Валюталық операциялардың сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

І Валюталық операциялар туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Валюталық операциялардың
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Валюталық операциялардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ Мерзімді валюталық операцияларды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
2.1 Мерзімді валюталық операциялардың
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Мерзімді валюталық операциялардың экономикалық
негіздері ... ... ... ... ...

III Валюталық операция түрлерін жүргізетін және реттейтін
органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Валютаны реттеу мен бақылау
3.2 ҚР Ұлттық Банктің валюталық операциялары мен реттеу

шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың
құқықтық
қамтылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..

Кіріспе

Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу
және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық
ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму
экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап
ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк
ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық бағам, валюталық
операциялар, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және
мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады. Өз кезегінде
валюталық операциялар осы аталған валюталық қатынастардың негізі болып
табылатын валюталардың арасындағы әр түрлі есеп айырысулардың жүргізілуін,
төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен
байланысты мәлiмелердің атқарылуын, ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен
құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына
меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен
резидент еместердің арасындағы валюталық операциялар болып табылады.
Сонымен қатар валюталық операциялардың негізінен банктік операция ретінде
және Ұлттық банктен лицензиясы бас басқа да валюталық операцияларды жүзеге
асыруға құқысы бар органдардың валюталық операцияларды жүргізуіне
байланысты валюталық операцияның көптеген түрлері болады және олар
валюталық мәмілелерде әр түрлі сипатта және мақсаттарда қолданылады.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық
жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан
валюталық - экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық -заңдық тұрғысынан
қарағанда – белгілі бір қоғамдық - экономикалық формация шегіндегі
валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік - құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына
септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations –
шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ
бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық
қатынастарға делдал болады. Валюталық операцияларды қамтиды.
Валюталық операциялар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың
дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен
ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады.
Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюталық операцияларды
реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің алғышарты.
Курстық жұмыстың өзектілігі – Қазақстан Республикасындағы валюталық
операцияларды және оның түрлерін жүзеге асыруға байланысты зерттеу жүргізу,
оны жетілдіру жолдарын анықтау. Осының барлығы курстық жұмыстың тақырыбын
талдауға әсер етті.
Валюталық операциялар - валюталық құндылықтарға қатысты жасалатын мәмілелер
екендігінін мәнін ашу. Олардың ұлттық заңдармен және халықаралық
келісімдермен реттеледі.
Валюталық операциялар экономиканың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Оның
жағдайы ерекше роль атқаратындықтан, курстық жұмыста валюталық операциялар
мәселелерін талқылау қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекетте жүргізілетін валюталық операцияларға
талдау жүргізу, валюталық операциялар түрлерін анықтау және валюталық
операциялардың түрлерінің экономикамен байланысын талдау болып табылады.
Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылады:
- мемлекеттің валютамен жүргізетін операциялары мен оның түрлерінің
ерекшеліктері;
- мерзімді валюталық операциялардың экономикамен байланысын талдау;
- валютаны реттеу мен бақылаудың ерекшеліктері;
- Ұлттық Банктің валюталық операциялары мен реттеу шараларын жетілдіру
жолдары ұсыну.
Курстық жұмыстың міндеті – валюталық операциялардың жүргізілуін
және мерзімді валюталық опеациялардың ерекшеліктерін толық зерттеу,
жүргізілген зерттеуді статистикалық мәліметтермен толықтыру, қорытындысына
зерттелген тақырыпқа қатысты өз ойымды жазып қорытындылау.
Курстық жұмыстың құрылымына тоқталсақ, курстық жұмыс кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Валюталық операциялар туралы түсінік
1.1 Валюталық операциялар және оның сипаттамасы

Валюта дегеніміз – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған
ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның
ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе
алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісі мен айырбастауға жататын
тиындар) түріндегі қолма-қол және аударым нысанындағы құнның ресми
стандарттары, сондай-ақ, шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе
есеп айырысу бірлігіндегі қаражат.
Валюта арқылы сыртқы тауарлар мен қызметтерді пайдалануға, туризм және
мемлекетгің жеке ақша қозғалысын және т.б. көптеген қызметтерді жасауға
болады.
Валюталық нарық дегеніміз – ұлттық валютаны шетелдік валютаға алып сатқан
кезде, ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасқан белгілі-бір ресми орын.
Валюталық нарықта валюталармен белгілі іс-әрекеттер жасалынады. Оларды
валюталық операциялар деп атайды.
Валюталық операциялар – валюталық құндылықтарға қатысты жасалатын
мәмілелер. Олар ұлттық заңдармен және халықаралық келісімдермен реттеледі.
Валюталық операциялар дегеніміз – ол меншік құқығының және өзге де
құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, яғни,
валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу
және жөнелту ҚР-ның заңдары бойынша, валюталық операциялар валюталық
құндылықтарды меншіктену және тағы да басқа құқықтарының өзгеге берілуіне
байланысты, соның ішінде төлем құралдары ретінде шет ел валютасын және шет
ел валютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға байланысты операциялар;
валюталық құндылықтарды республикаға алып келу, сыртқа шығару және жолдау;
ұлттық валютаны, сондай-ақ, номиналы мен құны осы валютамен есептелінетін
құнды қағаздар мен төлем құжаттарын меншіктену құқыларының бір-біріне өтуі
жөніндегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы мәмілелер болып
бөлінеді. Олардың ағымдық және капитал қозғалысына байланысты түрлері бар.
Ағымдық валюталық операциялар экспорт-импорттық сауда операцияларына,
сондай-ақ, шет елде тұратын, жұмыс істейтін азаматтардың валюталық
қаражаттарын пайдалануларын қамтамасыз етуге арналады. Капитал қозғалысына
байланысты валюталық операциялар қазақстандық капиталды шет ел
экономикасына салуға, не шет ел капиталын ішке тартуға, ел экономикасын
өркендету үшін пайдалануға қызмет етеді. Егер белгілі бір шектен асып
кетсе, осы екі процес те экономикасының дамуына кері әсер етіп, кесірін
тигізуі ықтимал. Мәселен, ұлттық экономиканың әр алуан саласында ше-
телдіктердің бақылау орнатуына немесе отандық капиталдың қайтарымсыз шетке
кетіп қалуына душар етеді. Сондықтан, капитал қозғалысына байланысты
операциялар тиесілі органдар арқылы мемлекет тарапынан қатаң бақылауға
алынуға тиіс. Экономикалық процесстерге тигізетін әсерлеріне қарай
валюталық операциялар осындай екі негізгі түрге сараланған. Бұған қоса,
өткізілу тәртібіне орай олар қолма-қол және шұғыл валюталық операцияларға
жіктеледі. Қолма-қол валюталық операциялар кезінде валюталар мәміле
жасалған сәтте не одан бір жұмыс күні өткен соң айырбасталады.
Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында
тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн. Валюталық
операцияларға төмендегілер жатады:
1) Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу
операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел
валютасын қолдануға байланысты операциялар.
2) Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару
операциялары.
3) Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру.
Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялартізімі шектелмейді.
Валюталық бақылау жөніндегізаңға сәйкес валюталық операциялар түсінігі
валюталық құндылықтармен және ҚР-ның валютасында орындалатын операцияларды
қамтиды.
Шетел валютасында орындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Банктер әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық субьектілері арасында ақшалай
есеп-айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық
валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және
сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының валютасына кіреді:
айналымдағы, сонымен қатар айналымнан шығарылған, бірақ айырбастауға
жататын ҚР Ұлттық банкінің билеттері мен тиындары түріндегі теңгелер;
Қазақстан Республикасы банктеріндегі мен басқа да несиелік мекемелеіндегі
счеттарға орналасқан теңгелей қаржылар.
ҚР валютасындағы бағалы қағаздар- теңгеде көрсетілген төлем құжаттары мен
қарыз міндеттемелер. Ұлттық және Шетел валютасындағы операцияларды
жүргізетін субъектілерді анықтау үшін валюталық реттеу жүйесінің резидент
пен резидент емес деген негізгі түсініктеріне анықтама беру қажет.
Резидент түсінігінің құрамына келесі категориялы азаматтар мен мекемелер
кіреді:
ҚР территориясында тұратын тұлғалар
( белгілі бір мерзімде ҚР территориясынан тыс тұратын тұлғалар да)
ҚР заңдарына сәйкес және ҚР территориясында орналасқан заңды
тұлғалар;
Заңды тұлға ретінде саналмайтын, бірақ ҚР-ның заңына сәйкес құрылған
мекемелер мен организациялар.
ҚР –ң территориясынан тыс орналасқан дипломатиялық және басқа да ресми
органдар.
ҚР территориясынан тыс жерде орналасқан резиденттердің филиалдары
Резидент емес тұлғаларға жатады:
ҚР тыс мемлекеттерінің заңына сәйкес және ҚР да тұрақты мекен жайы жоқ
заңды тұлғалар
Заңды тұлға болып табылмайтын мекемелер мен организациялар.
ҚР территориясында шетел дипломатиялық және басқа да ресми
представительстволары
ҚР-ның территориясында орналасқан резидент еместердің филиалдары.

2. Валюталық операциялардың жіктелуі

Экономикада банктер жүргізетін валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне
байланысты жіктелуін көрсетеді.
1.Клиентердің шоттарын ашу және жүргізу
Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:
- заңды және жеке тұлғаларға валюталық шот ашу
- шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу
- офердрафт – ерекше клиенттерге несие беру
- операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру
- кез келген уақыт аралығына шот архивін рәсімдеу
- клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау
- экспорттық – импорттық операцияларға бақылау жасау
2. Сауда емес операциялар. Сауда емес операцияларға клиенттерге тауарлар
мен қызметтер экспорты мен импорты және капитал қозғалысы бойынша қызмет
көрсетулер үшін есеп айырысуларға байланыссыз операциялар жатады.
Өкілетті банктер сауда емес сипатта мына операциялар жасалады:
қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сату
және сатып алу.
шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассалау.
Шетел банктерінің жол чектерін сатып алу
Ақшалай аккредетивтерді төлеу
Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату.
Халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде
өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ол екі түрлі болады:
Ностро шоты – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған
ағымдық шот.
Лоро шоты – коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық
шот.
Конверсиондық операциялар – сол елдің қолма-қол және қолма-қол емес ұлттық
валюталарына және шетел валюталарына сату және сатып алу мәмілесі.
Халықаралық есеп айырысулар бойынша операциялар
Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формулалары қолданылады: құжатталған
аккредитив, құжатталған инкассо, банктік аударым.
Құжатталған аккредтитив - аккредитив шарттарында қарастырылған сатушы
тарапынан құжаттар ұсынылғаннан кейін, тұтынушы-сатып алушының
тапсырмасымен сатушы пайдасына төлем жүргізу негізінде қабылданған Банктің
қаржылай міндеттемесі.
Экспорттаушы (сатушы) үшін аккредитивтердің артықшылықтары:
Аккредитив тұтынушының емес, банк-эмитенттің міндеттелігі болып табылады.
Егер импорттаушы аккредитив бойынша төлемге қарсы болса да, бенефициар
аккредитив шарттарын сай құжаттарды ұсынған жағдайда банк-эмитент төлеуге
міндетті.;
Экспорттаушы аккредитивтің растталғандығы туралы экспорттаушы банк немесе
үшінші банктен сұраныс жасай алады. Бұл өз кезегінде төлемге қосымша
кепілдік болады;
Егер экспорттаушы аккредитив шеңберінде (тауарлық несие) импорттаушыға
төлемді кейінге шегеруге мұрсат берсе, онда экспорттаушы сыртқысауда
келісімінің тиімді шарттарына қол жеткізе алады;
Импорттаушы (сатып алушы) үшін аккредитивтердің артықшылықтары:
Сатып алушы бенефицар төлемді тек, тауар жіберілгегенқызмет көрсетілгенен
кейін және жіберуқызмет көрсетуді растайтын құжаттар рәсімделіп,
аккредитив шарттарына толық сай келетіндей етіп дайындалып орындаушы банкке
ұсынылғаннан кейін ғана алатындығына сенімді болуы керек.
Егер, құжаттар аккредитив шарттарына сәйкес келмесе, банк мұндай құжаттарға
төлемді тек сатып алушының келісімінен кейін ғана жүзеге асырады.
Банк тұтынушы тарапынан қаржылай қамтамасыз ету болмаса да аккредитив аша
алады. Қамтамасыз ету көзі болып: кепілдікке мүлік, құнды қағаздар салу,
үшінші тараптың қолдауы т.б. табылады.
Банк және экспорттаушымен келісе отырып сатып алушы аккредитив бойынша
төлемге шегерім ала алады.
Сатып алушы төлемі шегерілген аккредитивті пайдаланумен қатар
экспорттаушыдан тауарлық несие ала алады;
Есеп-айырысудың аккредитивті түрінің сенімділгі болып сатып алушы
экспорттаушыдан келісімнің ұтымды жақтарын өз пайдасына ала алады. (мысалы,
жеткізелетін тауаркөрсетілетін қызмет құнының төмендеуі)
Аккредитив сатушының төлеу қабілеттілігін растауға мүмкіндік береді, бұл
жаңа әріптестік орнатуда өте маңызды.
Құжатталған  инкассо ұғымына сатушының құжаттарын сатып алушыға беруге
қарамастан, сатып алушының өзіне тиесілі қаражатты банктен алуы жатады.
Құжатталған  инкассо тікелей банктік аударымдармен салыстырғанда сенімді
кепілдік бола тұрып: бұл сатып алушыға тауардың құны төленбей жатып тиісті
құжаттарды иеленуге және сондай-ақ тауарды иеленуге жол бермейді.
Құжатталған инкассоны пайдалану төмендегі жағдаяттарда тиімді болып келеді:
Сатушы (экспорттаушы) және сатып алушы (импорттаушы) бір-біріне сенімді
болады;
Сатып алушының төлемді жүргізуде еш күмәні болмайды;
Импорттаушының еліндегі саяси, экономикалық және құқықтық жағдайлар
тұрақтылықпен ерекшеленеді;
Импорттаушының елінде сыртқы сауда бойынша есеп айырысуда ол валюталық
шектеулерге ұрынбайды және мұндай қауіп оған төнбейді.
Аккредитивтен құжатталған инкассоның ерекшелігі: сатушы алдын-ала өзінің
келісім-шарттық міндетін орындауы тиіс. Мысалы, тауарды жіберу немесе
келісім-шарттық шарттарды орындау.
Артықшылықтары:
Құжатталған инкассо – бұл қарайым әрі қымбат емес банктік операция;
Инкассоны пайдалану кезінде төлем ашық есеп шот бойынша есеп айырысудан
гөрі жылдам жүзеге асырылады;
Сатып алушыға тиесілі сомманы төлеуге қарамастан немесе акцептке қарамастан
Тауардың құжаттарымен және соған сәйкес тауардың меншіктілігін сатып
алушыға беруге болады.
Банктік аударым – банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде
барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына
есепке алынуын білдіреді.
Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары.
Оған жатады: депозиттерді тарту: жеке тұлғалардан, заңды тұлғалардан,
соның ішінде банкаралық депозиттер.
Несиелер беру: жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға.
Банкаралық нарықта несиелерді орналастыру.

ІІ Мерзімді валюталық операцияларды талдау
2.1 Мерзімді валюталық операциялардың сипаттамасы

Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, “валюта деп мемлекеттердiң
заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi немесе банкноттар,
қазыналық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымдат жасалған тиындар
(айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда жүрген ақша белгiсiмен
айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма –қол және аударым
нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай- ақ шоттардағы, соның
iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттарды
бiлдiредi”.
Кассалық келісімдер немесе дереу орындалатын келісімдер спот (spot)
ережелеріне сай жүзеге асырылады. Спот бағамы (курсы) операция жүргізіліп
жатқан шақта ұлттық валютаның елден тысқары жерлерде қаншалықты жоғары
бағаланатындығын көрсетеді. Спот ережелеріне сай классикалық келісімдер
валютаның дереу алу үшін ған емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-
ақ алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін де қолдналылады.
Спот валюталық операциясының мәні келісім жасалған сәттегі курсы бойынша
валютаны сату, сатып алу және оны контрагент – банктердің келісім жасалған
күннің ертенінен қалдырмай беру міндеттемесінде болса керек. Валютаны
жеткізіп беру мерзімі валюталандыру күні деп аталады. Мұның өзін келісуші
тарап
тардың өз міндеттемелерін толығымен орындайтын күн деп те айтуға болады.
Валюталық операциялардың екінші түріне мерзімдік келісім-шарттар жатады.
Соңғы жылдары қаржы рыногы дамуының маңызды бөлігін дәл осы мерзімдік сауда
құрап отыр. Мерзімдік келісім шарттар рыногының түрлеріне келетін болсақ,
олар мынадай: форвардтық келісімдер рыногы; фьючерстер рыногы; опциондар
рыногы.
Форвардтық келісімдер мерзімдік контрактылардың ең алғашқы қолданыла
бастаған түріне жатады және олар бағалардың едәуір шайқалуларына қарсы
жауап ретінде қалыптасады. Қазіргі кезде форвард операциялары ең алдымен
шетелдік валютамен саудада қолданылады. Форвардтық контракт дегеніміз -
мүдделі екі жақтың биржаның қатынасынсыз келісімге көрсетілген затты алдағы
белгіленген уақытта бір-біріне жеткізіп беруді міндеттейтін келісім шарт.
Форвардтық келісім-шарт тек қана валюта төңірегінде емес, сондай-ақ басқа
да активтермен, айталық, тауарлар акциялар, облигациялармен де жасала
береді.
Валютаны сату, сатып алу жөніндегі форвардтық келісім мынадай ережелерге
сүйенеді:
Келісім-шарт жасаған мезеттегі валютаның курсы белгіленіп, бекітіледі;
Валютаны екінші жаққа тапсыру тұрақты кезеңдер ішінде, ең көп тараған
кезеңдерде 1,2,3,6 ай мерзімдері жатады. келісім шарт жасалған мезетте
ешқандай ақша сомалары ешкімге де аударылмайды.
Мерзiмдiк операцияда есеп мәмiледе көрсетiлген мезгiлде жүргiзiледi: ол
айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және уақыт өткеннен
кейін болуы мүмкін. Онда касалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін
қағаздардың бағасына өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің
айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік
мәмілені алыпсатарлық мәміле деп атайды. Алыпсатарлардың мақсаты –
биржадағы құндылықтардың сатып алу –сату бағасы арасындағы айырмасынан
пайда табу. Келесі суретте көрсетілгендей мерзімдік мәміле түрлерінің бір
бірімен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттармен
ерекшеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің
негізі болатын жай көрінісіне тоқтап өтейік.
Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай, белгілі бір
келісілген уақытта - әлбетте бір айдың ішінде немесе ай ортасында өтеді.
Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың курсымен жүргізіледі. Егер
мәміленің орындалу кезінде оның курсы төмендеп кетсе пайданы сатушы алады
да, жоғарыласа сатып алушы алады.

сурет. Биржаның валюталық операциялары

Фьючерстік келісімдердің негізінде нақты пайыздық ставка мен валюталық
бағамдардан құралған қаржылық шаралар жатыр. Алғашқы қаржылық фьючерстер
биржасы 1972 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласында жұмыс істей бастады. Сондан бері
қаржылық фьючертер саудасының өсу қарқыны тұрақты сипат алып келеді. Соңғы
10 жылдықтың өзінде келісімнен 276 млн фьючертік келісім-шартқа дейін артып
олтыр. Аталған уақыт ішінде фьючерстік келісімдер арқылы саудаланылатын
тауарлар түрлері едәуір өзгерістерге ұшырады. Егер бұдан 25-30 жыл бұрын
сауда негізін ауыл шаруашылығы өнімдері құрап келген болса, қазіргі кезде
көлемінің жартысынан артығы акциялардың, облигациялардың және шетелдік
валюта үлесіне тиіп отыр.
Бүгінгі таңда саудаланатын 10 фьючерстік контрактының алтауы қаржылық
тетіктердің саудасы екендігі осы операциялармен шұғылданылатын дилерлер мен
брокерлерге мәлім.
Қазіргі кезде дүниежүзілік фьючерстік сауда көлемінің 30%-ға дейінгісі АҚШ
үкіметінің қазынашылық облигацияларының үлесінде болып отыр. Сонымен ,
фьючерстік контракт дегеніміз көлемі мен базасы алдын ала келісілген, тауар
жеткізу немесе алу жөніндегі заңдық негізі бар екі жақты келісім-шарт.
Опциондар мерзімдік келісім-шарттардың біріне саналады. Опцион дегеніміз
белгілі активті оның анықталған бағамына және келісілге нуақытта сәйкес
сатып алу, сату жөніндегі тараптарға берілетін құқықпен сатып алушыға
жүктелетін міндеттеме (сатушыға) туралы екі жақты келісім шарт.
Валюталық опциондар рыногы үстіміздегі ғасырдың 70-ші жылдары көптеген
елдерде белгіленген валюта бағамының орнына олардың қалықтау бағамын
енгізгеннен кейін қанат жайып кеңінен дами бастады.
Валюталық опцион дегеніміз - мәмілеге қатысушылардың біреуіне белгіленген
баға бойынша біраз уақыт ішінде щетелдік валютаның белгілі санын сатуға
немесе алуға құқық (міндеттеме емес) беретін келісім шарт. Екінші жақ
келісілген уақыт ішінде әріпсінің құқығын ақшалай сыйақы ала отырып,
қамтамасыз етуге міндеттеме алады.
Своп - өте кең тараған қаржылық тетіктердің бірі. Осы банктер мен
корпорациялар өздерінің активтері мен пассивтерін тиімді басқару үшін
пайдаланылады.
Ағылшын тілінен аударғанда swap айырбас деген ұғымды білдіреді және
өзінің осы мағынасында қызмет атқарады.
Своп дегеніміз (пайыздық және валюталық своп түрлеріне бірдей) бір
сипаттағы қаражат ағынының басқа сипаттағы қаражат ағынының басқа сипаттағы
қаражат ағынының басқа сипаттағы қаражат ағындарына өзгеруі.
Своп мәмілелері валюталық немесе пайыздық тәуелділікті болдырмау мақсатында
сондай-ақ арбитраждық мақсаттарда жасалады.Своп операцияларының негізгі
түрлеріне пайыздық своптар мен валюталық своптар жатады. Бұлар арбитраждық
мәмілелермен тәуелділікті қамсыздандыру іс-тәжірибесінде қолданылады.
Пайыздық своп барлық валюталарда жүзеге асырылады, дегенмен ең көп тараған
және мейлінше белсенді валюта, әрине американдық доллар. Әрине своптар кез
келген мерзімге жасала береді. Своп мәмілелерінің ең төменгі сомасы 5 млн
доллар, 5 млн. ағылшын фунты, 10 млн неміс маркасы.
Валюталық своп дегеніміз - спот және форвард ережелеріне сәйкес
валюталармен екі конверсиялық мәмілелер комбинациясы. Бұл жердегі
конверсия ұғымы келісім шарттарды өзгерту дегенді білдіреді. Бір конверсия
дереу жеткізуді білдірсе, екінші алдын ала келісілген шарт бойынша
кейінірек жеткізуді ұйғарады.
Валюталық арбитраж - банктер арасындағы валюталық операция, ол валютаны
сатып алу (сату),кейіннен әр түрлі валюта рыноктарындағы бағамдардың
айырмашылығын (кеңістікті валюталық арбитраж) немесе валюта бағамдарының
белгілі бір уақыт аралығында (мерзімдік валюталық арбитраж) тұрақсыздануын
пайдаланып, пайда табу үшін кері келісім жасауды білдіреді. Валюталық
арбитраждың негізгі принципі - валютаны арзанырақ сатып алып, қымбатырақ
сату. Валюталық арбитраж екі валютамен (жай валюталық арбитраж) немесе үш
тіпті одан да көп валютамен (күрделі валюталық арбитраж) спот немесе
форвард шарттары бойынша жүзеге асырылады.

2.2 Мерзімді валюталық операциялардың экономикалық негіздері

Банктер жедел валюталық операцияларды жүзеге асырады, ол бойынша шетел
валютасын сату-сатып алу мәмілесін қарастырады, белгілі мерзімді қамтиды:
келісімге тұрған күннен бастап екі күн аралығы. Оған форвард, опцион және
своптың, фьючерс жатады. Бұл мәмiлелер бойынша сауда-саттықтың құралы болып
есептелетін валюта сонымен бiрге, базистiк актив деп аталады. Мерзiмдiк
мәмiлелердiң бұл түрлердiң әрқайсылары бойынша операциялардың жүзеге
асыруын қарастыру маңызды.
Мерзімді валюталық жалпы түрлерін атап өтсек: форвард, фьючерс,
опцион, своп, арбитраж.
HSBC-дің қаржылық нарықтарда жұмыс істеуде көп жылдық тәжірибесі бар. Ол
корпоративті клиенттері мен қаржылық институттарға конверсиондық
операциялар (спот, форвард және валюталық опциондар) бойынша қызметтердің
кең ауқымын ұсынады. Клиенттерімізге валюталық және пайыздық тәуекелдерді
хеджирлеуде тиімді әрі сапалы шешім табуға көмектеседі.
HSBC -  әлемдік валюта нарығының негізгі қатысушысы, ол тәулік бойы барлық
сатылатын валюталар бойынша тиімді бағамдарды ұсынады. HSBC Тобы дүниежүзі
бойынша 60 ел мен аумақта орналасқан 75 қазынашылық сайтта валютаны саудаға
салады. Біздің тәжірибеміз Сіздің қаржылық болжам жасап және тәуекелді
басқаруыңызға көмектесе алады. Біз корпоративтік және институционалды
клиенттерімізге спот және форвардты нарықтарда валюта алмастыру бойынша
кешенді қызмет ұсынамыз, және дамушы елдер валюталарынан бастап Үлкен
Жетілік елдері валюталарына дейін валюта тәуекелін хеджирлеу үшін ең жақсы
шешімді табуға көмектесу бойынша жұмыс істейді.
Спот келісім-шарты - нақты бір шетелдік валюта мөлшерін ағымдағы нарықтық
ставкамен бүгінгі, ертеңгі және валютаның шотқа түсу күнінен бастап өтеу
үшін сатып алуға немесе сатуға міндеттейтін міндеттеме. Мәмілені жасау үшін
сатып алынатын немесе сатылатын валюта сомасын және есеп-айырысу датасын
айту керек.
Негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтары:
Кез-келген өтімді валюта жұбы бойынша конверсиондық операцияларды жүргізу
Ашық баға белгілеу
Конверсиондық операцияларды жүргізу бойынша шығындарды минималдау
Өтініш бойынша мәмілелерді өткізу уақытының ұзақтығы
Барлық мәмілелер жазбасы сақталатын телефон желісі немесе HSBC FXnet
электронды сауда жүйесі арқылы жасалады
Конверсиондық операцияларды жүргізу үшін HSBC-де ағымдағы шотты ашу қажет
емес 
Форвард – валюталық тәуекелді азайту әдістерінің ең қарапайымы. Бұл
шетелдік валютамен жасалатын импорт немесе экспорт мәмілелері бойынша
кездестіруіңіз мүмкін проблемалардың бірін шешеді, себебі Сіз енді валюта
алмастырудың кепілді бағамымен бюджет түзуіңізге болады.
Форвардты валюта алмастыру келісім-шарты - нақты бір шетелдік валюта
мөлшерін болашақта нақты бір белгіленген күнге алдын-ала келісілген
ставкамен басқа валютамен сатып алуға немесе сатуға міндеттейтін
міндеттеме. Мәмілені жасау үшін сатып алынатын немесе сатылатын валюта
сомасын және болашақ есеп-айырысу датасын айту керек.
Форвардтық мәміленің бағасы ағымдағы валюта курсына негізделеді, бұнда
мәміле жасау кезіндегі қатысушы валюталар пайыздық мөлшерлемелерінің
айырмашылықтары ескеріледі.
Негізгі ерекшеліктері мен пайдалары:
Айырбас бағамында жағымсыз өзгерістің болуына қарсы қорғаныс
Болашақтағы мәміле үшін нақты бағамды бекіту мүмкіндігі қосымша комиссиясыз
Конверсиондық операцияларды жүргізу үшін HSBC-де ағымдағы шотты ашу қажет
емес.
Қазақстанның Даму Банкі АҚ төлемдерді негізгі әлемдік валюталарда
жүргізеді және шоттарға түсетін ақшалай қаражаттар туралы ақпаратты шынайы
уақыт режимінде алады. Банк корреспонденттік қарым-қатынастар белгілеген
және әлемдік клирингтік банктерде JPMORGANCHASE BANK (США), ING BANK AG
(Голландия) және т.б. корреспонденттік шоттары бар.
Қазақстанның Даму Банкі АҚ SWIFT (Sosiety for Worldwide Interbank
Financial Telecommunication) қатысушысы болып табылады, бұл әлемнің кез
келген еліндегі банктермен тез және құпия, жабық түрде ақпарат алмасуға
мүмкіндік береді. Банкінің SWIFT – DVKAKZKA.
Қазақстанның Даму Банкі АҚ шетел валютасымен теңгеге қарсы және валютаны
басқа валютаға қарсы айырбастау операцияларын жүргізеді.

3.1 Валютаны реттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің шетел валютасындағы операциялары
Валюталық лицензиялар
Банктегі валюталық операциялар
«БТА Банкі» АҚ-ғы ұйымды басқарудың әдістері мен тәсілдері
Валюталық шоттар
Коммерциялық банктегі қаржылық талдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Сыртқы экономикалық қызметінің есебі мен аудиті
Валюталық операцияны есепке алу ақпараттық жүйесі
Валюталық бақылаудың субьектілірі Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары, агенттеріменен Республикасының заңдылықтарына сәйкес орындалуы
АТФ банктiң автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
Пәндер