Сауын сиырларын қысқы сауым мезгілінде азықтандырудағы қажетті азықтар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе … . . . 3
І. Әдебиетке шолу . . . 5
1. 2. Сауын сиырларын азықтандыру ерекшеліктері және сауын сиырдың
энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығы . . . 14
1. 3. Сауын маусымының әр кезеңінде, сауын сиырларын азықтандыру үшін
қажетті азықтарға қысқаша сипаттама . . . 25 1. 4. Сауын сиырларын қысқы сауым мезгілінде азықтандырудағы қажетті азықтар . . . 30
1. 5. Жазғы сауым мезгілі кезінде сауын сиырларын азықтандыру
барысында, кейбір қоректі және биологиялық белсенді заттардың организмге әсер етуі . . . 32
ІІ. Есептеу бөлімі
2. 1. Сауын сиырларына тәуліктік рацион жасау, және осы рациондарды талдау. Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандырудағы жылдық азық мөлшерімен қоректік заттардың есебі . . . 36
Қорытынды . . . 38
Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Мал шаруашлығының, оның ішінде сауын сиыр шаруашылығының жедел өсіп өркендеуі, оны ғылым негізде, өнеркәсіптік технлогияға ауыстыруға тығыз байланысты . Ол үшін мал фермаларын ірілендіріп, мал басын шоғырландыру, шаруашылықты бір бағытқа икемдеп мамандандыру қажет.

Қазіргі уақытқа, халық шаруашылығының қай саласы болсын ғылыми- техникалық прогресс негізінде дамып, жетіліп келеді. Бұл ең алдымен сол саладағы барлық технологиялық процестерді түгелдей механизациялау арқылы жүргізіледі.

Мал өнімі, әсіресе сүт өнімі жыл бойы үзіліссіз өндірілуі қажет екені жалпыға мәлім. Сондықтан мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді - малды азықтандыру, сауу, қиын тазарту және суару сықылды жұмыстардың бәрін техника күшімен жүргізуге болады. Алайда, мал басы аз, өнімі төмен ұсақ мал фермаларында, көптеген күрделі, жоғары өнімді техникаларды қолдануға мүмкіндік жоқ. Өйткені олардың қуаты толық пайдаланылмайды, осыдан барып оған жұмсалған күрделі қаржы, амортизация, жөндеу шығындары мал өнімінің өзіндік құнын қымбаттады.

Н. Омарқожаевтың (1998) деректері бойынша, сауын сиыр рационын құрастыруды әр шаруашылық өзіндік азықтандыру ерекшеліктерін, экономикалық тиімділігін ескере отырып типтік рациондарға негіздеп ұйымдастырады. Рациондар сауын сиырлардың өнімділігін арттыруға бағытталып нормалық көрсеткіштерге барлық қоректік, минералды және витаминді заттар бойынша сәйкестіріледі.

Л. Гофман мен Р. Шиманн (1978) деректері бойынша рацион құрғақ затындағы энергияның шоғырлануы оның алмасуы тіршілікті қамтасыз ету және өнім өндіруге жұмсауына ықпал етеді.

А. Ә. Төреханов., Ж. К. Каримов., Ш. Д. Даленовтардың (2006) зерттеулеріне сәйкес, әрбір сиырдың беретін сүті мен салмағына қарай азықтық рационы да айрықша болады. Сиырларды сүтейтудің негізгі шарты - жем-шөпті баптап беру ісіне үлкен назар аудару керек. Сиырларды сүтейту үшін тек дұрыс азықтандырумен қатар, олардың желініне, сауу әдісіне де ерекше көңіл бөлінуі керек.
Д. Қ. Найманов пен Н. Ә. Жазылбековтың (2006) дәйектемелерінде, бұзаулаған соң сиыр суды көп қажетсінбейтігіндігі айқындалған. Бұзаулағаннан 30-40 минуттан кейін сиырды жылы сумен суарады. Майда,

жұмсақ, сапалы пішен беріледі. Сиырды толық азық нормасына, күн сайын азықты біртіндеп қоса отырып 8-10 күнде жеткізеді.

В. И. Георгиевскийдің (1979) сауын сиырларына жүргізілген зерттеулерін рациондағы құрғақ заттардың ішіне күкіртті 0, 12-0, 18% деңгейінде, жануардық қоректік мұқтаждығы ретінде пайдалануға болатындығы ескертілген.

А. ш. ғ. д., Қ. Құсайыновтың (2001) зерттеулері бойынша, көлемді, ірі, азықтарды сауын сиырларына жекелеп бергеннен гөрі араластырып, толық рационды құрама азық түрінде пайдалану жақсы нәтиже береді. Толық рационды құрама азық жақсы желініп, құрамындағы қоректік заттары жақсы қорытылады. Оны дайындау үшін әр азықтың ерекшелігін, химиялық құрамын ескеріп, арнайы рецепт жасау қажет. Толық рационды құрама азық жемшөп қорын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, малдың жеуіне де өте қолайлы, сонымен қатар малдың (соның ішінде, сауын сиырларының) организміне сіңімді келеді, мол өнім түзуге ықпал етеді.

Н. Ә. Жазылбеков., М. Т. Ахметов., Д. К. Кәрібаевалардың (2007) мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі экономикалық жағдайда сүт өнімін арттыру сауын сиырлардың сүттілігін көбейтуге тікелей байланысты. Сүт өнімінің артуына оларды толық түрде азықтандыру, олардың денсаулығына, көбею қабілетіне және сүттің технологиялық сапасына әсер етеді. Сауын сиырларға берілген азықтардың сапасы, оған кеткен шығынға байланысты, алынған өнімнің соңғы нәтижесін анықтайды.

А. А. Алиев (1980) өз еңбектерінде атап өткендей, сауын сиырларға берілетін азық құрамында майдың көп мөлшерде болуы, асқорыту процесіне зиян екедігі туралы пікірлер көптеп кездеседі, алайда өнімділігі жоғары сауын сиырларына (сауым маусымы кезіндегі сүттілігі 6000кг және тірілей салмағы 600-650 кг), азықтандырылу барысында тәулігіне 1000 грамға дейін майлы азықтарды қолдану, асқорыту процестеріне ешқандай кедергі келмегендігін, есептік дәлелдемелер нақтылайды.

Н. Б. Мұқановтың (2004) еңбектерінде көрсетілгендей, сүтті сиыр барлық аймақта ұсталғанымен бір жоспар бойынша жұмыс ісеуге болмайды, өйткені әр аймақтың ауа райы, топырағы, өсетін өсімдіктерінің құрамы әртүрлі. Сауын сиырларды жайылымда ұстағанда олардың өнімділігі 14, 4 % артып, 1 кг сүтке жұмсалған шығын қолда ұстағанға қарағанда 8, 7% азаяды. Сауын сиырларын жайылымда ұстағанда олардың сүттілігі артып, оны өндіруге жұмсаалтын шығын кемиді. Соған сай сүттің өзіндік құны арзандайды.

И. С. Поповтың (1957 ) деректеріне сүйенсек, сауын сиырларына арналған рациондарда энергия көзі ретінде көмірсуларды, және алмастырылмайтын азық заты ретінде майды қолданады. Сүттің өнімділігінің деңгейімен майдың көлемі арасындағы байланыс нақты анықталған.
Б. К. Бердібекованың (2005) мақаласында талқыланғандай, малды азықтандырудың әр түрлі әдістерінің ішінде ең тиімдісі - толық рационды балансқа келтірілген қоспа азықты қарапайым әдіспен ұсақтап (5-7 см), жемшөп, сүрлем, пішендеме және басқада қоспалармен байытып даярлау. Жылына 3500-4000; 4000-4500 кг сүт беретін сауын сиырларға берілетін толық рационды қоспа азық қатынасы: ірі және шырынды азықтар 66, 0-70, 0 %, құрама жем 34, 0-30, 0 % болуы тиіс.

Р. Ескендированың (2011) мақаласындағы тың деректерге сүйенсек, азықтандыру технологиясы, мол сауын мен сиырлардың денсаулығын қаматамасыз ететін басты фактор болып табылады. Сауын сиырлары үшін арнайы жасалған рациондар концентраттардың жоғары үлесімен ерекшеленеді. Рациондағы құрылымдық азық малдың күйсеуін арттырып, нәтижесінде ас қорыту жүйесі бұзылуының алдын алады. Жақсылап араластырылған азық сиырлардың тек өзіне ұнаған ингредиентті таңдап алуына жол бермейді. Бұл үшін кешендерде вертикальді азық араластырғыштар орналастырылған, ол - тамаша азық қоспаларын дайындап, оның сиырларға таратылуын жеңілдетеді.

Н. Б. Мұханов пен Б. А. Мыхановтың (2007) мақалаларында сипатталғандай, сиыр сүтінің желінінде болатын қанның құрамдас бөліктерінен түзілетіні белгілі. Сондықтан сүттің құрамы мен мөлшері олардың қандағы ара қатынасына байланысты. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сауын сиырларының қан құрамындағы жалпы белок мөлшері жаз мезгілінде, қыс айларына қарағанда мол болады.

И. В. Артемовтың (1998) мәліметтеріне сүйенсек, сауын сиырларға 20 кг гүлтәжі көк балаусасын бергенде әдеттегі өсімдіктердің осынша мөлшердегі көк балаусасын бергендегімен салыстырғанда күнделікті сүт мөлшері 1, 8 кг немесе 12 %, майы 0, 21% және белогы 14% артқан.

А. П. Коробовтың (2006) ғылыми жұмыстарында нақтыланғандай, жануарлардан өнім өндіру басты 3 факторға ( азық - 60 %, гентикалық потенциал - 25 %, технология - 15 %) қатысты болып келеді. Міне, сондықтанда сауын сиырларына азық дайындау барысында, толыққұнды рацион қолданылады. Әр сиырдан жылына 4000-4500 кг сүт өнімін алу үшін, әр басқа мынадай азықтардың шартты мөлшері қажет:

● 40-45 ц - азық өлшемі;

● пішен 1-2 т;

● пішендеме 1, 5-2 т;

● Сүрлем 5-6 т;

● Көк азықтар 9 т;

● Концентраттар 0, 8-0, 9 т;

Сауын сиырларының энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығын қанағаттандыру үшін, олардың құрғақ заттағы концентрациясын, рационда межеленген нормада сәйкестендіру шарт.
С. Н. Салханова (2007) жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, мал
шаруашылығының қазіргі заманғы қарқынды дамуы кезеңінде малдың өміршеңдігі мен өнімділігін арттыратын биологиялық белсенді қосылыстарды зерттеу мал басын сақтауда және жоғарғы өнім алуда маңызды мәселе болып отыр. Осындай белсенді қосылыстарға иммуноглобулиндер де жатады, себебі иммуноглобулиндер ( G1, G2, M және A) - малдың иммундық статусын, өміршеңдігін және өнімділігін анықтайтын биологиялық белсенді белоктар.

Н. Ә. Жазылбеков., Ж. Паржанов., Н. Б. Мұханов., Б. А. Мыханов (2007) сынды беделді ғылымы қызметкерлердің еңбектерін сараласақ, еліміздегі өсірілетін ірі қараның басым бөлігін өнімділігі төмен жергілікті сауын сиырлар, олардың зауыттық тұқымдармен ардағы әртүрлі сатыдағы ұрпақтары құрайды. Қазіргі уақытта саланың барлық мүмкіндіктері толық пайдаланылмай, сауын сиырлардың өнімділіктері тұрақты бір деңгейде қалып келеді. Бұл жағдай сүт өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандыру мүмкіндігін шектеп отыр. Кез келген мал тұқымының ерешеліктері, барлық өнімділік қасиеттері оның өсіп-жетілуі барысында дұрыс, қалыпты азықтандырылуынада негізделеді. Сол сияқты, сауын сиырлардың да сүт өнімділігі оларды тірілей салмағымен қоса, нормалап азықтандырылуынада байланысты.

Ж. М. Құрмановтың (2007) мәліметтері бойынша, Қазақстанның солтүстігі жағдайында сауын сиырларын сүт беру өнімділігі маусымдық сипат алады да, мұның өзі көп жағдайда оларды витаминдермен қамтамасыз етуге байланысты болады. Қыста азықта каротиннің және организмде А витаминінің жетіспеуі салдарынан организмде меповитаминдердің, каротин, А және С витаминдері алмасуы бұзылып, малдың сүт беру функциясы кемиді. Каротиннің ең эеткіліксіз кезеңі қолда бағудың екінші жартысы. Сондықтанда бұл кезең рационға витаминдері жеткілікті азықтар (сапалы пішен, витаминді шөп ұны т. б. ) немесе өнеркәсіпте шығарылған синтетикалық витаминдер қосу практикалық қажетті шара.

Сауын сиырларына қорытылатын протеинді 20 %-дан артық беруге болады. Соңғы кездегі зерттеулерге қарағанда, егер рацион қоректік факторларға қатысты жақсы жоспарланған болса, қорытылатын протеинге деген қажеттілігін төмендетуге болады. И. С. Поповтың 1957 ғылыми-шаруашылық тәжірибелерінің негіздемесінде 1 кг сүттегі қорытылатын протеиннің нормасын 56-64 г-ға дейін түсіру мүмкіндігі көрсетілген.

Сауын сиырларын азықтандыру барысында қоректік заттар құрамына майды өлшеусіз мөлшерде қосу өрескелдік. А. Бушман (1929) мен В. Веннерстромның (1940) зерттеулеріне қарасақ, рацион барысында майды

0, 9 кг-нан артық қолдану сиырлардың іш бұзылуына және сүттілігінің төмендеуіне әкеліп соқтыратындығы байқалады.

Майлылығы 4 % болатын 1 кг сүттегі көрсеткіштердің ортаоптимальді артуы, азық өлшемінде 0, 46 және қорытылатын протеинде 65 грамға дейінгі көлемде кездеседі. Х. Мельгор өз тәжірибелерінде алғашқылардың бірі
болып, протеин жеткізу деңгейі сауын сиырының сүттілігінің артуына ғана емес, сүт құрамынада айрықша әсер етеді.

А. П. Дмитреченко мен П. Д, Пшеничныйдың (1975) еңбектеріне зер салсақ, сауын сиырларына сондай-ақ, йод, темір, кобальт, мыс, кей кездері күкірт пен калий жетіспеушілігі байқалады. Сауын сиырларында натрийға деген мұқтаждықты ас тұзын беру арқылы қамтамасыз етуге болады. Әдетте,

сиырларға азық өлшемінде 5 грамм ас тұзын, немесе 1 г құрғақ затқа 5-8 грамм ас тұзын беру жеткілікті. Сауын сиырларында ас тұзына деген

қажеттілік, шамамен көк азыөтармен және сүрлеммен азықтандыру барысында 2 мәрте байқалады.

И. М. Захарченко өз зерттеулерінде, сүт өндіру барысында, сүт құрамындағы А витаминінің белсенділігн арттыру үшін, қыс мезгілінде өнімділігі төмен сиырларға тәуләгәне 600-1000 мг, ал өнімділігі жоғарыларға 900-1500 мг каротин беру қажеттігін көрсетеді.

Күйісті малдың азықтық мұқтаждығын алмасу энергиясымен бағалауды ұсынған ағылшын ғалымы М. Блэкстердің (1965) топшылауынша, мал азығының игерілу тиімділігі малдың тірілей салмағына, өнімділігі мен рацион құрғақ затында алмасу энергиясының шоғырлануына тәуелді өзгереді.

Сауылым сүттің жас ерекшелік өзгерісі мал тұқымының ерекшелігіне, оның азықтануына, күтіп-бағылуына және т. б. байланысты. Мысалы, В. Ф. Красотаның көрсеткендері бойынша қара ала тұқымына жататын сиырларды жеткіліксіз азықтандырса, жоғары сауылым 7 сүт түзілуіне сәйкес келеді. Бірінші, төлдеген құнажыннан шыққан сауылым сүт 60-65 % көлемін құрайды.

Т. К. Бексейітовтың (2011) мәліметтері бойынша, далалық қызыл тұқым сиырларының жасы ұлғая келе, олардың сүтінің өнімділігі де артады екен, әрине, осыған сәйкес олардың желіндерінің көлемі де ұлғаяды. Сүт сауыны бірінші рет болып тұрған сиырларымен салыстырғанда толық жастағы сиырлардың желін көлемі сауынға дейін 3, 7 % - ға артық болған.

Мал төлдерінің өсуіне және дамуына қоректендірудің түрлі деңгейінің әсер етуін көптеген зерттеушілер ХІV ғасырда да зерттеген. Алайда, осы мәселе бойынша экспериментальды жұмыстарды Н. П. Чириков (1891, 1909, және 1926) іске асырған. Ол жергілікті аз өнім беретін жануарларды жастайынан жақсылап қоректендіру жолымен олардың шаруашылыққа пайдалы өнімділік сапасын жақсартуға болады деп жазған.

Жаңа Зеландияда Мак-Микеннің (1956) өткізген зерттеу жұмысы аса көңіл бөлетіндей. Оның тәжірибелік жұмыстары қоректендіру жағдайы және оларды сүтпен қоректендіру кезеңінің сүт өнімділігіне әсерімен танысу мақсатында егіз және апалы-сіңілі қашарларға ұзақ уақыт бойы жүргізілген.

Т. С. Садықұлов пен Т. К. Бексейітовтың (2011) деректеріне сүйенсек, қоректендіру деңгейі жануарлардың дамуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі екендігі анықталған. Мұның өзінде қоректендірудің
жалпы деңгейін оның толық құндылығын, рацион құрылымын, онтогенездің жекелеген кезеңдері бойынша құнарлы заттарды бөліп таратуды тани білу керек.

А. П. Дмитриченконың және А. М. Балабонованың (1954) сауын сиырларына жасаған тәжірибелерінде оларды қоректендіруді көбейту және азайтуды алмастыру жемшөпті қолдануға тәжірибе жасалынып отырған жануарлардың жағдайына және осыдан кейінгі олардың өнімділігіне жағымды әсер етті.

Көптеген зерттеу жұмыстары арқылы жоғары температураның ірі қара малының сүт өнімділігіне сауу бойынша да, сондай-ақ сүттің майлылығы бойынша да өнімділігін төмендететіндігі анықталған. Джонсонның (1958) еңбектерінде сүт өнімділігінің төмендеуі жоғары температура кезінде негізінен асқа деген тәбетінің төмендеуіне байланысты деп көрсетілген.

А. С. Емельянов(1976) пен Н. И. Клейменов (1978) секілді көптеген зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде, сиыр рационының құнарлылығы үшін, тек қысқы ғана емес, сонымен қатар жазғы сауым мезгіліндегі азықтандыруда маңызды. Жасыл жайылымдар малды биологиялық толыққұнды азықтармен қамтамасыз етсе де, химиялық сараптамаларға сәйкес, бір жағынан клечатка, екінші жағынан көмірсу тапшылығы кездесіп, протеинмен калийге деген мұқтаждық байқалады.

Сиырды байлаусыз ұстау барысында екі түрлі азықтандыру - ірі және шырынды азықтармен, өзіндік азықтандыру мен нормалап азықтандыру қолданылады. Алғашқыда көптеген шаруашылықтарда сиырды байлаусыз ұстауға көшіру барысында, И. А. Дубинский (1960) және И. А. Даниленко (1972) сияқты ғалымдардың ұсынысы бойынша, экономикалық, физиологиялық жағынан тиімді, өзіндік азықтандыру кең көлемде қолданыла бастады.

С. А. Захарченконың (1989) деректеріне қарағанда мәдени жайыымдықта жайыған ма каротинмен өзін-өзі қамтамасыз етеді және оны қысқы маусымға қарағанда екі есе аз шығындайды. Малды екпе жайылымдарда жаю оны құнарлы азықпен ғана қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге мал организмін тынықтыра түседі, минералды-витаминді заталмасу процесін бұзылудан сақтайды, соның нәтижесінде малдың өнімділігін қолда ұстап азықтандырған кездерден де арттыра түседі.

Рациондарында йоды аз шаруашылықтарда малдың ұрықтану қабілетінің нашарлауынан, қысыр мал көбейіп, бұзаулары түсік тастайды, тіпті өлі төл туатындығы да байқалады.

М. Е. Зельцер., Б. А. Айдарханов., М. А. Байтуриндердің (1978) Қазақстанда өсірілетін малдың эндемиялық ісігі туралы жазылған монографиясында географиялық аймақтарда эндемиялық ісіктің мал мен адам арасында қатар тарйтыны көрсетілген. Оның себебі мал мен адам эндемиялық ісігінің энтологиясымен патогенезі түінің бірлігінде жатыр. Ғалымдардың эндемиялық ісіктің алдын алу жөнінде жүргізілген жұмыстары бұл
проблеманы комплексті түрде жүргізу қабілеттілігін көрсетеді және азықты йодтау жөнінде келелі мәселелр (нұсқаулар) ұсынып, оларды мал шаруашылығында пайдалану жолдарын айтады.

Сауын сиыр азығы қоректілігінің негізгі көрсеткіші ондағы құрғақ заттың мөлшеріне және сиырдың оны жақсы жейтіндігіне байланысты. Бірқатар зерттеулердің нәтижесіне қарғанда, сауын сиырларына арналған екпе жайылымдар тыңайтқыштары неғұрлым көп қосылған сайын, шөптегі құрғақ зат мөлшері де соғұрлым кеми түседі екен. Алайда, келесі бір тәжірибелерде Б. Ө. Әлімжанов пен Н. И. Бондаревтің (1989) бақылауы бойынша, екпе жайылымдардағы көп жылдық шөптердің қатты заттарына минералды тыңайтқыштар көбірек енгізілгенде ондағы шикі протеин мөлшері 16, 1-18 % арта түскен., бірақ оның есесіне азотсыз экстративті заттар (АЭЗ) 5, 7-6, 7 % кеміген.

Б. К. Қожалиевтің (1989) еңбектеріне сүйенсек, сауын сиырлардың рационында минералды заттардың жеткілікті мөлшерде болуы олардан мол өнім алу кепілі. Малдан көп өнім алынса, оның денесінен минералды заттарды сыртқа соншалықты көп шығарылады. Мәселен сиырдың сүттілігін төмендетпеу үшін оның орнын минералды азықтармен күнделікті толықтырып отыру керек. Демек, сиырдың әрбір литр сүттілігімен бірге 1 г Са, сол мөлшерде Р бөлініп шығады. Жылына 8 мың кг сүт шығатын сиыр сүтпен бірге 65 кг минералды заттар шығарады екен.

Малдың шөпті қандай мөлшерде орып жеуі оны қаншалықты сирек немесе қою өсуіне де байланысты. А. Вуазеннің көрсетуінше, ірі қара минутына шөпті тісімен 30-90 рет орып алады екен. Ал бір тәулікте ірі қара 6-10 сағат (әдетте 7-8 сағат) өрісте жайылады. П. Хуббардтың айтуынша, сиырдың «жұмыс күні» 16, 5 сағатқа жетеді. Ол бұл уақытты былай бөлген: азықтануға 10 сағат, қозғалысына 54 минут, су ішуіне 11 минут, тұрып күйіс қайтаруына - 49 минут, жатып күйіс қайтаруына 4 сағат 39 минут, минералды заттармен азықтануына 3 минут кетеді екен.

Өрістегі сауын сиырдың жайылым шөбіне мол отығуына таза ауада серуендеп, шөпті еркінше таңдап жеуі т. б. жағдайлар әсер етуі мүмкін. Профессор А. С. Емельяновтың (1976) тұжырымдауынша жайылымдағы азық қоректілігінің сіңімділігі төмендегідей болады екен: азық рационының құрғақ заты - 66-76 %, органикалық заты - 66-80 %, протеині - 65-70 %, белок - 65-75 %, май - 35-50 %, клечатка - 70-75 %, АЭЗ - 70 -80 %.

Сауын сиырлардың азықтағы азотты пайдалану дәрежесі әр қилы және оның сүттілігіне де байланысты екені белгілі. И. С. Попов пен А. Е. Волговтың, К. Т. Шатенко мен Л. Н. Ларцтың (1983) мәліметтеріне қарағанда оты жақсы өрісте жайылған сауын сиырлары сол жерден, орташа есеппен, 40-50 % -ке дейін қорытылатын протеин қабылдай алады екен.

Көптеген зерттеулердің нәтижелерінде, бірқатар әлемге аттары әйгілі ғалымдар М. Ф. Томмэ, Ю. П. Дукенц (1972) т. б. сиырдың кальцийді қабылдауының орташа мөлшері 30 % болады деген ұйғарымға тірелді. Ал
З. Б. Гельман мен Ю. К. Олль (1965) макро- және микро-минералды заттар тепе-теңдік сәйкестікпен үйлестіріліп берілген жағдайда сауын сиыр кальцийді кем дегенде 25, 4-27, 7 % пайдалана алады дейді.

И. Г. Лисоцевтің (1969) тәжірибесіне жүгінсек, онда бір топ сиыр тек қана жайылым шөбімен азықтанып, қоректілігі 24 % астық тұқымдас шөптердің дәні үстеме ретінде берілген. Осылайша жайылымдықта 179 күн жайылып, қосымша азықтандырылған табынның әр сиырынан майлылығы 3, 57 % 2182 кг-нан сүт сауылған. Ал қосымша қорек ретінде көк азық қана берілген жерде әр сиырдан жайылым маусымы көлемінде майлылығы 3, 66 % келетін 2160 кг-нан сүт сауылған.

Атақты ғалым А. П. Дмитреченко (1975) рацон құрамындағы азықтың құрғақ затындағы азық мөлшерін сиырдың өнімділігіне қарай былай анықтайды: бір ғана жайылымда өз бетімен азықтанған қарапайым сиырларға сүттілігі 10 кг, сүттілігі 20-30 кг сиырларға 22-24 % клечаткаға беріледі. Мұндай жағдайда сүт майлылығы 4 %-тен 4, 32 %-ке жетуге тиіс. Бір қызығы осы ғалым құрғақ заттағы қоректік заттар мөлшерін малдың күйіне қарай берген, яғни сүттілігі 10 кг-дық сиырларға 28 %, сүттілігі 12-20 және 24 кг (тіпті, сүттілік 25 -30 кг болса да) сиырларға 22 % мөлшерінде ғана клечаткалар берілуге тиіс.

Б. А. Башкиров пен Ю. В. Бойковтың (1982) деректеріне сүйенсек, сауын сиырына дәл бұзаулаған күні қажетінше жақсы пішен мен жылы су беріледі. Ал, бұзаулағаннан кейінгі екінші, үшінші күндері пішенге 1-1, 5 кг көлемінде, быламық күйіндегі құнарлы мал азықтарын (концетраты) қосады. Жөнсіз және толық құнды емес азықтандыру жаңа бұзаулаған сиырлардың асқа деген тәбетін төмендетіп, ағзасына түсетін қоректік заттар мөлшері төмендейді, Ал, бұл жағдай сиыр ағзасындағы қордағы азықтар сүт бөлінуіне жұмсалынып, жануар денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қараның ішіндегі Қырдың қызыл сиырын азықтандыру
Қара ала тұқымды ірі қара малын азықтандыру ерекшеліктері
Сиыр жасының сүт өнімділігіне әсері
Ірі қараны азықтандыру ерекшеліктері
«Бек+» ЖШС шарттарындағы әр түрлі ізге жататын сиырлардың сүт өнімділігі
Сиырды күтіп бағу әдістері
Желін безінің аурулары
Сауылатын сиырдың желін ауруын диагностикалау
Ірі қара төлін өсірудің маңызы
Саууға арналған сиырларды азықтандыру нормалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz