Несеп құрамы және қасиеті


Жоспар
І. Кіріспе . . . 4
ІІ. Несеп жүйесі . . . 6
2. 1 Несеп құрамы және қасиеті . . . 6
2. 2 Несеп жасалу механизмі . . . 8
2. 3 Несеп жасалудың рефлекторлық жолмен реттелуі . . . 18
2. 4 Несеп жасалудың гуморалдық жолмен реттелуі . . . 20
2. 5 Несептің шығарылуы . . . 22
ІІІ. Қорытынды . . . 24
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 25
Кіріспе
Зат алмасу процесі барысында бір жағынан организмге кажетті жаңа қосылыстар түзілсе, екінші жағынан организм пайдалана алмайтын қажетсіз ыдырау өнімдері пайда болады. Олардың арасында белок пен нуклеин қышқылдарының ыдырау өнімдері - несепнәр, несеп қышқылы, креатинин, аммиак сияқты уытты өнімдер организмде көп жиналса, тіршілікке қауіп төніп, организм уланады. Қалыпты жағдайда болу жүйесіне жататын органдар қызметінің нәтижесінде уытты ыдырау өнімдерінің мөлшері бір деңгейде сақталады. Организмнің зат алмасу процесінің уытты өнімдерінен, түрлі бөгде заттардан, су, тұз және органикалық заттардың шамадан тыс артық мөлшерінен арылуын қамтамасыз ететін процесті бөлу немесе экскреция деп атайды.
Малда бөлу қызметін бүйрек, өкпе, тері, ас қорыту жолы атқарады. Өкпе арқылы организмнен көмір қышқыл газы, су буы, наркоздан кейін эфир мен хлороформ, алкоголь буы бөлінеді. Ішек арқылы ауыр металл тұздары, өт бояуларының өнімдері бөлінеді.
Жоғары сатыдағы жануарларда негізгі бөлу органы бүйрек. Бүйректе зәр (несеп) түзіледі. Оның қүрамында орғанизмнен зат алмасу про- цесінің ақырғы өнімдері, негізінен азотты заттар - несепнәр, несеп қышқылы, аммиак, креатинин, креатин бөлінеді.
Бүйрек көпқырлы қызмет ақаратын орган. Организмнен азотты заттардың ыдырау өнімдері мен әр түрлі бөгде заттарды шығарумен қатар, ол денедегі сүйықгың мөлшерін, осмостық қысым деңгейін, қанның иондық қүрамы мен қышқыл-сілтілік тепе-теңдігін, белоктардың, көмірсулардың, липидтердің, дәрмендәрілердің алмасуын реттеуде маңызды рөл атқарады.
Шумлянский - Боумен капсуласының кеңістігінде қаннан сүзілу арқылы қан плазмасына ұқсас, коллоид заттарынан ажыратылған алғашқы несеп жасалады.
Несеп құрамы мочевина, несеп қышқылы, креатинин және басқа белоктың ыдырау өнімдері, органикалық емес тұздар кіреді. Несеп түсінің сарғыш болуы құрамындағы пигмент - урохром, уробилин сияқты заттарға байланысты. Несептің pH әлсіз қышқылдық болады, бірақ тамақтану процесіне қарай өзгеріп тұрады. Түзілетін несептің мөлшері организмге түскен судың мөлшеріне байланысты; орта есеппен бір тәулікте 1, 5 л, сыбағалы салмағы 1, 010 - 1, 025 болатын несеп жасалады. Несептің мөлшері азайса, құрамындағы қатты заттардың концентрациясы көбейіп, сыбағалы салмағы артады
байланысты; орта есеппен бір тәулікте 1, 5 л, сыбағалы салмағы 1, 010 - 1, 025 болатын несеп жасалады. Несептің мөлшері азайса, құрамындағы қатты заттардың концентрациясы көбейіп, сыбағалы салмағы артады.
2. 1 Несеп құрамы және қасиеті.
Несеп құрамында 96пайыз су жане 4 пайыз құрғақ қалдық бар сұйық зат. Сонымен бірге насептің құрамы мен қасиеті, қабылданған азықтық табиғатына, сипатына, ішілген су мөлшеріне, малдың физиологиялық күиіне, ауа райы мен жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады.
Зәрдің түрі сарғыш келеді, ол оның құрамындағы урорхром жане уробилин сияқты бояғыш заттарға байланысты. Тақ тұяқты жануарлар зәр ылаилы, шырышты қоймалжың, шұбалыңқы келеді, себебі оның құрамында көмір қышқылды кальцй тұзы мен муцин тектес зат болады . Зәрдің иісі түлік түріне қараи өзгереді. Жылқы зәрінің иісі өткір, шіріген шөптің иісіне ұқсас, сиыр зәрі әлсіз шірік иісті, ал ит пен шошқа зәрінің иісі ащы, жағымсыз келеді.
Несептің осмостық қысымы 23-30 атм. шамасында, ал меншікті салмағы 1, 020-1, 040аралығында сақталады, оның құрамында50-120г/л еріген заттар болады . Несепте еріген заттардың2 /3 бөлігі беиорганикалық заттарға жатады. Органикалық заттардың 80-85 паиызы несепнәрден тұрады, ал қалған бөлігін кератин, несеп қышқылы, аллотонин, аммиак, амин қышқылдары құрайды. Патологиялық жағдайда несеп құрамында белок, қант, кетонды заттар, өт бояулары байқалады, ал қалыпты жағдайда олар кездеспейді. Беиорганикалық қосылыстар натрийдің, калйидің, магнйидің көмірқышқылды, хлорлы, фосфор қышқылды тұздары, кальци оксалаты жане фосфаты түрінде болады.
Несептің әрекетшіл ортасы малдың азықтандырылу ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Шөп қоректі жануарларда ол сілтілік, ет қоректі жануарларда қышқылдық, ал шошқада амфотерлік. Су нефрон қуысына тек шұмақта сүзілу арқылы өтеді. Ол каналшаларда реабсорбцияланады, бұдан инулин концентрациясы өседі. Инулиннің концентрациялық көрсеткіші
/U
in
- инулиннің несептегі концентрациясы, P
in
- инулиннің плазмадағы концентрациясы/ сүзіндінің каналшаларды бойлап ағуы барысында қанша есеге азаятынын білдіреді. Бір минутта сүзілген инулиннің мөлшері - шұмақтық сүзілу жылдамдығын қан плазмасындағы инулин концентрациясына ( P
in
) көбейтуге тең ( С
in
P
in
) . Несеппен сыртқа шығарылатын инулиннің мөлшері - несептегі инулин концентрациясы мен ( U
in
) сыртқа шығарылатын несеп көлемінің ( Ү ) көбейтіндісіне тең, яғни U
in
Ү; инулин және секреттелмейтіндіктен және тек сүзілетіндіктен C
in
˙
P
in
= U
in
˙
V; бұдан,
(мл/мин) .
Негізі капсуланың кеңістігінде жасалған алғашқы несептің құрамында белок болмайды. Мальпигий шумағынан өтетін плазманың 1/6 - 1/10 бөлігі сүзіліп капсула кеңістігіне түседі.
Плазманың коллоидтары ( негізінде белоктар ) тудыратын онкотикалық қысым алғашқы несептің сүзілуін қиындатқанымен мальпигий щумағындағы капиллярлардың қан қысымы плазма коллоидтарының суды ұстау қабілетінен жоғары болады.
Шумлянский - Боумен капсуласының кеңістігінде сұйықтың сүзіліп өтуі мальпигий шумағын құрайтын капиллярлардың қан қысымы мен кеңістік ішіндегі қысым теңескенше жүреді. Мальпигий шумағында қанның қысымы 60 - 70 мм с. б. Ал плазмадағы коллоид - осмос қысымы 30 мм с. б. Осы екі қысымның айырымы ( 40 мм с. б. ) фильтрация ( сүзілу ) қысымы деп аталады. Егер қанның қысымы күрт төмен түссе, несеп жасалу азаяды немесе тіпті тоқталады.
2. 2 Несеп жасалу механизмі.
Бүиректің негізгі қызметі -несеп түзу . несеп түзу екі кезеңнен -сүзу жане қаита сору, тұратын күрделі физиологиялық процесс.
Несеп түзу процесі нефрон кдпшығына қанньң сұйық бөлігінің сүзіліп шығуынан басталады. Осының нәтижесінде қапшық куысында коллоид заттардан тазартылған, қүрамы жағынан кан плазмасына ұқсас сұйық - алғашқы зәр пайда болады. Қапшық кабырғасынан қанның сүзілуіне шумақтамырларында қысымның жоғары болуы (70-90 мм) жөне капиллярлар кабырғасындағы жасушалар себепші болады. Бүл жасушалар арқылы мальпигий шумағынан молекулалық салмағы 7-нан артық заттар өтпейді, сондықтан алғашқы зәр құрамында белок болмайды. Осыдан оны белоксыз улътрафилътрат деп те атайды (соңғы кезде ультрафильтрат күрамында аз мөлшерде белокгар да болады деген ұғым қалыптаса бастады) . Плазма құрамындағы коллонттар (негізінен белоктар) тудыратын осмостық қысым (с. б. 30 мм) алғашқы зәрдің сүзілуін қиындатқанымен, мальпигий шумағындағы қан қысымы (70-90 мм) плазма коллоидтарының суды ұстап түратын күшінен жо- ғары болады. Осы екі қысымның айырмасын (70-90-30 = 40-60 мм) сүзілу қысымы деп атайды. Нефрон қапшығына сүйық шумақ капиллярлары мен қапшық ішіндегі қысым теңескенге дейін сүзіледі.
Тәулігіне өте көп мөлшерде алғашқы зәр түзіледі. Мысалы, сиырда 540-1800 л. Бүл бүйрек қанмен өте мол жабдықталғанда ғана мүмкін болатын жайт. Сиыр тәулігіне 15 л зәр бөлсе, онда оның бүйрегінен 18000 л қан өту керек. Демек, әрбір 6-10 л қаннан 1 л алғашқы зәр түзіледі.
Қапшықтағы алғашқы зәр ирек түтіктер жүйесіне түскеннен кейін зәр түзудің екінші кезеңі - кері сору, басталады да, судың көп мөлшері, кейбір еріген түздар, амин кышқылдары, глюкоза т. б. қанға кері өтеді. Қайта сору процесі бүйректің зәр жүретін түтікшелерінің эпителийлік торшаларының арнаулы белсенділігі арқылы іске асады. Электронды микроскопиялық зерттеулерге қарағанда нефрон түтікшелерінің ішкі бетінде ащы ішектегі сияқты микробүрлер болатын көрінеді. Әрбір торша бетінде 6500 микробүр табылған. Олар түтікшелердің ішкі беткейін 40 есе өсіреді де, оның жалпы ауданы малда 40-50 м2-ге жетеді. Осындай морфологиялық ерекшеліктер қайта сору процесінің қарқынды жүруіне мүмкіндік береді. Арнаулы зерттеулер 100 л алғашқы зердің 98, 5 литрі кері сорылатынын көрсеткен.
Бүйректе заттардың алмасуын бейнелейтін схема. Цифрлар түтікшелердегі зәр мен бүйрек ұлпасындағы осмолярлықты бейнелейді (ол бозғылт қабатқа теревдеген сайын өсе түседі) . Үздіксіз нұсқама - белсенді тасымалдауды, үзілген нұсқама - енжар тасымалдауды бейнелейді. Схеманың калың сызығы - нефрон ілгегінің өрлеу бөлігіндегі өткізгіштік қасиеті төмен бөлік. Бүйректің қыртыстық (I), сыртқы (II), ішкі (III) бозғылт қабаттары
Казіргі кезде амин қышқылдары, натрий, глюкозаньщ белсенді механизм әрекетімен сорылатыны дәлелденді. Хлоридтер мен су осмос және диффузия зандылықгарына сәйкес сорылады. Белсенді тасымалдау тетігі нефрон түгікшелерінің проксимальдық бөлігінде шоғырланады, ал түтікшелердің дистальдық бөлігінде заттар қарапайым диффузиялық жолмен тасымалданады . Белсенді тасымалдау механизмінің әсерімен түтікшелердің қуысына концентрациялық градиентке қарсы түрлі ионды қосылыстар - холин, гистамин, гуанидин, тиамин, серотонин т. б. отеді. Аталған ионды қосылыстарды тасымалдауда бүйрек түтікшелері мембранасындагы өте белсенді және тәуелді аденозин үшфосфатаза маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар бұл мембранада басқа да органикалық заттардың тасымалдануын камтамасыз ететін белсенді тасымалдау жүйесі орналасады.
Алғашқы зәрден глюкоза, натрий, калий, кальций жөне басқа заттардың бүйрек ұлпасы мен қанға кері сорылуы нәтижесінде ұлпалық сұйықтықтағы осмостық қысым жоғарылап, алғашқы зәрдің осмостық қысымы төмендейді. Осының салдарынан су алғашқы зәр құрамынан ұлпа сұйығы мен канға өте бастайды. Нефрон түтікшелерімен жылжу барысында алғашқы зәрдің құрамы айтарлықтай өзгереді . Мысалы, несепнәр концентрациясы 60 есе, аммиак - 40, фосфаттар - 30, несеп қышқылы - 25 есе өседі. Бұл бүйрек түтікшелері торшаларының ақырғы зәрді түзуде белсенді рөл атқаратынының айғағы.
Бүйрек түгікшелерінің белсеңді әрекетін қан плазмасы мен зәр қүра- мындағы сульфаттардың мөлшерін салыстыра отырып анықгауға болады. Таблицада көрсетілгендей плазмада сульфаттар 0, 002 пайыз мөлшерінде кездеседіде, зәр күрамында ол 18 пайызға, немесе 90 есе өседі (0, 18:0, 002 = 90) . Егер плазмадан алғашқы зәр құрамына өткен сульфаттардьщ кері сорылмайтынын ескерсек, онда 1 л зәр пайда болу үшін 90 л алғашқы зәр түзілу керектігін есептеп шығару қиын емес.
Алғашқы зәр кұрамындағы заттар шығару табалдырығы жоғары және шығару табалдырығы төмен заттар болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа алғашқы зәрден қанға кері сорылатын қосылыстар (қант, хлоридтер, фосфаттар, калий, кальций, натрий, несеп қышылы) жатады. Бұл заттар нағыз зәрде тек қандағы концентрациясы шектен тыс жоғарылағанда ғана байқалады. Мысалы, қоректік гипергликемия, диабет ауруы зәрде қанттың пайда болуына соқтырады. Бүйрек түтікшелерінен қанға қайта сорылмайтын заттар шығару табалдырығы төмен заттар деп аталады. Оларға сульфаттар, креатинин, несепнәр жатады. Бұл заттар организмнен толығымен нағыз зәр құрамында шығарылады.
Зат алмасу өнімдерін (несепнәр, несеп қышқылы, индикан, уробилин т. б. ) бөлумен қатар, бүйректе синтетикалық процестер де жүреді. Мысалы, гиппур қышқылы канда жоқ, ол бүйрек ұлпасында түзіліп, зәр қүрамына енеді. Зәр қүрамындағы аммиактың, креатининнің де көп мөлшері бүйректің өзінде түзіледі. Демек, зөр түзу процесі тек қана сүзу жөне кері сору негізінде жүрмейді, ол бүйрек торшаларының белсенді әрекетінің нәтижесінде атқарылады. Секрециялық қызметтің арқасында бүйрек арқылы организмге енген дәрі-дәрмектер шығады. Белсенді секреция нәтижесінде түтікше маңындағы капиллярлардағы қаннан нашар немесе тіпті сүзілмейтін заттар шығарылады.
Бүйректің экскрециялау кызметін “клиренс” (тазарту) деген түсінікпен сипаттайды. Бүйрек клиренсін бір минут ішінде белгілі бір заттар тазарған плазма мөлшерімен (мл) анықгайды. Клиренсті анықгау үшін белгіленген заттың зәр мен плазма қүрамындағы мөлшерін және минуттық диурезді (түзілген зөрді) біліп, мына формуламен есептейді: С = Уу:Р, мүнда, С - клиренс (мл/мин) ; V - заттың зәрдегі мөлшері; у-минуттық диурез (мл) ; Р - заттың плазмадағы мелшері.
Бүйректе төмендегі биологиялық белсенді заттар да түзіледі.
1. Ренин гормоны, оньщ секрециясы бүйрек артериясындағы қан қысымы төмендесе, қандағы натрий иондарыньң мөлшері азайса күшейеді. Бүл зат қан тамырлары арнасын тарылтып, кан қысымын жоғарылатады.
2. Эритрогенин, ол плазмадағы эритропоэтиногенді эритропоэтинге айналдырады.
3. Кининогенин, ол нефрон түтікшелерінің дистальдық бөлігіндегі қалың дақ аймағында түзіліп, кининогенді кининге айналдырады.
4. Медуллин (простагландин А2), бүйректің бозғылт қабатында түзіліп, бүйректегі қан айналымды жақсартады, канның бүйректегі қыртыстық және бозғылт заттардың арасында таралуын ретгейді, натрий иондарының бөлінуін арттырып, ангиотонзин ІІ-ніц тамыр тарылтар әсерін төмендетеді, тамырларды кеңейтеді (антигипертензивтік әсер етеді) .
5. Урокиназа - плазминоген әрекетін жандандырады (фибринолиздік фактор) .
6. Д3 дәрмендәрісі - бүйрек түтікшелерінде кальций мен аноргани- калық фосфордың реабсорбциясын реттейді. Оның бүйректе түзілетін туындылары кальцийдің ішектен сорылуын жақсартып, сүйектің қатаюына ықпал етеді. Шумақтағы капиллярлардың жалпы беткейі бүйректің 100 гр. массасына шаққанда 1, 5 м 2 - тай болады. Капиллярлар қуысынан капсула кеңістігіне қарай қанның сұйық бөлімін сүзетін мембрана 3 қабаттан тұрады: эндотелий клеткалары,, базальдық мембрана және капсуланың ішкі қабырғасындағы эпителий клеткалары - подоциттер. Эндотелий клеткалары беткейінің 30 % пайызына дейін дөңгелек және сопақша тесіктер ( саңылаулар ) алып жатады. Қалыпты қан айналу кезінде ең ірі белокты молекулалар эндотелий саңылауларын жауып тұратын тосқауыл қабат түзеді де, олар арқылы формалы элементтер мен ұсақ дисперсияланған белоктар өте алмайды. Плазма мен судың қалған компмненттері бұлардан жеңіл өтіп, базальдық мембранаға еркін жетеді. Подоцит клеткалары аяқшаларының арасындағы диаметрі 6 нм - дің шамасында саңылаулы мембрана бар. Бұл клеткалар аяқшаларымен базальдық мембранаға бекиді, ал сыртқы беті капсула қуысына қараған. Нефрон капсуласының қуысына өтетіндер: инулин (полисахарид ), 22 % жұмыртқа альбумині, 3 % гемоглобин, 0, 01 % - тен аздау сарысу альбумині. Базальдық мембрана мен подоциттер бетіндегі және олардың аяқшалары арасындағы теріс зарярдты молекулалар геомерулярлық сүзгі арқылы теріс зарярды белоктардың еркін өтуіне кедергі келтіреді. Сөйтіп базальдық мембрана және эпителилік тосқауыл ультрасүзіндінің ( фильтраттың) құрамын анықтайды. Ескеретін бір жәйт: шумақтағы саңылаулар диаметрінің өзгеріп тұратындағы; белокты молекулалар конфигурациясының да өзгерістері кейде ірі молекулалардың да алғашқы несеп құрамына өтуіне жағдай тудырады.
1 - сурет. Шумақтың сүзгіш мембрасының құрылысы (схема) 1 - эндотелий; 2-базальдық мембрана; 3-подоцит; 4-эндотелидегі тесік, 5-подоциттің саңылаулы мембранасы.
Капсуса кеңістігінде жасалған алғашқы несеп одан әрі каналдармен аққанда, олардың қабырғасы арқылы су және организмге керекті, мысалы еріген кейбір тұздар, амин қышқылдары, глюкоза т. б. кері сіңіп қанға өтеді. Каналдарда нағыз немесе соңғы несеп жасалады. Кері сіңу - реабсорбция деп аталады
Капсулаларда қан құрамындағы еріген заттары бар су өте көп мөлшерде сүзіледі. Алғашқы несеп жасалғанда, қанның көп мөлшерде суынан айырылуы уақытша ғана жағдай, өйткені нағыз ( соңғы ) несеп жасалу процесінде несеп каналдарының қабырғасынан су қанға кері сіңеді; организмге сырттан су енгізуді керек етпейді. Реарбсорбция процесі бүйректің несеп жүретін каналдарының қабырғасын құрайтын эпителий клеткаларының спецификалық активті жұмысы арқылы іске асады. Сонымен, несеп жасалу механизмі бірінен соң бірі жүретін екі процестен тұрады: фильтрация және реабсорбция .
Несеп жасалғанда бүйрек өте көп энергия жұмсайды, ал ол энергия бүйректегі өте жедел жүретін тотығу процесінен босап шығады. Энергияның көпшілігі реарбсорцияға кетеді. Реарбсорбция мен осмосқа байланысты пассивті түрде болады.
Каналдарда калий және кальций иондары 90 %, несеп қышқылы 80 %, фосфаттар 55 %, натрий және хлор иондары 40 % кері сіңіеді.
Су каналдарының қабырғасынан кері сіңгендіктен соңғы (нағыз) несептің мөлшері, алғашқы несептен әлде қайда аз болады. Ал құрамындағы организмге керек емес заттардың концентрациясы көп болады.
Каналшаларда жүретін реарбсорбцияны оның қай бөлімінде жүретіндігіне қарай проксимальдық және дистальдық деп бөледі. Түрлі заттардың несептен лимфаға және қанға тасымалдану механизміне байланысты пассивті, алғашқы белсенді реабсорбция және соңғы белсенді реарбсорбция деп бөледі.
Нефронның порксимальды сегментінде қалыпты жағдайларда ультрасүзіндідегі глюкоза, белоктар, амин қышқылдары, пептидтер, витаминдер, мочевина, несеп қышқылы, натрий, калий, кальций, магний, хлор, фосфат иондары толығымен дерлік кері сіңіріледі
Қан мен несептің құрамындағы әртүрлі заттардың мөлшері
1 - кесте
Су
Мочевина
Несеп қышқылы
Глюкоза
Белок
Калий
Натрий
Фосфат
сулфат
Креатинин
90-91
0, 03
0, 004
0, 1-0, 12
7, 0-8, 0
0, 02
0, 32
0, 009
0, 002
0, 001
95-96
2, 0
0, 05
-
-
0, 15
0, 35
0, 15
0, 18
0, 075
1
65
12
-
-
7
1
16
90
75
Несеп жасалуға қатыста бүйректе жүретін келесі процесс-оның заттар синтездеуі. Мұндай заттар (гиппур қышқылы, аммиак, ренин, простагландиндер, глюкоза және т. б. ) несеппен сыртқа да шығарылады, сондай-ақ қанға да сіңе алады. Ал амин қышқылдары (глутамин) дезаминденуі кезінде амин группасынан аммиак жасалады. Ол негізінен несеп құрамына өтеді, сондай-ақ базалдық плазмалық мембрана арқылы қанға да түсе алады және бүйрек венасында оның арттериясына қарағанда аммиак көп болады. Жоғарыда баяндалғандарды жинақтап тұжырымдағанда, бүйректе несеп жасалу процесі нефронда жүретін сүзілу (фильтрация), кері сіңу (реабсорбция), секреция және синтез механизмдері арқылы іске аса алатын аса күрделі құбылыс екен. Бұлардың
әрқайсысының ерекшеліктері, үлесі организмнің түрлі жағдаи күйіне, тіршілік
2 - сурет. Несеп жасалуды қамтамасыз ететін негізгі процестер: 1- шумақтағы түзілу, 2- каналшалардағы заттар реабсорбциясы, 3- нефрон қуысына немесе тамырға заттың клеткадан секрециясы және синтезі, 4- клетканың затты қаннан каналша қуысына секрециялауы.
жағдаиына тіршілік етіп жатқан ортасы факторлар әсеріне қарай өзгеріп отырады. Сол себептен, мәселен, оргганизмдегі су тапшылығы болғанда гипофиздің антидиурездік гармонының (АДГ) секрециясы күшейіп нефронның дистальдық бөлімінің соңғы учаскелерінде, жинағыш түтікте судың кері сіңуі жанданады. Ал денеге түсетін су көбейіп кетсе, иондар мен судың относительды проксималды реабсорбциясы өзгермейді және нефронның дисталдықбөліміне әдеттегідей сұйықтық өтеді. Бірақ бүйрек каналшаларының дистальдық бөлімінің қабырғасы суды сыртқа өткізбейтін күйінде қалады, ал келегн несептен ол клеткалар натрий тұздарын кері сіңіре береді. Каналшалардың мочевина өткізгіштігі төмен болатындықтан, ол бүйректің ми затында жинақталмай несептен сыртқа шығарылады. Жинағыш түтіктер натриді, хлорды және басқа иондарды реабсорбциялайды, бірақ бұл процесс аз мөлшерде жүреді, ал оның есесіне олардың едәуір концентрациялық градиентіне кері орындалады. Шөлейт аймақтарда тіршілік ететін жануарларда несепті концентрлеу арқылы оның осмос қысымын өте жоғары көтере алатын қабілет қалыптасқан. Мәселен, үлкен қосаяқтың (песченкада) несебіндегі осмобелсенді заттардың концентрациясы 4000-4500 мосмоль/кг Н 2 О-ға жетеді; ал кейбір шөлді зоналардағы тышқандарда бұл көрсеткіш 9000 мосмоль/кг Н 2 О, тіпті одан да жоғары болады.
2. 3 Несеп жасалудың рефлекторлық жолмен реттелуі
Нефрондардың қызметі рефлекторлық жолмен реттеледі. Орыс гистологы Ю. Д. Смирнов өте жіңішке нерв талшықтары мальпигиий шумағындағы тамырларға, одан әрі каналдарға барып нерв торын құрайтындығын және олар бүйректің қалың қабатына еніп, тіпті жеке клеткаларды жабдықтайтынын ерте-ақ дәлелдеген болатын.
Бүйректің симпатикалық нерв талшықтарын тітіркендірсе, шумақтардың қанмен қамтамасыз етілуі өзгереді де фильтрация процесі артады. Каналдардағы реабсорбция және секреция процестері де симпатикалық нерв талшықтарының басқаруымен реттелетіндігі тәжірибе жүзінде дәлелденді.
И. П. Павлов ұсынып, Л. А. Орбели өзгеріс енгізіп толықтырған, несепағардың тесігін сыртқа шығара отырып, фистула қою әдісі арқылы жануарларға жасалынған тәжірибелер несеп жасалу рефлексін сыртқы және ішкі рецепторларды тітіркендіру арқылы өзгертуге болатынын анықтады. Мәселен, ауыртатын тітіркендіргіштер несептің жасалуын азайтады, тіпті тоқтатып та тастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz