Архитектураның негізгі сипаттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І тарау. Негізгі ұғымдар мен
түсініктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Архитектураның
қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2. Архитектураның негізгі
сипаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ тарау. Жобалаудың негізгі
регламенттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Дизайнға байланысты
түсініктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2. Сәулет өнеріндегі
масштабтылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. Сәулеттік
пішін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..

Кіріспе

Ғимараттар мен имараттарды сәулеттік-құрылыстық жобалау, қағида
бойынша, тарихи және халықаралық тәжірибе ескеріліп, қаланың, ауылдың және
бүтіндей алғанда, өңірдің және т.с.с. қалыптасқан жергілікті жағдай-ларына
негізделеді, ал олардың бейнелік сәулеттік-жайғасымдық шешімдерін әзірлеу
кезінде тек көркем және қызметтік талаптарды қанағаттандыру ғана емес,
сондай-ақ халықтық дәстүрлер де қарастырылады.
Сәулеттік жобалау ежелгі замандағы шеберлер-сәулеткерлер еңбекте-рінде,
қазіргі авторлардың жұмыстарында және нормативтік кұжаттарда көрініс тапқан
тәсілдер, әдістер, ұсыныстар мен талаптар түріндегі бай тәжірибе жинақтады.

Бұл жұмыста сәулет өнерінің негізгі ұғымдары қарастырылады, жобалаудың
негізгі регламенттері мен стандартқа сай масштабтылық пен сәулеттік пішін
беріледі, ғимараттарға және олардың құрылымдарына қойылатын талаптар,
сондай-ақ ғимараттың көлемдік-жайғасымдық үйлесімі (композициясы)
келтіріледі.

І. Негізгі ұғымдар мен түсініктер

1.1. Архитектураның негізгі қасиеттері

Сәулетшілік өте ертедегі замандардан бері адамзат мәдениетінің қажетті
бөлігі ретінде алғы беттен көрініс тауып келеді. Ол өз маз-мұнында әлемді
игеруге арналған және нәтижесінде бұл қызметтері көзге көрінерлік болатын
жасампаз, шығармашылық қызметтер процестерін біріктіре отырып, оның
жүйесінің көпқырлылығын, күрделі-лігін тудырады.
Қалалармен шоғырланған архитектуралық мұралар адамзаттың ұжымдық жадысы
нысандарының біріне айналды. Архитектура осының арқасында қоғамның
билігіндегі құңдылықтар қорын тек тұрақты түрде кеңейтіп қана қоймай,
соңдай-ақ қоғамның өзін де тарихи уақыттағы өмір сүруші әлеуметтік жүйе
ретінде бейнелеуге қызмет етеді (7.7-7.8-суреттер).
Архитектура туындысының бірінші қасиеті — белгілі бір әлеуметтік мәнді
мақсаттар үшін орынды ұйымдастырылған, адам сыйысатын және ол
көзкөрімдікпен қабылдайтын кеңістік. Сонымен бірге мұнда тек ғимараттың
ішкі көрінісіндегі (интерьеріндегі) сияқты жан-жағы-нан шектелген кеңістік
туралы ғана емес, сондай-ақ сыртқы, ғимарат-тар мен имараттар көлемдерімен,
жер бетін абаттандырумен және жасыл екпелермен ұйымдастырылған кеңістік
туралы да сөз болып отыр. Нақтылап айтқанда, архитектура ұғымына
ғимараттармен бірге бүгіңдей алғаңда құрылыс кешендері және елді мекендер
де кіреді. Оған ішкі кеңістігі болмайтын, бірақ сыртқы кеңістіктерді
ұйымдастыруға арналған имараттар да (шарбақтар, қолайлы ашық алаңдар,
жағалаулықтар, көпірлер, эстакадалар, автомагистральдар айырымдары,
монументтер және т.б.) енеді.

Архитектураны, оны құрылыс қызметі түрлерінен бөліп алатын екінші
маңызды касиеті — бұл оның туындысына салынатын ақпарат (информация). Бұл
ақпарат өзіне адамдардың іс жүзінде бағдарлануы үшін, олардың психологиялық
қондырмаларын қалыптастыру және тұлғаны тәрбиелеу үшін маңызды жалпы
мәдениеттік, сезімдік-эстетикалық және идеялық-көркем мазмұнды енгізеді.
Сонымен архитектура тіршілікті ұйымдастыруға тек процестерді жүзеге
асырудың қажетті шарттарын қамтамасыз ететін өз материалдық құрылымдарымен
ғана емес, сонымен бірге әрі өзі алып келетін сол ақпаратпен де қызмет
етеді. Сондықтан оның туындылары материалдық-тәжірибелік және ақпараттық-
эстетикалық сынды екі түрлі құндылыққа ие.

Сонымен бірге архитектураның маңызды үшінші белгісі — оның жүйелілігі.

Сәулет өнері туындысы кеңістік-тің белгілі бір бөлігін қалыптастыра
отырып, сонымен бірге объектілер жүйесіне кіреді — ол ғимараттар кешенінің
элементін тудырады; кешен, өз кезегінде, бүтіндей алған-да, қоныс тепкен
орынның элементі болып табылады. Бұл ретте архитек-туралық объектілер
заттық-кеңістік-тік ортаның — субъектімен бірлесіп әрекет ететін және оның
мінез-құлқы-мен өзектендірілетін заттық-кеңістік қоршаған ортаның
құрылымдық не-гізіне қаланады. Бұл жағдайда субъект ретінде жеке адам,
адамдар тобы, қалалық қауымдастық немесе тіпті халық және адамзат бола
алады — субъектімен жүйелік ұйымдасты-рудың орта қарастырылатын деңгейі
анықталады. Ортаны ескеру жолы сәулет өнері және дизайнға тән жүйелілікті
мінез-құлықтар пішіндері мен олар қамтамасыз етілген материалдық
құрылымдардың бірлігі ұғымымен, қоршаған ортаны адамиландыру-ды қажетті
сапа ретінде бағыттай
отырып, байланыстырады. Архитектура туындысы осындай адамиландырылган
жүйенің бөлігі ретін-де тәжірибслік пайдаланыста да, өзінің ақпараттық
сапаларында да көрініс табады.
Ортаны жүйелі ұйымдастырудың әр алуан деңгейлері объек-тілердің әр
түрлі санаттарына айналады. Жеке процестерді қамта-масыз етумен байланысты
қарапайым деңгей заттарға немесе зат-тар тобына қалыптастыру — бұл дизайн
саласы. Өзін ұйымдас-тыруға орнықты ксңістік құрылымдарды талап етстін
күрделі, құрамдас қызметтер архитектура саласын анықтайды.
Елдімекен (қала) құрылысы мен сәулет арасындағы шекара мейлінше шартты
болса да, ортаны қалыптастырудың жүйелік міңдет-терінің салаларын
кеңейтудің нәтижесі елдімекен құрылысының — жаңа жерге қоныстандырудың және
елді мекендерді ұйымдастырудың теориясы мсн практикасының бөлектенуі болып
табылды. Бір жағынан, архитектура проблемаларын шешу елдімекен құрылыстық
деңгейде басталуы тиіс, өзге жағынан алганда - кез келген елдімекен
құрылыстық шсшімдср архитектураға тән дәстүрлі деңгей арқылы (ғимарат,
ғимараттар кешені, ансамбль, ансамбльдер жүйесі) іске асырылады.
Біз бүгінде тығыз қоныстанған, кенттендірілғен әлемде тұрамыз. Қалалар
неғұрлым өскен сайын, олардың құрылыстары тығыз бол-ған сайын, соғұрлым
жасанды ортаның сілемдерінің адамға және табиғатқа түсірер қысымы да
барынша күшейе бастайды. Адамзаттық азаптан аман калу проблемасына айналған
экология проблема-лары алдыңғы орынға шықты. Бірақ сауықтырылған орта
туралы қамқор-лық тек кана оның физикалық сапаларымен және де атмосфера-
дағы және су қоймасындағы ластануды немесе табиғат жүйелеріндегі тепе-
теңсіздікті алдын ала болдырмауымен ғана шектелуі мүмкін емес. Ортаның
пішіндері мен адамның мінез-құлықтары арасындағы өзара байланыс әлеуметтік
және психологиялық проблемалар — мәде-ниет экологиясы туралы да ойлануға
міндеттейді (1.9-1.14-суреттер).

1.2. Архитектураның негізгі сипаттары

Архитектураның үш сипаты — қызметтік, эстетикалық және құрылымдық
ерекшеліктері болады. Архитектуралық ғимарат-тардың функциялары — бұл
ғимараттардың қызметтері, олар көбіне бөлмелердің санын, олардың құрамын,
олардың орналасуын және өлшемдерін анықтайды. Ғимараттың қызметтік мазмұны
адамдардың күнделікті тәжірибеге сүйенген (утилитарлық) және мәдени
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.
Сәулеттік имараттардың көркемдік құндылықтары ғимараттың сыртқы және
ішкі келбетінің шешімімен анықталады. Витрувий, көне римдік сәулетші
салынымдарға ол ұнамдылық, әсемдік, мінсіздік түрін қамтамасыз етуі
тиіс деп атап көрсетті. Келбеттің жарасымдылығы, айшықтылығы әрбір
ғимаратта көрінуі тиіс. Имарат тұрақты түрде оны пайдаланатындармен, оларға
арналғандармен және мұнан өзге оны сырттан байқайтын саңдаған адамдардың
көзкөрімдігімен қабылданады. Барша дәуірлердің құрылысшыларының өздерінің
салынымдарына кез-келген бір түрде жарасымды келбет беру талап-тілегі де
осы-дан келіп шығады. Бұл жара-сымдылықтың дәрежесі, әрине, әр түрлі
болады. Ол имараттың арналған мақсатына, оның жалпы салынымдар жүйесіндегі
орнына және өзге себептерге байланысты болады. Ғимараттың көркем келбеті
екі негізгі сәтті — жалпы — үйлесімдік пішіндерін және жеке, бөлшектік
пішіндерді анықтайды. Жалпы архитектуралық пішіндер — біз ғимараттың
үйлесімі деп атайтын - имараттың бас көлемдері, оның массаларын, про-
порцияларын негізгі топтау. Жалпы архитектуралық пішіндердің ұғымына сыртқы
ғана емес, сонымен бірге ішкі көлемдер де кіреді. Біз жеке пішіндер деп,
ғимараттың барлық үйлесімділігіне қатыстылығы жағынан жеке сипат иеленетін
архитектуралық (соның ішінде сәндік) элементтерді ұғынамыз. Оған
ернеулерді, маңдайша қабырғаларды, балкондарды, терезелер мен есіктердің
жақтауларын, имараттың сыртындағы және ішіндегі мүсіндік бөлшектерді және
сәндіктің өзге элементтерін жатқызуға болады (1.15-1.17-сурет-тер).

Жеке архитектуралық әлементтер үлкен мәнге ие, олар ғимараттың иегізгі
көлемдерін толықтырады және аяқтайды, оларды иілімді түрде барынша айшықты
жасайды, имараттың масштабын дәл айқындауға мүмкіндік береді. Бірақ сөйтсе
де ғимараттың көркем айшықтылығы бүтіндей алғанда, үйлесімділікке,
имараттың жалпы массаларын топтауға, оның сұлбалығына, жалпы пропорциясына
байланысты.
Сәулеткерлер қашанда өздерінің жобаларын неғұрлым үнемді әдіс-амалмен
іске асыруға тырысады, бұған тек шығармашылық, жоба-лық әдістің дәлдігі
болған жағдайда ғана қол жеткізіледі. Архитектор жұмысты бір мезгілде
бірден үш өлшемде — жайғасымдармен, қималармен және қасбеттермен жүргізуі
тиіс. Тек үшөлшемдік, кеңістік елестетіп, көзге әкелу ғана онтайлы
сәулеттік шешімді қам-тамасыз етеді. Архитектор үйлесімдікпен жұмыс істеу
процесіңде имараттың сыртқы және ішкі көлемдерінің барабарлығын жасауға
тырысуы керек.
Жоғарыда келтірілгендей, архитектураның беріктікті қамтамасыз ететін
үшінші жағы — құрылымдық ерекшеліктері. Имарат, ереже бойынша, ұзақ уақытқа
арналып салынады. Беріктік пен орнықтылық ғимараттың ұзақ мерзімге
қолданылып тұруының маңызды шарты болып табылады.
Барлық тарихи құрылымдық жүйелерді ұстап тұрушы (қабыр-ғалар, жеке
түрған тіреулер) және жабушы - арқалықтар, күмбездер қүры-лымдарына жіктеп,
бөлуге болады. Барлық дәуірлердің құрылысшы-лары үшін айрықша күрделілікті
әрқашанда жабушы құрылымдар тудырды.
Архитектураның құрылымдық жағы — ғимараттың үйлесімін анықтау кезінде
маңызды және органикалық фактор болып табылады. Сонымен бірге құрылымдар өз
алдына айтарлықтай эстетикалық эсер туғызуға қабілетті, міне, осылай олар
ғимараттың эстетикалык сипатта-масына кіреді (1.18-1.20-суреттер).
Сәулет өнерінің тарихы құрылыс материалдарының және олардан жасалған
құрылымдардың тұрақты өзгерісіне куә бола алады. Бұл өзгеріс-терге өндіргіш
күштердің дамуы мен өмір ұсынған жаңа міңдеттер алғы-шарт жасады. Бұл
өзгерістер тек дәуірлерден дәуірлерге ғана емес, сон-дай-ақ уақыттың
неғүрлым шектеулі шеңберінде де өтті. Құрылыс материалдарының технологиялық
ерекшеліктері көп ретте құрылымның сипатын да анықтайды.

Құрылыс өндірісінің құрылымдары мен технологиялары архитек-туралық
жүйелерді қалыптастырудың белсенді факторы болып отырады. Сәулеттік бейнеге
де үлкен назар аударылады — ол туралы ұғым пішін тудыру әдіс-амалдарын,
ғимараттардың, олардың қасбеттері мен интерьерлерінің жалпы тектоникалық
және әсемділік айшылық-тылығын анықтауда көп paл атқарды.
Қызметгер және пішіңдер. сәулеттік түрлер мен тәсілдер қатынас-тары
проблемалары, сәулеттік пішін беретін бейне және оны іске асырудың әдістері
проблемалары өз өзектілігін жоғалтқан жоқ (1.21-1.22-суреттер).
Сонымен, архитектураны дамыту процесінде және құрылыс ісінде ғимараттар
типтерін әзірлеудегі және олардың ішкі жайғасты-руындағы сияқты тұрақты
және соншалықты ірі өзгерістер өтеді. Архи-тектураның құрылымдық, қызметтік
және көркем ерекшеліктері тарихи процесс барысыңда өзгерген және қайсы бір
кез келген архитек-туралық стильде өзінің нақты көрінісін тапқан тарихи
санаттар болып табылады.
Әрбір стиль белгілі бір дәуірде туады, онымен бірге эволюциялық дамуын
өткереді және өшеді немесе одан көп ерекшеленетін және тіпті алдында-ақ
оның шеңберінде қалыптасатын өзге стильге өтеді. Бұдан ертеде болған
стильді, оның пайда болғанын анықтайтын дәуірді де қайта жаңғырту
болмайтыны секілді, жасанды қаппына кеттіруге бол-майды деген қорытынды
жасауға болады.
Архитектура — бір мезгілде әрі техника әрі өнер. Ғимараттарды жобалау
және тұрғызу инженерлік-техникалық білімдердің негізінде жүргізіледі.
Сонымен бірге, ол өнер болып табылады, өйткені архитектор болашақ ғимаратты
жобалай отырып, көркем сезімдік бейне-лермен ой толғайды. Архитектор
ғимараттың жобасын әзірлеуге арнал-ған тапсырма алғанда, учаскені ойға ала
отырып, құрылысқа бөлін-ген қаржылар туралы мәліметті иелене, алдымен
болашақ ғимарат-тың бейнесін, оның келбетін, оның көлемдерін құрайтын
негізгі пішіндемесін жалпы нысаңда, сосын барынша накты құруға тыры-сып,
жобалауға кіріседі. Бұл шығармашылық процесс жайғасымды әзір-леу мен
жобаланған ғимаратты құрылымдау жалғаса, қатар жүреді. Суреткер адамдар
және табиғат бейнелерімен, ал архитектор - негізінен геометриялық
пішіндермен ой тербейді, бірақ онда да және мұнда да көркем шығармашылықтың
негізгі белгісі болып табылатын бейнелеп ойлау талап етіледі.
Архитектураның негізгі байланысты бөлімін интерьер және оған қойылған
жиһаз мүліктері құрайды. Интерьерге бейнелеу өнері (живопись), мүсін,
қолданбалы қолөнер бұйымдары жиі енгізіледі. Интерьер прип-ципіңде
ғимараттың сыртқы бейнесіне стильдік және көркемдік жағынан сәйкес келуі
қажет. Интерьермен стильдік жағынан біртұтас, онда орналасқан заттар
дүниесі болуы тиіс. Интерьер жаңа уақытқа қоғам өміріне сәйкес талғам мен
сәннің өзгерісіне неғүрлым сезімтал және бейімделгіш келеді.

Сәулеткердің шығармашылығының көрініс табуының жоғарғы түрі көркем -
жайғастырушылық бірлігін иеленетін, бір-бірімен кеңістікті түрде әрекет
ететін бірқатар архитектуралық ғимараттардың жиынтығы түріндегі
архитектуралық ансамбль болып табылады. Архитектуралық ансамбльдер бірыңғай
ойдың негізінде әрдайым бірден орнай бермейді, оның біртін-деп, ұзақ уақыт
бойы қалыптасатын кезі аз емес.
Архитектура — бұл тек жеке ғимарат-тар ғана емес. Архитектура - бұл әрі
көше-лері, алаңдары және мүсіндері, па-вильондары мен кішкене көпірлері,
алаң-шалары мен суқоймалары, бақтары мен аллеялы саябақтары бар қалалар
(1.18-1.21-суреттерге қараңыз).
Бақтардың, саябақтардың жайға-сымдауы және барлық кеңістіктік үй-лесімі
де архитектура үғымының бөлігін құрайды. Бұл — бақтық-саябақтық
архитектура.

ІІ. Жобалаудың негізгі регламенттері

2.1. Дизайнға байланысты түсініктер

Архитектура мынандай басты проблемалар саласында дамиды:
♦ Қызмет (функция, пайдалану) - өнеркәсіптік, көліктік имарат-
тардың, қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарының әр түрлі типтеріне қойылатын
талаптардың кешенін анықтау, адамның, ғимараттардың және имараттардың әр
түрлі динамикалық қызметтік процестер жағдайын-дағы өзара әрекетінің
технологиялық, физиологиялық және психология-лық параметрлерін анықтау;
♦ Құрылым (конструкция, материяландыру) — ғимараттар-дың және
имараттардың қызметтерінің уакыт бойынша және пайдалану процесіндегі
өзгерістеріне сәйкес кұрылымдық жүйесін әзірлеу, алдып ала берілген
қасиеттермен казіргі жоғары тиімді құрылыс материалдарын жасау, жобалау
және құрылыс жүйелерінің автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу;
♦ Үйлесім (композиция) — казіргі архитектуралык үйлесімнің және
оның принциптерінің табиғатын анықтау, архитектураның эстетика-сын кабылдау
психологиясының ең жаңа деректерін пайдалану арқылы әзірлеу, құрылыстық
техниканың қоғамдық мүдделерін және техника-лық мүмкіндіктерін дамыту.
♦ Нәрселік (заттық) орта - материалдық заттар мен адамдар, олар-ды
пайдаланушылар арасындағы сәйкестік заңдарында белгіленген заттық ортаның
(инженерлік құрал-жабдықтар, станоктар, машиналар, құрал-дар, тұрмыстық
бұйымдар және т. б.) оңтайлы жүйесін құру, бұл заңдар-дың мәні мен сипаты,
олардың көріну түрлері, техникалық, эконо-микалық, биологиялық және басқа
факторлардың өзара байланыс-тылығы;
♦ Заттар - дизайнның әр түрлі бұйымдарына, олардың мақса-тына және
пайдалануына байланысты, сондай-ақ өнеркәсіптік өнді-рістің талаптарына
байланысты, қойылатын талаптардың кешенін анықтау;
♦ Құрылымдау - жаппай өндірілетін бұйымдарды көркем құры-лымдау
мәселелерін әзірлеу.

2. Сәулеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәулет өнеріндегі модерн стилі
Сәулет
Танысу сайттары
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЯДРОСЫ
Электрондық оқыту құралдарын жасаудың ақпараттық архитектурасы
Квадрат терезе
Математика және архитектура
Архитектурадағы модерн стилі
Архитектура, сәулет өнері
Тарихи архитектуралық ескерткіштер тарихы
Пәндер