Өзара сақтандыру қоғамы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1. САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ5
1. 1 Сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны 5
1. 2 Сақтандырудың сыныпталуы 8
2. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕКЕ БАСТЫ
САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ13
2. 1 Сақтандыру нарығының қатысушылары мен қызметін талдау 13
2. 2 Жеке басты сақтандыру жүйесінің дамуын талдау 16
3. ҚР САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ25
3. 1 Жеке басты сақтандырудың шетелдік тәжірибесі 25
3. 2 Жеке басты сақтандырудың ҚР-да даму перспективалары 29
ҚОРЫТЫНДЫ32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР34
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңына сәйкес Республикамызда қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру міндетті сақтандыру түрі болып қабылданды. Аталған заң осы саладағы туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Нарықтық қатынастар дамуы кезеңіндегі мемлекет дамуының негізгі шарттарының бірі қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Нарықтық қатынастар дамыған сайын мемлекет шаруашылық субъектілер мен азаматтардың жағымсыз жағдайлар орын алған кездегі шығындарын жабу жауапкершілігін өз мойнына алуды азайта бастайды. Осы нарықтық қатынастар процесінде пайда болатын шығындардың орнын толтырудың негізгі құралы - сақтандыру болып табылады. Нарықтық қатынастарға көшу барысында сақтандыру экономиканың стратегиялық секторларының бірі болып табылады.
Егер бастапқы кезеңдерде сақтандыру біздің елімізде үлкен сұранысқа ие болмай тұрған болса, бүгінгі күні сақтандырудың Қазақстан экономикасының ажырағысыз бөлігі екендігін сеніммен айтуға болады.
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру түрткі болатын басты себеп - өндіріс пен адам өмірінің қауіп - қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалѓастыру азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоѓамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдық заттай қорларын да немесе резервтерін де, сондай- ақ ақша ресурстарын қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв жғне сақтық түрінде қалыптасады. Сақтандыру дегеніміз - сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандырудың төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру сферасы адам өмірінің өндірістік жғне әлеуметтік - экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды. Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ белгісі бар:
- сақтық категориясының ақшалай қатынасы
- сақтандырудың қоғамдық өнімінің құнын қайта бөлуге қатысуы
- сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы
- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық қатынастарының бағамалығы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Нарық қатынастары жағдайындағы жеке басты сақтандыру жүйесінің дамын талдау.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Оған байланысты келесі міндеттерді қарастырдық:
- Сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны
- Сақтандырудың сыныпталуы
- Сақтандыру нарығының қатысушылары мен қызметін талдау
- Жеке басты сақтандырудың жүйесінің дамуын талдау
- Жеке басты сақтандырудың шетелдік тәжірибесі
- Жеке басты сақтандырудың ҚР-да даму перспективалары
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады:
- I. Бөлім. Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы
- II. Бөлім. Нарық қатынастары жағдайында жеке басты сақтандыру жүйесінің дамуы
- III. Бөлім. ҚР сақтандыру нарығын дамыту.
1. САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1 Сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны
Сақтандыру ежелгі заманнан бері жүзеге асырылып келе жатқан, өзінше бағдар - бағыты бар, айырықша мүддесі - тұлғалардың мүліктеріне, жеке бастарына байланысты жайлар көзделетін қорғау, шығынды жабу, зардап-зиянды қалпына келтіру сипатындағы іс-қимыл болып табылады. Мемлекет тұрғысынан алғанда сақтандыру мемлекеттің қаржы жүйесінің элементі болып есептелінеді. Сақтандыру мемлекеттің, заңды тұлғалардың, азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғау жүйесін құрады. Сонымен қатар, ол күтпеген табиғи, техногендік және өзге де құбылыстарға байланысты мүліктік, материалдық нұқсандарды қалпына келтіруге кепілдік бере отырып қаржы жүйесін нығайтуға оң әсерін тигізеді.
Сақтандыру сақтандыру жағдайлары туындаған кезде зиянның орнын толтыруға кеткен шығындарды қаржыландыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұзақ мерзімге инвестициялаудың бір көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан аумағында өте қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқан процестердің бірегейі сақтандыру рыногын түпкілікті қалыптастыру және оның тиісті инфрақұрылымдарын құру болып отыр. Қазақстандағы сақтандыру рыногының даму жағдайының көрсеткіштері еліміздің ұлттық сақтандыруының негізі құрылғанын мәлімдеп, дәлелдеуде, сондай-ақ Қазақстандағы сақтандыру құқықтық қатынастарының бастамасы болып табылатын сақтандыру, сақтандыру қызметі, әлі де зерделеу - зерттеуін асыға күтіп жатқан аяға, оның ішінде экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастыруды әбден қажет ететін өзекті бағытқа айналып отыр.
Сондықтан, бірінші кезектегі мақсат белгілі бір мөлшерде сақтандырудың экономикалық табиғаты мен мән-маңызын, сақтандыру экономикалық тұйықталған қатынастарының ерекшеліктерін қарастыру және жете танысып - білу болып табылады. Осыған орай, сақтандыруға айырықша назар аударып отырмыз. Біздің ойымызша қазіргі кезеңдегі басымды бағыт сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталдарының ең аз мөлшерін жоғарылату және оны тек ақша қаражаттары есебінен ғана қалыптастыру. Сонымен бірге, сақтандыру ісін дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына жету үшін мына келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет:
- сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру;
- сақтандыру қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
- сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығын және беріктілігін қамтамасыз ету;
- қазақстандық және халықаралық сақтандыру рыноктарының өзара қарым-қатынастарын дамыту;
- сақтандыру қызметін көрсету рыногындағы құрылымдық саясаттың жүргізу.
Осы сақтандыру рыногындағы құрылымдық саясаттың басты көрінісі сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің арақатынастарын ұғымдыландыру. Сақтандыру аясындағы ақпараттық-талдау жұмыстарының да жеткілікті деңгейде жүргізілмей отырғанын байқауға болады. Сақтандыру ұйымдарының өздеріне қабылдаған міндеттерін бұлжытпай орындауларын бақылау жөніндегі тиімді мемлекеттік бақылау механизмін құру проблемасы да күн тәртібіндегі өткір мәселе болып табылады. Сондықтан, біздің ойымызша сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу саласында сақтандыру рыногының қызмет атқаруының нормативтік - құқықтық және әдістемелік базасын жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажет.
Сонымен бірге, осы сақтандыру ісінің қалыптасып, дамуын негіздейтін, тұйықталған бөлу, қайта бөлу қатынастары ретінде көрініс табатын айырықша сақтандыру қатынастарын реттейтін құқықтық реттеу механизмдерін құру да көзделген еді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру заңдарын, заңға сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді, сақтандыру шарттарын зерделеу, білу, игеру және меңгеру тек осы сала мамандарының үлесіндегі іс болып қана қоймай, сонымен бірге барлық шаруашылық субъектілерінің, азаматтардың әсіресе заңгерлердің де міндетті түрдегі қажеттілігіне айналып отыр.
Сақтандырудың экономикалық маңызы оның функциялары арқылы да көрініс табады. Олар сақтандырудың қаржы жүйесінің буыны ретіндегі ерекшеліктерінің қаржылардың функцияларына сәйкес келетінін көрсетеді. Сонымен, біздің ойымызша сақтандыруға мынадай функциялар тән болады: жұмылдыру функциясы; бөлу, қайта бөлу функциясы (тәуекелдік функция; алдын алу функциясы; жинақтау функциясы) ; бақылау функциясы. Жұмылдыру функциясының көмегімен мақсатты сақтандыру қорының қаражаттарын сақтандыру жарналары есебінен қалыптастыру қызметі жүзеге асырылады.
Сонымен, сақтандыруды жүргізуге байланысты өте күрделі, сақтандыруға қатысушылардың әр түрлі сақгандыру мүдделерін көрсететін, әралуан сақтандыруға жататын объектілер мен өте кең шеңбердегі сақтандыру оқиғаларын қамтитын арнайы қатынастар туындайды.
Осы сақтандыру қызметі біртектес тәуекелдер қағидаттарына негізделетін әртүрлі салаларға бөлінеді. Осы сақтандыру салалары өздеріне орай былайынша топтастырылады: сақтандыру объектілері бойынша; сақтандыру өтемдерінің түрлеріне байланысты; баланстың құрылымына байланысты болады.
Сақтандыру объектісіне жеке басты сақтандыру, мүлікті сақтандыру және жауапкершілікті сақтандыру жатады. Ал сақгандыру өтемдерінің түрлеріне байланысты мынадай құрылымды көрсетуге болады: зиян-залалды сақтандыру немесе зиянды қалпына келтіру (өтеу) өзінше үшке бөлінеді: жеке басқа байланысты залалдарды сақтандыру; келісім бойынша төленетін соманы сақтандыру; өмірді сақтандыру; қатерлі жағдайлардан сақтандыру; медициналық сақтандыру. Міне, осындай негіздерге орай залалды және соманы сақтандыру ісі орындалады.
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдіс.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады.
Сақтық қорлар - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден-бір бөлігі.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық корлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтық рыногінде пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Сақтық жүйе республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандырудың жалпы жүйесі үш бөліктен тұрады:
- қоғамдық қорғаудың жүйесі;
- әлеуметтік сақтандыру (қорғау) және әлеуметтік қамсыздандыру;
- жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру - сақтық ұйым өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды, ол өтемдік және жиналымдық функция атқарады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мудделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта біліктік қатынастардың айрықша сферасы.
1. 2 Сақтандырудың сыныпталуы
Сақтандыру көпқырлы болып келеді: ол әр түрлі сақтандырушылар мен сақтандыру объектілерін қамтып, сақтандыру шарттарына қарай, сақтандыру жауапкершілігінің көлемі бойынша, ажыратылады. Ол ерікті түрде немесе заң күші арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сақтандыру қатынастарының алуан түрлілігінде дұрыс бағыт алып, біртұтас өзара байланысты жүйе құру үшін сақтандыру сыныптамасы қажет.
Сақтандырудың сыныпталуы кез-келген басқа да сыныпталу секілді сақтандыру жүйесін бір-бірімен өзара тығыз байланысты буындардан құрайды.
Отандық сақтандыру нарығында сақтандырудың сыныпталуы негізі екі критерийден құралған: сақтандыру объектілерін ажырату және қауіптілік деңгейі. Сақтандыру объектілері бойынша сыныпталуында жоғарғы буын - сала, ортаңғы буын- кіші сала немесе сынып, төменгі буыны - сақтандыру түрі болып отыр.
Салаларға бөлудің негізінде сақтандыру объектілері бойынша бөлу жатыр. Осы уақытқа дейін сақтандру қатынастарының барлық жиынтығы үш салаға бөлініп келді, олар: мүліктік сақтандыру, жеке сақтандыру, жауапкершілікті және кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру. Алайда, жауапкершілікті сақтандыру және кәсіпкерлік жауапкершілікті сақтандыру ең алдымен сақтаушылардың мүліктік мүдделерін қорғайды, яғни, сақтандыру арқылы материалды шығындар атап айтқанда - мүліктің немесе табыстың жоғалуынан болған зардаптың орны толтырылады. Жауаптылықты сақтандыру кезіндегі үшінші бір тұлғаның денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру да сайып келгенде, материалдық шығынның орнын толтыруға келіп тіреледі (емдеуге қажетті шығындар, жерлеу рәсіміне кететін шығындар немесе жалақыны жоғалтқан жағдайдағы орнын толтыруға кететін шығындарды айтуға болады) .
Сондықтан да еліміздің сақтандыру нарығы қазіргі кезде екі салаға бөлінеді: мүліктік сақтандыру және жеке сақтандыру. Мүліктік сақтандыру өз кезегінде 4 кіші салаға бөлінеді: жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру, кәсіпорындар мен ұйымдардың мүліктерін сақтандыру және жеке азаматтардың мүліктерін сақтандыру.
Жеке сақтандыру екі кіші сала бөлінеді: өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру.
Сақтық қызмет - сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарының жасау мен орындауға байланысты ҚР-ның заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі өмірді сақтандыру саласы және жалпы сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады. Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадый сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру. Ал жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
- жазатайым жағдайлардан және аурудан сақтандыру
- медициналық сақтандыру
- теміржол көлігін сақтандыру
- автомобиль көлігін сақтандыру
- әуе көлігін сақтандыру
- су көлігін сақтандыру
- жүктерді сақтандыру
- 3-ші және 7-ші тармақшаларда аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
- кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
- автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкешілігін сақтандыру
11) теміржол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
12) әуе көлігі иелерінің жауапкершілігін сақтандыру
13) су көлігі иелерінің жауапкершілігін сақтандыру
14) тасмалдаушының жауапкершілігін сақтандыру
15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
16) 10-шы, 14-ші тармақшаларда аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтірген үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.
Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленеді.
Сақтандыру түрі сақтандыру ұйымы сақтандыру шарттарын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру - сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру - сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру - көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Автокөлік құралы иесінің жауапкершілігін сақтандыру - азаматтық жауапкершілікті сақтандыру сақтанушы сақтандырылушы кінәсынан болған автокөлік оқиғасынан зардап шеккен тараптың пайдасына зиян өтемақысын көздейді. Сақтандырушы сақтандыру шартымен көзделген сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде сақтандыру жағдайымен туындаған нақты шығынды төлейді.
Жүктерді сақтандыру - жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандыру - мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру - кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандырады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-кұқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру - шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.
Тәуекелді сақтандыру - бұл тәуекелді шектеу немесе оны азайту жолында жасалатын мақсатты түрдегі әрекет, тәуекелді тапсыру кезінде жасалатын тәуекелді қаржыландыру тәсілі, осындай жолмен жетістік шегінде және сақтандыру шартына сәйкес кері салдар жүгін субъектің өзі емес, сақтандыру ұйымы көтереді.
Құрылыс-монтаждық тәуекелдерді сақтандыру - қолданыстағы барлық материалдарды, құрылыс алаңының жабдығы мен құрылысқа қажетті құрал-саймандарды, құрылыс машиналарын, аймақты тазалау, қоқысты шығару шығыстарын, қосымша құрал-жабдықтарды (мысалы, уақытша бөгеттерді) қоса алғандағы құрылыс және монтаждық жұмыстарды сақтандыру.
Бизнестегі үзілісті сақтандыру - мүлікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып есептелетін оқиғаның орын алу салдарынан өндірістің тоқтауынан туындаған залалдан сақтандыру. Сақтанушының өнімді өндіру, жұмыс, қызмет және сақтандырылған шаруашылық қызметін жалғастыру шығысының айналымын қысқарту нәтижесінде толық алынбаған табыстан жиналған қызметтегі үзіліс шығыны өтеледі.
КАСКО сақтандыру - көлік құралын және оған орнатылған қосымша құралдарды иелену, пайдалану және меңгеруге қатысты тұтынушының мүліктік мүддесін сақтандыру. Заң бойынша, сақтандыру тәуекелдеріне ЖКО, айдап әкету, ұрлау, үшінші тұлғалардың бүлдіруі, өрт, көлік құралының жарылуы, табиғи апаттар (найзағайдың соғуы, жарылыс, су тасқыны, жер сілкінісі, топырақтың шөгуі, боран, дауыл, сел, бұршақ, көшкін), жануарлардың шабуылы, КҚ-ның үстіне заттардың құлауы енеді.
Жауапкершілікті сақтандыру - жауапкершілікті сақтандыруда сақтанушының (сақтандырылушы тұлғаның) үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлігіне келтірген зиянды өтеуімен байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру нысаны болып табылады.
Үшінші тұлғалардың алдындағы жалпы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру - сақтанушының сақтандырылушының үшінші тұлғалардың мүлігіне, өмірі мен денсаулығына келтірген зияны үшін тартатын жауапкершілігі үшінші тұлғалардың алдындағы жалпы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру нысаны болып табылады.
Тауар өндірушінің, қызмет ұсынушының жауапкершілігін сақтандыру - тауар өндірушінің қызмет ұсынушының өзінің өндірген тауарын ұсынған қызметін пайдалану нәтижесінде жеке тұлғаға немесе мүлікке келтіруі мүмкін зиян үшін көтеретін жауапкершілігі оның азаматтық жауапкершілігін сақтандыру нысаны болып табылады.
Директорлар мен кеңсе қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру - өз әрекеттері нәтижесінде компания акционерлеріне келтірілуі мүмкін залал үшін компания басшыларының көтеретін жауапкершілігі директорлар мен кеңсе қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру нысаны болып табылады.
Кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру - кәсіби мамандардың нәтижесі залалға әкеп соқтыруы мүмкін қате әрекеттері кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру нысаны болып табылады.
Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру - өз қызметкерлерінің мүлігіне, өмірі мен денсаулығына келтірілуі мүмкін зиян үшін көтеретін жауапкершілігі жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру нысаны болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz