Маркетингтегі ақпараттық жүйе


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1 Ұйымның маркетингтік ақпараттық жүйесін негіздеу . . . 6

1. 1 Маркетингтік ақпарат жүйесі . . . 6

1. 2 Маркетингтік ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты . . . 38

1. 3 Маркетингтік ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар . . . 40

1. 4 Концептуалды схема . . . 50

2 Маркетингтегі ақпарат жүйесін жобалау . . . 53

2. 1 Мәселенің қойылымы . . . 53

2. 2 Ақпараттық жүйедегі есептің орны . . . 54

2. 3 Кіріс ақпараты . . . 55

2. 4 Шығыс ақпараты . . . 56

2. 5 Ақпараттық база . . . 57

2. 6 Программалық қамтамасыз ету . . . 60

2. 7 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын сипаттау . . . 61

2. 8 Программалық қамтамасыз ету құрылымы . . . 62

3 Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала . . . 64

  1. Маркетингтегі ақпараттық жүйені тұрғызуға кететін шығынын есептеу . . . 64
  2. Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау . . . 69

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 72


Кіріспе

Қазіргі даму кезеңінің ажырағысыз белгісі жаһандандыру және қоғамды ақпараттандыру болып табылады. Қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттың және ақпараттық технологиялардың мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы ақпараттық технологияларды пайдаланудың масштабы мен сапасына және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді.

Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.

Ақпараттандыру - жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік - экономикалық және ғылыми - техникалық үрдіс. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның мәртебесі өзгереді - ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болуда. Осы орайда мекемені басқару тиімділігі көп жағдайда ақпараттық база сапасымен және оны аналитикалық өңдеудің мұқияттылығымен анықталады.

Нарықтық жағдайда мекеменің өмір сүргіштігінің және тұрақтылығының кепілдігі қызметін оның қаржылық тұрақтылығы атқарады, ол ақша қаражаттарымен еркін манерлеу, оларды тиімді қолдану арқылы үздіксіз өндіріс және өнімді өткізу процесін қамтамассыздандыратын қаржылық ресурстардың жағдайын бейнелейді. Мекеменің қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, объективті, ғылыми негізделген және оптимальді басқарушылық, өндірістік және әсіресе қаржылық шешімдерді қабылдау үшін мекеменің қаржылық жағдайын талдау қажет.

Қазіргі кезде барлық мекемелер нарыққа өтуге, даму перспективаларын жасаумен, шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиімділігін кешенді бағалаумен, жедел басқарушылық шешімдерді жасаумен байланысты байланысты талдау жұмыстарының ауқымының кеңейтілуінде қажеттілік сезінуде. Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды автоматтандыру объективті қажеттілік болуда. Ол шаруашылық қызметті басқару процесіне сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызының артуымен, қазіргі заманғы ЭЕМ-ң техникалық мүмкіндіктерінің қарқынды дамуымен, экономика дамуының қазіргі кезең ерекшеліктерімен шарттасады.

Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.

Ақпараттық жүйе (АЖ) - экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.

АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.

Әлемдік қауымдыққа интеграциялану Қазақстан экономикасын дамыған мемлекеттер үшін жалпы тенденцияларға сәйкес реформалауы тиіс, бұл барлық кезеңдерде ең прогрессивті және қазіргі заман талабына сай ғылым және басқару тәжірибесінің тәсілдерін, соның ішінде маркетингтің жаңа бағыттарын ендіруду білдіреді.

Ұсынылып отырған курстық жұмыстың мақсаты - сатып алушының қажеттілігін барынша зерттеу мен өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету. Осы мақсатқа сәйкес ішкі есеп берудегі ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету, сатып алушы қажеттіліктерін зерттеуде қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру, ағымдағы ақпараттың тиімділігін және оның айқындылығын арттыру, маркетингтік талдауда қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру, ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету және т. б. есептер шешіледі.

Курстық жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 Ұйымның маркетингтік ақпараттық жүйесін негіздеу

1. 1 Маркетингтік ақпарат жүйесі

Маркетингтік ақпарат мекемені басқарудың ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылатын маркетингтегі ақпараттық жүйенің шегінде жиналады, талданады және таратылады.

Маркетингтегі ақпараттық жүйе - бұл маркетингтік шешімдерді дайындау және қабылдау үшін қажетті дәл және нақты ақпаратты уақытында өңдеуге, талдауға және таратуға арналған қызметкерлердің, құралдардың, әдіс және тәсілдердің жиынтығы.

Маркетингтегі ақпараттық жүйе:

1- сурет. Маркетингтегі ақпараттық жүйе сызбасы

Ақиқат ақпаратты игеріп, оларды мекеменің белгілі бір мақсаттарына пайдалану - маркетингтегі басты стратегиялық шарт болып табылады. Маркетингтегі ақпараттық жүйе ішкі және сыртқы көздерден алынған мәліметтерді маркетингтік қызмет басшылары мен мамандарына қажетті ақпаратқа айналдырады. Маркетингтегі ақпараттық жүйе сәйкес шешімдер қабылдайтын маркетингтік қызмет басшылары мен мамандарының арасында ақпаратты таратады. Сонымен қатар мекеменің басқа автоматтандырылған жүйелерімен бірлесе жұмыс істеп, мекеменің басқа қызмет басшыларына қажетті ақпаратты жеткізеді.

Мекемедегі маркетингтің функциясын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат кеңістігін сипаттайды.

Маркетингтегі ақпараттық жүйесін тұрғызу мақсаты екі жағдайдан тұрады: сатып алушының қажеттілігін барынша зерттеу мен өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету.

Нарық жүйесіндегі фирманың немесе мекеменің ақпарат кеңістігі мен көп сатылы иерархиялы құрылымдағы директивті экономикалық жағдайда жұмыс істейтін мекеменің ақпарат кеңістігінің біршама айырмашылығы болады.

Нарық күрделі ықтимал жүйе болғандықтан, әдетте ол шаруашылық қызметтегі нақты тәуекелділікті болжайды. Нарық кезінде фирмалардың қызмет атқаруы - бұл қажетті мүмкіндіктерді жіберіп алудың және қалаған табысқа жетудің кездейсоқ жағдайларымен үнемі алмасып отыруы. Фирманың қалаған табысы ұзаққа созылуы үшін, соншалықты басқа да факторлармен қоса, ол жан-жақты ақпаратты болуы керек.

Бұл жерде ақпаратты бола білу дегенді тек мәлімет жинау деп ұғынуға болмайды, бұл деген болжау мен ықтималдық теориясының, ойындар теориясының және т. б. әдістерге негізделген ақпаратты таңдаудың арнаулы тәсілдерін де білу дегенді білдіреді. Ақпаратты бола білу - бұл тіпті “жағымсыз” ақпаратты болашақ табыс факторына немесе жаңа ойлардың генераторына айналдыра білуден тұратын өнерге жатады.

Филипп Котлердің қағидасы бойынша маркетингтегі ақпараттық жүйе 4 жүйе немесе 4 ішкі блоктан тұрады:

  • ішкі ақпарат жүйесі немесе есеп беру жүйесі;
  • ағымдағы сыртқы маркетингктік ақпаратты жинастыру жүйесі;
  • маркетингтік зерттеу жүйесі;
  • маркетингтік ақпаратты талдау жүйесі;

Ішкі есеп беру жүйесі - бұл фирма қызметінің әртүрлі жақтарын мен жағдайларын сипаттайтын мәліметтер. Мәліметтерге: тапсырыстар, есеп берулер, өнімнің бағалары, келіп түскен ұсыныстар, пікірлер, әртүрлі келісім шарттардың жүруі, материалдардың көлемі, өнімнің өзіндік құны, өтім және қарыздар туралы мәліметтер. Әр фирманың күнделікті өткізу көрсеткіштері, шығындар, материалдық қорлар, қолдағы ақшаның қозғалысы, кредиторлық және дебиторлық қарыздар туралы деректерді көрсететін ішкі есептер болады. Бірақ, тек ақпараттың осытүріне ғана сүйенуге болмайды, себебі бұл ақпарат түрі қажетті көптеген мағлұматтарды қанағаттандырмайды, оның үстіне аса маңызды ұйымдастырушылықтағы кемшіліктермен ерекшеленеді.

Ағымдағы сыртқы маркетингтік ақпаратты жинау жүйесі - маркетингтік жоспарларды жасауға, сонымен қатар оны түзеуге қажетті маркетингтік сыртқы ортаның өзгеруі туралы ағымдағы ақпаратты жинаудың, ақпаратты алудың анықталған процедуралар және көздерін қолдануға негізделген тұрақты іс-әрекет.

Өз кезегінде ішкі ақпарат алынған нәтижелерге фокусталады, ал ағымдағы сыртқы маркетингтік ақпаратты жинау жүйесі сыртқы ортады мүмкін болатын жағдайды зерттейді.

Бұл блокқа сауда кемшіліктері туралы, жабдықтаудағы кемшіліктері туралы, нарықтық және шаруашылық конъюнктураның өзгеруі туралы, бәсекелестік туралы және басқада мәліметтер жатады.

Ағымдағы ақпаратты алу көздері әртүрлі сипатта болуы мүмкін, оны жинау үшін формальді және формальді емес процедураларды қолданады. Осы сияқты ақпараттың қайнар көздеріне мыналар жатады: кітаптар, газеттер, арнаулы басылымдар, клиенттермен, жабдықтаушылармен кездесулер, фирмалардың басшыларымен, қызметкерлермен хабарласу, пікір алысу, жәрмеңкелер, көрмелер, жарнамалық даңғылдар, каталогтар, арнаулы бюролармен жекеменшік ақпарат бөліміне және ақпарат қызметіне шолу, т. б.

Сыртқы ақпарат жүйесін жақсы ұйымдастырғанда, жинақталып және жүйеленген мәліметтерге талдау жасап, ол мәліметтер сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге уақытында және бірдей реакция жасауға мүмкіндік жасайды.

Фирмадағы күнделікті ақпарат сапасын зерттеу мен оны жинау көлемін кеңейту үшін әртүрлі ынталандыру жағдайлары қолданылады. Мысалы: негізгі қызметі басқа қызмет ортасына, өтімге, жарнама және басқаларға байланысты болатын фирманың қызметкерінің сыртқы ақпаратты ынталы түрде жинауы, оның мамандығын жоғарылатады.

Жоғарыда қарастырылған 2 жүйе фирманың стратегиялық ақпаратын істеп шығару үшін жеткіліксіз. Болжауды бақылау үшін нарық кезінде өтетін заңдылықтарды байқап, белгілі бір жағдайларды нақты зерттей түсу керек. Бұл үшін маркетингтегі ақпараттық жүйенің 3 жүйесі - маркетингтік зерттеулер жүйесі қажет.

Маркетингтік зерттеулер жүйесі - маркетингтік зерттеу фирма алдындағы маркетингтік жағдайға байланысты қажетті деректер тобын жүйелі түрде анықтау, оларды жинау, талдау және есеп беру. Маркетингтік зерттеу жүйесі ағымдағы сыртқы маркетингтік ақпаратты жинау жүйесінен өзгешілігі - мекеме нарықта тап болған нақты маркетингтік жағдай бойынша мәліметтерді жинайды және талдайды. Мұндай іс-әрекет нақты мәселелердің пайда болуына қарай мәліметтерді жинаудың және жиналған мәліметтерді өңдеудің арнайы әдістерін қолдану негізінде периодты іске асады. Маркетингтік зерттеу қызметінің аймағы кең болғандықтан, оған мыналар қамтылады: нарық сипаты мен оның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу; нақты тауар өндірушілер арасындағы нарықтық үлесті бөлісуге талдау жасау; бәсекелестердің іс әрекетін, сауда саясатын, жарнамаларды зерттеу; сұранысты болжау және т. б.

Маркетингтік зерттеу 5 кезеңнен тұратын үрдіс:

  • мәселені табу және зерттеу мақсатын тұжырымдау;
  • ақпарат көздерін таңдау;
  • ақпаратты жинау;
  • жиналған ақпаратты талдау;
  • алынған нәтижелерді ұсыну;

Маркетингтік ақпаратты талдау жүйесі - маркетингтік деректерді және мәселелерді талдаудың жетілдірілген әдістер жинағы. Әр бір маркетингтік ақпаратты талдау жүйесінің негізін статистикалық банк және модельдер банкі құрайды.

Статистикалық банк - таңдап алынған деректердің өзара байланысын толық көрсететін және оларды статистикалық өңдеудің уақыт талабына сай жинастырылған әдістер жинағы. Статистикалық банкке регрессиялық, корреляциялық, факторлық, ұялы талдаужәне т. б. кіреді.

Модельдер банкін нарық қызметкерлерінің ең оптимальді маркетингтік шешім қабылдауына мүмкіндік беретін математикалық модельдер жинағы. Модельдер банкісіне баға белгілеу жүйесінің моделі, бағаны есептеу моделі, орналасуды талдау моделі, жарнама кешенінің құралдарын құру моделі, т. б.

Бұл 4 жүйенің барлығындағы ақпарат фирманың даму стратегиясы мен маркетингтік саясатының нұсқауларын таңдаудағы сандық және сапалық белгілерді қалыптастырудың негізі болып табылады.

Маркетингтегі ақпараттық жүйе:

  • мүмкін болатын қиындықтар мен мәселелерді ерте табуға;
  • қолайлы жағдайларды анықтауға арналған;
  • маркетинг қызметінің стратегияларын мен шараларын табу және бағалауға арналған;
  • маркетинг жоспарларының орындалуының және стартегиясының іске асуының деңгейлерін моделдеу және статистикалық анализ негізінде бағалау үшін арналған.

Маркетингтегі ақпараттық жүйені жобалаудың келесі қадамдарын ұсынуға болады.

Алғашқысында мекемеде маркетингтің ұйымдастырылуы, маркетингті басқару жүйесінде тапсырмалардың, құқық және жауапкершіліктің таратылуы зерттеледі. Келесіде менеджерлердің маркетингтік ақпаратта қажеттілігі анықталады. Осы мәліметтердің негізінде ақпараттық көздер идентификацияланады, оны алудың және талдаудың процедуралары мен құралдары анықталады. Келесі қадамдар: алдағы зерттеулер жоспарын жасау, қорытынды есеп берудің форматын және қызығушылақтары бар тұлғаларға алынған нәтижелерді ұсыну жүйесін жобалау. Осымен қатар мәліметтер банкін, қамтамассыздандыру жүйесін және маркетингтегі ақпараттық жүйенің функционирлеуін бағалау жүйесін жасау және қолдау шаралары жасалады.

Маркетингтегі ақпараттық жүйенің біркелкі үлгісінің жоқтығы анық. Мекеменің және оның маркетингтік қызметінің басшылығы ақпараттқа өзіндік ерекше талаптар қояды, ол өзінің жеке мекемесі және де оның сыртқы ортасы туралы жеке көзқарастарын басшылыққа алады; ол ақпаратта қажеттілігінің өзіндік жеке иерархиясына және басқару аппаратының қызметкерлерінің жеке басының және іскерлік қасиеттеріне, олардың арасында қалыптасқан өзара қатынастарға тәуелді болатын басқарудың өзіндік дара стиліне ие. Осымен қатар тиімді жұмыс істейтін маркетингтегі ақпараттық жүйе тек алғашқы жүйенің біртіндеп дамуының нәтижесі болып табылады.

1. 2 Маркетингтегі ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты

Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпараттық жүйені тұрғызудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс ұстап тұратын ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады. Маркетингтегі ақпараттық жүйесін тұрғызу мақсаты екі жағдайдан тұрады: сатып алушының қажеттілігін барынша зерттеу мен өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету. Экономикалық ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның негізгі есебі төмендегідей:

- ішкі есеп берудегі ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету;

- сатып алушы қажеттіліктерін зерттеуде қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру;

  • ағымдағы ақпараттың тиімділігін және оның айқындылығын арттыру;

маркетингтік талдауда қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру;

- ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету;

- талаптар кешені және ақпарат қорларының орындалуын қамтамасыз ету;

- қызметкерлердің жұмыс туралы беретін ақпараттарының жеделдігін арттыру;

- қызметтік процедуралардың жүзеге асуының бақылауын жақсарту.

Маркетингтегі ақпарат жүйесінің тағайындалуының негізгі шарты сатып алушының қажеттілігін барынша зерттеу мен өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету үрдістерін жүзеге асыруды автоматтандыру. Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы қосымша есептер кешенінің қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыту үшін ашық болуы тиіс. Компьютерде жұмыс істеу үшін "достық интерфейсі " және ақпараттық жүйе қолдануда қарапайым болуы керек, ол тәуекелдікті алдын ала болжап, банктің барынша зиян шекпеуін қадағалайды.

АЖ тұрғызудың негізгі мақсаты - нақты объектінің басқару жүйесін қазіргі заманғы есептеу техникасы жабдықтары мен экономика - математикалық әдістермен дамыта түсу. АЖ-ны жобалаудың ерекшелігі экономикалық объектіні басқару фукциясының көптеу бөлігін немесе барлығын құрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. АЖ-ны жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті көп қажет ететін кезең. Тұрғызу кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ны тұрғызу кезінде тізбектеліп орындалатын бөліктің бірі. Тұрғызу кезеңі - бұл жұмысты ұтымды жоспарлау мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.

Басқарма АЖ-сі ақша құралдарын тиімді бақылау үшін, сонымен қатар тұтынушы сұранысына байланысты ақпаратты жинау сақтау, іздеу, өңдеу және ұсыну үшін арналған. Кез-келген АЖ оның қолдану саласына тәуелсіз толық және дұрыс ақпаратты ұсынады.

Жүйенің функционалды, ақпаратық құрылымы әрі қарай даму үшін және қосымша есеп кешенін қосу үшін ашық болу керек.

АЖ құру мақсаты - ақпаратты өндіруді автоматтандыру болып табылады. Бұл басқарма қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді, себебі келісім-шарт, анықтама-қағаз, сертификат және басқа құжаттарды толтыруға, Басқарманың қаржы-несие бойынша ақпаратын өңдеуге уақыт жұмсалмайды.

АЖ ендірілгенде ақпаратты өңдеу үрдісіне қызметкерлер жұмысының тиімділігін жоғарылату талабы қойылады.

Жүйені ендірудің негізгі мақсаты:

  • есеп беруді жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және бөлуді айналым ведомосты түрінде автоматтандыру;
  • АЖ-нің ақпараттық және программалық қамтамассыз етуді жаңарту;
  • нақты уақыттағы Басқарманың қаржы-несие шаруашылығын толық талдау;
  • алынған дұрыс ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолдану;
  • есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;
  • бірегей МБ құру.

Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:

  • жұмыс жеделділігі;
  • ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;
  • қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) - ақпараттың нақты есеп шешімдеріне қатысатын және сипатталатын жиыннан, функционалды басқаруды өндейтін нақты қолдану саласы кешенінен құрылған жүйе.

АЖО қолданушының персоналды электронды есептеуіш машинаны тікелей қолданумен байланысты.

Автоматтандырылған жұмыс орнын анықтаудың екі ыңғайы бар: техникалық және функционалды. Техникалық ақпарат жүйесі құрамында процессор, монитор, клавиатура, тышқан, принтер және сканер кіретін минималды құрал жиынтықты негізінде персоналды компьютер (РС/ПК) физикалық модуль анықталады. Сонымен қатар физикалық модульқұрамына қажет программалық құралдар кіреді, олар барлық құралдар: операциондық жүйе, сервисті программалар және т. б. қатынасы мен жұмысын қамтамасыздандырады.

1. 3 Маркетингтегі ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

Ақпараттық жүйе - жеке бөлім мен элементтерге бөлуді қажет ететін күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке элементтерге бөліп істей алуға болады. Жүйе элементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялау мен құру үрдісі тиімді болады.

Ақпараттық жүйені құраушы элементтер, өзінің алатын орнына қарай функционалдық және жабдықтайтын болып екіге бөлінеді [8] . АЖ-нің функционалды бөлімі - ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды. Функционалды ішкі жүйе - нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.

Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе - нақты белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны - нақты белгі бойынша топталған жиын.

Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.

АЖ құрылымы - ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік - уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты.

Ақпараттық ресурстар дегеніміз - бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру құжаттары жатады.

АЖ ресурстарының келесілеріне талаптар қойылады:

  • ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • ұйымдастырушылық - құқықтық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • программалық қаматамасыз етуге қойылатын талаптар;
  • ақпаратты қорғауға және программа құралдар жабдығына қойылатын талаптар.

Кесте 1. Ақпарат жүйесі құрылымына қойылатын талаптар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосымшалар серверлерін жасау
Ақпараттық жүйелер мамандығы
Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу
Фирманың маркетингтік жүйесінің программалық жабдығын құру
Стратегиялық жоспарлау процесі
Тауарларды нарықта позициялау
Тауарды нарыққа шығару кезеңі
Электрондық сауда – саттық жүргізуді ұйымдастыру технологиясы
Телекоммуникациялық жүйе болашақ біріңғай ақпараттық кеңістік бизнес-субъектісінің прототипі негізінде
Ақпараттық логистика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz