Тергеушінің жедел - іздестіру органының қызметін пайдалануы


Мазмұны
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім:
- Тергеушінің жедел-іздестіру органының қызметін пайдалануы . . . 5
- Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспары . . . 11
- Тергеулік қарау және куәландыру тактикасы . . . 17
- Тергеу әрекетін жүргізуде бейне жазуды қолдану және фото-кино-бейне құжаттарды криминалистік зерттеу . . . 21
- Жедел-іздестіру органдарының ұстау тактикасын қолдануы . . . 24
ІІІ. Қорытынды . . . 29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі . Қылмыстылықпен күрестің нәтижесі, шын мәнінде, әрбір қылмыстың тез және толық ашылуымен, оны жасаған барлық адамдардың әшкереленуімен және сотқа тартылуымен айқындалады. Тергеушілердің, жедел-іздестіру қызметкерлерінің әрбір қылмыстық істің дәлелденуіне, заңдылығына кіретін мәселелерді дұрыс шешуі көп жағдайда заңдылықты жіне соттық үкімді алдын-ала анықтайды.
Қылмысты ашу және тергеу, кінәлілерді табу, адамның адамшылық келбетін қалпына келтіру - тергеуші жұмысының мәні. Істің қалай аяқталуы, көп жағдайда, оның істі қаншалықты білетіндігі күш-қайратына, бірбеткейлігі мен ширақтығына, бастамасы мен ержүректілігіне байланысты.
Қылмыстарды ашу ісі - шығармашылық күрделі іс. Ол ғылыми ұсыныстарды, ғылыми-техникалық құралдарды, арнайы ілімдерді, көпшіліктің көмегін пайдалануды көздейді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында белгіленгендей, қылмыстық процесстің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерлеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады. Сондай-ақ, қылмыстық істер бойынша іс-жүргізудің заңда белгіленген тәртібі, адамды және азаматты негізсіз айыптаудан және соттаудан, олардың құқықтықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам зағсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс.
Тағы бір атап өтетін бір жайт ол - тергеушінің, анықтаушының және жедел-уәкілдің процессуалдық мәртебесін реттейтін нормаларды жетілдіру үшін, тергеушінің, анықтаушының және жедел-уәкілдің өзара әрекеттесу нәтижесін арттыру үшін заңға маңызды өзгерістер енгізу қажет деп ойлаймын. Сондай-ақ, жоңарыда атап көрсеткен ой-пікір, көзқарастар осы жұмыстың өзектілігін айқындайды деп ойлаймын.
Жұмыстың мақсаты тергеу, жедел-іздестіру және басқа да органдардың өзара әрекеттсуі, криминалистика зерттейтін ғылыми-техника жаңалықтарын игеруі бағыттағы заңнамалық және доктриналық ой-пікірлерді талдау, ұсыныстар енгізу, әзірлеу болып табылады.
Жұмыстың объектісі болып қазақстандық-процессуалдық заңнамадағы тергеушінің, жедел-іздестіру қызметкері және анықтаушының процессуалдық функцияларын айқындайтын нормалар жүйесі мен оларды қолдану тәжірбиесі табылады.
Жұмыстың пәні - тергеу, жедел-іздестіру органдарының функцияларын айқындайтын құқықтық қатынастыр мен нормалар.
Жұмыстың тәжірбиелік маңызы . Зерттеу барысында қалыптасқан ғылыми қорытындылар, авторлық идеялар мен ұсыныстар қылмыстық іс жүргізу құқығы, криминалистика, криминалогия, қылмыстық құқық салаларындағы мамандар тарапынан сұранысқа ие ие болады деп ойлаймын.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Аталған тақырыптың жекелеген мәселелері туралы отандық авторлардың ғылыми еңбектері бар. Атап айтқанда, қазақстандық авторлардың ішінде А. Н Ағыбаевтың, Е. О Алаухановтың, Т. Айтмухановтың, Н. Ережеповтың, К. Балтабаевтың, М. Қоғамовтың, Е. Тұрашовтың, Ш. Шариповтың, С. Шоқатаевтың және т. б еңбектері бар. Сонымен қатар, тергеу органдарында тәжірбие жүзінде қызмет ететін мамандардың ғылыми-ақпараттық мақалалары, мерзімді басылымдар мен ғылыми журналдарда жиі жарық көретінін атап өткен жөн.
Жұмыстың әдістемелік негізін курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келетін ғылыми әдістер кешені құрайды. Зерттеудің әдістемелік негізін бүгінгі таңда оларсыз құқықтық зерттеулер жүргізу мүмкін болмайтын бірқатар ұстанымдар анықтады.
Жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Тергеушінің жедел-іздестіру органының қызметін пайдалануы.
Тергеушінің процессуалдық функциялары бір-бірімен өзара байланысты. Бұл байланыс, біріншіден, белгілі бір функцияның басқаның нәтижесімен үйлесімділігінен, екіншіден, бірнеше функциялардың бір мезгілде жүзеге асуынан көрінеді. Алдымен өзара байланыстылық мынадан көрінеді: қылмыс туралы өтініштерді немесе хабарламаларды қарастыру мен шешу функциясын жүзеге асырудың нәтижесіне байланысты істің мән- жайын зерттеудің қажеттілігі туындауы да, туындамауы да мүмкін. Бұл хабарламаны шешу үшін қылмыс белгісінің бар яки жоқ екені туралы мәселеге жауап беруге мүмкіндік беретін тексеру жүргізген уақытта болады. Қылмыстық іс қозғалғаннен кейін істің мән-жайын зерттеу функциясы міндетті түрде жүзеге асырылады. Тіпті егер оның жүзеге асырылуы іс қозғалғаннан бұрын басталса да, бұл сатыда ол әжептәуір кең көлемде жүзеге асырылады әрі басқаша процессуалдық құралдар арқылы жүргізіледі. Бүл функцияның жүзеге асырылуы тергеушіні түлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін дәлелдеме жеткілікті (осы кезде айыптау функциясы жүзеге асырылады), немесе қылмыстық істі тоқтатуға күші бар негіздеменің (осы кезде істі шешу функциясы жүзеге асырылады) бар екені туралы қорытындыға әкеледі. Бірінші жағдайда істің мән-жайын зерттеу тергеу аяқталғанға дейін жүргізіледі. Оның қорытындысының нәтижесінде (алдын ала тексеру аясында) айыптау функциясы (іс айыптау қорытындысымен прокурорға немесе медициналық сипаттағы күштеу шарасын қолдану туралы мәселені қарастыру үшін істі сотқа жіберу туралы қаулымен) немесе істі шешу функциясы (іс тоқтатылған кезде) толығымен жүзеге асырылуы мүмкін. Егер істің мән-жайын зерттеу күдіктің яки тұлғаны қылмыс жасаған деп айыптаудың негізсіздігін немесе айыпталушының жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлардың бар екенін көрсетсе, тергеуші айыпталушыны негізсіз айыптаудан қорғау шараларын қабылдайды. Қылмыс туралы хабарламаларды қарастыру мен шешу функцияларын жүзеге асыру және істің мән-жайын зерттеу процесінде қылмыстық әрекеттің жалғасып жатқаны немесе олардың жасалу мүмкіндігі сақталғандығы мәлім болса, яки қылмыстың жасалуына мұрындық болатын мән-жай анықталған болса, тергеуші қылмыстың жолын кесу және аталған мән-жайды жою шараларын жүзеге асырады, сөйтіп, қылмыстың алдын алу функциясын жүзеге асырады. Ең соңында, істің мән-жайын зерттеу құралы арқылы қылмыспен келтірілген материалдық шығынды қалпына келтіруді қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыру үшін негіздің бар яки жоқ екендігі, және де мүлікті тәркілеу бойынша үкімді орындау белгіленеді. Істің мән-жайын зерттеу функциясының жүзеге асырылуы өз кезегінде басқа да функциялардың, көбінесе, айыптау мен қорғаудың жүзеге асуына байланысты болады. Тергеушінің процессуалдық функцияларының өзара байланыстылығы олардың қатар, кейде, тіпті бірдей формада жүргізілуінен де көрінеді. Мысалы, айыптау, қылмыстың жолын кесу жэне алдын алу, материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету мен мүлікті тәркілеу бойыншы үкімді орындау, сондай-ақ істің мән-жайын зерттеу бір-бірімен қатар жүргізілуі мүмкін.
Қорғау функциясы туралы да осыны айтуға болады. Айыпталушыны іздестіру тек қана оның мекен-жайы белгісіз болғанда да ғана жүргізіледі. Бұл функцияны табысты түрде жүзеге асырмайынша, басқа да көптеген функциялар толығымен іске аспайды, мәселен, айыптау, материалдық шығынды өтеуді қамтамасыз ету, істі шешу, ал кейде істің мән-жайын шешу, қылмыстың жолын кесу мен алдын алу сияқтылар жүзеге аспайды. Істі шешу функциясы басқа функциялармен тығыз байланысты. Бұл байланыстылық істің шешілуі логикалық тұрғыдан басқа процессуалдық функциялардың жүзеге асуынан ғана емес, сондай-ақ істің шешілу функциясы істің мән- жайын зерттеу, айыптау мен қорғау функциясын жүзеге асырудың шарықтау шегі болып табылуынан да көрінеді. Істі тоқтату туралы қаулы істің мән- жайын зерттеуді ұшпаққа шығаратын жинақталған дәлелдемелердің қорытынды талдауынан тұрады (яғни, осы функцияның жүзеге асуы) . Кінәлілік немесе кінәсіздік, кінәліліктің деңгейі, жауапкершіліктің формалары мен мөлшері туралы түйіндемеде айыптау, ал кейде қорғау функциясы жүзеге асырылады [1, 10] .
Ақталмайтын негіз бойынша іс тоқтатылған кезде қылмыс жасаған тұлғаның кінәлілігі туралы түйіндеме тұжырымдауда айыптау функциясы, ал қорғау функциясы айыптауды азайтатын немесе айыпталушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайды анықтауда жүзеге асырылады. Ақтау негізі бойынша іс тоқтатылған кезде істі шешу функциясымен бір мезгілде қорғау функциясы да жүзеге асырылады. Бірақ айыптау немесе қорғау тіпті де істі шешудің міндетті элементі бола алмайды.
Қылмыстық іс бойынша іс қозғалған кезде мүлікті тәркілеу түріндегі жаза түрі қолданылуы мүмкін жағдайларда беттестіру басталғанға дейін жеке тергеу іс-әрекетін - тануға көрсету әрекетін жүргізу қажет.
Куә мен жәбірленушіге айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін немесе көпе-көрінеу жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертілу тиіс.
Беттестіру үстінде жауап алынатын адамдардың өзара қарым- қатынасын анықтағаннан кейін тергеуші байқалып отырған қайшылықтардың мәні жөнінде алма-кезек айғақтар беруді ұсынады. Жауап алынатын адам беттестіру кезінде естіген айғақтарын растайды немесе теріске шығарады деген жауаппен шектелуге болмайды. Берілген жауап толығымен дәлелді болуға тиіс. Айғақ берілген соң тергеушінің жауап алынатын адамдардың әрқайсысына сұрақтар беру құқығы бар. Беттестіріліп отырған адамдардың, сондай-ақ олардың өкілдерінің тергеушінің рұқсатымен жауап алынатын адамдарға сұрақтар беру құқығы бар[1, 20] .
Тергеуші беттестіру барысында жауап алынатын адамдардың бірін-бірі берген айғақтарын өзгертуге көндірмеуіне міндетті түрде көңіл бөлуі тиіс. Осы тергеу әрекетін жүргізу барысында жауап алынатын адамға қатысты зорлық-зомбылық немесе өзге де тыйым салынған әрекеттер жасаудың нақты қаупі анықталса, тергеуші оған, сондай-ақ оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарына қатысты ҚІЖҚ-нің 100-бабында көрсетілген қауіпсіздік шараларын қолдануға міндетті.
Тергеушінің қалауы бойынша немесе жауап алынатын адамдардың өтінішімен беттестіру кезінде оларға іске тігілген заттай дәлелдер мен құжаттар ұсынылуы мүмкін.
Қарап тексерудің барлық түрлері кезек күттірмейтін тергеу іс әрекеттеріне жатады. Сонымен бірге, бұл оның барлық қылмыстық істер бойынша міндеттілігін білдірмейді. Қарап тексеру жүргізу пайдасы тиетін шешімді кідіріссіз қабылдау керектігін заң оның қажеттілігімен ғана байланыстырады.
Қарап тексеруді анықтау органы, тергеуші және прокурор жүргізуге құқылы. ҚІЖК-нің 356 және 359-баптарында көзделген жағдайларда қарап тексеруді судья да жүргізеді[2, 56] .
Қарап тексеру кезінде анықтау органдарының қызметкерлері тергеушіге оның тапсырмасы бойынша оқиға орнын күзету, жапа шеккендерді көшіру, қаза болғандарды жеткізу, жалғасып жатқан және қайталанатын қылмыстың жолын кесу, оқиғаның өзге де зардаптарын жою женінде көмек көрсетуге міндетті. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңының 10, 11-баптарының талаптарына сәйкес анықтау органдарының қызметкерлері тергеушінің тапсырмасы бойынша немесе өздерінің қалауына қарай оқиғаны көзімен көрген адамдарды анықтауға, қылмыс жасаған адамдарды тауып, ұстауға бағытталған жедел іздестіру шараларын және басқа әрекеттерді жүргізеді.
Танушы адамды тану үшін бұрын тергеуші танылатын адамға статистердің арасынан кез-келген орынды алуды ұсынады, бұл хаттамада көрсетіледі.
Танушы адамды кабинетке телефон арқылы шақырған жөн. Тергеуші осыдан қейін танушы адамға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге міндетті. Танушы адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамды тану үшін көрсету танылуға тиіс адам танитын адамды көрмейтіндей жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Заттарды тану үшін көрсету. Заттарды тану үшін көрсету алдында жауап алу барысында заттың қашан сатып алынғаны, оның қандай материалдардан даярланғаны, түсі, мөлшері, пішіні, ерекше белгілерінің, ақауларының болуы және т. с. с. мұқият анықталады.
Тергеуші тану үшін іріктелген заттарды айғақ адамдардың қатысуымен жарық, тегіс бетке қойып, олардың әрқайсысына рет номерін жазады. Танылатын заттың қандай нөмерімен көрсетілетіні тану хаттамасында белгіленеді.
Мәйітті тану үшін көрсету қайтыс болған адамның жеке басын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Көптеп қаза тапқандардың ішінен адамдардың мәйітін тану қажет болатын адам құрбандықтарына әкеп соқтырған табиғи апаттарға немесе өрттерге байланысты жағдайлардан басқа реттерде мұндай объектілер жекеше түрде көрсетіледі, мұндай танушы адамнан алдын ала жауап алу талап етілмейді.
Тінту және алу
Тінту - бұл іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу, іздестіріліп жатқан адамдар мен мәйіттерді табу, сондай-ақ мәлімденген азаматтық талапты немесе мүмкін болатын тәркілеуді қамтамасыз ету үшін мүлікті анықтау мақсатында үй-жайларды, жер телімдерін немесе құжаттарды мәжбүрлі тексеру (КІЖҚ-нің 230-бабы) .
Жоғарыда баяндалған анықтамадан заңды тінтудің мынадай түрлері көзделгенін білеміз.
1. Тінту жүргізілетін объектілеріне қарай:
а) үй-жайларда;
ә) дипломатиялық өкілдіктер орналасқан үй-жайларда;
б) жергілікті жерде;
в) жеке адамды тінту болып бөлінеді.
2. Мақсаттарына қарай тінту:
а) іздестіріліп жатқан адамды;
ә) мәйіттерді;
б) заттар мен құжаттарды;
в) азаматтық талапты немесе тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында мүлікті табу үшін жүргізіледі.
3. Үйымдастырылу әдісіне қарай:
а) бірең-сараң;
ә) топтық;
4. Қайталану принципіне қарай:
а) бастапқы,
ә) қайталама тінтуге бөлінеді.
«Тінту» деген терминнің өзі белсеңді әрекетті - нақты қылмыспен өзара байланыста дәлелдеудің негізіне алуга болатын объектілерді мақсатты іздестіруді көздейді. Заңды негіз болмайынша, қандай да бір затты іздестіруге қатаң тыйым салынады. Осыған байланысты тінтудің заңды және нақты негіздерін айқын ажырата білу қажет.
Тінту жүргізудің заңды негіздеріне мыналар жатады:
- қозғалған қылмысты істің болуы;
- тергеушінің, прокурордың дәлелді қаулысы немесе сот шешімі;
Сонымен қатар, «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңның 14-бабының 1-бөлігіне сәйкес жедел іздестіру қызметі барысында алынған материалдар тінту үшін нақты негіздер бола алады.
Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда тінтуді тергеушінің қаулысы бойынша, прокурордың рұқсатынсыз-ақ жүргізуге болады, бірақ кейін 24-сағаттың ішінде бұл туралы прокурорға жазбаша түрде хабарланады.
Мемлекеттік, әскери, нотариаттық, редакциялық, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе дәрігерлік құпиясы бар құжаттарға тінту жүргізу туралы қаулыға міндетті түрде прокурордың немесе оның орынбасарының рұқсатын алу қажет.
Үй-жайларда және жергілікті жерде тінту жүргізу үшін маңызы бар объектілерді, заттар мен құжаттарды табу мақсатында тұрғын үйлерді, пәтерлерді, шатырдың астын, сарайларды, гараждарды, жиһаздарды, үй маңындағы жерлерді, бау-бақшаларды, су қоймаларын және т. с. с. тексеруден тұрады.
Баспаналарды тінтуде ҚІЖК-нің «баспана» ұғымын түсіндіретін 7- бабының 42-бөлігін басшылыққа алу қажет.
Адамның денесін, оның киімдерін және т. с. с. тінтуді жеке адамды тінту деп түсінеді. ҚР Конституциясының қағидаларына (17, 18-баптар) сәйкес жеке адамды тінтуде оның ар-намысын қорлайтын, сондай-ақ жеке өмірінің мән- жайларын жариялайтын әрекеттерге жол берілмеуі тиіс, осыған байланысты тінтуді тінтілетін адаммен бір жынысты адам және сол жынысты айғақ адамдар мен мамандардың қатысуымен жүргізу керек[3, 85] .
Іздестірілетін адамды табу үшін тінту жасырынып жүрген қылмыскерді табу үшін ғана емес, сондай-ақ, мысалы, адам ұрланғанда (ҚК 125-бабы), бас бостандығынан заңсыз айырғанда (ҚК-тің 126-бабы), кәмелетке толмағандармен сауда жасағанда (ҚК-тің 133-бабы) және басқа жағдайларда жәбірленушілерді табу үшін жүргізіледі.
Алу - азаматтардың, мекемелерден, ұйымдардан, кәсіпорындардан іс үшін маңызы бар белгі бір заттар мен құжаттарды алдын ала іздестірусіз алып қою (ҚІЖК-нің 231-бабы) . Бұл тергеу іс-әрекеті мәжбүрлі іс-әрекет болып табылады. Алдын ала іздестіру кезеңінің болмауы алуды жүргізуге уәкілетті адамның іс үшін маңызы бар заттар мен кұжаттардың қай жерде, кімде жатқанын дәл білетінін көрсетеді. Алудың арнайы мақсаты уәкілетті адамның күні бұрын белгіленген заттар мен құжаттарының белгілі көлемімен және тізбесімен шектеледі.
Тінту мен алудың арақатынасы мынадай: оң нәтижеге жеткен тінту қашан да заттар мен құжаттарды алумен аяқталады немесе, егер іздестіріліп жүрген адам табылса, сезіктіні үстауға, айыпталушыны қамауға алуға, куәгерге немесе жәбірленушіге ресми мәртебе беруге ұласады.
Қозғалған қылмыстық іс, осы тергеу іс әрекетін жүргізу туралы тергеушінің, прокурордың қаулысы немесе соттың шешімі алудың заңды негіздері болып табылады.
Тінту секілді, алуды да тек тергеуші, анықтаушы немесе прокурор жүргізеді. Сот бұл іс-әрекеттерді жүргізбейді, бірақ қажет болған жағдайда, ол бүл жөнінде шешім қабылдап, оны жүргізуді қылмыстық ізге түсу органдарына тапсыра алады.
Алу тергеушінің дәлелді қаулысы бойынша, прокурордың рұқсатынсыз, айғақ адамдардың қатысуымен, ал қажетті жағдайдарда маманның немесе аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
Тінту немесе алу тергеушінің дәлелді қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілген тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы қаулы оларды жүргізуге қатысатын адамдарға жарияланады және оларға танысу үшін көрсетіледі.
Тергеуші тінтуге немесе алуға қатысатын айғақ адамдар мен мамандарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Айғақ адамдар тергеушінің барлық іс-әрекетіне қатысып, хаттамаға енгізілуге жататын жүргізілген іс-әрекеттер жөнінде ескертпелер жасауы тиіс [3, 114] .
Тінту немесе алу кезінде табылған объектілердің барлығы куәгерлерге және басқа қатысушы адамдарга корсетіледі. Әдетте, алынатын заттар мен құжаттар тінту немесе алу жүргізілген жерде тексеріліп, мұқият сипатталуы тиіс. Осыдан кейін алынатын объектілер буып-түйіліп, мөрмен бекітіліп, айғақ адамдар мен тергеушінің қол қоюымен куәландырылуы тиіс.
2. Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспары.
Жоспарланған жұмыстарды кім және қай мерзімде өткізу керек екендігі де жоспарда көрсетіледі. Бұл жоспардың төртінші элементі болады. Кей жағдайларда тергеу шараларын орындайтын лауазымды адамның аты-жөні өзінше жеке жазылады. Мұндай жағдайда жоспар бес элементтен құралады.
Енді тергеу жоспарын кесте түрінде көрсетсек, ол төрт кейде бес бағаннан тұратындығы байқалады. Әр бағандағы жоспар бірімен бірі тікелей байланысып, бірінен бірі туындайды. Осындай жоспар бойынша тергеушінің қылмысты тергеуге байланысты жүргізетін жұмыстары кесте түрінде қағаз бетіне түсіріліп көрсетіледі.
Тергеу жоспары ойша және жазбаша түрде жасалады. Тергеудің бастапқы кезеңінде қылмыстық іс бойынша мәліметтердің аз мезгілінде тергеуші өз жұмысын ойша жоспарлайды. Кейбір кідіртпей жүргізуді кажет ететін тергеу әрекеттері жоспарсыз да жүргізіледі. Айталық, қылмыс жөнінде хабар алысымен тергеуші оқиға болған жерге барып қарайды және караудың қорытындысынан туындаған тергеу әрекеттерін өткізеді. Осы тергеу шараларын жүргізіп, орындаудан жиналған дәлелдеме деректерді талдап, оларды айқындап, анықтау арқылы тергеу болжауларын жасап, болжауларды тексеруді жоспарлайды[4, 22] .
Тергеу тәжірибесінде тергеу жоспарының бірнеше түрі бар. Жұмыстың дұрыс жүргізілуі үшін жоғарыда көрсетілген элементтердің бәрі де жоспарда көрсетілуі керек. Жоспар бағандық және кестелік түрде жасалады.
Жалпы тергеу жоспарына қосымша, оны толықтыруға бағытталған, жиналған айғақ мәліметтерін бір жүйеге келтіру үшін жоспарлаудың басқа да түрлері колданылады. Мысалы, көп көріністі істер бойынша тергеп отырған қылмысқа қатынасы бар әр айыпкерге «жеке есеп» карточкесі толтырылады. Онда әр айыпкерге инкриминацияланған қылмыстық, әрекеттер және оның осы қылмысқа қатысқандығын дәлелдейтін деректер келтіріледі. Жауапқа тартылған қылмыскерлердің саны көп, күрделі және көп көріністі істерді жоспарлаудың «шахматты ведомость» деген түрі де жиі қолданылады.
Мұндай жағдайда бірінші бағанға әр іс бойынша жауапқа тартылған айыпкерлердің аты-жөні жазылады да, одан кейінгі бағандарға қылмыстың жеке-жеке көріністері жазылады. Айыпкер қай қылмысты көрініске қатынасты болса сол бағанға «х» деген белгі қойылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz