Махамбет поэзияларының көркемдік сипаты

Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3 - 5

I тарау Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі.

1. 1 Махамбет поэзияларының көркемдік сипаты . . . 6 - 12

1. 2 Махамбет өлеңдеріндегі дыбыстық үндестік . . . 13 - 16

1. 3 Махамбет поэзиясындағы табиғат элементтері . . . 17 - 26

II тарау Махамбет поэзияларының әдіс - тәсілдерінің түрлеріне сипаттама

2. 1 Сабақ жоспары. Махамбет Өтемісұлы «Тарланым» . . . 27 - 30

2. 2 Зерттеу жұмыстарын талдау және қорытындылау . . . 31

Қорытынды . . . 32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33

Қосымшалар . . . 34

Кіріспе

Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.

Лирикалық сезінуге бөлене отырып, оқиғаны баяндау лиро-эпикалық жырларға тән нәрсе екендігі кімге де болса мәлім.

Бұлай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің «Соғыс», «Мінкен ер», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Исатай сөзі» деген өлеңдерінде айқын сезіледі.

«Соғыс» деген өлеңінде Махамбет көтерілісінің әрбір кезеңдерін тарихи оқиғаның ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністерді баяндау, суреттеулері тарихи фактілермен тығыз байланысты болып отырады. Бір қарағанда, осы «Соғыспен» өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жыр өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ бұл - өз алдына жеке тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені ауыз әдебиетіндегі белгілі бір түр саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде әлі де зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі қысқа тарихи өлеңдермен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы қайсы деген сұрақ әуелі ауыз әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің өзін жеке мәселе етіп талдауды керек етеді. Сондықтан оны басы ашық қалдырамыз.

Ал біздің бұл жерде айтпағымыз - ақынның тарихи уақиғаларды тамаша шындықпен бұлжытпай көрсете алуы. Осы жағынан алғанда, оның өлеңдерінде тарихи шындықтың салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің тарихи мәні үлкен екендігі аңғарылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Махамбет поэзиясы - аса күрделі дүние. Ақынның өткен заман шындығын, белгілі бір ортаның мәдени, саяси, әлеуметтік сипатын, ұлттық болмысын, ділін, танымын әр алуан көркем образдар арқылы таныта білген экспрессивті поэзиясы біраз зерттелгенімен, ақын тілінің өзіндік табиғаты, терең ұлттық-мәдени, тарихи мәні толық танылып, мән-мағынасы ашылып болған жоқ. Сондықтан да ұлттық мүддеге негізделген Махамбет шығармаларының поэтикалық өрісін қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарымен ұштастырып (лингвостилистика, лингвопоэтика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика тұрғысынан), арнайы қарастыру - өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Екіншіден, белгілі бір уақытқа сай келетін тарихи шындықты, халық өміріне, ұлттық санасына елеулі әсер еткен оқиғаларды, қазақтың ұлттық болмысын, дүниетанымын, өршіл рухын, дүниенің ағы мен қарасын (өмір - өлім, қуаныш - қайғы, сенімділік - опасыздық, әділдік - әділетсіздік, дос - жау т. б. ) танытуымен, адам жанын жандандырып, «ұлттық идея», «намыс», «ерлік», «ақиқат», «өршіл рух», «елім, жерім» деген ұғымдарды айшықтай түсуімен ерекшеленетін және солардың бәрін көркем бейне, астарлы ой, үстеме мағына негізінде таныта білген Махамбет ақынның шығармашылық тілін зерттеу - көркемдік шеберлігімен, ұлттық дүниетаным тереңдігімен, бейнелі де экспрессивті тілімен айырықша келетін көркем мәтін тілін зерттеу деген сөз.

Үшіншіден, тақырыптың зәрулігі Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің тілі, оның ішінде коннотаттық компонент мағынасына тең келетін сөздердің қолданылуы арнайы қарастырылып, көлемді түрде зерттеу объектісі болмағанынан туындайды.

Зерттеу нысаны. Көркем сөз шебері Махамбет ақынның ұлттық-танымдық, тарихи, прагматикалық сипатымен ерекшеленетін поэтикалық тілі.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Коннотация құбылысының ерекшеліктерін айшықтап, лингвистикалық табиғатын нақтылап дәйектейтін Махамбет лексикасының үстеме мағынасын ашуға байланысты ақын шығармашылығындағы коннотаттық семантиканың орын алу деңгейін, мақсатын, жүзеге асу жолдарын анықтау - жұмыстың негізгі мақсаты. Белгіленген мақсаттың орындалуы төмендегідей міндеттердің шешілуін қажет етеді:

  • коннотация құбылысына арналған теориялық еңбектерге шолу жасау;
  • коннотация микрокомпоненттерін нақтылау;
  • ақын тіліндегі екінші дәрежелі коннотаттық сема (К2) мазмұнын қамтитын тілдік бірліктерді мысалға ала отырып, семантикалық деривация мен коннотация категорияларының байланысын көрсету;
  • Махамбет шығармашылығы негізінде коннотаттық компонент және астарлы мәтін арақатынасын анықтау;
  • коннотаттық мағына мазмұнына тең келетін сөзқолданыстардың коммуникативтік-прагматикалық мәнін түсінудегі пресуппозицияның рөлін көрсету;
  • ақын тіліндегі мәдени коннотация мазмұнын қамтитын тілдік бірліктерді тақырыптық топтар тұрғысынан саралап, көркем мәтіннің лексикасын ұлттық-танымдық тұрғыдан қарастыру;
  • нақты тілдік деректер негізінде Махамбет поэзиясындағы көріктеуіш құралдардың қызметін прагматикалық үстеме мағына және мәдени ақпарат таныту тұрғысынан сипаттау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Махамбет поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де солармен салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің негізгі ерекшелігі - оның бір сырлы, сегіз қырлылығында ақпараттық технология арқылы еркін жазу стратегиясын қолдану аясын зерттеу.

Зерттеу көздері: «Атырау ақын-жазушыларының кітапханасы» сериясының екінші кітабында жарық көрген Махамбет Өтемісұлының өлеңдер жинағы (Алматы: Арыс, 2001. - 160бет), Махамбет ақынның тарихи лексикасымен сабақтас халық ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясының тілдік қолданыстары, ғалымдар зерттеулерінің деректері (Қ. Өмірәлиев, Р. Сыздықова, Қ. Мұқаметқанов, Ә. Нұрмағамбетов, Ғ. Әнес, Харузин А., Досмұхамедұлы Х., Ы. Шөрекұлы, Аманшин Б., Кенжалиев И., Құлкенов М., Отарбаев Р., Ә. Сараев т. б. ), қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, этимологиялық, аймақтық сөздіктері.

Зерттеу әдістері : Жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне орай түсіндіру, сипаттама, салыстыру, топтау, талдау (компоненттік, семантика-стилистикалық, контекстік, этнолингвистикалық, салыстырмалы-тарихи, дефиниционалдық), қорыту т. б. әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы : Тіл біліміндегі лексикалық мағынаның коннотаттық компонентін, поэтикалық тіл ерекшеліктерін тануға байланысты В. И. Говердовский, В. И. Шаховский, М. М. Копыленко, Р. Сыздықова, Қ. Өмірәлиев, Е. Жанпейісов, Б. Шалабай, М. Оразов, Ғ. Әнес т. б. ғалымдардың зерттеулері мен монографиялары басшылыққа алынды.

Зерттеу базасы: Жаңақала ауданы, №2 Жаңақала жалпы орта білім беретен мектебі.

I тарау. Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі.

1. 1 Махамбет поэзияларының көркемдік сипаты

Махамбетті әдебиетіміздегі «Ерекшк құбылыс. », «Феномен», «Дауылды жырлардың дауылпазы», «Классик ақын көтеріліс жаршысы» деп бағалап жатырмыз. Бұндай бағаға лайық деп те ойлаймыз. Себебі Махамбет жырларының тууы да сол заман мен қоғамдағы қайшылықтан туындағаны «Ерулі атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай», «Толарсақтан саз кешіп» жүргенде туған, сонымен қатар өзіндік өрнегі бар, бітімі бөлек шығармашылығымен ерекшкленіп тұратын ақын сонысымен ерекше.

«Ұлттық өзіне тән, іштей дамытып рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күшті-тіл»-деген қағида Гумбольдттың философиялық-ленгвистикалық бағдарламасының негізін құрайды.

Осыған орай Махамбет өлеңдеріндегі дыбыстық үндестікті хал-қадірімізше сөз етпекпіз. Махамбет жолы - курес жолы, жыры- аңызға айналған бір ғұмыр.

Шоқан Уәлихановтың эпос, ертегі-аңыздардың тарихи мәні бар деген бұл пікірін негізді десек, тарихи мәліметпен мидай араласып жатқан тарихи оқиғалардың нақтылы сәулесі болған Махамбет поэзиясының тарихи мәні зор, ол тарихи документ екендігіне шек келтіруге болмайтыны ашық, талассыз.

Махамбеттің біркелкі өлеңдері лиро-эпикалық түрге жатады. Бірақ бұл сөзден олардың ішінде лирика жоқ деген ұғым тумауы керек. Лиро-эпикалық деген сөздің өзінде сол түсінік бар. Өзі мен Исатайдың алға қойған тілек, мақсаттарын өздерінің хан-сұлтандарға қарым-қатынастарын жай баяндау түрінде айта келіп, кей жерлерінде не лирикалық шегініс ретінде, не ішкі күйінішін сыртқа шығару мақсатымен айтылған лирикалық шумақтарда да аз кездеспейді. Екінші сөзбен айтқанда, Махамбеттің бірқатар өлеңдерінде эпостық сарын жалынды лирикамен аралас келеді.

Кешегі Исатайдың барында,

Алақандай Нарынды

Басушы едік құлаштай!

Жәбір беріп жапа етсең,

Былғанған басым ласқа-ай!

Мен бір шарға ұстаған қара балта едім,

Шабуын таппай кетілдім.

Қайраса, тағы жетілдім . . .

Көрмес, келмес деп едім,

Өз еркіммен бетіңді-ай!

Жалпы алғанда Махамбетке тән нәрсе - лирика. Махамбет өлеңдерінің негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады. Сонымен қатар Махамбет лирикасы өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым айырмасы да, өзіне тән ерекшелігі де бар.

Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи оқиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты. Сондықтан оның лирикасын әлеуметтік сарындағы, саяси-үгіттік лирика деп атауға тура келеді.

Қоғамның тапқа бөлінуінің негізінде таптық күрес туады да, сол таптық күрес саяси, таптық жырларды туғызады. Бірақ бұл жаңа мотивтегі поэзия көркем лирикаларға өзінен бұрынғы поэзияның әсері

болуы да мүмкін. Әйтсе де олардың өзіне тән ерекшеліктерін де байқау қиын емес.

Қоғамның тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап күресі қазақтың фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек, Махамбеттің саяси лирикалары ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор традициясымен байланысты. Жалпы, саяси лириканың өзіне қас ерекшелігі - үгіт-насихат істерді көпшілікке үндеу, белгілі бір топтың не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркемсөз арқылы көпшіліктің сана-сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету болса, Махамбет поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады.

Біз жоғарыда да Махамбеттің өміріне байланысты Ішкі Бөкей ордасының шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол қайшылықтармен байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс өзінің қолбасы батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді тарихи жүкті мойнына артқан адамның бірі - Махамбет. Сондықтан да Махамбет поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де солармен салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің негізгі ерекшелігі - оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері тек жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой, нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітші, әрі ардақты ақын етті. Бұл мазмұн Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Түр - мазмұнның түрі болуы қажет деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: «Ереулі атқа ер салмай», «Мұңайма», «Айныман» деген өлеңдері - мазмұнына түрі сай, жалынды үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты, өткір сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұрау сөйлемдер болып келеді, не жарлай арнау, не сұрай арнау немесе риторикалық сұрау болып отырады. Мысалы үшін, «Мұңайма» деген өлеңін алайық:

Ханның ісі қатайды,

Азамат ерден мал тайды,

Қанды көбе киініп,

Бір Аллаға сиынып,

Ұрандап жауға тигенде,

Кім жеңері талай-ды,

Жолдастарым, мұңайма!. . -

дейді ақын.

Мұндағы «азамат, жолдастарым» деп, достарына қайырыла сөйлеу, сөйлемін риторикалық сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл, күреске үндеу тілегіне сай.

Махамбет өлеңдерінде бұл тәрізді үгіт өлеңдермен қатар, лириканың басқа түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері жоқтау өлеңдердің үлгісінде құрылады.

Қазақ фольклорінде дүние салған адамның тіршіліктегі іс-әрекеттерін әр жағынан алып, толық баяндап жырлайтын жоқтаулар, естіртулер көп. Махамбет өлеңдерінің кейбіреулері фольклорда кездесетін жоқтау өлеңдердің қысқа түріне жақындайды. («Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай») . Исатайдың өліміне арнаған «Тарланым» деген өлеңін алсақ, жалпы жоқтаулардың әдісімен батырдың өміріндегі әр алуан іс, амал, қасиет, мінездерін санап көрсетеді. Бірақ мұнда да Махамбеттің өзіне тән кейбір ерекшеліктері бар. Махамбет өлеңдерінде Исатайдың өмірін жалпы алмайды, оның өмірінің әлеуметтік-таптық жақтарын алып, батырдың езілуші халық, қара шаруа, еңбекшілердің мүддесін қорғап, феодал, ақсүйектерге қарсы шыққан, шын мәніндегі халық қамқоры болған жақтарын айрықша көрсетеді. Шернияз сықылды басқа жағына ақын тоқталмайды.

Махамбеттің жоқтау тобына жақын келеді деген өлеңдері оның басқа өлеңдеріне қарағанда фольклормен тығызырақ байланысты деуге болады. Өйткені эпитет, метафора теңеулерін алсақ, көбіне фольклордан алынған поэтик тілдер.

Ал Махамбеттің кейбір өлеңдері өзінше философиялық бағытқа негізделген өлеңдер болып келеді.

Қоғалы көлдер, құм сулар

Кімдерге қоныс болмаған?

Саздауға біткен құба тал

Кімдерге сайғақ болмаған?

Басына жібек байлаған

Арулар кімнен қалмаған?

Таңдап мінген тұлпарлар

Иесін қайда жауға салмаған?

Құландар ішпес бұршақ қақ,

Кімдерге шәрбат болмаған?

Садағына сары шіркей ұялап,

Жау іздеген ерлердің

Қайда басы қалмаған?

Ішелік те желік,

Мінелік те түселік,

Ойналық та күлелік,

Абайласаң, жігіттер,

Мынау жалған сұм дүние,

Кімдерден кейін қалмаған? -

деп, риторикалық сұрай арнау түрінде айта келіп, өмірге өзінше қорытынды жасайды. «Толғау» деген өлеңінде де осы тәрізді өмірді шолып келіп, өзінің одан түйгендерін баяндауға негізделеді. Бірінші шумағында ақын термелеп, тыңдаушыларының назарын ақыл кеңесіне аударады да, одан кейінгі шумақта ақындық шабыттың шарықтауы, ойдың серпінінен туған терең пікірлер айтылады, үшінші шумақта хан-төренің тағдыры халықпен байланысты, былайша айтқанда, оларды жоқ ету халықтың қолында, дәл халықтың зор күш екенін еске салады. Ең соңғы жолдарда ақын былай деп өзінше қорытынды жасайды:

Батыр болмақ ойдан-ды:

Айқайласып жауға ти,

Тәңірім білер, жігіттер,

Ажалымыз қайдан-ды?

Махамбеттің бақыт пен тағдырдың айнымалы екендігін философиялық түрмен қорытқанын мына өлеңінен де көруге болады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасы
Қазақ поэзиясының ұлттық сипаты
Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесіндегі символдың атқаратын қызметін саралауда жекелеген ақындар шығармаларындағы символдың өзіндік ерекшеліктерін зерделеу
Қадыр Мырза Әлидің поэзиясының поэтика туындылары
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Махамбет поэзиясында сөздердің стильдік - мағыналық қолданысы
Тарихи тұлға және көркем бейне - М.Өтемісұлы
Пәндер

Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz