Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 НЕГІЗГІ ҚОР ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ОНЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТІЛУІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... 4
1.2 Негізгі қорлар құрамы мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Негізгі қорлардың тозуы мен
амортизациясы ... ... ... ... ... .. ... ... 13
2 № 1 ҚТЦ – НЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІН
ЕСЕПТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 № 1 қаңылтыр таптау цехының қысқаша сипаттамасы ... ... ..16
2.2 Өнім көлемінің орындалуы мен жұмыскерлер санын есептеу.18
2.3 Негізгі қорды
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .19
2.4 Негізгі қордың қозғалысы мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.5 Амортизация аударымын
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.6 Еңбек өнімділігінің
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.7 Өнімнің өзіндік құнын
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3 ЖОБАЛЫҚ
ШЕШІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...28
3.1 №2 методикалық пешті күрделі жөндеуден
өткізу ... ... ... ... ... ...28
3.2 Жобалық шешімнің экономикалық тиімділігін есептеу ... ... ... 29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

КІРІСПЕ

Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін
осы заманғы ғылыми теория мен тәжірибені бірге ала отырып, әдістері мен
тәсілдерін қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика
пәндерінің арасында кәсіпорын экономикасы, оның ішінде негізгі өндірістік
қорларды тиімді пайдалану жолдары елеулі орын алады.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өту нәтижесінде кәсіпорындар үшін
жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашыла бастады [1].
Нарықтық баға белгілеу жүйесі кәсіпорындарды неғұрлым мол пайда
әкелетін бағыт-бағдарын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорындардың
өздерінің өндірістік потенциалын толығымен пайдалану жолдарын іздеуді
ұйғарды.
Өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалануды жақсартуға
бағытталған шешімдер қаншалықты тиімді болса, кәсіпорынның жағдайының
соншалықты тұрақты болуы да сөзсіз.
Нарықтық қатынастарда экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін кез
келген кәсіпорын өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге кететін шығындарды
максималды түрде азайтуды көздейді. Өндіріске кететін шығындарды
минимизациялау нұсқаларының бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Солардың
ішінде ең негізгісі болып табылады: кәсіпорынның негізгі қорлары, құрамы
мен құрылымы, тозуы мен амортизациясы және пайдалану мен талдау жасау.
Кәсіпорын өндірісінің тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторының
бірі – негізгі қорларды қажетті санымен, ассортиментімен қамтамасыз ету
және жалпы көлемде пайдалану болып табылады.
Әр кәсіпорын үшін негізгі қорлардың тым ескіруіне жол бермеу,
кәсіпорынға мөлшерден жоғары шығындардың асып кетуін болдырмайтын
нұсқаларының тиімдісін таңдау – негізгі қағидалардың бірі болып есептеледі.

1. НЕГІЗГІ ҚОР ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ОНЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ

1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы

Кәсіпорынның  бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда
бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты.
Осындай құралдардың көзі ретінде негізгі қорларды жатқызуға болады.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге асырылуы
тек қана негізгі қорлардың іс жүзінде ықпалыменен болады.
Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің
бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік
қорлардың бір бөлігі.
Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың
анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған
нұсқаларын ұсынуға болады:
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары –  еңбек құралдарының
құндылық белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын
өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік
циклдардың қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай
ауыстырады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары –  бұл еңбек құралдары болып
табылады, олар көптеген өндірістік циклдарда қатысады, өздерінің
натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын
біртіндеп ауыстырады. Негізгі қорлар – еңбек құралдарының құндылық сипаты
болып табылады.  Негізгі құралдардың басты белгісі оның өз құнын дайын 
өнімге  біртіндеп  көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен
тозу көлеміне  байланысты.
Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық
базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен
еңбектік техникамен қарулану деңгейіне байланысты болады.
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген
топтастыруына қарай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік
емес объектілер кіреді.
Өндірістік  бағыттағы  негізгі  қорларға:
• Өнеркәсіп,
• Құрылыс,
• Ауыл  шаруашылығы,
• Автомобиль көлігі,
• Байланыс,

• Сауда,
• Ғимараттар,
• Құрылыстар,
• Машиналар,
• Жабдықтар мен  басқа  да еңбек құралдары жатады. 
Олар  өндіріс  процесіне  ұзақ  уақыт  қатысады.
Өндірістік  емес қорларға:
• Тұрғын-үй,
• Коммуналдық шаруашылық,
• Денсаулық сақтау,
• Білім беру,
• Мәдениет,
• Спорт  салаларына  бөлінеді. 
Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы күшін
ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама  әсер
етеді.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және
пассивтік болып бөлінеді.
Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей  өндіріске, өнімнің
(қызмет, жұмыс) мөлшері  мен  сапасына  ықпал  етеді.
Пассив  бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс  және өндірістік
процеске қажетті жақтарын құрап, жағдай  жасайды.
Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен 
атқаратын қызметіне қарай мына топтардан  тұрады:
• Үйлер;
• Ғимараттар;
• Өткізбелік тетіктер;
• Күш машиналары;
• Жұмыс машиналары мен жабдықтар;
• Есептеуіш техникалары және олардың бағдарламалық құралдары;
• Тасымалдау құралдары;
• Құрал-саймандар мен жабдықтар;
• Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары;
• Өнім және жұмыс малдары;
• Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;
• Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері және басқа да
негізгі қорлар деп бөлінеді.
Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт
сөндіретін шаруашылық құралдары және т.б. кіреді.
Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы өндірістегі және
тиімділігін көтеру маңызы әрқалай болады. Негізгі қорлардың белсенді бөлігі
өндірістегі еңбектің техникалық қарулану деңгейіне тікелей байланысы бар,
яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және

құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы  және
көлеміне үлкен  әсерін тигізеді.
Өндірістік қорлардың басқа бөліктері өндіріс үрдісінде жанама
қатысады (өткізбелік тетіктер), олар машиналар мен құрал-жабдықтарды 
пайдалануда қажетті жағдайлар ұйымдастырады, себебі, машиналар өндіріс
процесінің тірегі болып табылады. Кәсіпорынның материалдық-техникалық
базаның деңгейі негізгі қорлардың белсенді бөліктерінің саны мен сапасына
қарай анықталынады.
Меншіктік қатынасына қарай қорлар өзіндік және уақытша жалға алынған
болып бөлінеді. Өзіндік қорлар кәсіпорынның меншігіндегі қорлары болып
табылады, ал жалға алынған қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар
болып есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады.
Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын
жүргізу үшін  мынадай  сатылардан  тұрады:
• Негізгі қордың тозуы;
• Амортизация;
• Негізгі қорды  толық  қалпына  келтіру  үшін  жинақталған қаражаттар;
• Капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.
Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор құрылымы
мынадай факторлармен анықталады:
• Өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты,
• Өндірістің техникалық деңгейі,
• Мамандыру және т.б.
Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі
қорлар өндірістік процесте:
• Натуралды;
• Ақшалай нысанда зерделенеді.
Натуралды  нысандағы  құралдардың  есебі:
• Негізгі  қорлардың  техникалық  құрамын;
• Кәсіпорынның  өндірістік  қуаттылығын;
• Құрал-жабдықтарды  пайдалану  дәрежесін;
• Басқа  да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.
Негізгі  қордың  ақшалай  нысандағы  есебі:
• Негізгі  қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;
• Амортизациялық  аударымдардың есебін;
• Дайын  өнімді  тасымалдау құнын;
• Капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін 
анықтайтын  қажеттілік[10, 156б].
Негізгі қорларға жататын негізгі құралдар пайдалану дәрежесіне қарай
келесі негіздемелерге бөлінеді:
• Пайдалану түріне;

• Запасты (резервті) құру түріне;
• Құрастыру, құрылу кезеңдеріне, қайта құрастыру, модернизация және
бөлшекті ликвидация кезеңдеріне қарай бөлінеді.
Объектілерге құқықтық иемдену тәуелділігіне қарай негізгі құралдар
былайша жіктеледі:
• Меншіктік құқығы негізінде ұйымға жататын негізгі құралдар объектілері
(соның ішінде жалға өткізілгендер);
• Шаруашылық  жүргізу немесе басқарудың меншіктік құқығы негізінде
ұйымның қарамағындағы негізгі құралдар объектілері;
• Ұйымнан жалға алынған негізгі құралдар объектілері[11, 137б].
Кәсіпорынның  өндірістік тиімділігі нарықтық экономиканың негізгі
категорияларының бірі болып табылады. Өндірістің экономикалық тиімділігі –
бұл екі өлшемнің жалпы түрдегі өндірістің сандық көрсеткіштердің қарым-
қатынасы, яғни шаруашылық өндіріс нәтижелері және өндіріс шығындары.
Өндіріс тиімділігін есептеп шығару үшін кәсіпорын экономикасында
келесі формулалады қолданады:
Негізгі  капитал рентабелділігі:
       
     
(1)

мұндағы:
     П – таза пайда;
     К н –  негізгі капитал.
Рентабелділікті реттеудің экономикалық әдісмтемелерге капитал
рентабелділігі, өнімі рентабелділігі, активтердің рентабелділігі (қор 
қайтарымы) жатады.
Өзіндік капитал  рентабелділігі:

           
                                        (2)
               
мұндағы:
     К ө –  өзіндік  капитал.
Жалпы рентабелділік пайданың негізгі  өндірістік және айналым
қорларының орта жылдық құнына қатынасын есептеледі:
Жалпы рентабелділік:

                                      
                                (3)
         
мұнда:
     П б − баланстық пайда, яғни қызмет түрлері бойынша кәсіпорын
байлансындағы пайданың  жалпы сомасы;
      НӨҚ және АӨҚ − негізгі  өндірістік және айналым  қорларының

орта жылдық құны.
Кәсіпорынның негізгі қорларының тиімділігін көтеру барысында
қорлардың қорқайтарымы көрсеткіштерін есептейді.
Қор қайтарымы:
                 
                                    
                               (4)

мұндағы:
     Q – өндірілген өнім көлемі (ақшалай  түрінде);
     Ф орт. – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.
Бұл формула негізгі өндірістік қорларды пайдалану деңгейін талдау
үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығының
арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтағанға
қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, онда бұл өте оңды
нұсқа болып есептеледі. Өйткені, осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең
жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымның қарсы көрсеткіші – өнімнің қор
сыйымдылығы (Ф с). Бұл өнімнің өлшемін шаққандағы негізгі қордың құнын
сипаттайды (теңге).
Қор сыйымдылығы:
                Ф орт.
       Ф с = ––––       
     (5)
Q
    
Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының
төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше
көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың
жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды
жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді
пайдалану қажет. Сонымен бірге, негізгі қорлардың қандай деңгейде
пайдаланатынын, жалпы және жеке көрсеткіштер арқылы есептеп шығаруға,
өзгерістердің пайда болу себептерін зерделеуге, өнім өндірісінің көлеміне,
басқа көрсеткіштерге негізгі қорлардың қаншалықты ықпал ететінін есептеуге,
кәсіпорынның және құрал-жабдықтардың өндірістік қуаттылығының пайдалану
дәрежесін зерттеуге, негізгі құралдардың тиімді пайдалану резервтерін
шығаруға экономикалық талдаулардың тиімділігі зор.
Талдау жасау әдетте негізгі  қорлардың көлемін, олардың динамикасы
мен құрылымын зерттеуден басталады. Біз айтып кеткендей, қорлар өндірістік
және өндірістік емес болып бөлінеді.
Кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігін жоғарылатудың маңызды
факторларының бірі – негізгі қорлармен қамтамасыз етілу, олардың
керектімөлшерде, ассортиментте және толықтай пайдалануы күтіледі.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын өндірістік қорлар анықтайды,

әсіресе, белсенді бөлігін (жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтар) және енжар
бөлігін де ерекшелеу керек. Сонымен бірге, бөлек топтарды өзіндік қызметі
бойынша (өндірістік бағыттағы ғимарат, қоймалар, жұмыс машиналары мен күш
машиналары, жабдықтар, өлшеуіш приборлар мен құралдар, көлік құралдары және
т.б.) бөліп көрсетеді. Мұндай детализация құрылымды оптимизациялау
негізінде пайдалану тиімділігін жоғарылату резервтерін шығарып көрсетуге
қажет болады.
Келесі талдау жасаудың қадамы – кәсіпорынның негізгі өндірістік
қорлармен қамтамасыз етілуі зерттеледі. Машиналардың кейбір түрлерімен,
механизмдерімен, құрал-жабдықтармен, ғимараттармен қамтамасыз етілуі
өнім өндірісінің нақты көрсеткішінің және жоспарлы көрсеткішінің салыстыру
қажеттілігімен орындалады.
Келесі  формуларда кәсіпорынның қормен қамтылуын есептеуге болады.
Қормен  қамтылу:
                     Ф орт
      Ф қамт  = --------------
                                                                             
(6)
                      S өнд
мұнда:
     S өнд – өндірістік алаң ауданы, га

Қормен қарулануы және техникалық қарулануы кәсіпорынның негізгі
өндірістік қорларының деңгейін, жалпы өнімі  көрсеткіштерін қамтамасыз
етілуі еңбектің қормен қарулануы мен техникалық қарулануы болып табылады.
Жалпы еңбектің қормен қарулануы орташа жылдық өндірістік қорлардың
құндылығының ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санына қатынасы
болып  есептелінеді.
Еңбектің  техникалық  қарулану деңгейі өндірістік жабдықтардың ең көп
ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санының қатынасымен анықталынады. Оның
өсу қадамы еңбектің өнімділігінің жоғарылауымен сәйкес болады. Еңбек
өнімділігінің өсімі еңбектің  техникалық  қаруланумен салыстырғанда
ілгерілеу қозғалуы кәсіпорын үшін  тиімді болып есептелінеді.
Қормен  қарулануы:
                  
    Ф орт.
     Ф қ.қ. =
–––––                                                                        
              (7)
                   Ж өөп
мұнда:
     Ж өөп – өнеркәсіптік-өндірістік персоналдардың саны.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға
бағытталған нақты жобаларды жасап шығаруды ұйымдастыру үшін соңғы жылдарда
қандай деңгейде пайдаланғаны туралы толық талдаулар жасалуы қажеттілігін
туғызады. Осы үрдіс кезеңінде өндірістік қорларды

пайдаланудағы кемшіліктерді тауып, оларды шешу жолдарын анықтау қажеттілігі
пайда болады. Келесі формулада кәсіпорындардың негізгі қорларды тиімді
пайдалану барысында инстенсивті коэффициентін есептеп шығарады.
Интенсивті  коэффициент:
                       Ө ф
          К инт. = –––                    
                                                                 (8)
                       Ө м
мұнда:
     Ө ф  және Ө м – құрал-жабдықтың фактілі және мөлшерлі
өнімділігі.
Келесі  формуламызға қарап, кәсіпорынның негізгі  қорларды
пайдалануда өндірілетін  өнімнің санына, көлеміне байланысты экстенсивті
коэффициентті қолданады.
Экстенсивті коэффициент:
                   Т ф
     К экс  =
––––;                                                                        
          (9)
                   Т к

                  Т ф
      К экст =
––––––.                                                                    
    (10)
                   Т п
мұнда:
     Т ф – құрал-жабдықтың фактілі жұмыс істеу уақытының қоры;
     Т к және Т п – құрал-жабдықтың календарлы және жоспарлы (тиімді)
жұмыс істеу уақытының қоры.
Кәсіпорынның интенсивті және экстенсивті коэффициенттерімен
есептелген нәтижелерін келесі формуланы пайдаланып, интегралды
коэффициентті шығара аламыз.

2. Негізгі қорлар құрамы мен құрылымы

Кәсіпкершіліктің негізгі мақсаты, өндірістен пайда табу –
инвестирлеу, өндірісті жүзеге асыру және тұтыну, зндіріс кеңінен қамтитын
капиталды жоспарлау.
Капитал айналымның нақты кезеңінен тәуелді, тек әртүрлі түрде
үздіксіз қозғалыс үрдісінде айналады. Капитал айналымы капиталдың
айналымымен сәйкес келмейді. Әрбір айналымның нәтижесінде кәсіпкерге ақша
түрінде тек несие капиталының бір бөлігі ғана қайтып келеді; капиталдың
толық айналымы, егер барлық капитал құны иесісіне алғашқы салынған ақша
түрінде қайтып келген жағдайда жүзеге асады. Капиталдың әртүрлі
элементтерінің айналымы бірдей болмайды. Капиталдың айналым құнының әртүрлі
қызметіне байланысты капитал негізгі және айналымды болып бөлінеді. Негізгі
капитал құрамына еңбек құралының құны, ал айналым капиталға – зат құны,
еңбек және жұмысшы күші кіреді.
Батыс елдерінің экономика пәніне арналған оқулықтарында негізгі және
айналымды капитал жайлы тұтас түсінік берілмеген, бұл әртүрлі елдерде
қабылданған есеп беру және бугалтериялық есептердің ерекшеліктеріне
байланысты. Отандық теорияда және іс жүзінде негізгі қорлар және айналым
құралы деген терминдер кездеседі.
Егер негізгі қорлар құрылымының тиімділігі белсенді бөліктердің
меншікті салмағымен сипатталады, соның ішінде машина және жабдықтармен,
сонымен қатар негізгі қорлар құрылымын жетілдірумен, оның тиімділігін
жоғарлату осы элементтер үлгісін жоғарлату бағытында жүзеге асу керек.
Негізінде осы негізгі қорлардың үздік беталысы өзгерістерге әрқашан да
төтеп бере алмайды. Ауытқу көптеген әртүрлі себептерге: жеке салалардың,
жаңа құрылыс не қайта құру қарқынының көлемінің , дамуының азайуына не
баяулауына байланысты болу мүмкін және т.б.
Пассивті бөлікке өндіріс үшін жағдай жасайтын жағдайларды, тікелей
өндірісті емес өнімді құрайтын негізгі қорды жатқызуға болады. Осы
бөлікті әдетте ғимарат және құрылыс, жиі – беріліс қондырғылары, сонымен
қатар көлік құралдары, құрал – саймандар және т.б. құрайды.
Қолданыстағы жіктеме әрқашан негізгі қорларды өнеркәсіп өндірісінде
атқаратын рөлі тұрғысынан нақты қарастыруды қаматамасыз етпейді. Өз
кезегінде, негізгі қорлар құрылымының дәлдігін белсенді және пассивті
бөліктер қатынасы түрінде, олардың салалық тегін қызмет құрамын қарастыруға
мүмкін емес. Біл негізгі қорлар тобын үлкен топтау жіктемесінің болуына
байланысты, соның ішінде өндірістің кен байыту саласында.
Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлесінің дамуы тікелей нәтиже
береді, өнімді өндіруді жоғарлатады және кәсіпорын көрсеткішін жақсартады.
Ғылыми – техникалық прогрестің жедел дамуы жалпы өндіріс және жеке салалар
бойынша негізгі қордың белсенді бөлігінің жоғарлауының жалпы беталысына
әсер етеді. Негізінде, жаңа кәсіпорындарда негізгі қордағы жабдықтар
құнының жеке салмағы, ескі кәсіпорындарға қарағанда жоғары.
Пассивті бөлікті талдауды ескерусіз қалдырмау керек. жеке жағдайларда
пассивті бөліктің жоғары дамуы мүмкін. Бұл ерекше өндіріс жағдайын қажет
ететін өнімді өндіруге байланысты болуы мүмкін, мұнда жаңа өндіріс
ғимаратының құрылысын салудағы күрт жоғарлайды. Негізгі қордың пассивті
бөлігінің жоғары дамуы, кейде қазіргі әлеуметтік талаптарға сәйкес ескі
кәсіпорынды қайта жабдықтауға күрделі қаржы салу есебінен жүзеге асады.
Бірақ басқада тең жағдайларда негізгі қордың белсенді бөлігінің үлесінің
жоғарлауын, өте тиімді жобалау, озық жабдықтар орнату арқылы жүзеге асыруға
болады.

Негізгі қорлар құрылымына біріншіден, кәсіпорынның техникалық деңгейі
әсер етеді. Өндіріс үрдісін механизациялау, кәсіпорынды озық техникамен
жабдықтау, негізгі қордың жалпы құнындағы жұмысшы машиналар және
жабдықтардың меншікті үлгісін жоғарлатады. Өндірісті автоматтандыру және
электрлеу күшті жабдықтар мәнін күшейтеді. Өндіріске ағымды әдістерді
енгізу ішкі және цех аралық көлік құралдарының үлесін жоғарлатады.
Кәсіпорынның техникалық деңгейінің жоғары дамуы өндіріске әртүрлі аспаптар
және реттейтін қоңдырғыларды қарқынды енгізуді қажет етеді.
Қазіргі кезеңдегі техникалық прогресс қоғамдық еңбектің бөлінуінің
сапалы дамуы үшін негіз болады. Негізгі қордың белсенді бөлігінің жоғары
дамуы еңбек өнімділігінің және өндіріс тиімділігінің жоғарлауының негізгі
қоры болып табылады. Сонымен қатар соңғы жыл ішінде байқалған негізгі
қордың белсенді бөлігінің төмендеуі, өндірістің капитал сыйымдылығының
жоғарлауына, ғимарат және құрылыс құнының жоғарлауына байланысты. Негізгі
қорлардың өндірісті құрылымының озық өзгеруінің экономикалық мәні, оның
ішінде, басқарудың қажеттілігі, оның өзгеруімен негізгі қорлар тиімділігін
жоғарлату мақсатымен байланысты.
Негізгі қорлар құрылымы сонымен қатар өндірістің географиялық
орналасуына да байланысты. Қатаң климатты жағдайларда кәсіпорын ғимаратының
құрылысына салыстырмалы үлкен күрделі қаржы салуды қажет етеді. Шаруашылық
тұрғысынан игерілмеген ауданда кәсіпорынды салуда құрылыс және көлік
құралының меншікті үлесі шамалы түрде жоғарлайды, инфроқұрылымды
құрастыруға арналған шығындар да өседі. Мұнымен елдің шығыс және батыс
аудандарындағы негізгі қорлар құрылымының ерекшелігі түсіндіріледі.
Негізгі өндіріс құрылымына әсер ететін негізгі фактор кәсіпорын
көлемі болып табылады. Ірі кәсіпорындарда шағын кәсіпорындармен
салыстырғанда, негізінен, машиналар және жабдықтардың меншікті үлесі өте
жоғары, ғимарат және құрал – саймандар үлесі өте төмен, өйткені өндіріс
көлемі тиімді пайдаланылады, онда үлкен көлемде жабдықтар орналасқан, бұл
ғимаратқа, құрылысқа, құрал – сайманға салынатын күрделі салымды үнемдейді.
Негізгі қорлар құрылымына өндірісті ұйымдастыру түрі әсер етеді.
Сонымен мысалы, ғимарат және жабдықтар арасындағы қатынас мамандану және
өндірісті ұйымдастыру деңгейіне тәуелді. Аралас өндіріс салыстырмалы қойма
ғимаратына деген сұранысты қысқартады. Өндірісті алаңдарды қосымша
қызметтен және осы кәсіпорынға қажет емес өндіріс құралынан босату,
жабдықтардың дұрыс орналасуы, жетілген технологиялық үрдістер,
автоматтандырылған және шағын көлемді машиналарды енгізу ненгізгі өндіріс
құралынан босату, жабдықтардың дұрыс орналасуы, жетілген технологиялық
үрдістер, автоматтандырылған және шағын көлемді машиналарды енгізу негізгі
өндіріс қорындағы негізгі үлестегі жабдықтардың меншікті үлесінің
жоғарлауына әсер етеді.

Өңдейтін және өндіретін өндірістегі негізгі қорлар құрылымы әртүрлі.
Егер біріншінің құрылымындағы негізгі қорда машиналар және жабдықтар үлесі
жоғары болса, екіншісінің құрылымында ғимараттар үлесі үлкен.
Негізгі қорлар құрылымына өндірісті мамандандыру және шоғырландыру,
кооперация үлкен әсер етеді. Шоғырландыру және мамандандыру деңгейі
қаншалықты жоғары болса, соншалықты механизациялау деңгейі жоғары және
машина , жабдықтар үлесі де жоғары.
Әртүрлі салаларда негізгі қорлар құрылымы бірдей емес, ол қандайда
бір саланың экономикалық өзіндік ерекшеліктеріне қатысты түсіндіріледі.
Негізгі қорлардың өндірісті құрылымы өнімнің қор сыйымдылығына, ішкі
өнім және ұлттық үлесіне үлкен әсер етеді.
Салалық құрылымдардағы негізгі қорларда қаншалықты жоғары қорлы
сыйымдылықты салалық меншікті үлес үлкен болса, басқада тең жағдайда,
соншалықты өндірісті өнімнің қор сыйымдылығы және ұлттық кіріс үлкен
болады. Өндірісті құрылымда машина және жабдықтардың меншікті үлесінің
негізгі қорларының жоғарлауымен, әсіресе технологияда, өнімді өндіру
жоғарлайды сонда негізгі қорлардың жалпы көлемінде және сондықтан, өнімнің
қор сыйымдылығы және ұлттық кіріс төмендейді.

3. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы

Негізгі қорлар кәсіпорын қызметіне бірнеше ұзақ жылдар бойы қызмет
етеді де, физикалық және моральдық тозу процесіне ұшырайды.
Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен,
техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік
ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп
алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.
Негізгі қорлардың тозуы –құндылықтарының пайдалану кейпінде не
болмаса жұмыс істемейтін күйінде негізгі қорлардың тұтынушылық
ерекшеліктері мен бөліктік немесе толық ысырапқа ұшырауы.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын
жасайды. Ол мынадай сатылардын тұрады:
− Негізгі қорлардың тозуы;
− Амортизация;
− Негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы;
− Негізгі қорларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Өндіріс процесіне қатысуымен негізгі қорлардың кез келген
объектілері:
− Табиғи;
− Сапалық тозуға ұшырайды.
Негізгі қорлардың табиғи немесе физикалық тозуы олардың өндіріс
процесіне қатысу нәтижесіне және негізгі қорлардың пайдалануға тікелей
қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлар әсерінен: ылғалдан, атмосфералық
құбылыстар нәтижесінде, металдардың тот басуымен, ескіруінен пайда болады.
Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың өндірістік тұтыну барысында
және табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған
негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары
арқылы бұрыңғы қалпына келтіруге болады.
Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы
ішінара қалпына келеді. Экономикалық әдебиеттердің көрсетуі бойынша
физикалық тозудың мына формуласын пайдалана аламыз.
Физикалық тозу:
Т фэ
Иф= –––––
(12)
Т н
мұнда:
Тф және Т н – НҚ-дың актілі және нормативті қызмет көрсету мерзімі.
Негізгі қордың сапалық тозуы – қор түрлерінің конструкциясы,
өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден кейін
қалуы. Демек, экономикасы дамыған елдерде негізгі қорды ауыстыруда сапалық
тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор болып табылады.
Амортизация – негізгі қорлардың құнын сол арқылы өндірілетін өнімдер
мен қызметтерге бірте-бірте көшіру: ақша қаражаттарын мақсатты шоғырландыру
және тозған негізгі қорлардың орнын толтыру, пайдалану процесінде олар
тозады, өзінің тұтыну құнын жоғалтады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында
тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай
сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың
құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің
жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері – бұл жылдық
амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент
есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет есепке алғанда
бастапқы (баланстық) негізгі қорлардың құны амортизацияның мөлшерімен
анықталады.
Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына төмендегі формуламен
есептеледі:

Қ бқ - Қ ж
М А = −−−−−−−−− х 100 %
(15)
Қ бқ х М қ
мұнда:
М А − негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, %
Қ бқ − негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны,
Қ ж − жойылу құны,

М қ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.
Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті
болып есептелінеді. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың
өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес
негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс
анықтау өте қажет:
− Негізгі қорлардың төзімділігі;
− Сапалық тозу (бірінші және екінші түрлері);
− Техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке арналған жоспар;

− Жабдықтау балансы;

− Жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.

2 № 1 ҚТЦ – НЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШІН ЕСЕПТЕУ

2.1 № 1 қаңылтыр таптау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Өндірістік бағдарлама
Инвестициялық үрдістің қаржыландыру көздері
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыру
Кәсіпорыннның өндірістік қорлары
Операциялық тетік нәтижесін талдау және бағалау
Кәсіпорын қызметіне экономикалық талдау
ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері туралы ақпарат
Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері
Пәндер