Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I ОҚУ - ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

1. 1 Білім беру үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың түрлері, жіктелуі және концептуалдык тужырымдары . . . 5

1. 2 Жаңа педагогикалық технологиялардың үдеріске енгізу кезендері, бағыттары мен қолданылу аясы . . . 9

1. 3 Білім беру жүйесіндегі ғылыми-техникалық үдеріс және оның іс-әрекет кепілдігін беретін шарттары . . . 16

1. 4 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер мен принциптер . . . 21

II САБАҚТА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ . . . 29

2. 1 Білімді өзектендірудегі ақпараттық жүйелер . . . 29

2. 2 Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері . . . 31

2. 3 Сабақ барысында ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі . . . 35

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 44

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 - бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр:

  • білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
  • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтыланумен байи түсуде;
  • ақпараттық дәстүрлі әдістері - ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс - қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
  • баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық педагогикалық бағыттағы негізгі ой - тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

  • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл - ойды дамытатын оқуға көшу;
  • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

ХХІ - ғасыр білімгерлер ғасыры болмақ. Білімгерлерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі ел алдындағы маңызы зор міндет, еліміздің қоғамдық, экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару - мектептің ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.

Зерттеу мақсаты: жаңа технологиялық әдістерді сабақ процесінде тиімді пайдалана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Зерттеудің нысаны: оқушы тұлғасын жан-жақты жетілдіріп, қалыптастыратын оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің пәні: тұлғаны танымдық-шығармашылық белсенді іс-әрекетке баулитын оқу-тәрбие үдерісіндегі ықпал

Зерттеу міндеттері:

  • білім беру үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың түрлері, жіктелуі және концептуалдык тужырымдарын педагог ғалымдардың ғылыми-танымдық еңбектері аясында саралау;
  • жаңа педагогикалық технологиялардың үдеріске енгізу кезендері, бағыттары мен қолданылу аясын көрсету;
  • білім беру жүйесіндегі ғылыми-техникалық үдеріс және оның іс-әрекет кепілдігін беретін шарттарын анықтау;
  • білімді өзектендірудегі ақпараттық жүйелерді нақтылау;
  • ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздерін сипаттау;
  • сабақ барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігін көрсету.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Осыған орай, технологиялық оқыту үдрісінде жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялардың келесі көрсетілген құзіреттіліктері жетілдіріледі:

- сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;

- ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге;

- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;

- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.

Зерттеудің болжамы: Егер қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа енгізілсе, онда оқушылардың ақпараттық білім негіздері аясында логикалық ойлау қабілеттерін дамыған, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптасқан және ақпараттық сауаттылығы жоғары және ғасыр ағымына бейімделген тұлға келбеті қалыптасар еді.

I ОҚУ - ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

1. 1 Білім беру үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың түрлері, жіктелуі және концептуалдык тужырымдары

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.

Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер - тарихи объективті процес. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат - білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады.

«ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» тұжырымдамасында: «Білімді, білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады», - делінген. Демек, бұл тұжырымдама білім берудің басты философиясы болмақ.

Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.

Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген 1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер - оның бөлігі ғана» - деп көрсткен В. Беспалько.

  • технология - қандай да болсын істе, өнерд қолданылатын тәсілдердің жиынтығы;
  • технология - бұл өнер, шеберлік, ептілік, өңдеу тәсілдерінің жиынтығы, қалыпты өзгерту;
  • педагогикалық технология - оқу процесін іске асырудың мағыналы технологиясы;
  • педагогикалық технология - оқытудың жоспарлы нәтижесі, процесін суреттеу және педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдердің жүйелі жиынтығы мен ретінде жұмыс істеу.

Педагогикалық технологияның мәні тұлғаның дамуы мен өзін- өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі деп көрсетеді. «Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениет танушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бірі мәдениет түрлерін, екіншісі «ел мәдениетіне енгізу» дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.

Инновация (латын сөзі іп-в, nо-vis -жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен.

С. И Ожегов сөздігі бойынша: «инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық» -делінген.

«Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Араб елдерінде, Жапония елдерінде «инновация» 95 мың сөздіктерде кездестіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми - педагогикалық, техникалық саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларға зейін аударайық.

«Ғылымның қайнар көзі» - Ресейде «инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған: XIX- XX ғ. басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейдді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіске өткен, бірақ «инновация» термині еш жерде аталмайды.

«Инновация» деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, инновация ұғымның әр елдегі, әр түрлі уақытта берілген анықтамалары: «Инновация» ұғымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада американдықтар мен еуропалық көлемді зерттеулер иесі Э. М Роджерстің анықтамасы болып; есептеледі. Э М Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».

Майлс пікірі бойынша: «Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешілуін күзетеміз», - деген.

Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «құрылымына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың комплексті өзгертуіне біріктіретін үлкен өзгеріс», - деп түсінеді екен.

Найхоф инновацияны үрдіс деп есептейді де, «инновация қандай да бір идеялардан басталатын, өзгерістерге әсерін, тұтанушылардың не қолдануы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс», - дейді.

Инновация ұғымының негізін салуға үлес қосқан неміс ғылымдары В. Замбарт, Метчемек және австриялық экономист И. Шумбертті атауға болады. Бірақта олар бұл ұғымды саяси экономикалық, технологиялық үрдістерге байланысты қолданылған. Кейіннен «ииновация» ұғымы білім беру жүйесіне жаңаны енгізу мағынасында педагогикалық еңбектерде кезіге бастады. 1957-1964 ж он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді:

1) Ағылшын ғалымдардың пайдаланушы, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді көтерудің ұйымдастырушыларда,

2) Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қортындыға келеді: «Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әр дайым жаңалықты басқарушы ретінде іс- әрекет жасауы тиіс», - дейді.

3) Инновациялық технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа елдердегі де педагогтары қарастырады.

90- шы жылдардың бас кезінде орыс ғылымдары Днепров В. И Загвязинский, еңбектерінде «инновация» ұғымы пайда болды. Олар «инновация» ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарту іс - әрекеті деп санайды.

М. М. Поташник, А. С. Лоренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде (яғни жаңа әдіс, жаңа технология) ал, «инновацияны» осы тәсілдерді меңгеру үрдіс деп санайды.

Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы жылдыққа жатады. Ең алғаш «инновация» ұғымы қазақ тілінде анықтаған Н. Нұрахметов. Ол былай дейді: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мемлекетінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және тартуға байланысты бір бөлек қызметі».

Инновациялық негізінен құраушы ұғымдарының - «инновация» «нововедение», «новшества», «новое», т. б. қазақша аудармаларын жасаған, Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемаларын ғылыми-зерттеу институт ғалымдары болып табылады.

Республикамызда соңғы жылдары окыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды “инновациялық процесс”, немесе педагогикалік жаңалықтарды енгізу деп жүрміз.

“Инноватика” ұғымының мәні, латынның in-novus деген сөзінен шыққан, “жаңарту, өзгерту” мағынасын береді. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады. Білім беру саласындағы жаңалықтарды үш топқа бөлуге болады:

  1. Ұйымдастырудагы жаңалықтар;

2. Технологиялардагы жаңалықтар;

3. Оқулықтар мен багдарламалардың өзгерудегі жаңалықтар.

Француз ғалымы Э. Брансуик педагогикалық жаңалықтардың 3 мүмкін түрін бөліп қарайды:

  1. Жаңалық ретінде бүрын еш жерде, еш уакытта қолданылмаған білімдік идеялар мен әрекеттер алынады. Мүлдем жаңа нәрсе. Практикада ондай жаңалық өте сирек кездеседі.
  2. Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейтестілігімен ерекшеленген, қайта орын алып отырған, жаңа жағдайға бейімделген идеялар. Бұл қазіргі педагогикалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды.
  3. Практикада бұрын болған, тек мақсатын өзгертіп пайдалану жаңа нәтижелер беретін жаңалықтар. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Енді педагогикалық технология терминнің мәнін ашайық. Ғалымдардың пікірін мына кесте түрінде беріп отырмыз:

Кесте 1. Инновациялық технологиялардың жіктелуі

Ғалымдар
Технологиялар
Жіктелуі
№: 1.
Ғалымдар: В. Л. Беспалько
Технологиялар: Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба
Жіктелуі: Түлғаны қалып тастыруға ықпал ететін арнайы йымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-төсілдер
№: 2.
Ғалымдар: М. Чошанов
Технологиялар: Дидактикалық жүйенің қүрамдас, процессуалдық бөлігі
Жіктелуі: Дидактикада қолданыла тын әдіс-тәсілдер
№: 3.
Ғалымдар: В. М. Монахов
Технологиялар: Оқыту процесін жобалау, үйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі
Жіктелуі: Арнайы құрастырыла тын модель
№: 4.
Ғалымдар: Б. Т. Лихачев
Технологиялар: Арнайы лайықталған әдістер, амалдар, тәрбие құралдары түріндегі психологиялық-педагогикалық қондырғы
Жіктелуі: Арнайы лайықталған әдістер, амалдар
№: 5.
Ғалымдар: П. К. Селевко
Технологиялар: -Қолдану деңгейіне қарай;
Жіктелуі: жалпыпедагогикалық,
пәндік, жеке әдісте мелік, модульдік;
№:
Ғалымдар:
Технологиялар: - Философиялық негізіне қарай;
Жіктелуі: материалистік, идеалис тік, диалектикалық, метафизикалық, ізгілікті,
ғылыми, прагматикалық
№:
Ғалымдар:
Технологиялар: Психикалық дамудың жетекші факторына қарай
Жіктелуі: биогендік, социогендік, психогендік
№:
Ғалымдар:
Технологиялар: Ғылыми тужырымдамасына қарай
Жіктелуі: ассоциативті-рефлектор лық, биховиристік, гештальт технология, дамытушылық
№:
Ғалымдар:
Технологиялар: Тұлгалық құрылымдарға бағыштылығына қарай
Жіктелуі: ақпараттық, әрекет тік, сезімдік, эвристи калық, қолданбалы, өзін-өзі дамытушы
№:
Ғалымдар:
Технологиялар: Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай
Жіктелуі: білімдік және тәрбиелік, жалпы және кәсіби бағытты, технократтық және гумандық

Сонымен, білім жүйесіндегі иновация - білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолдануға жоғары оқу орындарының тәжірбиелік қорын жинайды. Жоғары мектептің ұстанымдарын жаңа білімділік бағдары болған жағдайда, білім беру жүйесінің мақсатын, мазмұнын, әдісін, түрлері мен басқа компоненнтерін көздейтін жүйелі сипаттағы білім мен тәрбие беруді көздейді.

  1. Жаңа педагогикалық технологиялардың үдеріске енгізу кезендері, бағыттары мен қолданылу аясы

ХХІ ғасыр табылдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі - білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге жетті.

Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту Тұжырымдамасында қазіргі мектептер:

  1. Практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
  2. Қоғамның интелектуалдық қуатын жетілдіру;
  3. Еліміздің материалдық-қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
  4. Орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т. с. с. міндеттерді көздейді.

Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.

Мектеп практикасымен танысу барысында мұғалімдердің инновациялық технологияларды біртіндеп қолдануға ұмтылғаны байқалады. Бірақта олар инновациялық әдіс-тәсілдердің жалпы әдістерден айырмашылығы, оларды қолданудың тиімді жолдары қандай деген мәселелерді анық-айқын біле алмайды.

Инновация (латын сөзі in - в, novis - жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С. И. Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

1957-1964 ж. он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді.

  1. Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді көтеру ұйымдастырушыларда, т. с. с.
  2. Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қорытындығы келеді: “Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс, ” - дейді.
  3. Инновациялық технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа елдердің педагогтары да қарастырады.

Қазақстан мемлекетінде “инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдыққа жатады. Ең алғаш “инновация” ұғымы қөазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” - деген анықтаманы ұсынады.

Н. Нұрмағанбетов “Инновация” білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: 1) Жеке түрі (жек-дара, бір-бірімен байланыспаған) ; 2) Модульдік түрі (жеке дара кешені, бір-бірімен байланысқан) ; 3) Жүйелі түрі (Мектепті толық қамтитын) .

Ал жалпы инновацияны модификациялық, коминаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады:

Модификациялық инновация - бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В. Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновацияға білімге мелекетті стандарттарды енгізу жатады. Мемлекетті стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогиалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі үлгерім көрсеткіші, берілген білім сапасы формализм мен субъективтіліктен әлі арыла алмауда, осыған орай, ғалымар жаңашыл-мұғалімер бұл мәселелерді шешу бағытында біршама істер атқаруда.

Инновация дегеніміз - белгілі бір жүйедегі жаңашылдық. Педагогикалық инновация - педагогикалық жүйедегі жаңашылдық. Педагогикалық жүйе құрылымын кей ғалымдар (И. П. Подласый, В. П. Беспалько, т. б. оқушылар → тәрбие мақсаты → тәрбие мазмұны → тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары түрінде қарастырады (тәрбиелей отырып оқыту жағдайында) . Білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: мақсат → мазмұн → форма → әдіс → оқыту көрнекілігі тізбесі жаңа мазмұнға ие болғанда ғана педагогикалық жүйедгі жаңашылдыққа жол ашылады. Ал жаңа технологияны қолдану төмендегі кезеңдер арқылы іске асады: оқып-үйрену → меңгеру → өмірге ендіру → дамыту.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:

• оқу үрдісін интенцивтендіруді жаппай қолға алу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
«Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын ақпараттық технологиялар негізінде арттыру»
Қазіргі компьютерлік технологияларды меңгеру жаттықтырушының кәсіби қызметіндегі қажетті компоненті
Информатика пәнін бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаты
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсініктер
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері
Математиканы оқып үйренудегі компьютерді пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz