай-газ өндіруші мекемелердің экология,
табиғат қорғау, мұнай, жер қойнауын пайдалану, өрт қауіпсіздігі,
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы ҚР заңнамаларын сақтау
мәселелеріне тексеру жүргізді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сондай-
ақ, Тексеру барысында мұнай- газ өндіруші мекемелердің көпшілігінде
табиғат қорғау, экология туралы заңнамалар талаптарының бұзылу деректері
анықталды. Негізгі заң бұзушылықтар - мұнайдың төгілуі, газдың тиімсіз
жағылуы. Бұл аймақтың экологиялық жүйесіне өте жағымсыз әсер етеді. Атап
айтқанда, Қаражанбасмұнай АҚ-ның, Тасболат Ойл Корпорэйшн ЖШС-інің,
Бозашы Оперейтинг ЛТД компаниясы филиалының, СП Арман ЖШС-інің және
басқа да кен орындарында кәсіпкерлік қызметі рұқсатсыз жүргізіліп, соның
салдарынан алауларда газдың нормасынан жоғары жағылуы орын алған. Мысалы,
"СП Арман" ЖШС-інде құзыретті органның жер қойнауын пайдалану және оны
зерттеу туралы рұқсатын алмай, 369 000 текше метр мөлшерінде ілеспе газды
жағуға жол берген, ал үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында газдың нормадан тыс
жағылуы 125 000 текше метр мөлшерінде болған.
Осындай заң бұзушылықтар "Қаражанбасмұнай" АҚ-ы қызметінде де
орын алып, биылғы жылдың 1 тоқсанында факелдерде 10 млн 460 мың 732 текше
метр газ жағылған, сонымен бұл жер қойнауын пайдаланушы нормасынан тыс газ
жағу жүзеге асырылған. "Бозашы Оперейтинг ЛТД" компаниясы филиалын тексеру
барысында да нормасынан тыс 4, 039 млн текше метр газ жағу дерегі
анықталды.Жоғарыда көрсетілген заңдылықты бұзушылық - Касполмұнай, Емір
Ойл ЖШС, Маңғыстаумұнайгаз АҚ, Толқыннефтегаз ЖШС және басқа мекемелер
тарапынан да байқалған. "Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалын тексеру кезінде
мұнай төгілу, мұнай қалдықтарының шашылуы және жердің қатты қабығының
орасан зор ластанып, майлануы көптеп анықталды. Аталған тексерумен
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы" ҚР Заңы
талаптарының бұзылу деректері де айқындалды.
Осы аталғандардан қандай қорытынды шығаруға болады?Әрине, бұл
мекемелер тек белгілі бір мөлшерде айыппұл төлеумен ғана шектеледі, ал
олардың болашақта мұндай жауапсыздыққа, айуандыққа бармайтындарына кім
кепіл бере алады? Себебі, бұл компаниялардың көбісі дерлік шет
мемлекеттердің трансұлттық компаниялары. Өзге елдің табиғатына, халқына
тигізерлік залалын біле тұра пайдасын ойлау жолында бұған көз жұму, әрине,
түсінікті жайт. Сондықтан да, бұл сұрақтар бүгінгі таңда жауабын таппай
жүргендер қатарында.

сипатында
Каспий теңізі – ішкі континентте орналасқан әлемдегі ең үлкен су
қоймасы. Соңғы он жылдықтағы антропогенді және биохимиялық факторлардың
әсерінен экожүйенің жалпы жағдайы, әсіресе теңіздің солтүстік шығыс
бӛлігіндегі жағдай нашарлап кетті.Жалпы, Каспий теңізі экожүйесінің жағдайы
дағдарыс алды деп бағаланады, және де солтүстік-шығыс бӛлікте мұнай алуға
кіші су қоймаларын жоспарлары бойынша жасаса, оның табиғи ортасын ірі
масштабта нашарлатуы мүмкін. Каспийдің жоғары деңгейде ластануының кӛптеген
себептері баршылық. Мұнай, фенол сияқты ластаушылардың кей мӛлшерінің теңіз
суына түсуі табиғи процесстердің нәтижесінде болады.Теңіздің басты
ластаушысы мұнай болып табылады. Қоршаған орта мен оның тұрғындарына мұнай
және оның өнімдері қандай зиян келтіреді? Судың көп бөлігінің бетін жұқа
пленка түрінде жайылу арқылы мұнай кӛптеген тірі микроорганизмдерге зиян
әсер етіп, биологиялық тізбектің барлық өкілдерін жоя алу мүмкіндігі бар.
Мұнаймен ластану Каспийдің көк-жасыл мен диатомды балдырлар ретінде белгілі
фитобентос пен фитопланктондарының дамуын тежейді. Теңізге түскен мұнай
өнімдері балықтардың уылдырығы, дернәсілі мен шабақтарының сапасына кері
әсер етіп, қоректің базаны жояды. Тек мұнайдың 1 тоннасы теңіздің 12 км2
беттік көлемін ала алады. Теңіздер мен мұхиттар бетіндегі мұнай пленкалары
энергия, жылу, ылғалдылық және суқоймалар мен атмосферадағы газдар алмасуын
бұза алады; физико-химиялық процесстерді өзгертеді: су беткейінің
температурасы жоғарылайды, газ алмасу нашарлаған соң, балық кетуі не өлуі
мүмкін, сондай-ақ су түбіне тұнған мұнайда барлық тірі организмдерге зиянды
әсер етеді: мұнайдың жинақталуы жоғары ұйымдастырылған жануарлар мен
қарапайымдылардың қоректену тізбегінде болады. Теңіздің биологиялық тепе-
теңдігіне мұнаймен ластану жойқын түрде әсер етеді: дақтар күн сәулелерін
өткізбейді, судағы оттегінің жаңаруын баяулатады және биологиялық өнімділік
төмендейді. Кейде мұнайдың улы компоненті балықтардың, теңіз құстарының
өліміне себепкер болады. Теңіз жануарларының етіндегі дәмнің сапасына кері
әсер етеді. Мұнаймен уланудың қауіптілігі оның концентрациясының
жоғарылуымен байланысты. Судағы токсинділік 1 мгм асқан конденсацияда
байқалады. Уақыт өте келе судағы мұнай концентрациясы ұшпа компонентерінің
булану, еру, тотығу, эмульгирлену, биодеградацияның арқасында азаяды.
Тотыққан мұнай суқоймалардың түбіне тұнады.Геоэкологиялық қазба жұмыстар
нәтижесінде Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағы территорияларында мұнай
және газ аймақтары табылды. Басқада мәліметтерге сүйенсек мұнай құрамында
көмірсу рессурстары 15 млрд құрайды. Бұл дүние жүзінде Персия бұғазынан
кейінгі екінші орынды қамтиды. Жеңіл мұнай өнімдері теңіз бетінде, ал ауыр
өнімдері теңіз түбіне жылжып, биоэкологиялық оргнаизмдердің жойылуына себеп
болады. Арнайы мамандардың бақылауы бойынша соңға 20 жыл шамасында
сайғақтардың саны 20 есе,бағалы балықтардың түрлері 18 есе азайды. Каспий
теңізі - экологиялық катастрофаның бастапқы кезеңінде. Бұған дәлел қазіргі
таңдағы итбалықтардың, балықтардың, құстардың және бентостық организмдердің
өлімі. Аймақта тұратын мұнайшылар бір мақсатпен жұмыс атқарады қандай да
баға болмасын – мұнай алу ,үкімет осыны растап отыр.
Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен қалдық
сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий
жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумағы 194 мың га жерді
алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн. тоннадан асады (2001). Теңіз
деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз
суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органика
пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен
бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғасыр
концентрациясы мамыр – шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай
және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында
тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз
түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік
ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға
да зиянын тигізуде. Мысалы, 1900 жылмен салыстырғанда Каспийде балық аулау
3 есеге, яғни 500 – 600 мың тоннадан 180 мың тоннаға дейін азайды.

зардаптары
2.1.Мұнайдың атмосфераға тигізер зардабы
Қоршаған ортаға уытты заттардың түсетін негізгі көздері:
-Техника мен құрал-жабдықтарды қолдану үрдісінде газ тәрізді және
қатты заттардың лақтырулары.
- Мұнайды өндіру және өңдеу үрдісінде қалдықтардың пайда болуы
-Мұнайды өңдеу үрдісінде және тұрғын үй кешендерінің болуынан ақаба
суларының пайда болуы.
- Мұнайдың авариялық төгілуі
Ластаушы заттардың лақтырымы атмосфералық ауаға тікелей әсер етеді
және оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz