Коре мемлекетінің қалыптасуы


ЖОСПАР:
І. КІРІСПЕ . . . 2-3
ІІ. 1. Ерте орта ғасырлардағы Корея тарихы
1. 1. Ерте Корей мемлекеттері . . . 4
1. 2. Корей тарихындағы үш хандық кезеңі . . . 5-6
1. 3. Бохай және біріккен Силла кезеңі . . . 6-7
2. Орта ғасырлардағы Корея тарихы
2. 1. Коре мемлекетінің қалыптасуы . . . 7-8
2. 2. Қидандар мен Чжурчжендердің басып кіруіне қарсы Корелықтардың саясаты . . . 8-9
2. 3. Монғолдардың Коре еліне жорығы . . . 10-13
2. 4. 14 ғасырдағы Корея: Билік басына Ли династиясының келуі . . . 13-15
2. 5. 15-16 ғасырлардағы Корея: Чосон мемлекетінің қалыптасуы . . . 15-17
3. Ортағасырлардағы Корей халқының мәдениеті
3. 1. Ғылыми - техникалық жетістіктері . . . 17-19
3. 2. Тарихи шығармалар мен әдебиеттердің басылып шығарулуы. Кореядағы білім саласы . . . 19-21
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 22-23
IV. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24-25
V. ҚОСЫМШАЛАР . . . 26-36
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан әлемнің 150 мемлекетімен дипломатиялық қарым - қатынас орнатқан. Олардың әр қайсысының тарихын зерделеп білу Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына және дипломатиялық қатынастарды одан әрі жақсартуға өз ықпалын тигізеді. Корея мемлекетінің ортағасырдағы тарихы соғыстармен өз ара қырқыстарға толы осы тарихқа қарай отырып біз бейбітшілікті қалай ұстану керек екендігін ұғына аламыз. Өйткені Қазақстанның негізгі байлығы ол халқы және олардың бірлігі.
Корея Қазақстанның бастамашы болуымен дүниеге келген Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске тұрақты қатысып келеді, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуді қолдайды. Ал Қазақстан ядролық проблемаларын бейбіт жолмен реттеуді жақтайды. Сонымен қатар, Корея Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция салуда алдыңғы орындардың бірінде тұр. Оның көлемі бүгінде 2, 5 миллиард долларға жетті.
Сонымен қатар осы тақырыпты таңдап алуыма осы жылы қазастанда Корей жылы деп жариялануы әсер етті.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Орта ғасырлардағы Корей мемлекетінің тарихы қазақстан тарихшыларының ішінде аз зерттелген, тіпті зерттелмеген деп айтуға болады. Берілген тақырып бойыншы тек «Ортағасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы» Тортаев. . атты жалғыз әдебиет кездеседі. ал ресей тарихшылары әлем тарихын зерттеуге көп ата салысаны бәрімізге аян. Ресей тарихшыларының мынадай әдебиеттері кездеседі: Истоpия Коpеи (Новое прочтение) / А. В. Торкунов, Корея в огне войны / И. М. Попов, С. Я. Лавренов, В. Н. Богданов. - Жуковский-М. .
Зерттеу жұмысының пәні: Орта ғасырлардағы Корей тарихы.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: орта ғасырлардағы Корей мемлекетінің тарихын зерттеу.
Осы алға қойылған мақсаттан мынадай міндеттер шығады:
- Ерте ортағасырлардағы Корей тарихындағы мемлекеттер мен хандықтардың тарихын зерттеу;
- Кейінгі орта ғасырлардағы Корей тарихындағы мемлекеттердің тарихын зерттеу;
- Корей халқының мәдениеттін салалары бойыншы зерттеу;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Корея елінің тарихы Қазақстан елінің тарихы сиақты «Бірігу тарихы», Бірақ олармен салыстырғанда біз тұтастығымызды сақтай алдық және дұрыс бағыт - бағдар ұстай алдық.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: бізге белгілі орта ғасырлар шығыс елдерінде ұзақ уақытты қамтыған. Егер біз Корей тарихындағы ерте мемлекеттерді қоса есептесек біздің хронологиялық шеңбер б. з. б 108 жылдан басталып б. з 17 ғасырымен аяқталады.
Қолдануға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Біздің антропологилық жағынан Қытайлармен салыстырғанда ұқсас болуымыз Монғолдардың басқыншылығында болуымыз
- Қазақ елі сиақты монғолдарға ұзақ төтеп берген ел
1. 1. Ерте Корей мемлекеттері
«Ерте Корей мемлекеттері» термині Ежелгі Чосон мемлекетінің жойылуы мен жаңа Когуре, Пекче және Силла мемлекеттерінің пайда болу кезеңінде қолданылады. Бұл кезең біздің заманымыздың алғашқы 3 ғасырын қамтиды.
Осы кезңнің тарихына тоқталсақ. Ежелгі Чосон б. з. б 108 жылы Қытай мемлекетінің Хань династиясынан жеңілістауып көптеген майда мемлекеттерге ыдырап кетті. Түбектің солтүстік бөлігі және Манчжурия Пуе, Когуре, Окчо және Тонъе мелекетінің билігіне өтті. Когуре мемлекетінің құрылған жылы ресми түрде б. з. д 37 жыл, алайда қытай жазбаларында кемінде б. з. б 2 ғасыр делінеді. Ал Косочон территориясында Қытай елі төрт провинция құрды, кейінен олардың үшеуі негізгі тұрғындар тарапынан қарсылыққа жолығып жойылды, ал төртіншісін 313 жылы Когуре жаулап алды.
Оңтүстікте аз зерттелген Чин мемлекеті Чинхан, Пенхан және Махан атты тайпалардың бірігуіне ықпал жасады. Жалпы айтқанда оларды Самхан деп атайды. Б. з. б 18 жылы Махан тайпасының территориясында Пекче мемлекеті құрылды. Кейінен оны толықтай жаулап ала бастады. Чинхан одағының алты тайпасының бірігуі нәтижесінде б. з. б 57 жылы Силла хандығы пайда болды. Пенхан бөлігі Кая мемлекетімен жаулап алынды, өз кезегінде ол Силланы жаулап алды.
Бұл кезеңнің ерекшелігі Корея территориясында темір қолданысынң кеңейюі. Оған дәлел археологиялық қазба жұмыстары кезінде темірден жасалған қару жарақ пен ауылшаруашылығында қолданылатын құралдардың табылуы.
1. 2. Корей тарихындағы үш хандық кезеңі
Сурет - 1
«Самгук» сөзі корей тілінен аударғанда «үш мемлекет» деген мағына береді.
Б. з. б 1 ғасыр мен б. з 7 ғасыры аралығында өмір сүрген Когуре, Пекче және Силла(сурет - 1 көре аламыз) мемлекеттері кореяның ерте феодалдық мемлекеттері болып табылады. Олар Корей түбегі мен Манчжурияны алып жатқан . Бұл мемлекеттер Қытайға қарсы соғыс нәтижесінде қалыптасқан.
Корей халқының жылнамаларына сәйкес үш хандық кезеңі б. з. б 57 жылы Силла елінің Қытай еліндегі Хань династиясынан автономиялық құқыққа ие болған кезден басталды. Ялуцзян өзенінің солтүстік және оңтүстік бөлігін алып жатқан Когуре елі тәуелсіздігін б. з. б 37 жылы алды. Когуре ханының екі ұлы мемлекетті бөліп басқаруға келімпей елден кетіп б. з. б 18 жылы Пекче еліннің негізін қалады. Осылайша үш хандық қалыптасты. Кейінен 1 ғасырда пекче елінен Кая елі бөлініп шықты.
3 ғасырда Қытайда Хань династиясының құлауы корей мемлекеттеріне сырттан қауіптенбеуге мүмкіндік берді. Үш елдеде мәдениет бірдей болды. 1 ғасырдан бастап халықтың жоғары сатыларында конфуций ілімі кең тарай бастады, кейінен оны толықтай буддизм ығыстырып шығарды.
Мемлекеттер ішінде территориясы жағынан ең үлкені Когуре өз тарихында астансын екі рет өзгертті. Алғашқысы Ялуцзян өзенеің бойындағы Хвандо қаласы болса(қазіргі Цзиань) кейінен оны Пхеньянға өзгертті. Алғашыда қытаймен шекаралас жатқан Когуре өз территориясын Манчжурия арқылы кеңейтті. Когуренің мәдени ықпалы 4 ғасырға дейін сақталды. 372 жылы буддизмды қабылдағанға дейін. Осы жылы буддзимды пекче елі де қабылдады оңтүстік өңірге осы мемлекеттің вқпалы күшейді.
4 ғасырдың басында Саро елі Кая елін толықтай бағындырды. 503 жылы өз атын Силла деп өзгертті. Силла елінің астанасы қазіргі Чинджу қаласы. Буддизм бұл елде мемлекеттік дін ретінде 528 жылы қабылданды.
Үш мемлекетің жер көлемінің ұлғаюына байланысты үш хандықтын барлығы корей түбегіне өз билігін жүргізуге тырысты. Мұндай ынтаны Қытай елі өз пайдасына асырмақшы болды. 621 жылы Қытай миператоры Ян - ди Когуреге қарсы өзінің үлкен армиясын жіберді бірақ жеңіліс тапты.
Қытай династиясы Тан 644 жылдан бастап Когуре еліне нәтижесіз соққылар беріп отырды, тек 660 жылы Силла елімен одақ құра отырып Когуре және Пекче еліне басып кірді. Тан билеушісі Когуре және Пекче елінің терииториясын өз уысында ұстап тұруға тырысқанмен тұрғындар тарапынан қатты қарсылыққа тап болды, оларға Силла еліненде көмек көрсетілді. 676 жылы Тан династиясы Когуре және Пекче территориясынан қуылып шықты және Силла еліне үш мемлекеттің басын қосуға мүмкіндік туды.
Осылайша Біріккен Силла елінің тарихы басталды.
1. 3. Бохай және біріккен Силла кезеңі
Қытай тілінде Бохай немесе корей тілінде Пархэ елі. Манчжурия, Примор өлкесі және Коей түбегінің солтүстік территориясында орналасқан алғашқы тунгус - манчжурлық мемлекет. 926 жылы Қидандықтар жаулап алды.
Когуре ыдырағанан кейін оның оңтүстік бөлігі біріккен Силла еліне тиесілі болды, ал солтүстік бөлігінде мохэсец, Да Цзожун жаңа мемлекеттің негізін қалады. Бохай еленің негізгі халқын Мальгаль тайпасының адамдары құрады әжен белгілі бір бөлігін когурелықтар құрады.
Алғашында мемлекет Чжень деп аталды, бірақ 713 жылы Қытай елінен жіберілген тағайындаммадан кейін мемлекет атауфн Бохай деп өзгертті. Мемлекеттің гүлдену кезеңі 9 ғасырғатап келді. Ол кезеңде бохай елінің территориясы қазіргі Манчжурияны, Примор өлкесін және Когуре елінің солтүстік бөлігін алып жатқан еді.
20 жылдық қидандарға қарсы соғыстардан кейін 926 жылы Бохай елі жеңіліс тапты. Оның территориясында қидандан Дундань мемлекетін құрды.
2. 1. Коре мемлекетінің қалыптасуы
918 жылы Тхебон елінің жоғары билеушілерінің жиналысында Кунъе тақтан тайдырылып орнына 41 жастағы талантты Ван Гон отырды. Сол жылы ол елдің атын Коре деп өзгертіп, 919 жылы мемлекеттің астанасын Сонак(қазіргі Кэсон) қаласына өзгертті. Астанның аты Кэген деп аталды. Корей тілінен аударған «Жаңа қала» дегенді білдірді.
Ван Гон халықты күшпен емес, салиқалы саясатпен біріктірді. Таққа келісімен ол «янин» атағын, яғни жақсы адам атағын жаңартты. Бұл атақ салықтарды қалмай төлеп отыратын адамға берілетін болған. өзінің көмекшілерінде осыған қарай таңдады. Бейбітшілік орнату мақсатымен ол лауазымды адамдарға сый сыйапат тартып отрыған, дипломатиялық қатынастарды жақсарту үшін сол елдің қызын өзіне әйелге алып оырған. Осылайша Ван Гонда 29 әйел болған.
Саясатты ауыздықтай отырып Ван Гон 930 жылы кейінгі Пекче еліне жорықтар жүргізді, кейінен Силла елінің 110 қаласы өз еркімен Коре елінің құрамына өз еркімен кіруге ұсыныс білдірді, осы жағдайдан кейін Силла елі түгелдей Коре елінің құрамына кіруге ұсыныс білдірді. 935 жылы бұл ұсыныстар жүзеге асты. Көптеген жоырқтар нәтижесінде 936 жылы Коре елі Пекче елін бағындырды.
2. 2. Қидандар мен Чжурчжендердің басып кіруіне қарсы Корелықтардың саясаты
Чжурчжендер Корелықтардың солтүстік - шығыс және солтүстік бөлігімен шектесіп жатқан. Жалпы чжурчжендықтар Корелықтарға қатысты бейбіт қатынаста болатын, бірақ қидандықтардың агресситы жорықтары чжурчжендықтардың позициясын әлсіретті. Осыны Корелықтар тиімді пайдаланып өзінің территориясын Амноккан өзенінің жағалауына дейін кеңейтті. Осылайша Корелықтар Ляо елімен көршілес ел болды. Қидандықтар бұл кезеңде Шэн - цзун қағанның басшылығымен басқыншылық саясат ұстап отырған. Осыған байланысты Коре өзінің солтүстік - батыс шекарасын күшейтуге көп көңіл бөлді. Осыған байланысты үш армия құрылды. Олар: Пак Янью басшылығымен Сангун армиясы, Со Хи басшылығымен Чунгун армиясы, Чхве Рян басшылығымен Хагун армиясы құрылды.
Қидандықтар Корееліне үш рет шапқыншылық жасалды. Алғашқы жорығы 993 жылы болды. Бұл соғыста негізгі күш қидандықтар жақта болды, соның әсерінен қидандар әскері Коре елінің орталық аймақтарына дейін жетіп Понсан бекінісін жаулап алды. Осы кезде қидан елінің басшылары Коре еліне Бұрыңғы Когуре елінің территориясын берсін деген талап қойды. Коре елінің патшасы бұл талапты қабыл алмақ еді, бірақ Со Хи қолбасшы бұған қарсылық білдіріп, қидандықтармен келіссөзге өзі кетті. Келіссөз 7 күнге созылды, сондағы талқаланған тақырып қидандықтардың айтуы бойнша олар Когуре елінің тікелей ұрпақтары сондықтан Когуре елінің территорисы соларға тиесілі, ал Со Хи қолбасшы қолындағы дерек мәліметермен керісінше пікірді дәлелдеп шықты. Және де Коре мен Ляо елінің арасында бейбітшілік және ынтымақтастық жайлы келісімге қол қойды, Со Хи Ляо елінде ерекше құрметке бөленіп 500 бөлік жібек мата сыйлығына ие болды.
994 жылы Соксон сарайында шекаралық өткізу орны ашылды, осылайша қидандармен 15 жылдық бейбітшілік орнады. Алайда Корелықтар бұл бейбітшіліктің тек уақытша екенін білді, сондықтан 994 және 1008 жылдар аралығында Корелықтар шекара бойынды 21 қамал соқты.
Екінші жорық 1010 жылы орын алды. Қидандар алғашында Хынхвачжин шекаралық қамалын алуға әрекет жасады, бұдан ешқандай нәтиже шыпаған соң, бұл қамалды айналып өтіп Коренің ішкі территорисына өтпек болды. Келесі соққы Тхончжо беікісіне бағытталды. Бұл бекіністе қарсы соғысты Кан Чжо басқарды. Кан Чжо қаза тапқанмен Соген қамалында да қидандықтар жеңіске жете алмады. Сондықтан олар төте жолға көшті олар бірден Коре елінің астансын басып алмақ болды. Осындай әркетттен шошынған сарай қыщметкерлері қидндардың талабын орндап берілуге әрекет жасағанда Кан Гванчхан қолбасшы басқа айла тәсіл қолданды. Ол барлық сарай қызметкерлерін сарайдан алып шығып берілген сыңай танытты, алайда қидандықтардың азық түлік қоры аз болғандықтан олар кері қайтуға мәжбүр болды. Осылайша қидандықтардың екінші жорығы нәтижесіз аяқталды. Сонымен қатар 2000-ға жуық әскерінен айырылды.
Қидандардың үшінші жорығы 1019 жылы болды. Бұл жорығының тактикасыда алғашқы жорықтары сиақты болды. Бұл жолы да қидандар бірден Кэгенге басып кірмек болды, бірақ астананың айналасындағы қорғаныс қамалдары мен әскер санын көріп олар беттей алмады және жолай олардың азығын Коре әскери жойып олар тағы да кері қайтуға мәжбұр болды. Осы жорықтан кейін қидандықтар коре елін мазаламады, өйткені коре әскері қидандарды қуалай отырып қырып салды, соғыс кезінде 100 мыңға жуық қидан әскері қаза болды, тек бірнеше мың әскері аман есен еліне қайтты.
2. 3. Монғолдардың Коре еліне жорығы
Монғолдар Корелықтарға 13 ғасырдың басынан жорықтар ұйымдастыра бастады. Алғашында монғолдардың Корелықтармен қатынасы достық деңгейді болды, өйткені қидандықтарға өқарсы әрекеттер жүргізіп отырған. Осылайша монғолдар Коре территориясына енді және Коре елінде өзінің 40 өкілін тастап оларға коре елінің тілі мен мәдениетін зерттеу деген тапсырма берді.
Сол жылы корей сарайына монгол елшілері «үлкен ағалық»-мыс қамқорлық көрсету мақсатымен жіберді, яғни өзіне тәуелді елге айналдыруды көздеді. Корей еліндегі Чхве Чхунхонның қаза табуы таққа талас, ұлт басшылары арасында қырқыстың және батыс және солтүстік шекарада қозғалыстардың басталуы монғолдардың қойған талабын қабыл алуға итермеледі.
Осы кезден бастап монғол елшілері Коре еліне салық жинау үшін келіп отырды. Осындай елшілердің келуі тек 1221 жылы төрт рет орын алды. Монғолдар тарапынан көрсетілген мұндай сорақылыққа Корелықтар шыдамай 1225 жылы келген елшілерді өлтіріп денесін моңғолдарға жібереді. Мұндай іс - әрекетті монғолдар соғыс ашуға түрткі деп қабылдап. Коре еліне қатысты жорықтарын бастады.
Тарихи деректерде монғолдардың корей еліне қанша жорық жасағаны жайлы көптеген пікірлер бар, біз соның ішіндегі ең шындыққа жақындарын есепке алып. Монғолдар корей еліне 5 жорық жасады деген ұйғарымға келдік.
Алғашқы жорық монғолдар 1231 жылдың 9 айында жүргізді, ол кезде олар Қайтға қарсы жорықтарды бастап қойған болатын. Соған қарамастан Саритай бастаған әскер Аммокан теңізінің арғы жағынан бірақ шықты. Монғолдар Чхольчжу және Анбокпу бекіністерін еш қиындықсыз өздеріне бағындырды, ал Кучжу бекінісінің алдында үлкен қарсыластыққа тап болды. Осы жерде тұрақтамай монғолдар Кэген қаласына қарай бет алды, 1231 жылдың 12 айында Кэген қаласын қоршап алды. Ал әскерінің бір бөлігін Чхунчжу бекінісіне қарай жіберді.
Корелықтардың жігерлі қарсылықтарына қарамастан оларды өздерінің ыңғайына көндіріп Коре еліне салық мөлшерін 2-3 есе ұлғатты. Осыған Коре елінің басшылары қол қоюға мәжбүр болды.
Келісім шартқа қол қойғаннан кейін монғолдар Корей елінен өз әскерін шығарды, монғолдар көшпелі халық болғандықтан оларға малына жайылым жерлер керек еді, ал Корей территориясында ондай бос жерлер жоқ болатын барлығы дерлік егін шаруашылығына игерілген еді.
Осы жорықтан кейін Корелықтар екі есеге артық салық мөлшерін төлеуге мәжбүр болды деп жоғарыда айтып өттік, сонымен қоса ендігі жерде Корей елінен Солтүстік Қытайға жіберуге егіншілер мен қол өнершілерді талап етті. Осындай жағдайдан мезі болған корей халқы Чхве У басшылығымен Коер астанасын Канхвадо аралында ауыстырады, аз уақыт ішінде хан сарайын салдыртып оның қорғанысына 1000 ерекше даярланған әскерін қояды. Монғолдар тарапынан қалдырылған өкілдерді қарусыз қалдыдырады.
Екінші жорық 1232 жылдың 8 айында басталды, бұл жолы да монғолдардың Кореға енуі тез жүзеге асты. Монғолдардың алғашқы мақсаты Пукке бекініс алу болды содан кейі олар оңтүстікке бет ала отырып Кэген қаласына соққы жасады. Сарай қызметшілерлі қаладан шығарылсада қаланың тұрғындары монғолдарға берілуге көнбеді, сондықтан оларға қатты қарысылық білдірді. Монғолдар Канхвадо аралына жете алмай Кванчжу қаласына соққы береді, бұл ретте Коре елінгің әскерін Ким Юнху қолбасшы бастап, монғолдардың Саритай қолбасшысына жебесін дөп тигізіп монғолдардын бетін қайтарды.
Үшінші жорығы 1235 жылы монғолдар чжучжендердің Цинь империясын жаулап алып күш жинаған кезі еді, барлық жеңістер олардың Коре елінде де жеңіске жететінің кепілі сиақты көрінді. Расында да 1235 жылы монғолдар Коре елінің едәуәр бөлігіне енді, тіпті Тонджу, Наемнга қаларына дейін жетті. Үшінші жорық кезінде Коре елінің басшылығы монғол халқына өқарсы ешқандай іс - әрекет жасамады. Ал сол кезде халық жоғарыдан ешқандай бұйрық келмеседе өздері қарулы қарсылық көрсетті. Хыйген және Менчжун қалалрының тұрғындары өз белсенділігімен қарулы әскер құрып 1236 жылдың 7 айында монғолдарға қарсылық көрсетті. 9 айда Чукчу қаласының тұрғындары монғол әскеріне берілмей аянбай соғысты.
Нәтижесінде монғолдардың үшінші жорығы Корелықтар тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып ойланғанын іске асырамай қалды. 1236 жылдың соңына қарай коер мен монғолдар арасында бейбітшілікке келу жайлы келіссөздер жүзеге асты. 1238 жылы Монғолия еліне коре елінің қолбасшысы Ким Бочжон аттанды, нәтижесінде 1239 жылдың 4 айында Коре елінен Монғол әскері шығарылды. Осы жылдың 8 айында Монғол елінен Канхвадо аралында орналасқан КОчжон қаласына сол кездегі астанаға 137 адамнан тұратын елшідер келді. Олар Коре еліне астанасын кері Кэгне қаласына ауыстырсын және Коре елінің басшысы монғол еліне келіп өз баласын кепіл ретінде қалдыруын талап етті. Бұл талап қабылданбағанмен Коре еленің басшысы баласы Синанды 1239 жылы монғол еліне жібереді.
Төртінші жорық 1247 жылдың 7 айында басталды. Монғолдар Емчжу қаласына дейін Коре еліне енді. Бірақ, сол кездегеі Темучиннің балалрының арасында таққа талас одан әрі әскери іс - қимылдарды жалғасытруға мүмкіндік бермеді. Сондықтан 1248 жылы монғолдар коре ленің территориясынан өз әскерін шығаруға мәжбүр болды.
Бесінші жорығы 1253 жылдың 7 айнда басталды. Бұл жолы монғол әскерін жаңа қолбасшы - Амугань бастап келді. Сонымен қатар монғол әскеріне коре елінің сатқындары Хон Бо-гвон секілділер көмектесті. Монғол әскері аз ғана уақыттың ішінде Коре еленің солтьүстік - батыс бөлігін жаулап алып оңтүстік - шығыс бөлігіне ұмтылды. Бірақ Чхунджу бекінісінен ары монғолдар жылжи алмады. Бұл бекіністің әскери іс қимвлдарын Ким Юнху қолбасшы басқарды ол өзін 1232 жылы монғолдармен соғыс кезінде көрсеткен болатын. Бекініс 10 ай қоршауда отырды, азқы түлік қоры біткенен кейін Ким Юнху құлдарға бостандық беріп солардың көмегімен монғолдарға қарсы шықты. 10 ай нәтиже шықпағанан кейін монғолдар әскер басын ері бұруға мәжбүр болды.
1254-1259 жылдар аралығында онғолдар тағы да бірнеше жорықтар жасаған бірақ бұл жорықты бір 1253 жылдан бастап бір кезең деп қарастыруға болады.
2. 4. 14 ғасырдағы Корея: Билік басына Ли династиясының келуі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz