Колорадо үстіртіндегі Колорадо өзенінің аңғары
Жоспары:
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 3-4
ІІ. Негізгі бөлім. 5 - 31
1) Қазақ жерінің көркі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 5-
10
2) Шарынның пайда болуы мен зерттелуі ... ... ... ... .. 11-14
3) Шарынның ерекше мүсіндері ... ... ... ... ... ... ... 15-20
4) Мойнақ СЭС-і табиғатқа пайдалы ма? ... ... ... ... ... 21-23
5) Шарын шаған тоғайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24-27
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28-29
ІV. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Аннотация
Бұл ғылыми жұмыста Шарын шатқалының туризмі, геологиясы, экологиясы,
пайда болуы мен зерттелуі туралы толық мағлұмат бар және Шарын шатқалында
туризмді дамытудың шаралары, Шаған тоғайының экологиялық проблемасын алдын
алу жолдары ұсынылған.
Аннотация
В этой научной работе есть полный материал про туризм, геологию,
экологию Шарынского каньона и как можно развивать туризм Шарына,
предотвратить экологическую проблему Шаганского леса.
Annotation
In this scientific work there is full material about tourism, geology,
ecology Sharyn canyon and as possible develop the tourism of Sharyn,
prevent the ecological problem Shagan wood.
Кіріспе
Қазақ даласы таңғажайып табиғатқа өте бай. Әсіресе, Сарыарқа,
Жетісу өңірлері. Алайда, Шарын шатқалы Жетісудың көркем табиғатынан кем
түспейді. Шарын шатқалы Шарын өзенінің жағалауында 154 шақырымға созылып
жатыр. АҚШ-тың Аризонасындағы Гранд Каньонға ұқсайтын Шарын шатқалы
еліміздің шығысында Қытай шекарасына жақын жерде орналасқан. Шатқал шамамен
12 млн жылдар бұрын пайда болған. Туристердің жиі баратын жері “Қамалдар
аңғары”. Шынында да шатқалдың бейнесі қатарынан тізілген қамалдарға
ұқсайды.
Шарын шатқалы – әлемнің түкпір-түкпірінен келгендерді ерекше таң
қалдыратын Қазақстан табиғатының гауһар тәжін киген ғажайып жері.
Шарын шатқалы шамамен осыдан 5 миллион жыл бұрын түзілген. Шарынның
биіктігі 20-100 метрге дейін жететін шатқалдарының ортасынан Шарын өзені
жарып өтіп жатыр. Алматы қаласының шығысында 193
шақырым жерде орналасқан Шарын шатқалының флорасы мен фаунасы алуан түрлі.
Менің ойымша, Шарын шатқалынан ешқандай әдемі, сұлу көркем жер жоқ.
Өйткені мұнда не керек, соның бәрі де бар. Ұзыннан - ұзаққа созылған
жартастар, тау тастар, табиғат қолынан жасалынған қамал - мүсіндер
және де, ең бастысы, ағып жатқан өзен. Шарын шатқалы ертеде
қалыптасқан. Ал қазір ол әбден мүжіліп, сыртқы әсерлерден әдемі, қамал
тәріздес мүсіндерге айналған. Бұл өңiрде алып таулардың қамал тәріздес
келбетi көз қарықтырады.
Шарын шатқалы – нағыз экзотикалық демалыс орындардың бірі. Ерекше
шайылған формалар, желденген рельефтер әр адамды ертегідегі құм тауларынан
жасалған ескерткіштер әлеміне алып кетеді: “Қамалдар аңғары” , “Жалмауыздар
шатқалы” және т.б. құмды жардың биіктігі 150-300 метрге дейін жетеді.
Қазіргі заманға сай көп мемлекеттер үкімет қаржысын туризм саласы
арқылы толықтырады. Біздің мемлекетіміз туризмді дамытса немесе
жандандырса, онда бізде де қаржы көзі болады. Қазақстанда туризмнің
дамуытудың алғышарттары жақсы дамыған. Өйткені Шарын шатқалында туризмді
дамытудың алғышарттары бар.
Бұл ғылыми жұмыста Шарын шатқалының қазіргі және болашақтағы туризмі,
жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың геологиясы, жалпы
экологиясы, ерте замандарда пайда болуы мен зерттелуі туралы толық
мағлұматтар бар. Шарынның болашағы өте зор. Егер де біз рекреациялық
орындарды тиісті бағалап пайдалансақ, Қазақстан туризм жағынан жақсы дамуы
мүмкін.
Туған жердің табиғаты алуан түрлі әр-қилы, сұлу. Сіздер де уақыт
болғанда барып қайтыңыздар, өкінбейсіздер! Таза ауа жұтып, қаланың әбігерге
тола дағдылы күндерінен демалуға септігі тиеді. Шарын шатқалына бармағанда,
мұндай сұлулықтан хабарсыз жүре берер ме едім?
Қазақ жерінің көркі
Каньон (шатқал – испанша canon) - өзендердің жуып-шаюынан пайда
болған терең, тар әрі беткейлері тік өзен аңғарлары. Шатқал бүйірлік эрозия
әлсіз, ал тереңдік эрозия басым болған жағдайда пайда болады. Тығыздығы әр
түрлі, қабат жыныстардан құралған аймақтарда шатқал аңғары сатыланып
келеді. Дүние жүзіндегі ең үлкен шатқал – Солтүстік Америкадағы Колорадо
өзеніндегі Үлкен шатқал. Қазақстанда – Іле өзенінің саласы – Шарын өзені
бойында кездеседі. Шатқал теңіздер мен мұхит түбінде де қалыптасады. [2]
Үлкен шатқал (Grand Canyon), Колорадо Үлкен шатқалы – АҚШ-тың
Колорадо үстіртіндегі Колорадо өзенінің аңғары. Дүние жүзіндегі ең терең
өзен аңғарларының бірі. Әктас құмтас және тақтатастан тұрады. Оның
тереңдігі 1600-1800м, ұзындығы шамамен 380-446км, ені үстірт үсті бойында 8-
25км, түбіне қарай 1км-дей (жеке бөліктерінде 120м) болады. Шатқал шегінде
Колорадо өзені ағысының жылдамдығы 25 кмс. Жер бедерінің өзіндік пішіндері
кездеседі (Мұнара, Қамал, т.б.), тау жыныстары жалаңаштанған. Үлкен
шатқалында Гранд-Каньон ұлттық табиғи саябағы құрылған. Шатқалда туризм
саласы жақсы дамыған. [1]
Сол Колорадо шатқалының айнымас бөлшегiндей жер шарының өзге
жартысында Шарын шатқалы жатыр. Шарын шатқалын кейде Шарын каньоны деп
атайды. Каньон испан тілінде - мұржа, құбыр дегенді білдіреді екен. Ал
энциклопедиялар мен анықтама кітаптарында каньон туралы биік құз
беткейлері бар ұзын жіңішке шатқал, әдетте оның түбінде өзен ағады деп
жазады. Бұл өте дәл анықтама, бірақ негізінде каньон дегеніміз суреттеуге
тіл жетпейтін ғажайып сұлу жер. [3]
Шарын шатқалы – Алматы облысындағы Шарын өзенінің төменгі
ағысындағы жартасты табиғи өңір. Палеоген дәуірінен келе жатқан бірден-бір
табиғат ескерткіш. Негізгі шатқалмен сұлулығы одан кем түспейтін, көптеген
басқа шатқалдар түйіседі. Алайда, Қамалдар Аңғары мен Жалмауыздар
шатқалы бәрінен әйгілі. Өзінің ғажап сұлулығы мен тастан қашалған сәулеті
арқылы, кімнің нағыз шығармашылық иесі екендігін табиғат қайта-қайта
дәлелдеп келеді. Шарын шатқалы – ең ірі экзотикалық орындардың бірі. Ерекше

жасалған ескерткіштер әлеміне алып кетеді. Шарын шатқалын кейде Қызғылт
қамалдар аңғары деп те атайды. Бұл аумақтың жер бедері ерекше тілімденіп
неше түрлі тік жарлар, терең жыралар құрайды. Мұндай жерлерді ғылыми тілде
бедланд (ағылшынша – ұсқынсыз жер) деп атайды.
Шатқал оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Шарын өзенінің
бойымен 154 шақырымға созылған. Жартастарының биіктігі 150-300 метрге дейін
жетеді. Негізгі Шарын шатқалының тамаша көрінісін Көртоғай, Сарытоғай
қоныстарының аралығындағы 30 шақырымдай бөлігі құрайды.
Шарын шатқалының түбімен ағатын өзенде сирек кездесетін жалаңаш
осман балығы бар. Ландшафтысының әркелкілігі флора мен фаунаның әр түрлі
болуын қалыптастырған. Өсімдіктер мен жануарларының 34 түрі Қазақстанның
Қызыл кітабына енген. Мұнда сүтқоректілердің 60 түрі, ұя салатын
құстардың 300 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 20 түрі кездеседі. Негізгі
Шарын шатқалына бірнеше басқа каньондар жанасады. Мысалы, өзеннің оң жақ
сағасындағы Темірлік каньоны. Жергілікті жердің бірегей ландшафтары
Қорғандар аңғарына немесе Жалмауыздар шатқалына апарады. Табиғи
саябақта өсімдіктердің 940 түрі өседі. Шарын шатқалын кейде Қызғылт
қамалдар аңғары деп те атайды. Жер бедерінің мұндай ерекше пішінді болуы
дүние жүзінде АҚШ-тағы Колорадо штатында (Үлкен каньон) ғана бар. Шарын
каньоны өзіндік табиғи көркем ландшафты-палеонтологиялық туризм нысаны
екені анық. [1]
Шарын шатқалының ғажап мұнарасы аспанмен таласуда. Оның
бүйірлерінде тағы 11 коньон бар. Ал оның Қамалдар аңғары деген атауға
қаншалықты сай екеніне артқа қарағанда көз жеткізуге болады. Сонда алып
тастардан бекіністер мен сарайларға ұқсас көрініс ашылады. [3]
Шарын өзені аңғарында Шарын шаған тоғайы сақталған. Мұндай тоғай
дүние жүзінде АҚШ-тағы Колорадо штатындағы Үлкен шатқал мен осы Шарын
шатқалында ғана кездеседі. Шаған тоғайын қайталанбас сұлулығы үшін Жетісу
маржаны деп аталған. Шарын шаған тоғайы неоген кезеңінен сақталып қалған.
Тоғай – Алматы облысындағы Іле өзенінің сол жақ саласы шарын өзенінің
ортаңғы ағысында, Сарытоғай елді мекеніне жақын жерде орналасқан. [1]
Шарын ұлттық табиғи саябағы – Алматы облысының Еңбекшіқазақ,
Райымбек және Ұйғыр аудандарында орналасқан мемлекеттік саябақ. Оған бару
үшін қаламыздың оңтүстік-шығыс шекарасын артқа
тастап, Алматы-Нарынқол тас жолына түсеміз. Бұл жолды әрине керемет
автромагистраль деп айтуға келмес. Дегенмен, ол жақсы жабдықталған, жол-
жөнекей дәмханалар мен жанар-жағармай бекеттері жиі кездеседі. Бұрын оның
асфальт төселмеген, қарсы бағытта кездескен екі көлік әзер сиысатын тар жол
болғанын қазір көзге елестету қиын. Ал одан да бұрынырақ ол Ұлы Жібек
жолының бір бөлігі болған. Жол-жөнекей біз Гүлдала, Алатау кенті, Панфилов
ауылы, Новоалексеевка, Құлжа, Бірлік, Балтабай және тағы басқа елді
мекендердің үстінен өтеміз. Бұл бағыт бастан- аяқ Іле Алатауының етегімен
өтеді. Жолдың жартысын бағындырған соң, тауларға көз тастасаң, олардың күрт
аласарғанын байқайсың. Іле Алатауының жотасы болып табылатын Тянь-Шаньның
өзі көптеген жоталарға бөлініп кетеді. Мұнда мұздықтар да , қар жамылғылары
да көрінбейді. Жазық даланың өсімдіктер әлемі аса шүйгін емес. Шөлейт
аймаққа тән сипат, ауа құрғақтығының арта бастағаны сезіледі. Одан соң
бірнеше шақырымнан кейін, Шелек, Нұрлы, Байсейіт ауылдары мен Көкпек
асуынан асқанда, шөлді аймаққа кезігеміз.
Шөл даланың әр түрлі болатындығы және бір-біріне қатты ұқсамайтыны
белгілі. Олар топырағымен, өсетін өсімдіктерімен, мекендейтін жануарларымен
ерекшеленеді. География ғылымы шөлді 4 түрге бөледі; Олар - құмды,
балшықты, тасты және тұзды. Тасты шөлде біздің бағытымыздың келесі нүктесі
- Көкпек асуы жатыр. Іле Алатауы да артта қалды, біз оның тек шығыс
сілемдерін көреміз. Ал, Көкпек сайы біз бет алған Сөгеті-Бөгетті тауларын
кесіп өтеді. Дәл осы жерде әйгілі Шарын шатқалы орналасқан.
Шарын шатқалының тереңдігі 300 метр. Ол - Қамалдар аңғары,
географиялық атауы Қызыл шатқал. Оның ұзындығы 3 шақырымға жуық. Жағалауы
балшық, құм, қиыршық тас секілді тау жыныстарымен көмкерілген. Егер
қамалдарға анықтап көз салсаңыз, олардың қабырғаларындағы өте нәзік
графикалық суреттер - түстері әртүрлі бірнеше қатпарлардың алма кезек
қайталануы арқылы пайда болғандығын байқайсыз. Геологтар үшін бұл қатпарлар
- ежелгі таулардың бұзылу процестері – денутациядан хабардар ететін тастар
жылнамасы. Жалпы Қазақстанның тұтас 12 геологиялық кезеңнен өткенін
ескерсек, бұл тым үлкен мерзім. Осынау қатпарлар су мен аңызық желдің
әсеріне ұшыраған. Демек , каньон мұнда пайда болған таңқажайып пішіндер
үшін миллиондаған жылдар бойы шығармашылықпен айналысып, талантты
мүсіншідей еңбектенген жел мен суға қарыздар. Ой-қиялыңызға бір сәт ерік
берсеңіз, мүсіндерден алып құбыжықтарды да, түйелер мен кемелерді де,
ұшатын табақшаларды да көруге болады. [3]
Шарын ұлттық саябағы 2004 жылы ұйымдастырылған. Жер көлемі 93,2
мың га. Саябақ 1964 жылдан бері республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші
ретінде қорғалып келді. Шарын ұлттық табиғи саябағы Үлкен Бөгеті тау
жотасын, Сөгеті аңғары мен шекаралас шөлді жерлерді Шарын өзенінің
бойындағы Қызғылт қамалдар аңғарын, сол маңдағы далалы алқапты және
Торайғыр тауы беткейлерін қамтиды. Саябақ аумағынан Шарын өзеніне тау
беткейлерінен басталатын Шалкөдесу, Кеген, Қарқара, Кенсу, Орта мерке, Шет
Мерке, Темірлік, тағы басқа ұсақ өзендер қосылады. Саябақтың ауа райы
құрғақ қоңыржай, жауын-шашынның жылдық мөлшері 150 мм-дей. Шарын ұлттық
табиғи саябағында геологиялық ежелгі кезеңдерден сақталып келе жатқан
Қызғылт қамалдар аңғарынаң кескін-келбеті өте таңданарлық. Шарын өзенінің
миллион жылдар бойы жуып-шаюынан өзен аңғарында ойдым-ойдым қызғылт түсті
шатқалдар пайда болған. Дәл осындай табиғаты ерекше шатқал дүние жүзінде
Шарыннан басқа АҚШ-тағы Колорадо штатында ғана кездеседі (Үлкен каньон
шатқалы). Шарын шатқалын кейде Қызғылт қамалдар аңғары деп те атайды. Бұл
аумақтың жер бедері ерекше тілімденіп неше түрлі пішінді тік жарлар, терең
жыралар құрайды. Мұндай жерлерді ғылыми тілде бедланд (ағылшынша – ұсқынсыз
жер) деп атайды. Саябақта өсімдіктердің 940 түрі өседі, оның 60-қа жуық
түрі эндемиктер. Ондағы өсімдіктердің 21 түрі қорғауға алынып,
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Мысалы, Іле сасыры, Зинаида
шөлмасағы, Недзвецкий кекіресі, Жартас далазығыры және тағы басқа. Саябақ
жануарлар түріне де бай. Мұнда сүтқоректілердің 60 түрі, құстардың 300
түрі, бауырымен жорғалаушылардың 20 түрі, балықтардың 10 түрі кездеседі.
Сондай-ақ саябақта сирек кездесетін, қорғауға алынып Қазақстанның Қызыл
кітабына тіркелген омыртқасыздардың 10 түрі және реликтілік Шаған тоғайы
бар. Саябақ аумағынан ерте кездерде тіршілік етіп, кейіннен жойылып кеткен
жануарлардың (пілдердің, мастодонттардың, мүйізтұмсықтардың, қорқау
қастырдың, стенон жылқысының, тағы басқа) қаңқа қалдықтары да табылған. [1]
Көп адамдар Шарынды Солтүстік Американың Юта штаты Колорадо
өзеніндегі американ шатқалына ұқсатады. Белгілі бір ұқсастығы, әрине,
болғанымен, олардың ең үлкен екі айырмашылығы бар: Біріншіден, Американ
шатқалы бұдан әлдеқайда биік әрі үлкен аумақты алып жатыр. Ол бірнеше
штаттар арқылы өтетін тереңдігі 2 мың метр ұзындығы 800 шақырымға жететін
Каньонленд деп аталатын тұтас бір шатқалдар елінен тұрады. Ал Шарын
шатқалының ұзындығы - 100 шаршы шақырымдай. Әйтсе де оның көркем табиғаты
сұлылығы жағынан америкалықтан кем түспейді. Қазақстан шатқалдары АҚШ-
тағындай ашық-қызыл түсті емес, олардың реңі барынша
ұстамды және балшық түстес. [3]
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым
бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Қарап
отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде, оның ішінде
Алматы облысында көптеген мүмкіндіктер бар.
Жетісудың қай аймағын алып қарасаңыз да тұнып тұрған әсем
табиғатымен, мәдени-тарихи орындарымен құнды. Әсіресе сыртқы әсерлер арқылы
қашалған мүсіндер туристердің қызыға қарап, таңданыс білдіретін
жәдігерлері. Осындай қазақ жеріндегі әсем табиғаттарының бірі – Шарын
шатқалы. [4]
Шарынның пайда болуы мен зерттелуі
Шарын шатқалы пайда болуы жөнiнде түрлi болжам айтылады. Шанында,
Шарын шатқалының геологиялық тарихы 300 миллион жылға кетеді. Кейбiр
зерттеушiлер бұл өңiр көне Азияның орталығында Алакөл жағасынан бүгiнгi
Қытай аумағын алып жатқан теңiздiң таяз сулы шығанағы деген жорамалын
ұсынады. Тастай қатқан жасыл түстес саз қабаттан табылған теңiз
жәндiктерiнiң бiзге жеткен қаңқаларынан бiлетiнiмiз бiр кездерi теңiздiң
түбiнде тiршiлiк үшiн өздi-өзi арпалысып қиямет кешкенiн, салқын судың
табанында бiрiмен-бiрi арбасып, теңіз түбінде жорғалап, бір-бірін аулап,
ұрпақ шашқан, ал дем таусылғанда ұйыса тас болып қалатынын сезбеген де
шығар. Уақыт шiркiн ештеңенi кешiрмейдi, жағаға теңiздiң iзiмен шығанақ та
ғайып болды. Бәлкiм, біртіндеп тартылған шығанақ орнында көл пайда болып,
күндердiң күнiнде Торайғыр бөгетi бұзылып тосқауылдың бәрiн ағызып ала
жөнелдi. Әйтеуір шығанақ жоғалып кетті. Әйтпесе мынау сұп-сұр жарқабақ ол
жөнiнде сыр айтпайды, тек сазды қабатта қатып қалған теңiз жәндiктерiнiң
қаңқаларынан ұққандайсыз. Бұл жөнiнде профессор П. Мариковский былай
деп ой түйiндейдi: Бағзы заманда, үштiк кезеңде, 25 миллион жылға
жуық бұрын, жер бетiнде адамзат жаратылмай тұрып, ауқымды да ыстық шөл
орнында үлкен көл толқып жатты. Ол қоршап жатқан тауды жемiре табанына
күштi саз қабатын ұсақ қиыршық тастармен араластыра жинады. Сосын ауа райы
өзгердi, көл құрғады, ал, табанын су шайып отырды. Тiршiлiксiз жалаңаш әрi
өте таңсықтау, сазды таулы өңiр пайда болды.
Ал, Шарын жөнiндегi бiр аңыздың оқиға желiсi былай өрбидi: Жаратқан
ие арбасымен ұшып келе жатады. Жалаңаш жазығының төбесiнен өтiп бара жатқан
тұста байқаусызда отты жебелерiнiң бiрiн қолдан түсiрiп алады. Жан-жағына
жалын шаша төмен құлдилаған жебе зуылдаған күйi жерге көлденеңiнен түсiптi.
Отты жебе бүлк еткен жер бүйiрiн екiге қақ жара дiңiне дейiн жетiптi. Жер
қақ жарылғанда тамырлары үзiлiптi. Үзiлген тамырлардан шапшыған қаннан
қуарған топырақтардың түсi өзгерiп сала берген деседi...
Шындығында Шарынның көрiнiсiн биiктен қарап байқаңызшы: жердiң қатты
қабатына дейiн белгiсiз тылсым күштiң әсерiмен әлдене қақ жара соғып өтiп,
солтүстiкке қарай созылған алып жарықшақ iз тастап көкжиекке сiңiп
кеткендей сурет көз алдыңызда тұрады.
Шарынның зерттелуі:
Шарын шатқалы Шарын өзенінің жағалауында 154 километрдей жерге
созылады. АҚШтың Аризонасындағы Гранд Каньонға ұқсайтын Шарын шатқалы

12 млн. жылдар бұрын пайда болған, биіктігі 150-300 метр. Туристердің жиі
баратын жері “Қамалдар аңғары” екен. Шынында да шатқалдың бейнесі қатарынан
тізілген қамалдарға ұқсайды. Туған жердің табиғаты алуан түрлі әр-қилы,
сұлу. Жарқабақтары бұйраланып жатқан құзды аңғардың түбiнде Шарын өзенiнiң
сарыны құлаққа талып жетедi. Шатқал тереңдiгi Құлықтау мен Торайғыр
тауларының түйiскен осы тұсында 300 метрге жетедi. Бұл тереңдiк Жалаңаш
алабында 100-150 метрге дейiн азаяды. Сұлулыққа тұнған осы өңiрдi 1886 жылы
келiп тамашалаған Шарын шатқалының таңғажайып көрiнiсiне таңдай қаға
тамсанған белгiлi ботаник, географ, Жертану негiздерi деп аталатын орыс
университеттiк оқулығының авторы А. Краснов пiкiрi де өз түйiнiмен
ерекшеленедi: Шарын шатқалына барғанда алдыңыздан көгiлдiр таулар қоршаған
кең де жазық, үстелдей тегiс жусанды дала шығады. Ал, табаныңыздың астында
жер ойылып түскендей жарқабақ, әрi қарай қатпар-қатпар төбелер. Оның ар
жағында шыңдардың, аңғарлар мен шатқалдардың таулы мекенi құшақ жая
шақырады, биiктен күрт құлаған терең аңғардың табанында жiңiшке қалпы
жолақтанған Шарын өзені ағады, қатал да терең бұлыңғыр әлем... - деп
жазады Тянь-Шань мен оның бөктерiне жүргiзген зерттеу жұмысының алдын ала
қорытындысында ғалым. Араға төрт жыл салып, 1890 жылы Америкаға сапар
шеккен Андрей Николаевич Жартасты таудағы Йеллоустоун өзенiнiң тереңдiгi
360 метрге дейiнгi шатқалдарымен Шарын шатқалын салыстырады: Бұл кезде
Йеллоустоун сияқты шатқалдар бүкiл әлемге әйгiлi болатын, оның суреттерi
мен сипаттамаларын Американың әрбiр қаласынан кездестiрер едiңiз, ал Шарын
шатқалына тек қырғыздар (қазақтар) ғана баратын, оны ешкiм сипаттап
жазбаған, - деп күрсiне отырып баяндады. Бұл күрсiнiстiң ар жағында бiр-
бiрiне ұқсас екi шатқалдың тағдыры жатты. Шалғайдағы Америкаға шатқалдардың
көрiнiсiн тамашалауға әлемнiң әр шалғайынан жұртшылық ынтық танытып,
ғажайыптың куәсi болу үшiн жол ауыртпалығына қарамай жолға шығар едi.
Алатаудың етегiндегi әспеттi кескiнмен таңдантар Шарын шатқалының
шырайлы өрнегi елеусiз қалуы ғалымды қалың ойға
жетеледi. Елдiң аңсарын аударған керемет шатқалдар қазақ даласында да бары
ешкiмнiң ойына кiрiп шықпады. Ғалым А. Красновты күрсiнткен де осы жайт
болса керек-тi. Ал, Йеллоустоун жөнiндегi алғашқы деректi 1804-1806 жылдары
Миссисипиден Тынық мұхитының жағалауына дейiн қиын сапарды бастан өткерген
Льюис пен Кларк экспедициясының мүшелерi әкелген едi. Аңшы Джон Кольдердiң
1807 жылы Йеллоустоунға барғанда көрген әңгiмелерi әрiптестерiнiң аузының
суын құртты. Ондағы гейзерлердiң тамаша екендiгi, көбiк шаша аспанға
атқылап жатқан суларды көз алдарына әкелгенде адам сенбестей оқиғаны ойдан
шығарған қиял-ғажайып нәрсе деп те қабылдаған.
Аңшылардың әңгiмелерi ертегiдей аңғардың бейнесiн сан қырынан
суреттеп жеткiздi. Олардың шындығы қайсы, терiсi қайсы екенiн анықтау
мақсатында 1871 жылы құрамында фотосуретшiсi бар ғылыми экспедицияны алыс
өлкеге аттандырды. Шынында да тылсым табиғаттың таңғажайыптары
экспедициялық отряд мүшелерiн тамсанта түстi. Таңдай қақтырған көрiнiстердi
суретке түсiрiп алды. Мына ғажап келбетiмен ынтықтырған өңiр жеке меншiк
емес, ұлттық мақтаныш тұтатын жер болуы керек деп шешкен экспедиция
мүшелерiнiң өтiнiшi өкiметке жолданды. Йеллоустоунда түсiрiлген суреттер
мен экспедиция есебiне ерекше көңiл аударған АҚШ үкiметi 1872 жылы әлемдегi
тұңғыш Ұлттық парк құру туралы заң шығарды. Ал, Шарын шатқалы 1964 жылы
Қазақ қорғау қоғамының ұсынысы бойынша табиғи ескерткіш болып жарияланып,,
қорғауға алынды.
Сол Колорадоның Үлкен шатқалы алғаш рет еуропалықтардан 1540 жылы
испан конкистадоры Кортестiң отрядынан офицер Коронадо көредi. Жарқабақтан
шатқалдардың тым терендiгi, табанына көз салған испандықтар мұнарға бөккен
аңғардан жүректерi шайлықты ма төменге түспей Мексикаға керi қайтқан. Араға
екi ғасыр салып мұхиттың ар жағынан келген францискандық монах Гарсос ат
басын тiреген. Тек одан жүз жыл кейiн ғана, 1869 жылы майор Пауэлл
жетекшiлiк еткен экспедиция Үлкен шатқалынан қайықпен өтiп, оның алғаш
ғылыми сипаттамасын жасады. Картасыз, бұрылыс, арнасы белгiсiз Колорадоны
Пауэлл мен оның жаужүрек серiктерi Калифорния шығанағына дейiн жүзiп өттi.
Алғашқы түйсiнерiңiз - көрген түстей. Қорқынышты көлемдегi
ойылым! Ойылымның арғы бетi қалың ауа қалтарысынан көрiнер, содан да жеңiл
мұнартқандай, бiр қалыпты көгiлдiр толқын. Жағадағы адамды аңғару да қиын.
Көп қабатты үйдiң өзi сiрiңке қорабындай ғана болып бiлiнер едi. Ал
тереңдiгi... Шатқалдың табаны көрiнбейдi. Останкино мұнарасы бұл ойықта
елеусiздеу ағараңдаған инедей байқалар. Бұндай жыраны бүкiл әлем бiрiге
кiрiскенiмен адам қолы қаза алмас. Бұл ғажайыпты тек табиғат қана жасайды.
Бұған ондаған миллион жыл керек. Қоршаған ортаның тылсым сырына бой ұрған
белгiлi журналист, жиһанкез Василий Песков Колорадо өзенiндегi Үлкен
шатқалымен алғашқы таныстығын оқырманға осылай баяндайды. Негiзiнде
шатқалдың ұзындығы бес жүз шақырымнан астам. Шатқалдың енi алтыдан жиырма
шақырымға дейiнгi жердi алады. Кейбiр тұсы сегiз жүз метрге қысқарады.
Колорадо аңғарының табан енi жүз метр ғана.
Америкадағы өн бойы каньондарға толы Колорадо өзенi де испан
тiлiнде қызыл деген мағынаны бiлдiредi. Бәлкiм, Қызғылт жарқабақтардан
туындаған шығар. [3]
Шарынның ерекше мүсіндері
Әлемге әйгiлi каньондар... Осы сәт қиыр шеттегi Шарын есiңiзге
түсер. Шын мәнiнде Шарын аңғары да табиғаттың сұлулығы ретiнде өзiне
қызығушыларды ынтықтырады. Өзгеше тылсым өрнегiмен тамсантар Шарынның
қызғылт қамалдары жұмбақ дүниенiң есiгiн ашардай мен мұндалап аңсарыңды
аудара бередi. Бұл өңiрде алып таулардың керiм келбетi көз қарықтырады. Ақ
бас шыңдардың сұлу суретi сырбаз кейiпте асқақтайды. Биiкке өрмелеген жасыл
шыршалар әдемiлiкке өзгеше әспет бергендей. Көкорай шалғынды жоталардың
мұнарға бөккен кейпiн айтыңыз. Бұл өңiрде сұлулық атаулыны кәнiгi шебердiң
iсмер қолымен кестелегендей иректеле жылт-жылт еткен өзендер өрнегi
тамсантады. Құдай-ау, сол өрнектiң бiр сабағы мың сан бұралып, қарсы
алдыңызда жатыр.
Шарын... Шарын тым тереңде, шақырайған күнге шағылыса жылтырап
ағады. Гүрiлдеп, арқырай бастау алар тау өзенi осы тұсқа келгенде сiлелей
шаршаған дерсiң, қаншама жылдар бойына шер қабатының қымтана жасырған
құпиясын тырмалай ашқан арынды ағыс сәл тыныс алғандай. Көз алдыңызда
таңғажайып көркем көрiнiс тұрады. Биiктiк пен тереңдiк: мұзарт таулардың
аспан тепкен тәкаппар шыңдары өн бойын мақтаныш кернегендей маңғаз кейiп
танытады; жүзiн әжiм торлағандай қатпар-қатпар жарқабақтан төмен құлаған
аңғарлар мұңая ойға берiледi.
Шарын... Қызғылт қамалдар аңғары ... туған табиғаттың тосын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz