Бизнес жоспарын құру жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
І тарау
1. Бизнес жоспар және оның маңызы
2. Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны
3. Бизнес жоспарын құру жолдары
4. Бизнес-жоспардың теоретикалық негіздері.
5. Нарық жағдайындағы бизнес- жоспар құру қажеттілігі
және оның маңызы
ІІ. Практикалық бөлім

2.1. Кәусар қонақ үйінің бизнес жоспары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Курстық жұмысымның жалпы сипаттамасы. Бизнес-жоспардың негізгі талдауы –
бұл жобалар фирманың жаңа перспективалық даму стратегиясының бағдарламасын
қамтамасыз етуші ретінде қарастырылады. Сондықтан, әрекет етуші
кәсіпорынның жаңа өндірістік құрылымы жобалау кезінде негізгі кезең
дамытудың жаңа бас мақсаты және болашақта оны жүзеге асыру стратегиясын
қабылдау болып табылады. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына
нарықтық бағаның, қаржы мен несиенің ынталандырушы рөлдерін жоғарылату, ең
алдымен, қаржылық тепе-теңдік пен тұрақтылықты, экономикалық қауіпсіздік
пен өтімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Нарықтық экономика жағдайында
бизнес жоспарлау бұл кәсіпкерліктің барлық түрлерінде қолданылатын
жұмысшы құрал. Ал бизнес жоспар үнемі жүйелі түрде жаңарып отыратын
құжат. Оған компания ішінде және нарықта болып жатқан өзгерістерге
қарай өзгерістер мен түзетулер енгізіліп отырады. Жоспар кәсіпкерлік
операцияның мақсаты мен міндетін суреттеуден құралады. Жоспар құра отырып,
ең алдымен, операцияның көлемі мен мерзімін, күтілетін пайданы ойластыру
қажет. Бірақ кәсіпкер тек қана пайданы көздеп қалмауы тиіс. Кәсіпкерлік іс-
әрекеттер бағдарламасы әлеуметтік мақсатты да қарастыруы тиіс. Атап айтсақ,
тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру, табиғатты аялау, әлеуметтік
сілкіністерді сейілту, іскерлік байланыстарды кеңейте түсу т.б. кәсіпкердің
мәртебесін, беделін арттыру, имиджін жасау мен сақтау, экономикалық
әлеуетін ұлғайту – маңызды міндеттердің бірі. Бизнес- жоспар бұл бизнестегі
қол жеткізуді көздеген мақсаттың қағаз жүзіндегі жазылған моделі және осы
алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық ресурстарды тиімді
пайдалануға жағдай жасайтын құрал.
Жақсы құрылған бизнес- жоспар- жоспарланған іс әрекеттердің схемасы. Ол
бизнестің болашақ жай-күйін айқындауға көмектеседі. Алға қойылған
мақсаттарды белгілеуден бастап, ол мақсаттарға қол жеткізуге қажетті барлық
ресурстар мен кезеңдерді қамтиды. Бизнес-жоспарды құру кезінде есептеу
жүргізіледі, соның қорытындысы бойынша операцияның нәтижелігі мен қажетті
ресурстық қамтылу айқындалады. Тұтыну ресурстарын анықтау кезінде
кәсіпкерлік қызметке қажетті барлық құралдар ескеріледі, бұл қажетті
құралдар экономикалық және әлеуметтік тұрғыдағы бизнес-операцияның
схемаларын суреттеуде көрсетілген.
Бизнес-жоспарды жасағанда, кәсіпкерлік жобаның іске асырудың ұзақ мерзімді
салдарларына талдау жасалады. Мұнда кәсіпкер мен қоғам үшін қолайлы және
қолайсыз жағдайлар, оларға байланысты кірістер мен шығыстар ескеріледі.
Зерттеу тақырыбымның өзектілігі. Көптеген ірі қонақ үйлерді салу мен оны
жетілдіру сияқты дамыту бөлімдері жұмыс істейді. Оның басты қызметі қонақ
үйдің қабылданған жаңа даму стратегиясымен сәйкес басқарудың өндірістік
және ұйымдық құрылымдағы өзгерістері бойынша жасалынатын бизнес-жоспардың
қаншалықты мөлшерде қонақ үйге әкелетін тиімділігі мен әсер ету жағдайын
талдап, барынша тақырыптың мазмұны мен мақсатын анықтап талдау. Ресурстар
алға қойған мақсатқа бағытталған және мейілінше тиімді пайдаланған жағдайда
ғана компания нарықта өз орнын сақтап қалады және табысқа жетеді, ал
бұған бизнес жоспар құру және енгізу мүмкіндік береді.
Курстық жұмысымның мақсатын жаза отырып алға қойған мақсатым-бизнес
жоспардың әсіресе оның қаржылық бөлігінің маңызын құрылу
қағидаларын,әдістемесін талдау болып табылады Бизнес-жоспардың теориялық
аспектілері ретінде оның негізгі мәні мен мазмұны, қызметтері, мақсаттары,
оның нарық жағдайындағы рөлі курстық жұмыстың бірінші тарауында бизнес-
жоспардың экономикалық негіздері мен тиімділігі қарастырылған..Екінші
тараудың бөлімі практикалық бөлім ретінде көрсетіледі. Яғни, оның мысалы
ретінде жарнамалық агенттігінің құрылу жолы мен даму стратегиясы
қарастырылып, жалпы бизнес-жоспарын талдау міндеті ретінде көрсетіледі.
Содан кейін үшінші тарау қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Бизнес-жоспардың міндеті бұл- мақсатпен анықталған нәтиженің параметрлерін
немесе сандық деректердің жиынтығымен сипатталатын бизнестің экономикалық
орындылығын, техникалық мүмкіндігін, кәсіпкерлік (коммерциялық) ұсыныстың
концепциясын дәлелдеу.

І тарау
1.1. Бизнес жоспар және оның маңызы

Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны
жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат.
Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның
ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске
асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар,
көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін
жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының
бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі
айқындалады.
Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан
және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:
- жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың
бәсекелесу қабілеті сипатталады;
- тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу
нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
- бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы
мәліметтер талданады;
- маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты,
өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
- өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік
шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
- ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары
белгіленеді;
- жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар
жасалады;
- жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу
шаралары қарастырылады;
- жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға
шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
- қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша
мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді,
кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.)
жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының
жалпы балансын айқын бейнелейді.
Еркін кәспкерлік пен бизнес жоспарлаудан құралады. Ешкім де бизнесменді
өзінің бизнес операциялары үшін жоба немесе жоспар жасауға мәжбүр етпейді.
Мұны өмірдің өзі тәжірибе, тәуекел қорқынышы, алдын ала келіп білмеген
салдарлар мәжбүрлейді.
Бизнес- жоба ойға алынған негізгі ойды, пайда әкелетін кәсіпкерлік
операциясын іске асырудың ортақ идеясын білдіреді. Жобада белгіленген
операцияның мазмұны мен бағыттылығы суреттеліп, негізделеді, күтілуші
нәтиже есептеледі.Әдетте, кәсіпкерлік жобалар ірі, ұзақ мерзімді
операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды мәмілелер үшін
ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де жеткілікті.
Жобалар негізінде іс-әрекет бағдарламасы немесе үрдістердің орындалу
жоспарлары әзірленеді. Кәсіпкерлік жобаларды, ойларды іске асыру жоспары
шетелдік тәжірибеде бизнес-жоспар деген атауға ие. Қазіргі кезде Қазақстан
экономикасына бизнестің ену шамасына қарай бізде де мұндай жоспарлар етек
алуда.
Бірқатар жағдайларда бизнес-жоспарда іс-әрекеттер бағдарламасы мен жоба
біріктірілген.Операцияның бизнес-жоспарын дайындау кәсіпкерліктің барлық
нұсқалары мен түрлеріне тән болып келеді. Егер бизнес-жоспар құжат түрінде
пайда болмаса, онда ол ең болмағанда кәсіпкердің ойында өмір сүруі тиіс.
Ірі көлемді қымбат кәсіпкерлік жобалар жасау үшін, операция басталғанға
дейін бизнес-жоспар құру қажет, бұл кәсіпкерлік қызмет үшін норма болып
саналуы керек.
Ең алдымен, жоспар кәсіпкерлік операцияның мақсаты мен міндетін суреттеуден
құралады. Жоспар құра отырып, ең алдымен, операцияның көлемі мен мерзімін,
күтілетін пайданы ойластыру қажет. Бірақ кәсіпкер тек қана пайданы көздеп
қалмауы тиіс. Кәсіпкерлік іс-әрекеттер бағдарламасы әлеуметтік мақсатты да
қарастыруы тиіс. Атап айтсақ, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру,
табиғатты аялау, әлеуметтік сілкіністерді сейілту, іскерлік байланыстарды
кеңейте түсу т.б. кәсіпкердің мәртебесін, беделін арттыру, имиджін жасау
мен сақтау, экономикалық әлеуетін ұлғайту – маңызды міндеттердің бірі.
Бизнес-жоспар міндетті түрде кәсіпкерлік өнім сипаттамасынан, яғни
тұтынушыға ұсынылатын өнім, тауар және қызмет сипаттамаларынан құрылуы
тиіс. Жоспарда кәсіпкерлік операцияның түпкілікті өнімі толық суреттелуі
қажет. Жоспар тауар тұтынушылары шеңбері мен өзі қанағаттандыратын
қажеттіліктер туралы мәселеге жауап беруге арналған.[1]
Бизнес-жоспарды құру кезінде есептеу жүргізіледі, соның қорытындысы бойынша
операцияның нәтижелігі мен қажетті ресурстық қамтылу айқындалады. Тұтыну
ресурстарын анықтау кезінде кәсіпкерлік қызметке қажетті барлық құралдар
ескеріледі, бұл қажетті құралдар экономикалық және әлеуметтік тұрғыдағы
бизнес-операцияның схемаларын суреттеуде көрсетілген.
Бизнес-жоспарды жасағанда, кәсіпкерлік жобаның іске асырудың ұзақ мерзімді
салдарларына талдау жасалады. Мұнда кәсіпкер мен қоғам үшін қолайлы және
қолайсыз жағдайлар, оларға байланысты кірістер мен шығыстар ескеріледі.
Кәсіпорынның бизнес-жоспары– кәсіпорын қызметінің сапасын айқындаушы және
оны басқарудағы негізгі құралдарының бірі болып табылады. Бизнес-жоспарды
құру кәсіпорынды басқару сапасын жоғарылатып, оның ресурстарын тиімді
пайдалануға жол береді.
Нарық шарттарында және қатаң бәсекелік күресте кәсіпорын ішкі және сыртқы
өзгерістерді есепке алып, тез арада керекті амалдарды қолдануы тиіс. Бұл
бірнеше шарттарды орындағанда ғана жүзеге асады:
- басқарма және оның инвесторлары қазіргі кездегі қаржылық
жағдайды дұрыс бағалап, нарықтағы орнын анықтауы керек;
- кәсіпорын жетістікке жетуі үшін өзінің нақты және актуалды
мақсаттарына ие болуы тиіс;
- мақсат қою барысында менеджмент қарқынды түрде жоспарлауды
қолданады және ол қатаң қадағаланып, жоспардың әр пунктінің орындалғанына
көзін жеткізуі қажет;
- кәсіпорын басқармасы және инвесторлар нарықтағы жағдайды толық
түсініп, ішкі және сыртқы процестерді толық зерттеуге алады.
Бизнес-жоспар ішкі және сыртқы мақсаттарға байланысты құрылады. Көбінесе,
бұл жағдайды біздің елдің компаниялары инвестиция тартар алдында жасайды.
Алайда, бұл жұмыстың бір бөлігі ғана, себебі ол тек қана сыртқы мақсатта
ғана емес, ішкі мақсатқа орай да құрылады.
Бизнес-жоспарлаудың ішінде қызығушылық танытып отырған жақтар, яғни
салымдарының қарқындылығын бағалау үшін салым жасаған инвестор және кеңес
беруші және атқарушы кәсіпорын арасында бизнес-жоспарлау жасалады.
Бірінші кезекте, бизнес-жоспарлау инвесторға қажет болып табылады, себебі,
олардың кәсіпорындарының жағдайы жоспарға тікелей байланысты болады. Осы
себептен, бұл бизнес жоспарлау инвестордың қатысуынсыз жасалынбайды. Егер
бизнес-жоспарлау дұрыс жолмен жүріп, өз мақсатына жетсе, онда инвестордың
табысы молая түседі.
Бизнес-жоспардың түсінігі.
Бизнес-жоспар термині біздің тәжірибемізде 90-шы жылдардың басында
қолданыла басталды, ол кезде еліміз экономиканың қайта құрылуы дәуіріне
енді және заманның өзі нарықтық жағдайлардағы кәсіпорындарды басқару
қағидаларын өзгертуді талап етті. Жалпы инвестицияландыру процесінде бизнес-
жоспар маңызды элементтердің бірі болып табылады. Бизнес-жоспар-кәсіпкерлік
іскерлікпен байланысты басқарушылық шешімдердің кешенді, жүйелі түрде
түсіндірілетін, алдына қоятын мақсаттарды және одан шығатын міндеттерді
анық көрсететін, сыртқы және ішкі жағдайларды объективті бағалайтын,
мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды анықтайтын, осының бәрін
сандармен сипаттап, берілген шешімнің тиімділігін бизнеске тартылған барлық
қатысушыларға дәлелдей алатын құрал. Бизнес-жоспар барлық мүдделі тұлғалар
мен ұйымдарға іскерлік ақпараттарды жеткізуге арналған: бизнестің
потенциалды қатынасушылар мен көмекшілеріне, жергілікті әкімшілігіне,
мүмкін болатын инвесторларға, эксперттерге. Бизнес-жоспарды құжат ретінде
түсіну ондағы ақпараттардың құпиялылығын білдіреді, бұл туралы жазбалар
болуы керек. Бизнес-жоспардың мазмұны кешенді және жүйелі болуы керек, бұл
онда сақталған ақпараттардың толық екендігін білдіреді.
Бизнес- жоспар және ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау.
Бизнес жоспар жаңа өндірістік қуат құру арқылы немесе өндірісті жаңарту,
оны техникалық қайта қамтамасыздандыру негізінде жаңа өнім шығаруды іске
асыру үшін сырттан қаржы көздерін тартумен байланысты ұзақ мерзімді
инвестициялық шешімдерді негіздеуде қолданылады. Кәсіпорынның капиталды
активтеріне ресурстарды салғаннан кейін олар байланысты болып қалады да,
кәсіпорынның осы мүлік түріне салынған қаржылық ресурстардың сипаты
өзгереді, шығындардың капиталдығы олардың өндірістік процеске қатысатын
басқа шығындардың түрлерінен айырмашылығын, үлкен ақша сомасының ұзақ
мерзімге оқшаулануын білдіреді. Бұл капиталдық салыным сатып алынған
активтерді қолданудың бүкіл кезеңінде табыс әкелуі тиіс, инвестор салынған
капиталынан күтетін табысының нормасы оның басқа бір салаға салынған
салымының табыстылығынан кем түспеуіне үміттенуге құқылы.
Жұмыс істеу кезеңінің соңында активтер белгілі бір жойылу құнына ие болады
немесе ешбір жойылу құнын иеленбейді. Капиталдық активтерге жұмсалатын
ақша құралдары шикізатқа, материалдарға, еңбек ақысына кеткен шығындардан
ерешеленеді. Бұл мыналармен байланысты: - өнімді өндіруге және өткізуге
кеткен ағымдық шығындарды, құралдардың айналыс процесіндегі ұзақ үзіліске
жол бермей, өнімді өткізгеннен түсірілген пайдадан жүйелі түрде жабу керек;

- капиталдық салынымдар, кәсіпорынға ұзақ мерзім бойы табыс әкелетін
негізгі құралдар түріне айналады, сондықтан осындай шығындардың толық
ақталуы инвестиция айналысының бұдан да ұзақ мерзімде толық циклды іске
асуын білдіреді. Барлық инвестициялық шешімдер стратегиялық болып табылады,
өйткені көп жағдайларда кәсіпорынның ағымдағы шығындарын алдын- ала
анықтайды.
Бизнес-жоспар – жаңа бизнестің мақсатын немесе қызмет етіп жүрген бизнестің
дамуын, оны басқару және ұйымдастыру міндеттерін анықтаушы, қойылған
мақсаттарына жету жолдары мен әдістерін туындайтын қиыншылықтарды талдау
негізінде белгілеуші жоспарлық сипаттағы құжат. Бизнес жоспардың құрылымы
келесідей:
1.Өндірілетін өнімнің сипаты.
2.Өнімді өткізу нарығы.
3.Бәсекелестері.
4.Маркетингтің жоспары.
5.Өндіріс жоспары.
6.Өндірісті ұйымдастыру.
7.Заңдық жоспары.
8.Қаржылық жоспары.
9.Қаржыландыру жоспары.
10.Резюме.

Бизнес жоспар және оның құрылымы

Бизнес жоспар-кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсатымен оны
жүзеге асыру жолдары ,міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат.
Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның
ағымдағы жағдайы,кедергілер,жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері
т.б. реті нақты көрсетіледі. Бизнес жоспар көбінесе банктен кредит алу
үшін және оның қайтарылуын қамтамасыз етілу үшін жасалады.
Бизнес жоспар құрылымы.
1. Ұйымдастыру жоспары;

- Қызмет түрі;

- Қосымша қызметтер;

- Орналасатын жері;

- Ғимараттың статусы;

- Көлемі;

- Қонақ үйге керекті жиһаз бен жабдықтар;

- Офистік құрал-жабдықтар ;

- Қонақ үй дизайні;

- Бәселестік орта;

2. өндірістік жоспар:

- қызметерлердің штаттық кестесі;
- маусымдылығы;
- аудитория (тұтынушылар)

3. маркетингтік жоспар:
- фирманың немесе мекеменің атауы, шығу тарихы;
- қызметкерлердің ерекешелігі;
- интернет сайтын ашу;
- ғимаратты безендіру;
- полиграфиялық өнімдер;
- ашылу,презентация;

4) заңды аспектілері;
- салық төлеу жүйесі;
-қызметке қатысты рұқсат қағаздар; л
-кассалық бақылау техникасын реттеу
-бухгалтерлік есеп жүргізу;
5) қаржылық жоспар;
-қаржы көздері;
-алғашқы шығындардың жоспары;
-тұрақты шығындар;
-табыс жоспары;
- қайтару жоспары;

Бизнес-жоспардың кәсіпкерге беретін мүмкіндіктері:

- өз идеяларын жасап, оның қағаз жүзінде есептеулер жүргізіп, өмір
сүру ұзақтылығын тексере алады;
- мұндай қағаздағы вариант ішіндегі идеялар көптеген қателіктерден
және керегі жоқ шығындардан құтқарып, өз қаражатын және уақытын үнемдеуге
көмектеседі;
- кәсіпкерге кәсіпорынның жұмыс істеу механизмін жақсырақ түсіндіріп,
нарықтық ортада қателіксіз жұмыс істуіне көмегін тигізеді;
- бизнес-жоспарды жасап, бітірген кезде ол кәсіпкерге көздеген
мақсатына жетуге көмектесетін нақты зерттелген карта немесе схема ретінде
қызметін атқарады.
Бизнес-жоспарды басқа біреу жасағаны үшін құнын төлеп, жай ғана
инвестициялық проектіні алам деп ойласаңыз – бұл қателік болады. Себебі
инвестор жай ғана шикі вариантты алып, оның сұраныстарын
қанағаттандырмауы мүмкін. Бұл кәсіпкер үшін тағы да шығындарға әкеледі.
Бизнес-жоспарды жасау барысында көптеген ақпаратты жинау мен өңдеу үшін көп
күшті қажет етеді. Ал кейінгі қаржылық жоспарлау оңайырақ түседі, себебі ол
уақытылы салымдар, жоспарға өзгертулер мен толықтырулар және нарық
жағдайына тез арада әсер етуді ғана талап етеді.
Жоғарыда айтып кеткен мәселе бойынша қорыта айтқанда, бизнес-жоспарды жасау
үшін өз уақытыңыз бен қаржыны дұрыс жұмсасаңыз - өзіңіздің қалаған
жетістігіңізге тез жетесіз.
Инвестициялық проектілердің типтік құрылымында мына бөлімдер көзделеді:
1. Көрсетімділік бет– мұнда компания аты, заңды және нақты мекен-жайы,
телефоны, e-mail және сайтының аты (егер ол бар болса), компания
иеленушілерінің толық реквизиттері, проектінің аты және оған қысқаша
нұсқаулары және проектінің орындалған күні жазылады.
2. Проект резюмесі– ол проектінің негізгі бағытын және қорытындыларын
қамтиды. Резюменің мақсаты – инвесторды қызықтырып және оны проектімен
таныстыру.Резюме көлемі 2-3 бетті құрап, терминсіз жай сөздерді қамтуы
тиіс. Ол инвесторға бұл проектінің пайдасын және салымының перспективасын
көрсетеді.
3. Компания туралы мәлімет– ол компания туралы мәліметтерді қамтып,
инвестициялық проектіні ұсынады. Онда компания иеленушілері туралы ақпарат,
компания мақсаты, негізгі өнімдері меня компанияның нарықтағы орны
көрсетіледі.
4. Өнімі немесе қызметі туралы мәлімет– кәсіпорынның тауарлары мен
қызметтері және олардың характеристикасы, олардың тұтынушылары, тауар мен
қызметтің құрамы және оның нарықтағы басқа тауарлар мен қызметтен
айырмашылығы, патенттер мен лицензиялары туралы мәліметтер көрсетіледі;
5. Маркетингтік анализ– нарықтағы тауарлар туралы ақпараттар,
бәсекелестердің өнімі, бәсекелестердің тауарынан артықшылығы мен
эксклюзитілігі, бәсекелестердің аты, реквизиттері, тауар немесе қызмет
бағасы және олардың таңдаған стратегиясы жазылады.
Маркетингтік анализ – бизнес-жоспарды жасаудағы ең бірінші және маңызды
этабы болып табылады. Маркетингтік анализдегі маңызды бөлігі тауар немесе
қызмет көрсетудегі негізгі көлемі, бәсекелестердің нарықтағы бөлігі, сатып
алушылардың мотивациясы көрсетіледі.[2]
Осы бөліктің негізгі қызметі – нарық қандай тауарды қажет етеді, қай
бағамен және неге дәл осы тауарды сатып алады деген сұраққа жауап беруі.
Бұдан басқа, сол нарықтың даму тенденциясы және оның қазіргі күйінің
анализі, орташа табысы, кәсіпорынның өнім өндіруінің көлемі мен масштабы
бейнеленеді.
6. Тауардың жылжу стратегиясы– мұнда тауар немесе қызметі нарықтың
қандай сегментіне жатады, тұтынушылардың қандай категорясына негізделген,
тауар не қызмет сапасы, берілген тауарды қандай жолмен жылжытады, қандай
стратегияны қолданады, маркетингке кететін шығындар көрсетіледі. Бұл
көптеген кәсіпкерлердің бизнес-жоспарының әлсіз жері, себебі осы
факторларды ескермей келесі бөлімге көшеді. Ал бұл инвесторларды ең
қызықтыратын бөлімі.
7. Өндіріс– бұл пункт кәсіпорынның өнім өндірудегі қолданатын
технологиясын, бұл технологияны қолдану себебі, технологияның негізгі
процестері, оның жұмыс істеу схемасы және орналасу орны көрсетіледі. Егер
кәсіпорында реконструкция көзделген болса, онда осы пункте барлығы
көрсетілуі тиіс.
8. Персонал бойынша жоспар– бұл бөлімде персоналды алу бойынша
қажеттіліктер қарастырылады.Онда персоналдағы адам саны, олардың
квалификациясы, әрбір жұмысшы бойынша еңбек нарығындағы орны, персоналға
төленетін еңбек ақы сомасы, олардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі және
квалификациясын жоғарылату бойынша арнайы сабақтар мен курстар жазылады.
9. Ұйымдастыру құрылымы және оны басқару – бұл жерде басқармадан ең
төменгі статусты адамдардың қызмет бойынша топ генеалогиясы жүргізіледі.
Оларды ынталандыру, әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету көрсетіледі.
Егер басқарма өзгеретін болса, онда жаңа акционерлер құрамы көрсетіліп,
кәсіпорынның басшысы көрсетіледі. Олардың кәсіпорында алатын жаңа рөлі және
қызметі қарастырылады.
10. Қаржылық жоспар– бизнес-жоспардың ең тартымды бөлігі болып
табылады. Ол инвестициялық проектіге қажет ресурстар көрсетіп, қай уақыт
периодында жүргізіледі және маркетингтік сараптаманың қорытындысы
көрсетіледі. Қаржылық жоспарда компанияға қайдан қаражат түседі, оның
қаржыландыру көздері және мақсаттары сипатталады.
11. Проектінің тәуекелділік анализі– бұл бөлімде проектінің кейбір
тәуекелділік жағдайлары көрсетіледі: характеристикасы, оларды
минимизациялау жоспары құрылады.
12. Бизнес-жоспарға қосымша құжаттар – бұл бөлім бизнес-жоспарды
жасаудағы маркетингтік зерттеулері, спецификасы және құрылымы, бәсекелестер
менолардың тауарлар мен қызметтерінің мазмұны, жарнамалық материалдардың
көшірмесі, прайс-лист, каталог, сатып алушылардың және тапсырыс
берушілердің хаттары, контрактілер, басшылардың резюмесі және эксперттердің
сараптамасы міндетті түрде көрсетіледі.
Бұл бизнес-жоспарды жасаудың негізгі талаптары. Оның дұрыс жасалуы
компанияның келешете табыс береді ме, жоқ әлде, шығын келтіре ме, осыған
әсерін тигізеді.

1.2. Бизнес-жоспардың мақсаты, міндеттері және мазмұны

Кез келген бизнес-жоспардың мақсаты уақыттың біраз интервал шегінде
осы берілген кеңістікте жеткен , яғни "осы жерде және қазір" қызметтің
қалаған нәтижесі болып табылады.
Бизнес-жоспардың міндеті бұл- мақсатпен анықталған нәтиженің
параметрлерін немесе сандық деректердің жиынтығымен сипатталатын бизнестің
экономикалық орындылығын, техникалық мүмкіндігін, кәсіпкерлік
(коммерциялық) ұсыныстың концепциясын дәлелдеу.
Сонымен бірге инвестициондық бағдарламаны дәлелдеу, жобалық ұсынысты
іске асыру барысында қаржылық, ұйымдастырушылық саясатты қалыптастыру,
маркетингтің стратегия жұмыстарын, нарық конъюнктураларын болжау негізінде
ең үлкен экономикалық әсер алу шарттары ескеріледі.[3]
Бизнес-жоспарда келесі нақты міндеттер шешіледі:
-органдардың талаптары, шектеулері, нормативтері, құқықтық аспектілері
анықталады;
-алғашқы материалдың талдауы беріледі: ахуалдық жоспардың, бизнестің
техникалық жағдайының көрсеткіштері (егер жүріп тұрған бизнес сатып
алынса), әлеуметтік шарттар мен халықтың демографиялық құрамы және т.б.;
-осы бизнестің дамуы мен ұйымдастыруына, компенсациялық төлемдерге, және
айырылып қалу пайдасына байланысты мүмкін болатын шығындардың мөлшерлері
қарастырылады;
-мүмкін болатын нұсқалардың талдауымен бірге жаңа бизнестің жобалық
ұсынысының инвестициондық бағдарламасы қалыптасады;
-жобалық ұсынысты іске асыру формалары мен шарттары анықталады;
осы территорияда қалыптасқан кәсіпорындармен тауарды шығару шарттарын,
олардың пайда алуын, және де бюджетке қаржылық түсімдер (салықтар, жиындар,
төлемдер және басқалар) болжамдалынады;
-жобалық ұсыныстың экономикалық, коммерциялық және бюджеттік әсердің
көрсеткіштері, және де оның әлеуметтік және экологиялық нәтижелілігі
анықталады;
-маркетинг стратегиясы жасалады;
объектінің қызмет етуін ұйымдастыру мен қаржыландыру жоспары
қалыптастырылады;
-бизнестің даму шарттары, формалары, мерзімдері анықталады;
-сақтандыру шарттары және коммерциялық тәуекелдердің типтері анықталады;
-резюме, жобалық ұсыныстың параметрлері, көрсеткіштері, негізгі
сипаттамалар жиналған түрде мазмұндалады, оның артық жері, алынатын
кірістер, инвестициондық және пайдаланымдық шығындар, олардың қаржыландыру
көзі бойынша құрылымы, бюджеттік емес қорлар мен қалалық бюджетке қаржылық
түсімдердің мөлшерлері мен мерзімдері дайындалады.
Әр түрлі ағымдағы, тіпті дәл мезгілімен қабылданатын шешімдер
жоспарлауды алмастырмайды, шешім қабылдаумен салыстырғанда ол өз алдында ең
биік тәртіптегі басқару қызметін көрсетеді, нарықтық экономиканың қарқынды
өсуіне кәсіпорынның қозғалысын бағыттайтын компас ретінде қызмет етеді.
Формалды жоспарлау, әрине белгілі әрекеттерді талап етеді. Бірақ ол аз
емес пайда әкеледі: біріншіден, ол бастықтарды оқиғадан оқиғаға дейін, бір
күнмен өмір сүруге емес, болашақты ойлауға мәжбүрлейді; екіншіден,
әрекеттердің айқын үйлесімділігіне әкеледі; үшіншіден, бақылауға берілетін
қызметтің негізгі көрсеткіштерін құрады; төртіншіден, кәсіпорынға өз
міндеттерін айқын анықтауға мәжбүрлейді; бесіншіден, жағдайдың кенеттен
өзгеруіне дайындалуға, болатын өзгерістерді алдын-ала көруге мүмкіндік
береді; алтыншыдан, барлық қызмет адамдарының міндеттемелерінің өзара
байланысын көрнекі көрсетеді.[4]

1.3.Бизнес жоспарын құру жолдары

Еркін кәсіпкерлік, бизнес жоспарлаудан құралады. Ешкім де бизнесменді
өзінің бизнес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік кәсіпорынның бизнес-жоспарын жасау
Бизнес жоспар. “Апрель” ЖШС-ң бизнес жоспарын талдау
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары
Бизнес жоспардың қысқаша құрылымы
Бизнес-жоспардың теориялық және практикалық аспектілері
Бизнес - жоспардың даму стратегиясының экономикалық негіздемесі
Бизнес жоспарды жақсарту жолдары
Бизнес жоспарды құрудың теориялық негіздері
Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде
Кәсіпорынның бизнес - жоспарын жетілдіру жолдары
Пәндер