Аудит түрлері



Жабдықтау процесі өндірістің бірінші бөлінісін көрсетеді. Олардың жағдайы кәсіпорынның өндірістік қаржылық жөнелту және ұйымдастырушылық қызметіне тәуекелді болады. Тауарлы материалдық қорлар шаруашылық қызметтің сипатына әсер етеді. Тауарлы материалдық құндылықтар есебі кезіндегі елеулі бұрмалаушылықтар ағымдағы активтерді сату құнының жиынтық және таза пайданы бағалау кезіндегі қателіктерге алып келеді. Қорлардың шамадан тыс құрылуы айналым ақша ресурстарының ұлғаюына және олардың айналымының бәсеңдеуіне алып келеді. Бұл кезеңдегі аудитордың басты мақсаты ұйымды жабдықтау процесін ішкі бақылау құрылымен әлсіз және күшті жақтарын анықтау болып табылады. Осыған қол жеткізу үшін аудитор жалпы процедуралар мен негізгі құжаттар, сатып алу және жұмсау циклының бақылау әдісімен танысу қажет. Сатып алу және жұмсау жүйесінің әрекетін және сенімділігін бағалау үш сатыда жүргізіледі:
1) жалпы танысу
2) жүйенің сенімділігін бағалау
3) жүйенің бағалылығын дәлелдеу
Осы сатыларға негізделе отырып аудитор жүценің жалпы тиімділігін бағалайды. Сатып алу және жабдықтау циклі үшін дебет және кредиттелетін тауарлы-материалдық құндылықтардан басқа да айналым активтерінің кірістелуін бағалау маңызды болып табылады. Жабдықтау циклі үшін аудиторлық жоспарлау сатысында, нақты аудиторлық процедуралар жүргізу барысында және аяқталу сатысында маңызды көрсеткіштерге көңіл бөлу қажет. Материалды бағалау кезінде келесі мақсат көзделеді:
1) қаржылық есеп беруде мүмкін болатын бұрмалаушылықтардың деңгейін анықтау
2) алдағы болатын аудитордың көлемін және анықталатын бұрмалаушылықтар салдарын бағалау
Кәсіпорынның аудиторы тексеруді активтердің түрі бойынша ғана емес, сонымен қатар олардың қалыптасу көздері бойынша да жүргізуі керек, себебі, циклдың әр жағдайы үшін көздерге байланысты тексерудің өзінің әдістемесі құрылады, тексерілуге тиісті құжаттардың және мүмкін болатын

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Аудит түрлері

Тақырып: Жабдықтау кезеңінің аудиті

Тақырып: Өндірістік кезең аудиті

Тақырып: Сату және қаржылық нәтижелердің қалыптасу кезеңінің аудиті

Тақырып: Дебиторлық борыш аудиті

Тақырып: Ақша – қаражаттарының аудиті

Тақырып:Жабдықтау кезеңінің аудиті

1. Жабдықтау кезеңіндегі аудиторлық тексерудің ерекшеліктері
2. Жабдықтау кезеңіндегі аудиторлық тексеруде пайдаланатын құжаттар

Жабдықтау процесі өндірістің бірінші бөлінісін көрсетеді. Олардың жағдайы
кәсіпорынның өндірістік қаржылық жөнелту және ұйымдастырушылық қызметіне
тәуекелді болады. Тауарлы материалдық қорлар шаруашылық қызметтің сипатына
әсер етеді. Тауарлы материалдық құндылықтар есебі кезіндегі елеулі
бұрмалаушылықтар ағымдағы активтерді сату құнының жиынтық және таза пайданы
бағалау кезіндегі қателіктерге алып келеді. Қорлардың шамадан тыс құрылуы
айналым ақша ресурстарының ұлғаюына және олардың айналымының бәсеңдеуіне
алып келеді. Бұл кезеңдегі аудитордың басты мақсаты ұйымды жабдықтау
процесін ішкі бақылау құрылымен әлсіз және күшті жақтарын анықтау болып
табылады. Осыған қол жеткізу үшін аудитор жалпы процедуралар мен негізгі
құжаттар, сатып алу және жұмсау циклының бақылау әдісімен танысу қажет.
Сатып алу және жұмсау жүйесінің әрекетін және сенімділігін бағалау үш
сатыда жүргізіледі:
1) жалпы танысу
2) жүйенің сенімділігін бағалау
3) жүйенің бағалылығын дәлелдеу
Осы сатыларға негізделе отырып аудитор жүценің жалпы тиімділігін бағалайды.
Сатып алу және жабдықтау циклі үшін дебет және кредиттелетін тауарлы-
материалдық құндылықтардан басқа да айналым активтерінің кірістелуін
бағалау маңызды болып табылады. Жабдықтау циклі үшін аудиторлық жоспарлау
сатысында, нақты аудиторлық процедуралар жүргізу барысында және аяқталу
сатысында маңызды көрсеткіштерге көңіл бөлу қажет. Материалды бағалау
кезінде келесі мақсат көзделеді:
1) қаржылық есеп беруде мүмкін болатын бұрмалаушылықтардың деңгейін
анықтау
2) алдағы болатын аудитордың көлемін және анықталатын бұрмалаушылықтар
салдарын бағалау
Кәсіпорынның аудиторы тексеруді активтердің түрі бойынша ғана емес, сонымен
қатар олардың қалыптасу көздері бойынша да жүргізуі керек, себебі, циклдың
әр жағдайы үшін көздерге байланысты тексерудің өзінің әдістемесі құрылады,
тексерілуге тиісті құжаттардың және мүмкін болатын типтік бұзушылықтардың
тізімдері жасалады.

Объектілердің және оларды сатып алу көздерінің тізімі
Объектілердің тізімі Сатып алу көздері
Сатып алу циклі Сатып алудың негізгі
бағыттары(көздері):
Жарғылық капиталға өзінің салымдары
-негізгі құралдар есебінен құрылтайшылармен салу:
( сатып алынған
( қолма-қол ақша үшін
( несиеге
( кейінгі төлемдерге
( ақысыз
-материалды емес активтер Жабдықтаушылар мен мердігерлер.
Есеп беруші тұлғалар
Мемлекеттік органдардан қайтарымсыз
субсидиялар
Қайрымдылық, демеушілік түсімдер
Қоймаға тауарлы-материалдық
құндылықтардың түсуінің келесідей
мүмкіндіктері де бар: негізгі
қөұралдардың обьектілерін жоюдан,
қоймаға ТМҚ мүмкін болатын баға
-тауарлы материалдық қорлар бойынша кіріске алу
Жөнделмейтін ақауды анықтаған
жағдайда қоймаға ақауланған өнімнің
кейбір бөлшектері қабылданады
Жалға алынған негізгі құралджарды
сатып алу тәртібі бойынша
Өзінің кәсіпорында жасалған және
есепте кіріске алынған негізгі
құралдар
Біріккен қызмет туралы келісім-шарт
бойынша мүлікті (негізгі құралдар)
қайтару

Аудитор тексеруді активтердің түрі бойынша ғана емес сондай-ақ олардың
қалыптасуы бойынша жүргізуі қажет. Себебі, циклдің әрбір жағдайы үшін
тексерудің тиісті құжаттар мен мүмкін болатын типтік бұрмалаушылықтардың
тізімдері жасалып жабдықтау кезеңіндегі аудитор келесі мәселелерді
шешеді:
1) тауарлы материалдық құндылықтардың есебін жүргізудегі кәсіпорынның
есеп саясатымен танысу және оның нормативтік құжаттарымен сәйкес
екендігін тексеру
2) материалдардың келіп түсуі және босатылуы бойынша бухгалтерлік есепте
және құжатта рәсімделу тәртібін бекіту және нормативтік актіге сай
болуын анықтау қажет
3) материалдық құндылықтардың дұрыс сақталуы мен сақтануы бар екенін
анықтау
4) материалды өндірістік нормаға сай жүргізілуін және дұрыс бағалауын
анықтау
5) жетіспеушіліктер немесе жоғалтулар болатын операциялардың бухгалтерлік
есепте негізделуін бақылау
6) материалдық құндылықтарды қабылдау мен босатылу негізділігін талдауы

Жабдықтау кезеңін аудиторлық тексеруде пайдаланатын құжаттар

Мазмұны Апарат көздері Тексеру тәсілдері
ТМҚ сатып алынатын Келісім шарттар, хаттар,Бақылау, растау
растайтын құжаттардың шот-фактуралар, кіріс
бар болуы құжаттары
Тауарлардың саны мен Алынатын ТМҚ саны мен Бақылау, растау
сапасы бойынша сапасы бойынша
талаптардың мерзімін
тексеру
Жабдықтаушылардың ҚҚС Шот-фактуралар ҚҚС Қайта есептеу
дұрыс есептелуін тексерубойынша нұсқаулар
Жабдықтаушылардың Шот-фактуралары, Қадағалау
шоттары мәліметтердің бухгалтерлік есеп
есеп регисторлармен сай регисторлары
келуі
Кредиторлық борыштың Бухгалтерлік есеп Растау
нақтылығын тексеру регисторлары,
жабдықтаушылардың
сұрауларына жауаптар
Жауапты тұлғалардың Шоттар, кіріс актілері, Таңдап алу, тексеру,
материалдық накладнойлар, хаттама салыстыру
құндылықтарды кіріске есебінің нәтижелері
алудың толықтылығын
тексеру
Шоттар кореспонденциясынБухгалтерлік есеп Қадағалау және бақылау
дұрыс түзілуін тексеру регисторлары, шоттар,
төлем талаптары

Аудиттің алдына қойған мәселелерге және есеп саясатынан бас тарту және
алаяқтық, материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша құжаттардың
дұрыс емес рәсімделуін, материалдар мен операциялар бойынша салық салудың
ережелерін орындамау, бухгалтерияда және қоймада материалдық құндылықтардың
қозғалысы бойынша мәліметтерді кезеңді емес салыстыру сияқты басқа да
мүмкін болатын әдеттегі қателерге бағыт ала отырып, аудитор бағдарламаларды
жасайды. Оны дайындау барысында, материалдық қорлардың есебіне тиісті
базалық нормативті және заңдылық құжаттары, тексерілетін экономикалық
субьектінің персоналынан алынған түсіндірмелерді және дәлелдемелерді,
материалдық қоймаларды және жабдықтаушы-дайындаушы қызметтерді қарап
шығудың нәтижелерін, тартылған мамандармен әңгімелердің және кеңестердің
нәтижелерін, алдын-ала жүргізілген талдамалық процедуралардың
нәтижелерін(тұжырымдарын( қолдауы керек.
Материалдардың бухгалтерлік есебінің жүйесінің сапасы және сенімділігі
туралы ойды білдіру үшін сапалы аудиторлық дәлелдемелердің жеткілікті санын
жинауды қамтамасыз ететін, ақпараттың көздерін дұрыс таңдалуын жүзеге асыру
бағдарламаны жасау кезінде ерекше мәнге ие болады. Бұл кезде аудиторлық
дәлелдемелерді жинауға кеткен шығындары және алынған ақпараттың пайдалылығы
арасындағы рациональді қатынасын орнату қажет. Материалды тексеру кезінде
аудиторлық дәлелдемелерді алудың көздері болып бастапқы құжаттар табылады:
“Ұйымның есеп саясаты туралы” бұйрық, тауарлы-материалдық құндылықтардың
жабдықталуы туралы келісім-шарттары, берілген сенім хаттарды есепке алу
журналы, кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау актілірі, қойма есебінің
карточкалары және айналым ведомостері, шектеулі-алу карталары, тауарлы-
транспорттық наклоднойлары, талап- наклоднойлары, шот-фактуралар,
материалдарды сыртқа босату наклоднойлары, материалдардың жұмсалуының және
жетіспеушіліктердің есептен шығару актілері, салыстыру ведомостері, сатып
алу актілері, құжаттарды қабылджау-тапсыру реестрі және т.б.
Солармен қатар, синтетикалық және аналитикалық есептің регистрлері
қолданылады: Бас кітап, журнал ордерлер(20 бөлімшенің шоттарының дебеті
бойынша №6, 20 бөлімшенің шоттарының кредиті бойынша №10), қоймадағы
материалдардың есебінің ведомосі, материалдың шығыны бойынша салыстыру
ведомосі, аяқталмаған өндірістің ведомосі.
Аудиттің барысында жүзеге асырылған жұмыстың негізгі аспектілері
құжатталады, сондықтан бағдарламаға аудиторлық есеп беруді жасау кезінде
мәні бар, аудитордың жұмыс құжаттарын анықтау мақсатты болып табылады.
Сонымен қатар, аудиторлық процедуралардың түрін, негізгі бағыттары мен
қателерді және жетіспеушіліктерді анықтау әдістерін қарастыру
қажет.Жабдықтаушылармен есеп айырысудың аудитінің ақпарат көздері болып
келесілер табылады:
( синтетикалық есептің ижәне есеп берудің регистрлері
( есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебінің регистрлері
( есеп айырысулардың есебі бойынша бастапқы құжаттар(наклоднойлар, шот-
фактуралар, келісімдер).
Осы мәселелерді аудитор зерттеп, оларға баға беріп, аудиторлық
қорытындыда өз ойын білдіреді және есептің бекітілген ережелерденаутқулары
және айқындалған бұзушылықтары туралы ұсыныстарды бекіту қажет.

Тақырып: Өндірістік кезең аудиті

1. Өндірістік операциялар аудиті
2. Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындарды аудиторлық тексеру
Кез-келген өндірістік кәсіпорынның шығындарының басым бөлігі өзіндік құн
шығындарынан тұратын өнім өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындар құрайды.
Өзіндік құн деңгейі мен оның динамикасы негізгі және айналым құралждарының
тиімді пайдаланғандығын еңбекті ұйымдастыру мен тиімділік дәрежесін үнемдеу
режимінің есепті немесе базистік кезеңде қаншалықты ұтымды пайдаланғанын
көрсетеді. Өнімнің өзіндік құны негізгі экономикалық көрсеткіштер табыс пен
рентабельділікпен тығыз байланысты. Шығындарды дұрыс анықтау түрлі
келіспеушіліктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Аудиторлық тәжірибе
көрсетіп отырғандай өндірістік шығындар есебін жүргізу кезінде келесідей
қателер жиі кездеседі:
1) материалдық шығындарды, аяқталмаған өндіріс, еңбек шығындары соммасын,
мөлшерін заңсыз көтеріп жіберу
2) өндіріс шығындарына заңдылыққа сай басқа арнайы көздер есебіне алып
барылуы тиісті шығындардың қосылуы
3) шығындарды калькуляциялау обьектісінің болмауы
4) негізгі құралдарға капиталды салымдардың өндірістік шығындарға қосылуы
5) өзіндік құнға құжатпен негізделмеген алғашқы құжаттары жоқ шығындарды
қосу
6) материалды емес активтер амортизациясын өзіндік құнға кіргізілуі
құжатпен бекітілмегендігі
7) заңды тұлғалардың жалға алынған негізгі құралдар обьектісінің арендасы
бойынша шығындардың өзіндік құнға кіргізілуі
8) өндірістік емес негізгі құралджарға шығындардың өзіндік құнға
кіргізілуі
Өндірістік шығындар есебін аудиторлық тексеру жүргізбес бұрын аудитор
кәсіпорын қорының есеп саясатымен , кәсіпорын қорының ұйымдастырушылық және
техникалық ерекшеліктерімен, өндіріс типімен, шығарылатын өнімнің
түрлерімен, пайдаланын ресурстарымен танысу керек.
Аудитор есекп саясатын сақтау тұрғысынан келесілерді бекітуі қажет:
1) тексеріліп отырған кезеңнің басында таңдалған шығындары есепке алу
әдісінің өзгермегендігі, оның нормативтік құжататарға сәйкестігін
2) есепті кезең бойынша шығындарды бөлу мен шектеудің дұрыстығын
3) материалджы шығындарды есептеу дұрыстығын
4) негізгі құралдарға амортизация соммасын есептеу дұрыстығын
5) үстеме шығындар соммасын негізділігін обьект бойынша бөлу әдістерін
Аудитор өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндіріс шығындарын есепке
алуда пайдаланатын әдістердің мәні мен маңызын жақсы білуі тиіс. Отандық
тәжірибеде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда келесідей әдістер
пайдаланады:
а) қарапайым
б) тапсырыстық
в) қайта жасау
г) нормативтік
Шетелдік тәжірибеде қолданатын әдістер дерек – костинг және стандарт –
костинг. Өндірістік кезеңде аудитордың басты назар аударуға тиісті
мәселенің бірі бұл шығындардың жіктелуі. Өнімнің өзіндік құнына кіргізілуі
бойынша шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді. Шығындарды өзіндік
құнды құрауы бойынша баптар мен элементетрге бөлеміз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Ұйымдағы ішкі бақылауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Аудиттің негізі және оның атқаратын қызметтері
Зерттелініп жатқан ұйымның міндетті аудитті жүргізудің ерекшеліктерін қарастыру
АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сыртқы аудитті ұйымдастыру
Аудиттің мәні
Аудиттің мәні, мақсаттары, міндеттері және маңызы
Аудиттің мәні, мазмұны және даму тенденциялары
Ішкі аудитті бағалау
Пәндер