Түркияның көп бөлігі таулы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе.
 
II. Негізгі бөлім.
     1. Жалпы мәліметтер.
     1.1. Географиялық орны мен тарихы.
     1.2. Табиғат жағдайлары мен пайдалы қазбалары.
     1.3. Климаты мен топырақ-өсімдік жамылғысы.
    
2.  Әлеуметтік-экономикалық географиясы.
     2.1. Халқы.
     2.2. Өнекәсібі  мен ауыл шаруашылығы.
     2.3. Транспорты  мен ішкі айырмашылықтары.
   
3. Туризмінің әлемдік экономикадағы орны.
     3.1. Әлемдік туризм: түсінігі мен  классификациясы.
     3.2. Түркияның туристік ресурстары.    
 
III. Қорытынды.
 
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Кіріспе.
 
Менің курстық  жұмысымның тақырыбы – Түркия Республикасының әлеуметтік-
экономикалық және саяси географиясы. Бұл тақыоыпты таңдаған себебім – біз,
Қазақстан жастары, жоғарғы оқу орнын аяқтағалы отырған түлектер халықаралық
деңгейде білімді болуымыз қажет. Ал бұл өз алдына дамыған және дамушы
елдердің экономикасы, саясаты, мәдениетімен танысудан басталады. Осы
курстық жұмысқа кіріктірілген ізденіс жұмыстарымның, тапқан деректерімнің
мақсаты – студенттерге Түркия Республикасының жалпы физикалық және
экономикалық географиясы, туризмнің әлемдік даму деңгейі туралы мағлұмат
беру.
 Түркия – шығыс жарты шарда Батыс Азия мен Еуропада орналасқан исламдық
мемлекет. Оның ауданы (ішкі су қоймаларын қосқанда) 781 мың км2. Түркия
халқы 65 млн адам. Астанасы – Анкара. Басқару формасы – республика.
Әкімшілік-территориялық құрылымы – унитарлы мемлекет. 1982 жылғы
конституция бойынша мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – Ұлы
ұлттық ұйым. 1923 жылдан бері әкімшілік бөлінуі жағынан 80 илға
тармақталады. Түркияның негізгі территориясының 97 % - Азияда және бар жоғы
3% - Еуропада. Түркияның географиялық орнының ерекшелігі – ежелден Еуропа
мен Азияны, Қара теңіз елдері мен халықтарын Жерорта теңізімен қосып тұрған
маңызды жолдар қиылысында орналасуы. Қазір бүкіл Түркия территориясы
бойынша еуропа мен Азия елдерін қосатын көптеген шоссе және теміржол
магистральдары өтеді.
Түркия территориясының  батыстан шығысқа қарай максималды созылуы – 1600
км,солтүстіктен оңтүстікке – 600 км. Үш жағынан ол теңіздермен шайылып
жатыр: солтүстігінде – Қара, батысында – Эгей, оңтүстігінде – Жерорта
теңізі. Түркияның еуропалық және азиялық бөліктері бір-бірінен Қара, Эгей,
Мрамор теңіздерімен және Босфор, Дарданелла бұғаздары арқылы өтетін су
жүйесімен бөлінген. Босфор бұғазының оңтүстігі мен Золотой Рог бухтасында
(Мрамор теңізі) әлемнің әдемі қалаларының біі мен Түркияның ең ірі қаласы
Стамбул (бұрынғы Константинополь) орналасқан.
1949 жылы Түркия  Еуропа кеңесіне, 1952 жылы НАТО-ға, 1960 жылы ОЭС-
ке кірді. 1964 жылы Иран  және Пәкістанмен экономикалық 
даму ұйымына кірді. 1992 жылы Түркия Қара теңіз экономикалық
серіктестігінің ұйымдастырушысы болды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1. Географиялық  орны.
 
Түркия Азиядан  оңтүстік-шығыс Еуропаға созылған Анатолия немесе Кіші Азия
деп аталатын құрлық бөлігінде орналасқан. Кіші Азия (Анатолия)
солтүстігінде Қара теңізбен, оңтүстігінде–Жерорта теңізімен шайылып жатыр.
Анатолияны Еуразиядан Босфор мен дарданелла бұғазы бөліп жатыр.
Солтүстіктегі таулар мен оңтүстіктегі Тавр Анатолия төбесін (көтерілуін)
жан-жағынан қамал тәрізді қоршап жатыр. Шығыста сөнген вулкандар мен
тигр,Евфрат өзендерінің бастауы орналасқан. Түркияның жағалық сызық
ұзындығы 8500 км-ге тең.
Елдің көп бөлігі Кіші Азия мен Армян таулы қыраттарына  тиесілі.
Солтүстікте Понтий таулары, оңтүстікте Тавр жоталары орналасқан.
Негізгі өзендері: Евфрат, Тигр, Қызыл-Ирмак, Сакарья. Ірі өзендері: Ван мен
Тұз (тұзды).
Негізі Түркия территориясы, Анатолий таулы үстіртін қоспағанда, қалың өзен
торымен жабылған. Бірақ барлық өзендер таудан бастау алатындықтан оларда
сарқырамалар, шатқалдар  көп кездеседі, бұл өз алдына кемелердің жүзуіне
үлкен кедергі. Дегенмен мұндай өзендер қазір аз қолданылатын гидроэнергия
көздері ретінде тиімді. Жер жерде Түркия беткі сулары суландыру жұмыстарына
пайдаланылады.
Өзен ағындары тым асқан тұрақсыздығымен ерекшелен еді. Жаңбырлы маусымдар
мен қар еру кездерінде көптеген өзендер қатты ағыстар қалыптастырып, су
баасу қаупін туғызады. Ал құрғақшылық жаз бен күз маусымдарында олар құрғап
кетуге дейін барады.
Тарихы.
Түркия Кіші Азияда Орталық Азиядан түркі  тілдес тайпалардың көшіп келуіне
байланысты пайда блды. Кейбір ғалымдардың ойынша түрік сөзі аударғанда
адам, дулыға деген мағына береді. Түркияның астанасы Анкара ежелгі
Анкире қонысының орнында пайда болған, ол өз алдына ежелгі фригий тілінде
тұрақ, жолдағы аялдама орны деген мағына береді,
Бұрынғы кездері  түрік мемлекетінің астанасы Истамбул қаласы болды
(еуропаша-Стамбул). Ол Мехмед жаулап алушы  басқарған түріктер қиратқан
ежелгі Константинополь орнында салынды (бұл қала Византия империясының
астанасы болды). Византия құлағаннан соң еуропалық және азиялық Түркияны –
Румелия мен Анатолияны біріктірген Осман империясы пайда ьолды. Осман
империясы Ресей және Польшамен көп соғысты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Осман империясы  жеңіліске ұшырады: 1918
жылы 30 қазанда Агамемнон бронетасығышының бортынан британ адмиралы
Түркияға өз әскерлерін араб елдері мен Батуми, Баку қалаларынан шығару
туралы бұйрық берді. Түркия армиясы қарусыз қалып, флот ағыпшындар мен
француздар қолына көше бастады. Осыдан барып Осман империясы құлап, соған
байланысты Стамбул түрік мемлекетінің астанасы болудан қалды.
1923 жылы қазанда Түркия республика, ал оның астанасы Анкара болып
жарияланды. Бірінші президент блып Мұстафа Кемаль сайланды, ол елді 1938
жылдың 10 қарашасына дейін басқарды. Мұстафа Кмаль Түркияны ислам саясатқа
әсер етпейтін зайырлы мемлекетке айналдырды. Бүгінгі күні Түркия БҰҰ мен 
НАТО мүшесі, Жерорта теңізі мен Батыс Азия аренасында басты роль ойнайтын
мемлекеттердің бірі.Мемлекет басында – президент.парламент 2 палатадан
түрып, әр 4 жыл сайын қайта сайланады.Үкіметті премьер-министр басқарады.
Түркия тарихындағы  аты шулы даталар:
1075-1077 – түрік селжұқтарының Нкеяны жаулап алуы;
1077 – Коний (Рум,Ромей) сұлтанатының пайда болуы, бұл түрік-селжұқ 
мемлекетінің астанасы Конье болып, шекарасы бүкіл Кіші Азия териториясын
қамтыды;
1243 – Коний сүлтанаты Иранның монғол ильхандарының (хулагуидтердің)
вассалына айналды. 1307 жылы ұсақ князьдіктерге ыдырады. Оның бірі – Осман
бейлигі (округі)14 ғ. Басында қалыптасқан Осман империясының өзегі болды;
1318 – хулагуидтерсоңғы селжұқ сұлтанын құлатып, бұл мемлекетті қиратты;
1299 – Ертоғрұлдың ұлы мен мүрагері Осман сұлтан титулын қабылдап, Коний
сұлтандары билігін мойындамады. Оның атымен түріктер осман түріктері немесе
османдықтр деп аталды. Олардың Кіші Азияға деген билігі қатая түсті, ал
Коний сұлтандары болса, бұған еш кедергі жасай алмады;
1326 – византиялықтардан соғыс нәтижесінде алынған жерлерде астанасы
Бурсада орналасқан Түрік сұлтанаты пайда болды. Түрік сұлтандары билігінің
тірегі янычарлар болды.
1362 – түріктер Еуропадағы жерлерді жаулап алып, астананы Адрианополь
(Эдирне( қаласына көшірді. Түркияның еуропалық иеліктері Румелия деген атқа
ие болды;
1375 – түріктер Киликияны жаулап алды;
1396 жыл 25 қыркүйек – Болгариядағы Никополь қамалы тұсында венгер королі
Сигизмунд басқарған крестоносецтер мен Баязид сұлтаны армиясы арасында
Никополь шайқасы болды. Шайқастағы жеңіс Осман империясының Балқан
түбегіндегі билігін қатайта түсті; 1402 жыл 28 шілде – Анкара тұсындағы
шайқас. Әмір темірден жеңілген Баязид сұлтан тұтқынға түсіп, сонда қайтыс
болады. Бірақ 30 жылдан соң Баязид сұлтан  мұрагерлері қираған елді қайта
құрып батысқа қарай бет алды;
1453 – түріктер Константинопольды алып, оны жаңа империяның астанасына
айналдырды;
Селим Грозный тұсында Осман империясы Сирия, Аравия мен Египетті жаулап
алды;
1526 – Мохач шайқасыболды. Оның нәтижесінде түріктер чех-венгр әскерін
құлатып, Венгрияны оккупациялап, 1529 жылы Венаға жақындады. Өзінің
шарықтау шегінде, Сүлеймен сұлтанның билігі кезінде (1520-1555) империя
Венадан Парсы шығанағына, Қырымнан Мароккоға дейін созылды;
1678 – түріктер Днепрден батысқа қарай украин территориясын жаулап алды;
1683 жыл 12 қыркүйек – Вена шайқасы. Бұл шайқас Осман империясы Австрия
астанасы Венаны 2 ай қоршауда ұстағаннан кейін болды. Қасиетті лига
әскерлерінің жеңісі Осман империясының Еуропадағы жаулап алу соғыстарын
түбірімен тоқтатты;
242 жылға созылған  орыс-түрік соғыстары кезеңі,
1676-1918 – 17-19 ғғ. Ресей мен Осман империясы арасындағы 10 әскери
қақтығыс. Орыс-түрік соғыстары Осман империясының (1299-1923) құлауының
басты себептерінің бірі;
19ғ. Империяның  шеткі бөліктерінде сепаратистік 
қақтығыстар күщейе түсті. Әлсіздене   түсе Осман империясы Германияға 
сүйенуге тырысты, бірақ бұл  оны Бірінші дүниежүзілік соғысқа кіргізіп,
жеңіліске ұшыратты;
1918 жыл 30 қазан – Мудросс бейбітшілік келісімі жасалып, 1920 жылы 10
тамызда Севр бейбітшілік келсімі қабылданды. Бұл келісім бойынша Осман
империясы таратылу керек еді, соның ішінде Кіші Азияның ірі қалаларының
бірі Измир (Смирна) Грецияға өту керек болды. Грек армиясы оны 1919 жылы 15
тамызда жаулап алды,бұдан кейін тәуелсіздік үшін соғыс басталды. Мұстафа
Кемаль бастаған түріктер бейбітшілік келісімін мойындамай гректерді елден
әскери күшпен қуып шықты. 1922 жылы 18 қркүйекте Түркия жаулап алушылардан
босатылды. 1923 жылы 24 шілдеде Лозан бейбітшілік келісімімен Түркияның
жаңа шекаралары анықталды;
1923 жыл 29 қазан – Түркия республика болып жаияланып, Мұстафа Кемаль
Ататүрік (түріктер атасы) тегін қабылдап мемлекеттің алғашқы президенті
болды;
1925 жыл желтоқсан – түркия мұсылман жыл санауынан грегориан күнтізбесіне
көщті.
 
1. Табиғат жағдайлары. Рельефі.
 
Рельефі жағынан  Түркия – таулы ел; оның теңіз  деңгейінен орташа биіктігі
1000 м. Территориясының  көп бөлігі Кішіазиялық таулы үстіртке тиесілі,
соның ішіндешеткі таулар (Понтий мен Тавр) және олардың арасында орналасқан
Анатолий таулы қыраты. Ойпатты жазықтар елде аз, олар көбіне жеке теңіз
жағалаулары мен өзен маңында орналасқан.
Понтий таулары  Қара теңіз жағалауына параллель түрде 1000 км-ден астам
ұзындыққа созылып жатыр. Шығыста олар Грузия мен Армения шекараларына
дейін, батыста – Сакарья өзенінің ойпатты жазықтарына дейін. Понтий таулары
үздіксіз тау жүйесі емес, оның арасында терең тау аңғарлары мен жағалық
сызыққа паллель өтетін қазаншұңқырлар орналасқан. Солтүстікте Понтий
таулары күрт Қара теңізге қарай түседі, бұл жердегі жаға маңы сызығы ені 5-
10 км-ге тең. Тек Қызыл-Ирмак, Есіл-Ирмак пен Сакарья ірі өзендерінің
маңында жаға маңы сызығының ені 60-70 км-ге дейін кеңейеді.
Понтий тауларының орташа биіктігі 2500 м шамасында. Шығыс 
бөлігінде тау жоталары ең үлкен  биіктігіне жетеді (Качкар тауы,3931 м);
шатқалдар, альпілік гребеньдер мен сайлардың  жоқтығы бұл тауларда
еркін жүруге қиындық туғызады. Батысқа қарай Понтий таулары 900 км-ге дейін
төмендеп, мұндағы олардың биіктігі 2000 м-ден аспайды.
Оңтүстікте  Түркияның Жерорта теңіз жағалауы бйында күрделі тау жүйесі Тавр
(Торос) орналасқан. Үлкен ішкі өзендерге  байланысты оны 3 бөлікке бөледі:
Батыс, Орталық және Шығыс Тавр.
Батыс Тавр –  Анталья ойпаты мен шығанағын  дөңгеленте қоршап тұрған тау
жүйесі. Шығанақтың батысы мен шығысында таулар теңізге терең еіп, Ликий мен
Киликий түбектерін алып жатыр. Жоғарғы тау жоталары (Бедаг,3086 м; Эльмал,
3073 м) терең сайлармен бөлінген, каньондармен тілімденген. Батыс Тавр
жоталары арасында, әсіресе солтүстікте терең шұңғымалар мен көл топтары
орналасқан (тұщы көлдер: Бейшехир, Эгридир, Сугла; ащы көлдер: Аджигель,
акшехир; Испарта қазаншұңқыры мен т.б.). Мұның бәрі бұл ауданның түрік
көлдер елі деп аталуына себеп болды.
Орталық Тавр көршілес Тавр бөліктерінің арсында рельефтің  альпілік
типімен және биіктігімен  ерекшеленеді. Мұндағы көптеген жоталардың
биіктігі 3000 м-ден асады. Батысы мен оңтүстік-батысында Орталық Тавр
Жерорта теңізінің жағалауына жақындай түседі. Тек кей жерлерде Анамур,
Аланья, Силифке, Финике аудандарындағыдай жағалауларда тар аллювиальды
жазықтар кездеседі
Таврдың солтүстік-шығыс  жалғасы, Бинбог пен Тахтал жоталары,
Антитавра атымен белгілі. Бұл жоталар оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа
қарай созыла төмендеп Ұзынайла таулы үстіртімен қосылады.
Шығыс Тавр Мұрат  өзенінен Ван өзеніне дейін оңтүстіктен 
елдің шығыс шекарасына дейін  созылған. Оның шығыс бөлігі (Хакяри ауданы)
ең биік; тау шыңдарының биіктігі мұнда 4000 м-ге,ал Джило тауында 4 168 м-
ге жетеді. Жота Евфрат пен Тигр өзен аңғарларымен тілімденген.
Шығыс Таврдан  оңтүстікке қарай кең Диярбақыр  қазаншұңқыры жатыр. Ол
Түркия шекарасынан  тыс жатқан Месопотамия жазығының 
оңтүстігіне қарай төмендеіді.
Шеткі таулар арасында орналасқан Анатолий таулы үстіртін Ішкі
Анатлия мен Шығыс Анатолия деп екіге бөледі. Біріншісі таулы 
үстірттің төмендеген бөлігі. Ол ағынсыз  қазаншұңқырлар қатарынан тұрады.
Биіктік  мұнда батыстан шығысқа қарай 800-1200 м-ден 1500 м-ге дейін
жоғарылайды. Осындай төбелердің бірінде, 850 м биіктікте Түркия астанасы
Анкара орналасқан. Таулы үстірттің оңтүстік бөлігінде ежлгі вулкандар
қатары көтерілген. Ішкі Анатолия орталығындағы мен оңтүстігінде көптеген
көлдер мен батпақтар орналасқан. Олар әдетте тұрақсыз және тұзды болып
келеді. Таулы үстірт орталығында 100 м биіктікте Түркияның ауданы бойынша
екінші Тұз көлі (Ван көлінен кейін) орналасқан. Ол өзінің аса зор
тұздылығымен ерекшеленеді. Жазда көл кеуіп, түбі тұз жамылғысымен жабылады.
Шығыс Анатолия солтүстігінде Понтий таулары мен  оңтүстігінде Шығыс Тавр
арасында орналасқан. Батысында оны ішкі Анатолиядан  Акдаг жотасы
бөліп тұрады. Шығыс  Анатолия орталығында биіктігі 1500-20110
м таулардан тұрады. Мұнда биік таулы қыраттар терең қазаншұңқырлармен қатар
келеді. Таулардың өзі жеке массивтер мен ұзын тізбектерден тұрады.
Армениямен шекарадан алыс емес жерде үлкен Арарат массиві көтерілген. Оның
өзі сөнген вулкан, Түркияның ең биік жері (5165 м). Бұл массивке конус
тәрізді формалық ерекшелік тән. Конус шыңы қуатты қар жамылғысымен
жабылған. Үлкен Арараттың қасында Кіші Арарат көтерілген (3925 м).
Шығыс Анатолиядан 1720 м биіктікте ағынсыз Ван  өзені орналасқан. Су
айнасының жарқылдаған көгілдір бейнесі оны қоршаған қар малақайларымен
бірге қосылып тамаша көрініс береді.
Түркияның батысында  Батыс Анатолия таулы ауданы көрінеді. Оған Эгей
мен Мрамор теңіздерінің жағалаулары кіреді. Батыс Анатолияда таулы кряждер
терең, Эгей теңізіне қарай ашылған өзен аңғарларымен алмасып келді. Теңіз
жағалауына перпендикуляр орналасқан таулы жоталар әсерінен Эгей мен Мрамор
теңізінің жағалаулары қатты тілімденген.
Батыс Анатолия жоталары көбіне орташа биік: олардың  ішінде жекелері,
мысалы, Улудаг (Кіші Олимп) 2500 м-ге жетеді. Улудаг жылдың көп 
бөлігінде қармен жабылған, солтүстік-батыс  Түркияның табиғи тамаша
көрініс  беретін орнының бірі болып табылады.
Батыс Анатолияда шекараларында Мрамор теңізінің оңтүстік жағалауында
лагуналы тұщы көлдері бар теңіздіңк жазықтар тізбегі таралған: Апольонт,
Изнин, Маньяс, Сапанджа.
Түркияның шеткі  солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс  Франия қазаншұңқыры бар,
ол солтүстік-шығыстан биік емес таулармен қоршалған.
 
Пайдалы қазбалары.
 
Түркияның табиғи ресурстары әлі толық зерттелмегенімен, онда
түрлі пайдалы қазбалардың  үлкен қорлары табылған. Мемлекет
территориясында тас және қоңыр  көмір, мұнай, түрлі рудалы қазбалар: темір,
қорғасын, цинк, марганей, сынап, сурьма, молибден бар. Хром рудаларының
қоры бойынша Түркия капиталистік әлемде екінші орын алады. Мұнда
вольфрамның бай кендері, шамамен 100 мыс кен орны орналасқан. Рудасыз
қазбалардан селитра, күкірт, мрамор, теңіз ненкасы, ас тұзы кен орындары
кездеседі. Бүкіл Түркияны тұзбен қамтамасыз етіп отырған табиғи тұз жасаушы
болып Тұз көлі табылады.
 
2. Климаты.
 
Түркияның көп  бөлігі таулы. Осыған байланысты ел климаты 
таулы сипат пен контитенттік климат белгілеріне ие. Түркия жазы ыстық және
құрғақ, қысы қарлы және суық. Эгей мен Жерорта теңізінде климат
жерортатеңіздік, оның қысы жұмсағырақ, тұрақты қар жамылғысы түзілмейтін,
жылы жаз және суық қыспен ерекшеленеді. Қыста температура (қаңтарда)
шамамен 5°С, жазда (шілдеде) 22°С шамасында. Жылына1000-2500 мм жауын-шашын
түседі.
Түркия территориясы субтропикалық климаттық белдеу шекарасында орналасқан.
Бірақ таулы, қатты тілімделген рельеф пен  өте күрделі ауа массаларының
циркуляциясы климаттық аудандардың  көп түрлілігіне басты себеп.
Түркияның Қара теңіз жағалауы қоңыржай жылы климатпен ерекшеленеді. Оған
басты кезекте көп ылғалдылық, жылдың маусымдары бойынша жауын-шашынның бір
қалыпты түсуі, ыстық жаз бен салқын қыс тән. Жағалаудағы қаңтардың орташа
температурасы -1-5°С болса, шілденікі +22+24°С. Биік Понтий таулары қыста
Қара теңіз жағалауын елдің ішкі аудандарынан келетін суық ауа массаларынан
қорғайды, ал Қара теңіз суық солтүстік желдерінің әсерін бәсеңдетеді. Бұдан
басқа Қара теңіз жағалауының шығыс бөлігі салқын желдердің енуінен биік
Кавказ тауларымен қорғалған.
Қара теңіз  жағалауы биік Понтий тауларының арқасында  ең көп жауын-
шашын түсімін алады. Жағалаудың шығыс бөлігінде жылыны 2500 мм-ге
дейін жауын-шашын түседі. Жағалаудың батыс аудандарында жауын-шашын  түсімі
аз – 700-800 мм. Понтий тауларының оңтүстік бөліктері солтүстік желді
бөлігіне қарағанда тым құрғақ. солтүстік беткейлердегі мол жауын-шашын
жылдың барлық маусымдарында елде басым болып келетін Қара теңізден соғатын
солтүстік-батыс желдері мен Жерорта теңіздік циклондарға байланысты.
Эгей теңізінің  кең жағалаулары мен Жерорта 
теңізінің керісінше тар жағалаулары нда оған тән құрғақ жаз және жылы
жаңбырлы қыспен ерекшеленетін Жерорта теңіздік климат орнаған. Ең
ыстық айдың орташа температурасы (шілде мен тамыз) Адамда +28°С пен ең
салқын айдың орташа температурасы (қаңтар мен ақпан) +10°С-қа жетеді.
Шығыста таулы аудандарда жаз салқынырақ, қатты қысқы аяздар мен көк
тайғақтар болып тұрады. Эгей теңізі жағалауындағы жылыны түсетін жауын-
шашын мөлшері 500-800 мм; Таврдың батыс бөлігінде (желді беткейлерде) –
1000-1500 мм; шығыста – 500 мм-ге дейін.
Батыс Анатолияның  солтүстігі жылы Мрамор теңізі әсерәнен
(судың жоғарғы қабатының температур асы  жазда +25°С шамасында, қыста +8°С
шамасында) аул шаруашылығына қолайлы климаттық жағдайлармен ерекшеленеді.
Мрамор теңізінің жағалауы мен аралдары – Стамбул мен оған жақын орналасқан
қалалар тұрғындардың ең сүйікті демалыс орындарының бірі. Көктемде, Қар
теңіз жағалауында әлі салқын болған кезде, Мрамор теңізінде суға шомылуға
болады.
 
Топырақ пен өсімдік жамылғысы.
 
Анатолия топырақтары  негізінен жер өңдеуге жарамсыз. Орталық Антолияның
кең далалары қой мен ешкі жайылымдары ретінде  пайдаланылады. Ауыл
шаруашылығының егін шаруашылығына Шығыс Анатолияның 
қарашірікті топырақтары қолайлы; бұл елдің негізгі житницасы болып
табылады. Дегенмен көпғасырлық мал бағудан біршама орындарда топырақ-
өсімдік жамылғысы бұзылған. Мол жауын-шашын мен қоңыржай жылы климат Қара
және Эгей теңізі жағалауында бай өсімдік жамылғысының түзілуіне себеп
болды. Таулардың төменгі беткейлері қалың жалпақ жапырақты бук, емен, граб,
клен, платан, самшит, кизил, лещин ормандарынан тұрады. Тау етегінде жүзім
бақтары, одан жоғары қарағай ормандары, оның үстінде- Альпі шалғындары
орналасқан.
Түркия флорасында 6700 өсімдік түрі кіреді, олардың көп бөлігі – күрделі
гүлділер, бабовый, крест гүлділер тұқымдастарынан. Өсімдіктердің 13 Түркия
үшін эндемикалық. Әсіресе ксерофилді өсімдіктер арасында эндемиктер көп:
астрагал, акантолимон, кузиний. Сонымен қатар мұнда үштік дәуірдің эндемик
реликтілері де кездеседі: мысалы, бальзам ағашы мен т.б.
Түркия өсімдік  дүниесі алуан түрлі. Ол климаттық  жағдайларға, жергілікті
жер рельефіне  байланысты өзгеріп отырады. Түркияның табиғи өсімдік
дүниесіне күрделі өзгерістерді адам енгізді: соның ішінде кең дала
алқаптарын жыртып, ормандарға көп зиян тигізді, әсіресе Батыс Анатолияда –
Түркияның ең көп қонысталған бөлігінде.
 
2. Әлеуметтік-экономикалық географиясы.
 
1. Халқы.
Негізгі этникалық  топ – түріктер 55 млн адам (80%-дан астам). Лозан
бибітшілік келісімі бойынша Түркия 1923 жылы көршілес елдермен халықты
алмастыру туралы конвенцияға қол қойды, дегенмен қазір кішігірім түрік
топтары өзге елдерде әлі де тұрып жатыр. Түріктер құрамында әлі де
кішігірім этникалық топтар – юрюктер мен тахтаджилар сақталған (Анатолияның
оңтүстік-шығысы мен батысы). Түріктерден кейінгі ірі халық курдтар (10 млн-
нан аса) – олар шығыстағы 10 илда қоныстанған арабтар (1 млн адам) оңтүстік-
шығыс илдарда, әсіресе Хатай илында қоныс тепкен. Басым (бірақ мемлекеттік
емес) дін – суннит бағытындағы ислам.
Халықтың орташа тығыздығы – 1 км²- орташа 85 адам. Ең
көп қоныстанған – Шығыс Фракия мен Анатолияның теңіз маңы аудандары, ең аз
қоныстанған – Орталық және Шығыс Анатолия. Елге жоғарғы табиғи өсім - 2%
мен жоғары урбандалу қарқыны (қала халқы 70%-дан астам) тән. 5 қалада 1 млн-
нан аса адам тұрады: Стамбул, (10 млн адам), Анкара (4 млн адм), Измир,
Адана, Бурс. Жоғарғы деңгейдегі жұмыссыздық (белсенді халықтың 20%) еңбек
эмиграциясына түрткі болып отыр: 2 млн-нан аса түрік Германия мен басқа
Еуропалық Одақ елдерінде және Таяу Шығыс елдерінде жұмыс істеіді.
Елдің негізгі  халқы – түріктер. Түркия 1923 жылы республика
болып жарияланғанға  дейін османдар болды. Мұстафа Кемальдың 
ұсынысы бойынша түрік аты  алынды, себебі бұл түркі тілдес халықтардың
бірігуіне негізгі түрткі болар еді. Сөйтіп республиканы Түркия деп атап
османдар түріктер болып жарияланды. Түрік республикасы қалыптасқан кезде
оның халық саны 12 млн 532 мың адам болды. Елде тек 12 санақ өткізілді.
1927 жылдан бастап Түрік халқы 4,4 есе өсті, соның ішінде – 1950-1985 жж. –
2,5 есе. Халықтың тез өсуі, 2005 жылы 73 млн-нан асқан, елдің басты
шиеленіс мәселелерінің бірі болып табылады.
Түркия территориясы бойынша тұрғындардың орналасуы  біртекті емес. Ең
тығыз түрде халық  Мрамор мен Қара теңіз жағалауында, Эгей теңізінен
жапсарлас жатқан аудандарда орналасқан. Ең тығыз қоныстанған қала –
Стамбул, ең сирек қоныстанған аудан – Хакъяри.
Елде ешқашан  халықтың ұлттық құрамы бойыша санақ  жүргізілген жоқ.
Бұдан басқа  тұрғындардың өздері шығу тегіне қарамастан алдымен өздерін
түріктер деп санайды. Сөйтіп курдтардың көп бөлігі өздерін догулу - елдің
шығысындағы адамдар деп атайды, бірақ ана тілі курд тілі болып қалады.
Сондықтан этностар санын анықтау әркез көптеген қиындықтар туғызады.
Бағалаулар әртүрлі, бірақ сеніммен Түркияда 20 млн-нан кем емес курдтар
тұрады деуге болады. Олар тек негізгі тұрғын аймағы – бүкіл ел
территориясына ғана емес, мемлекеттің шығысында да қоныстанған. Оған қоса
елде Солтүстік Кавказдан шыққандар саны да көп, оларды жалпы черкестер
деп атайды. Олардың жартысы адыгтер, абхаздар, карачаевцтер, оситиндер,
шешендер мен абазиндар. Жалпы саны түрлі есептеулер бойынша 1-2 млн адам.
Бұдан басқа Түркияның оңтүстік-шығысында жинақты түрде 0,5 млн арабтар
тұрады. Ірі қалаларда, әсіресе Стамбулда армяндар (40 мың) мен
ассирийліктер көп. Лазалар мен хемшилдер (ислам қабылдаған армяндар) – 0,5
млн,  олар негізінен Қара теңіздің шығыс жағалауында тұрады. Қазіргі кезде
юрюк пен тахтаджалармен қатар түрік этнографиялық топтары болып саналады.
Түркияның еврейлері (халықтың шамамен 0,1%) ірі қалаларда тұрып, өздерін
иудаизмге сенетін түріктер деп саайды. Гректер, албандар, грузиндер мен
азербайжандар (Ираннан шыққын) мен көптеген өзге халық өкілдері бүкіл ел
бойынша, негізінен Стамбул, Измир, Анкарада таралған. Бұдан басқа болгария,
бұрынғы Югославия, Румыния мен бұрынғы КСРО-дан шыққан түрік ұлт
өкілдерінің көптеген бөлігі негізінен Анталия мен Измир курортты
зоналарында, Бурс пен Стамбулда тұрақтанған.
 
 
Діні.
 
Діни құрамы бойынша түріктер- мұсылмандар (көптеген бөлігі-сунниттер,
аздаған бөлігі – шииттер, оларды Түркияда алевиттер деп атайды).
Мемлекеттік тілі – түрік тілі.
Түкияда дін заң жүзінде  мемлекеттен бөлек бөлінген және дін бостандығы
мемлекеттің тұрғынының әрбәреуәне кепілдендірілген. Халықтың көп бөлігі
ислам дінінде. 78 мың мешіт жұмыс істейді. Бұдан басқа түрлі христиан
ағымдарының 321 ұйымы, 36 иудей синагогасы Стамбул, Адан, Анкара, Измир,
Чанаккал, Хатай, Бурс, Крыкларели қалаларында тіркелген.
Православ шіркеуі  ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таулы Қарабах мәселесі аясындағы түрік - армян қатынастары
Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
XI ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыз тайпаларынан бөлінген көшпенді селжүк тайпалары
Түркия Мемлекетінің құрылуы
Туркия мемлекеті
Түркия 1923 жылы
Алдыңғы Азия тарихы
Ирак Республикасы
Күрдістан және күрдтер мәселесі (хіх ғ. 90 ж.– 1917)
Түркия Оңтүстік - Шығыс Еуропа жерінде орналасқан мемлекеті
Пәндер