Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың мәні


ЖОСПАР
КІРІСПЕ3
ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ6
Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың мәні6
ҚОРЫТЫНДЫ29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:30
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Салауатты өмір салтын насихаттауда және сәбилердің, жасөспірімдердің, жастардың өмір дағдыларын қалыптастыруда білім беру жүйесінің рөлі айрықша. Салауатты өмір салтының негізін, оның нормалары мен ережелерін қалыптастыру мектепке дейінгі және мектептегі тэрбиелеу мен оқыту кезеңдерінде жүргізілу керек. Осы кезеңде жеке тұлғаның әдептілік, адамгершілік, рухани, адалдық қасиеттері мен гигиеналық дағдылары қалыптасады.
Егемен Қазақстанда адамдардың денсаулығын сақтау мен қамқорлық жасау мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі болып саналады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының өкіметі "Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін даму стратегиясы" (1997), "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсартудағы алдыңғы қатардағы шаралар" атты ҚР Президентінің жарлығы "Салауатты өмір салты кешенді бағдарламасы жөнінде" ҚР өкіметінің шешімі (1999), "Қазақстан Республикасындағы білім туралы" Заңы (1999) , "Қазақстан Республикасында білім беру мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасы" (2000) және т. б. ресми құжаттарда салауатты өмір қалыптастырудың өте маңызды екендігі көрініс тапқан болатын.
«Салауатты өмір салты» мәселесі сонау замандардағы Гиппократтың, Сократ пен Аристотельдің, шығыс елдерінің ойшылдары Ибн Сина, Өтей Бойдақ Тілеуқабылұлы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Асан Қайғының, Қорқыт атаның, Әл-Фарабидің, Ж. Баласағүнның, М. Қашғаридің денсаулық пен адамның өмір суру салты арасындағы тығыз байланыс туралы ой-пікірлері әлі күнге өз мәнін жойған емес.
Салауатты өмір салтының негізі мектептегі оқу-тәрбие процесінде, яғни салауатты өмір сүруге деген қажеттілік, денсаулықты сақтау дағды, әдеттері мектеп қабырғасында қаланады. Дәл осы кезеңде оқушылардың адамгершілік, руханилық, аршылдық, тазалыққа талпынушылық сияқты жеке тұлғалық сапа-қасиеттері қалыптаса бастайды. Алайда, салауатты өмір салтының дәстүрлері мектептерде әлі де қалыптаса қойған жоқ. Соңғы жылдары білім беру мекемелерінің сақтау технологиялары мен сауықтыру әдістемелері өндіріліп, балаларға валеологиялық, гигиеналық, тәрбие беруге қатысты көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Алайда күнделікті тәжирибенің барысында қажетті жағымды нәтижелер жоқтың қасы деседе болғандай. Келер ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бірден-бір пәрменді құрал халық тәжірибесі толығымен пайдаланылмайды.
Біздер шешімін іздестіріп отырған проблеманың кездейсоқ еместігін К. И. Адамбеков, Г. Д. Алимжанова, А. Г. Маджуга, А. Б. Нұрлыбекова, Э. Ж. Тлеулов, Д. Ф. Ақбердиева, А. Жамбылқызы, Ж. О. Жылбаев, Ж. З. Торыбаева, Г. А. Ниридинова және т. б. зерттеулері айғақтайды. Бұл еңбектерде салауатты өмір салтын құру проблемалары мектеп, соның ішінде бастауыш сыныптарда аса бір мәнге ие болатындығы ашып көрсетілген. Себебі бұл кезеңде жас организмнің дамуы мен жедел қарқында өсуі байқалады және салауатты өмір сүруге қажеттіліктері, дұрыс мінез-құлық нормаларын сақтауға бағыт-бағдарлары қалыптаса бастайды.
Алайда, проблеманың ауқымдылығы, көп деңгейлігі әлі де болса толығымен шешімін таппағандығын көрсетеді. Дәлірек айтсақ, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың қажетттілігі мен мектеп мұғалімдеріне арналған арнайы әдістемелік құралдарың аздығы арасында қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады. Бұл біздің зерттеу жұмысымыздың мәселесін анықтап, курстық жұмысымыздың тақырыбын «Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің рөлі»- деп алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зертту нысаны: Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үрдісі.
Зерттеу пәні: Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің жұмыс бағыты.
Зерттеу міндеттері:
1. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» ұғымының мәнін нақтылау;
2 Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы сынып жетекшісінің жұмыс бағыттарын анықтау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: С. Е. Успенскийдің, Н. В. Васильеваның, Н. Б. Каратаева, И. Д. Мурадова және П. И. Сидоровтардың еңбектерінде талданған.
Зерттеу әдістері . Философиялық, психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, озат тәжірбиелерді зерделеу т. б.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 1 тараудан, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, зерттеу жұмысының мақсаты, зерттеу жұмысының нысаны, зерттеу пәні, зерттеу міндеті, зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу әдісі мен курстық жұмыстың құрылымы сипатталған.
«Оқушылардың салауатты өмір салтын қалаптастырудың педагогикалық негіздері» атты тарауындағы «оқушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың мәні» атты бірінші бөлімінде «салауатты өмір салты» мәселесі туралы шығыс елдерінің ойшылдарының ой-пікірлері, оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың мәселелері, оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктері сипатталған.
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы сынып жетекшісінің жұмыс бағыттары атты екінші бөлімінде оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің жұмыс бағдары сипатталған.
Қорытындыда қоғамның алдында тұрған міндет -оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы сипатталған.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың мәні
Ел басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған» делінген.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ел тұрғындарының ауруын ескерту және денсаулығын нығайтуға байланысты біршама құжаттар қабылданды. Атап айтсақ, «Қазақстанның-2030 жылға дейінгі даму стратегиясымен» анықталған басты міндеттерді жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану концепциясы», «Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы», «ҚР медициналық профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы» бұйрығы, «Республикада денсаулықты нығайтудың аудандық (қалалық) орталықтарын құру туралы», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындау туралы» және «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындауға Мемлекеттік тапсырыс туралы» құжаттар қабылданған.
«Денсаулық-зор байлық, адам бақытының бастауы»-дейді халқымыз. Ата бабаларымыздың бұл дана ой-пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырғаны шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күш жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бір-ақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік -жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын.
Салауатты өмір салты мәселесін анықтау проблемасындағы негізгі категория болып «денсаулық» түсінігі болатынын айта кету керек. Бұл түсінікті анықтауда адамның өзінің, оның жаратылу табиғатының көрінісі басты роль атқарады. Адамның тек сыртқы түрі ғана емес, сонымен бірге ішкі жан - дүниесі де, яғни мінез-құлығы, қабылдауы, ойлауы, іс-әрекеттері, сол немесе басқа әсерлерге бейімі біркелкі бола бермейді. Әртүрлі адамдар болып жатқан нәрсені әртүрлі жасайды. Бірақ, ең бастысы бір адам сол немесе басқа әсерлерді өмірдің әртүрлі кезеңінде әртүрлі қабылдайды. Сонымен, адамның денсаулығы - бұл жалпы адамзаттық және жеке болмыстың күрделі феномені болып саналады. Бүгінгі күні ол кешенді немесе психологиялық, әлеуметтік және жеке тәртіптің көптеген күрделі факторларының, кейде философиялық қасиеттердің өзара әсеріне қатысты болады.
Денсаулыққа зиянын тигізетін жат әдеттерден арылу туралы түсініктер алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдардың тайпаларына да тән еді. Мұндай түсініктер олардың әдет-ғұрыптарында көрінісін тауып, тиімді түрде күш-қуатын қалпына келтіретін, жұқпалы аурулардан қорғайтын дәстүрлер пайда болды. Соған сәйкес баспана орнатып, жеке бастың гигиенасын сақтайтын, жерлеу тәсілдері, қоқыстардың көзін жою ережелері дүниеге келді. Әрине, аурудың пайда болу себептері мен оның мәні туралы оларда ешқандай мәлімет жоқ еді. Содан барып мыңдаған жылдарға созылған мистикаға, табынуға, соның салдарынан діни наным-сенімдер мен дәстүрлерге негізделген көзқарастар пайда болған.
Ертедегі Гиппократтың трактаттарында «Салауатты өмір салты» бірқатар денсаулық сақтау іс-шаралары ретінде философиялық ой-санасы құрылымның жалғасы түрінде мазмұндалады. Бұл трактат − денсаулық және денсаулықты күту, салауатты өмір салты жайындағы ілімнің дамуына негіз болды.
Грекия философы Сократ табиғи жаратылыстағы ерекшеліктерге аса назар аудара отырып, адамның өзін-өзі тану мүмкіншіліктері арқылы салауатты өмір салтының терең жағын көре білді.
Аристотель «Этика, саясат, поэтика» деп аталатын еңбегінде адамның жекелей көрегендігі мен салауатты өмір салтын қоғамдық мазмұндағы мәселе ретінде ашып көрсетеді. Оның айтуынша, тәрбиені «денеге қамқорлықтан» бастап, сонан соң, рухани тәрбиеге ұштастыру қажет, себебі дене тәрбиесі рухани тәрбиемен қатарласа орындалуы тиіс.
Ертедегі Грециядағы шынықтыру тәсілдері, дене жаттығуларымен шұғылдануға арналған гимназиялар, сумен жуынуға арналған термалар көпшілікке жақсы танымал еді. Антика дәуірінде саулығы мықты және әдемі дене тұлғасына табыну барлық жерде өз үстемдігін құрғаны мәлім. Алдын-алу сипатындағы көптеген шараларды ертедегі британдықтардан, көне герман тайпаларынан, скандинавтардан, скифтерден табуға болады. Ертедегі Русьте шынығу процедуралары бұқаралық сипатқа ие болды, атап айтқанда, бу моншасынан шыққан соң, қармен ысқылау немесе жылдың қай мезгілінде болсын мұз қатқан суға шомылуға үлкен мән берілетін.
Адамзат денсаулықты сақтау мен нығайту проблемасын тануға әрқашан да ұмтылып келді, себебі денсаулықсыз толыққанды өмір сүру мүмкін емес. Денсаулық жақсы болған кезде оны сезіне білмейміз, ал денсаулықты жоғалтып алған кезде ауру күйі пайда болады да, ауру ағзаның жайсыз күйі туралы үнемі белгі беріп отырады.
Француз философы мен ағартушысы М. Монтень денсаулықтың құндылығын нақты анықтап берді: «Денсаулық дегеніміз − бағалы да құнды зат, ол жалғыз ғана болғандықтан, ол үшін уақытты да, күшті де, еңбек пен барлық жақсылық атаулыны аямау қажет, тіпті ол үшін өз өміріңнің бір бөлшегін де құрбан етуге болады, себебі онсыз өмір төзімсіздік пен қорлыққа толы».
Ертеден денсаулық пен салауатты өмір салтын сақтау туралы ғылымның пайда болу тарихы адамзат тарихының тереңіне бойлап келеді. Гиппократ өзінің «Ауа, су, жергілікті жерлер туралы» шығармасында көптеген адамның іс-әрекетіне, ойларына, оның өмірлік жағдайлары мен факторларына байланысты болатындығы туралы айтады. Нақты қоршаған орта, еңбек, күн көріс тұлғаның жеке жағдайы ауруды анықтай түседі. Денсаулықты сақтау туралы ертедегі Рим философтары мен дәрігерлері, Византия империясы мен Шығыс елдерінде өз жалғасын тапқан.
Салауатты өмір салтын тәрбиелеу мәселелерін Шығыс елдерінде де қолдау тапқан. Мысалы, Ибн Сина денсаулықты сақтау және нығайтуға бағытталған гигиеналық талаптардың кодексін құрады. Тамақтану, ұйықтау, оқу мерзімдерін сақтау қажеттілігін Ибн-Сина атап көрсетті. Салауатты психологиялық ортаның болуына аса назар аударды. «Дәрігерлік ғылымның баспалдағы» еңбегінде, Ибн-Сина тәрбиешілердің баланы өз эмоциялары мен үрейлерін басқару қажеттілігін мазмұндайды. Яғни, ойшының пікірінше, жас буынның санасы мен денсаулығы тәрбиеге байланысты. Шынайы мемлекет концепциясында Ибн-Сина қоғамдық еңбек пен ұзақ өмір сүру қоғамдық құрылымның басты критериясы екендігін атап көрсетті. Шынайы таза ортада ереже мен тәрбиенің жетелеуі арқасында адамзаттың саналы ғұмырын өзгерте отырып ұзақ өмір сүретіндеріне сенеді. Ұзақ өмір сүру, Ибн-Синаның адам қоғамындағы рухани және табиғи гармонияның іске асу болжамдарының бірі. Ибн-Синаның ұғымы бойынша, ерте жастан бастап салауатты өмір салтының мына төмендегідей принциптерін сақтау қажет:
1) Жанның ара салмағы (гармониялық дене пішімді сақтау) ;
2) Тамақты таңдау (тамақтану мерзімі) ;
3) Денені тазалау (шлактан, зиянды заттардан тазалау) ;
4) Дене пішімін сақтау;
5) Дұрыс дем алу;
6) Киім тазалығы;
7) Дене және рухани қозғалыстың теңдесуі .
Сонымен, Ибн-Сина гигиеналық ғылымның негізін салушы болып табылады. Еңбектері бүгінгі күндері өзекті және жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде аса құнды.
Әл-Фараби дене және ой-сананы тәрбиелеу тәсілдерінің ұқсастықтарына аса назар аударды. Өзінің әлеуметтік-экономикалық трактатында «адам өз денесінің жетілуіне қол жеткізуі қажет, − деп атап көрсетті, − себебі адамның денесі сақтауға қажетті нәрсе, егер ол болмаса, оған қол жеткізу қажет. Мерзімді тамақтану мен денсаулық, тұрақты еңбек пен күш, сенімді іс-әрекет пен ой-сана пайда болады». Сонымен қатар Әл-Фараби «ауруды емдеуді ғана емес, адам денсаулығын алдын-ала сақтау мен нығайтуды ауруды емдеуден де ең бастысы» деп көңіл бөлген.
Орта ғасырда өмір сүрген Өтей Бойдақ Тілеуқабылұлы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Асан Қайғының қазақша жазба мұраларынан жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі терең ойлы мұрағаттарды кездестіруге болады.
Ө. Тілеуқабылұлы дене мен рухани дүние тұрғысында жас буынның сұлулықты түсіне білулеріне ерекше көңіл бөлді. Сонымен ойшылдар «сұлулығымен» қатар «рухани сұлулықты» дамытуды ұсынды.
Ө. Тілеуқабылұлы адамның сыртқы пішініне, көрінісіне аса назар аударған, егер адамның сырт киімі таза, тартымды, сұлу келбетті болса онда ол оның көңіл-күйін жақсартып, жүрек жылуын оятады. Ойшыл-данышпан арақ-шараптан, нашақорлықтан алшақ болуға шақырады. Ойшылдың ой-саналауы бойынша бала дені сау болуы үшін жас кезінен бастап оны шынықтыру қажет, дене еңбегімен шұғылдандырып тәрбиелеу қажет.
XV ғ. белгілі оқымыстысы М. Х. Дулатидің өсиетінде тәрбиелеудегі зиянды әдеттерге қатынасты негіздемелер қаланған (шарап ішу, нашақорлық заттармен шұғылдану, темекі тартуға үйір болу сияқты) . Зиянды әдеттерді мәдениеттілік пен еңбекке тарту арқылы жою керек дейді.
Белгілі қазақ жырауы, философы Асан Қайғы өзінің поэтикалық шығармаларында, өмірде адам баласы қандай болуы қажет, неге талпыну қажеттігі жайында қызықты ой-өрісті дүниелерді көрсете білген. Философтың пікірінше, әрбір адамзат өзіндік жетілуге талпынуы қажет. Нағыз адам мынадай саналы сапа иесі болуы тиісті:
- Адамгершілік
- Шынайылық
- Шыншылдық
- Қарапайымдылық
- Намысқойлық
- Тұрақтылық
Асан Қайғының пікірінше, қоғамдық шарттар тұлғаның қалыптасуына, оның саналы ерекшеліктерінің қалыптасуына басты фактор болып табылады. Осы аталған салалар мен шарттар салауатты өмір салтына тиісті, қажетті мінез-құлық нормаларын таңдап алуға мүмкіншілік жасайды. Қазақ халқының салауатты өмір салты халықтық ертегілерде, эпостық жырларда, мақал-мәтелдерде, ойындарда және дәстүрлерде бейнеленіп, сипаттала көрсетілген.
Қ. Ж. Қожахметова «Қазақ этнопедагогикасы: әдістемесі, теория және практика» деп аталатын монографиясында «қазақ халқы әрқашанда мақсатты, саналы адамзатты тәрбиелеуде тәжірибелерге бай»-екендігін атап көрсетті.
Жас сәбидің дүниеге келген күнінен бастап салауатты өмір салтына тәрбиелеу ерекшеліктері У. Жәнібековтың «Алтын домбыра жаңғырығы» атты еңбегінде суреттелген.
У. Жәнібеков, К. С. Әбішев, К. Д. Ордабаев, А. К. Айтпаев, К. Б. Жарықбаев, В. В. Цистов, К. Ж. Қожахметованың еңбектеріндегі «Денсаулық», «Салауатты өмір» ұғымдары денсаулықты сақтаудың басты терминдері болып табылады және өзектілігін жоғалтпай қазіргі кезде жаңаша өрлеу үстінде .
А. С. Иманғалиевтің пікірінше «салауатты өмір салты» адам организмінің резервтік мүмкіншіліктерін жетілдіретін күнделікті тіршілігінің типтік формалары мен тәсілдері, әлеуметтік және кәсіби қызметтерін саяси, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайлардан тәуелсіз орындауды қамтамасыз ету.
Г. Д. Әлімжановтың ойынша салауатты өмір салты «білім, ептілік, дағдыланумен байланысты, оның негізінде әрбір оқушының денсаулығы, күнделікті шынығу әдістемелері жатыр.
Ж. З. Торыбаеваның пікірінше мектеп оқушысының салауатты өмір салты, жан жақты дамуы әлеуметтік тәжірибені меңгеру іс-әрекеттіліктерімен сипатталады. Дене, ой-санасы, әлеуметтік, тұлғалық, эмоционалдылық, рухани дамуы, оның микро ортасы:мектеп, жанұя және қоршаған орта арқылы болады.
Ал психология ғылымы - салауаттылыққа жан-дүниенің қалыптасу ерекшеліктерін зерттесе, философия ғылымы - өмір сүру дүниетанымын, медицина ғылымы - денсаулықты сақтау, валеология ғылымы - салауатты өмір сүру салтты қалыптастыруды зерттейді. Тұңғыш рет «салауаттылық» деген ұғымды психолог И. И. Брехман енгізді. Психолог И. И. Брехман «Салалауатты өмір салты - мінез-құлық пен дағдыны ретке келтіріп, өзін-өзі түсіне білу» - дейді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Салауатты» сөзінің мәні - парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді және сабырлы - деген мағынаны білдірсе, қазақша-орысша аударма сөздікте: «салауатты» (здравствуй) - сәлеметтік, амандық, салауаттылық мағынаны білдіреді. Бұл түсіндірмелер өз кезегінде салауаттылық сипаттамасын, оны қалыптастыру жөніндегі ұстанымның ауқымын кеңейтеді. Ал, «өмір салты», «өмір сүру» - әлеуметтік категория.
Әлеуметтанушы Т. Ж. Нақыпбеков «Өмір салты субьектінің әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесу тәсілі. Өмір салты арқылы қоғамның экономикалык жағдайын, қоғамдық қатынасын, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейлері көрінеді»- деп атап көрсетеді. Ал, ғалым И. Т. Левкина «салауатты өмір сүру әркімнің өз мамандығы деңгейінде дұрыс игере біліп, өнімді еңбек етіп, тұрмыс жағдайын түзете отырып, қоршаған ортаға қарым-қатынас жасай білуінде екенін негіздей отырып сипаттайды. Ол: «адамның салауатты өмір сүруі - адам мәдениетінің бөлігі, өмір сүру құндылығына байланысты» - деп атап көрсетеді.
А. Н. Леонтьев «салауатты өмір сүру» - өмірдегі өз орнын білу, өмір сүруге ұмтылыс жасау, алдына қойған мақсатқа жету жолдарынан тұратынын атап көрсетті. Ол өзінің зерттеуін негіздей отырып «салауатты өмір сүру» категорияларын бөліп көрсетеді: салауатты өмір сүру қалпы, салауатты өмір сүру мәні, салауатты өмір сүру деңгейі, салауатты өмір сүру стилі, салауатты өмір сүру дағдысы. Ғалым: «салауатты өмір сүру үшін өмір сүрудің мәнін, деңгейін, қалпын, стилін жеке ұғынып, күнделікті іс-әрекеті мен әрекетінде қолданылса, дағдыға айналары сөзсіз» - деп қарастырады.
Сонымен, денсаулық өмір салтымен байланысты. Салауатты өмір салты - еңбек ету және демалыс режимдері, тамақтану жүйесі, даму мен шынығу жаттығулары, өз-өзіне және өзгелерге қарым-қатынастық, тұрмыстық, өмірлік мақсаттылықтар. Яғни салауатты өмір салты өте күрделі және жан-жақты ұғым. Оған тек қана медициналық, биологиялық және психологиялық компоненттер ғана кіріп қоймай сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымдар да кіреді.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз- организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В. П. Казначевтің жеке бас денсаулығы анықтамасы бұдан да толығырақ: «денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психологилялық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».
Денсаулық- физикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз- адам организімінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғарғы дәрежелі жағдайда болуы.
Психикалық саулық дегеніміз- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық дегеніміз- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz