Рента шартының түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3-4
I. Тарау. Рента шарты, өмір бойы асыруда ұстау ұғымдары.
1. Рента шартының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-13
II. Тарау. Рента шартының түрлері.
1. Тұрақты рента шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-20
2. Ғұмырлық рента шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20-22
III. Тарау. Өмір бойы асырауда ұстау ... ... ... ... ... ... ... ... .23-27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

КІРІСПЕ.
Рента шарты құқық саласындағы азаматтық-құқықтық реттеудің алатын орны
ерекше. Осы шарт құқықтық сипаты бар нормативтік заңдармен, актілермен және
нормалармен бекітілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 28 тармағы рента және
өмір бойы асырауда ұстау шарттарына арналған.
Рента шарты тарихының дамуы мына жағдаймен қызықты болып келеді: 1922
жылғы Азаматтык кодексте рента және оның түрлері жайлы айтылмаған. Бірақта
осындай келісімдер тәжірибе жүзінде жасалынатын. Аса кең таралушылық мұндай
шарттар 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде және ол аяқталғаннан
кейін алды. Ол түсінікті, өйткені сол кезде көпшілік үшін рента түріндегі
ұстауды беру күн көрудің басты көзіне айналды, ең алдымен, мүгедектер,
асыраушысын жоғалтқан тұлғалар, зейнеткерлер және тағы басқалар үшін. Сот
тәжірибесі сондай жағдайлармен кездескен болатын.
Бұның бәрі 1963 ж. Қазақ ССР Азаматтық кодекста Өмір бойы асырауда
ұстау талабы негізінде үйді иеліктен шығару шарты деген тараудың пайда
болуына әкеп соқтырды. Көрсетілген тарауда рента термині қолданылған
емес, бірақ, белгіленген шарт ранта шартының бір түрі болды.
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында болған зейнетақы мөлшерінің тез арада
өсуіне байланысты осы қатынастардың дамуының қажеттілігі болмады, және
рента шарты тәжірибеде сирек қолданылды.
ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдардың басында рента қатынастары тағы да
белсенділік танытты, осы шарттарды теріс пайдалану жағдайларының болуына
байланысты, олардың қатаң құқық реттеушіліктің қажеттілігі туды.
Қазіргі уақытта Азаматтық кодекстің 28 тарауымен регламенттелген рента
– бұл мүлікті иеліктен шығарумен байланысты, кепілді табысты қамтамасыз
ететін азаматтық құқықтың дербес институты.
Рентаға тән белгі бұл оның мүлікті рента төлеу үшін берген мүлік
иесінің кәсіпкерлік қызметінің байланысы жоқ екендігінде. Рента
міндеттемесі тек қана шарт негізінде пайда болады. Рента шарты шынайылық,
ақысы төленетін болады, сондай – ақ мезгілсіз (тұрақты рента) немесе рента
алушының өмір ұзақтығы уақытына (ғұмырлық рента иесі өмір бойы асырауда
ұстау) жасалуы мүмкін.
Рента реалдық (шынайылық) шарт, өйткені рента алушы рента төлеушінің
меншігіне қандай да бір мүліктің берілу сәтінен басталады, ал шарт
талаптарына сай жақтар келіскен сәттен пайда болмайды. Егер де заңнамалық
актілерге сәйкес шарт жасасу үшін мүлікті беру қажет болған жағдайда,
қандай да бір мүлік берілген сәттен бастап шарт жасалды деп есептелінеді
(АК 393-бабының 2 тармағы). Егер де мүлікті иеліктен шығару туралы шарт
нотариалдық куәландыруға немесе мемлекеттік тіркеуге жататын болса, онда
сатып алуда меншік құқығы нотариалдық куәландыру немесе мемлекеттік тіркеу
сәтінен бастап пайда болады, ал шарттың нотариалдық куәландыруы да,
мемлекеттік тіркеуі де керек болған жағдайда – оны (шартты) тіркеу сәтінен
бастап.

I Тарау. Рента шарты, өмір бойы асыруда ұстау ұғымдары.
1. Рента шартының ұғымы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 517 бабына сәйкес:
     Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента
төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi алған мүлiкке айырбас
ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн
өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға
мiндеттенедi. Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзiмсiз (тұрақты
рента) немесе өмiр бойы төлеу (ғұмырлық рента) мiндетiн бекiтуге жол
берiледi. Ғұмырлық рента азаматты өмiр бойы асырап отыру жағдайларында
белгiленуi мүмкiн.
Шарттың ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сәйкес меншік
қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар (меншік
қатынастары) өз кезегінде материалдық игіліктерді белгілі тұлғалар
иеленетінімен немесе материалдық игіліктер (заттар) біреуге жататынмен
сипатталады. Ренталық қатынастарға меншіктің екінші ағымды (қозғалыс) күйі
де тәнболып келеді және айта кететін болсақ, ренталық қатынастардың осы
күйін ескерген кезде ғана оларды анықтау қажеттілігі пайда болады.
Мүліктің қозғалысы (айналымы) қөп қырлы құбылыс, ол мүлік тиесілігін
түбірінен өзгерте алады немесе негізгі меншік иесімен қатар өзге тұлғаларға
да тиесілігін бекіте алады. Бұл осы жағдайларға байланысты шартты
міндеттемелік қатынастар құрылады және топтасады.
Осы қатынастарды реттейтін міндеттелік құқық экономикалық мағынада
(мәнде) меншіктің заңи мағынада меншік құқығы және өзге заттық құқықтар
өтуін (ауысуын) қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтық
құқығына субъектілердің тиісті қатары қатысуымен заттық құқықтық
қатынастардың пайда болуына және жүзеге асуына ықпал ететін рента шарттары
қарастырылған. Аталған шарттардан субъектілердің міндеттемелік құқықтары
мен міндеттері де пайда болатыны сөзсіз. Бұл тарауда оларды қарауға
артықшылық беріледі.
И.Грешников рентаның тұрақтанған түсінігін берген: Рента сөздің кен
мағынасында (экономикалық маңызы бойынша), бұл қолайлы жағдайлар немесе
қандай болса да артықшылықтардың күшінен пайда болатын табыс. Мысалы, егін
шаруашылығында өнделетін жер учаскелері құнарлы топырағын және орналасқан
жерін пайдаланып табыс табады.
Жылжымайтын мүліктің, көсіпорындарының иелері үшін ренталық табысты
алудың шарты болып жылжымайтын мүлік объектілердің және кәсіпорындардың
қасиеттері келеді.
Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента
төлеушіге) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші рента алған мүлікке
айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны
ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп
отыруға міндеттелген.
Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі .
Мүлік рента төлеуші меншігіне өтеді және бір уақтылы мүліктің кездейсоқ
жойылуы немесе бүлінуі қаупі оны күтіп ұстау ауртпалығы да оған ауысады
(оның мойнында болады). Сөйтіп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатып-
алу, сыйға тарту т.б. шарттармен ұқсастықтары бар.
Рента шартының ерекшелігі – мүлік төлемақы төленіп, не болмаса
төленбей берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 519-
бабы бойынша осыған қарап сатып алу, сату шарты немесе сыйға тарту шарты
туралы ережелер қолданылады. Бұл осы шарттың (міндеттеменің) мәнісіне қайшы
болмауы керек. Аталған екі шарт нормаларының қолданбауы тікелей рентаға
қатысты нормалармен қарастырылуы мүмкін.
Біздің қөзқарасымыз бойынша, рентаның тағы да бір нақты ерекшелігі
рента төлеуші рента алушыға (мүліктің алғашқы иесіне) мүліктің
жетіспеушілігі, бұзылғандығы туралы сатып алу-сату шарты бойынша сияқты
толық көлемде келіспеушілік айтуға құқығы болмайды. Рента қатынастарының
мәнісі оларға сатып алу-сату қатынастары үшін белгіленген нормаларды
барынша абайлы және жағдайды ескеріп қолдануды талап етеді. Рента нысанасы
(зат) оны рента төлеушісіне берген кезде өзге тұлғалардың құқықтарымен
ауырланғаны негізінен орын алмауы керек (осыған жол беруге болмайды).
Себебі бұл шартына қарағанда рента шарты бойынша рента алушының
мүдделіктері өзгеше. Оның мүлікте ауыртпалығы болмауына өз мүдделігі бар
болып келеді. Егер ауыртпалықтар сонда да анықталса, осы рента шарты
бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Рентада сыйға
тарту шартынан да айырмашылығы бар. Бірақ заңнама арқылы айырмашылықтар
мәселесі реттелмеген. Сондықтан біз белгілеп (анықтап) отырған сұрақтарға
көзқарастар әртүрлі болуы мүмкін. Рента шартты экономикалық ренталық
қатынастарды тек жартылай қамтиды. ҚР Азаматтық кодексінің нормалары рантье
– меншік иесі туралы үйреншікті болып келетін көзқарасты жоққа шығарады.
Рента алушыда тек кейбір жағдайларда ғана мүлікті кейін қайтаруға талап
етуге міндеттемелік құқығы бар болады.
Аталған құқық барлық рента шарттарында пайда бола бермейді. Тек
ғұмырлық рента төленуі үшін пәтер, тұрғын үй және өзге де мүлік иеліктен
тегін шығарылса және рента төлеушісі рента жағдайларын елеулі бұзса бұл
міндеттемелік құқық пайда болады. Осыған қатысты экономикалық мағынада
бәрібір бұрынғы меншік иесі өз мүмкіншіліктерін сақтай береді деген
қарсылықты айтуға болады. Алайда, меншік құқығы заңды түрде өзге субъектіге
рәсімделетін болғасын бұл дәлелдеуіміз (есептеуіміз) тұрақсыз болып шығады.
Рента төлеушісі өзіне меншіктің ауыртпалықтарын жүктеуге келісуі үшін
салмақты себептер қажет. Жаңа меншік иесі рентаны (табысты) алғашқы меншік
иесімен бөлісуге мәжбүр болғанына қарамастан, ол ұтыста да болады. Жаңа
меншік иесі өз бетімен де рантье болып шығады.
Экономикалық ренталық қатынастар мүлікті жалдау (аренда) шартымен де
нәтижелі қамтылуы мүмкін. Мүліктің жоғарылау саналық сипаттамалары немесе
өзге ерекшеліктері, мысалы ғимарат орналасқан жер, қосымша шығынданусыз
жоғары табыс табуға мүмкіншілік береді (аренда шарттарын жасасу негізінде).
Бірақ заңгер рента шартына кәсіпкерлік емес қатынастарды реттейтін ретінде
қарайтының ұмытпауымыз керек, рента (рента шарты) осы себептен
кәсіпкерлікпен беретін құқықтық нысан болып бағалануы мүмкін.
Аренданың ретті шарттары туралы айтатын болсақ, онда табысты үдайы
табу сипаты жоғалып қалады. Бірақ басқа түстен қарасақ, біз жаңа заңнама
мүлікті жалдау (аренда) мерзімі бойынша шектеулерді негізінен алып
бастағанын байқай аламыз. Сондықтан рента және мүлікті жалдау шарттарының
бұл – табысты тұрақты табу немесе таппау бойынша сөзсіз болып келмейді.
Сонда да рента алушының құқықтық жағдайы мүлікті жалға беретін немесе
өзге қызметті жүзеге асыратын кәсіпкер субъектінің құқықтық жағдайынан
немен ерекшеленетін айтып кетейік.
Біріншіден, рента алушыда кәсіпкерлік тәуекел (қауіп) орыналады.
Екіншіден, кәсіпкерді тіркеуге қатысты талаптар болмайды. Б.В. Покровский
атап көрсеткендей экономикалық мағынадағы ренталық қатынастар тек ренталық
міндеттемелер арқылы емес, өзге де міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіледі.
Экономикалық мағынадағы ренталық қатынастар рента алушыларының қәсіпкерлік
қызметімен байланысты болады немесе байланыспауы мүмкін. Азаматтық
кодекстің ерекше бөлімінің жобасында тұжырымдалған ренталық міндеттемелер
бойынша рента алушысы коммерциялық ұйым бола алмайды.
Сол сияқты қәсіпкер ретінде әрекет ететін азамат та ренталық
міндеттеменің тарапы бола алмайды. Бұл айтылған ҚР Азаматтық кодексінің
күшінде болып келетін редакциясына да қатысты әділ болып келеді.
Сөйтіп, рента шарты мүлікті пайдаланудың жаңа заңды нысаны болады.
Шартты пайдалану тұрақты және қажетті жоғары пайда табу кәсіпкерлік
қызметке байланыссыз. Рента шарты бойынша мүлік едәуір көп көлемдерде
берілуі мүмкін. Сол сияқты рентаны тек жеке қажеттер үшін қолдану да жоққа
шығарылмайды.
Егер мүлікте ерекше қасиеттер болса, онда меншік иесі өзіне еш
қиындықсыз оны сата да алады. Сату бағасын да мүлік иесі болашақта алынуы
мүмкін ренталық төлемдерді де ескере алады. Сөйтіп меншік иесі табысты бір
рет ғана болса да бірақ аса қауіпсіз (тәуекелсіз) таба алады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының жағдайын ескере
отырып, рента қатынастарының және заем қатыныстарының заңды нысандарын
айқын ажырату керек. Болмаса тәжірибеде осыған қатысты қателесулер орын
алып келеді. Кейде заңгерлер бұны түсіне тұра немесе түсінбей-ақ олардың
ажыратылысын ескермейді, бұл жағдайды ескермеу заңды бұрмалауға әкеліп
соқтырады, мемлекетіміздің қаржы жүйесіне нұқсан келтіруі мүмкін, жалпылама
мүдделерді жария (қоғамдық) бұзады.
Жалпылама рентада оларды бөліп шығару мәжбүрлі қажетті болып келетін
дербес, элементтер бар ма деген сұрақты қою орынды болады. Рента шарты
институтының жаңалығы осыны талап етеді. Ал бұл мәселеге арналған
зерттеулер өте жеткіліксіз. Өз кезегінде рента шарты бұл оларды жасасу,
әсіресе орындау кезінде даулы сұрақ (мәселелердің) көбі (көп саны)
туындайтын азаматтық құқықтық шарттардың бірі.
Рента шартының ерекше белгілері ретінде А.П. Сергеев оның оған
қатысатын тұлғалар араларында басқа шарттық міндеттемелерге тиесілі болып
келмейтін айырықша құқықтық қатынастар пайда болуына әкелетінің көрсетеді.
Бұл рента шартында туындайтын қатынастар, ұзақ, тұрақты, ал өмір бойы
асырау кезінде сенімге негізделген болып келетінінде көрініс табады.
Ренталық шарттың тағы да бір ерекшілігі, онда орын алатын тәуекелге
негізделу ешқандай өзге шартқа тән болып келмейді. Жоғарыда рента шарты
бойынша тәуекел және кәсіпкерлік тәуекел бір-біріне тең болып келмейтін
түсініктер екені айтылған еді. Бірақ олар айырмашылығы дәрежесін әлі арнайы
талдау (зерттеу) қажет.
Рента шарты бойынша тәуекел А.П. Сергеев әділ көрсеткендей рента
төлемдерінің мөлшері рента төлену үшін иеліктен шығарылған мүліктің құнынан
көп, немесе керісінше аз болып шығуының қаупінде. Шартты жасасқан кезде
тараптар осы тәуекелді сезінеді және онымен келіседі деп болжанады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, тек тәуекелді сезінудің болжамы
жеткіліксіз. Тараптар шарт бойынша берілетін мүліктің және төленетін
төлемдер (рентаның) бір біріне сәйкестігін сезінетін болжамы да қажет.
Осыны жасаған кезде (болжамды қолданғанда) біз басшылыққа сатып алу-сату,
айырбас шарттарымен қамтамасыз етілетін тепе-тең айырбасты алмауымыз керек.
Аталған болжам көмегімен рента шартының мақсаты жөніндегі көзқарас
қалыптасуы мүмкін, себебі мәміленің мақсаты, бұл сана сезімде әрекеттер
оларға жету үшін жасалатын нәтижені алдын ала болжау.
Мәмілі екі жақты болып келетін жағдайда оның мақсаты күрделі (екі
қырлы) болып келеді. Рента төлеушісі үшін рента шарты бойынша негізгі
ренталық табысты келтіру мүмкін мүлікті алу. Осы себептен (табыс келтіру
қабілетіне байланысты) ол мүліктің құны едәуір болып келеді.
Сөйте тұра, ол мүліктің бұрынғы иесіне (оның пайдасына) артық (жоғары
рентаны бас тартқысы келеді). Осы нәтижені рента төлеушінің теріс нәтижесі
қылып белгілеуге (анықтауға) болады. Рента алушы тым аз емес ренталық
төлемдерді алғысы келеді.
Рента шарты қазіргі азаматтық құқықта оларға реалдық (шынайылық)
мінезі берілген аздаған шарттардың қатарына жатады. Ол бойынша құқықтар мен
міндеттер пайда болуы үшін мүлік рента төлеушіге берілуі керек.
Рента шарты бір жақты шарт болып табылады. Мүлік берілгеннен кейін
жалпы тәртіп бойынша рента алушыға ешқандай мідеттеме жүқтелмейді. Рента
төлеуші рентаны сатып алу құқықтығына ие болады, бірақ бұл құқық
негізгілердің қатарына жатпайды. Жоғарыда атап қөрсеткендей рента
қатынастарына сатып алу-сату, сыйға тарту шарттарының нормалары қолданылуы
мүмкін, бірақ рента шарты төлеушісі үшін жоғары тәуекелді болғасын, оларды
қолдану мүмкіншілігі бірталай шектеледі.
Рента шартын және өсиетті қоспағанда ерекше бөлімінің нормалары өзге
мәмілелерге оларды нотариатты нысандау жасау бойынша талаптарды
қарастырмайды. Егер рента төлеу үшін қозғалмайтын мүлік иеліктен шығарылса,
онда куәландырудан басқа рента шартын мемлекеттік тіркеуден өткізуі тиіс.
Бұндай талаптар рента шартының жоғарыда қарастырылған ерекшеліктеріне
негізделеді. Тараптардың шынайы еркі туралы дау-дамайлар туындауы мүмкін.
Мысалға, рента төлеуші мүлік бағасын бөліп бөліп төлеймін деп болжағаны
анықталуы мүмкін. Нотариат қызметіне тараптардың нақты мақсатын анықтау
жатады. Ол тараптарға ұсынылатын жобаның мағынасын және мәнін түсіндіруге
міндетті. Рента шартының заңды құрылымының күрделігін ескертетін болсақ,
бұның мәні келісетіндер үшін аз емес екенін танимыз.
Тараптар рента төленуі үшін берілген жылжымайтын мүлікке (жер
учаскесіне, ғимаратқа, құрылысқа немесе өзге жылжымайтын мүлікке) рента
ауыртпалық тудыратынын жоққа шығара алмайды. Егер рента төлеуші осындай
мүлікті иелігінен шығарса, онда рента шарты бойынша оның міндеттемелері
мүлікті иемденушіге отеді. Бұл заңнамалық шешім негізде рента төлеушінің де
рента алушының да мүдделерін ескереді. Болашақта рента алушы ҚР АК 533-бабы
2-тармағымен қарастырылған мүмкіншіліктерді пайдаланып құны аз емес мүлікті
өзіне қайтарып алатынын жоққа шығармау керек.
Ал, егер рента ауыртпалығы туралы 520-бабы нормасының әсерін жылжитын
мүлікке де таратса, онда бұнымен рента төлеушінің құқықтары негізсіз
кемсітіледі. Рента жер учаскесiне, сондай-ақ оны төлейтiн етiп берiлген
кәсiпорынға, үйге, ғимаратқа немесе басқа да қозғалмайтын мүлiкке құқық
жүктейдi. Рента төлеушi осындай мүлiктi иелiктен айырған жағдайда оның
рента шарты бойынша мiндеттемелерi мүлiктi сатып алушыға ауысады.
Рента жүктелiп берiлген, аталған мүлiктi басқа тұлғаның меншiгiне берген
тұлға, егер Азаматтық Кодексте, басқа да заң актiлерiнде немесе шартта осы
мiндеттеме бойынша бiрдей жауапкершiлiк көзделмесе, рента алушының рента
шартының бұзылуына байланысты туған талаптары бойынша субсидиарлық жауапты
болады.
Сондықтан, жылжитын мүлік иеліктен шығарылған кезде тараптардың
қатынасы ренталық міндеттеме көлемінде сақтала береді, одан асып шықпайды.
Тағы да мынаны қосып айтуға болады. Рента ауыртпалығының мүлікпен
бірге еру (ауысу) сипаты болғаныменен, өмір бойы асырауда ұстау
қатынастарын қоспағанда, оның заттық-құқықтық мінезі болмайды.
Қозғалмайтын мүлікті беру рента төлеушіні толық міндеттемеден
босатпайды. Егер заңнамамен немесе шартпен олардың ортақ бірлескен
жауапкершілігі қарастырылмаса, онда алғашқы рента төлеушісі жаңа рента
төлеушімен бірге субсидиарлық (қосымша) жауапкершілікті көтереді.
Рента төленуін қамтамасыз ететін норманың міндеті мәні (әсері) бар.
ҚР АК 521-бабының 1-тармағына сәйкес, рента төлеунуі үшін жер бөлшегіне
немесе өзге жылжымайтын мүлікке құқық (меншік құқығы) берілетін болса,
рентаны алушы рента төлеуші міндетін қамтамасыз ету мақсатында сол мүлікке
келіп құқығына иеленеді. Рента төленуін өзге жолмен де қамтамасыз етуге
болады, бірақ осы да аса қажеттілік болмауы мүмкін.
Рента төленуі үшін жылжымайтын мүлік берілетін болса, заң міндеттеме
орындалуды қамтамасыз ету түрін тікелей анықтамайды. Бірақ, әрине, бұл
реттерде ең тиімді болып келетін тәсіл бұл рентаға берілетін немесе өзге
мүліктің кепілі. Рента төленуін қамтамасыз ету міндеті баламалы болып
келеді. Қамтамасыз ету орнына рента төлеушісі бұл міндеттемелерін
орындамаудың немесе тиісті орындалмаудың қаупін (тәуекелін) рента алушының
пайдасына сақтандыруға құқылы. Таңдау құқығы рента төлеушісінде болады, бұл
баламалы міндеттеме орындалуының жалпы ережесіне сәйкес келеді (ҚР АК 285-
бап).
Ренталық міндеттемені орындамаған үшін жауапкершілік қарастырылған.
Азаматтық құқыққа жауапкершілікті қарастыратын нормалар әрқашан міндетті
болып келеді, жауапкершілікті қолданудан бас тарту, туралы келісімдер
жарамсыз болып келеді (ҚР АК 8-бабы 2- тармақ). Нақты рента шартының өзінде
оны орындамау немесе тиісті орындамау үшін жауапкершілікті қарастыратын
нормалар, ҚР АК 522-бабын қоспағанда, қарастырылмаған. Аталған бап бойынша:
   Рента төлеу мерзiмiн кешiктiргенi үшiн рента төлеушi рента алушыға, егер
шартта тұрақсыздық айыбының өзгеше мөлшерi белгiленбесе, осы Кодекстiң 353-
бабында көзделген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Яғни, оған азаматтық құқықтағы жауапкершілік (шарттық міндеттемелерді
орындамағаны үшін) туралы жалпы ережелер қолданылады.
Рента төлеу мерзімі өткізіп алған рента төлеуші ҚР АК 522-бабына
сәйкес тұрақсыздық төлемді (айыппұлды) төлейді, ол ҚР АК 353-бабына сәйкес
өндіріледі. Біздің пікіріміз бойынша 522-баптың мағынасы көрсетілген
айыппұлды бір бөлігінде азайтуға немесе одан толығынан бас тартуға болады.
Жалпылама бұл норманы қарастыру қажеті жоқ сияқты, себебі тікелей 353-бапты
қолданса да болар еді. Аздаған ерекшелік рента, ақшалай төлем емес, заттай
асырау болып келетін жағдайларда пайда болады. Бұл орын алса, айыппұл
заттай асыраудың ақшалай бағалануына сәйкес өндіріліп алынады.
Барлық тізіліп айтылған жағдайлардан басқа реттерді ренталық
қатынастарға азаматтық құқықтағы диспозитивтілік реттеу толығынан тарайды.
Шарт мазмұнына қатысты, үшінші тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық мүдделерді
және имперсивті нормаларды бұзбайтын барлық ережелер, тараптармен өз
қалауымен бекітіледі. Рента ешқашаң нақты уақыт шегімен анықталмайды, бұл
шарттың мәнісіне қатысты нәрсе. Сондықтан, тараптар рента төлену мерзімін
келісімімен анықтай алмайды. Осыған ұқсас өзге де шектеулер болуы мүмкін.

II Тарау. Рента шартының түрлері.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен рента шартының үш түрі
көзделген: 1) тұрақты рента шарты; 2) ғұмырлық рента шарты; 3) өмір бойы
асырауда ұстау шарты. Жалпы нормалар шарттың аталған үш түріне де бірдей
қатысты болып табылады. Бұлардың әрқайсысының ерекшеліктері бар. Олар
төлемдерін (асыраудың) нысанында, оның ең төмен мөлшерінде, мерзімдерінде
көрініс табады. Сол сияқты олардың субъективтік қатары, олардағы құқықтық
мирасқорлық және рентаны сатып алу құқығы, мүліктің кездейсоқ бүлінуінің
немесе жойылуының ренталық қатынастарға әсері және басқасы ерекшеленеді.
Рента шарттарын жіктеудің негіздері осымен шектелмейді. Тұрақты рента
және ғұмырлық рента шарттары мүлік рента төлеушіге ақыға немесе тегін
берілетініне, мүлік қозғалатын ба әлде қозғалмайтын ба, соған байланысты
бөлінуі (жіктелуі) мүмкін.
Өмір бойы асырауда ұстау шарты осы екі шарттан едәуір ерекшеленеді.
Онда фидуциарлық (сенімділік) сияқты сипат айқын көрініс табады, осы сипаты
азаматтық құқық шеңберінен шығып кетеді деуге болады. Біздің ойымызша,
ондағы сенімділік отбасылық құқық ережелеріне де негізделуі мүмкін (бір
бөлігінде).

1. Тұрақты рента шарты.
Тұрақты рента тараптары болып рента алушы және рента төлеуші
табылады. Тұрақты рента алушылары болып азаматтар және коммерциялық емес
ұйымдар келеді. Азаматтар ренталық қатынастарда тұрақты рента алушысы болып
үш жағдайда келе алады: а) егер олар мүлік иегері болса және мүлік олармен
рентаға берілсе, ә) тұрақты рентаны алушы мұрагерлік салдарынан құқықтық
мирасқор болса, б) тұрақты рента азаматтар пайдасына басқа бір тұлғамен
шарт арқылы қарастырылса, яғни үшінші тұлға пайдасына жасалған шарт орын
алса.
Азаматтарды кәсіпкер ретінде тіркеу олардың тұрақты ренталық
төлемдерді алуы үшін кедергі болмайды, себебі бұндай жағдайларда азамат
өзіне жататын жалпы құқық қабілеттілікке негізделіп рента қатынастарында да
қатыса береді.
Тұрақты рента алушы ретінде егер бұл олардың мақсатына және қызметіне
сай келсе коммерциялық емес ұйымдар да әрекет ете алады. Бірақ Қазақстан
Республикасында тұрақты рента алушы болып мемле-кеттік мекемелер келмейді,
себебі олар мемлекеттік бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылуы мүмкін
емес. Барлық жеке меншікке негізделген бола алады. Ренталық төлемдер
ретінде ақшаны алу коммерциялық емес ұйымдарға олар құрылған мақсаттардағы
қандай да болсын қызметті жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Ренталық
төлемдер есебінен қаржыландырылуға тиым тікелей жарғыларда қарастырылуы
мүмкін, бірақ та оларды тәжірибелі (нақты) бекіту ақыл ойға сыйыса
бермейді.
Коммерциялық емес заңды тұлғаларда олардың пайдасына өзге тұлғалармен
орнатылған тұрақты рентаның алушылары бола алады.
Коммерциялық емес ұйымдардың пайдасындағы рентаны алушылардың қатары
өзгеріп тұруы мүмкін.
ҚР АК 523-бабының 2-тармағына сәйкес олардың құқықтары заңды тұлғалар
қайта құрылуы нәтижесіндегі құқықтық мирасқорлық арқылы өтуі (ауысуы)
мүмкін. Яғни, егер екі жеке меншік мекеме біріккен болса және содан соң,
онда олардың біреуінің тұрақты рентаны алуға құқығы жаңадан пайда болған
коммерциялық емес заңды тұлғаға ауысады. Алайда, қайта құру нәтижесінде
коммерциялық заңды тұлға болса, онда рентаны төлеу тоқтатылады. Сол сияқты
мұра иесіз қалатын болса, рента бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рента шартының түсінігі мен түрлері
Рента шартының басқа шарттардан айырмашылығы
Рента шартының нысаны
Рента шартының ерекшелігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Шарттың азаматтық құқықтық реттелуі
Өмір бойы асырауда ұстау шартының құқықтық реттелуінің мәселелері: теория және тәжірибелік мәселелері
РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Пәндер