Сапа көрсеткіштерін бағалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

Негізгі бөлім

1. Бұйымның қызметтік арналуымен оны дайындау технологиясы

1.1 Сэндвич-панельдердің қызметтік арналуы
1. Өнімді дайындаудың технологиялық процессі ... ... ... ... ... ... ..8

2. Сэндвич-панельдердің технологиялық процессі

1. Өнімнің жіктелуі және сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы

1. Өнеркәсіптік өнімнің жіктелуі бойынша топты анықтау ... ... 10

2. Өнімнің сапа көрсеткіштерін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2. Сапа деңгейін бағалау әдістемесін
әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

3. Өнімнің сапа деңгейін бағалау

1. Сапаны бағалау әдісін
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .19

2. Бағаланатын және базалық өнімдердің сапасының көрсеткіштеріне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 22

3. Сапа көрсеткіштерін бағалау. Бағалау нәтижесі ретінде бағаларды
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...26

4. Бағалау нәтижелері туралы қорытындыларды рәсімдеу ... ... ...27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .28

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

КІРІСПЕ

Квалиметрия – өнімнің сапасын сараптау және бағалаумен байланысты
қиыншылықтарды және де мәселелерді біріктіретін ғылыми сала.
Квалиметрияны ғылым ретінде қарастыра отырып, оны метрологиямен
шатастыруға болмайды. Метрология өнімнің сапасын квалиметриялық әдіспен
бағалау алғашқы ақпарат береді. Сонымен қатар метрология объектінің сандық
көрсеткіштерін анықтайды, бірақ квалиметрия секілді оны шешімдермен, я
болмаса себептермен байланыстармайды.
Квалиметрия өлшеу немесе физикалық, экономикалық, эстетикалық және
басқа да көрсеткіштерді эталондармен салыстыру арқылы әлеуметтік
квалимтериялық бағалауды жүзеге асырады. Метрология саласында да эталондар
мен стандарттар бар, бірақ олар тұрақты. Ал квалиметрия саласындағы
эталондар өзгереді және уақыттың, қоршаған орта мен әлеуметтік ортаның
функциясы болып табылады.
Квалиметрияда ықтималдылықтар теориясы мен статистиканың, сызықтық,
сызықтық емес және динамикалық программалаудың, көпшілікке қызмет көрсету
теориясының, тиімді басқару мен кездейсоқ процесстердің теориясының жаңа
математикалық әдістерін қолданады.
Сапаны кешенді сандық бағалаудың көптеген әдістері бар. Олардың басты
ерекшелігі сапа тұтынушылар үшін маңызды көрсеткіштердің иерархиялық жүйесі
ретінде қарастырылуы.
Сапа көрсеткіштерін бағалауда қолданылатын құралдарға байланысты
олардың келесі әдістер түрлеріне бөледі:
тәжірибелік – ақаулы өнімдерді тауып, оларды өлшеуге негізделген; есептік –
сапа көрсеткіштерін өнімнің әр түрлі параметрлерінің мәндеріне қатысты
анықтайды;
эксперттік – мамандардың пікірі ескеріледі:
органолевтикалық – адамның сезім мүшелерінің сезімталдығына негізделген;
әлеуметтік – өнімді тұтынушы тұлғалардың пікірлерін анықтап, оларды
зерделеуге негізделген.

Квалиметрияның басты мақсаттарының бірі болып өндірілетін өнімнің
сапасы сай келетін сапа деңгейін анықтау болып табылады.
Өнімнің сапа деңгейі – өнімнің сапа көрсеткіштерінің жиынтығын базалық
көрсеткіштер жиынтығымен салыстыруға негізделген объектінің сапасының
қатысты сипаттамасы. Өнімнің сапа деңгейін анықтау ең алдымен өнімнің
өзінің тікелей функцияларын қандай дәрежеде атқара алатынына байланысты.

Сапа деңгейін бағалаудың келесі әдістерін бөліп көрсетеді:
1) дифференциалдық, объектінің жеке дара көрсеткіштерін сәйкес базалық
мәнімен салыстыруға неігзделген әдіс.
2) кешенді бағалау әдісі кешенді көрсеткіштерді пайдалануға
негізделген. Бұл кезде объектінің функционалды мүмкіндіктері мен арналуын
сипаттайтын басты жалғыз көрсеткіш таңдалып, салыстырылады.
3) аралас әдіс жоғарыда аталып кеткен екі әдісті де толықтай қолдануға
негізделген. Бұл әдіс былай жүзеге асырылады: алдымен жеке дара қасиеттерді
топтарға біріктіреді, оларға кешенді көрсеткіш анықталады. Осылайша әрбір
топқа кешенді көрсеткіш тағайындалады. Одан соң осы кешенді көрсеткіштер
сәйкес базалық мәндермен салыстырылады.
4) сарапшылық бағалау әдісі мамандардың тәжірибелік деңгейі мен білім
деңгейінің ерекшеліктерін пайдалануға негізделген.

1. Бұйымның қызметтік арналуымен оны дайындау технологиясы

1.1 Сэндвич-панельдердің қызметтік арналуы

19 ғасырда өмір сүрген ағылшын лорды Сэндвич (Sandwich) өзінің карталық
құмар ойынын тамақтану үшін тоқтатқысы келмеген. Сонда ол ойынды
тоқтатпастан әлденіп алуға мүмкіндік беретін тағам – бутербродты ойлап
тапты. Бутерброд екі тілім наннын ортасына май, ірімшік, шұжық салып
жасалады. Мұндай қабатты тағам түрі көбінің талғамынан шықты, кейін оны
лордтың атағымен сэндвич деп аталып кетті. Ал 20 ғасырда бұл идеяны
құрылысшылар пайдаланып, сыртқы жар ретінде қабатты бутербродтарды – екі
металл беті мен жылуоқшаулағыш материалдан тұратын сэндвич-панельдерді
қолдана бастады. Егер құрылыс материалдарына қойылатын архетиктуралық және
эстетикалық талаптарды ескермесек, онда сэндвич-панельдерді мінсіз құрылыс
материалы ретінде қарауға болатын еді. Біріншіден, сэндвич-панельдер жылу-
техникалық көрсеткіштері бойынша алғанда дәстүрлі құрылыс материалдарынан
(кірпіш, ағаш, бетон) шамамен 10 есе артық. Екіншіден, сэндвич-панельдердің
салмағы дәстүрлі құрылыс материалдарының салмағынан 10-20 есе аз. Демек
фундаментке түсетін қысымды едәуір азайту, кей-кездері оны тіптен қолданбау
мүмкіндігі туады. Тасымалдауға кететін шығындардың мөлшері де анағұрлым
азаяды, ауыр темір-бетонды панельдер мен кірпіштерді тасымалдау қажеттілігі
болмайды. Үшіншіден, сэндвич-панельдер – арзан, әрі сенімді конструкция.
Олар құрылыстың әр сатысында жұмсалатын қаржыны емес, сонымен қатар уақытты
да үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы: сэндвич-панельдерді қаңқаға
(каркасқа) бекіту металл немесе ағаш, қаңқаның материалына байланысты,
өзікескіш (самонарезающие) болттардың көмегімен өте жеңіл жүзеге асырылады.
Осыған байланысты конструкцияны бұзып, ғимаратты басқа орынға тасымалдауға
болады. Төртіншіден, сэндвич-панельдер қосымша өндеуді қажет етпейді.
Олардың беткі қабаты – мырышпен қапталған болаттың жұқа беті – алдын ала
заводта берік бояумен немесе полимер қабатымен қапталған (Полиестр, Пурал,
PVF-2 ж.т.б.) болады.
Сэндвич-панельдердің құрылысшылар үшін артықшылығын әрі-қарай талдай
беруге болады. Олар тасымалдаушыларғада тиімді екенін айта кету қажет.
Себебі оның сыртқы қабаты, жоғарыда айтылып кеткендей, антикоррозиялық
металлдармен қапталады, ортасындағы нығыздалған материал төмен
жылуөткізгіш, минимал ылғалсіңіргіш, орташа механикалық беріктік пен жоғары
ұзақмерзімділікке ие. Ал сэндвич-панельдердің өздері ультракүлгін
сәулеленуге, қоршаған орта мен механикалық әсерлерге тұрақты болып келеді.
Сонымен қатар, сэндвич-панельдер арқылы кез-келген коммуникацияны өткізуге
болады: мысалға бұл конструкциялады бұрғылау мен кесу темірбетонды
панельдерге қарағанда жеңілірек. Жоғары жылуоқшаулағыш көрсеткіші – қазіргі
таңдағы сэндвич-панельдердің маңызды қасиеті.
Қазіргі таңда жедел, тез тұрғызылатын ғимраттарды салу кезінде кеңінен
таралған құрылыс материалы болып – сэндвич-панельдер есептеледі. Сэндвич-
панельдердің басқа құрылыс материалдарынан бірігей тек өзіне тән
ерекшелітері мен қасиеттері бар. Өзінің салыстырмалы түрде жас материал
екендігіне қарамастан, өндірушілер оларды өндіру мен пайдалану жұмыстарында
үлкен көлемді тәжірибе жинақтады. Сэндвич-панельдер жаңа ғимараттар мен
басқа да құрылыс нысандарын тұрғызу, сонымен қатар әр түрлі ескі
объектілердің фасадтарын қалпына келтіру жұмыстарында қоладанылады.
Әдетте сэндвич-панельдер екі профильденген метал парақ пен олардың
ортасындағы нығыздағыштан тұратын үш қабатты құрылыс материалы болып
табылады. Сыртқы қабат ретінде ар түрлі жабынды немесе жабынсыз металл
парақтар қолданылады. Көп жағдайда олар импорттық немесе отандық өндірістік
полимерлі жабынды салқындай төселетін цинктелген болат түрінде кездеседі.
Ал кей жағдайларда жабынсыз цинктелген болат, я болмаса тоттанбайтын металл
қолданылады. Пішіндеу кезінде металл бетінің бүлінуінің алдын алу үшін оған
арнайы қорғаныш қабықшасы жабылады. Кейін ол монтаждау жұмыстарынан соң
алынады. Көп жағдайда сэндвич-панельдердің бетін орнықты бояумен бояйды.
Дегенмен соңғы кездері сыртқы қабаты металл емес, қалңдығы 6-12 мм-лік
гипсокартон тақталар болатын сэндвич-панельдер қолданылады.
Сэндвич-панельдердер үшін дәстүрлі жылуоқшаулағыштар (нығыздағыштар) –
минерал мақталар және көбікті оқшаулағыштар – пеноплостирол немесе
пенополиуретан. Қазіргі уақытта екі материал түрін де, яғни минерал мақта
мен пенополистирол қолданылатын нығыздағыштың жаңа түрі пайдаланылуда.
Сэндвич-панелдерде бұл материалдар көлденең қабаттармен кезектестіріледі.
Минерал мақтаның қаттылау түрі қолданылғандықтан конструкциянын жалпы
беріктігі артады, ал пенополистиролдың жылуөткізгіштігінің төмендігінен
осындай сэндвич-панельдердің жалпы жылутехникалық қасиеттері артады.
Жоғарыда айтып өткендей сэндвич-панельдер тұрғын үйлер құрылысымен
қатар, өндірістік ғимараттар құрылысында да кеңінен қолданылады. Сэндвич-
панельдердің ерекше конструкциясы мен массасының төмендігі – оларың жоғары
беріктік қоры мен тасымалдау және монтаждауға аз шығын кетуін қамтиамасыз
ететін басты артықшылығы.
Сонымен қатар сэндвич-панельдердің жеңілдігі іргеге (фундамент) түсетін
қысым күшін азайтады, ал бұл жерді геологиялық зерттеуге кететін шығындарды
азайта отырып, жалпы құрылыс бағасына әсер етеді және монтаждауға кететін
уақытты үнемдейді.
Жалпы сэндвич-панельдер қолданылуына қарай екі түрге бөлінеді. Олар: 1)
қабырғалы сэндвич-панельдер; 2) жабынды сэндвич-панельдер.
Қабырғалы сэндвич-панельдер функционалдық арналуына қарай түрлерге
бөлінеді. Олар: қоршауға арнлаған сэндвич-панельдер, төбеге арналған
сэндвич-панельдер, қалқалар (перегородки) ретінде қолданылатын сэндвич-
панельдер, құрылыс объектілерін жылуоқшаулауға арналған сыртқы беттік
сэндвич-панельдер және де төмен температуралар мен тоңазытқыштарға арналған
сэндвич-панельдер. Қабырғалы сэндвич-панельдерді құрылыс объектісінің
арналуына қарай таңдайды. Тез тұрғызылатын ғимараттар өнеркәсіптік мақсатта
(ангар, қойма, өндірістік ғимараттар) және қоғамдық қолдануға арналған
ғимараттар ретінде (дукендер, кеңселер, машина жуу орындары, сауда
орталықтары), спорттық ғимараттар (мұз сарайы, спорт-сауықтыру кешендері)
үшін пайдаланылады. Сонымен қатар сэндвич-панельдер жоғары санитарлы-
гигиеналық талаптар қойылатын (мысалы, аурахана, зертхана), төмен
температуралы (өнеркәсіптіік тоңазытқыш) мекемелер құрылысы кезінде кеңінен
қолданылады.
Жабынды сэндвич-панельдер – жоғары тиімді құрылыс материалы. Олар кез
келген қабатты тұрғын үйлер мен өнеркәсіптік мекемелерде жыбынды жүйелерді
тұрғызу үшін қолданылады. Өздерінің конструкциялық құрылысына байланысты
жабынды сэндвич-панельдер қардың биіткгінің әсерінен пайда болатын
физикалық салмақтың макималды мәнін көтере алады. Бұндай панельдердің
басты артықшы-лығы болып олардың қарапайымдылығы есептеледі. Жабынды
сэндвич-панельдер шатырдың жабынын салуда қолданылады. Сондықтан олардың
қабырғалы сэндвич-панельдерден айырмашылықтары болады. Мысалы: олардың
бірінші ерекшелігі шеттерінің биіктігі, екінші ерекшелігі кілтінің
өзгешелігі. Осы екі ерекшелік шатырды дымқылданбай, жауған нөсердің төмен
қарай ғып кетуіне ықпалын тигізеді. Олар өте жеңіл, ұзақ мерзімдлігі
жоғары, қышқыл жауындарға тұрақты, антикоррозиялық болып келеді.

2. Сэндвич-панельдердің технологиялық процессі

Қазіргі таңда кәсіпорындардың көбінде дерлік сапасы халықаралық
дәрежедегі сэндвич-панельдерді шығару мақсатында толықтай
автоматтандырылған өндіру жолы қолданылады. Сэндвич-панельдер деп уақыт
пен орны бойынша бірнеше сатыларға бөлінген стендтік жартылай автоматты
құрылғыларды өндірілетін панельдер.

Сэндвич-панельдерді өндірудің технологиялық процесі келесі сатылардан
тұрады:
1) Металл орамасы арнайы тарқатушы құрылғыға (Тарқатушы барабан)
қондырылады.
2) Одан соң металл арнайы енгізуші құрылғы (қорғаныш қаптамамен жабушы
құрылғы) арқылы өткізіледі, бұл кезде металл бетіне қорғаныш жабын
жапсырылады, содан кейін пішін беруші құрылғыға (Жаймалау станогы)
түседі. Жаймалау станогы панельдердің талап етілген ұзындықта қажетті
кілтті және пішінді (суретті) сыртқы қабатын (сэндвич-панельдердің
сыртқы металл қабаты) дайындауға мүмкіндік береді.
3) Пішінделген металл беті боялмаған жағымен жоғары қарай құрастыру
үстеліне орналастырылады.
4) Металл бетіне автоматты түрде желім жағылады (Автоматты түрде желім
жағу құрылғысы). Желім ұсақдисперсиялы сумен күшейтіледі.
5) Панельдердің өндірісі кезінде алдын ала Ламельдерді кесу құрылғысымен
ламельдерге (тік төртбұрыш параллелипипед пішінді бөліктер) кесілген
нығыздағыш төсеніштер қолданылады.
6) Жинақтау кезінде кілттерге жалғасытырылатын ламельдер фрезерленеді
(Саңылау табу құрылғысы, ламельдерді фрезерлеу).
7) Ламельдер металл бетінің бойына желімнің үстіне орналастырылады.
Нығыздағыштың талшықтары қапсырмаларға перпендикуляр бағытта болуы
қажет. Олар мүмкіндігінше бір-біріне тығыз, саңылаусыз
орналастырылады. Егер де саңылау қалып қоятын болса, ламельдердегі
саңылауды анықтау құрылғысында сондай енді нығыздағыш кесіледі.
8) Олардың үстіне Автоматты желім жағу құрылғысының көмегімен желім және
су жағылады.
9) Ертерек дайындалған сэндвич-панельдің сыртқы қабатын автоматты емес
түрде ламельдердің бетіне салады немесе екінші Жаймалау станогында
қатар дайындалған сыртқы қабаты аударушы құрылғының көмегімен
аударылып, ламельдердің бетіне орналастырылады.
10) Жинақталған сэндвич-панель пресстеуге жіберіледі. Бұл кезде панельдің
конструкция бөлшектерінің қысым мен температура әсерінен бір-бірімен
жапсырылуы жүреді.
11) Престелген соң дайын сэндвич-панельдер қажетті ұзындықты етіп
кесіледі.
12) Одан соң қабылдау тексересінен өтіп, сэндвич-панельдерді буу
құрылғысынан дайын өнім қоймасына жеткізіледі.

2. Өнімнің жіктелуін және сапа көрсеткіштерінің номеклатурасын анықтау

2.1 Өнеркәсіптік өнімнің жіктелуі бойынша топты анықтау

Берілген өнім 2-топ материалдар мен өнімдерге жатады.

2.2 Өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау
Төменде келтірілген кестеде ұсынылған жүйе бойынша жіктелген
көрсеткіштердің барлық топтары келтірілген.

Өнімнің сапасы көрсеткіштерінің номенклатурасы

Өнім сапасының көрсеткіштері 2-топ. Материалдар мен өнімдер
Арналу +
Бастартусыздық –
Ұзақ мерзімділік –
Жөндеуге жарамдылық –
Сақталушылық +
Эргономикалық +
Эстетикалық +
Технологияға лайықтылық +
Тасымалдылық +
Стандарттау және бірыңғайлау (+)
Патенттік – құқықтық +
Қауіпсіздік (+)
Біртектілік +
Қоршаған ортаға әсер ету (+)
Сыртқы әсерлерге тұрақтылық +

1) Тағайындалу көрсеткіштері өнімнің негізгі функционалдық қасиеттері мен
оның қолдану ауқымын көрсетеді.
Олар өз алдына келесі топтарға бөлінеді:
• Жіктелу көрсеткіштері;
• Құрам мен құрылым көрсеткіштері;
• Техникалық жетілдіру көрсеткіштері.

Жіктелу көрсеткіштері:
Сэндвич-панельдер деп екі металл беттен және нығыздағыштан тұратын
құрылыс материалын айтамыз. Олар құрылыс обьектсін тұрғызу кезінде
пеноблоктар, кірпіштер және де темірбетондармен қатар қолданылады.
Негізінен сэндвич-панельдерді ғимараттардың тез құрылысы кезінде кеңінен
пайдалнылады, себебі оларды қолдана жүретін құрылыс тез әрі жеңіл
жүргізіледі. Демек олар құрылыс материалдары тобына жатқызылады.

Құрам мен құрылым көрсеткіштері:
Жоғарыда айтып кеткеніміздей сэндвич-панельдер екі металл бетпен
қапталған нығыздағыштан, я болмаса басқаша айтқанда жылуоқшаулағыш
материалдан тұрады.
Сыртқы металл беттер полимерленген цинктелген болаттардан жасалады.
Олардың қалыңдығы әдетте 0,55 мм болып табылады, ал тығыздығы 275гм2.
Әрбір парақтың ішкі беті нығыздағышпен қосылыс беріктігін арттыру үшін 10
мкм органикалық қабатпен жабылады. Ал осы беттердің сыртқы беті 25мкм-лік
полиэстермен қапталады. Материал кез келген климаттық белдеуге сай келеді,
бұл оның механикалық және атмосфералық әсерлерге тұрақтылығын көрсетеді.
Сонымен қатар пластикалық қасиеті мен түсін ұзаққа дейін сақтайды.
Сэндвич-панельдер сыртқы металл беттерінің түрлеріне қарай әр-түрлі
қасиетке ие болады. Енді бұндай полимерлік қаптамалардың түрлерін және
олардың қаситтерін кеңірек қарастырайық.

Полиэстер (РЕ)

Мырышталғын беттерге арналған кеңінен таралған полимерлердің бірі. Кез-
келген климаттық белдеулерге қолайлы. Қаптама қалыңдығы 25÷30 мкм, ол
механикалық және атмосфералық әсерлерге тұрақты. Сыртқы орта жағдайы өте
ластанбаған жерлерде орналасқан ғимараттар үшін қоршауыш конструкциясы
ұсынылады.

Пурал (Pural Armacor аналогы)

Бұл қаптама қоршауыш конструкцияның ішкі және сыртқы беттерін
полимирлеуде ұсынылады. Материал жоғары химиялық тұрақтылыққа ие, жоғары
температуралық ауытқуларға да қарсы тұру қабілеті жоғары. Қаптама қалыңдығы
50 мкм кезде басқа материалдармен салыстарғанда антикоррозиялық қасиеттері
жоғары болып келеді, ал пластикалығы төмен температура жағдайында да
сақталады.

Поливинилдифторид (PVF2PVDF)

Полимерлік қаптама -600С салқындықты котере алады және өзінің
қасиеттерін +1200С ыстық температураға дейін жоғалтпайды. Қаптамның 25 мкм
қалыңдығы кезінде өте жоғары антикоррозиялық қасиетті иемденеді және
механикалық зақымдануларға берік болады. Олар әдетте
қоршаған орта жағдайы айнымалы және қатал болып келетін жерлерде қолдану
ұсынылады.
Сэндвич-панельдердің конструкциясында нығыздағыш ретінде келесідей
жылуоқшаулағыш материалдар қолданылады:
А) минерал мақта (стандартты нұсқа)

Тығыздығы 117 кгм3, жоғары жылу- және дыбысоқшаулағыш қасиеті бар,
температуралық деформацияға тұрақтылығымен ерекшеленетін жанбайтын базальт
мақта.

Б) пенополистирол

Өзін экономикалық жағынан ең тиімді етіп танытқан, қолдануға тиімді,
жылуөткізгішгі және буөткізгішгі төмен экологиялық таза, уламайтын жылу-
және дыбысоқшаулағыш материал. Бағалы қасиеттерінің бірі жоғалатын жылу
мөлшері (λ=0,025÷0,039 ВтмК) туралы ескерту қасиеті болып табылады. Ал
пенополистиролдың тығыздығы 15÷50кгм3.

2) Сақталушылық – өнімнің берілген уақыт кезеңі бойынша берілген
жағдайлар кезінде белгіленген шамаларда сапаның берілген
көрсеткіштерін пайдаланғанша үздіксіз сақтау қасиеті.
Өндіріс кезінде сэндвич-панельдердің сыртқы қабатына жапсырылған
қорғаныш пленкасы, оның сытқы бетін қорғайды. Жалпы кез-келген өндірілген
өнімнің сапасын тасымалдау, құрылыс орындарында жинау кезінде сақталу
керек. Ол үшін өнімнің тапсырыс берушіге жеткізілуіне қарай буудың үш
тәсілін қолданады:
1) Стандартты – өнім пенополистиролды тіректерге қойылса. Бұндай буу
кезінде панельдер полиэтиленді пленкамен қапталады.
2) Типтік – өнім ағаш тіректерге орналастырылса. Панельдер полиэтиленді
пленкамен қапталады.
3) Авто-вагон – өнім ағаш тіректерге орналастырылса. Панельдер полиэтиленді
пленкамен екі қайтара қапталады.
Қорғаныш пленкалар пенельдердің полимерлі беттерін тасымалдау және
монтаждау кезінде бүлінбеуден қоғайды. Олар панельдердің шығарылған күнінен
үш ай аспайтын мерзімде шешілуі қажет.

3) Эргономикалық – антропометриялық және психофизио-логиялық талаптар
көрсеткіші. Антропометриялық талаптарға өнімнің эксплуатациясы
кезіндегі оның конструкциясының адамның қолына ыңғайлылығы.
Психофизиологиялық талаптарға өнімді қолдану кезінде адамның тез
шаршамауын қамтамасыз ететін талаптар жатқызылады.
Сэндвич-панельдердің эрогономикалық көрсеткітеріне келер болсақ ең басты
айтып кететін жайт оның арзандылығы, мысалы оны өзінің құрылыс материалы
аналогтарымен салыстырсақ алдеқайда арзан және құрылыс кезінде де тиімді
болады. Мысалы, кіпіштен құрылыс кезінде қажет қосымша құрылыс материалдары
сэндвич-панельдерден құрылыс жағдайында керек емес. Сонымен қатар ол
құрылыс мерзімін қысқартады. Оның ұзындығының тапсырыс берушінің қалауы
бойынша дайындалуы өзіндік артықшылығы, ал жеңілділігі монтаждау жұмыстары
кезіндегі артықшылықтарының бірі.

4) Эстетикалық көрсеткіштер – әр түрлі эстетикалық қасиеттерін
сипаттайды: көркемділігін, композициондық бүтіндігін, жаңа заман
талаптарына лайықтылығын және т.б. жалпы бұл көрсеткіштерді
тұтынушылардың қалауын білдіретін әлеуметтік көрсеткіштерге жатқызуға
болады.
Эстетикалық көрсеткіштерді келесі қосалқы топтарға бөледі:
• пішінінің ұтымдылығының көрсеткіштері;
• ақпараттық айқындылық көрсеткіштері;
• композициялық бүтінділік көрсеткіштері;
• өндірістік орындаудың жетілділік көрсеткіштері.

Пішінінің ұтымдылығының көрсеткіштері өнімнің атқаратын қызметіне
лайықтылығы мен функционалды-конструктивті иекмділігімен анықталады.
Ал ақпараттық айқындылық көрсеткіштері өнімнің пішінімен (форма)
анықталады және келесі бірлік көрсеткіштерден тұрады:
• сонылық;
• сәнге сәйкестiк;
• стилдi сәйкестiк.
Композициялық бүтінділік көрсеткіштері келесідей көрсеткіштермен
айқындалады:
• әсемдiлiк;
• форманың және элементтердің графикалық түрлілігі;
• түсі.
Бұйымның өндiрiстiк орындауының жетiлділігі мұндай сапа
көрсеткiштерiмен бағалана алады:
• конструкциялық құраушыларының жинақталуы кезіндегі жұмыстың дұрыс
орындалуы;
• беттердiң өңдеуiнің мұқияттылығы;
• фирма таңбасы, сәйкестiк белгiлерiнiң айқын салынуы және iлеспе
құжаттаманың айқындығы тағы басқалар.
Сэндвич-панельдердің эстетикалық көрсеткіші оның композициялық
аяқталымдылығы. Олардың сыртқы металл қабаттары сыртқы ортаның тікелей
әсерінен қорғаса, нығыздағыш жылу- және дыбыс оқшаулығын, ал олардың
шеттерінде жасалатын кілттер, сэндвич-панельдердің бір-бірімен оңай әрі
ақаусыз біріктірілуін қамтамасыз етеді. Сэндвич-панельдердің металл
беттерінің әр түрлі профилдері болады. Ол тапсырыс берушінің талаптарына
сай немесе оның қолдану аясына қарай таңдалады. Ал түстеріне келер болсақ
кез-келген бояуда орындалады және қазіргі заман талаптарына сай біркелкі
емес, табиғи тастардың (гранит, мәрмәр) бетіне ұқсастырылып жасалады.
5) Технологиялық көрсеткіштеріне еңбек сыйымдылық, материал сыйымдылық,
энергосыйымдылық, өзіндік құны жатады. Бұл әрбір көрсеткіш жалпы,
салыстырмалы болуы мүмкін. Технологияға лаықтылық көрсеткіштері
өнімнің өірлік циклының келесі сатыларына сай келеді: өндіру, кәдеге
асыру және жөндеу. Осыған байланысты әрбір көрсетілген сатығ өзіне
лайық технологиялық көрсеткіштер есептеледі. Олар елесі стандарттармен
регламенттеледі: Конструкторлық құжаттаманың біртекті жүйесі,
Өндірісті дайындаудың біртекті жүйеі, Конструкцияның технологиялығын
қамтамасыз етудің ережелері. (квал)
Сэндвич-панельдердің технологиялылығы оның өндрісі кезінде
материал шығының аздығы. Өндіріс процессі толықтай автоматтандырылғандықтан
еңбек сыйымдылығының аздығын да қоса айта кетуге болады. Оларда
қолданылатын материалдардың көлемінің төмендігі және олардың жеңілдігі
монтаждау жұмыстары кезіндегі технологияға лайықтылық көрсеткіштерінің
жоғары болуын қамтамасыз етеді. (www.complect.su, newtech73.ru)

6) Тасымалдылық көрсеткіштері – өнімді оның сапасын төмендетпей кез-
келген көлік құралымен тасымалдау мүмкіндік дәрежесі. Тасымалдылық
көрсеткіштеріне: тасымалдауға орташа дайындық мерзімі, тасымалдауға
орташа дайындық еңбек сыйымдылығы және т.б. жатады.
http:5ballov.qip.ru
Тасымалдау үшін сэндвич-панельдер арнайы қораптарға
(паллеттерге) қалыңдығына байланысты 8-12 дана болып салынады,
полиэтиленмен буылып арнайы лентамен байланады. Буылған сэндвич-
панельдердің тасымалы кез келген көлік түрімен жүзеге асырылады.
Паллеттердің көлікте бекітілуінің және өнімді тию-түсіру әдсінің дұрыс
жағдайында өнімнің сапасының сақталымдылығына кепілдік беріледі.
Паллетердің тек көлденең бағытта тасымалдануы қажет, екі паллеттен артық
паллет қойылмауы керек.

7) Өнімнің стандарттау және бірыңғайлау көрсеткіштері белгілі бір
өнімдегі стандартталған бөлшектердің қолданылу дәрежесі мен өнімнің
құрылымдық бөліктерінің бірыңғайлылық деңгейін көрсетеді.
Бұл көрсеткіштер өнімнің коснтрукторлық біртектілігін анықтайды. Олар
өнімнің сапасы мен өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық
бөлшектердің минималды көлемінің қолданылуының мүмкіндігін куәландырады.
Стандарталғандарға халықаралық, мемлекеттік және салалық
стандарттарға сай шығарылатын өнім бөлшектерін жатқызамыз.

Бірыңғайлыларға өнімнің келесідей бөлшектері жатқызылады:

• сол саладағы алдыңғы қатарлы өнеркәсіпорнының стандарттарымен
дайындалатын бөлшектер;
• белгілі бір өнім түріне әзірленіп, басқа да өнімнің құрамында болатын
бөлшектер.

Стандарттау және бірыңғайлаудың негізгі көрсеткіштері:

• қайталымдылық коэффициенті;
• қолданушылық коэффициенті;
• қолданушылықтың қаржылай коэффициенті.
Өнім тобының бірыңғайлылығының жобааралық коэффициенті де стандарттау
және бірыңғайлау көрсеткіші ретінде кеңінен қолданыла алады.
Бұл көрсеткіштердің дұрыс анықталуы өнімнің сапа деңгейімен қатар,
стандарттау және бірыңғайлау жоба жұмыстарының тиімділігін негіздеуде
қолданылады.
Сэндвич-панельдердің құрылымдық элементтерінің барлығы белгілі бір
стандарттарға сай келеді. Бұл сэндвич-панельдердің стандарттау және
бірыңғайлау көрсеткіштеріне толықтай жауап беретіндігін куәландырады.
Жалпы сэндвич-панельдерді толықтай алғанда келесідей стандарттардың
талаптарына жауап береді: ГОСТ 30244-94 "Құрылыс материалдары. Жанғыштыққа
зерттеудің әдістері"; ГОСТ 30247.0-94 "Құрылыс конструкциялары.
Отқатөзімділікке зерттеу әдістері. Жалпы талаптар"; ГОСТ 30402-96 "Құрылыс
материалдары. Тұтанғыштыққы зерттеу әдістері"; ГОСТ 30403-96 " Құрылыс
конструкциялары. Өрт қауіпсіздігі әдістерін анықтау". Ал олардың құрылымдық
элементтері: металл беттері мен нығыздағыштары да өздеріне қойылатын
талаптарға толықтай жауап береді. Мысалы: нығыздағыштардың минарал мақталы
түрлері ГОСТ 22950-95, ГОСТ 23307-78*; ал пенополистиролды түрлері ГОСТ
20282-86, ГОСТ 15588-86 және т.б. стандарттардың талаптарына сай. Сэндвич-
панельдердің сыртқы металл беттері мына стандарттардың талаптарына сай
болуы қажет: ГОСТ 14918-80, ГОСТ 16523-89, ГОСТ 52246-2004.

8) Патенттік-құқықтық көрсеткіштер – патенттік тазалық және
сақталымдылықты сипаттайтын, бәсекеге лайықтылықты анықтау кезіндегі
басты көрсеткіш болып есептеледі. Патенттік-құқықтық көрстекіштерді
анықтау кезінде өнімдегі жаңа техникалық шешімдерді, елде патентпен
қорғалған шешімдерді, өнімнің елдегі тіркелуін ескеру қажет.
http:www.ref.by
Сэндвич-панельдердің бұндай көрсеткіштері өнімнің сапасының артуына
өзіндік септігін тигізеді. Қазақстандағы ең алғаш сэндвич-панельдерге
алынған патенттер 2005 жылы мынадай тіркеу нөмерімен алынды: № 47403, №
47404. Осы кезден бастап қазіргі танға деңгейін бұл өнімдер құрылыс
саласында кеңінен қолданылып келеді. Ал патенттердің өнім сапасына әсеріне
келер болсақ, мына жайтты айта кетуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Квалиметрия дайын өнім сапасын сандық бағалау әдісі ретінде
Сапа көрсеткіштерінің атауы
Тоңазытқыш сапасының көрсеткіштері
Аяқ киімге арналған аяқ киімнің сапа көрсеткіштерін бағалау
Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы
Квалиметрия - сапаны сан жағынан бағалау
Өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау әдістерінің класификациясы
Сәйкестендіру тәсілдерінің түрлері. Сапа көрсеткіштері. Азық түлік емес тауарлардың фальсификациясы
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Сары майдың квалиметриялық бағалануы және оның сапасын жақсарту жөніндегі шараларды ұйымдастыру
Пәндер