Табиғатты қалай сауықтыруға болад
Мазмұны:
I
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..5
2.1 Табиғатты зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен
ластау ... ... ... ...5
2.2 Арал тағдыры - адам
тағдыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..8
2.3 Семей ядролық сынақ полигонының
қасіреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.4 Балхаш көлінің экологиялық
қиыншылықтары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...14
2.5 Каспий аймағының ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
III
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...30
3.1 Тоқсан ауыз сөздің-тобықтай
түйіні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.31
I Кіріспе
Мақсаты: Қыранның қанаты, тұлпардың тұяғы талатындай кең байтақ жеріміздің
экологиялық проблемаларын анықтап, алдыңғы қатарға қою, олардың шешу
жолдарын табу.
Табиғат - бізге ата - бабамыздан мұраға қалған ең қасиеттіміз.
Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен
ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің
табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Бір кездерде
бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан
керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз
тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін
біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды.
Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын
да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және
шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы,
биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде
жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы
тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы
азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа
райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына
әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың
денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді.
Мінеки, енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай
сауықтыруға болад? Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың
табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол
үшін балалар бақшасынан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында,
адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп,
қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер
біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп
нәрседен ұтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология
негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында,
көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады.
Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады.
Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер
беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады.
Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте
маңызды.
Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін
тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл
ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің
аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, "экология" пәнін бала бақшаларынан
бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын
қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат
корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз.
Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл
хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама
мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр.
Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.
Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі,
Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық,
табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен
өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың
жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда.
II Негізгі бөлім
2.1 Табиғатты зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластау
Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда
Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан
мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты,
Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск
полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы,
Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий
заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық
кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік
бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы
стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т зиянды заттар лақтырылып
тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т
болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы
заттар тиесілі екен.
Кейінгі кездерде Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп
шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001
жылғы мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының
басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да
улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары
болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел
дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып
кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де
түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін
адамдар өз көзімен көріп те жүр.
Атмосфераны ластағыш заттардан бір ғана мультипликатор - қорғасын
ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын - политропты у. Оның организмдегі
азғантай ғана конценфациясы, органдар мен тканьдарды, қан жүйесін, орталық
нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдап, бүлдіреді. Қорғасынның жоғары мөлшері
- Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа құрамында
байқалады. Шашқа жасалған спектральды анализ мәліметтері бойынша, бұл қала
тұрғындарында, қорғасын мөлшері ең жоғары, яғни шекті мөлшерден 6 есе көп
болып шықты. Қорғасынның бірқатар мөлшерін тұрғындар су, азық-түлік
өнімдері арқылы қабылдайды. Сондықтан да болар, шығыс қазақстандықтардан ақ
қан ауруымен науқастанғандардың саны көбейіп отыр. Тауар күйіндегі 1 тонна
қорғасын алу үшін, 1000 тонна кенді қазып өңеуге, 5 тоннаға дейін бос
жынысты қазып алуға тура келеді. Қазақстан полиметалл кендеріндегі
қорғасынның концентрациясы 0,32 мен 0,8 % аралығында. Бұл көрсеткіш ең бай
кен көздері үшін, 1,52,5%. Қалдық сақтағыш қоймаларда жинақталған уақытына
байланысты, өндіріс қалдықтарындағы қорғасын мөлшері 0,4%, 0,7 %, кейде 1,5
%-ға дейін жетеді. Осыған орай, бұл техногенді қалдықтар ұзақ уақыт жатқан
сайын, олардағы микроэлементтер зияндылығы қоршаған орта үшін арта түсері
де сөзсіз. Жалпы, бүгінгі күнге дейін, Қазақстаңдағы түсті металлургия
кәсіпорындарының техногенді қалдықтарының мөлшері, астрономиялық
цифрларға жетіп жығылып отыр: 9,139 млрд тонна. Республика бойынша
қалдықтардың 16,5%-ы шығыс Қазақстан экожүйесінің үлесіне тисе, бір ғана
"Жезқазған түсті металл" өндірістік бірлестігінде - 13,5% қалдық
қордаланған (912046 млн.т), ал "Соколов-Сары-бай"өндірістік бірлестітінде
қалдықтардың 42,9%-ы жинақталған.
Республикадағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тазалау
қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30%-дан аспайды. Өндіріс сарқынды,
шайма және қолданылған суларынының әсерінен, Ертіс, Орал т.б. өзендерінің
суы, зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі.
Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен
соң ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады.
Тіпті, бұл су көздерінің "есте сақтау қабілеті" де зақымданған. Қазіргі
экожүйені қалыптастыру, ғалым мен техника жетістіктерін өндіру, осы
мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай...
Жер және минералды шикізат ресурстары, ауыл шаруашылық алқаптары,
тозудың аз-ақ алдында десе де болады. Бұл айтылғандарға, үлкен аумақтардағы
жер дефляциясы дәлел бола алады. Суармалы жерлердегі құнарлылықтың
төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы,
Қазақстан далаларының егіс алқаптарында жиі байқалып отырған құбылыс. Ал,
табиғатта қалыңдығы 5 см гумус қабатын жинау үшін жүздеген жылдар қажет
болса, аридті климатты аймақтар үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні
анық. Топыраққа рекультивация жасау да қымбатқа түсетін іс-шара: 1 га үшін
300 мың теңгеге дейін, кейде онан да көп шығын жұмсалады. Мұның тағы бір
зияны, экожүйенің микроклиматы енді қайтып орнына келмейтін күй кешеді.
Пайдалы қазбалардың ішінен, республикаға, әсіресе ең максималды
экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл
кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден - қорғасын, хром оксиді,
марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйіңде басқа елдерге
жөнелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұймның тиімділігін солар көріп отыр.
Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін орындардың маңындағы
зиянды қалдықтар мен бүлінген су, ауа, топырақ әсерлері.
Қоршаған ортаның, Республикамыздағы халықтың науқастануына
тигізер әсері 60% шамасында. Ол әсіресе, тау - кен өнеркәсібі орналасқан
қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық ауру түрлерінің
өршуіне ықпал етуде.
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік
әсерін тигізгеннен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың
концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның
жоғарлауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және
машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл
процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның
көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып,
жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен
жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының
өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа
жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда.
Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей
қасіреттері еске түседі.
2.2 Арал тағдыры - адам тағдыры
Арал теңізі - Қазақстанның інжу - маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық
апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м,
тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы
қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса,
теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы
игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5,
Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария
бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық
санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980
жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі
себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет
ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен
бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға
1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды.
Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су
айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты.
Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық
препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті.
Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар,
Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл
сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп,
желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп
жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді
пайдаланбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны
меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған факторлар Арал теңізінің экожүйесіндегі тіршілік атаулының
экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген
қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен
сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын.
Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру
шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы
тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген
улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды
шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп,
ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл
белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз
атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-
дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде.
Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа
аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде
соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-
тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен
салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның біржола
жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің
тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік
экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда
географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал
мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер
қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалар, Ресей,
АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар.
Олар:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді.
Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі
мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми
негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны
сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы. Арал өңірін экологиялық
апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі қажет.
Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл
планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағытында Орталық
Азиядағы бес мемлекет - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және
Түркменстанның президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет басшыларының
шешімімен, Арал бассейнің қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы
шаралар айқындалды.
Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің Фархад тауын жарып өтетін бір
тармағына 1948 жылы Фархад ГЭС-і салынса, бертін келе, алпысыншы жылдары,
Шардара ГЭС-і, мұнан басқа - Тоқтагүл, Әндіжан, Шарбақ су қоймалары
пайдалануға берілді. Бұл іс - әрекеттер көптеген суару-суландыру жүйелерін
іске қосуға мүмкіншілік жасады. Жол жөнекей Сырдың суын әркім әлі келгенше
жырып ала берді де, ақыр аяғы бір кездері кемерінен асып, төгіле аққан лай
суының жойқын күшіне қарай Сейхун аталған. Мол өзеннің жұрнағы ғана Арал
теңізіне жетіп жатты. Дәл осындай күйді егіздің сыңарындай Амудария өзені
де көріп жатты. Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан екі өзен жабылып,
60-шы жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан бастап,
жылына орта есеппен, 4 текше шақырым ғана су беріп келді. Ал теңізге
қажетті ылғалды беру үшін, кемінде жылына 40-45 текше шақырым су керек.
Аралдың бұрынғы 66 мың шаршы шақырым су айдынынан, қазір небәрі, шамамен 25
шаршы шақырымға жуық су айдыны қалып отыр.
Бір кездері арнасынан асып-тасып жатқан алып теңіз, бүгінде жыламсырап
ағады. Теңіз ұлтанынан ұшқан тұзды шаң әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп
жатқаны туралы суыт хабарлар, барған сайын қатерлі де, қорқынышты сипат
алып барады. Бұл проблеманың Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да мәртебелі
мінбелерден қайта-қайта көтерілуі де сондықтан.
Экологиялық апат аймағында отырған ел, ең алдымен, ауыз су тапшылғын
көріп отыр. Теңізбен қоса, Арал төңірегіндегі жергілікті тұрғындарды
да құтқару керек. Өйткені, елді мекендердің тек 15-20 пайызы ғана таза су
ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін
ауыз суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық жерде, су бір адамға бір
шелектен келеді. Ал, өркениетті елдерде, оның шамасы 200-400 литрге жетіп
отыр. Мұның өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының
денсаулығына кері әсерін тигізуде. Олар, бір жағынан Арал теңізінен
көтерілген тұзды тозаңның астыңда жатса, екінші жағынан Байқоңыр ғарыш
аймағының қасіретін бастан өткізуде. Соның салдарынан, тұрғындар арасында
жүрек, өкпе, қан қысымы, бүйрек, бауыр және басқа қауіпті аурулардың
көрсеткіші республикадан да жоғары болып тұр. Мысалы, Арал аймағы
орналасқан Қызылорда облысы көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен
науқастанған адамардың жалпы саны 19,5 мың. Осыған байланысты, кейінге
ысыруға болмайтын нақты шара - осы өңірдің тұрғындарының хал-ахуалын
жақсарту, жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су жіберу, су
құбырлары құрылысын жүргізу, "Көкарал" бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші Аралды
сумен толтыру.
Теңіздің тартылуы салдарынан, ауаның орташа ылғалдығы 18 пайызға төмендесе,
ауа райының жылы кезеңі бір айға дейін қысқарады. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000-
дай көлден қазіргі таңда 85-і қалды. Аралдықтардың қазіргі жоспары Кіші
теңізді суға толтырып, оны бұрынғы қалпына келтіру. "Көкарал" бөгетінің
құрылыс жұмыстарын аяқтау. Егер "Көкарал" бөгеті болмаса, Сырдария суы
Үлкен теңіз тереңдіктеріне алып барып, үлкен айдынға жайылып, бостан-босқа
буланып, ауаға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан бері, оның табиғи
байлықтары да көбейе бастады. Оның болашағы баянды болу үшін, Кіші теңізге
Сырдарияның суын көбірек жеткізу мәселесін түбегейлі шешу қажет.
2.3 Семей ядролық сынақ полигонының қасіреті
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық
сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы
тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында
450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі
нәтижесінде атмосфераға, гидросфера ға және литосфераға өте үлкен
мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының
ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да
(Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей
Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның
нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап
шекті.
Қазақстан экологиясы үшін, Семейдегі полигон әкелген зардап-қасірет
орны толмас өкініштерге ұрындырып отыр. Егер жарылыс тоқтамағанда, әр
сынақ табиғатқа өлшеусіз зиян әкеліп, улы
тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап, Орта Азияны ядролық тозаңға
тұншықтырып, ондағы халықттың түбіне жететін еді. Өйікені, осы полигон
маңындағы қазақтардын көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан
қырылғаны белгілі. Жарты ғасырға жуық жалғасқан атом от-
жалын жер-суды ойрандап, неше түрлі аурулардың шығуына жол ашты. Осы
залалды аймақта тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын дертке
шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын кеселге душар болғаны жасырын емес.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық
зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен
Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар
өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы
кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық
сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Семей
ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол
қойылды.) Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық
кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті
заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және
өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп
жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар
шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметте рі Семей ядролық полигоны
аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек
көрсетуде. Алайда бұл жеткіліксіз.
2.4 Балхаш көлінің экологиялық қиыншылықтары
Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш -
Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501мың км2, ұзындығы - 605 км, ені - 9-
74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы
сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал,
Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның
климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары.
Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы
өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі
Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы
егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд
және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап
отырған. Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын
шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені
бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай
суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған
қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен
бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы
(БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын
тоқтатты.
Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990
жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта
ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш
алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи
жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі
өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле
тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-
қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі
көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл
жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау
соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті
азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына
пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар
қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер,
аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5
млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық
жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де
азайып кеткен. Қызыл кітапқа енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар
қазір өте сирек кездеседі.
Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл
өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы
таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат
туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу
деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары –
Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы
Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері,
Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта
тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы Балқаш көлін
құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы атты халықаралық деңгейде экологиялық
форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер
қабылданды. Оның негізгілері:
1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.
2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.
3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту
4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.
5.Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су
экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz