Атақты Абай жолы эпопеясы қазақ өмірінің энциклопедиясы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Әуезов әлемі . . . 5
1. 1. Әуезов нәр алған тамырлар және олардың жазушы
шығармашылығындағы орны . . . 5
1. 2. Алғаш жазған әңгімелері . . . 10
ІІ. М. Әузовтың - қазақ әдебиетінің классигі . . . 15
2. 1. «Абай жолы» эпопеясы . . . 15
2. 2. Драмалық шығармалары . . . 23
Қорытынды . . . 30
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31
Кіріспе
Ұлтымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы - ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М. Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.
Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері М. Әуезовтің көркем мұрасы - біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Оның шығармашылық қарымы ауқымды да бай. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы - бұл ұлы қаламгер дарынының толық емес тізімі. Мұхтар Әуезов - өзінің энциклопедиялық құлашты білімімен, асқар талантымен рухани өмірдің көптеген салаларында жарқырап көрініп, бүкіл қазақ мәдениетіне ықпал жасады. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамы қойған талаптар оны сол кезеңдегі басқа да аса көрнекті қазақ зиялылары сияқты әрі жазушы, әрі ғалым, әрі қоғам қайраткері болуға ұмтылдырды. Сол себепті де Мұхтар Әуезовтің сан қырлы таланты оның өнердің қазақтар үшін бұрын белгісіз болып келген түрлері мен жанрларын тұңғыш қалыптастырушылардың қатарынан көрінуіне айқын жол ашты. Әуезов - тұңғыш кәсіби драматург, ұлттық театрдың тұңғыш режиссері әрі ұйымдастырушысы, тіпті тұңғыш кәсіби әдебиеттанушы да. М. Әуезов сонымен бірге тұңғыш әдеби киносценарийлер мен опера либреттоларының алғашқы авторы болды.
Егерде, ұлылықтың өзін сол адам өмір сүрген қоғамның даму заңдылығы мен қайшылықтарының арасындағы қақтығыстарға деген көзқарасы арқылы бағалар болсақ, онда жиырмасыншы ғасырда әлем таныған суреткерге қолданылатын өлшемдердің бірде-біреуі Мұхтардың таным-тағдырын таразылап бере алмас еді. Бұл ретте ол: «Данышпандар ешқандай ережеге бағынбайды, керісінше, өзгелерді өз ырқына бағындырып, өзіне еліктіретін бейнені дүниеге әкеледі» деген ағылшын ғалымы Эдуард Юнгоның пікірін еске түсіреді. Демек, Мұхтар Әуезовтің тұлғасы өзіне өзі ғана өлшем болады. Басқа тұлғаның көлеңкесімен кесіп-пішуге келмейді, ондай үлгі жоқ.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмысының негізгі мақсаты - жазушының өмірі мен шығармашылық жолын қарастыра отырып, әр кезендегі жазылған шығармаларының тақырыптық, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін суреткердің сол тұстағы шығармашылық психологиясымен, оның идеялық-көркемдік астарын ашу. Осыдан келіп зерттеу жұмыстың негізгі міндеттері туындайды:
-жазушының өмірі мен шығармашылық жолын зерттелу дәрижесін аңықтау;
-шығарманың көркемдік парасатын ашу.
І. Әуезов әлемі
1. 1. Әуезов нәр алған тамырлар және олардың жазушы
шығармашылығындағы орны
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өскен ортасы, ұшқан ұясы - бір кезде қазақ сахарасында мәдениеттің ордасы сияқты болған Абай ауданына қарайтын Шыңғыстау деген жерде. Ескіше сауаты бар атасы Әуездің көмегімен 7-8 жасқа келгенде арабша хат таниды. Осы кезден бастап қазақ әдебиетінің әр түрлі үлгілерін және ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, Абай өлеңдерін жаттап, оқи бастайды. Мектеп жасына жетіп, үлкендер сөзін ұғатын кезден бастап тәрбиеленген жас балғынның сауаты осылайша ерте ашылды. Көзі ашық жастың қолына түскен кітап, қисса, жыр, ертектер оның жастық шағының үлкен рухани азығы болатын. Оның үстіне қазақтың бас ақыны Абаймен ауылдас, ағайын-туыс, араласы мол тілектес көрші елдің ішінен шығуы Мұхтардың жас шағының бақыты еді. Бала кезінде тұңғыш көрген ақыны - Абай болса, алғаш сауатын ашқан оқу құралы да - Абайдың қолжазба өлеңдері. Абай шығармаларымен ерте танысып, ақын шабытына еліктеп, сезімтал жүрегін ерте оятты. Абай шашқан құнарлы дәннің түймедей боп алғаш көрінген бөбешік, жаңа ғана құлақтана бастаған жас жапырақтарының бірі осы Мұхтардай талапкерлер бойынан көрінді. Сөйтіп, болашақ жазушының тұңғыш тәлім-тәрбие алған алтын бесігі, қанаттанып ұшқан ұясы - Абай мектебі болды.
«Атамыз бізді өзінше оқытатын, - деп еске алады Мұхтар - . . . аздап қара таныған соң, өлеңнің бірінен соң бірін жаттадым. Арасында Лермонтов, Пушкин, Крылов, Татьяна мен Онегин тәрізді құлақ естімеген өзгеше есімдер кездесіп қалады. Әуез атасының немерелеріне таң атқаннан күн батқанға дейін кітаптан бас алғызбайтын талабының арқасында әрі Мұхтардың бойындағы жазушылық талантқа алғаш түрткі боп, қиялына қанат бітіріп, шарықтап өсуіне дем берген сол орыс классиктерінің рухани азығы болды.
1907 жылы он жасында Семейдің бес кластық училищесіне оқуға түсіп, жақсы оқитын шәкірттің бірі болады. Осы училищенің 3-класында оқып жүріп, «Дауыл» деген тақырыпта шығарма жазып, оқушылар арасында ерекше көзге түсіп, талантты оқушы екенін көрсетті. Училищені үздік бітірген соң, 1912 жылы Семейдің мұғалімдік семинариясына оқуға түседі. Сол семинарияны үздік бітірген екі оқушының бірі - Мұхтар болды, онда оқып жүргенде дарынды жасты толғандырған мәселе: өнер, білім, мәдениет, әйел теңдігі, еңбекші қамы болды. Жазушы әрқашан да Абай атасының өнегелі сөздерін есінен шығарған жоқ.
Семинарияны бітіріп шыққаннан кейін Әуезов ең алғашқы еңбек жолын өзінің туған ауылында Шаған болысындағы мектепте мұғалім болудан бастайды.
Жазушының білім алған мемлекеттік оқу орындары мыналар: Семейдің бес кластық училищесі (1908-1914), мұғалімдер семинариясы (1915-1919), Ташкенттегі Орта Азия университетінің (САГУ) аспирантурасы (1923-1924), Санкт-Петербург университеті (1924-1928) . Осындай оқу орындарын бітірген және өз бетімен көп ізденген ағартушы, ұстаз, ғалым, жазушы.
М. Әуезов үлкен өмірлік, шығармашылық жолдардан өткен жазушы. Ол жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазып, қазақ даласында театр өнерінің бастапқы үлгісін көрсетті. Дарынды жас жазушы «Еңлік-Кебек» пьесасын тарихта болған уақиға негізінде жазған және Еңлік-Кебек Мұхтардың туып өскен жерінде ХVІІІ ғасырдың соңғы кезінде болған тарихи шындық. Пьеса күні бүгінге дейін сахнадан түспей келе жатқан тозбайтын дүние. Пьеса өзінің талантын, көркем тілге, бейнелеу әдісіне әбден жетіліп қалған, алысқа шабар тұлпар, қиял қанатын қияға сермер сұңқар келбетті ерекше бітімін танытты. Қазақ халқының шешендік өнерін меңгерген жазушының әрбір сөзі төгілген жыр арқылы берілді.
Осы пьесадан кейін он шақты жыл ішінде көптеген әңгіме, повесть, пьесаларымен көзге түсті. «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Қыр суреттері», «Жетім», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қаралы сұлу». «Қилы заман» секілді атақты шығармалары мен қазақтың тұңғыш театрының сахнасын ашқан «Еңлік-Кебек» және «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал» драмалық шығармалары көпшілік назарын бірден өзіне аударды.
Бүгінгі жан-жақты дамыған ұлттық театрымыздың өмірге келуі жазушы атымен тығыз байланысты. Ол тұңғыш театрдың шығармашылық өміріне ұзақ жылдар бойы араласып, негізгі репертуар қорын жасап, оның бағытын анықтаған драматург. Осындай туындыларымен өзінің құдіретті талант иесі екенін көрсеткен жазушы, ғалым, педагог, коғам қайраткері М. Әуезов аса құнды еңбектері үшін халық құрметіне бөленіп, жазушылық сатысының ең жоғарғы сатысына шыққан еді.
1917 жылы май айында Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары Әйгерімнің отауында «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылған болатын. Онда ойнайтын артистерді де өзі тауып тамаша ойын көрсеткен еді. Сонда Мұхтар небары жиырма-ақ жаста ғана болатын. Сол пьесаны қоюшы режиссер өзі, суфлер де өзі болған екен.
М. Әуезов - журналист. Оның ең алғашқы публицистикалық мақаласы 1917 жылы жазылған «Адамдық негізі -әйел» атты еңбегі. Онда жазушы әйел тұрмысына, қоғамда алатын орнына азаматтық ой-пікір тұрғысынан пайымдаулар жасаған. Адам тәрбиесіндегі ананың, әйелдің алар орнын ерекше бағалай білген жас Мұхтардың толғақты мәселесі бүгінде қоғамның негізгі тақырыбына айналып отырғаны шындық.
Сонымен қатар, М. Әуезовтің көтерген ең маңызды мәселесінің бірі - тіл мәселесі болды. Абай ойларымен үндес болған жазушы: «Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тіліңді, бесігіңді түзе!» деп тебіренген еді. Атақты «Абай жолы» эпопеясы қазақ өмірінің энциклопедиясы. Осы роман арқылы жазушы ең алдымен өз халқының қадыр-қасиетін, алдымен қазақ халқына, сонан кейін бүкіл дүние жұртына айғақтап берді. Абайды әлемге таныта отырып, М. Әуезовтің өзі де әдебиет әлеміне ұлы дарын, қайталанбас тұлға болып танылды. Ол туралы Б. Матип: «Қазақтар туралы бұрын ештеңе естімеген едім. Енді оларды өте жақсы танимын. Жақында ғана М. Әуезовтың тамаша кітабын ағылшын тілінде оқып шықтым. Шынында қазақтар неткен ғажап халық» деп жазған еді.
Шыңғыс Айтматов: «Орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі ортаазиялық көркем ойдың және біздің барлық көрші отырған халықтарымыздың рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов сондай әсер етті», -деп жазушының терең білімділігін құрметтейді.
М. Әуезовтің «Абай» эпопеясы - «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өткен жұмбақ адамның жүрегіне терең бойлаған ең зор ескерткіш болып табылады.
М. Әуезов Абай мұрасын зерттеуді 1918 жылдардан бастайды. Сол жылдары «Абай» журналы бетінде «Абайдың өнері мен қызметі», «Абайдан соңғы ақындар» т. б. мақалаларын жарялайды. Абай жөнінде жазған мақалаларының ішіндегі ең көлемді мақалаларының бірі «Абай ақындығының айналасы» атты мақаласы.
М. Әуезов Ташкентте оқыған жылдары - ұлттық мәдениетіміздің дамуы үшін тарихи кезең болды. Онда жүріп ол әлемдік мәдениеттің мәдени ескерткіштерін шебер меңгере алды. Парсы-иран эпосы «Шаһнама», түрікмен эпосы «Көрұғлы», қырғыз эпосы «Манаспен» сусындады. Туысқан халық әдебиеттерін қадірлей білген жазушы өз елінде қудалауға түскен көрші қырғыз халқының атақты «Манас» жырын әлемдік ғылыми маңызы туралы тебірене жазып қорғап шыкқаны туралы басылымдарда жарияланды.
М. Әуезов прозаның барлық жанрында еңбек етті. Сонымен қатар орыс әдебиетінің классиктері Л. Толстойдың, И. Тургеневтің, Н. Гогольдің және т. б. жазушылардың шығармаларын тәржімалады. Отыз жылдан астам уақыт бойы аудармамен айналысқан жазушы қазақ-орыс әдебиетінің жақындасуына көп септігін тигізді. Көптеген орыс және шетел пьесаларын аудара келе М. Әуезов драматургиялық және аудармашылық саласында шеберлік үлгісін көрсетті. Дүние жүзі әдебиетінің үздік үлгілерін қазақ тіліне аударып, ұлттық әдебиет пен өнерді әлемдік әдеби процеспен байланыстыра отырып, қазақ әдебиетінде көркем аударма ісінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан қаламгер. В. Шекспирдің «Отеллосы» мен «Асауға тұсауы», Н. Гогольдің «Ревизоры», К. Треневтің «Любовь Яроваясы» т. б. тақырыптардағы драмалары, опера либереттосы отандық театр сахналарының төрінен берік орын алған құнды дүниелер.
Көп ұлтты әдебиетті өркендетудегі зор еңбегі үшін Ленин орденімен, екі рет Қызыл Ту орденімен және «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Жазушының Алматыда мемориалдық музей үйі бар.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие беретін қаладағы байырғы оқу орны - Семей педагогикалық колледж- М. Әуезов атында. Ол заңды да. Өйткені, осы оқу орнында жазушы білім алып қана қоймай, өзі ұстаздық еткен. Қаланың Жаңасемей бөлігінде ескерткіш, Бөріліде жазушының музей үйі бар.
XX ғасыр қазақ қоғамында әдебиет пен мәдениетіміздің өркендеуіне аса зор үлес қосқан қазақ әдебиетінің классигі, көркем сөз шебері, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ ССР-нің ғылыми қайраткері М. Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде 1997 жылы аталып өтті. Аса көрнекті жазушы М. О. Әуезовтің еңбектері қазақ әдебиетінің баға жетпес мүлкі. Ой-өрісі кең, білім парасаты терең, өмірге құштар, болашаққа деген үміт арманы жоғары, қарапайымдылығы шын ғалым бойына сай, адамгершілікке, ізгілікке толы жүрегі пәк, жаны жас адам болды.
Неміс ақыны Гете айтқан екен: «Ұлы адамның туған, тұрған, еңбек еткен жерлері ардақты да қадірлі. Ғасырлар өтсе де ұрпақтарға оның сөзінен де, ісінен де үні естіліп тұрады». Гетенің осы сөзі Мұхтарға арналып айтқандай.
«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», -деген Абайдың сөзімен айтқанда, Мұхтар Әуезов - адамзат баласының тарихында мәңгі жасай беретін ұлы - Адам [1, 1-3б. ]
Ұлттың рухани нысанасына айналған Мұхтар Омарханұлы Әуезов сияқты тұлғаның өмір сүрген тарихи кезеңі алыстаған сайын оның шығармашылық өмірбаяны мен мұрасының өзі де сол ұлттың рухани көркем шындығына айналады. Өйткені сол тұлғаның өмір сүруінің өзі құбылыс. Әр ұлттың рухани дамудың қандай дәрижесіне жеткені сол дана тұлғаларға деген көзқарас пен көркемдік өлшемнің деңгейі арқылы пайымдалады. Өйткені, шынайы ұлттық тұлғалардың тағдырына «сананың сәулесін түсіру арқылы біз ұлтымыздың өткен тарихын талдап, бүгінгісін саралап, келер болашағын аңықтаймыз. Сондықтан да даңалардың тұлғасын саралау - сол ұлттың рухани қажеттілігі» болып табылады.
Қазақ ұлтының рухы мен көркемдік жады және әдебиеті мен мәдениеті үшін Мұхтар Әуезов те соңдай күрделі тұлға. Оның "қат-қабатта", "шынтарманда", "бел-белесте", "қияда", "тайғақта". "оқапта", "қақтығыста", "қоршауда", "құз-қияда", "қапада", "қастықта", "биікте" өткен мазасыз шығармашылық өмірі мен танымын түсіну - сол ұлттың рухани парызы. Өйткені, М. Әуезов бір ұлттың емес, мұқым бір қоғамдық құрылыс ауқымындағы "тарихи көркем ойлау жүйесін қалыптастырған", "ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірін дүниеге әкелген" Сөз иесі.
Мұхтар Әуезовтің даналық көркем ойының мәйегінің құнары - тек оның шығармаларындағы қат-қабат тартыс жүйесінің тоғысуында, жеке тұлға мен қоғам арасындағы көзқарас тартысында ғана емес, үш формацияны тел еміп өскен тағдырының тамырында жатыр. Әлмисақтан бергі даналардың творчестволық талқысын таразыласақ, олардың алдындағы міндеттердің көркем шешілуі адамзаттың санасына өзгеріс әкелді. Гомер - өзінен де бұрынғы ықылым дәуірдің елестерін тарихи тұрғыдан жинақтап берді. Мүтан-наби мен әл-Маари өмірді сыншыл көзқараспен көркем талдады. Данте - адамның өзін өзі тануына жол ашты. Шекспир - кейіпкердің шартты әрекетін бұзып, өмір құбылысын өзінше қабылдап, ірі қимылдарға баруына көпір салды. Толстой- адамдардың арасындағы қарым-қатынастар арқылы тарихты көркем тұрғыдан сабақтады. Гете - тұлға мен қоғамның арасындағы қайшылықты саралады. Абай - көшпелілер әлемінің көркем ойлау жүйесін адамзаттық парасат деңгейіне көтерді. Ал Мұхтар Әуезов - көркем творчествосымен қоса жек өмірі арқылы көшпелілер әлемінің соңғы тұйыққа тірелу қасіретін, самодержавиенің отаршылдық езгісін, оның сана мен санатқа жасаған зорлығын, рухани тәуелділікті тудырған басы-байлы психологиясын, социолизмнің "коммунистік-колонизаторлық" (С. Садуақасов) пиғылы мен тобырлық кекшілдігін, заманалардың төңкерісіне қоса адамның тағдырын оймен екшеп берді. Көркем шындық арқылы тарихи шындықты адмзаттың назарына ұсынды. Бұл Мұхтар Әуезовтің дүние мәдениетіне қосқан парасат пайымы.
Ол шындық ұлттың рухани тарихына айналып кетті.
Сондықтан да оның өмірі мен шығармашылық жолына және көркемдік әлеміне арналған әр саладағы ғалымар мен сыншылдардың, әдебиет зерттеушілерінің 3350 астам монографиялары мен мақалаларының жарық көруі заңды. [2, 10-11б. ]
1. 2. Алғашқы жазған әңгімелері
Мұхтар Әуезов қазақ әдебиет тарихында қалыптасқан озық дәстүрлерді алға апарушы, ілгері дамытушы болды. Осы жолда ол әдебиет тарихын зерттеуші, сөз өнеріне аса зор үлес қосқан жазушылығымен, жаңа сапада жазылған тың шығармаларымен қазақ әдебиетінің мәртебесін жаңа биіктерге көтерді.
Ұлы суреткердің шығармаларының қуатты, арналы мол саласы - оның прозалық туындылары. Ол «Қорғансыздың күні» (1921) деп аталатын алғашқы әңгімесі арқылы-ақ өзінің суреткерлік дарынын айқын танытты. Әңгіме аса әсерлі табиғат суретінен басталады. Суретке жалғаса келіп Күшікбай батыр жайлы әңгімеленеді. Бұл да бір тартымды оқиға, әңгіменің фабуласымен ұтымды ұштасып кеткен қызық эпизод. Күшікбай туралы аңыздан кейін әңгіменің негізгі арқауы басталып, өріле береді: қаңтар айының батар күні дүниені қызыл сәулесіне бөлеп, тағы да оқырман көз алдына өзгеше сурет жаяды. Әңгімеде бас кейіпкер Ғазизаның күйзелісі табиғаттың ызғырық боранымен астастырыла суреттеледі. Ғазизаның "уайымы осы үйдегі үш әйелге ортақ болған жесірлік, жетімдік. Бұлардың басынан тағдырдың дауылы жаңадан ғана соғып өткен. Қораның алдыңғы жас бәйіттер сол дауылдың салдарынан туған. Бұл әйелдердің қуаныш-қызығы да, үміт-қорғаны да сол суық қабірге өліктермен бірге көмілген. Ол қабірде жатқан Ғазизаның әкесі Жақып және кішкене туысқан бауыры Мұқаш . . . Иесіз қорада қуатсыз, қорғансыз үш әйел құзалып-зарлап қалғанда, маңайынан жиылған көрші-қолаң ғазиздердің сүйегін қабірге бергенін ойлағанда әрқашан Ғазизаның жүрегі шаншып, өңі қашып, көзінен ыстық жас тамшылап кетуші еді". Тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Тек Ақан сияқты қатыгез, жауыз болыс қана міз бақпай, өзінің айуандық бет-пердесін біртіндеп ашады. Жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсетуі Ақанның азғындығын, адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Сондай-ақ оқырман Ақан, Қалтай сияқтылардан ешқандай жақсылық күтуге болмайтынын түсініп, ұғынады. Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазиза әкесі мен бауырының қабіріне барып, үсіп өледі. « . . . Ғазизаның шашы азырақ дудырап қапты. Денесінің жартысын қар басқан. Әкесінің бейітіне жабысып, қасіретті өмірдің ақырғы қуатын сол жерге берген екен. Өлер сағатына шейін қабағын басқан қайғы бұл уақытта ыдыраған, ізі қалған жоқ. Балалық жүзінде: «Менде жазық жоқ, мен тазамын» деген ашық тазалықтың белгісі, қайғы - қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар».
Әңгімеде жазушы ескі өмірдің бір елесін көрсетіп, пасық әрекеттерден аулақ болуға оқушыға ой салады. Мұнда автордың ең негізгі түйін-тұжырымы -жауыздық ешқашан да адамшылықты, тазалықты жеңе алмайды.
Әуезов адам бойындағы пәктік пен сұлулықты әділетсіздік пен азғындыққа қарсы қоя жарыстыра суреттеу арқылы қазақ әдебиетінде классикалық психологиялық прозаның үлгісін әкелді. Әңгіменің жанрлық табиғатына тән сюжеттік-композициялық тұтастықтың шебер өрілуі, уақыт пен кеңістіктің аясында негізгі кейіпкерлердің жан дүниесін аша білуі қазақ әдебиетіне көркемдік стилі өзгеше дара суреткер келгендігін байқатты. Оның ең нысаналы мақсаты -жауыздық пен зұлымдықты әшкерлеу, адамның мейірім-қайырымын ояту. Халықты күйзелткен әлеумттік шындықты сыншыл реалистік тұрғыдан суреттеп берді. Оның көркемдік және риалистік сипатын Алексей Пантиелев: "Бұл Әуезовтің прозадағы алғашқы тәжірибесі еді дегенге қайран қаласың. «Қорғансыз күні» әңгімесі көркемдік қуаты жағынан, әлеуметтік-адамгершілік жүгі жағынан кіші-гірім романға пара-пар" - деп бағалады. Сонымен "Қорғансыз күні" әңгімесін -жазушы өзі білетін, жанын қинаған ащы шындықты тебіреніспен, жан ашуымен сиясын көз жасына малып отырып жазған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz