Дүниежүзілік валюталық жүйе эвалюциясы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН
БЕЛГІЛЕР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .4
1. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ... ... .6
1.1 Дүниежүзілік валюталық жүйе
эвалюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Валюта-несиелік қатынастың маңызы, қажеттігі және
әдістері ... ... ... ... .9
1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану жолдары ... ... ... ... 15
2. ҚР ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҒЫ МЕН ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕҢГЕ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА
ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..20
2.1 Валюталық нарық және валюталық бағам олардың экономикаға
әсері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .20

2.2 Қазақстан Республикасының валюталық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.3 Комерциялық банктердің валюталық
операциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... 29
3. ҚР ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .33
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР

1. АҚШ – Америка Құрама Штаттары
2. ГФР – Германия Федеративтік Республикасы
3. ГЭП – Сыйақы ставкаларының өзгерісі
4. ДСҰ – Дүниежүзілік сауда ұйымы
5. Евро – 1999 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енгізілген европалық
валюта
6. ЕО – Европалық Одақ
7. ЕВЖ – Европалық Валюта Жүйесі
8. ЖКЕ – Капиталдандыру Ережесі
9. КСРО – Коммунисті Советтік Республикалар Одағы
10. ҚР – Қазақстан Республикасы
11. СДР – 1970 жылы айналымға енгізілген халықаралық валюта бірлігі
12. СМЕ – Чикаго Сауда Биржасы
13. ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
14. ХВҚ – Халықаралық Валюталық Қор
15. ШИК – Шетел Инвесторларының Кеңесі
16. ШТИ – Шетелдік тікелей инвестициялар
17. ЭКЮ – 1979 жылы енгізілген Европалық валюта бірлігі
18. ҰБ – ҚР-ның Ұлттық Банкі

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың толығымен нарықтық қатынастарға
өтуі, қазіргі кезде жұмыс жасап отырған валюта нарығының механизмінің
жаңаша қызмет етуін талап етеді.
Бүгінгі күні экономиканың басты элементi - валюталық нарық. Валюталық
нарықтың қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Валюталық
нарық - экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды,
валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануды, валюталық операцияларға
қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық
тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық
саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем
айналымына қызмет етедi.
Халықаралық есеп айырысудың өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер үшiн
жалпыға бiрдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы
сауда, көрсетiлген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық
төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi шарты сатып алу-сату формасында
бiр валютаны екiншi бiрiне айырбастау болып табылады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен
шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді.
Қазақстан Республикасының валюта нарығындағы шешімін күтіп тұрған
келесі бір мәселе - бұл валюта нарығына байланысты арнайы заңдылықтар мен
нормативтік актілердің, сондай-ақ ережелердің, нұcқаулардың,
жеткіліксіздігі және әрекет етіп отырған ережелер мен нұсқаулардың
ескіруінен олардың дер кезінде жаңартылмауы.
Қазіргі валюта нарығының механизмінің осы уақытқа дейін қолданып
келген валюта нарығының механизмінен мүлде айрықша деп айту қиын. Дегенмен
де, қазіргі валюта нарығының механизімінің қызмет етуінің өзіндік
ерекшеліктері болуға тиіс.
Қазіргі валюта нарығы және оның қызмет етуін жетілдіру барысындағы
орын алатын шешімін таппай отырған сұрақтардың бүгінгі күнге дейін,
отандық ғылыми жұмыстарда жеке зерттелмей келуі, бұл диплом жұмысының
тақырыбын таңдап алуыма себеп болды.
Зерттеу объектісі:Қазақстан Республикасының валюталық нарығы және
валюталық операциялары
Жұмысымның мақсаты нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін валюта
нарығының мазмұны мен құрлымдық элементтеріндегі өзгерістерді сипаттай
отырып, Қазақстан Респуликасындағы ваюта нарығының тәжірибелері мен даму
ағымына талдау жасау, сондай-ақ қазіргі валюталық жүйесін жетілдіру
жолдарын іздестіру болып табылады.
Мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді шешуді қажет етеді :
• Қазіргі валюта нарығының тұжұрымдамасын ұсыну;
• Қазіргі валюта нарығының құрлымдық элементтерін және өзіндік
ерекшелігін зерттеу;
• Валюта нарығына теориялық тұрғыдан баға беру;
• Әлемдік тәжірибедегі валюталық нарықтың ерекшеліктерін оқып-
үйреніп , олардың тиімді жақтарын ұсыну;
• Қазақстан Республикасындағы валюталық нарық тәжірибелеріне және
даму ағымына талдау жасау;
• Валюталық жүйені талдау;
• Қазіргі валюта жүйесінің жетілдіру жолдарын анықтау және оларды
тиімді бағалау.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізінде қазіргі
кездегі отандық және шетелдік экономистердің валюталық нарықта орын алатын
мәселелер туралы және валюталық қатынастар экономиканың дамуындағы рөлін
сипаттайтын зерттеулері пайдаланылады.
Статистикалық жәнне ақпараттар базасы ретінде Қазақстан Респуликасы
Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік
деректері, нормативтік құжаттары, Қазақстан Респуликасындағы валюталық
нарық туралы жылдық есеп деректері және валюталық нарыққа байланысты түрлі
жобалар, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары,
сондай-ақ валюталық нарықтың дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті
және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен
міндеттері зерттеу объектісі мен зерттеу заты берілген.
Бірінші бөлімде, валюталық жүйе түсінігі және валюталық жүйенің тарихи
тұрғыдан дамуы, валюталық қатынас, оның экономикаға әсері туралы айтылады.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасының валюталық саясаты, валюталық
нарықтар түрлері қарастырылған. Сонымен қатар онда валюталық тәуекелдер
және оларды реттеу әдістері жазылған
Үшінші бөлімде,– Қазақстан Республикасындағы валюталық нарық қызметтін
ұйымдастыру және реттеу механизмі, Қазақстан Республикасының валюталық
заңнамалары, валюталық реттеу, валюталық бағам режимін реттеу туралы
айтылады.
Ал қорытынды бөлімде валюталық нарықтың жаңа перспективалары мен даму
жолдарын көрсетемін.Сонымен бірге зерттеулердің нәтижелері мен валюта
нарығы тұрғысында туындайтын ұсыныстар айтылады.

І. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

1. Дүниежүзілік валюталық жүйе эволюциясы.
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет-аралық келісім-
шарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу
формасы.
Валюталық жүйе үш түрге бөлінді:
• Ұлттық валюталық жүйе
• Дүниежүзілік валюталық жүйе
• Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе
Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан. Ұлттық
валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс
процесіне қажетті валюталық ресурстарды құрайтын және оны пайдалануға
көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе – елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның
ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының сыртқы экономикалық
байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз
байланысты.Дүниежүзілік валюталық жүйе ХIХ ғасырдың ортасына таман
құрылған.
Дүние жүзілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие – қаржы
институттары мен қаржы құралдарының қызмет етуін қамтамассыз ететін
халықаралық келісімшарттар мен мемлекет аралық құқықтық нормалар кешенін
қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен
тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдық қағидаларының сәйкес келу
дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып
келеді.
Ұлттық және дүние жүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен
айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтерін 1-ші кестеден
көреміз.

Кесте 1 - Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері.

Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзілік валюталық жүйе
Ұлттық валюта. 1. Резервтік валюталар
Ұлттық валютаның алмастыру шарты 2. Валюталардың өзара алмастыру
шарты
Ұлттық валюта паритеті 3. Валюталық паритеттің ортақ режимі
Ұлттық валюта бағамының режимі 4. Валюталық бағамдар режимінің
регламентациясы
Валюталық шектеудің, валюталық 5. Валюталық шектеуді мемлекетаралық
бақылаудың болуы немесе болмауы. шешу
Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзілік валюталық жүйе
Елдің халықаралық валюта өтімділігін6. Халықаралық валюталық өтімділікті
ұлттық реттеу мемлекетаралық реттеу
Халықаралық несиелік айналыс 7. Халықаралық несиелік айналыс
құралдарын пайдалануды регламенттеу құралдарын пайдаланудың ережелерінің
біртұтастығы
Елдің халықаралық есеп айырысуларын 8. Халықаралық есеп айырысудың
регламенттеу негізгі формаларының біртұтастығы
Ұлттық валюталық нарық пен алтын 9. Дүниежүзілік валюта нарықтар мен
нарығының режимі алтын нарықтарының режимі
Елдің валюталық қатынастарын 10.Мемлекетарлық валюталық реттеуді
басқаратын және реттейтін ұлттық жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар
ұйымдары

Ескерту: Ғ.С.Сейітқасымов “Ақша, Несие, Банктер” Алматы 2001 Оқу құралы.
Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдің ақша
бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше
резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне
негізделеді[1].
Резервтiк валюта - халықаралық төлем және резерв құралы функциясын
орындайтын, басқа елдер үшiн валюталық паритет пен валюталық бағамды
анықтауға базалық қызмет ететiн, валюталар бағамын реттеу мақсатында
валюталық интервенция жүргiзуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердiң
айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Резервтiк валюта мәртебесiн алудағы алғы шарттар:
дүниежүзiлiк өндiрiсте, тауарлар мен капитал экспорт-
тарында елдердiң билiк ету позициясы;
жоғары тиiмдi байланыс жүйесi бар несиелiк-банктiк
мекемелердiң дамыған торабы;
басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ете-
тiн, халыкаралық айналымдағы валютаның еркiн ай-
налымдығы және валюталық шектеудің болмауы.
Резервтiк валюта мәртебесi эмитент-елдiң экономикасына белгiлi бiр
мiндеттемелердi жүктейдi: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру
қажеттiгi, сауда және валюталық шектеулердiн болмауы, девальвация
жүргiзбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтiк дәрежеге көтеру ұлттық
шаруашылық үшiн төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты
түрде пайызсыз және мерзiмсiз халықаралық несие алу жолымен жабу
мүмкiндіктерi түрiнде бiр қатар артықшылықтар бередi.
Валюталық паритет - бұл валюталық бағамның негiзi болып табылатын және
заңды түрде бекiтiлетiн екi валюта арасындағы шектi қатынасты бiлдiредi.
ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негiзiнде белгiленеді.
Ұлттық валюталық жүйенiң шегiнде ХВҚ аркылы мемлекетаралық реттеу
объектiсi болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни
валюталық шектеу енгiзiлуде.
Шаруашылық тұрмысты интернационалдандырудың өрiсiне карай ұлттық және
Халықаралық валюта жүйелерi кұрылады. Алдымен тарихи үйлестірiлген және
ұлттық заңдармен бекiтiлген ұлттық валюта жүйесi пайда болды. Ұлттық валюта
жүйесi тәуелсiз, ұлттық шеңберден шығатын болса да, ұлттық ақша жүйесiнiң
негiзгi құрамы.
Қазiргi ұлттық валюта жүйесi мынандай элементтердi қосады:
- Валютаның аты (теңге, рубль, доллар, марка т.т.).
- Шетелдердiң валютасына айырбастау жағдайлары. Бұл мағынада мынандай
бөлектену бар:
а)еркiн айырбасталымды валюта. Мұндай валюталар кез келген басқа елдiң
ақшасына еркiн айырбасталынады. Оларға Американың доллары,
Немiстiң маркасы, Жапонның иенi, Француздың франкасы, Англияның
фунтстерлингi
кiредi;
б) жартылай айырбасталымды валюталар (ел iшiнде ғана айырбасталымды
валюта, рубль, теңге т.б.);
в) айырбастауға жатпайтын валюталар (жабық валюталар).
Ұлттық валюталық жүйе, дүниежүзiлiк валюталық жүйемен тығыз
байланысты. Бiрақ мұндай екi валюталық жүйенiң өзара байланыстығы олардың
бiрдейлiгiн көрсетпейдi. өйткенi, олардың мақсаттары, жұмыс iстеуi, оны
реттеу тәсiлдерi, әр елдiң экономикасына және дүние жүзiлiк шаруашылыққа
әсер ету жағдайлары өзгеше.
Бірiншi дүние жүзiлiк валюта жүйесi, алтын-валюталық үлгiде, 1867 жыл
Парижде өткен, сол кездегi алдыңғы қатардағы елдердің маслихатында,
мемлекетаралық келiсiммен занды түрде рәсiмделдi.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде және одан кейiнгi жылдарда орын
алған валюта дағдарысы, екiншi дүниежүзiлiк валюталық жүйе кұруға әкелдi
ол, 1922 ж. Генуэсте өткен халықаралық экономикалық маслихатқа қатынасқан
еддердiң келiсiмiмен рәсiмделдi. Бұл жүйеде алтын девиздiк үлгiде
негiзделдi және ресiмделiнген қаланың атымен Генуэс валюта жүйесi деп
аталып кеттi.
Алтынды ақша мiндетiн аткарудан қалдырған Ямайкалық ресми шешiмге
қарама-қарсы европалық валюта жүйесi, алтынмен жасалатын операцияларды
жаңартты. Алтын доллармен бiрге ЭКЮ-дiң эмиссиялық тетiктерiне қосылды. Ол
үшiн мүше елдердiң ресми алтын-валюталық резервтерiнiң 20% бiрiктiрiлдi.
Осы елдердің орталық банктерi, валюталық ынтымақтастық институтының
билiгiне 2, 3 мың тонна алтын аударды. Бұл алтынға, аталмыш институг ЭКЮ
шығарып, тиiстi соманы әр елдiң Орталақ банкiсiнiң шотына аударды. Алтын
жарна, үш айлық жаңғыртылмалы кұжат пен -"Своп" ресiмделдi, .Ол алтынды
қолма-қол ЭКЮ-ге сату мен, үш айдан кейiн қайта сатып алу үшiн қарсы
мәмленi сәйкестiруге негiзделген,мүше елдердiң валюталарының кұбылмалы
бағамының тәріптемесi бойынша, олардың орталық бағамнан ауытқуы ±15%
шегiнде болу керек. Осындай тәртiптеме, "Европалық валюталық жылан"— деп
аталып жүр. Өйткінi осындай ауытқудың графикалық түрi жыланға ұқсайды. Егер
валютаның бағамы айтылған шектен шығып кетсе, орталық банктер валюталық
басқыншылық жүргiзуi керек. (өз валютасына марка сатып алады, немесе
керiсінше, маркаға өз валютасын сатып алады)[2]. Кесте 2 - ЭКЮ-дің
нарықтық құны.

Валюталар Валюталар АҚШ долларының USDЭКЮ бағамы
қаржынындағы бағамы
валюталардың үлесі
DEM-DM 0,6242 1,6798 0,371592
GBR 0,08784 1,6798 0,371592
FRF-FF 1,332 5,6450 0,02359691
ITL-Lit 151,8 1234,0000 0,123015
NLG-hfl 0,2198 1,8915 0,116204
BEF-bfr 3,301 34,7750 0,094925
LUX-lfr 0,130 34,7750 0,003738
DKK-Ir 0,008552 1,5961 0,013650
GRD-Dr 1,440 163,30 0,008818
ESB-Pta 6,885 106,50 0,064636
PTS-Esc 1,393 148,974 0,0009351
1,216364

USDDM – 1,6798.ECUDM бағамының есебі: 1,216364 * 1,6798=2,04325
Ескерту: Ғ.С.Сейітқасымов “Ақша, Несие, Банктер” Алматы 2001 Оқу құралы.
Халықаралық есептiк ақша бiрлiгi - валюталық паритет пен валюталық
бағамды белгiлеу, халықаралық талаптар мен мiндеттемелердi өлшеу үшiн
шартты бiрлiк ретiнде пайдаланылатын валюталық бiрлiк. Қазiргi уақытта
халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшiн кажеттi дүние-жүзiлiк
несиелiк ақша типтерi ретiнде СДР (арнайы қарыз алу кқұығы) және ЭКЮ
(еуропа валюта бiрлiгi) қызмет етедi. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз
халықаралық есеп айырысуларда елдердiң арнайы шоттарына жазбаша жазу
жолымен: СДР - Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ - Еуропалық қауымдастыққа
ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардын шартты
құны валюталық "қоржынға" кiретiн валюталардың орташа өлшемдi құның және
бағамдарың өлшеу негiзiнде есептеледi

1.2 Валюта-несиелік қатынастың маңызы, қажеттігі және әдістері

Нарықтық экономика жағдайында валюталық қатынастарды нарықтық және
мемлекеттік қатынас жүзеге асырылады. Валюталық нарықта валютаға деген
сұраныс пен ұсыныс және оның бағамдық қатынасы қалыптасады. Ол өз
кезегінде, мемлекеттік және нарықтық қатынас белгілі деңгейде жүзеге
асырылмаған жағдайда теріс нәтижеге алып келеді. Нарықтық қатынас сұраныс
пен ұсыныс, баға заңына тәуелді болып келеді. Валюталық нарықтағы
бәсекелестік жағдайында осы заңдардың іс-әрекеті валюта айырбасының қатысты
эквиваленттігін, тауар, көрсетілетін қызмет, капитал қозғалысымен
байланысты халықаралық қаржы ағынының әлемдік шаруашылыққа деген
қажеттілігінің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Осы арқылы нарық валюталық
операциялар жағдайының ақпарат көзі ретінде қызмет атқарады.
Бірақ, мемлекет валюталық қатынасқа бұрыннан араласып келеді - алдымен
жанама түрде, кейіннен оның әлемдік шаруашылықта алатын орнының маңызды
екенін ескере отырып тікелей араласатын болды. Бағамдық айырма мен
валютаның күйзеліске ұшырауы ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсерін
тигізеді.
Нарықтық және мемлекеттік қатынас бір-бірін толықтырып отырады.
Біріншісі, бәсекеге негізделе отырып, даму ынтасын туғызса, ал екіншісі
валюталық қатынастарды нарықтық қатынастың нәтижесінде болатын жағымсыз
нәтижелерді түзетуге бағытталған. Осы екі қатынас арасындағы шекара нақты
бір жағдайдағы пайда мен шығын арқылы анықталады.
Валюталық қатынас - валюталық саясатты іске асыратын құрал болып
табылады. Валюталық саясаттың бағыттары мен формалары елдің валюталық-
экономикалық жағдайымен, әлемдік шаруашылықтың эволюциясымен анықталады.
Бірінші кезекке валюталық саясаттың нақты мәселелері қойылады:
• валюталық жүйе мен валюталық нарықтың тұрақты қызметін қамтамасыз
ету;
• валюталық күйзелісті жеңіп шығу және валюталық тұрақтылықты
қамтамасыз ету;
• ұлттық валютаның валюталық бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету ;
• валютаның конвертациялануына өту;
• валюталық операцияларды либерализациялау.
Валюталық қатынас мемлекеттің валюталық құндылықтармен жасалатын
мәмілелердің тәртібін және есеп айырысуларды регламенттеуге бағытталған
қызметі болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың келесідей
құқықтық шараларға бағытталған кешенін білдіреді:
1. валюталық қатынас органдарының, валюталық қатынас органдары мен
агенттерінің қызметін құруға және қамтамасыз етуге;
2. ішкі валюталық нарықтағы валюталық құндылықтармен жасалынатын
операциялардың жүргізілу тәртібін, валюталық құндылықтарды шет елге
шығару тәртібін, шет елдік инвестицияларды жүзеге асыру режимін
белгілеу және іске асыру;
3. валюталық құндылыққа деген мүліктік құқықты қорғауды қамтамасыз ету;
4. әлемдік есеп айырысуларды регламенттеу;
5. елдің әлемдік нарықпен қарым-қатынасының жеткілікті деңгейде болуын
қамтамсыз ету;
6. ұлттық валюта бағамының және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз
ету.
Валюталық қатынастың мақсаты - ағымдағы валюталық операцияларды жүргізу
кезінде болатын төлем балансының дисбалансын қысқарту; ағымдағы операциялар
бойынша валютаның конвертациялануын қамтамасыз ету.
Төлем балансы өз кезегінде халықаралық операциялардың баланстық шотын
білдіреді - белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттің шет елге төлеген
валюталық сомасымен оған шет елден түскен соманың арақатынасы. Ол келесідей
бөлімдерден тұрады: ағымдағы операциялар шоты, капитал және қаржы
қозғалысымен байланысты шот.
Төлем балансы мемлекеттік қатынастың бұрыннан келе жатқан
объектілерінің бірі болып табылады. Бұл келесідей себептермен негізделеді:
• төлем балансына, бір елдегі ұзақ және ірі тапшылықтың және басқа
елдегі активті сальдоның артық болуы кезіндегі тепе-теңсіздік
тән. Халықаралық есеп айырысу балансының тұрақсыз болуы валюта
бағамының динамикасына, капитал миграциясына, экономика жағдайына
әсерін тигізеді;
• төлем балансын бағалық қатынас арқылы түзетудің стихиялы
механизмі өте әлсіз және төлем балансын қатынас мемлекеттің өте
кешенді араласуын қажет етеді;
• шаруашылық байланыстың глобализация жағдайындағы төлем балансы
экономиканы мемлекеттік қатынас жүйесінде маңызды орын алады.
Төлем балансын қатынастың материалдық негізі болып келесілер
табылады:
1. ресми алтын-валюталы резерв;
2. мемлекеттік бюджет арқылы бөлінетін ұлттық табыс;
3. мемлекеттің халықаралық экономикалық қатынастарға капитал, несие,
кепіл болушы, қарыз алушы ретінде қатысуы;
4. нормативті актілер және валюталық қатынас органдарының көмегі
арқылы сыртқы экономикалық операцияларды регламентациялау.
Төлем балансын қатынас кезінде мынадай сұрақ туындайды: қандай елдер
оны түзету шараларын қолдануы қажет? Бюджет тапшылығына ұшыраған елдер үшін
төлем балансын түзету өте қомақты мәселе болып табылады.
Төлем балансын мемлекеттік қатынас - бұл, төлем балансының негізгі
баптарын құруға, сондай-ақ қалыптасқан сальдоны жабуға бағытталған
мемлекеттің экономикалық, оның ішінде валюталық, ақша-несие және қаржылық
іс-шараларының жиынтығы. Төлем балансын қатынастың түрлі әдістері
қолданылады.[7]
Төлем балансы тапшылыққа ұшыраған елдерде экспортты ынталандыру, тауар
импортын ұстап тұру, шет ел капиталын тарту, капиталды сыртқа шығаруды
шектеу мақсатында келесідей іс-шаралар қолданылады:
Девальвация бұл – ұлттық валюта бағамын төмендету экспортты
ынталандыруға және тауар импортын ұстап тұруға бағытталған.
Валюталық шектеулер – резидент және резидент еместердің валютамен
операцияларын лимиттеу мен регламентациялауға байланысты әкімшілік және
құқықтық тыйым салу.
Валюта бағамы - бұл, әр түрлі мемлекеттердің ақша өлшемдерінің
арақатынасы, яғни басқа елдің ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша
өлшемінің бағасы.
Валюта бағамына әсер ететін факторларды атап кетуге болады:
➢ тұтынушылар талғамының өзгеруі;
➢ инфляция қарқыны;
➢ төлем балансының жағдайы;
➢ пайыз мөлшерінің деңгейі;
➢ валюта нарығының қызметі және алып-сатарлық валюталық операциялар;
➢ еуронарықта және халықаралық есеп айырысуларда белгілі бір валютаны
пайдалану деңгейі;
➢ ұлттық және әлемдік нарықта валютаға деген сенім деңгейі.
Айырбас бағамының өзгеру индексін есептеу әдістемесі кезең бойынша
жүргізілінеді:
1. базалық кезеңмен салыстырғандағы есептік кезеңдегі ұлттық валютаның
айырбас бағамының өзгеру индексін есептеу:
∆ Si = Sit Sio мұндағы:
∆Si - шет ел валютасы бірлігінде берілген есептік кезеңдегі ұлттық
валютаның айырбас бағамының өзгеруі;
Sit - есептік кезеңдегі ұлттық валюта бағамы;
Sio -базалық кезеңдегі ұлттық валюта бағамы;
2. Номиналды тиімді айырбас бағамының индексін - NEER есептеу(Қосымша):
NEER = 100*Пi (∆ Si)W
мұндағы: Пi - туынды, W - республика тауар айналымындағы елдің үлес
салмағы.
3. Нақты тиімді айырбас бағамының индексін - REER есептеу:
REER= Пi [NEER* (РdРif)], мұндағы:
Рif - i-еліндегі баға деңгейі;
Рd - қарастырып отырған елдің ИПЦ.
Индекстің өсуі ұлттық валютаның басқа да саудаласатын елдердің
валютасымен салыстырғанда қымбаттауын көрсетеді. Индекстің өсуі немесе
төмендеуі басқа ел валютасына қатысты ұлттық валютаның қымбаттауын немесе
арзандауын көрсетеді.
Валюта қатынас бағамының әдістің бір түрі болып валюталық интервенция
табылады.
Халықаралық валюта қорының валюта бағамын қатынасына қатысты қоятын
талаптары келесідей:
1) Валюта бағамын төлем балансын қатынас кезінде туындайтын
қиыншылықтарға қарсы немесе белігілі бір артықшылықтар алу
мақсатында қолданбау қажет;
2) Халықаралық валюта қорына мүше басқа да елдермен қатар ұлттық валюта
бағамының алып-сатарлық құбылуына қарсы тұру үшін валюталық нарықта
интервенцияны жүзеге асыру.
Валюталық интервенция мынадай үш нәтижеге алып келуі мүмкін:
1. валюта бағамының өзгеруіне;
2. валюта резервінің диверсификациясына;
3. ақша массасының өзгеруіне.
Валюталық интервенция тиімділігінің критерийлері:
➢ бағыт критерийінің мәні мынада, егер валюта бағамының қозғалысы
интервенция бағытымен сәйкес келсе, онда интервенция тиімді деп
саналады;
➢ түзету критерийі валюта бағамының құбылуын түзетумен байланысты. Бұл
интервенция орталық банктен көрсетілетін күш трендтің өсуін баяулатқан
кезде тиімді болады;
➢ айналым критерийі, бұл кезде тек 1-ші критерий орындалған кезде ғана
емес, сондай-ақ алдыңғы кезеңдегі валюта бағамының болуы толығымен
жойылған кезде тиімді деп саналады.
Интервенцияны жанама және тікелей деп екі түрге бөлуге болады.
Жанама интервенция - қаржы құралдарының мерзімін, көлемін, табыстылығын
пайдалану. Тікелей интервенция - орталық банктің ресми бағамын, капитал
ағынын қатынас[8]
Ақырғы объектілерді қатынасді оптимизациялау үшін орталық банк
валюталық қатынастың кезең аралық объектілерін - резиденттер мен резидент
еместер жүргізетін валюталық операциялар деп бөледі.
Валюталық қатынасті ұйымдастырудың негізгі қағидалары:
➢ аймақтық;
➢ экономикалық анықтылық;
➢ валюталық операциялардың негізділігі;
➢ валюталық операцияларды жүргізу кезіндегі банктердің монополиялығы;
➢ резиденттердің шет елде авуарды иемдену құқығын шектеу;
➢ мерзімді операцияларды қатынас;
➢ банктің валюталық позициясын қатынас;
➢ валюталық операцияларды категорияларға бөлу;
➢ алыпсатарлық операциялармен айналысуға тыйым салу.
Валюталық қатынастың тікелей және жанама әдістерін атап кетуге болады.
Тікелей валюталық қатынас заң актілері және де атқарушы органдардың іс-
әрекеттері арқылы жүзеге асырылса, ал жанама валюталық қатынас - нарықтың
экономикалық агенттерінің іс-әрекеттеріне экономикалық әдістерді, оның
ішінде валюталы-несиелік әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, топтастыруды тағы да былай толықтыруға болады: экономикалық
және әкімшілдік әдістер.
Экономикалық әдістерге:
➢ валюталық интервенция;
➢ девальвацияревальвация;
Ал, әкімшілдік әдістерге:
➢ валюталық шектеулер;
➢ ұлттық валютаның айырбасталуын қатынас жатады.
Халықаралық несие.Халықаралық несиелік қатынастардың қазіргі әр алуан.
Олар заемдық қаражаттарды пайдаланудағы дүниежүзілік шаруашылық
қажеттіліктің өсуін көрсетеді. Халықаралық несие олардың тағайындалуына,
экономикалық мазмұнына,несие беру көздеріне қарай жіктеледі. Халықаралық
несиелер көбіне сыртқы сауда ағымдарына қызмет етумен,нинвестициялық
объектілерінің құрылысын қаржыландырумен, көрсетілген қызметтерге ақы
төлеумен, ең бастысы ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей
байланысты келеді. Сонымен қатар, халықаралық несиелердің маңызды бөлігі
тек ғана нақты сыртқы экономикалық мәмілелерді қаржыландыру үшін емес, сол
сияқты банкаралық несиені беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу
мақсатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер- бір
жағынан, жеке және мемлекетаралық несие түрінде қарастырылған.[9]
Енді осы екі несие формаларын жеке қарастырамыз. Халықаралық сауданы
экспорттық несиелеудің ерекшелігі – оның кредитор елінен экспорттық
жабдықтауымен өзара байланысты болып келуі, бұл несиелерді халықаралық
несие нарығындағы ерекше категория ретінде бөліп қарауға негіз болады.Бұл
жерде импортер мен экспортерлер де өздерінің шетелдік контраагенттерінен
немесе оларға қызмет көрсетуші банктерден тікелей несие алады. Несиенің
берілуі сыртқы сауда конрактісінің жасалуымен байланысты. Несиенің көлемі,
оның мерзімі пайызды төлеу және қайтару шарты экспортер мен импортер
еліндегі экономикалық және саяси жағдайларға, тауардың түріне, екі жақтың
өзара қарым-қатынасына тәуелді.
Экспорттық несиелер өнеркәсібі дамыған елдер арасында жиі қолданылады.
Экспорттық несие берудің көлемі ғана емес, сондай-ақ қаржыландыру әдістері
де өзгеруде. Жаңа несиелік құралдар пайда болып,несиелік операцияға
қатысушылар құрамы кеңейеді, қатысушылардың өзара қатынасу жүйесі
жетілдірілді, кейбір қаржыландыру көздерінің ролі мен маңызы төиендеді.
Импортерлерге өнім жабдықтаушыларының беретін несиелері, сондай-ақ
импортерлердің ұзақ мерзімді несиелерді коммерциялық банктерден тікелей
алуы (коммерциялық несиені) салыстырмалы түрде қарағанда сирек
болатынқұбылыс. Ең бастысы, сыртқы сауда операциялары кейде қолма-қол
ақшаға, кейде қысқа мерзімде есеп айырысу формалары негізінде жүзеге асты.
Экспортты қысқа мерзімді қаржыландырудың (6 айға дейін) басты құралы
сауда векселі болды. Бұл мәмілелер экспортер мен импортер арасындағы
несиелік қатынастардың болуын қаламады және олар сыртқы сауда
контрактілерінде көрсетілмейді
Несие беру негізінен ірі банктер арқылы жүзеге асты, олар
экспортерлердің тауарды жөнелту туралы құжаттарына қарсы алған тратталарын
есепке алып, тауарды сатушыларға тратталарды ақша нарығында сатуға келісім
береді. Несиелік операциялар импортер банкі мен вексель бойынша кепіл
роліндегі келісім беруші банк арасында корреспондентік қатынасқа
негізделіп, экспортер үшін жабдықталуына мүмкіндік береді. Сол уақыттарда
экспортерлердің банктері ұзақ уақыт бойы өздерінің қаражаттарының
қозғалыссыз қалуына қашып, сыртқы сауда мәмілелерінде жанама қатысушы
ретінде ғана қалып отырды.
Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыруға қажеттілік халықаралық
коммерциялық несие берудің басқа да формалары есебінен қанағаттандырылады:
• шетелдік сатып алушыларға тауарларын шығаратын өндірушіге
• тікелей берілетін фирмалық несиелер;
• экспортталатынбұйымдарменкөрсетілет інқызметтерді
жабдықтаушылары мен сатып алушыларына берілетін банктік несиелер;
• әр түрлі мемлекетаралық келісімдер шегінде берілетін несиелер.
Тікелей банктік несиелеудің әрі қарай жетілдіруі нәтижесінде сыртқы
сауда операцияларын қаржыландырудың мынадай формалары: факторинг,
форфейтинг, экспортты ынталандыруда жиі пайдаланылатын лизинг сомалары
пайда болды.
Қорытындылай келе, валюта-несиелік қатынас экономикалық өсу
тұрақтылығын қамтамасыз етуде қолданылатын маңызды құралдардың бірі болып
табылады.

1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану жолдары
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын
дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану
арқылы сыртқы экономикалы қ байланыстарды қаржылық реттеу маѓызды рөл
атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтiң ырьгқтануы жағдайында валюта
түсiмдерiнiң негiзгi көлемi кәсiпорындардың меншiгiнде болады. Алайда
халықаралық қатынастарға мемлекеттiң қатысуы және ұлттық валюта-теңгенi
нығайту үшiн бүкiл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы құрамындағы әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар деңгейiнде де
орталықтандырылған валюта қорлары құрылады. Мемлекеттiң,мемлекеттiк
емес сектордың валюта ресурстары валюталык, операциялар жасалынған кезде
қалыптасып, пайдаланылады. Валюталық операциялар - бұл: меншiк құқығының
және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуiне байланысты, соның
iшiнде шетел валютасы төлемдерi мен шетел валютасындағы төлем құралдарын
каражат ретiнде пайдалануға байланысты мәмiлелер; валюталық құндылықтарды
кез келген тәсiлмен елге немесе елден әкелу әкету және жөнелту; ұлттық
валютаға, сондай-ақ номиналы мен (немесе) құны ұлттық валютада корсетiлген
бағалы қағаздар мен телем құралдарына меншiк құқығы мен басқа құқықтардың
ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердiңар арасындағы
мәмiлелер. Валюталық операциялар
ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты операцияларға
бөлiнедi.Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:
тауарлар мен қызметтерге төлем мерзiмi ұзартылмаған есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшiн ақша аудару;экспорт-импорт мәмiлелерi
бойынша 180 күннен аспайтын мерзiмге кредит беруге байланысты есеп
айырысуларды жүзеге асыру; 180 күннен аспайтын мерзiмге кредиттер беру және
кредиттер алу;депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар
бойынша ақша аудару және дивидендтер, пайыздар, тағы баска кiрiстер
алу;сауда түрiне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлiк
сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетакылар, алименттер және өзге
операциядар Капитал қозғалысына байланысты операциялар мыналарды
қамтиды:инвестициялар;жылжымайтын мулiктiң мұлiктiк және басқа да
құқықтарына төленетiн ақша аударымдары;180 күннен астам мерзiмге экспорттық-
импорттық мәмiлелер бойынша кредит беру жәнс алу.Валюталық операциялар:
экспорт, импорт, қызметтеркерсету, капиталды инвестициялау, халықаралык,
мемлекеттiкжәне коммерциялық кредит, экономикалық көмек көрсету,елдiң алтын-
валюта резервтерiнiң қозғалысы, дипломатиялық және басқа органдарды ұстау,
шетелдiк iссапарлар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекетаралық
трансферттер, мәдени, ғылыми, техникалық ынтымақтастық және сыртқы
экономикалық қызметтiң басқа түрлерi кезiнде жасалады.Елдегi пайдаланылатын
барлық валюталық ресурстардың түсу көздерi болуы тиiс, сондықтан сыртқы
экономикалық қызметтiң аталған түрлерiнiң көбiсi валюталық ресурстардың
орнын толтырады, одан қаржыланады.Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының
құрамды бөлiгi болып табылады және ұқсас орталықтандырылган (мемлекеттiк)
және орталықтандырылмаган (шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң ресурстары)
болып бөлiнедi.Мемлекеттiк валюта ресурстары мыналардың есебiнен
қалыптасады; экономиканың мемлекеттiк секторының – кәсіпорындардың,
ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.б. өнiмiн,
тауарларын және қызметiн экспортқа шығарудан түскен түсiм- ақшадан;тауарлар
мен жүктердiң кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөнiндегi операцияларды
дайындау кезiндегi шетел валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерiнен
келiсiмшарттардың, мәмiлелердiң, контракттардың шетелдiк қатынасушылары
төлейтiн сапықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетiн түсiмдерден;
валюталық занды бұзғаны үшiн шетелдiк валютада төленген айыппұлдар мен
өсiмнен; шетел банктерiне және басқа қаржы ұйымдарына депозиттердi
орналастырудан түсетiн түсiмдерден, сондай-ақ шетелдердегi мүлiк пен
активтердi пайдаланғаннан алынған табыстардан;шетел мемлекеттерiнiң,
банктерiнiң, халықаралық және мемлекетаралық каржы ұйымдарының кредиттерi
мен қарыздары-нан валютадағы гранттар мен тегiн кемек түрiндегi
түсiмдерден.Валюталық ресурстар көбiнесе мемлексттiң қарамағына шо-
ғырландырылады. Басым мәселелердi орындау үшiн немесе жалпы мемлекеттiк
ресурстардың бiр бөлiгi жергiлiктi органдарға берiлуi мүмкiн. Бұдан басқа,
билiктiң жергiлiктi органдары валютаны валюта нарығында сатып ала алады.
Мемлекеттiң уәкiлеттi органдары мен оның қаржы агенттерi де банкаралық
биржада валютаны сатып алушылар бола алады.Мемлекеттiң валюта ресурстары
былайша пайдаланылады:
Ұлттық банк: " валюталық басқыншылықтарды" - елдегi
тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiң
стратегиялық жоспарлармен анықталатын, реттелетiн деңгейде
ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны са-
туды жузеге асыру үшiн; Ұлттық банктiң қарыздары мен басқа мiндеттемелерi
бойынша есеп айырысу үшiн;
Қаржы министiрлiгi: қарыздар туралы келiсiмшартпен
белгiленген уақытта сыртқы берешектi өтеу графигi бойынша
жабу үшiн; халықаралық ұйымдардағы мүшелiк үшiн жарна-
лар төлеу; елшiлiктердің, консульдықтардың, өкiлдiктердiң
және басқа елдердегi осындай органдардың жұмысын қаржы-
ландыру үшiн;
Үкiмет органдары: мемлекеттiк қажеттердi - тауарлар мен
көлшiлiк қолды бұйымдарды импорттау жөнiндегi орталықтан-
дырылған сатып алуды қанағаттандыру үшiн;
Басқарудың жергiлiктi органдары — коммуналдьқ шаруа-
шылықтың,өндiрiстiк емес сфераның қажеттiлiкгерiн, аймақ-
тардың жергiлiктi инфрақұрылымын дамытуды, халықтың түрлi
елеулi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн.
Валюта қаражаттары түсiмдерiнiң мүмкiн болатын көзi келiсiмшарттарды,
арбитраж органдары белгiлеген контракттар бойынша мiндеттемелердi, басқа
елдердiң сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдердi
орындамағаны үшiн алынатын компенсациялар болып табылады.
Валюта ресурстарының аталған коздерiнiң қаражаттары жи-ынтығында
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң валюта қорларын құрады, бұл қорлар
субъектiлер ұжымдарының өндiрiстiк және әлеуметтiк дамуынын әр түрлi
мақсаттарына пайдаланылады („Кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары,,
бөлiмiн қараңыз). Валюта қорларын пайдаланудың мүмкiн бағыттары мыналар
болып табылады:
1) дүниежүзiлiк рыноктарда жұмыс iстейтiн компаниялардың, фирмалардың
экспорттық әлуетiн ұлғайту;
импортты алмастыратын өнiм өндiрудi ұйымдастыру не-
месе мұндай өнiмнiң қолданыстағы өндiрiсiн ұлғайту; бұл мақ-
саттарды жүзеге асыру үшiн валюталық ресурстар есебiнен құрал-
жабдық, саймандар, материалдар, технологиялар, лицензиялар,
ноу-хау сатып алынады, негiзгi құралдардың лизингi жөнiндегi
операциялар жүргiзiледi, шетел мамандары шақырылады, кадр-
ларды оқытады.
валюталық кредиттердi және оларды пайдаланғаны үшiн
пайыздар өтеу;
мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға
сыртқы нарықтарда операциялар жасауға жәірдемдесу жөнiндегi
қызметтерi үшiн комиссиялық сыйақылар төлеу;
Кесте 3 – Валюта бағамдар өзгерісінің экспорт пен импорт көлеміне әсері
Бағамдар нұсқалары

КӨРСЕТКІШТЕР

1-қалып-ты2-тө-менде3-
тiлген Көтерiңкi
1 2 3 4
Бағамдардың арақатьнасы (шет, ақша өлш.:
ұлт. ақша өлш.) 1:120 1:110 1:150
- Ақшаның бастапқы сомасы (мың ұлт. өлш.)10000
- А. Тiркелген бағамдар
Экспорт
- Алынған экспорттық түсiм-ақша (мың шет.100 100 100
ақша өлш.)
- Белгiленген бағам бойынша қайта
саналған экспорттық түсiм-ақша (мың ұлт. 1200 1100 1300
акша өлш.)
- Валюталардың қалыпты бағамының - 100 100
шарт-тарынан ауытқу (мың ұлт. өлш.)
Импорт
Отандық импортшы үшiн:
Шетеддiк валютаға кайта саналған акшаның 66,7 71,4 62,5
сомасы (импорт құны, мың шет. ақша өлш.)
- Ішкi нарықтағы сатудың көлемi (нарықтық10000 10710 93,75
шарттар бойынша мың ұлт. олш. 1:120) - 710 625
- Валюталардың қалыпты бағамы - ның шарт-
100 100 100

тарынан ауытқу (мың. ұлт. өлш.)
2. Шетелдiк импортшы үшiн: Жеткiзiлiм
көлемi (мын. шет. олш.)
Өткiзуден алынған табыс (мың ұлт. өлш.) 1200 1200 1200
Шетелдiк валютаға кайта саналған
өткiзуден алынған табыс (мың ұлт. өлш.) 100 107,5 93,7
Шетелдiк импортшы үшiн ауытқу (мың шет.
өлш.) - 7,1 -6,3
1 7
Б. Икемдi бағамдар
Экспорт
Жеткiзiлiм көлемi (мың ұлт. өлш.) 10000 10000 10000
Шетел нарығында сату (мың ұлт. өлш.) 66,7 71,4 62,5
Еркiн бағам бойынша ұлт. өлш. қайта
саналған өткiзуден алынған табыс (мың 10000 10000 10000
ұлт. өлш.)
Импорт
1. Отандық импортшы үшiн:
Валютаға қайта саналған қаражаттардың 66,7 71,4 62,5
сомасы және сатып алу көлемi (мың шет.
өлш.)
Ішкi нарықтағы сатудың көлемi (мың ұлт. 10000 10000 1000
өлш.)
Шетелдiк импортшы үшiн:
Шетелдiк өлшемдегi жеткізiлiм көлемi (мың100 100 100
шет. өлш.)

Өткiзуден алынған табыс (мың шет. өлш.) 1200 1100 1100
Валютаға қайта саналған өткiзуден алынған
түсiм ақша (мың шет. өлш.) 100 100 100

Валюта бағамы-бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа елдiң ақша бiрлiгiмен
салыстырғандағы құны ретiнде анықталады. Валюта бағамы 2 негiзгi түрге
бөлiнедi: бекiтiлгенкесiмдi және қалқымлы бекiтiлген бағам негiзiнде
валюталық паритет жатыр, яғни, әртүрлi елдердiң ақша бiрлiктерiнiң ресми
белгiленген қарым-қатынасы. Оны біз 3-ші кестеден көре аламыз.
Импорт кезiнде (шетелдiк импортшы үшiн) шетел валютасы баѕғамының
жергiліктi валютаға салыстырмалы төмендеуi жергiлiктi нарықта
мүмкiндiктердiң кеңейгендiгiн бiлдiредi және керiсiншс, бұл бағамның артуы
импортталатын тауарларға бағаның өсуiне байланысты нарықтың тұқыруына
ұрындырады .
Отандық импортшылар үшiн бағамдардың ауытқулары ше-тел тауарларын сатып
алу жөнiндегi мүмкiндiктерiнiң озгеруiн бiлдiредi.
Сөйтiп, валюта бағамы экспорт пен импорттыѓ колемiне әсер етедi,ол, өз
кезегiнде, қаржы құралдары — экспорт мен импортқа салынатын салықтар, кеден
баждары арқылы алынатын және бөлiнген қаржы ресурстарының мөлшерiне және
мемлекеттiң де, сондай-ақ экспорттық өнiмдi, тауарды, қызметтердi
ендiрушілердің де немесе оларды тұтынушыларды да қаржы жағдайында ықпал
жасайды[3]

ІІ. ҚР ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҒЫ МЕН ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕҢГЕ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА
ӘСЕРІ

1. Валюталық нарық және валюталық бағам оның экономикаға әсері

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырусыларды жүзеге асыруды, валюталық
қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық операцияларға
қатысушылардаң валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық
тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюта жүйесінің мәні, құрылымы
Қазақстан Республикасында валюта нарығын реттеу
Монометаллизм және бейметаллизм
Валюталық операциялар
Халқаралық валюта қатынастары
Халықаралық валюта қатынастары туралы
Халықаралық валюта қатнастары
Халықаралық валюта қатынастары жайлы
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Халықаралық валюта қатынастары
Пәндер