Трансұлттық корпорациялардың халықаралық экономикалық қатынастардағы рөлі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Трансұлттық капиталдың даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ..
1.1 Трансұлттық компанияны талдаудың динамикалық және сегментациялық әдісі
тұжырымдамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 ТҰК-ны қалыптастырудың тарихи
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 Трансұлттық корпорациялардың халықаралық экономикалық қатынастардағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы трансұлттық корпорациялардың
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Қазақстан және Халықаралық
Компаниялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. ХХ ғ. соңғы тоқсанындағы халықаралық
корпорациялар әлемдік экономикада және халықаралық экономикалық
қатынастардың дамуының маңызды элементі. Олардың қарқынды дамуы соңғы он
жылдықта халықаралық бәсекелестікте өсуін, халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдетуін айқындатады. Халықаралық корпорациялар әлемдік шаруашылық
байланыстарының қатысушылары, әлемдік экономикалық локомотивтері болып
табылады.
Бір жағынан халықаралық корпорациялар, халықаралық экономикалық
қатынастарының өнімі болып табылады, ал екінші жағынан, оларға әсер ететін
қуатты механизм.
Халықаралық экономикалық қатынастарға белсенді әсер ете отырып,
халықаралық корпорациялар жаңа байланыстарды қалыптастырады.
Қазіргі заманғы ТҰК бар халықаралық тауар және көрсетуге қосымша,
халықаралық қызмет саласын және халықаралық қаржы саласына сәйкес
халықаралық өндірісті құрды. Ол негізгі аймақтық халықаралық қатынастардан
жаһандану қатынастарының айналуына әкелді.
ХХI ғ. басында әлемде 83 мың халықаралық компаниялар болды. Олар
өздерінің елдерінен тыс 800 мың өндіріс орнын бақылап отырады. Олардың
жанұялары соңғы 25 жылда 12 есеге өсті. Осылайша 1970 ж. 7 мың фирмалар
тіркелді. Осымен байланысты жалпы әлемдік маңызы бар біршама халықаралық
корпорациялар бар.
500 ең ірі халықаралық корпорациялардан 85-і шетел инвестициясының 70%
бақылап отырады. Бұл 500 гиганттар электроника және химия өнімінің
халықаралық корпорациялардың 80% жүзеге асырады, формацевтиканың 95%,
машина құрылысының 76%.
Әлемдік шаруашылықта 400-500 ТҰК құрылды. Соның өзінде 300 корпорация
әлемнің өндірістік өнімінің 75% валл-мен қолданылды.
Халықаралық корпорациялардың негізгі бөлігі АҚШ, ЕО және Жапония
елдерінде дамыған. Бұл корпорациялардың өндірісіндегі шығарылған өнім
жылына 1 трлн. доллардан асады Ол жерде 73 млн қызметкерлер жұмыс жасайды.
ТҰК өндірісінің салалық құрылымы өте кең 60% материалдық компанияның
өндіріс салаларында қолданылады, 37% қызмет көрсету саласында және 3% ауыл
шаруашылығы өндірістерде. Қызмет көрсету және технологиялық интенсивті
өндірісте инвестициялық өсу бағыты анық айқындалады. Бір уақытта өндірісте
ауыл шаруашылығында және ресурсы көлемді өндірістерде үлесі төмендетіледі.
Форчун америкалық журналдың ақпараты бойынша әлемдегі ТҰК-ң 500-ң ішінен
4 кешен маңызды рөл атқарады: электроника, мұнай өңдеу, химия, автокөлік.
Олардың сатылымдары жалпы белсенділіктің 80 %-ын құрайды және Гранттардың
500 ТҰК-ң инвестицияның аймақтық салалық бағытталуы маңызды, мұндай
жағдайда елдердің – капиталды алудың инвесторлары үшін бәсекелестік күрес
жүреді. Кедей елдер үшін саясат өзгеше – ТҰК-ы өндірісте мақсатты
қаржыландыруды жүзеге асырады деп санайды, бірақ тауарлық экспортты өсіру
маңызды. Мұндай жағдайда ТҰК арасында өзінің тауарларын жергілікті
рыноктарға шығару үшін қатаң бәсекелестік күресі жүреді.
ТҰК барлық үлкен деңгейде экономикалық халықаралық жүйесінде елдердің
тағдырын шешуші анықтаушы фактор болып табылады. ТҰК-ң белсенді өндірістік
инвестициялық және сауда саттық жұмысы өнімді ажырату және өндірістің
халықаралық басқарушы қызметін орындауға және БҰҰ эксперттерінің пікірінше
әлемдегі экономикалық интеграцияға әсер етуге мүмкіндік береді. ТҰК
дәстүрлі түрде мемлекеттік қызығушылығы бар болып есептеген салаларға
енеді. Сонымен қатар ТҰК басшылығымен толықтай әлемдік экономика
интеграциясына енуге қадамдар жасауда. Шындығында ТҰК жұмысы интеграцияға
келеді. ТҰК-ң қызметінің жағымды жақтарын ескеріп, әлем шаруашылық
жүйесінде және халықаралық экономикалық байланыс, олардың қызмет атқаратын
елдерінің экономикаға теріс ықпал етеді:
– ТҰК өзінің жұмысын жүзеге асыратын елдерде экономикалық саясатын
жүзеге асыруға қатысты әрекет көрсетуге;
– келген елдерінің заңдылықтарын бұзуға, осылайша трансфертті бағалар
саясатын басқарып ТҰК-ң кіші компаниялары ұлттық заңдылықтарын кірістерді
салықтан жасыру мақсатында тиімді қолданды;
– монополдық бағаларды; дектат талаптарын дамушы елдердің
қызығушылығын қоюға бағыт береді.
Толығымен ТҰК – ол қүрделі және үнемі дамушы феномен шаруашылық
арасындағы байланыстар жүйесінде, ол үшін қадағалауда халықаралық бақылауды
және меңгеруді талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты Трансұлттық компаниялардың дүние жүзілік
шаруашылық жүйесін қалыптастырудағы орны және оның тарихи-географиялық
алғышарттары анықтау. Трансұлттық компаниялардың мәселесiн зерттеу, талдау
арқылы шаруашылық жүйесіндегі орны және оның тарихи-географиялық мазмұны
мен мәнін ашып көрсету мақсат етiледi.
Курстық жұмыс міндеттері:
– Трансұлттық компанияны талдаудың динамикалық және сегментациялық әдісі
тұжырымдамасы әдістемесін анықтау;
– ТҰК қызметі моделдері мен ұйымдық-экономикалық түрлерінің эволюциясын,
ТҰК-ны қалыптастырудың тарихи кезеңдерінің дамуын сипаттау;
– Әлемдік шаруашылық жүйесінде ТҰК орнын айқындау;
– Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы трансұлттық корпорациялардың
ролін айқындау;
– ТМД мемлекеттері мен Қазақстанның корпоративтік құрылымындағы
трансұлттану әрекеттерін саралау.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Экономикалық географиялық, т.б. ғылыми
әдебиеттерде ТҰК-дың мәні оның қоғам өміріндегі қызметтерімен рөлі туралы
біртұтас қалыптасқан көзқарастар жеткілікті деуге болады. Трансұлттық
компаниялардың дүние жүзілік шаруашылық жүйесін қалыптастырудағы орны және
оның тарихи-географиялық алғышарттары анықтау жайындағы ғылыми, әдіснамалық
еңбектерді талдау нәтижесінде Деримов М., Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М.,
Қалдыбаева А.Е., Нәбиев Е.Н., Лебедева И.П., Мовсесян А., Огнивцев С.,
Алисов Н.В., Хорев Б.С., Байгісиев М., Авдокушин Е.Ф., Смағұлова Г.С., т.б.
ғалымдардың зерттеу жұмыстары мен еңбектері негізге алынды. Осы ғалымдардың
еңбектерінде ТҰК ұғымы мен түсінігі теориялық және практикалық жағынан әр
түрлі аспектіде қаралып кеңейтіліп отырды.
Деримов М., Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е., Нәбиев
Е.Н., Лебедева И.П., Мовсесян А., Огнивцев С., Алисов Н.В., Хорев Б.С.,
Байгісиев М. зерттеулерi диплом жұмысында кең пайдаланылды. Жоғарыда
аталған жұмыстарда ТҰК-лар тарихының қалыптасуы мен дамуы жан-жақты зерттеу
көзделген, ТҰК-ды дамыту келешегіне талдау жасау мақсат етiп қойылған. Бұл
ғалымдар мен зерттеушiлер аталмыш мәселенiң барлық аспектiлерiн қозғаған.
Курстық жұмыстың деректік көзі Мерзімді баспасөз бен ғылыми
мәліметтер, интернет желісінен алынған ақпараттар құрады.
Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін ТҰК және оларды
дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері,
сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар
құрады. Зерттеудің теориялық негiздерi ретiнде ғылыми саяси ойды
қалыптастырушы ойшылдар мен ғалымдардың, еуропалық, ресейлiк және отандық
география, әлеуметтану саласы ғалымдарының теориялық еңбектерi басшылыққа
алынды.

1 Трансұлттық капиталдың даму тарихы
1.1 Трансұлттық компанияны талдаудың динамикалық және сегментациялық
әдісі тұжырымдамасы
Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) — бұл мемлекеттен тысқары шығатын,
өндірістік және сауда қызметімен шұғылданатын, әлемдік шаруашылықтың бір
немесе бірнеше саласындағы көптеген кәсіпорындарды өз аясында біріктіретін
монополистік бірлестіктер (концерндер немесе халықаралық корпорациялар).
Бұрынғы теориялардың жетпестігін жою мақсатында 1980-жылдардың соңында
А. Скотт, М. Столпер және Р. Уолкер жаңа тұжырымдама ұсынды.
Авторлар штандортты және соған туыстас теорияларда қабылданғандай,
орналастырудың факторлары мен сыртқы жағдайларына емес, басты назарды
өздерінің дамуы үшін жағдайларды жасауда өнеркәсіптік фирмалар мен
кәсіпорындардың өзінің белсенді роліне, олардың дамуы мен туындауының
ерекшеліктеріне, өндіріс пен өткізуді ұйымдастырудағы стратегияға аударды
(Stolper M The limitation to globalization technologic district and
international trade Electronic Geography, USA, 1992, №1) [1].
Бұл тұжырымдамаға сәйкес аймақтық өнеркәсіптік құрылымдарды құруда
негізгі ролді территорияның ерекшелігі емес, аймақтық өзара байланыстарды
орнықтыратын және сонысымен ерекшелікті жергілікті жағдайларға бейімделіп,
өзінің меншіктік динамикасымен өндірістің аймақтық концентрациясы
процестерінің туындауына әкелетін аймақтық шаруашылық ортасын құрады. Басты
орынды қызметтік байланысқан кәсіпорындардың агломерациясының (жинақталуы)
тиімділігі атқарады.
Территорияға өнеркәсіптің ықпал етуін бағалауда төрт кезеңді айыру
ұсынылады:
1) жергіліктендіру (жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңа аумақтарда
орналастыру);
2) селективті субурбанизация (оған орналасқан кәсіпорындардың
бәсекеге қабілеттілігін ұзақ мерзімді сақтау және олардың қуаттылығын
өсіруде);
3) дисперсия (өнеркәсіпті шет аймақтарға қарай жылжыту);
4) өнеркәсіптік құрылымдарды жаңарту ықпалымен орналастыруда ауырлық
орталығын алмастыру, мысалы, технологиялық жаңа енгізулер негізінде,
сұраныс құрылымын өзгерту, ескі салалар мен өндірістер дамуы арқылы).
Жаңару процестерінің тасымалдаушы-фирмалары көбінесе бұрын дүниеге
келген ірі өнеркәсіптік орталықтардан тыс орналастырылады, бұл процесті
жайылмау сатысына кері әкеледі [2].
Біріккен Ұлттар Ұйымы эксперттерінің пікірі бойынша трансұлттық
корпорациялар дүниежүзілік экономиканың бірегей қозғаушы күші болып
есептеледі. 1990-жылдардың ортасында дүние жүзінде 40 мыңнан астам
корпорациялар қызмет атқарған. Олардың бақылауындағы шетелдік еншілес
кәсіпорындарының саны 250 мыңдай болды. Бұл санның соңғы екі онжылдықта
өсу қақыны 5 есеге жетті.
Ең ірі 100 халықаралық компаниялардың жалпы мүлігі құнының 40%
шетелдерде орналасқан.
Трансұлттық корпорациялардың негізгі бөлігі АҚШ-та, Еуропалық Одақ
елдерінде және Жапонияда тіркелген. Трансұлттық корпорациялар жүниежүзілік
өнеркәсіп өнімдерін өндірудің 40 процентін, халықаралық сауданың 50
процентін өз бақылауында ұстайды.
Трансұлттық корпорациялардың жыл сайынғы өндіріс көлемі 10 трлн.
доллардан асады. Бұл корпорацияларда 73 млн. адам жұмыс істейді. Мұның өзі
дүниежүзілік шаруашылықта қамтылған жұмысшы күшінің әрбір оныншысы деген
сөз.
Біріккен Ұлттар Ұйымының анықтамсы бойынша жылдық айналымы 100 млн.
Доллардан асатын және кем дегенде 6 елде филиалы бар фирмалар корпорация
деп аталады. Кейінгі жылдары бұл түсінік біраз пысықталып, ендігі уақытта
фирманың халықаралық дәрежесінің көрсеткіші ретінде оның өнімдерінің басқа
елдерде сатылған көлемінің проценті алынатын болып жүр. Мысалы, осы
көрсеткіш бойынша Швейцарияның НЭСТЛЕ фирмасы(98%) алдыңғы орындардың
бірін алады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының методологиясы халықаралық корпорацияны оның
активтерінің құрылымы арқылы да анықтауға мүмкіндік береді. Дүние жүзінде
шетелдік активтері ең мол трансұлттық корпорацияларға ағылшын-голланд
концерні ФОРД, ДЖЕНЕРАЛ МОТОРС, ЭКСОН, ИБМ фирмалары жатады.
Халықаралық монополиялар туралы анықтамаларда: көпұлттық корпорациялар,
интернационалдық корпорациялар, трансұлттық компаниялар, әлемдік
компаниялар т.с. атауларды кездестіруге болады. Алайда олардың түпкі мән-
мағынасы қарайлас.
Сонымен, трансұлттық корпорациялар дегеніміз- шетелде активтері
(құнды заттары) бар ұлттық монополиялар. Олардың өндірістік және сауда-
өткізу қызметтері ұлттық шекарадан тыс елдерде ұйымдастырылады.
Трансұлттық корпорациялардың шаруашылық жүргізу құқықтары шетелдерде
филиалдар, еншілес компаниялар ұйымдастыру және іскерлік белсенділікті
күшейту арқылы жүзеге асады. Еншілес компаниялар өндірістік және дайын
өнімді өткізу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, тұтынушыларға қызмет көрсету
мәселелерінде дербес шешімдер қабылдайды. Тұтас алғанда олар біріктірілген
ірі өндірістік-өткізу кешендері. Оларда бар акционерлік капиталға меншік
құқығы құрылтайшы елдің өкілдеріне ғана тарайды. Сонымен бірге филиалдар
мен сыбағалас компаниялар жергілікті капиталдың басым қатысуымен аралас
кәсіпорындар құруы да мүмкін.
Көп ұлтты корпорациялар дегеніміз – өндірістік және ғылыми-техникалық
негізде бірқатар мемлекеттердің ұлттық компанияларын біріктіруші
халықаралық корпорациялар. Мұндай компаниялардың қатарына, мысалы, ағылшын-
голланд концерні РОЯЛ-ДАТЧ ШЕЛЛ, машина жасау мен электрондық
инженерлікке маманданған Швейцария-Швед компаниясы АВВ т.с.с. жатады.
Еуропадағы көп ұлттық корпорациялар қатарына ағылшын-голланд концерні
Юнилевер де кіреді.
Халықаралық құқық бойынша көпұлттық корпорациялардың айрықша
белгілеріне; 1) көпұлттық акционерлік капиталдың бар болуы; 2) көпұлттық
басқару орталығының жұмыс істеуі; 3) шетел филиалдары әкімшілігіне
жергілікті мамандардың тартылуы жатады.
Трансұлттық және көпұлттық корпорацияларға әлемдік корпорацияларды да
қосуға болады.
Әлемдік корпорациялар қазіргі жүниежүзілік қаржы капиталының бірегей
қуатын көрсетеді. Олар 1980 жылдары пайда болып. Үнемі өсу жолында. Әлемдік
деңгейге барынша серпінді ұмтылатын салаларға химиялық, электротехникалық,
электрондық, мұнай өндіру, автокөлік, ақпараттық, банк және т.б. салалары
жатады.
Пайда болуының басты себептерін атайық. Ең маңызды және жалпыға
ортақ себеп өндіргіш күштерінің дамуы негізінде ұлттық шекарадан шығуы
мүмкін болған өндіріс пен капиталдың интернационалдануы.
Өндіріс пен капиталдың интернационалдануы шетелдерде бөлімшелері бар
аса ірі компаниялардың құрылуы, ұлттық корпорациялардың трансұлттық
корпорацияларға айналуы, олардың шаруашылық байланыстарының нығаюы
негізінде жүзеге асады. Капиталды шетке шығару халықаралық корпорацияларды
қалыптастыру мен дамытудың ең маңызды факторына жатады. Трансұлттық
корпорациялардың жедел дамуының негізгі себебі жоғары, артық пайда табу
үшін ұмтылыс деп айтар едік. Өз кезегінде қатаң бәсекелік күреске төтеп
беру үшін өндіріс пен капиталды халықаралық көлемде шоғырландыру да
трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жеделдетті.
Трансұлттық корпорациялар қызметінің ерекшеліктері.
Дүниежүзілік шаруашылықта жүріп жатқан оъбективті экономикалық
процестердің нәтижесінде пайда болған трансұлттық корпорациялардың өзіне
тән бірқатар ерекшеліктері бар.
Трансұлттық корпорациялар халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді
қатысушы ретінде оның дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.
Трансұлттық корпорациялар капиталдарының қозғалысы, әдетте, сол
корпорациялар орналасқан елдегі жүріп жатқан процестерден дербес, тәуелсіз.
Трансұлттық корпорациялар халықаралық өндірістер жүйесін қалыптастырады.
Олар дүние жүзінің көптеген елдерінде филиалдар, тсыбағалас компаниялар,
бөлімшелер ашуға негізделген.
Трансұлттық корпорациялар орасан зор инвестициялар мен жоғары
дәрежелі маман кадрларды қажет ететін жоғары технологиялық және ғылыми
сыйымды өндіріс салаларына сыналай кіріп, оларды өзіне бағындыра бастайды.
Осы кезде трансұлттық корпорациялардың жекелеген салаларды
монополизациялауға ұмтылыс тенденциясы байқалады.
1980-жылдардың орта тұсында капиталистік елдердің өнеркәсіп өнімінің
төрттен үші 2 мыңдай қуатты корпорациялардың күшімен өндірілген. Солардың
ішінде бірнеше жүздеген корпорациялар өнімнің ең маңызды түрлерінің 50%-тен
80 процентке дейінгі үлесін өндірген.
Бұл трансұлттық корпорациялар негізінен өндірістік және иновациялық
ауыртпалықтарды да көтереді.
Дүние жүзіндегі қуатты 500 трансұлттық корпорациялардың 85-і шетелдік
инвестициялардың 70 процентін өз қарауында ұстайды. Осы орасан зор
компаниялар электроника мен химия өндірісі өнімдерінің 80 процентін,
фармацевтиканың 95 процентін, машина жасау өнімнің 76 процентін өндіріп,
өткізеді.
Батыс экономистерінің болжамы бойынша 2010 жылға дейін дүние жүзілік
шаруашылықта 600-ге жуық трансұлттық корпорациялардың үстемдігі
орнайды.Сонымен бірге 300 корпорация дүниежүзілік жиыниық өнімнің 75
процентіне иелік етіп, өз өндірісі мен қызмет көрсету түрлерін едәуір
диверсификациялауды жүзеге асырады [3]. Девирсификация – шаруашылық
қызметін жаңа әрекет өрісіне тарату. Мысалы, Швециялық Вольво автомобиль
концерні қазірдің өзінде тек қана автомобиль жасап отырған жоқ. Бұл
трансұлттық корпорацияның Швецияның өзінде 30-дан астам әр түлі пішіндегі
еншілес компаниялар жұмыс істейді. Ал шетелдерде бұл корпорацияның қатерлер
үшін мотор, авиақозғағыштар т.б. жасайтын ондаған филиалдары бар.
Өз кезегінде АҚШ-тағы 500 ең ірі трансұлттық корпорациялардың
әрқайсысының орта есеппен 11 салада өз кәсіпорындары бар, ал орасан
зорларының 30-дан 50-ге дейінгі салаларда сыбағалас кәсіпорындар жұмыс
істейді. Ұлыбританияның 100 жетекеші өнеркәсіп фирмаларының 96-сы көп
салалы фирмалар. Мұндай фирмалардың саны Алманияда - 78, Францияда – 84,
Италияда – 90. Трансұлттық корпорациялардың құрамына кіретін
кәсіпорындардың саны мен мәні алға қойған экономикалық мақсаттарға сәйкес
анықталады.
Қуатты өндірістік базасы бар трансұлттық корпорациялардың сауда –
өндірістік саясаты тиімділігі жоғары өндіріс пен тауар рыногын
қалыптастыруға бағытталған.
Трансұлттық корпорациялар халықаралық аренада күрделі қаржы мен
ғылыми – зерттеу жұмыстарына байланыстыикемді динамикалық саясатты жүзеге
асырады. Халықаралық корпорациялардың пайда болуын және дамуын көрсететін
мысал ретінде өз қарауында тұрмыстық электротехника мен өнеркәсіптік
жабдықтардың дүниежүзілік рыногының 25 процентін қамтитын Электролюкс
трансұлттық корпорациясының әрекетін келтіруге болады [4].
1912 жылы екі швед компаниясының бірігуінен пайда болған
Электролюкс 20-ж-ң аяғында –ақ өзінің өндірісін Австралия мен Жаңа
Зенландияда ұйымдсатырып үлгерді. Соңғы онжылдықта Электролюкс АҚШ-тың
Уайт Консолидейтед, Италиядағы ең ірі электр тауарларын өндіруші -
Занусси және Алманиядағы негізгі электр тауарларын өндіруші – АЭГ
компанияларын иемденді.
Аталған үш фирманы қосып алғанна соң Электролюкс өз саласында
дүниежүзіндегі жетекші трансұлттық корпорацияға айналды. Қазіргі кезде оның
75 елде тұрмыстық электротехниканы өндіретін, өткізетін және қызмет
көрсететін дамыған жүйесі ырғақты жұмыс істеп тұр. 90 ж-ң ортасында аталған
трансұлттық корпорацияның кәсіпорындарында 110 мыңнан астам адам еңбек
етіп, жылдық айналымы10 млрд. долларға жетті.
ТҰК жұмысының келісімшарт түрлері.
ТНК өзінің экспонсиясын кеңейте отырып, әлемдік рынокты меңгерудің
түрлі тәсілдерін қолданады. Бұл тәсілдер келісімшарт қатынас жүйесінде
негізделеді және бұл басқалардың акционерлік қаржы жүйесіне қатысты емес.
ТНК-ң экспонсиясының мұндай түрлеріне әдетте жатады:
Лицензиялау.
Франчайзинг.
Басұару келісім шарттары.
Технологиялық және маркетинг қызмет көрсету.
Өндірісті кілт астына тапсыру.
Келісім уақытында бірлескен өндірістер мен бөлек операцияларды
орындаудағы келісімді қою бойынша шектеу.
Тәжірибеде ТНК жұмысының осы немес басқа түрі арасында шекара қою да
жеткілікті. Олар деференсерленбеген және үнемі өрімді. Олар дәстүрлі шеьел
қаржылануына альтернативті емес, керісінше оны толықтырады. Бұл түрлердің
маңызды ерекшелігі ТНК-ң өзінің арасындағы қатынаста маңызды деңгейде
қолданылады және орталыұұа бағытталатын тенденцияның қуаттылығын көрсетеді.

Ерекше болып даралаған лицензиялық келісімдер.
1990 ж ТНК-ң лицензиялық шарттарының көлемі 1970 ж-ғы көрсеткіштерден
10 есе артты. 90 ж-ң аяғында басқару және маркетинг қызмет көрсету түрі
атақты болды. Басқару қызметі бойынша келісімшартта өндірісті немесе
фазаның жұмысын оперативті бақылау тиесілі марапаттау сәйкестігімен басқа
өндіріс орнына ұсынылды. Келісімшарт бойынша өндірістер, өндірісті басқару
соның ішінде технологиялық- инженерлік аспектілерге жауап беру, мамандарды
басқару шетел азаматтарын жұмысқа алу және шығару және жергілікті жұмыс
күшін оқыту, техника мен шикізат сатып алу, маркетинг және қаржы басқару
сияқты функцияларын атқарады. Мысалға, Қазақстан үкіметі 1997 ж АБВ
консартцумімен республикадағы ұлттық энергиялық жүйені 25 жылға басқару
бойынша келісімшартқа қол қояды. ТҰК-ң швед –Швейцариялық келісім бойынша
үкіметтің қарызын айлық бойынша біріккен энерго жүйені құрайды және алдағы
3 ж-та 200 млн доллардан кем емес қаржы салады. Оның орнына АБВ
эксплатациямен басқару қызметі үшін 15% үлесін алады. Ол жұмыстың
көрсеткішіне тәуелді болмайды. Кілт астына заводтарын жалға беру бой-а
келісімдер кең ауқымды болды. Мұндай жағдайда ТҰК жұмыстың барлық түрлері
бойынша жауапкершілікті өзіне алады. ТҰК-ң экспонсиясына түрлі формалары
қолдануындағы тенденция толығымен дамиды., мұндағы капитал мен өндірістің
жаңа түрлерімен қадамдарын айқындай отырып интернациясының өзіндік процесі
тәрізді. Халықаралық рыноктарды иеленудегі ТҰК-ң жаңа формаларының бірі
шетелде әдейіленген инвец-қ компанияларды құру. Бұл құрылыстың тапсырмасы
ТҰК аймақтық рыноктағы өнімдерінің өтүін қалыптастыру үшін кіші және
серіктестік өндірістерге инвестициялар болып табылады. Мұндай тәсілдерді
Pepsi Cola және Coca Cola сияқты халықаралық компаниялар қолданады.
ТҰК-ң әлемдік шаруашылық байланысындағы маңызы.
Алдыңғы қатардағы өнеркәсіптік дамушы елдері үшін ТҰК-ң шетелдегі
жұмысы сыртқы экономикалық байланыстарды анықтайды. ТҰК-ң 100 ірі мүлкінің
40% бағасы еліміздің шет аймақтарында орналасақан. ТҰК-ң шетелдегі
өндірісінң көлемін олардың экспорттың көлемін сал-ң, 80 ж-ң аяғында бұл
салыстыру АҚШ, Жапония және ФРГ үшін 4,1:1; 2,6:1; 1,5:3 құрайды. 1990
жылдары ТҰК-ң сауда астық, кофе, бидай, орман шаруашылығы өнімдері және
т.б. 90%-ды құрайды. 85% мырыш және боксит, 80% мен қалайы, 75 % табиғи
каучук және шикі мұнай.
Экспорттағы бұл елдердің ұлттық компаниялардан өзінің шетелдегі
филиалдарындағы рөл3 орасан зор. 80 ж-ң 2 жартысында осындай ішкі фирмалық
саудаға АҚШ экспортына 14-20% дейін Жапонияға 23-29% және ФРГ 24-28% [5].
Соңғы 2 ж-ң ішінде жыол сайын Америкалық экспорттың жартысы Америкалық
және шетелдерге тиісті. Ұлыбританияда бұл үлес 80% Сингапурда 80% құрайды.

Трансұлттық корпорациялардың дүниежүзілік рыноктағы әрекетінің
бірнеше нысаны бар. Бұл нысандар келісім шарт қатынастарына негізделгеледі.
Олардың қатарына: 1) лицензиялау; 2) франчайзинг; 3) басқару келісім
шарттары; 4) техникалық және маркетингтік қызмет көрсету; 5) кәсіпорындарды
толық іске қосып беру; 6) бірлескен кәсіпорындарды құру және жекелеген
операцияларды жүзеге асыру жатады. Практика жүзінде трансұлттық
корпорациялардың қызметтері нысандарының ара жігін ашып көрсету қиын,
себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл нысандардың ерекшелігі – олар
трансұлттық корпорациялардың өзара қатынастарында да жиі қолданылады,
демек, орталыққа ұмтылар тенденцияларының күшеюін көрсетеді [4].
Лицензия дегеніміз – белгілі уақытқа лицензия алушы лицензия берушіге
өзара келісілген ақысын төлеп пайдаланатын құқық, заңды келісім шарт.
Лицензия беру трансұлттық корпорацияның құрамындағы фирмалар арасында да,
технологияны сыртқы арналар арқылы беруде де қолданылады.
Лицензиялық келісімнің ерекше түріне франчайзинг жатады.
Франчайзинг дегеніміз – ұзақ мерзімді лицензиялық келісім. Мұнда
франчайзер клиентке алдын-ала келісілген құқық береді. Ондай құқықтарға
фирманың атын, сауда маркасын пайдалану, техникалық көмек кқрсету, жұмысшы
күшінің мамандығын көтеру т.б. жатады.
Соңғы жылдары трансұлттық корпорациялардың әрекетінде басқару мен
маркетингтік қызмет көрсету түрі кеңінен тарап келеді. Басқару жөніндегі
келісім кәсіпорындарды тікелей басқару құқын басқа кәсіпорынға ақысын төлеу
арқылы беруді заңдастырады. Келісім бойынша басқарушылардың атқаратын
қызметтеріне өндірісті басқару, соның ішінде кәсіпорынның техникалық және
инженерлік деңгейі үшін жауапкершілік , кадрларды басқару, атап айтқанда,
шетелдік жұмысшыларды қабылдау мен жұмыстан шығару, жергілікті жұмысшы
күшін оқыту, техника мен шикізатты сатып алу т.б. қызметтер жатады [6].
Техникалық көмек көрсету келісімдеріне сәйкес трансұлттық
корпорациялар фирма қызметінің жекелеген саласы ушін техникалық жәрдем
көрсетеді. Мұндай келісімдер көбінесе машиналар мен жабдықтарды жөндеу,
ноу-хауды тиімді пайдалану жөніндегі кеңес, апаттардың алдын алу сияқты
қызметтерді қамтиды.
Зауыттарды толық іске қосу келісімдері де кең қолданыстабуда. Бұл
жағдайда Трансұлттық корпорациялар қызметінің барлық түрін атқару
жауапкершілігін өз мойнына алады.
Трансұлттық корпорациялардың халықаралық рынокты жаулап алуының ең
жаңа нысандарының бірі шетелдерде арнайы инвестициялық компаниялар құру
нысаны. Бұл құрылымдардың басты міндеті еншілес және серіктес
кәсіпорындарды инвестициялау арқылы трансұлттық корпорациялардың өнімдерін
аймақтық рыноктарға жеткізіп, өткізуді ынталандыру. Бұл әдісті, мысалы
алкогольсіз сусындарды сататын Пепси-кола және Кока-кола сияқты
халықаралық компаниялар кеңінен қолданады.

1.2 ТҰК-ны қалыптастырудың тарихи кезеңдері
ТҰК-ның тарихи дамуы бірнеше кезеңдерден өтті. ТҰК-ның алғашқы пайда
болуы кезеңінен бері (ХІХ ғасырдың аяғы) олар мейлінше елеулі өзгерістерді
бастан өткерді. Бірінші буындағы ТҰК қызметі елеулі дәрежеде бұрынғы
колониялардың шикізат ресурстарын өңдеумен байланысты болды, бұл оларды
ұлттық-шикізаттық ТҰК ретінде анықтауға негіз береді. Қызмет етуі де
өзінің ұйымдық-экономикалық түрлері және механизмдері бойынша бұлар
картельдер, синдикаттар және бірінші трестер болды. Содан кейін әлемдік
аренада әскери-техникалық өнімдер өндірумен байланысты трестік типтегі ТҰК
пайда болады.
Екі дүние жүзілік соғыстар арасындағы кезеңде өз қызметін бастап осы
екінші буындағы ТҰК-ның кейбіреулері әлемдік экономикада екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін өз позицияларын сақтап қалды. Яғни, қару-
жарақтар, оқ-дәрілер, әскери керек-жарақтар өндірілді [7].
1960-жылдары ғылыми-техникалық революция жетістіктерін кеңінен
пайдаланған үшінші буынның ТҰК неғұрлым елеулі роль атқара бастады. Бұлар
техникалық-тұтынушылық компаниялар деп аталады. Олар концерндер мен
конгломераттардың ұйымдық-экономикалық сипатында көрінді.
1960-80-жылдары ТҰК қызметінде ұлттық және шетелдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трансұлттық корпорациялар туралы
Экономикалық ғаламдану
Республиканың темiр жол көлiri жүйесiндегi транзиттiк жүк тасымалдары: қазiргi қалпы және даму тенденциялары
Қазақстанның сыртқы саудасы
Жаһандық ақпараттық жүйе және халықаралық қатынастар
Жаhандық проблемалар және заманауи саясат
ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАРЫ РӨЛІ
Халықаралық маркетинг субьектілері («Проктер энд Гэмбл» трансұлттық корпорация мысалында талдау)
Трансұлттық корпорациялар және олардың түрлері
Ғаламдану әлемдік экономиканың интернационалдануының ең жоғарғы кезеңі ретінде
Пәндер