Республикалық бюджеттің атқарылуын бақьшау жөніндегі есеп комитеті
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Мемлекеттік қаржылық бақылау 5
1.1 Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны 5
1.2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы және түрлері 9
1.3 Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі 16
2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау және оның даму
тенденциялары 20
2.1 Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру 20
2.2 Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық
бақылауға талдау жасау 27
2.3 2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және
ШҚО-дағы қаржы бақылау органының есебі 29
3 Мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шаралары 32
3.1 Мемлекеттік қаржылық бақылауда туындайтын мәселелер 32
3.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылауды одан әрі
жетілдіру 33
Қорытынды 37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 40
Қосымша 41
h3
h4Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке
шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа
кезендерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі,
республиканың өзіндік тәжірибиесі көрсетіп отыр.
Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелі, кешеңці бақьшауды, соның ішінде
қаржылық бақылауды да үйымдастыру міндеті туып отыр. Бүл шаруашылық
жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы-шаруашылық қызметінің барлық
жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді бідціреді. Қойылып
отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы
тиіс:h4
- мемлекеттік бақылауды нығайту;
- тәуелсіз аудиторлық бақылауды дамыту;
- түрлі бақылаушы органдар мамандарының еңбегін компьютерлендіру;
- бақьшаудың барлық органдарының қызметін үйлестіру және басқалары.
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын
жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған
айрықшылық қызмет. Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық
элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспралау, қаржыны оперативті
басқару сияқтя басқа эліменттерімен тығыз байланысты және бір мезгілде
жүзеге асырылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-
шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық
баұылаудың нәтижелілігі қаржылық жоспарлауда, опретивті басқаруда
пайдаланылады.
Қаржылық бақылау органдарының басты міндеті – бюджеттік қаржы мен
мемлекет мүлкінің мақсатты да тиімді жұмсалуын мұқият қадағалап отыру.
Қаржы саласындағы нақ осы бақылау қызметінің нарықтық қатынастар жағдайында
мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді басқару үдерісін қамтамасыз етуге тиіс
неғұрлым пәрменді тетіктердің бірі болып табылады. Қаржы саласындағы тәртіп
дұрыс жолға қойлса ғана, Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделері
қорғалып, адамдардың әл-ауқаттарының артуына жағдай туғыза алатын болады.
h4Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы мемлекеттік қаржылық
бақылаудың түрлері, типтері мен нысандарын теориялық жағынан ұғыну. Осы
мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:
- қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұнын қарастыру;
- қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен түрлерін зерделеу;
- мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжіриебесімен танысу;
- мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастырылуын қарастыру;
- соңғы жылдардағы ҚР-дағы мемлекеттік қаржылық бақылауға талдау жасау;
- 2005-2006 жылдардағы бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік бақылау және
ШҚО-дағы қаржы бақылау органыны есебімен танысу;
- мемлекеттік қаржылық бақылау қызметтерін жетілдіру шараларын
қарастыру, зерттеу.
Курстық жұмысты жазғанда авторлар Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С.,
Мельников В.Д., Бердалиев К.Б., Ихданов Ж.О. және басқалар.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.h4
h41 Мемлекеттік қаржылық бақылау
1.1 Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны

айрықшылық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элеметтерінің бірі. Ол
басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа
әлементтермен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.h4
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға
бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл
функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара
салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп
отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру,
айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан
ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық
қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың
кезінде : бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті
мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттелмегенде
шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану
үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық
өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы
экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір
бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элеметтерінің бірі ретіндегі қаржылық
бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау
функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды
бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға
тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану
болып табылады.

бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда
пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі - оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығында.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының
сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құның бөлу және қайта
бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның және оның
атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің,
мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи
тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және
оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды
да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен:
әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура
келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз
байланысты болғандықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу
қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының
көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға
сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға
қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
3) есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары:
- бақылаудың реттілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
- бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын ала сипаты;
- әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс
ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты
зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
- бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
- бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
h4Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің,
оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің
және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен
әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың
деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макродеңгейінде
жүргізіледі.[5, 114 б.]h4
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бүл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны
ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып
табылады:
- ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларың қалыптастырып,
тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
- қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен
әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін
бақылау;
- қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың
қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оңтайлы түрде және саралай отырып
қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне
деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен
аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың
атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Әр түрлі
қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің
бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және
осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру
жөнінде ұсыныстар жасалады.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары
бүл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микро деңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейдегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
- кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын
қамтамасыз ету;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін
орындауының дер кездегі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
- қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін тобы;
- ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті
дұрыс жүргізуге, есптеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл
деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда,
өзіндік қүн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның предметі болып
табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның
жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да
тартылады.
h41.2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы және түрлері
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға,
бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүршізудің тәсілдеріне
(әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт
бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша
жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге
асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе
ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып
ажыратылады. 1-Кестеh4
Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік қаржылық
бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау,
мемлекеттің гранттарын, мелекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік
мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден
түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіңдегі қызметінің
Қазақстан Республика-сының заңдарына сәйкестігін тексеру.
Мемлекеттік қаржылық бақылау объекгілері — Қазақстан Рес-публикасының
Үкіметі, жергшікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін тусімдерді алуға
және бақылауға жауапты мемлекетгік орган-дар, республикалық және жергілікті
бюджеттерден қаржьшанды-рьшатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық
бағыныш-тағы үйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің
гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пай-даланатын
жеке және заңи түлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары — Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақьшау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі
орталық уәкілетті орган.
Мемлекеттік қаржьшық бақьшау мынадай типтерге бөлінеді:
1) сөйкестікке бақьшау жасау — мемлекеттік қаржьшық бақы-лау объектісі
қызметінің Қазақстан Республикасы зандарының та-лаптарына сәйкестігін
бағалау;
2) қаржылық есептемені бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау
объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын,
негізділігін және уақыттылығын ба-ғалау;
3) тиімділікті бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің
республикалық немесе жергілікті бюджет қаражатта-рын, мемлекет активтерін,
мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелсрдің тауарларды
(жүмыстарды, көрсетілген қызметтсрді) откізуінен түскен ақшаны
үнсмділікпен, нәгижелікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру мен
бағалау.
Мемлекеттік қаржьлық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асы-рылады:
1) кешенді бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты
кезевдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты
кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бой-ынша жаппай әдіспен тексеру жонс
бағалау;
3) үстеме бақылау — мсмлсксттік қаржылық бақылау объектісінс қатысты
ақпарат алу қажсттігіне байланысты үшінші түлғаларды бақылау, ол
опсрациялардың бірдейлігіне қарай бір-бірмен өзара байланысты қүжаттарды
салыстырып қарауды білдіреді. Үстеме бақылау тск қана мемлекеттік қаржылық
бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша жөне
тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі.[3,54]
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қүпиялылық режімін қамтамасыз
ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, обьективтілік, анықтық, ашықтық,
қүзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік қаржьшық бақьшауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік
қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржьшық бақьшау
органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары,
олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.
Бақьшау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:
1) қорытынды — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақьшау актілері
негізінде жасайтын қүжаты;
2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің қаулысы — Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп
комитетінің отырысында алқалы негізде қабылданатын және оның бақылау
нәтижелері бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын қүжат.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулы-
сын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, үйымдар мен лауазымды адамдар
орындауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қағидасымен және оның
регламентімен айқындалады;
3) мәслихатгың тексеру комиссиясының қаулысы — белгіленген тәртіппен
қабьшданған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржы-ландырьшатын барлық
атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын
немесе жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық сатысында қаржылық
қызмет көрсететін үйымдар орындауға міндстті қүжат;
4) үсыным — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің мемлекеттік органдарға, үйымдар мен лауазымды адамдарға
жүмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сон-дай-ақ қүқық қорғау органдарына
Қазақстан Республикасының зандарында көзделген жауаптылыққа тарту
мәселелері бойынша жіберетін қүжаты;
5) нүсқама - ішкі бақылау жөніндегі орталық уөкілетті органның басшысы
өз қүзыры шегінде қабыддаған және бүзушылықтар мен жүмыстағы кемшіліктерді
жою туралы мемлекеттік оргаыдар мен басқа да үйымдардың лауазымды
адамдарына міндетті түрде орындау үшін жіберілген белгіленген нысандағы
қүжат;
6) бақылау актісі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары,
мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары бақылау
нәтижелері бойынша жасалған қүжат;
7) бақылау жүргізу туралы есеп - белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі
бақылау бойынша жүргізілген жүмыс нәтижелері туралы қүжат.
Сыртқы бақылауды республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақьшау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде
мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақьшау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік қаржьшық бақьшаудың жоғарғы органы болып табылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Мемлекеттік қаржьшық бақылау жалпымемлекеттік және ве-домстволық
бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныш-тьшығы мен
меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданьшады.
Бақьшаудың бүл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.
Мемлекеттік қаржылар жүйесівде бақылау салықтық, бюджетгік бақылау,
сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.б. болып
ажыратылады.[5, 117 б.]
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және
басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық
бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және тандамалық қызметтің мынандай
түрлерін кіріктіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының - мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық
ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бүл ақпаратты
талдау және бюд-жетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде үсыныстар
жасау; шығындардың бслгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы
мемлекетгік бюджет қаражаттарының тиімді, үтымды жүмсалуын қамтамасыз ету;
өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен үрлықтарды
жою және одан сақ-тандыру. Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын
мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және үйымдарда, сондай-ақ
мемлекеттік емес сектордың жүмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар
жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың
қозғалысы барысында, күрделі қүрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық
тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, қолма қол ақшасыз есеп айырысқанда және
басқа жағдайларда жүргізіледі. Банктік қадағалаумен, бақылаумен кредит есеп
қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылған.
Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау сақтық қорлар қаражаттарының
дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жүмсалуын, сақтық операцияларының
дүрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтық
қатынастарға қатынасушылардың барлығының орындауын жүзеге асырады.
Кеден оргавдары тауарлар мен көлік қүралдарын, оларды есепке алуды
кедендік ресімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексерме-де де қүжаттар
мен мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізеді; олардың
тауарлар мен көлік қүралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын
субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге
немесе жүргізуге қүқы бар.
Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жобасын
және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде
жүзеге асырады. Өкілетті органдардың жоспар - бюджет және салалық түрақты
комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орындайды, олар алдын ала,
сессияға дейін бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды.
Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың
бақылаушылық, соның ішінде қаржы-кредиттік қызметті ғана бағалап қоймайды,
сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақьшап
отырады, мемлекетгің қаржьшық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің
өкілеттіісгеріне қарай бақьшау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы
орган-дар орындайды.
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның
өкідціктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы-шаруашьшық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі
міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал
және қаржы ресурстарын үнемді пайдаланьшуын, меншіктің сақталымдығын,
бухгалтерлік есептің дүрыс қойылулығын, бақьшау - тексеріс жүмысының мән-
жайын бақьшау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін
бүлтартпау.
Ведомстволық бақьшау шеңберінде ішкі шаруашылықтық бақылау яғни нақтьшы
шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, компанияларда, үйымдар мен
мекемелерде) жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі. Бақылау функциялары бүл
жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің қажетті шарты ретіндегі оның күн
сайынғы процесімен байланысты. Бақьшаудың бүл түрі өндірістің бастапқы
буындарының өндірістік капитадцы, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға
жауаптылығын арттыруға жөрдемдеседі, ысыраптарды, қаржы тәртібінің әр түрлі
бүзылуларын азайтуға бағытталған.
Ішкі шаруашылықтық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда,
субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшьшық баға беру, оның
барлық қүрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жүмысына баға беру
болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкі
шаруашылықтық бақылау қаржы стратегиясын талдап жасау, экономикалық
диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушьшық кеңестер міндеттерін
және басқаларын шешеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылықтық бақылау, оның бүрынғы
үғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік
косіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалары жәнс меншіктің басқа
нысандарының кәсіпорындарында коммерциялық ынталандырмалар басуы тиіс.
Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бүзулардан сақтануға көбірек
кепіддік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке
ынталылығы өзін - өзі бақылаудың қажеттігін керек қьшмайды.[3, 55]
Қоғамдық қаржылық бақылау - бүл түрлі қоғамдық үйымдардың бақылауы.
Бақылаудың объектісі тексерушілер алдьша қойылған нақтылы міндеттерге
байланысты болады.
Аудиторлық бақылау - ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны
біліктілік комиссиясы аттестаттаған "аудитор біліктілігінің бсрілуі" туралы
куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ үлгідегі акционерлік қоғамды,
өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық
қызметті жүзе-ге асыру үшін кез келген үйымдық - қүқықтық нысанда қүрылған
коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.
Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық
қызметті тиісті аудиторлық үйымдарды - Қазақстан Республикасының
резидегатерін қүрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын ала
бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мүңдай
нысандары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән.
Қаржылық алдын ала бақылау ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану
жөнінідегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан оның
қаржылық тәртіпті бүзуды алдын ала ескертуде зор маңызы бар. Бүл жағдайда
бекітуге және орындауға жататын қаржы қызметін жүзеге асырудың негізі болып
табылатын қүжаттар - бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметалардың
жобалары, кредит және касса өтінімдері және т.б. тексеріледі.
Ағымдағы қаржылық бақылау жоспарларының атқарылу процесінде, шаруашьшық
- қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар-материал қүндылықтары
мен ақшаны жүмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын қадағалайды,
қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуына, бүрын берілген ресурстардың
пайдаланылуына сай келуін тексереді. Сөйтіп, бүл бақьшау шаруашьшық-қаржы
операцияларының жасалу процесінде жүзеге асырьшады.
h41.3 Мемлекеттік қаржылық бақылаудың шетел тәжірибесі
Жоғары қаржы бақылау органдарының халықаралық ұйымына (ЖҚБОХұ) мүше
елдердің тәжірибесін зерделеу мемлекеттік қаржы бақылаудың олардың басым
көпшілігінде сыртқы және ішкі болып бөлінетінің көрсетіп отыр. Халықаралық
тәжірибеде бюджеттік үдерісті сыртқы қаржылық бақылау құзыретіне кіретін
мемлекеттік органды белгілеу үшін қаржылық бақылаудың жоғарғы органы (ҚБЖО)
деген бір ізге түсірілген атау пайдаланылады. ҚЖБО-ның қызметі кейбір
елдерде арнайы заңнамамен, тіпті конститутциялық заңдармен реттеледі.
Көптеген дамыған елдерде мемлекеттік қаражаттарды жұмсау аудитімен қатар,
кірістерді есептеу, жинау және жұмсаудың барлық аспектілерінің аудиті де
жүзеге асырылады. Бұл орайда олардың бюджетке қосылған қосылмағанына
қарамастан, мемлекеттің барлық кірістері мен шығыстары аудиттік тексеруге
жатады.h4
Қаржылық бақылау – мемлекеттің қаржы саясатының, қаржыны жоспарлауды,
қаржыны экономикалық және әлеуметтік саясатты іске асыруға жұмсауды, қаржы
заңдылықтарын жасауға кететін шығындарды қамтиды. Бұған сонымен бірге
бюджеттің орындалуы, салық жинау, заем шығару, мемлекеттік қарызды басқару
жатады.
Қаржы саясатында көптеген сұрақтар парламентте шешіліп, мемлекеттік
бюджет және оның орындалуы бекітіліп, жаңа салық түрлері мен салалық
мөлшерлемелеріне өзгерістер енгізіліп жүргізіліп отырылады. Кей елдерде,
мысалы, АҚШ-та бұны конгресс шешіп келесі жыл бюджетінің мөлшерін бекітеді.
Қаржыны басқару бөлек ұймдарға бекітілген. АҚШ-та ол қаржы министрлігіне
(казначейство) және әкімшілік бюджет басқармасына берілген. Бұл
министрліктің негізгі бағыты қаржы және салық саясатын жасауға, қаржы
заңдылықтарының сақталуына бақылау жасау және үкіметтің қаржы агенті
ретінде монета шығаруға, ақша белгілерінің эмиссиясына бақылау жасау болып
табылады.
Ол жеке табыс салығының төлемдерін, әлеуметтік қамсыздандыру,
корпорациялық салығын, мүлік және жанама салықтарды немесе федералдық
бюджетке түсетін салықтың 80% көлемін қамтып бақылап отырады. Сонымен бірге
ішкі табыс қызметі салықтың түсуіне баға бере отырып, оның жиналуын, салық
төлеушілерді салықтан босату және тиісті нұсқаулар жасап, оны жүргізіп
отырады.[4, 21]
Ішкі табыс қызметі орталықтандырылған принциппен жасалынып үш
деңгейдегі ұйымға бөлінеді: 1) ұлттық; 2) аймақтық; 3) аумақтық.
Табысты жинаумен бұдан басқа кеден қызметі және алкогольді ішімдіктер,
темекі қнімдерімен қару-жарақ бюросы жүргізеді. Ал кеден қызметі бойынша
бүкіл АҚШ аумағы 9 кеден аумағына және 300-ге жуық кеден бекеттері арқылы
қызмет атқарады.
Алкогольдік ішімдіктер, темекі өнімдер бюросы және қару-жарақ бюросы
оларды өндіру мен сатуға бақылау жасайды, табыстың түсуін қадағалайды.
АҚШ-та қаржы министрлігінде ішкі заем мен мемлекеттік қарызды басқару
қызметі маңызды рөл атқарады.
Мысалы: облигацияларды сатуды басқару. Облигацияны сату басқармасы
елдің барлық жерінде қызмет көрсетіп, олар аймақтық бөлімшелерге бағынады.
Мемлекеттік қарызда басқару бөлімі алымның пайызын төлеумен, қарызды
жоюмен жұмыс жасайды.
Министрлік құрамында ақша айналымына бақылау жасау қызметі бар.
Ол барлық халықтық банкіге бақылау жасайды. Бұл елде оның саны 4600-дей
және жаңа банкінің ашылуына рұқсат беріп, шаттағы банкінің деңгейін
көтеріп, оларды біріктіріп бөлімшелер ашылуына бақылау жасайды. Қаржы
министрлігіне сонымен бірге АҚШ-тың шет елдермен қаржы саясатын, сауда
саясатын шет елдердегі инвестицияның АҚШ экономикасының пайдасына сай
жүргізіп отырады.
Ұлыбританияда қаржыны басқарумен әртүрлі ұйымдар шұғылданады. Оның
мемлекеттік бюджетті жасап, орындалуын бақылап отырады. Мемлекеттік қаржы
басқармасында қаржы ведомстволары қатысып кеден алымдарына, акциздерге,
ішкі табысқа бақылау жасайды.
Біріншісі кеден және акциздік жиындарға заңдылықтың орындалуын бақылап,
кейбір тауарлардың шығуы мен кіруіне тиым салып, немесе азайтуға бақылау
жасауға бағытталған.
Ішкі табыс басқармасы салықтың жиналуын реттеп заңның орындалуын
бақылайды. Мемлекеттік қарызды басқарумен ұлыбританияда банк айналысады. Ол
заем шығарумен, заемның сомасын жоюмен, күнделікті қарыздармен, оның
айналымдарымен шұғылданады.
ФРГ-де қаржы басқармасы федералдық қаржы министрлегене жүктелген. Ол,
негізінен қаржы салық, валюта, несие саясаттарын жасап іске асырып,
бюджеттің орындалуына заңдылықтардың сақталуына бақылау жасайды және
бюджетке кассалық қызмет көрсетеді. Қаржы министрлігі жалпы экономикалық
ғылыми болжам жасап, бюджет құрамындағы ресурстарды бөліп отырады.
Қаржыны басқарумен, сонымен қатар басқа да ұйымдар шұғылданып, олар
федералдық қаржы министрлігіне бағынады.
Олардың ішінде федералдық ведомстволар кәсіпорынның салықтарын тесеріп,
шет ел капиталдарынан салық жинауды екі рет салық салуды түзетіп, бюджеттің
жетіспеуін қаржыландыру жұмыстарымен айналысады.
Францияда қаржы басқармасы, экономика, қаржы және бюджет
министрлігіне жүктелген.
Қаржы жұмыстарымен бас басқарма айналысады. Оның ішінде салықтың бас
басқармасы және алымдар мен әр түрлі түсімдердің бас басқармасы бар.
Италияда қаржы басқармасы қазына мекемесіне жүктелген. Ол мемлекеттің
шығындары мен қаржыларға бақылау жасайды.
Бюджет министрлігі мемлекеттік бюджетті жоспарлап, қаржы ресурстарын
реттеп отырады. Жергілікті қаржымен ішкі істер министрлігі айналысады.
h42 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау және оның
даму тенденциялары
2.1 Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны үтымды үйымдастырумен,
бақылаудың субъектілерін, олардың қүқықтары мен міндеттерін айқын етіп
анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын жөне әдістерін дүрыс
үйымдастырумен анықталады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың
мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының
Парламенті, ‡кімет, жергілікті өкілетті органдар депутаттардың жиналыстары,
жергілікті әкімшілік органдар. Бақылаудың бүл түрін Республикалық бюджеттің
атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитеті де жүргізеді.h4
Қүқықтық мемлекет қүрьшысының түжырымдамасын негіздей отырып қаржьшық
бақьшауды жүзеге асырудағы заңнамалық орган-дардың рөлі күшейе түседі.
Сондықтан бақылаудың субъектісі ретіндегі Қазақстан Республикасы
Парламентінің функциясы және бақылаудың тиісті түрі — парламенттік
депутаттық бақылау бөлектеліп көрсетіледі. Бұл бақылаудың объектісі:
• мемлекеттік бюджеттің шығыстарын шамдандыратын кез келген
шараларды бекіткен кездегі;
• бюджеттегі шығыстардың қабылданған зандардың мақсаттарына
сәйкестігін тексеру кезіндегі;
• бюджеттің жасалуына тексеріс ксзіндегі мемлекеттік шығыс-тар
болып табылады.
Қазақстан Рсспубликасы Парламенті мыналарға бақылауды жүзеге асырады:
• бюджет ресурстарының түсу көздеріне, оларды үкіметтің де,
заңнамалық органның да үнемді пайдалануына; ақша қаражаттарының
ысырапқорлығын кесіп тастауға;
• мемлекеттік меншікті пайдаланудың, мемлекеттік кәсіп-орындардың
жүмыс тиімділігіне, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алуға
және жекешелендіруге;
• арнаулы қорлар қаражаттарының пайдаланылуына;
• әр түрлі партияларды қоса, қоғамдық үйымдардың ақшалай
табыстарының көздеріне, жарғылық мақсаттарға сәйкес бүл қара-
жаттарды пайдалануға.
Парламенттің аддын ала бақылауының негізгі мақсаты осы нақты саяси,
экономикалық және әлеуметтік жағдайлардағы қарас-тырылған шығыстардың жалпы
түтастығын анықтау болып табы-лады. Бюджеттің жасалуына тексеріс сметаларға
кіріктірілген цифр-алардың дүрыстығын белгілі бір түрғыдан қарай отырып
жүргізіледі. Сонымен бірге парламент ағымдағы бақылауды және Республикалық
бюджет туралы қабылданған заң бойынша қара-жаттарды иеленушілердің есебін
тексерген кезде әсіресе кейінгі келесі бақьшауды жүзеге асыруы тиіс. Бүл
орайда парламенттік бақьшаудың негізгі нысаны аддын ала бақылау болуы тиіс.
Қазақ-стан Республикасының Парламентінде екі Палатада - Сенат пен Мәжілісте
арнаулы жүмыс органдары - экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттер
бар. Бүл органдар заң - жоба жүмы-старын, палаталардың қүзырына қатысты
мәселелерді алдын ала қарау және әзірлеу процесінде қаржы-бюджет қызметінің
сферасында мемлекетгік бюджет қаражаттарының жүмсалуына бақылау жүргізеді.
Қаржы-бюджет мәселелері бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz