Мұхит суының температурасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1.Мұхит суларына физикалық - географиялық тұрғыдан сипаттама
2. Дүние жүзілік мұхиттарға шолу
2.1. Тынық мұхиты
2.2. Атлант мұхиты
2.3. Үнді мұхиты
2.4. Солтүстік Мұзды мұхиты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Дүние жүзілік мұхиттың көлемі 1370 000 000 км3 (гидросфера көлемінің
94 % ). Орташа тереңдігі 4000 м болғанда мұхит жер бетінің ¾ бөлігін алады.
Жердің беті бойынша мұхиттың суын біркелкі етіп жайғанда оны 27000 м-дей
қалыңдықпен бүркеген болар еді. Жердің мөлшерімен салыстырғанда бұл қабат
мардымсыз аз, бірақ географиялық қабықта болып жатқан процестерде бұның
рөлі орасан зор. Мұхит деңгейінен баяулана түсуі мен көтерілуі су
баланысының өзгерісімен (гидрократтық себептер) туу мүмкін. Мысалы
Антрактиканың мұз жамылғысының толық өзгеріп кетуі мұхит деңгейінің шамамен
60 м-ге көтерілуін тудырады.Сірә, құрлықта мұздықтардың пайда болуын мұхит
деңгейінің төмендеуі тудырса керек.
Дүние жүзілік мұхит деңгейі үнемі өзгеріп, әр жерінде әр түрлі болғандықтан
оның өзгерістерінің жалпы картинасы өте күрделі және тіпті көп жылдық
деректер мұхиттың орташа деңгейін есептеп шығаруға мүмкіндік бермейді.
Тынық мұхиты полярлық белдеуден басқаларының бәрін қамтиды.Мұхиттың
солтүстігі оңтүстігінен жылырақ келеді. Орталық бөлігінде пассаттар, ал
батыс бөлігінде муссондар соғады. Мұхиттың батыс бөлігінде кейде тропиктік
жойқын дауылдар- тайфундар (күшті желдер) соғады. Су бетінің жылыдық орташа
температурасы : -10 –тан +290 С, тропиктік аудандарда +190 С. Экватор
бойында жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм.
Мұхиттағы тіршілік дүниесінің басқалардан айырмашылығы-өте ежелгі және алып
түрлері көп кездеседі: балықтардың ежелгі түрлері, теңіз кірпілері,
семсерқұйрық, теңіз мысығы, теңіз құндызы, теңіз қабыланы, ірі жыртқыш
балықтар, акуланың түрлері, тридакна, кашалот т.б.
Австралия жағалауындағы қайрандарда ірі маржан рифтері кездеседі.
Өсімдіктерден балдырлар мен теңіз орамжапырақтары және т.б.
Мұхиттағы тіршілік аймақтарына судың беткі қабаты мен оны құрайтын су
массасы және мұхит түбі жатады. Мұхиттағы тіршілік географиялық ендікке
байланысты таралады.
Мұхиттық аралдардың көбі вулкандық және маржан аралдарына жатады.
Жанартаулық аралдардың ең ірісі – Гавай аралдары. Мұхиттық аралдарда ауа
температурасы жыл бойына жоғары, ылғал бірқалыпты түседі. Тропиктерде
тайфундар соғады. Аралда жыртқыштар мен улы жыландар кездеспейді. Аралдар
тобы – атоллдар, жанартаулық аралдар, материктік аралдар, маржан рифтері.

1.1. Мұхит суының физикалық және химиялық қасиеттері

Тұздылығы. Салмағы жағынан алғанда Мұхит суы 96,5% таза судан және
3,5% оның ішінде еріген тұздан, газдан және ерімейтін жүзгін бөлшектерден
тұрады. Түрілі заттардың біршама шағын мөлшерінің болуы басқа табиғи
сулардан оған елеулі айырым береді. Бұл Жер бетіндегі белгілі барлық
химиялық элементтер бар, қоректік ертінді. Мұхит суында әсіресе хлор,
натрий, магний, күкірт көп болып келеді. Мұнда бром, көміртегі, стронций,
бор едәуір аз болады.
Мұхит суының таңқаларлық ерекшелігі – тұз құрамының тұрақтылығы.
Мұхиттың түрлі бөліктерінде ерітінді аз немесе күшті болуы мүмкін, бірақ
ең басты тұздардың қатынасы өзгеріссіз қалады. Сондықтан да тұздың жалпы
тұздылығын анықтау үшін хлордың мөлшерін анықтау және шыққан шаманы 1,81
көбейту жеткілікті болады. Мұхит суы тұздың құрамының тұрақты болу себебін
оның араласып тұруынан көруге болады, бірақ бұл түсінікті жеткілікті деп
айту қиын. Мантия затынан су бөлініп шыққанда су буымен бірге құрамында
хлор, бром, фтор қоспалары бар вулкан түтіндері бөлініп шығады деп
болжанады. Жер бетіндегі бірінші су қышқылы болады, ол тау жыныстарынан
сілті элементтерін – натрий, калий, калций, магний т.б. ала отырып оларды
сілтісіздендіреді. Бұлардың броммен және хлормен реакциясының нәтижесінде
ерітінді нейтралданып, ал сонан соң жалғасып түскен сілті элементтердің
есебінен, қазіргідей аздап сілтілі болады. Мұхитта өсімдік тіршілігі пайда
болғанда бос оттегі пайда болды. Жер қойнауынан бөлінген азот тотыққанда
бос азот, ал көміртегі қосылыстары тотыққанда бос көмір қышқылы түзіледі.
Әуелгі баста өзен суларындағы тұз құрамы сірә Мұхит суының құраына
жақын болса керек. Бірақ уақыт өтуіне қарай құрлық бетінде минералдар
біршама өзгеруінің нәтижесінде ол басқаша болды. Өзендердің Мұхитқа
әкелген тұздары едәуір шығындалады.
Дүние жүзілік мұхиттың орташа тұздылығы 35 ‰. Қайсы жағында болсын
орташа тұздылықтан ауытқуды негізінен алғанда тұщы судың кіріс-шығыс
баланысындағы өзгерістер тудырады. Мұхиттың бетіне жауатын атмосфералық
жауын – жауын шашындар, құрлықтан келетін ағындар, мұздардың еруі
тұздылықты, булануды төмендетеді, мұздың түзілуі, керісінше оны арттырады.
Құрылқтан келген су жағалаудың, әсіресе һөзен құбылысына жақын жердің
тұздылығына айтарлықтай әсер етеді.
Мұхиттар бетіндегі орташа тұздылық әр түрлі. Ең көп орташа тұздылық
Атлант мұхитында-35,4‰, ең азы – Солтүстік Мұзды мұхитты 32‰, Атлант
мұхитының жоғарғы тұздылығы оның салыстырмалы енсіз жағдайында
материктердің әсерімен түсіндіріледі.
Мұхит суындағы газдар. Мұхиттағы суда газдар әр уақытта еріген болады.
Мұхит суының газдары еріте алатын қабілеті оның температурасына, тұздылығы
мен гидростатикалық қысымына байланысты. Судың температурасы мен тұздылығы
неғұрлым жоғары болса, мұның ішіндегі газдардың еруі мен көмір қышқыл газы
сондай-ақ күкіртті сутегі, аммиак, метан еріген болады. Газдар суға
атмосферадан түседі, химиялық және биологиялық процесс кезінде бөлініп
шығады, оларды өзен алып кетеді, олар су асты атқылаулары кезінде келіп
түседі. Газдардың қайта таралып бөлінуі араласу арқылы өтеді.
Көмір қышқыл газы, оттегі мен азоттан айырмашылығы мұхт суында,
негізінен алғанда байланысқан күйде, көмір қышқыл қосындылары түрінде
болады. Ол суға атмосферадан келіп түседі, организімдер дем алғанда және
органикалық заттар шірігенде бөлініп шығады, су асты атқылауларында жер
қыртысынан келіп түседі. Оттегі сияқты көмір қышқыл газы суық суда жақсы
ериді.
Тығыздық. Мұхит суында тығыздықтың артуымен әрқашан да өсе түседі,
өйткені судан гөрі үлкен меншікті салмағы бар заттардың құрамы артады.
Судың бетінің тығыздығының артуына суынуы, булануы, әр мұздың түзілу
себептері болады. Судың қызуы, сондай-ақ тұзды судың атмосфералық жауын-
шашын суымен немесе еріген сумен араласуы тығыздығын азайтады. Беткі
қабатының тығыздығы артқанда конвекция пайда болады.
Қысым. Мұхит бетінің әрбір квадрат сантиметріне атмосфера шамамен 1 кг
күшпен түседі. Сондай қысымды сондай ауданға биіктігі небары 10,06 м су
бағынасы түседі. Сонымен, әрбір 10м тереңдіктегі қысым 1атм. Артады деп
санауға болады. Үлкен тереңдікте болып жатқан барлық процестер күшті қысым
арқылы болады, бірақ бұл мұхит түбінде тіршіліктің дамуына кедергі жасайды.
Мұхит суының мөлдірлігі. Күн нұрының экспедициясы су қабатынан өте
отырып, шашырап және сіңірленеді. Оның шашырауы мен сіңірлену дәрежесіне
судың мөлшері байланысты. Судағы қоспалардың мөлшері барлық жерде бірдей
емес және уақыт ішінде өзгеріп отыратындықтан, мөлдірлікте тұрақты болып
қала бермейді. Ең аз мөлдірлік жағадағы таяз суда әсіресе теңіз дауылынан
соң байқалады.
Мұхит суының температурасы. Мұхиттың негізгі жылу алатын көзі – оның
бетіне түсетін күн радияциясы.
Мұхит жылуды негізінен булануға, ауаны қыздыруға, өзендер мен мұхит
ағыстарының суық суларын жылытуға, мұздарды ерітуге және басқа процестерге
жұмсайды.
Судың температурасы жылу балансына байланысты, мұнда бүкіл Мұхит үшін
күн адияциясын судың сіңіруіне және булануға жылудың кетуіне анықтаушы
маңыз беріледі. Нақтылы жағдайларда жылу балансы статьясының маңызы
өзгеріп отырады да екінші дәрежелі статьялар жетекшіге айналады.
Мұхит бетіндегі су температурасы ауытқуларының тәуліктік амплитудасы,
оның үстіндегі ауа температурасының тәуліктік амплитудасынан едәуір аз.
Мұхиттың бетіндегі температура ауытқуларының жылыдық амплитудасы
тәуліктен көп болады.Бұл радиациялық баланыстың жылдық өзгерісіне,
ағыстарға, басым желдерге байланысты және әртүрлі ендіктерде түрліше
болады.Теңіздерде осы ендіктердегі ашық мұхиттарға қарағанда, құрлық
әсерінен температура ауытқуларының жылдық амплитудасы көп болады. Қоңыржай
ендіктердегі теңіздер ең көп жылдық амплитудамен көзге түседі.
Температураның тәуліктік және жылдық ауытқулары мұхиттардағы химиялық
және биологиялық процестерге елеулі ықпал етеді. Судың ең көп орташа жылдық
температурасы экваторлық ендіктеоде байқалады. Тамыздан ақпанға қарай су
температурасының таралуындағы өзгерістер карталарда изотерма бүкіл жүйенің
оңтүстікке қарай жалпы ауысуымен көрсетіледі.
2.1. Тынық мұхиты

Тынық мұхит – көлемі жағынан ең үлкен және барлық мұхитардың
ішіндегі ең ежелгі мұхит. Оның басты ерекшеліктері – түбіндегі жер
қыртысының жиі қозғалуы, өте тереңдігі, вулкандар мен аралдардың көптігі,
суында жылу қорының молдығы, органикалық дүниесінің ерекше алуан
түрлілігі.
Тынық мұхиты – оны ұлы мқхит деп те атайды- плпнета бетінің 31 –ін
және дүниежүзілік мұхит көлемінің жартсын дерлік алып жатыр. Мұхит
сопақша пішінді, экватор тұсында ерекше енеді, сондықтан ол беткі жағы ең
жылы мұхит.
Мұхиттың шығысындағы жағасы аз тілімденген; онда бірнеше түбектер мен
шығанақтар бар. Батысында Евразия мен аралдардың аралығында көптеген
теңіздер жатыр. Бұл жер бетіндегі жағалық сызықтың ең көп тілімденген
ауданы. Теңіздердің арасындағы тереңдігі 100 – м- ден аспайтын қайраңды
теңіздер де бар.
Мұхиттың зертелу тарихы. Тынық мұхит жағасы мен аралдарын мекендеген
халықтар ертеден – ақ мұхитта жүзіп, оның байлықтарын игерген.
Ф.Маелланның, Дж Куктың жүзу сапарларының нәтижесінде мұхит туралы
мәліметтер жиналды. И.Ф. Крузенштерн мен Ю.Ф. Лисянскийдің Жер шарын
айналып шыққан бірінші орыс экспедициясы XIX ғасырда мұхитты кеңінен
зерттеуге бастама болды. XIX ғасырда С.О. Макаров Витязь кемесімен
комплексті зерттеу жүргізді. Экспедициялық кемелер 1949 ж. бастап жүйелі
ғылыми рейстер жасауда. Қазіргі уақытта Тынық мұхитты зерттеу жөнінде
арнайы халықаралық ұйым құрылған. Сонғы он жыл ішінде мұхит табиғатының
ерекшеліктері жөнінде жаңа мағлматтар алынды, оның ең терең жері
анықталды, ағыстары, түбінің жер бедері, терең сулы науаларындағы
тіршілік, мысалы, омыртқасыздардың, жіп тәрізді организімдердің жаңа
типтері зерттелуде.
Түбінің жер бедері. Тынық мұхит- ең терең мұхиты. Оның орташа
тереңдігі 3980 м, ал ең терең жері Мариан науасында 11022 м-ге жетеді.
Мұхит түгелдер дерлік бір литосфералық плитаның үстінде орналасқан,
бұл плита өзінің шекарасында басқа плиталармен өзара әсер етеді. Мұндай
өзара әсер ету жер бедерінің және су астындағы жер сілкінуге,
вулкандардың атқылауына ұласады. Мұхит түбінде атылған лавалардың көлемі
материктерде атылған лавалардың көлемінен үш есе артық болады. Мұхитты
жиектеп жатқан құрлықта да әйгілі Отты шеңберді құрайтын көптеген
вулкандар бар.
Мұхит түбінің жер бедері өте күрделі. Мұндағы қайраң басқа
мұхитардағыға қарағанда аз аумақты алып жатыр. Ол Азия мен Австралияның
жағасында ғана жақсы дамыған. Материктік беткейлері тік, көбіне сатылы
болып келеді. Мұхит түбі жер бедерінің өзіне тән ерекшелігі – оның терең
жерлері шеттерінде орналасқан.
Терең сулы науалар мұхиттың батыс және шығыс бөліктерінде ұзыннан –
ұзақ жіңішке шұңғымалар түрінде созылып жатады.Ірі дөңдер,жекелеген таулар
мен жоталар мұхит шарасын қазаншұңқырларға бөледі.Мұхит шарасының шығысында
Шығыс Тынық мұхит дөңі орналасқан,ол мұхит ортасындағы жоталардың
дүниежүзілік жүйесіне кіреді.
Климаты. Тынық мұхиттың ұлан-байтақ айдыны полярлық белдеуден басқа
климаттық белдеулердің бәрін қамтиды.
Тынық мұхитты суық Солтүстік Мұзды мұхиттан құрлық пен су астындағы
жоталардан қорғап тұрады.Сондықтан оның солтүстік бөлігі оңтүстік бөлігінен
анағұрлым жылырақ болады.
Мұхит өзінің Тынық мұхит деген атауына Ф.Магелланның кезінде ие
болған,ол мұхитты өте қолайлы ауа райы жағдайларында, теңіз дауылын бірде-
бір кездестірместен, экваторға таяау маңнан кесіп өткен.
Мұхиттың орталық бөліктерінде пасаттар басым болады. Батыс бөлігінде
мусондар соғады. Жазда оңтүстік – шығыс муссон Евразияға жанасып жатқан
бөліктер мен аралдарға мұхиттың ылғалды ауасын әкеледі. Қыста материктен
мұхиттың климатына айтарлықтай әсер ететін суық әрі құрғақ муссон
соғады; теңіздің бір бөлігін мұз басып жатады.
Қоңыржай ендіктерде жылдың бүкіл суық жартысында теңіз дауылдары
өршелене соғып тұрады. Мұнда батыстан соғатын ауа басым. Ең биік толқындар
Тынық мұхиттың солтүсігі мен оңтүстігінде байқалғанОндағы дауылдар
биіктігі 25 м-ге дейін жететін тұтас су тауларын түзеді.
Ағыстары. Тынық мұхит батыстан шығысқа қарай өте созылып
жатқандықтан, онда ендік су ағыны пайда болады. Солтүстік бөлігінде
судың қозғалысы Солтүстік Пассат ағынынан, Куросио, Солтүстік Тынық
мұхит және Калифорния ағыстарынан қалыптасады.
Органикалық дүниесі. Тынық мұхиттың өсімдіктер және жануарлар дүниесі
ерекше бай және алуан түрлі. Мұхиттың мұндай ерекшелігі оның көлеміне,
табиғат жағдайларының алуан түрлілігі мен жасына байланысты. Онда
организімдердің ең ежелгі түрлері мекендейді. Тропиктік және экваторлық
ендіктер, маржан рифтерінің аймақтары тіршілікке ерекше бай. Мұхиттың
солтүстік бөлігінде албырт тәрізді балықтар көп, оңтүстік – шығысында,
Оңтүстік Американың жағасында қамса балықтардың орасан зор шоғыры пайда
болады.
Табиғат белдеулері. Тынық мұхитта солтүстік полярлық белдеуден басқа
табиғат белдеулерінің бәрі бар. Олардың әрқайсының өзіне тән
ерекшеліктері болады. Солтүстік субполярлық белдеу болып келеді. Мұнда
митай, камбала, майшабақ ауланады. Охот теңізінде албырт тәрізді
балықтар мен таңқышаяндардың ерекше маңызы бар.
Солтүстік қоңыржай белдеу ұлан – байтақ территорияны қамтиды. Оған
батыс желдері күшті әсер етеді, мұнда теңіз дауылдары жиі болып тұрады.
Бұл белдеудің батыс жағында организімдердің алуан түрлеріне бай теңіз -
Жапон теңізі жатыр.
Экваторлық белдеулерге тән нәрсе - әр түрлі ағыс суының өзара күрделі
әсер етуі. Ағыстардың шекарасында тереңдігі судың су бетіне қарай
көтерілуі күшие түседі, олардың биологиялық өнімділігі артады. Бұл
арадығы негізгі кәсіптік балықтарға акулалар, тунецтер, желкенді балық
және басқалар жатады. Осы белдеудің батыс бөлігінде ерекше комплекстер
қалыптасады. Зонд аралдарының маңы мен Солтүстік- Шығыс Австралия
жағасындағы қайрандар тіршілікке анағұрлым бай. Маржан рифтерінің жануарлар
дүниесі ерекше алуан түрлі. Тынық мұхиттың оңтүстік тропиктік белдеуінде
Австралия жағасында Үлкен Тосқауыл рифінің бірегей табиғат комплексі бар.
Бұл Жер шарындағы организімдер түзген ең ірі тау жотасы. Көлемі жағынан
оны Урал жотасымен салыстыруға болады. Жылы тымық судағы аралдар мен
рифтердің парасында бұталар мен ағаштар, колонналар, қорғандар, гүл
шоқтары, саңырауқұлақтар түрінде маржандар мекені өсіп жетіледі;
Маржандар ақшыл- жасыл, сары, қызыл, көгілдір, ақшыл көк түсті болып
келеді. Бұл арада моллюскалар, тікен терілілер, шаян тәрізділер, әр түрлі
балықтар да көп кездеседі.
Оңтүстік Америка жағасына таяау орналасқан тропиктік белдеудің суы
балыққа ерекше бай. Бұл араның суында қорек өте мол, сондықтан онда өсіп
жетілетін өсімдіктер мен жануарлар планктонын қамса балықтар, ставридалар,
скумбриялар және басқа балықтар кездеседі. Мұндағы көптеген балықтарды су
құзғын, бірқазан және пингвин секілді құстар азық етеді.
Мұхиттағы шаруашылық әрекет түрлері. Тынық мұхиттың жағасы мен
аралдарында 50-ден астам жағалық мемлекеттер орналасқан, оларда шамамен
бүкіл адамзаттың тең жартысы тұрады.

2.2. Атлант мұхиты

Солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан – ұзақ созылып жатуы –
мұхиттың географиялық орнының ерекшелігі. Ол қоңыржай ендіктерде барынша
кеңейеді де, экваторға қарай тарыла түседі.
Мұхиттың жағалық сызығы солтүстік жарты шарда – аз тілімденген.
Аралдардың басым бөлігі материктерге таяау орналасқан.
Мұхитты зерттелу тарихы. Атлант мұхитын адамдар ежелгі уақытан бері
игеріле бастаған. Мұхит пен оның теңіздерінің жағалаларында әр түрлі
дәуірлерде Ежелгі Грецияда, Карфагенде, Скандинавияда теңізде жүзу
орталықтары пайда болған Ұлы Географиялық ашулар дәуірінен бастап,
Атлант мұхиты жеріндегі басты су жолына айналды.
Атлантиканың табиғатын кешенді зерттеу XIX ғасырдың аяғында ғана
басталды. Челленджер кемесімен ағылшын экспедициясы мұхиттың тереңдігі
өлшенеді, су массасының қасиеттері жөнінде, органикалық дүниесі туралы
материал жинады. Оны зерттеуге орыс, одан кейін кеңестік мұхит зерттеу
экспедициялары елеулі үлес қосты. Қазіргі кездегі көптеген елдер ғылымның
40 кемеден тұратын экспедициялық эскадрасы су массасының қасиеттерін,
мұхит түбінің жер бедерін зерттеуді жалғастырып келеді. Мұхитты
зерттеушілер мұхитты атмосфера мен өзара әсерін бақылап білуде, Гольфстрим
мен басқа ағыстардың табиғатын зерттеуде.
Мұхит түбінің жер бедері. Литосфералық плиталар теориясына сәйкес
Атлант мұхиты әлі жас. Мұхиттың орташа тереңдігі Тынық және Үнді
мұхиттарына қарағанда таяз; ең терең жері 8742 м-ге жетеді
Климаты. Атлант мұхиты Жерінің барлық климат белдеулері арқылы өтеді,
сондықтан оның климаты өте алуан түрлі.
Климаттың ерекшеліктері су массаларының қасиеттерінен байқалады.
Мұнда су бетінің температурасы Тынық және Үнді мұхиттарына қарағанда
едәуір төмен. Бұл Солтүстік Мұзды мұхит пен Антрактикадан ағып келетін су
мен мұздың салқындатушы әсеріне, сондай-ақ су массаларының жедел
араласуына байланысты.
Су массаларының тұздылығы мұхиттың кейбір аудандарында орташадан
жоғары, өйткені мұхит енінің біршама тар болуына байланысты буланған
ылғалдың едәуір бөлігі көрші материктерге өтеді.
Ағыстары. Басқа мұхиттарға қарағанда Атлантикада ағыстың бағыттары
көбіне ендік бойынша емес, меридиандарды бойлай түзіледі. Мұның себебі
мұхитың солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан –ұзақ созылып жатуына және
жағалық сызығының пішініне байланысты. Атлантикадағы ағыстар басқа
мұхиттарға қарағанда күштірек, суды, жылу мен ылғалды бір белдеуден
екінші белдеуге тасымалдайды.
Ағыстар мұздарға да әсер етеді. Мұхитың ерекшелігі – ондағы көптеген
айсбергтер мен қалқымалы теңіз мұздары бар. Греландияға таяау жатқан су –
Атлантиканың ең көрнекті аудандарының бірі. Ағыстар айсбергтерді ашық
мұхитқа шығарып, 40° С.е. – ке дейін жеткізеді. Атлантиканың бұл
аудандарында кеме қатынасы үшін қауіпті. Айзбергтердің қозғалысын арнайы
ауа күзетінің қызыметі қадағалайды.
Органикалық дүниесі. Атлантиканың жануарлар дүниесі Тынық және Үнді
мұхиттарына қарағанда түрлі жағынан жұтаңдау. Мұның өзі Атлант мұхитының
біршама жас болуына және соңғы мұз басу кезінде оның климатының қатты
суына байланысты. Түрлердің аз болғанымен, мұхитта балық пен басқа да
жануарлардың мөлшері өте көп. Қайраңдар мен теңіз түбінің көтерілулері
мұнда басқа мұхиттарға қарағанда көбірек. Сондықтан мұхит түбіндегі және
соған жақын балықтардың: нәлім, майшабақ, скумбрия, теңіз алабұғасы,
мойваның мекендеуі, уылдырық шашу үшін ыңғайлы жерлер көп.
Табиғат белдеулері. Атлант мұхитында барлық зоналық табиғат
комплекстері қалыптасады. Зоналық емес комплекстерде бар, мысалы,
теңіздер, шығанақтар мен бұғаздар. Өзінің табиғаты жағынан олар мұхиттың
ашық бөлігінің комплекстерінен ерекше. Суық және жылы ағыстардың ағындары
түйіскен жерде солтүстік полярлық белдеудің батыс бөлігінің су массалары
тіршілікке бай. Судың нақ осындай әрекеті қоңыржай белдеуге тән, сондықтан
оның суы планктон мен балыққа бай.
Оңтүстікке қарай екі субьэкваторлық, екі торпиктік және экваторлық
белдеулердің жылы сулы кең айдыны жатыр. Солтүстік тропиктік белдеуде
өзінің табиғаты жағынан бірегей Саргасс теңізі орналасқан. Оның суының
тұздылығы мен температурасы жоғары. Мұхиттың ашық көгілдір айдынында жасыл
қоңыр дақ болып саргасс балдырларының шағын буда – буда шоқтары көрінеді.
Теңіз суында планктон аз. Мұнда құстарда өте сирек. Мұхитты зерттеушілер
мұндай ауданды мұхиттағы көгілдір шөлдер деп атайды.
Мұхиттағы шаруашылық әрекет түрлері. Мұхиттың екі жағында да
шаруашылық жағынан дамыған елдер орналасқан. Атлантика арқылы ең маңызды
теңіз жолдары өтеді. Олардың ең бастылары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүние жүзілік мұхит суларының қасиеттері
Үнді мұхиты
Солтүстік мұзды мұхит
Мұхиттар
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы. Гидросфераның құрамдас бөліктері
Дүниежүзілік мұхит
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы
Дүние жүзілік мұхитттарға физ-географиялық шолу
Дүниежүзілік мұхиттың геологиялық тарихы
Әлемдік мұхит
Пәндер