Қажетті қорғану жағдайында болды деп тану


Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру
КІРІСПЕ 3
І ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Өзін-өзі қорғау және оның түрлері 5
1. 2 Өзін-өзі қорғаудың шегі мен қылмыстық жауапкершілігі 7
ІІ ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУДЫҢ ЖӘНЕ КРИМИНОГЕНДІ ЖАҒДАЙДА ҚОРҒАНУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2. 1Кісі өлтіру және ол үшін қылмыстық жауапкершілік 12
2. 2 Қажетті қорғану шегінен шығып кеткен жағдайдағы кісі өлтіру 17
2. 3 Қажетті қорғану жағдайында болды деп тану 20
ІІІ ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ
3. 1 Өзін-өзі қорғаудың ережелері мен айла-тәсілдері 24
ҚОРЫТЫНДЫ 26
Пайдаланылған әдебиеттер 28
КІРІСПЕ
Әрбір азаматтың конституциялық борышы - қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдық және басқа да зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекетттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдық белгісі болып табылатын басты белгі - қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлуе; бұйрықты немесе өкімді орындау әрекеттері жатады.
Осы аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, лоарда қоғамға қауіптілік болмағандықтан, қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар қоғамға пайдалы іс-әрекеттер қатарына жатады. Енді осы мән-жайларға талдау жасайық.
Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы дайындығына және қызмет жағдайына қарамастан, бірдей дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан, тиесілі болып табылады (32-бап) . Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды делінген (32-баптың 1-бөлімі) .
Бұл жерде мемлекеттік, қоғамның мүдделеріне қорғанушының өзіне, басқа адамның заңды құқықтарына, құқықтық тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған істі тоқтату мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік қылмыстық құрамда көрсетілген белгілерге дәл ұқсағанымен, қылмыс болып саналмайды делініп отыр.
Азаматтардың құқықтық санасының деңгейін арттыру үшін мемлекеттің негізгі күш-жігері құқықтық насихатты (қоғамдық заң білімін жандандыру) кеңейтуге және азаматтық қоғамның тиімді институттарын дамытуға бағытталады.
Қазақстандық қоғамның жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде адвокаттардың, сот және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби мәдениетінің деңгейін арттыруға, олардың сапалы кәсіби даярлығына ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл ретте таяудағы онжылдықта мемлекет халықтың білікті заң көмегіне қол жеткізуін кеңейту үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.
Қоғамның қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар туралы жалпы түсінік және оның түрлері
Қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін және олардың қалыпты әрекетін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар деп аталады.
І ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Өзін-өзі қорғау және оның түрлері
Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, меншігін және т. б. игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады.
Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақтандырушылық мәні зор. Өйткені қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады.
Міне, осыған байланысты қажетті қорғану Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға пайдалы әрекет деп саналады.
Мұндай жағдайда қиянат жасаушының өмірі, денсаулығы мен меншігі оның қылмыс істеуіне байланысты қылмыстық заңның қорғауынан тысқары қалады. Қажетті қорғану жағдайында оған зиян келтіру қылмыстық құқықтық әрекетпен заң қорғайтын объектке қол сұғушылық болып табылмайды. Қажетті қорғану қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудің белсенді нысаны болып табылады. Бұл шабуыл жасаушыға қарсы істелген тікелей әрекет болып саналады. Сол себепті мемлекет заңда белгіленген тәртіппен кейбір тәртіп сақшыларына мұндай реттерде қару қолдану құқығына да жол береді.
Азаматтар заңға сәйкес шабуылдан қашып қорғанудан немесе басқа амалдар қолданудан тыс, заңға сәйкес қоғамға қауіпті шабуылға қарсы залал жасау жолымен белсенді шараларды қолдануға қақысы бар. Мұндай кеде олар қоғамға қауіпті шабуылдан қорғану жағдайында келтірген залалы үшін жауап бермейді деп атап көрсеткен. Қажетті қорғануды жүзеге асырудың заңға сыйымды негізгі шарттары бар. [1]
Қиянатқа байланысты қажетті қорғануды қолданудың заңға сыйымдылық шарттары: оның біріншісі қиянат қоғамға қауіпті болуы керек, яғни қиянат арқылы заң қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болады.
Қоғамға қауіпті қол сұғушылық жоқ болса, қажетті қорғану да жоқ. Қол сұғушылықтың түрлері Қылмыстық кодекстің 32-бабында қорғанушылықты немесе басқа адамның жеке басына тікелей төнген қауіпті қиянаттан болған әрекеттер деп көрсетілген. Бұл әрекеттер шабуыл арқылы жүзеге асырылады. Шабуыл - бұл ашықтан-ашық кенеттен пайда болған зорлық әрекет. Өмірге қауіпті зорлық өлімге әкеліп соғуы, ал өмірге қауіпті емес зорлық денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Зорлық көрсетемін деп қорқыту өмірді жоюға, немесе денсаулыққа зақым келтіруге нақты бағытталуы мүмкін. Қажетті қорғану қауіпті тудыру ошағына арналғндықтан, оны кім немесе не төндіргеніне қарамайды. Қорғаныс заңсыз істеудің нәтиженде заң қорғайтын мүддеге қауіп төндіретін лауазымдық жағдайын пайдаланушыға да, жасы қылмыстық жауаптылыққа толмағандар мен есі дұрыс еместерге, қорғаудың шегінен асып кетушілік әрекеттеріне және жалған қорғануға қарсы қолданылуы мүмкін. Заңда бұларды бір сөзбен айтқанда, қауіпті қиянатты төндіруші деп айтады. Қауіпті төндірушіге заң бойынша жоғарыда айтылған іс-әрекетті істегендердің бәрі жатады.
Қажетті қорғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды, сол сияқты қажетті қорғануды қандайда бір әрекетінде қылмыстың формальдық жағынан белгілері бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекетсіздіке қарсы қолдануға болмайды. Мұндай әреекттерге өте арзан заттарды ұрлау, жасөспірімдердің бау-бақшадан жеміс-жидектер ұрлауы сияқты әрекеттері жатады. Адам мұндай іс-әрекеттері арқылы зиян келтірсе, онда олар жалпы негізде жауаптылыққа тартылады.
Қажетті қорғану әкімшілік теріс қылыққа да қарсы қолдануы мүмкін. Мысалы, ұсақ бұзақылыққа қарсы. Қажетті қорғануды қолдануда негіз болатын қоғамға зяинды қасақана әрекеттің (абайсызда емес) өмірге, денсаулыққа, меншікке, басқа да құқықтарына, қоғам немесе мемлекет заңды мүдделеріне, қоғамдық тәртіпке дереу зиян келтірілуі мүмкін болғанда ғана қолдануға болады. Мысалы, кісі өлтіруге, әйелді зорлауға, ұрлыққа, тонауға оқталу. Егер қиянаттың қоғамдық қатынастарға дереу, тез зиян келтіруге қабілеті болмаса, ондай әрекеттерге қарсы қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Мұндай жағдайда төнген залалды тойтару басқа жолмен жүзеге асырылады.
Қажетті қорғануды қарсы әрекетке ғана қолдануға болады. Құқықтық міндетін орындамаған әреектсіздікке қажетті қорғануды қолдануға негіз жоқ. Мұндай құқықтық міндетті орындамаушылық орын алған жағдайда оған зиян келтірмей-ақ оны зорлап орындатушылық орын алады. Заңда көрсетілген қылмыстық қиянатпен қол сұғы қасақана болуы керек, абайсыздықпен қол сұғу басқа жолмен тоқтатылады.
Жеке қорғану құралдары - жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шүлық, ерекше құрамдар сіңірілген киім-кешек және т. б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, колғап) болып табылады. [2]
1. 2 Өзін-өзі қорғаудың шегі мен қылмыстық жауапкершілігі
Қажетті қорғану - әр адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне, тұрғын үйіне, меншігіне және басқа да заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғануға ажырамас конституциялық құқығы болып табылады. Осыған байланысты қаза келтіру не денсаулығына зиян келтіру бойынша істерді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 32-бабының қажетті қорғаныс және оның шектері туралы ережелеріне сүйене отырып, мақсат, себеп, кінә нысанын, қылмыстың жасалу тәсілін және әрекетті дұрыс саралауға қажетті басқа да мән-жайларды мұқият анықтау керек.
Барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына, жынысына, жасына және басқа да жағдайларға қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға заңмен қорғалатын қандай объектіге қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасалғанына, ол объект қорғанушының өзіне немесе басқа адамдарға тиесілі екендігіне, сондай-ақ қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу не басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.
Шабуыл жасаушының қасақана немесе абайсыз әрекеттерімен зиян келтіріліп болғанда ғана емес, зиян келтіру әлі басталмаған, бірақ нақтылы келтірілу қаупі төнген (мысалы, қол сұғушылықты іске асыруға дайындық әрекеттері жасалған және б. ), не қол сұғушы құқыққа қарсы әрекеттерін әлі аяқтамаған (ұрып-соғуын жалғастырған, ұрланған заттарды пәтерден әкетіп үлгермеген) кезде, сондай-ақ негізінен аяқталған, бірақ істің мән-жайларына қарай қорғанушы үшін оның қай сәтте аяқталғаны айқын болмаған қол сұғушылықтан кейін іле-шала жалғасқан қорғану кезінде қажетті қорғануға жол беріледі. Аталған жағдайларды қол сұғушылықтың басталу және аяқталу сәттерінің айыпталушыға қаншалықты көрінеу болғанына, оның нақтылы қалыптасқан жағдайда ахуалды дұрыс бағалауға мүмкіндігі болған-болмағанына қарап бағалау қажет. [3]
Қол сұғушылықтың сипатына баға берген кезде шабуыл жасаушының әрекеттерінің бағытын, күш қолдану, мүліктік немесе рухани (моральдық) сипатта болуы мүмкін келтірілген зиянның мәнін есепке алу қажет.
Қорғанудың қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес келуі, қорғанушының өзінің күші мен шабуыл жасаушының күшінің нақтылы ара салмағын есепке алуын және барлық мән-жайларды ескере отырып, қол сұғушылыққа тойтарыс беруде қажеттіден артық зиян келтіруге жол бермеуін көздейді. Бұл орайда қорғанушыларға қасақана келтірген зиянның шабуыл жасаушыға келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның көлеміне, сипатына сәйкес келмеуі қорғану құқығын жүзеге асыру үшін осындай зиян келтірудің қажеттілігі жоғы көрінеу айқын болғанда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Шабуыл жасау мен қорғанудың сәйкестігін бағалағанда қажетті қорғану арқылы қол сұғушыға зиян келтіру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайтынын қарастыратын ҚК 32-бабының үшінші бөлігін ескеру қажет. Қол сұғушылықтың адам өміріне қарсы бағытталуын, сондай-ақ заңмен қорғалатын басқа да объектілерге қол сұғушылық кезінде қару қолданылуын заң шығарушы, шабуыл жасаушыға келтірілген зиянның сипатына қарамастан қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың сипаты мен дәрежесіне сәйкес деп танылатын мән-жайлар ретінде қарастырады. Мұндай әрекеттер қажетті қорғану шегінде жасалған деп қарастырылады және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Заңымен атыс немесе суық қаруға, оқ-дәріге жатқызылған, олардың көмегімен адамға қаза келтіруге болатын, оның шабуыл жасаушыда болуы қажетті қорғаныс шегінен шығуды жоққа шығаратын мән-жайлар болып табылатын заттарды қару деп таныған жөн.
Шаруашылық-тұрмыстық және басқа мақсатта қолданылатын өзге де заттармен (балға, балта, асүй пышағы, жас шығарғыш немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған тозаңдатқыштар, тас, таяқ, кірпіш және т. с. с. ) қаруланған шабуыл жасаушыға келтірілген зиян, тек қажетті қорғану шегінен шықпаған жағдайда жауаптылыққа әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары қажетті қорғану кезінде келтірілген кез келген зиян үшін емес, тек қасақана келтірілгені үшін жауапкершілік белгілейді. Осыған орай, қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған қылмыстар субъективтік жағынан тек қасақана кінә болып сипатталады. Егер зиян қол сұғушыға абайсызда келтірілсе, онда қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған мұндай әрекет қылмыстық деп танылмайды және жазалануға жатпайды.
ҚК 99-бабында (қажетті қорғану шегінен шығу кезінде кісі өлтіру), 109-бабында (қажетті қорғану шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру) қарастырылған қылмыстардың белгілері болғанда ғана қажетті қорғану шегінен шығу кезінде келтірілген зиян үшін жауаптылық туындайды. Бұл қажетті қорғану кезінде шабуыл жасаушының денсаулығына келтірілген шағын немесе ауырлығы орташа зиян қорғанушыны қылмыстық жауаптылыққа тартуға әкеп соқпайды дегенді білдіреді.
Қажетті қорғану кезінде, бірақ оның шегінен шығу арқылы жасалған әрекет үшін қылмыстық жауаптылық туралы мәселені шешуде ҚК 66-бабында бекітілген, мұндай адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босататын ереженің маңызы зор. Қылмыстық заңның аталған нормасы қоғамға қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен шыққан адамды істің мән-жайын ескере отырып, ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігін қарастырады. [4]
Аталған норманы қолданғанда, заң шығарушы, адамның үрейлену немесе қорқумен сипатталатын көңіл-күй жағдайын, сондай-ақ қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың әсерінен болған сасқалақтау салдарынан өзінің әрекетіне есеп бере алмауын қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз ретінде қарастыратынын және бұл мән-жайларды істің мән-жайларымен байланыстыратынын ескеру қажет. Демек, ҚК 66-бабы үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен шыққан адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін екендігін қарастырады, бірақ бұл мән-жайларды адамды міндетті түрде дереу қылмыстық жауаптылықтан босатуға әкеп соқтыратын абсолютті жағдай деп санамайды, яғни ол факультативті болып табылады.
Шабуылға ұшыраған және қажетті қорғану кезінде қол сұғушыға зиян келтірген адамның қорқуы деп - оның өзіне жасалған қол сұғудан қатты үрейленуін, қатты қорқуын түсіну керек. Осыған ұқсас жағдайларда адамның көңіл-күйі аяқ астынан үрей, қорқыныш сезімінің пайда болуымен сипатталады. Қорғанушы адамның сасқалақтауы деп - оның қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан туындаған қорқу, үрейлену салдарынан аяқ астынан абыржуын, сасқалақтауын, ретсіз әрекеттер жасауын түсіну керек.
Қорғанушы қорқу, үрейлену немесе сасқалақтау жағдайында болды ма, оның осы жағдайы өзінің қорғану әрекеттерін бағалауына және қажетті қорғану шегінен шықпайтындай әрекет жасау қабілетіне әсер етті ме деген мәселелерді анықтау үшін психологиялық-психиатрлық сараптама жасап, оның қорытындысын басқа дәлелдемелермен және қоғамға қауіпті қол сұғушылық нәтижесінде қалыптасқан нақтылы жағдаймен және одан қорғану әрекеттерімен бірге бағалау қажет.
Осыған байланысты қорқу, үрейлену, сасқалақтау жағдайында қажетті қорғаныс шегінен шыққан адам қайсібір жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын, ал басқа жағдайларда босатылмайтынын ескере отырып, әрбір нақты жағдайда қылмыстың жасалуының мән-жайын (қол сұғушылықтың жасалу уақыты мен орнын, қол сұғушылар мен қорғанушылардың санын, шабуыл жасаушылардың шабуыл кезінде құралдар қолданған-қолданбағанын, тараптардың жасын, дене бітімін және психикалық жағдайын және т. с. с. ) мұқият анықтау және айқындау қажет.
Шабуыл жасаушыға келтірілген зиянды бағалау кезінде қорғанушы адам қол сұғушылықтың салдарынан пайда болған толқу жағдайында ұдайы қауіптің сипатын нақты салмақтап және соған мөлшерлес қорғану тәсілін таңдай алмайтынын ескеру қажет. Сондықтан қоғамға қауіпті қол сұғушылық кезінде қару есебінде қолданылған құралдардың шабуыл жасаушыдан қорғанушыға өтуі барлық жағдайларда да өздігінен қажетті қорғану шегінен шығуды білдірмейді. Мұндай жағдайларда шабуыл жасаушы мен қорғанушының бұдан кейінгі әрекеттерінің сипатын және басқа да мән-жайларын ескеру қажет.
Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіруді жан күйзелісі (аффект) жағдайында жасаған әрекеттерден ажырату қажет. Бұл орайда қажетті қорғану жағдайында, соның ішінде қажетті қорғану шегінен шыққанда да, айыпты қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қорғануды көздейді, ал жан күйзелісі жағдайында өзін осындай күйге ұшыратқан адамға зиян келтіруді көздейді. Адамның осындай әрекеттер жасаған кездегі психикалық жағдайын анықтау үшін міндетті түрде психологиялық-психиатрлық сараптама жасап, оның қорытындысын басқа дәлелдемелермен бірге бағалау керек.
Егер айыпты қажетті қорғану шегінен шықса және осы кезде жәбірленушінің құқыққа қарсы әрекеттерінің әсерінен жан күйзелісі жағдайында болса, онда әрекетті салдарына қарай ҚК 99 немесе 109-баптарымен саралау қажет.
Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде қасақана кісі өлтіру немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тіпті ҚК 96-бабының екінші бөлігінде қарастырылған мән-жайлар болса да, тиісінше ҚК 99-бабының екінші бөлігі немесе ҚК 109-бабымен саралануға жатады.
Сотталушының қорғану жағдайында қылмыс жасағанын анықтағаннан кейін, сот үкімде жалпылама тұжырымдармен шектелмеуі керек, істің нақты мән-жайларын ескере отырып, кім және қандай қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасағанын, оның кімге қарсы бағытталғанын, оның сипаты мен жасалу тәсілін, шабуыл жасаушы немен қаруланғанын, қорғанушы қандай құралмен және қандай тәсілмен қорғанғанын және т. б. көрсетуі, сондай-ақ қорғану амалдарының қол сұғушылықтың сипаты мен қауіптілігіне сәйкессіздігі неден көрінетінін, яғни қажетті қорғану шегінен шығудың мәнін ашуы тиіс.
Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған қылмыстар туралы істерді қарағанда, соттар әрбір нақты жағдайда ҚК қарастырылған мән-жайлар болғанда сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігі туралы мәселені талқылауы тиіс. Айыптау үкімін шығарған кезде соттар бас бостандығынан айырудан тыс жаза қолдану туралы мәселені талқылауы, оны қолданбау себебін үкімде дәлелдеуі қажет.
Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған қылмыстарға қатысты азаматтық талаптарды қарағанда ҚІЖК 20-тарауының, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі Ерекше бөлімінің 47-тарауының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы N1 "Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы" нормативтік қаулысының түсіндірулерін басшылыққа алу қажет.
32-бап . Қажеттi қорғану
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz